Ислам діні. 3

Мазмұны

Кіріспе ............................................................................................................. 2

Ислам діні — әлемдегі бейбітшілік кепілі

Негізгі бөлім ................................................................................................... 10

  1. Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
  2. Қазақ жеріндегі исламның таралуы
  3. Қазақ жеріне ислам дінінің тигізген әсері

Қорытынды ..................................................................................................... 13

Қазіргі Қазақстандағы Ислам  дінінің жағдайы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................................. 17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ислам барлық болмыс пен  фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан  ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм  болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн  құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам  сөзiнiң түбiрi арабшадағы «сәлиме», «силм» етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған «сәлм», «сәлам», «әслеме» сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәсiлiм  болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк  дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, «сәлиме» етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа  берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды  бiлдiредi.

Діни тұрғыдан алғанда «Құранның» мақсаты ерте заманда арабтар  арасында тараған пұтқа табынушылықты  жою, олардың имандылық қасиеттерін  оятып, жақсы жақтарын, заңдары мен  діни ғұрыптарын, жол-жораларын қалыптастыру, сол секілді яһудейлердің дініне қарсы тұру, Алла тағаланың өзі  сүйген құлдарын адастырмай түзу жолға  салу болатын.

Саяси тұрғыдан алғанда, «Құран» арқылы жаңа ақиқат дінді таратып, жалғыз Аллаға ғана құлшылық қылуды, рухани және азаматтық  құқықтарды біріктіре отырып, тағдыр мен ерікті тек Аллаға байланысты ету арқылы мұсылмандарды мойынсұндыру еді. Осы негізде жаңа дінге Ислам  деген ат берілді. Оның мәні жаратушы хақ тағала әміріне еркімен бас  июшілер дегенді білдіреді.

Дін деген ұғымның негізінде  зорлық-зомбылық болмауы керек, бұл  хақ діннің ғайрихақ (хақ емес) діндерден  ажырасатын айқын парқы. Дін дегеніміз  негізінде иман, яғни сенім жататын  рухани байлық. Рухты зорлауға болмайды. Ислам дінінде зорлау жоқ. Исламияттың  негізінде адамдардың өз еркімен, өз ықтиярымен сенуі, өз ирадасымен ғамал  етуі қағидасы жатады. Өз ирадасынсыз  харам істеуге мәжбүр болғандардың жауапты болмайтыны сондықтан; мысалға, өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген  мұсылманға күнә жоқ.

Исламның имани негіздері  осында жатыр. Сондықтан, Ислам діні басқа сенім-нанымдағы адамдардың зорлықпен, күшпен дінге кіргізілуін  жақтамайды, ижазат (рұқсат) бермейді. Исламмен танысқан адамдар оны қабылдап-қабылдамау мәселесінде толық еркіндікке ие болады. Өйткені, тағы да бір рет айталық, дін дегеніміз жүректің мәселесі, жүректің сенуі, ұжданның қабылдауы. Демек, адам баласы егер шын жүрегімен қаласа ғана сенеді, керегін жасайды; шын жүректен сенбесе, онда зорлықпен жасағаны мағынасыз болады. Зорлықпен жасалған мойындатпалар сүреңді болмайды, жемістері аурулы болады, гүлденіп өспейді. Өз еркімен болса онда басқа, ондай адам иманы үшін жанын береді, барлық қиыншылықтарға шыдайды.

Ислам құқұғында басқа дін өкілдері мұсылман билігін мойындап, “жизя” және “хараж” төлеген жағдайда мұсылман мемлекеті олардың бас амандығын, қорғанысын қамсыздандыру міндетін өз мойнына алады. Олар ешқашан да Исламды күштеп қабылдауға зорланбайды.

Дінде зорлау жоқ деген сөзден дінде тәртіп жоқ, әркім өз ойына келген нәрсені істей береді деген мағына шықпауы керек. Зорлау иман етуде, сенімде жоқ, бірақ әр қоғамда әр заң жүйесінде болғанындай, қоғамдық тәртіпті, елдің тыныштығын, азаматтардың мал-жан амандығын сақтау секілді мәселелерде, әрине, санкциялық шаралар қолданылады; мәселен, мұсылман қыздардың намысына дақ келтіретін әрекеттерге рұқсат етілмейді т.т.

