Ислам даму банкі
Мазмұны
Кіріспе.......................
I. Ислам даму банкі және оның қазақстанға енуі
1.1. Ислам даму банкінің тарихы........................
1.2. Ислам даму банкі туралы жалпы мәлімет.......................
1.3 Қазақстанға енуі..........................
II. ҚР ИСЛАМ БАНКТЕРІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ мен қаржылық жағдайын талдау
2.1“Ислам Даму банк” қызметтері....................
2.2 Ислам Даму қаржылық жағдайын
талдау ..............................
2.3. Ислам Даму
банкінің даму перспективасы...
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның өзектілігі:
бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі
әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты,
сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты
да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр.
Исламдық банк жүйесі
— Шариғат (Ислам дінінің қағидалары)
рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық
қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде
пайыз алу/беруге тыйым салынған. Сол себептен
де Исламдық банк жүйесінде қарапайым
банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық
өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам
қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент
болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін
исламдық негіздегі активтердің жиынтығы
800 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Әлемдік банкинг саласында жаңадан өзгерістер
енгізіп, өздерінің қаржылық активтерін
жыл өткен сайын молайтып жатқан, шариғат
заңдарын қатаң ұстаған банктердің дамуы
күн санап жылдам қарқынмен өсіп жатыр,
экономикалық алпауыт елдердің де нарығына
етене енуде. Бәсекелестікке бейім, бірақ
тұтынушысын сүліктей соруға құмар, пайыздық
несиелер арқылы дамитын банктер өздері
қызмет етіп жатқан қаржы секторында жаңа
жүйенің белсенді түрде нық қадам басып
келе жатқанын аңғарды.
Исламдық банк жүйесі жоқ елдерде тұратын
мұсылмандар үшін Шариғат заңдарын сақтауда
өлкен қиындықтар болады. Несие беруші
банк пен несие алатын мұсылмандардың
негізгі прициптері бір-біріне қайшы келетін.
Бұны несие алу, банкте депозит ашу және
ипотекалық қызметтерді пайдалану кезіндегі
жағдайлардан білуге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ислам Даму банкі жайлы толық ақпараттар іздестіру және Ислам Даму банкінің қаржылық жағдайын талдау, Исламдық қаржы институттары жайлы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- “Ислам Даму банк” туралы жалпы анықтамаларды сипаттау;
- Ислам Даму банкінің мақсаттарын, қызметін анықтау.
- “Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын талдау
Курстық жұмыстың объектісі:
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
I. “Ислам Даму Банк” қаржылық жағдайын талдау
1.1.“Ислам Даму банк” тарихы
Біздің заманымыздың VIII – XIII ғ.ғ. Аралығы Ислам әлемінің Алтын Ғасыры кезіңі болып саналады. Ол кездері Ислам әлемі Халифаттық басқару жүйесінде болды. Нарықтық экономика, саудагерлік пен айырбас жасау кеңінен тарады. Нарықта қарызға алу қатынасы дами түсті. Міне, осындай экономикалық белсенді өмір ислами банктің негізі болатын. Адамдар арасында экономикалық серіктестіктер орнады. Мысалыға: Муфауада – қатысушалар санына шектеу қойылмайтын, бір мақсатқа жұмылған әріптестердің серіктесуі. Бұдан бөлек Мудараба деген серіктестіктің түрі болды. Мудараба бойынша әріптестердің санына шектеу қойылады. Әл-Мал деген ислами негіздегі капитал пайда болды. Ортағасырлық Ислам қоғамында жетілген қаржылық институттар мен экономикалық негіздер ортағасырлық Еуропаға ауысып (XIII ғ. бастап), ол жерде одан әрі дами түсті.
Ислам банктерінің тарихы исламның алғашқы пайда болғаннан бастау алады. Ислам Өркениетінің қолдауымен арабтан шыққан Мұсылмандар Римдіктер қолданысқа енгізген банктік істі қабылдап қана қоймай, оны жетілдіре түсті. Мұның барлығы Шариғатының ұстанымдары мен ережелеріне сәйкес жасалған болатын.
Ерте кезеңдерден-ақ салым (депозит) сенімді бір тұлғаға сақтауға берілген ақша болып табылатын. Бұндай банктік тұжырымдама Исламның қалыптасу дәуірі тұсында қабылданды. Ол кезде адамдар өз ақшаларын Пайғамбарымыздың (салаллаху ғалейхи уәсәлләм) жоғары мәртебелі серігі Әл-Зұбайыр бен Аууамға (ради Аллаһу анһу) сақтауға беретін. Ол мұнысын: «Мен сіз үшін кепілдік бере алатын қарыз беріңіз»,- деп түсіндіретін. Содан кейін ол салымдарды саудаға салатын.
Одан көп ұзамай мұсылман қауымы ақша аударымдары және чектерді қолданумен танысты. Тарихта Алеппо Ханзадасы Саиф Аддаулах Алхамадани Бағдадқа қарапайым адамың киімімен келіп, Бани хакан тайпасының арасында бір түн болып, ертесіне Бағдатта бір мың динар көлемінде ақша айрбастау туралы өзі қол қойған хабарламаны бергені туралы деректер кездеседі.
