Ислам дініндегі қаржылықтың рөлі мен маңызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Тақырыбы: Ислам дініндегі Қажылықтың рөлі мен маңызы
Орындаған: Жәнібекова М.Т
Ақтөбе 2011
Жоспар
I Кіріспе.......................
Дін туралы жалпы түсінік
- Ислам діні..........................
.............................. ........................4 - Ислам дініндегі негізгі заң - Шариғат ..............................
.7
II Негізгі бөлім
Ислам дінінің бес парызы
2.1 Қажылықтың маңызы мен рөлі..........................
III Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Дін туралы жалпы түсінік
Дін- қоғамдық құбылыс. Дін әрбір адамға таныс сөз (латынша religio-байланыс деген мағынаны білдіреді). Діннің адамзат тарихында алар орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғмда әрқилы болып келген. Дін- қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Ол құдай мен адамның байланысы арқылы адам өмірінің мәніне арналған сана формасы. Бұл мәнде дін қай Халықтың болмасын мәдениетінің рухани негізі. Дін адамдардың жеке сеніміне қатысты анықталғанымен, оның белгілі әлеуметтік топтарда және қоғамда алатын орны ерекше.
Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз- оның қоғамдық сана мен дүниетанымның формасы, діни мәдениет, белгілі әлеуметтік жағдайда қызмет атқаратын құбылыс екендігін мойындау.
Ғылым дінді табиғи
инстинкт, өмір үшін күрестің
құралы деп санайды. Бұдан
Қоғамдық сананың
түрі ретінде дін өзіндік
Ф.Энгельс дін туралы анықтамасында осындай екі аспектіні қарастырған. Біріншіден, Маркске дейінгі атеистердің дәстүрін жалғастыра отырып, дінді дүниенің бұрмаланған көрінісі болып табылатын фантастика, бұл ретте жер бетіндегі күштер құдіреттілікке ие болады деген. Екіншіден, ол адамдар санасына фантастикалық діни бейнелерді туғызушы, адамдарға үстемдік етуші күштерді көрсетті. Ол діннің әлеуметтік негіздері болатын.
Діннің басты белгісі-
құдіретке наным. «Құдірет»
Діни елестеулер екі деңгейден тұрады: әдеттегі діни сана, яғни діни психология мен діни идеология. Жалпы діни елестеулер- құдіретке сенуден туындаған идеялар мен бейнелердің жиынтығы.
Діни психология- қарапайым діндарларға тән құдірет туралы жалпы елестету. Ол бұрыңғыр, толық емес, жүйесіз, орнықсыз болып келеді.
Жалпы қай дінде болмасын өзіне тән ғибадаттық іс - әрекеттер бар. Олар: зікір салу, құрмет тұту, құрбандық шалу, ораза ұстау секілді.
1.1 Ислам діні
Кәзіргі кездегі ұлттық діндердің қатары көп. Олар:
- Индуизм- қазіргі Үнді елінде көп тараған.
- Синтоизм – Жапонияда ежелгі феодалдық дәуірде жергілікті анимистік нанымдар мен шаман діни нанымдары белгілерінің негізінде қалыптасқан дін.
- Иудаизм - өте ертеде шығып, осы кезге дейін сақталып келген еврейлердің діні.
- Будда діні – ең ерте шыққан әлемдік діндердің бірі.
- Христиан діні – кіші Азияда пайда болған әлемдік дін.
- Ислам діні – Аллах Та'аланың Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) арқылы жібеген Ақиқат жолы, пендені құтқарар Тура жол , дүние жүзіндегі ең ықпалды әрі кеңінен тараған дін.
«Ислам» сөзі арабшада «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсұну» деген мағыналарды білдіреді. Яғни ислам діні адамдық пен бейбітшілік діні деген сөз. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан ұлы жаратушының соңғы пайғамбары жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілген десек те болады.
Жаратушыны жалғыз, дара деп қабылдауымен Ислам монотеистік дін болып табылады. Негізгі ұстанатындары – Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (сүннеті).