Сахабалар мен олардан  кейінгі мұсылмандардың хақ дін  Исламның шартарапқа мәлім болуында, адамзаттың жүрегінің тағына қонуында орасан зор еңбегі болды. Олардың адамгершілігі, парасаттылығы, сабырлылығы, көрегенділігі, тазалығы, мархаматтылығы, ибалылығы т.т. бәрі де Ұлық Пайғамбардың тәрбиесінің жемісі еді. Олар мың кісінің ішінен жекеленіп, дараланып тұратын жарық жұлдыздар еді. Олардың жүрген жерінде бейбітшілік, құт-береке дарушы еді. Егер олай болмағанда, Исламға дейін Арабыстанның ұшы-қиыры жоқ шөлдерінде ауып-көшіп жүрген бір уыс арабтың қолынан мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан осы ұлы өркениет келмес еді. Тарих беттері тасқын судай ағып келіп, сіңіп, жоғалып кеткен ағымдарды айтып тауыса алмайды. Исламды зорлықшыл деп танытушылардың шын мақсаты өз зорлықшылығын жасыру ғана. Алайда, нағыз зұлымдыққа душар болғандар мұсылмандардың өздері; шармық (айқыш) жорықтарынан бастап (1095-1396), кешегі Ауғаныстан, Палестина, Босниа және оты жалындап тұрған Чешеністан трагедияларын айтсақ жеткілікті. Құдұсты жаулап алған соң шармық жендеттері Ақса мен Омар мешіттерінде 70 000 мұсылманды қырып, йаһұдилерді синагогаларға қамап, тірідей өртеген.

Исламият бейбiтшiлiк, татулық, тыныштық дiнi болғандықтан, асқан кешiрiмшiлiк пен хошкөрушiлiкті уағыздаған дiн. Жер шарының түкпiр-түкпiрiнде, барлық ұлт пен дiн мансұбтарының хақ дiн Исламды жаппай қабылдауының негiзiнде осы хошкөрушiлiктiң әсерi тым айрықша. Исламның қоғам өмiрiндегi барлық қатынас түрiн ретке келтiрiп, Жаратушы Аллаһ Тағаланың төрелiгiне тапсыруы, көңіл тыныштығын аңсаған, руханиятқа шөлдеген жиындарды өзiне тартқаны, сондай-ақ, балқытқаны да белгiлi. Мұсылмандардың басқа дiн мансұбтарына берген кеңшiлiгi және хошкөрушiлiгi туралы жиһан қаламгерлерi жазып тауыса алмай жүр. Жер шарының барлық құрлықтарындағы халықтар мұсылмандардың билеуiнде болсақ-ау деген кездер көп болған. Мысалы, Осман патшалығының тұсында Византияның тепкiсiнен әбден шалдыққан тұрғындардың, Балқан халықтарының Осман билiгiн аңсағаны және қуана-қуана қауышқаны тарихтан мәлiм.

Хош көру, жылы шырай таныту мұсылмандардың басты сипаттарынан болғанымен, мұсылмандарды қатыгез, зорлықшыл етіп көрсетуге тырысушылар бар. Мәселен, бағзы шығыс бұрмалаушылар түрік қағанаты дәуірінен қалған қабірлердің үстіндегі тас мүсiндердiң (балбал) кейбірінің басын мұсылмандар шапқан деп жалақорлық жасаған-ды. Ынсабы бар ғалымдар болса, мұның дұрыс емес екенiн, тас мүсiндердiң басын мұсылмандар емес, моңғолдардың шапқанын анықтады. Өйткенi, моңғол нанымы бойынша ертеректе өмiр сүрген адамдардың бейнесi тiрi адамдарға зиян тигiзуi мүмкiн еді, сондықтан моңғолдар мүсіндердің басын шауып жiберген.

Тағы да айта кететiн бiр қызық жиһәт; Орталық Азияда бiр кездерi жаппай миссионерлiк айла-шарғылар жасап, кең тарап кеткен екi дiн: манихей мен христиандық алтын дәуiрiн Орталық Азияда мұсылман билiгi орнағаннан кейiн жасаған. Бартольдтың айтуынша манихейлiк пен христиандықтың ең үлкен табыстарға жеткен кезi VII-ғасырдың аяғы және VIII-ғасырдың бас шенi, яғни мұсылмандардың саяси билiгi орнағаннан кейiнгi жылдар. Бұл факт мұсылмандардың басқа дiндерге қаншалықты хошкөрушiлiк танытқанының нағыз айғағы болса керек. Ұзақ ғасырлар бойы христиандық сенiмде болған кейбiр халықтардың Исламды өз еркiмен қабылдауы да осы кеңшiлiк пен хош көрудiң белгiсi. Көптеген христиан және йаһұди ғалымдар мұсылмандардың аталмыш екi дiннiң өкiлдерiне ерекше кеңшiлiк бергенiн еңбектерiнде миннаттарлық сезіммен атайды.