Шетелдік коммерциялық (өсімқорлық) банктердің көптеген мұсылман елдерінде таралуы банк ісінің Исламдық баламасын құру қажеттілігін тудырды. Мұсылман ғалымдарының көбі шетелдік коммерциялық (өсімқорлық) банктердің және олардың күнәлі операцияларын ешқандай баламасын ұсынбайды деп сынға алады. Уақыт өте, коммерциялық банктердің үлкен басымдылығын ескеріп, ғалымдар өз күштерін Шариғаттың ұстанымдары мен ережелеріне сәйкес келетін шешімдерді іздестіруге салды.
XIII ғасырдағы европалық сауданың жандануымен дамыған параллель дамыған банктерге қарағанда, ислам банкі өз ісін дамыта алмады. Мұсылман елдер сауда мен колониализм дамытудың нәтижесінде дәстүрлі банк жүйелерін қабылдады, ал ислам дамуының ерте кезеңіндегі пайда болған ислам әмбебап банкі өз жұмысын тоқтатты. Барлық мұсылман әлемін сілкіндірген «ислам қайта тууы» ислам банк ісін жасау үшін түрткі болды.
Қазіргі заманның ислами банктерінің тарихы XX ғ. 60-жылдарынан бастау алады. 1963 ж. Мысырдың Гамр қаласында Ислам Банкін құру бойынша алғашқы әрекетті доктор Ахмед Әл-Наджар жасады, ол бірінші филиалын ашпай тұрып, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындары арасында ұзақ үгіт насихат жүргізген. Бұл жобаның мақсаты: капитал біліміне ауыл тұрғындарын интегралдау болды. Банкті құрудың себепшілері, Египетті индустриалдау үшін капиталдың жинақталу процесі аграрлық секторда болу керек, ол сол кезде Египеттің халық шаруашылығында үстем болған. Жобаның ұраны: «Крестьяндарды салымшыларға айналдырыңыз!»
Банк шариғат заңдылықтарының негізінде құрылып, мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана отырып табыс әкелетін жобаларды қаржыландырудың арқасында пайда табу болды.
Банк 85 000 салымшысы бар 53 бөлімше құрды. Банк адамдарға инвестициялық, әлеуметтік және білім беру қызметтерін ұсынды. 1971 жылы Мысыр үкіметі Nasser Social Bank банкін құру үшін заң қабылдады. Оның пайда табуының 3 көзі болды: 1) Зекетті басқару, 2) мемлекеттік сақтандыруды басқару, және 3) мемлекеттік қарызды басқару.
1967 жылы банк исламдық радикализмге қарсы күрестің құрбаны болып, жабылып қалады.
Бірақ банктың негізін қалаушы Ахмад әл-Наджар болашақта мұндай қаржылық институттардың сәтті қызмет ететініне сенімді болды. Ол Сауд Арабиясына көшіп кетеді. 70-жылдары мұнайдың бағасы қарқынды түрде өскен болатын. Бұл жағдай исламдық негізде банк құру үшін оңтайлы кез болатын. Алдымен 1975 жылы Ахмад әл-Наджардың қатысуымен Ислам Даму Банкі құрылды (ИДБ). Соңынан Біріккен Араб Әмірлектерінде (БАӘ) ''Dubai Islamic Bank'' атты ислами банк дүниеге келді. Олардың соңынан Faisal Islamic Bank (Египет, 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1977 ж.) және Bahrain Islamic Bank (Бахрейн, 1979 ж.) банктері өз қызметтерін бастап кетті. Алғашқы кездегі скептицизм (күдік) бірте-берті жойылып, банктердің жарқын болашағына деген сенім арта түсті. Осылайша, ислами банк жүйесіне деген байсалды қатынас орнай бастады. Аз уақыттың ішінде Ислам банк ісінің менімді әрі болашағы бар банк жүйесі екендігі түсінікті болды.
Діни мұсылман клиенттердің
қаржылары ағылып келуі, ислам банктеріне
бірқатар пассивтерін құруға мүмкіндік
берді, бірақ ислам нарығының
эмбриалды капиталының жағдайы
оны толық жұмыс істеуге
80 жылдардың басында Азияның оңтүстiк-шығысындағы ислам әмбебап банк iсi белсендi өсуін бастайды. 1963 жылы Малайзияда Мекке қажылыққа баратын мұсылмандардың жинағы жұмсалатын қайырымдылық қоры құрылған. Кейiннен оның негiзiнде әлемдегі ең ірі ислам инвестициялық қорларының бірі Tabung Haji пайда болды. Малайзиядағы ислам банктiк секторының қарқынды өсуi 1983 жылдан, мұсылман көпшiлiктiң өмiр деңгейiнiң жоғарылатуы бойынша өкiметтердiң саясаты шеңберiнде, басталды. Экономикалық саясаттан басқа, ішкі саяси себептерде ие болды - мұсылмандар Малайзия тұрғындарының 75 пайыздары құраса да, жеке сектордың капиталының үлкен бөлігін этникалық қытайлар тексереді.