Деректер бойынша, хазірет Мұхаммедке (с.а.с) пайғамбарлық ақыл ойы кемелденген 40 жасында қонған. Елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жәбрейіл періште жеткізген делінеді. Періштенің жеткізген аяндары «уахи» деп аталған.
Тауда үңгір ішінде оңаша отырған бір сәтінде Жәбрейл періште хазірет Мұхаммедке (с.а.с) өз бейнесінде көрініп, алғашқы аяттарды түсірген. Алғашында бұл оқиғадан хазірет Мұхаммед (с.а.с) қатты қорыққан. Кейіннен өзіне елшілік міндеті берілгеніне нақты көзі жеткенде, түскен әмірлерді қалтқысыз орындай бастаған. Жәбрейіл періште арқылы, Алла Та'аланың аян түсуі өмірінің сонына дейін үзбей жалғасқан.
Ислам діні
Арабияның жергілікті
Ислам – біздің
заманымыздың 609-632 жылдар аралығында
(VII ғасыр) шығыс пен батыс
Бұл кезде Араб
түбегіндегі діни наным –
Ислам діні басқа әлемдік діндер сияқты оппозициялық топтардың мүддесін қорғады. Рулық – тайпалық ақсүйектер қоғамда үстемдік етіп, оған орташа және ұсақ саудагерлер оппозицияда болды. Құранда байлық және өсім алу үстем таптың , орташа топтардың мүддесін қорғау мақсатында айыпталынды.
Аллахтын құлы әрі Елшісі мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) 570 жылы Меккеде дүниеге келген. Ол көшпелі Курейш тайпасынан hашим руынан. Ол жастайынан керуен басшысы болып, Арабия түбегінің соқпақ жолдарымен талай шахарларды аралайды. Сол кезде Меккеде Хадиша есімді бай жесір әйел тұрған. Мұхаммед бірнеше жыл осы Хадишаның қызметкері болып, саудасын жүргізген. Ол 25 жасында 40жастағы Хадишаға үйленеді. Хадиша Мұхаммедпен 20 жыл отасып, олардың Фатима атты жалғыз қыздары болады.
610 жылы шамасында Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) Аллах Та`аланың Сөзін алғаш рет естіген. Ол: «Аллах Та`ада мені Пайғамбар етті, бізге жаңа дін жіберді, сендер сол жаңа дінді қабылдаңдар» - деп Ислам дінін уағыздай бастайды. Ең алғаш Хадиша Мұхаммедті Пайғамбар деп таныды. Одан кейін Аббас және Әбу Тәліптің баласы Әли қолдады. Сөйтіп, бірнеше жылдан кейін Мұхаммед Пайғамбардың төңірегіне Аббас Хазма, Әбу Бәкір, Омар, Оспан, Әли, Біләл – барлығы 40 шақты адам топтасады. Бұлардың қауымы Мұхаммедтің үмметі деп аталады. Үметтің мүшелері, яғни ең алғашқы мұсылмандар, мұхажирлер деп аталған.
Алайда, тасқа, пұтқа, суға, әр
түрлі нәрселерге табынып
Мәдиналықтар Ислам дінін
қабылдағаннан кейін Мұхаммед
Пайғамбар (с.а.с) Меккеге,
630 жылы Мұхаммед Пайғабарымыз Меккеге келіп, алғаш рет қажылық жасайды. Мұхаммед 63 жасында Мәдина қаласында дүние салады.
Бүгінгі таңда Жер бетіндегі
1,5 миллиардқа жуық адам өзін
мұсылманмын деп санайды. Азия
мен Африканың отыз бес елі
мұсылман елдері қатарына
Мұсылмандарда адам Құдайдың құлы, ең алғашқы пайғамбар Адам (а.с), ең соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммед (с.а.с) болып есептелінеді. Екеуінің арасында жіберілген пайғамбарлардың баршасына иман етіледі.
Адам Ата мен Хауа Ана шайтанның азғыруымен өздеріне тыйым салынған жемісті жеуімен Жұмақтан жерге түскен.
Алайда, бұл христиандықтағыдай адам баласы о бастан күнәхар деген ұғымды білдірмейді.