Мұсылман елдеріндегі  христиандарға берілген ерекше бостандық  пен кеңшiлiктің мысалын көбейтуге болады. Мұның айғағы ретінде академик Бартольд (1869-1930) Ислам Халифалығы дәуірінде күншығыстағы Самарқандтан күнбатыстағы Португалияға дейінгі кеңістікте жеке меншік құқұғы сақталған, аса бай христиан қоғамдарының қалыптасқанын атап көрсетеді. Халифалықтың хакімиятындағы христандар басқа мемлекеттердегі дін қарындастарымен, діни ұйымдармен емін-еркін қарым-қатынаста болып тұрған, олардың қаржылай көмегін ешқандай қысымсыз, тергеусіз алып тұрған. Мысалы, 680-681 ж. Константинополь (Ыстамбұл) қаласында болған мәжіліске Құдұс қаласының өкілі де қатысқан. Бұл мұсылмандардың өз билігіндегі ғайри-мұслимдердің діндестерімен мұғамалада болуына толық бостандық бергенін көрсетеді.

Мұсылмандар жергілікті басқарушыларды бұрынғы орнында қалдырған. Мәселен, Сұрия, Филистин аймақтарында мұсылман билігі орнатылғанда, жергілікті христиан әміршілер, бюрократтар бұрынғы  қызметінде қалдырылған. Орта Азияда да жағдай солай болды, жергілікті әулеттер, ханадандар, дін басылары т.т. бәрі де бұрынғы мансабын сақтады. Мұның бәрі Исламияттың мейірімділігін, мұсылмандардың хошкөрушілігін баян ететін фактілер.

Дилорам Ибраһим мұсылмандықтың Орталық Азияда таралуы кезiндегi хошкөрушiлiктi былай суреттейдi; “Мұсылмандардың  фәтiх жорықтары кезiнде Мауера-ән-Нәһір халықтары өз мәдениетiн, әлiппесiн және дiнiн еркiн ұстанды. Сондай-ақ, Мауера-ән-Нәһірдің шұрайлы топырағына келген Ислам иманы жылдам дами бастады уә жергiлiктi дәулеттердiң мемлекеттiлiгiн нығайту арқылы олардың өтпелi кезеңiн реттедi. Исламды қабылдаған жандардың өмiрi одан әрі жақсарды. Жаңа иман арқылы өз мәдениеттерiн көркемдеген олар, дiни қасиетi жоғары алтын өркениетті қалыптастырды. Орталық Азия халықтарын Исламның кеңшiлiгi, жергiлiктi халықтардың мәдениетiн дұрыс ескере отырып, олардың нәсiлдiк, милли (ұлттық) ерекшелiктерiн хош көре бiлуi және оларды түсiнiксiз догматтармен қоршамауы өзiне тартты. Исламдағы рәсiмдердiң қолайлылығы және Аллаһ Тағалаға иманды әрбiр жекелеген адамның өз жүрегiнiң мәселесi деп қарауы, Орталық Азияда үлкен қызығушылықпен қарсы алынды. Арабтар жергiлiктi халықтарды қырып, олардың жерін һәм мәдениетiн құртуды көздеген емес. Олар керiсiнше өздерi ашқан қалаларды сақтай отырып, бұрынғы сауда-саттық байланыстарын, атап айтатын болсақ қалалар мен ауылдар арасындағы қатынастарды одан әрі дамытты. Исламның дала халықтарына таралуы Самарқанд, Бұхара секiлдi Мауера-ән-Нәһір қалаларынан басқаша болды. Ислам дала халықтарына жорықсыз-ақ, мысалы, мұсылман сауда керуендерi арқалы жайылды. Х-ғасырдың бұлақтары даладағы елдi мекендердiң көбiнде мешiттер бар екенiн жазады. Осы мұсылман саудагерлер мен қалалықтар сол кездегi ұлан-байтақ мұсылман өңiрлерiнiң ең үздiк ғылыми жетiстiктерiн далалықтарға әкелдi. Далалықтардың Исламды қабылдауында осы жетiстiктердiң атқарған мiндетi өте жоғары болды”.

Ислам дiнiндегi кеңшiлiктiң, хошкөрушiлiктiң  теңдесi ешқайда жоқ. Ислам, басқа дiндердiң, басқа ұлттардың пайдалы, хақ нәрселерiн алуды, қабылдауды шектемейдi. Олай болмағанда Пайғамбарымыз Әз Мұхаммед (с.а.у.); “Ғылым қытайда да болса, барып алыңдар!” немесе; “Ғылым дегенiмiз мұсылманның жоғалтқан дүниесi секiлдi, оны әр жерде iздеп табуы ләзiм” демес едi. Мұсылмандарда ешқашанда көрсоқырлық, дұрыс екенiн көре тұра менсiнбеу деген қылықтар болмаған, болмауы керек. Тек, соңғы ғасырларда шын ғылым мен Исламның асаси байлықтарынан алшақтап кеткен соң, ондайға барып жатқан шала моллалар, дiн көсемдерi, дiн иелерi шығуда. Өзін дін иесі, діннің патшасы, діннің көсемі деп жүргендер, Исламияттан бұрынғы отқақұлдық, бұтқақұлдық, манихейзм т.т. қатарлы нанымдардағы рұһбан (монах, жрец) сыныпының формасы өзгерген сарқыншағы ғана.