1.2. Ислам даму банкі туралы жалпы мағлұмат
ИДБ мақсаты Шариғаттың қағидаттарына сәйкес ИДБ мүше елдерінің және мұсылман қоғамдастықтарының экономикалық дамуына және әлеуметтік прогресіне көмек көрсету болып табылады. Мүшелерінің құрамына 52 мемлекет кіреді. ТМД елдерінің ішінде ИДБ мүшелері Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан болып табылады.Ислам банкі қарапайым банктерден екі бағыты бойынша айрықшаланады: этикалық пікір мен банкілік өнімдер, мұндағы екіншісі біріншісінен туындайды. Қалған бағыттары бойынша бұл екі банкілік жүйелер ұқсас. Ислам банкі түсінігінің өзі Ислам этикалық нормаларының мұндай банкті құрудағы және банкішілік процесстердегі басымдылықты білдіреді. Ислам банкінің исламдық еместен түбегейлі ерекшелігі, Исламда тыйым салынған пайыздарды алу мен төлеу салдары тәрізді, Ислам ғалымдарымен өсімқорлыққа теңестірілген банктік пайыздардан толық бас тартудан тұрады. Пайда табу құралы ретінде пайыздар болмаған жағдайда Ислам банктері қалай пайдаларын іске асырады? Алла соңғы пайғамбары Мұхаммедке (Алланың нұры жаусын) : «…Алла саудағы рұқсат берді және өсім алуға тыйым салды…» (Құран, 2:275) жіберген. Бұдан туындайтыны, Ислам банктері пайызсыз қаржыландырумен ғана айналыса алады және мұны ойдағыдай жүргізеді. Заманауи Ислам банктері клиенттеріне жылжымайтын мүлік пен жабдықтарды қаржыландыруға, құрылыс және ауыл шаруашылық жобаларын, шағын және орта бизнес және тағы басқаларын қаржыландыруға мүмкіндік береді, және мұны сатып алу-сату, лизинг, немесе жобаға үлестік қатысу арқылы жасайды. Ислам банктерінің қызметтері келесі қағидаттарға негізденеді: Құран мен Мұхаммед пайғамбардың (Алланың нұры жаусын) Сүннесінде көрсетілген шариат нормаларын сақтау; пайыздарға тыйым салу; ішімдік сусындарымен, шошқа өсірумен, ойын-сауық индустриясымен, исламдық емес кредиттік ұйымдармен, және басқа да Исламның құқықтық және этикалық нормаларына қайшы қалғандарына тыйым салу. Бұл саралық анықтама ислам банкінің өнімдері мен қызметтері бойынша бизнес-процесстерді егжей-тегжейлі сипаттауға арналған. Мынадай Мудараба, Мушарака, Мурабаха, Бай аль-Инах, Таваррук, Иджара, Салям және Истисна тәрізді ислам қаржылық мәмілелері мен олардың әртүрлі түрлері, ислам банкингінің депозитті өнімдері қарастырылған. Сондай-ақ аккредетивтер, кепілдіктер мен басқа да ислам банкінің өнімдері ұсынылған.
Ислам даму банкі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің
негізгі кеңсесі Сауд Аравиясыңдағьі
Джидде қаласында орналасқан.
Аймақгық кеңселері үшеу, олар – Рабат
қаласында (Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия)
және Алматы (Қазақстан) қалаларында. Баңктің
құрылтайшы-лары Ислам конференциясының
ұйымы (ИКҰ) мүшелері. Қазіргі кезде олардың
саны 52. Банктің жарғы капиталы 6 млрд.
ислам динары. Ол сома 800 мың акцияға бөлінген.
Ислам динары (ИД) банк шотының есептесу
бірлігі болып саналады, ал оның құны халықаралық
валюта қорының (ХВҚ) бір арнайы векселіне
тең. Оған мүше мемлекеттердің банктің
жарғылық капиталындағы үлестері төмендегідей:
Сауд Аравиясы -16,6%, Ливия – 6,7%, Кувейт
– 8,3%, ал Гамбия, Қырғыз, Мозамбик, Түрікменстан,
Тәжікстан,
Қазақстан, Мальдив, Суринам, Джибути,
Комор елдері біріккенде 0,4% құрайды.
Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат:
шариғат негізіне сүйене отырып, ИКҰ-ға
мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне
экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі
үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе
ИКҰ-ға мүше болған экономикасы нашар
Дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды
қолдауға көбірек көңіл бөлу.
1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржыландырды,
оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке
бай-ланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды.
Бүгінгі кезде халықаралық және аймақтық
қаржы мекемелерімен бірлесіп жобаларға
берілген қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ долларына
жетті.
Ислами банк жүйесінің принциптері:
1) Шариғат заңдарын орындау – Исламдық
банктердің айнымас, ажырамас қағидасы.
Бұл қағидалар өздеріне тиісті принциптер
бойынша іске асады. 2)Ысырап жасамау;
3) Заңсыз және ретсіз монополияға тиым
салу;
4)Тауарға қойылатын бағаның шектен тыс
қымбат болмауы;
5)Шариғат пайдалануға тыйым салатын заттар
мен тауарларды жасауға және сатуға тыйым
салу;
6)Ұрланған және ұқыпсыз заттарды сатуға
тиым салу;
7)Алдап-арбамау, алаяқтық жасамау;
8)Бастапқы капиталдың шариғат үкімдеріне
сай адал жолмен келуі.