Исламда адамның ең үлкен жауы – шайтан мен нәпсі болып табылады.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с) бұрынғы
пайғамбарлар сияқты белгілі
бір қауымдарға ғана емес, күллі
адамзатқа жіберілген Алла Та'
Қасиетті кітаптарда исламның
мынадай негізгі идеялары
Ислам жалғыз Құдай –
Аллаға нанымды талап етеді.
«Алладан басқа құдай жоқ,
Ислам монотеистік діндерден адамдар мен құдайдың арасындағы елшілік туралы ілімді қабылдады. Мұсылман ғұламаларының көзқарасы бойынша, Мұхаммед – құдай қалаған адам, сондықтан ол басқалар көрмегенді көріп, естімегенді естиді, құдаймен жане періштелермен тілдеседі. Осылайша Мұхаммед құдірет қасиетіне ие. Ол адамдарға Құдай ашқан, жаратылмаған және мәңгі Құранды жеткізді.
Исламда монотеизммен тығыз байланысты нәрсе – құдайға мүлткісіз бағыныш, оны тыңдап, бой ұсыну, Бағыныштылық мұнда жалпылама сипатта: адам – құдайға, балалар – ата-аналарына, әйелдер – ерлерге бағынышты.
Құдай белгілеген тәртіпке бағыну, құдайдың құдірет еркіне бағыну ілімі тағдырға сену әкеледі. К. Маркс: «мұсылман дінінің өзегін фатализм құрайды деген болатын. Құранда адам және құдай еріктерінің ара қатысы қайшылыққа баяндалған Тағдырға жүгіну принципі бұқараға қоғамдағы әділетсіздіктерді өзгерту мүмкін еместігіне иландыруға тиіс болатын.
Ислам космогониясы, антропологиясы және эсхатологиясы Құранда Иудей-христиан түсініктерімен, сәл ғана өзгерістермен қабысады. Әлем Құран бойынша құдайдың ісі, алты күн ішінде болымсыздан жаратылған. Адамдар материядан таратылған (құранда әр жерінде әр түрлі балшықтан, судан, қан тамшыларынан жасалынған деп түсіндіріледі. Алла осыларға дем салып, жан енгізген деп түсіндіріледі. Адамға оны әлсіз, ақылсыз, абыржулы деп, Алланы дана, күшті етіп көрсетеді.
Ислам дінінің Қазақстанда таралуы жөнінде турасында әдебиеттерде, зерттеулерде әр түрлі пікірлер айтылған. Тарихи фактілер XIX ғ. Басы кезінде де ислам идеалогиясын көшпенді қазақтар санасына ендірген деседі.
1.2 Ислам дініндегі негізгі заң - Шариғат
Ислам заң нормаларына діни сипат берді. Мұсылман заң жүргізу жинақтарында (фикха) феодалдардың мүддесін қорғаған, феодал қоғамының нормалары баяндалған Мұсылман заңдарының жиынтығы «шариғат» деп аталынады. Ол VIII ғасырда Құран мен Сүннәнің негізінде, сондай-ақ адаттың , яғни патриархалды рулық қатынастар кезеңінің әдет-ғұрыптарының ықпалымен қалыптасты.
Қоғамнын түзелуін жеке адамдардың түзеленуімен байланыстырған Ислам діні жеке адамның міндеттерін бекіткен. Ол «шариғат заңдары» деп аталатын (араб тілінде «шариғат – тура жол» деген мағынаны білдіреді).
Исламдағы шариғат
негізінен төрт мәселені
- Сенім, иман мәселелері. Адам дін бойынша неге сену керек, неге сенбеуі керек деген мәселелердің басын ашып береді.
- Амал. Ол - әр мұсылманға міндеттелген істер дегенді ұқтырады. Нені істеуге болады, нені істеуге болмайды, бір істі істегенде қандай жағдайлар ескерілуі тиіс деген мәселелер осыған жатады. Зекет, намаз, қажылық рәсімдері т.б.
- Тәрбие (аһлақ). Әр мұсылманның жүріс тұрысын, адамгершілік қасиеттерін айқындайды.