Заманауи орыс тарихшысы Л.С. Васильев, Исламның Орта Азиядан Испанияға дейiнгi ғаламат аумақта өте қысқа уақытта һәм түбегейлi таралуының ерiктi түрде болғанын дәлелдеп жазады. Ол, сондай-ақ, хақ дiннiң жайылуы барысында ғайри-мұслимдердің қудаланбағанын яки дiндi қабылдауға зорланбағанын көрсетедi. Мәскеуге телмiруге үйренген кейбiр тарихшыларымыз осыдан ғибрат алса екен деймiз.

Алман ғалымы, профессор Хаұссиг мұсылмандардың хошкөрушілігі туралы былай деп жазады өзінің “Жібек жолы және Орта Азияның мәдениет тарихы” атты кітабында: “Дивастич деп аталатұғын Самарқанд билеушілерінің Пенжикенттегі сарай тамтықтарынан анықталғанындай, осы қаладағы ғибадатхана мен сарайдың құрылысы VIII-ғасырдың басында, яғни араб билігі кезінде ғана бітірілген екен. Біздің бұнан ұққанымыз; саяси және әскери жаулаушылықтың жағып-өртеу, құлату мен қирату түрінде болмағаны. Ислами емес ғимараттар мен Орта Азияның Исламнан бұрынғы мәдениетінің IX-ғасырдың алғашқы жартысына дейін хошкөрілгенін жазба деректерге қоса мазарларда жасалған қазба жұмыстарынан табылған материалдар да растайды”. Міне, нағыз ғылым жолын қуған ғалымның тұжырымы! Мұсылмандар Самарқандты билеп алған күннің өзінде, қалада бұтхана, отхана т.т. жасалуына рұқсат еткен екен. Мұны бүкіл өмірін Орталық Азия мәдениет тарихын зерттеуге бағыштаған алман ғалымы, профессор Хаұссиг (1916 ж. туған) айтып отыр.

Мұсылмандарға жабылған жаланың  енді бірі, олардың суретті тыйып, суретшілерді қор көргені сықылды мантыққа (логика) муафық емес қылықтар. Мысалы, Иранда билік орнатқан Тахирилер әулеті Нишабұр қаласындағы сарайының суреттермен безендірілуіне қарсылық көрсетпеген. Бұдан басқа Ауғаныстандағы Лешкер (Лашкаргах) базарында (әскери базар) және Ғазна сұлтандарының жазғы сарайының дуалдарында суреттер табуға болады. Самарқандтағы Регистандағы атақты Ширдар медресесінің алдыңғы қасбетінде арыстан бейнелері, Тәжікістандаға Хульбук билеушісі Хұтталян әулетінің сарайында (ХI ғ.), Тірміз билеушісінің қала сыртындағы мәлікханасында (ХII ғ.), Түрікменістандағы Анау қаласындағы мешіттің дарбазасындағы айдаһар бейнесі және көптеген медреселерде аң-жануар суреттерін көруге болады. Бұдан басқа, тағы да Ирандағы көптеген ғимараттарда, Түркиядағы Селжүктерден қалған кейбір медресе-мешіттердің қабырғаларында суреттер бар. Тағы да, шыны-керамикадан жасалған ыдыстарда, миниатуралар мен көптеген кітаптардың қолжазбаларында әр түрлі тақырыптағы суреттерді кездестіруге болады. Әрине, сурет салғандағы мақсат, ниет өте маңызды. Білім беру мақсатымен (мисалы оқулықтарда, кітаптарда), ғибрат алу мақсатымен жасалған суреттердің оқасы жоқ деп саналған. Бірақ, табыну, нәпсіні азғыру, өзімшілдігін қандыру, кібірлік жасау, сиыну үшін сурет салуға рұқсат етілмеген. Бұдан басқа ғайри-мұслимдер құсап періштелерді тыр жалаңаш әйелдер, ал әулие-пайғамбарларды тыр жалаңаш еркектер етіп суреттеуге мүлде рұқсат етілмеген.