1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржыландырды, оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке байланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды. Бүгінгі кезде халықаралық және аймақтык қаржы мекемелерімен бірлесіп жобаларға берілген қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ долларына жетті.
Шариғат негізіне сүйеніп, банк коммуналдық шаруашылыққа, жол құрылысына, көпір, үй, коммуникациялар т.б. жобаларға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мектеп салу, денсаулық сактау объектілеріне, мәдениет, жалпы білім жүйесіне пайызсыз несиелер береді.
Банк өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын бірігіп игерудегі жобаларға қаржы бөлуге қатысады, тез арада пайда келтіретін жобаларға, лизинг және қарызды мерзімінен кейінірек қайтаруға мүмкіндік жасайды.
Банк өзіне мүше болған мемлекеттерге техникалық көмек, кеңес беру, жобалардың технико-экономикалық негізін жасау, сондай-ақ құрал-жабдық сатып алу үшін зерттеу жұмыстарын және жобаның атқару фазасы кезінде оқыту жұмыстарын жүргізеді.
Банк өз портфеліндегі 1 млрд. АҚШ доллары тұратын өтімді бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
Ислам даму банкіне Басқарма бастығы жетекшілік етеді. Басқарманы банкінің барлық мүшелері ұсынады. Басқарманың Төрағасы болып оның мүшелері кезек-кезек сайланады. Басқарма жыл қорытындысын жасауға және келесі жылғы керек бағыттарды анықтауға жыл сайын жиналады. Банкі ұйымдастыруды шұғыл басқару үшін 11 адамнан тұратын, атқарушы директорлардан құралған Басқарма құрылады. Оның 5 мүшесі тағайындалады, ал қалған %-ы сайланады.
Жарғы капиталына ең көп үлес қосқан (Сауд Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан) мемлекет ішінен 5 ел бір атқару директорын тағайындайды, ал 6-ын қалған мемлекеттер сайлайды. [16,90б]
Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк Президентін сайлайды. Сайланған Президент - атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың төрағасы, сонымен қатар, ол банктің әкімшілік аппаратының да төрағасы болып есептеледі. Атқарушы директорлар кеңсені үш жыл басқарады, одан кейін жанадан сайлауға түседі.
Ислам конференциясының ұйымына мүше болған кез келген мұсылман елі, атқарушы директорлардың Басқармасынын шарттарын және мерзімін сақтай отырып банкке мүше бола алады.
Ресми банк тілі - араб тілі, ал қарым-қатынас үшін ағылшын және француз тілдері болып табылады.
Ислам банктері қалай жұмыс істейді?
· Олар ақша қаражатын депозит арқылы қарызға алу идеясын қабылдамайды және ешқашан клиенттерге өсім пайдасы үшін қарызға ақша бермейді.
· Банк Мұдариб ретінде клиенттен (Раб-әл-Мәәл) депозитті қабылдап, ақша қаражаттан банктерге түскен табысты алдын ала келісілген арасалмақ бойынша банк пен салымшылар арасында үлестіреді.
· Олар салымшыға пайда мөлшерін бекіте алмайды. Олар тек алдыңғы уақыттардағы пайда мөлшерлеріне сүйене отырып, болжанып отырған пайда көлемін көрсете алады.
· Ислам банктері Мұдараба және Мүшарака мәмілелері арқылы қаржыландыратын клиенттерідің бизнестегі үлестерін және иелену тәуекелін бөліседі.
· Клиенттің несиені төлеу мүмкіндігінің орнына олар ең алдымен жобаның сенімділігіне назар аударады, өйткені қаржыландырылған жоба табыс әкелген кезде ғана олар табыс таба алады.
· Олар Исламның әдепік ұстанымдары мен ережелерін сақтай отырып, рухани құндылықтарға көп көніл бөледі. Сондықтан олар Шариғат ережелеріне сәйкес келмейтін істі қаржыландыра алмайды.
Мұдараба
Мұдараба, негізінде, капиталы бар мен тәжірибесі бардың бірлігіне негізделеді: олардың бірініші тарабы капитал ұсынса, екіншісі тәжірибесі мен басқаруды ұсынады. Бұның себебі «халал» (заңды) пайда табуда; аталған пайда олардың арасында алдын ала жасалған келісім бойынша үлестіріледі, сонымен бірге шығындарды капиталдың иегері тартады. Капитал салушы Раб-әл-Мәәл, ал банк Мұдариб деп аталады.
Иджара
Жалға беру – бұл активтерді сату емес оның пайдасын немесе пайдалану құқығын сату не белгілі бір сыйақыға айырбастау.
Ол шарт ретінде белгіленуі мүмкін, яғни жалға беруші біреудің пайдалануына белгілі бір дүниеден немесе қызметтерден түсетін пайданы келісілген жалға беру төлемдерге айырбастап белгілі бір мерзімге ұсынады. Банктік тәжірибесінде бұл екі ірі категорияға бөлінеді:
1. Операциялық лизинг.
Бұнда жалға беруші активін келісілген мерзімге және жалға беру құнына біреуге жалға береді; жалға алушы аталған мерзім бойы активтің жалғыз иегері болып есептеледі. Лизинг мерзімі аяқталысымен, актив жалға берушіге қайтарылады.
2. Ижара (
Бұл операциялық лизингке ұқсас, бірақ лизинг мерзімінің соңында активтің меншік құқығы жалға берушіден жалға алушыға ауысады.
Истисна
Бұл сатып алушы (Мустасни) сатушыдан (Сани) болашақта келісілген мерзімде дайындалатын немесе салынатын активті белгілі бір бағаға (Истисна құны) сатып алуы туралы Шарт. Истисна құны алдын ала немесе бірнеше кезеңмен активтің жасалуы кезінде немесе жеткізілу кезінде не жеткізгеннен кейін төленуі мүмкін.
Мұрабаха
Тауарды өзіндік құнына келісілген пайда мөлшерін қосып сату. Пайда мөлшері тауардың өзіндік құны немесе жалпы сомманың белгілі бір пайыздық көлемі ретінде есептелуі мүмкін.
Мүшарака
Бұл екі немесе одан да
көп тараптардың
Уакала
Банктер Уакаланы ірі салымдар үшін жиі қолданады. Капиталы бар клиент өз атынан инвестициялар жасауға Ислам банкін өз агенті ретінде тағайындайды яки өз қорын басқару жарнасын төлейді немесе төлемейді .
БайӘ’Салам (Bai Al Salam)
Бұл белгіліл бір тауар құнының алдын ала төленіп, ал тауар белгіленген уақыт ішінде келісілген жерге жеткізілетін сауда түрі.
Қазіргі кездегі ислами банктер
Осы күндері бүкіл әлем бойынша 50-ден астам елде 300-гежуық ислами банк қызмет етеді. Олардың активтері шашамен 700 млрд. -- 1 трлн. АҚШ долларына тең, қызмет ету аумағы тек қана араб елдерінде ғана емес, сондай-ақ, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралияда таралған. Олардың тұтынушылары мен клиенттері тек қана мұсылмандар емес, ірілі-ұсақты батыстың компаниялары бар. Әлемдегі алдыңғы қатарлы банктер – JP Morgan, Deutsche Bank, ABN Amro, IAG, Citibank Chase Manhattan және Hong Kong & Shanghai Banking Corporation – өздерінің құрылымында ислами банкке арналған арнайы бөлімдерін ашқан.
Қаржы дағдарысына дейінгі Исламдық банктердің жылдық даму динамикасы қарқынды түрде артып, 10-15% құрады. 2012 жылы ислами банктерге тиесілі активтердің құны 1,6 трлн. АҚШ долларына жетеді деп күтілуде.
Ислам банктерінің ең үлкен орталықтары Иранда ($235 млрд.), Сауд Арабиясында ($92 млрд.), және Малайзияда ($67 млрд.) орналасқан. MENA ақпараттық агенттігінің мәліметтерінше ислам негізіндегі қаржылардың 56% Таяу Шығыста шоғырланған.
Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең. Ислам динары Халықаралық валюта қорының арнаулы несиелендіру құқығының бірлік өлшеміне парапар банктің есептік бірлігі болып табылады. Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды әдетке айналдырған.
1.3. ҚАЗАҚСТАНҒА ЕНУІ
Қазақстанға ислам қаржы нарығы енгізіле бастаған уақыттардан бастап, елімізде көптеген жалған көзқарастар, алып-қашпа әңгімелер пайда бола бастады. Өзіміз білетініміздей, Ислам даму банкі пайызсыз несие беретін банк. Еліміздегі кейбір азаматтарымызға бұл банк тиімді болса, кейбіреулері егер банк пайызсыз несие беретін болса, ол қалай пайда табады деген күдікпен қарады.
2008 жылы Абу Даби қаласында
жұмысын сәтті бастаған ашық
қызғылт сары түсті Al Hilal Bank 18 айдың
ішінде 14 филиалды іске қосып
Исламдық банкингтің
«Al Hilal»
Ислам Банкі» АҚ (Банк) Қазақстан
мен Біріккен Араб
«Al Hilal»
Ислам Банкі» АҚ – 100% БАӘ
үкіметінің иелігіндегі Даби
қаласында негізі қаланған
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ – Қазақстан Республикасы мен ТМД аумағында құрылған алғашқы Ислам банкі. Банк 2010 наурызында толыққанды Ислам банкі ретінде жұмыс жасау үшін банктік лицензияға ие болды. Банк Алматы қаласында. oрналасқан бас кеңсесі мен Астана және Шымкенттегі филиалдары арқылы Шариғат ережелері мен ұстанымдарына сай келетін жеке және корпоративтік клиенттерге арналған банк өнімдерін ұсынуды мақсат тұтады.
Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 16 мамырда ИДБ-ның 1974 жылғы 12 тамызда Джидда қаласында қол қойылған Құрылтай шартын ратификациялады.