Исламды көшпелi өмiр мен  көшпендiлерге қарсы етіп көрсету Кеңес дәуірінен келе жатқан үрдiс. Алайда, оның шындыққа саймайтынын мына уақиға дәлелдейдi; Хорасан мен Хорезiмдi өз билiгiне қаратып бiрiктiрген Бұхара ханы Өзбек әулетінен Абдұллаһ, 1583 ж. хан боп жарияланғанда, ежелгі мұңғұл салты сақталып, ақ кигiзбен көтерiлген-дi. Ұбайдұллаһ хан секiлдi мұсылмандыққа қатты берiлген Абдұллаһ ханның бұл әрекетi, мұсылман мемлекетiнiң ең жоғарғы салтанатты да ресми мұрасымында мұңғұл жолын қолдануы, мұсамаха мен кеңшiлiктiң нағыз дәлелi.

Исламның басқа діндегілерге мәлім болып, олардың қошеметіне бөленуінде мұсылман мемлекет қайраткерлері  мен ғұламалар ұстанған позиция  да маңызды рөл атқарды; мәселен, Әмәуи уә Аббаси қосындарында әскер  болған түрік-иран халықтарының өз дінін ұстануына рұқсат етілген. Бұған дәлел ретінде қолбасы Афшинның бұтын өзімен ала жүргенін көрсетуге болады. Фыранса Ғылыми Зерттеу Орталығының ұстаздарынан, белгілі ғалым Мұхаммед Хамидұллаһ: “Осы арада, иман еткен кейбір ирандықтардың өтініші бойынша Пайғамбардың рұқсатын алған Салман әл-Фарси фатиха сүресін парсы тіліне аударған. Әлгі парсы мұсылмандар фатиханың арабшасын түсініп, жаттағанша парсыша тәржімесін құлшылықта пайдаланған” дейді. Тегі иран халқынан шыққан Имам Ағзам Әбу Ханифа (Нұғман Сәбитұлы, 699-767) мен оның жолын ұстанған шәкірттерінен Имам Мұхаммед пен Имам Жүсіп арабша білмейтін адамдардың ғибадат кезінде парсы тілін қолдануына рұқсат еткен. Имам Омар әл-Нәсәфи кейбір сүрелерді парсышаға аударған. Осы арада, Ислам ғылымдары мен иғтиқадтың негізгі бұлақтарын ғылыми түрде реттеп, тұжырымдаған Әбу Ханифа (699-767), Имам Бұхари (810-870), Имам Тирмизи (уаф. 892), әл-Матұриди (870-944) қатарлы көптеген ғалымдардың түрік-парсы жұртынан шыққанын және Орта Азиялық екенін айтқанымыз жөн.

Украина жері 1475 ж. Одесса Осман патшалығына қаратылғаннан бастап 1699 ж. Карлофча  келісім шартына дейін тура 224 жыл мұсылман билігінде болған ел. Осман хакімияты кезінде ұқраиналықтар өз тілі мен дінін еркін ұстанды һәм әдет-салтын жалғастырды. Орыс патшасы I Петр 1709 ж. шведтерді жеңген соң, Ұқраинаны Ресей патшалығына қосқанын жария етті. Осыдан бастап ұкраиналықтар үшін азалы күндер басталады да ақырында олар көтеріліс жасауға мәжбүр болды. Қатын патша II Екатерина ұкраиналықтардың ұлттық мәжілісі “Запорожская Сйечті” 1775 ж. жауып тастайды. Ресей өкіметі ұкраин тілінің қолданылуына тыйым салады.  Міне, осы тарихи фактілер мұсылмандардың басқа халықтардың мәдениетін қаншалықты сыйлағанын және хош көргенін көрсетеді.