1997 жылғы тамызда Алматы қаласында ТМД-да, Моңғолияда, ҚХР-да, Шығыс Еуропа аймағында орналасқан ИДБ мүше елдері және мұсылман қоғамдастықтары үшін аймақтық офисі ашылды.
Қазақстан Ұлттық Банкі 1998-1999 жылдары ИДБ-ның Қазақстан Республикасының атынан басқарушының офисі құқығында Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырды.
1999 жылы мамырда Ислам Даму Банкінің Вице-президентінің басшылығымен Бағалау миссиясының Қазақстанға сапары болды.
1999 жылғы 12-14 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі және құрамын Кувейт араб экономикалық даму қоры, Сауд даму қоры және ИДБ ұсынған Үйлестіру Тобы арасында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырыстың нәтижесі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою және одан әрі қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру үшін Қазақстанның мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына кіретін жобалардың тізбесін қабылдау болып табылады.
1995 жылдан Қазақстанда ИДБ жұмыс істеп келеді.
Банк 2000 - 2003 жылдары Астана қаласында өз кеңсесін ашу, Қарағанды - Астана автожолы бөлігін, Астана - Бурабай автомобиль жолын қайта салу, Астанада ұлттық кітапхана үйін салу, пошта байланысын жетілдіру, т.б. жобаларды қаржыландырған.
Қазақстан Ұлттық Банкі 1998-1999 жылдары ИДБ-ның Қазақстан Республикасының атынан басқарушының офисі құқығында Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырды. 1999 жылы мамырда Ислам Даму Банкінің Вице-президентінің басшылығымен Бағалау миссиясының Қазақстанға сапары болды. 1999 жылғы 12-14 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі және құрамын Кувейт араб экономикалық даму қоры, Сауд даму қоры және ИДБ ұсынған Үйлестіру Тобы арасында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырыстың нәтижесі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою және одан әрі қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру үшін Қазақстанның мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына кіретін жобалардың тізбесін қабылдау болып табылады.
Қазақстанда исламдық қаржыландырудың дамуы инвесторларға инвестициялаудың баламалы құралдарын ұсынады, жалпы алғанда, ел экономикасының қаржылық тұрақтылығына қолдау көрсетудің қосымша көздерін құруға мүмкіндік береді. Қазір исламдық қаржыландыру секторы — әлемдегі ең жылдам дамушы сектор. Оның әлемдік активтері 1 триллион доллар деп бағаланады, бұл ретте өсу қарқыны да соңғы жылдары ерекше жоғары — жылына 15-20%.
2012 жылдың 23 және 26 сәуірі аралығында ҚРҰБ Ислам Даму Банкі тобына кіретін Ислам тренинг және зерттеулер институтымен бірлестікте ТМД мемлекеттерінің өкілдеріне арналған «Islamic modes of finance and sukuk» халықаралық отырысын өткізді.
Басшылық
Директорлар кеңесі · Ж. М. Ахмед Атик әл-Мазруи (аса мәртебелі) – Төрағасы · Мохаммед Жамиль Берро мырза - Төраға орынбасары · Мохаммед әл-Арики мырза - Директорлар кеңесінің мүшесі · Халед Атван мырза– Хатшысы Шариғат бойынша Кеңес · Шейх Абдуссаттар Абу Гуддах · Шейх Низам М.С. Якуб · Шейх Иссам Исхак ·Махмадрузи Шоев - Үйлестпіруші және супервайзер Прасад Абрахамның банк саласындағы жұмысы 1977 жылы Citibank басталған. 1983 жылы ол Бахрейндегі Arab Banking Corporationө-на шақырылады. Ол 2003 жылға дейін топтың Бас Аудиторының қызметінде болып, бас компанияның және Испаниядағы Banco Atlantiko, Франкфурттегі ABC Daus, Ұлыбританиядағы Халықаралық АВС банкінің аудиторлар комитетінің мүшесі ретінде жұмыс атқарды. 2004 жылы Прасад Лондондағы Халықаралық АВС банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылы Абрахам мырза Абу-Дабида Al Hilal Банкін ашу бойынша негізгі ұйымдастырушы әрі орындаушы ретінде шақырылды. Кейін оның банк индустриясындағы отыз жылдан астам жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, Прасад Абрахам Al Hilal Банкінің Қазақстандағы еншілес банкін дамытуға жіберілді. Сари 2008 жылдан бері Al Hilal Bank-тің атқарушы вице-президенті – Корпоративтік және инвестициялық банкинг тобының Басқарушысы болып келеді. Ол банке Абу Дабидың исламдық банктеріндегі жиырма жылдық еңбек тәжірибесінің нәтижесін ала келді. Ол өз еңбек жолын United Arab Bank (БАӘ) бастап, кейін Абу-Дабидағы Union National Bank-інде жоғары лауазымдарда болған. ауысқан, Фуджария Ұлттық банкінің Корпоративтік Abu Dhabi Commercial Bank-де шағын және орта бизнес департаментіне әр түрлі қызметтерді атқарған. Саридің клиенттермен жұмыстағы еңбек тәжірибесі мол және керемет коммуникативтік дағдылар мен тұлға аралық қатынас құру шебері. Сонымен бірге ол Мичиган Университеті мен Ашбридж Бизнес Мектебінің Басқарушы кадрларын дайындау бойынша бағдарламалардың бір қатарына қатысты. Сонымен қатар Сари көптеген компанияларда Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызмет атқарды. 1997 ж. аяғында Сари Исламдық банкинг бойынша кітаптын тарауын жазған және аталған тарау Ұлыбританияның Open University-нің қаржыгер магистрлеріне арналған бағдарламада кеңінен таралған оқулықта қолданылды. Сари АҚШ-ның Колорадо штаты Денвер қаласындағы Аspen University-нің, магистрінің дәрежесіне ие, сонымен бірге ол әр түрлі оқу курстарынан өткен, соның ішінде Euromoney, Harvard Business School және Kellogg's University. Саиф 2007 жылдан бері Al Hilal Bank-тің қызметкері, және оның қызметкерлер мен әкімшілік басқару саласында 8 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Саиф өз маңсабын Takreer-де (Абу-Даби), жұртшылықпен байланыс жөніндегі аға қызметкері ретінде бастап, Al Hilal Bank-ке келгенше Takreer-де басқарушы қызметтердің бір қатарын атқарды. Саиф Зайед (БАӘ) университетінен Жалпы басқару саласындағы Бизнес Магистрінің дәрежесіне ие болып, California State University-де (АҚШ), саяси ғылымдар саласында дәреже алды. Мохаммад Закут Al Hilal Bank-ке 2008 жылғы наурызда Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету департаментінің атқарушы вице-президенті ретінде, дүние жүзілік деңгейде банктік қызмет көрсету саласында 17 жылдан астам жұмыс тәжірибесімен, жұмысқа келді. Бұның алдында ол жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің өңірлік директоры қызметінде болып, Иорданияда орналасқан Arab Bank-інде Левант пен Солтүстік Африкадағы банктік операцияларына жетекшілік етті. Өз еңбек жолын ол Bank of America (Сан-Франциско, АҚШ) клиенттерге қызмет көрсету саласында бастап, кейін Standard Chartered Bank және Arab Bank-інде барлық Парсы шығанағы мен Левант бойынша банктік қызмет көрсету саласында басқарушы қызметтердің бір қатарын атқарды. Закут University of San Francisco-ның Қаржы саласындағы іскерлік әкімшілік ету Бакалаврының дәрежесіне ие, және жеке тұлғалармен жұмыс істеудің кредиттік мәселелері және инвестициялар банкирі бойынша сертификаттар иегері болып табылады.
Қаржы директоры / Бас бухгалтер Айдын Тайыров 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1996 жылдан бастап Айдын Таиров Қазақстандағы ірі Қазақстандық және халықаралық банктерде жұмыс істеді. Айдын Таировтың қаржы және бухгалтерлік есеп, қазынашылық, ІТ саласында басқарушылық тәжірибесі мол. 2009 жылғы қазанда ол Al Hilal Bank тобына қосылды.
Басқарма
мүшесі Тимур Алим 2009 жылдың аяғында «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ, Қазақстан, Корпоративтік банкинг бойынша өңірлік директор ретінде банк қызметкері болып орналасты. Оның банк саласында 9 жылдан астам тәжірибесі бар, және ол Қазақстандағы жетекші банктерде корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер ретінде жұмыс істеді. Тимур Алим Исламдық банкинг өнімдері жөнінде терең білімді 2007-2008 жылдары Ислам заңнамасын дамуытуға қатыса жүріп меңгерді, соның нәтижесінде Қазақстан заңнамасы Ислам банкіне өз операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. 2010 жылы Тимур «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ Басқармасының мүшесі болды.