Тарихи хақиқаттар айдан  анық болып тұрғанымен “аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін” дегендей, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының иелері мен әлемдік қанаушы топтарының атқосшылары ылғи да мұсылмандықты қатал, экстремист, мархаматсыз дін етіп көрсетуге тырысуда. Олар туралы белгілі ғалым Р. Бердібай былай деп жазған; “Мұсылмандарға деген айрықша өштік тек өткен дәуірдің ауыр шындығы болып қалса бір сәрі ғой. Бұл көзқарастың толастамай, жалғасып келе жатқаны қорқынышты. Өркениет үлгісін көрсетеміз деп кеуде қағатын батыс насихатшыларының арасында мәселенің дұрыс, бұрысын анықтап жатпай, Ислам атына қара күйе жағуды әдетке айналдырғандар аз емес. Әлемнің әрбір түкпірінде етек алған экстремистік, террористік, бандиттікке Исламды “қосақтай” салу дағдыға айналып бара жатыр. Бұған алыстан мысал іздемей-ақ әлемнің көп тілдерінде беріліп тұратын “Свобода” радиосының күн сайынғы хабарларын мысалға алсақ та жеткілікті. Лондон, Парис, Нью-Йорк, Мәскеу экстремистері жай ғана қылмыстылар, ал мұсылман шығысында бой көрсеткен бұзықтықтар міндетті түрде Ислам экстремистері деп айта берушілік арам пиғылдың көрінісі демеске болмайды. Мұның аты жалпы Исламды жамандау болып шығады. Біз бұл арада батыс елдерінен шыққан қылмыстыларды христиан немесе иудей экстремистері деп атауды ұсынғалы отырған жоқпыз. Теріс жолға түскен, заңды бұзғандар үшін исламның да, христианның да діні айыпты емес. Ал белгілі бір дінді бөліп алып, жаппай қаралай беру, сыпайылап айтқанда, діндер арасында от тастаумен барабар. Исламды мансұқтау сарыны Ресей баспасөзінде жиі кездесетіні бұрыннан мәлім. Мұның себебі түсінікті. Үйткені, Ислам дәстүрі күшті сақталған елдерде еуроцентризм өріс таба алмайды, тәуелсіздік қамалы мықты болады. Мұндай жағдай басқаларды – құл, өздерін өктем санап үйренгендерге әсте ұнамайды. Исламның батыс экспансионистеріне жақпайтын жері осы. Тағы бір өкінерлік жері – біздің кейбір зыялыларымыз ислам жөнінде бұрмаланған пікірлерге имандай сеніп, оның жауларымен қосарлана шаба жөнеледі”. Рахаңның имандай сенеді дегенінің жаны бар; үйткені, біздегі екінші баспа шығыс бұрмалаушылар қамданып жатқан соң, олардың батыстағы әріптестері құрметті демалысқа шықса да болғаны.

Хақ дін Исламның бейбіт таралғанын, мұсылмандардың бағынышты  халықтарға әділетті болғанын Т. Карлайл, Гұстав ле Бон, Томас Арнолд және А. Тойнби (Arnold Toynbee, 1889-1975) секілді ынсабын жоғалтпаған батыс авторлары да мойындауда.

Кейбiр деректерде медресе  институтының тұңғыш рет Бұхарада пайда болғаны, Исламнан бұрын Бұхараның бұддашылдықтың маңызды дiни орталығының бiрi болғаны, мұнда көптеген вихаралардың (вихара деп бұддашылдықтың дiни, рухани мектебiн айтады) болғаны, тiптi, Бұхара атауының сол вихарадан шыққаны айтылады. Бартольдтың пiкiрiнше, бұддашылдық Орта Азиядан кеткенiмен, iзiн қалдырып кеткен, яғни сол вихаралардың негiзiнде медреселер пайда болған.

Бiздiңше, бұл әбден табиғи һәм рационалдық құбылыс, дамудың  нақты сатысы. Егер бұддашылардың кейбiр жүйелерi, әдiстерi адамзатқа пайдалы болса, оны неге алмасқа? Мұсылмандар қадими гректiң фәлсәфәсін, Персияның кейбiр экономикалық һәм әкімшілік заңдылықтарын, Сұрияның медициналық жетістіктерін, Қытайдың дамыған ілімдері мен технологияларын қабылдаған жоқ па? Ислам тарихы осындай уақиғалардың, дамулардың мысалдарына өте бай. Үйткенi, ғылымның, технологияның дiнi де ұлты да болмайды. Дәл бүгiнгi ғылыми-технологиялық даму сәуиесінде (деңгейiнде) соған көзiмiз жеткендей. Мұсылмандардың басқа дiн мансұбтарының жетiстiктерiн меңгерiп алғаны сондықтан таң қаларлық жағдай емес. Бiрақ, мұсылмандар пәленнен ананы алған, мынаны алған деушiлердiң осы арада бiр комплексi бар секiлдi!

Тағы да айта кететiн бiр маңызды жәһiт: Орталық Азия өңiрi мен мұсылман әлемiнiң басқа өлкелерiнде Ислам дiнiнiң таралуына, жергiлiктi халықтарға лайығынша түсiндiрiлуiне, Ислами ғылымдардың өркен жаюына, фәлсәфә, тыб, математика, ғарыштану сықылды көптеген ғылым салаларының дамуына үлкен үлес қосқан осы медреселер едi. Х-ХI ғғ. басталған медреселер толқыны мың жылға тарта керемет жетiстiктердi мұралатқанымен, соңғы бiрнеше ғасырда схоластиканың құрбаны болып, тек жаттанды қайталамаларды ғана уағыздайтын оқу орнына айналғаны жан ашырлық шындық екенiн де айта кеткенiмiз жөн. Бұрын медресе институты аталмыш пәндердің жетекші локомотиви болған, ал кейінірек бұл құрылым өзінің асаси қасиеттерінен жұрдай болып, бірнеше молданың, дін көсемінің жиналған ортасына айналған.