Гүлшат
Асқатова Гүлшат Асқатова Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-на оның ашылу сәтінен, 2010 жылғы наурызда келді. Риск менеджментдепартаментінің бастығы ретінде Гүлшат қаржыландыру, нарық, төлем, операциялық риск менеджментқызметі үшін жауапты. Гүлшаттың банк саласында 13 жылдан астам тәжірибесі бар. Банкке дейін ол Риск менеджментдепартаментінің бастығы және АТФ Лизинг Вице-президенті ретінде UniCredit Group мүшесі - «АТФБанк» АҚ-ның қызметкері болатын. Гүлшаттың Ресей, Қырғызстан және Қазақстандағы еншілес компаниялардың Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қосымша міндеттері болды. Өз жұмыс жолын Қазақстан Халық Банкінің Қазынашылығында бастап, кейін аталған банкте риск менеджер ретінде жалғастырды. Кейін Гульшат Қазақстанның басқа банктеріне ауысып, риск менеджмент саласында бірнеше бақарушы қызметті атқарды. Гүлшаттың риск менеджмент, корпоративтік және жеке тұлғаларды қаржыландыру, қазынашылық және несиелік қолдау саласындағы білімі мол. Ол Қазақ ұлттық басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша (Қазақстан) тәмамдаған, сонымен қатар активтер мен пассивтерді басқару, қаржы талдауы, ҚЕХС, риск менеджмент, Базель ІІ, жобаларды басқару саласында бірнеше сертификатқа ие болып, сонымен бірге «Менеджмент: жаңа технологиялар», IAB, Ресей және Қазақстан, бағдарламасы бойынша басқарушы қызметкерлер оқытуынан өтті. Әділет Әлиев «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-нда 2010 жылғы шілдеден бері жұмыс істейді. Әділеттің «TexaKaBank» АҚ, «АТФБанк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ сияқты Қазақстан банктерінде Дилер қызметінен бастап Қазынашылық бастығына дейін 15 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, ол әр түрлі нарықтарда қазынашылықтың барлық банктік операцияларымен айналысты. Сонымен қатар, Әділеттің брокерлік қызмет көрсету мен капиталдың сенімгер басқаруы жөніндегі «АТФ Финанс» АҚ компаниясында Басқарушы директор ретінде үш жылдық тәжірибесі бар, оның міндеттеріне активтерді басқару мен клиенттерге брокерлік қызмет көрсету кіретін. Әділет Қазақ ұлттық басқару академиясының бакалавр дәрежесіне ие. Әсель
Гильманова Әсель Гильманова «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-нда 2010 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істейді. Әселдің негізінен банк секторындағы 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар, ол жерігілікті «Қазкоммерцбанк» АҚ, «БТА Банк» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ іспетті ірі банктерде заң кеңесшісі, аға заңгер, бөлім бастығы сияқты қызметтерді атқарып, аталған банктердегі қаржыландырумен, капитал нарықтарымен, халықаралық жобалар мен күнделікті қызметпен айналысқан. Сонымен бірге Әсел «Грата» АҚ Заңгерлік фирмасының Банктер мен қаржылар департаменті директоры орынбасарының қызметтерін артқарған. Әсель Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің бакалавр дәрежесіне ие. Айгүл өзінің банктік
еңбек жолын 1993 жылы бастаған. 1998 жылы
ол ҚМЭБИ Бизнес магистрінің дәрежесін
алды. Кейін 1998 жылы ол HSBC Банк Қазақстан ұжымына қосылып,
онда операциялық және қаржы басқару саласында
бірнеше қызметтерді атқарды, және 2007
жылы ол Операциялық бөлім директоры болып
тағайындалды. «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-на
Айгүл 2009 жылғы қарашада келді. Оның міндеттеріне
орталықтанған операциялар қызметтерін
басқару, оның ішінде филиалдар операцияларын
бақылау және өңдеуі кіреді.
Үйлестпіруші және супервайзер, Исламдық қаржыландырудың ұстанымдары бойынша Кеңес Махмадрузи Шоев өз жұмысын Al Hilal Bank, БАӘ, Шариғат бойынша Департаментінде 2009 жылғы маусымда бастап, 2010 жылғы сәуірде «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ ауыстырылды. Махмадрузи өз жұмыс жолын 2005 жылы «Emirates Islamic Bank» (БАӘ), Шариғат бойынша құрылымдастыру және реттеу департаментінде бастады. Халықаралық Ислам Университетінің (Исламабад) Da’awah Академиясын және Исламабадтағы (Пәкістан) Халықаралық Ислам Университетінің экономика факультетін тәмамдаған.
Шамиль
Бибеков Шамильдің қаржы саласында 8 жыл тәжірибесі бар. Ол өз еңбек жолын мұнай-газ секторында, «Торғай-Петролеум» ЖШС-нде ( «Лукойл» АҚ мен «ПетроКазахстан» АҚ еншілес компаниясы), қаржы бөлімінің маманы ретінде бастаған; онда ол қазынашылық операциялары мен ақшалай қаражатты басқаруға жауапаты болды. Бұдан кейін ол 4 жыл бойы «АТФБанк» АҚ-да (UniCredit Group мүшесі) жұмыс істеді. «АТФБанк» АҚ-нда ол аға кредит аналитигінен (Корпоративтік клиенттермен жұмыс департаменті) бастап, кейін банктің Қазақстан Республикасының Оңтүстік және Батыс өңірлеріндегі корпоративтік бизнесін дамытуға қатысқан Өңірлік менеджері болды. «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-на келер алдында Шамиль «АТФБанк» АҚ ірі жеке меншік корпоративтік бөлімшесін басқарып, жылдық айналымы 100 млн долл. асатын корпоративтік клиенттермен жұмыс үшін жауапты болды. Шамиль М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қаржы саласындағы бакалавр дәрежесіне ие, сонымен бірге ол қаржы және басқару саласында көптеген әр түрлі тренингтерден өткен.
Нұрлан Түргенбаев Нұрлан Түргенбаев Банкке 2009 жылдың караша айында қосылды. Банкке дейін жергілікті және шетелдік қаржы ұйымдарында сырттан қаржы тарту, бизнесті сату-сатып алу, құрылымдық және корпоративтік қаржыландыру салалары бойынша қызметтер атқарған. АҚШ-тын Вашингтон қаласындағы Американ Университетінің магистр (Халықаралық экономикалық саясат) дәрежесіне ие, және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық катынастар факультетін бітірген. |