Біз осы арада медресе  кімнен шыққан деген сауалға дауласайық деп тұрған жоқпыз. Кейбір ғалымдар медресенің прототиптерінің ертеректе мұсылмандарда болғанын дәлелдеп жатыр, кейбірі болса жоғарыда айтылғандай бұддашылдардың вихарасы үлгі болды дейді. Қай қайсысы болса да Исламның басқа мәдениеттерге есігінің ашық болғанын көрсетеді. Демек, Исламият хайырлы нәрселерді кері қақпайды, керісінше қабылдайды, дамытады.

Белгілі ғалым Баймырза Хайыттың (1917 ж. туған) пікірінше медреселер ең алғашқы мешіттердің жанында, Құран оқуды үйрететін дәрісханалар ретінде пайда болған. Медреселердің оқу бағдарламалары толығып, IX-X ғғ. олар барлық пән салалары бойынша білім беретін ғылым ұяларына айналады. Медресе деп унтверситетті айтады, ал, біздегі қалыптасқан ұғымда медресе десе әптиек пен хатым дұғасын үйрететін молдахана еске түседі. Бұл әсте дұрыс емес! Орта Азиялық мұсылмандар мақтаныш ететін факті, тұңғыш медресенің (университет мағнасында) Бұхарада пайда болғаны. Мәселен, Фаражек медресесі Бұхарада 937 ж. ашылып, білім бере бастаған. Медреселер бірте-бірте күллі Ислам әлеміне жайылған, мисалы, Қаһирадағы әл-Әзһер дәрісханасына 976-996 жж. медресе статусы берілген.

Қарахан билеушісі Арслан Ғазы Тафғач Хан, Х-ғасырда Мәру қаласында медресе ашқан, ол уафат болған соң, медресенің жанына жерленген. Ғазналық Махмұд (997-1030) Ғазнаны медреселер қаласына айналдырып үлгерген! Нишабұр билеушісі Насыр Себұктегінұлы 1033 ж. Нишабұр қаласында керемет медресе ашқан. Селжүк билеушісі Тұғрұл Бек 1046 ж. Нишабұрда өзінің атымен аталған медресені салған. Уәзір Низам әл-Мүлік (1018-1092) атақты Бағдад медресесін 1066-1067 жж. салады, осы алып бинаның құрылыс жұмыстарында 100 000 динар жұмсалған-ды. Ғалым уәзір бұдан басқа Балх, Нишабұр, Һерат, Исфахан, Басра, Мәру, Мұсұл, Табаристан медреселерін ашқан. Қыруар қаржы жұмсалған үшбұ медреселерде барлық пәндер оқытылушы еді. Әсіресе, тыб (медицина), астрономия, математика, табиғаттану, әдебиет, фәлсәфә және мантиқ салаларына қатты көңіл бөлінуші еді. Ислам елдеріндегі медреселерде біртуар ғалымдар тәлім-тәрбие алды, мәшһүр еңбектерін жазды. Олардың басты ерекшеліктері; олар өздері шұғылданған ғылым салаларын өте терең меңгерген ғалымдар, сонымен қатар Исламиятты да жақсы білетін иманды мұминдер еді. Заманымызда бұл жағдай тым басқаша; ғалым атағын алғандардың көбі атеист, ал молда атағын алғандардың көбі ғылымсыз!

Батыс елдерінде ең алғашқы  университеттердің медреселерден 2-3 ғасырдан кейін ғана ашылғанын байқаймыз. Тұңғыш университеттердің өзі мұсылман билігінде болған Оңтүстік Италия мен Әндүлүстен әсер алған Фырансада пайда болған. Мәселен, Парис университеті (1170 ж.), Кэмбридж (1209), Падұа (1222), Рим (1303), Вена (1365) т.т. Орыстардың университетке қол жеткізуі тым бертінде (Мәскеу университеті 1755, С. Петірбор 1819) яғни Бұхарадағы алғашқы медреседен 800 жылдан кейін ғана мүмкін болды.

Жоғарыда келтірілген ғылыми һәм тарихи фактілер мұсылмандардың басқа діндердің өкілдеріне, олардың мәдениеттеріне асқан хошкөрушілік танытқандарын растайды. Қазіргі уақытта мұсылмандарды тарихи шындықтан басқаша етіп көрсетуге тырысушылар бар. Елін, жерін, ата-бабасының мәдениетін сүйетін оқымыстыларымыздың міндеті бұрмалаушылардың уағызынан асып түсетін түрде хақиқатты, ізгілікті насихаттау болмақ.

Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ  Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн  нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с.а.у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн.  Ислам дінінің негізін қалаушы – Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы – діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады. Аңызда көп уақытын Хира тауында (Мекке маңы) өткізіп жүрген Мұхаммед пайғамбарға көктен Алла тағала бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін Құран түсіреді. Құранды Мұхаммед пайғамбарға табыс еткен Жебірейіл періште оған Алла атынан өз отандастарына жаратушының әмірін жеткізуді жүктейді. Мұхаммед пайғамбар бір ғана құдіретті Алладан басқа кұдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың өкілі» – пайғамбармын деп атады. Ол арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, бірлікте өмір сүруге шақырды. Ислам дінін уағыздады.    

Араб тайпаларының бірігуіне  жаңа дін – ислам діні жәрдемін тигізді. 630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы – Құран. (арабшадан аударғанда «оқу» деген сөз).

 

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға  күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда  сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің  кері әсері болмай, қайта ол феодалдық  қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін  көре білген феодалдық үстем тап  иелері ислам дінін қуана қарсы  алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан  болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік  дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына  қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам  діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында  мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы  қыпшақтармен соғысуына тура келді,» — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады… 

Араб қолбасшысы Кутейб ибн  Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714ж. ҮІІ ғ. басып кірді. Қазақстан  тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп  отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне  үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс берді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.

Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа  қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында  жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың  сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына  көмекке ұмтылған түркі әскерінің  жолын қиып тастауға талпынды,» —деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге  миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың  болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік  қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік  қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері  жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар  болды.

Ұзақ дәуірлер бойына қазақ  тайпалары арасында әдет-ғұрыптардың  нормалары қоғамның бірден-бір заң реттегіші рөлін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты басқалардан томаға – тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда «ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі таптың «өз туыстастары» үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды.

Арабтар Мауараннахрды Әбдімәлік  ибн Маруан (685-705) тұсында ғана жаулап алуға қолы жетті. Хорасан билеушісі  Кутейб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға қоныстанған  түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған  Кутейб ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары  арасына от салу нәтижесінде Бұхарды  алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар  астанасы Самарқан қолға түсті.

Наршаһидің жазуынша, Кутейбаның әскері Бұхарды бірнеше қайтара  алғанымен, арабтар кете салысымен  жергілікті халық ислам дінінен  безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге  көше берген. Төртінші рет Кутейба  әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол  қаланың тұрғындарының жартысына  жуық мөлшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырды. Солардың күшімен ислам дінін  енгізіп, бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған. «Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутейба) екі дирһам береді» деп жар шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу, т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді.

Міне, осыдан кейін кең  далада емін-еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан территориясындағы түркі тайпалары арасынан ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып көрінді. Мәжауиндік шаман дінін оңай ығыстыруға болады деп санады. Сол себепті де олар бұл тайпаларды «һаза хақ» – «һазақ» (бұл арабша сөздің мағынасы—«бұлар дұрыс, жолы дұрыс») деп атады. Содан барып, «қазақ» деген термин қалыптасып кетті дей аламыз.

Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-баба дәстүрлерін  көбірек ұстанған қазақтарды дінсіздер  деп атады. Оларға қарсы «ғазауат»  соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл  қазақи, өзіндік сипатқа ие дәстүрдің  ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың  гүлденген, күйзелген дәуірлері  де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез-келгендерінің бастарында да бар.

Қазақтардың өзіндік ерекшелік  пен сипатқа ие болған елді басқару  формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық өнері. Заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті  мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені  көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға  мүмкіндік бермеді) уаызекі шығармашылық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе  жас ұрпақтытәрбиелейтін үлгі-насихат  жырлары, мақал-мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші! Бұлар тек құрғақ ақыл-кеңес емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар  праволық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-құлық, т.б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты қамтиды.

Бүгiнгi күнi ислам дiнi жершарының барлық құрлықтарында азды-көптi таралған. Мұсылмандардың саны 2 миллиард адам мөлшерiнде  есептелуде. Әсiресе, Батыс халықтарынан исламды қабылдаушылардың саны тұрақты  түрде өсуде. ХХ-ғасырда мұсылмандардың саны 7 есе көбейген. Халқының басым  көпшiлiгi мұсылмандардан құралатын  мемлекеттердiң саны 60 шамасында. Қазақстан  халқының да 70 пайызы мұсылмандар. Елiмiз  «Ислам конференциясы ұйымының»  толық мүшесi.

Ислам діні. 3