- Құқықтық істер.Мемлекет басқару, қоғамдық түйткілді мәселелер, эканомикаға қатысты жағдайлар, үйлену, ажырасу, мирас қалдыру, сауда және саяси жұмыстар, қысқаша айтқанда, мұсылман мемлекетінің құқықтық нормаларын реттейтін заңдық негіздер.
Шариғат барлық мұсылмандарға міндетті заң, адамгершілік және ғибадат жарлықтарынан тұрады. Шариғат әлеуметтік теңсіздіктерді және жеке меншікті жақтайды.
Иман шарттары. Ислам дінінде бес парыздан бөлек иманның 6 шарты да белгіленген. Әр мұсылманның осыларға тұтас сену талап етіледі. Олар:
- Алла тағалаға сену. Ислам діні бойынша Жаратушы жалғыз болып табылады. Осы тұрғыда ол монотеистік діндер қатарына жатады.
- Періштелерге сену. Періштелердің нақты саны беймәлім. Алайда, төрт үлкен періштенің барекендігі айтылады:а) Жәбрейіл, б) Микәйіл, в)Исрафил, г)Әзірейіл
- Кітаптарға сену;Тура жолды үйрету үшін пайғамбарлардың әрбіріне қасиетті парақтар кітаптар түсіп отырған, осы қасиетті кітаптарға да сену керектігі міндеттелген.
- Пайғамбарларға сену. Алла тағала жіберген пайғамбарлардың баршасына сену керектігі жатады.
- Ахирет күніне сену. Өлгеннен кейін қайта тірілу, мәңгілік өмірдің барлығы – барлық діндердегі секілді Исламда да негізгі сенімдердің бірі.
6)Жақсылық пен жамандықтың Алладан екендігіне, тағдырға сену
II Ислам дінінің бес парызы
Шариғатқа сәйкес мұсылмандар мынадай бес «құдай берген» негізгі парыздарды ұстауы тиіс.
- Куәлік сөзін айту;
- Намаз оқу;
- Ораза ұстау;
- Зекет беру;
- Қажыға бару.
Куәлік сөзі (кәлимә шәхада) «Лә иләһа иллаллаһ Мұхаммад Расулуллаһ» деген сөз. Мағынасы: «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» дегендік. Бұл сөзді айту Исламды қабылдаған әр адамға міндеттеледі.
Намаз – мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын құлшылық түріне жатады. Ол күн сайын бес мезгіл оқылады: таңертең, түсте, екінші уақытында, кешке және түнде. Бес уақыт намаз: Таң намазы, Бесін намазы, Екінті намазы, Ақшам намазы, Құптан намазы деп аталады. Намаз оқу үшін таза жүру, әр намаздың алдында арнайы жуынып-шайынып (дәрет) міндеттеледі.
Ораза – арнайы ниет ете отырып, таңның атысынан кештің батуына дейінгі уақыт аралығында, тамақ ішуден бас тарту және басқа да шариғатқа көрсетілген талаптарға сай артық істер жасамау дегенді білдіреді.
Мұсылмандар жылына
бір рет Рамазан айына толық
бір ай мерзімде ораза ұстайды.
«Зекет» сөзі – араб тілінде көбею, өсу, тазалық деген мағыналарды білдіреді. Ол мұсылмандардағы тек дәулетті, бай кісілерден талап етілетін салыцқтың түріне жатады. Ислам дінінде зекет төлейтіндерге мынадай шарттар қойылған: балиғатқа толу, ақыл-есте кемістік болмау, қарызы болмауы, белгілі бір байлығы болуы.
Зекет жылына бір
рет беріледі. Зекетті мұсылмандар
әлеуметтік көмек, байлардың
Сондай-ақ зекет
қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік
қарым-қатынастарды реттеуімен
Бесінші парыз Қажылық – қасиетті жерге зиярат жасау.
- Қажылықтың маңызы мен рөлі
Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі. Алайда, бұл парызды өтеу әр мұсылманның шама-шарқына байланысты.
Жыл сайын дүние
жүзінің мұсылмандары араб ай
жылнамасының он екінші Зул-
Меккеге қажыға барған мұсылман үстіне ақ киім – ихрамды киіп, алдымен Қағбаны жеті рет айналады, сосын Сафа төбешігінен Мәруа төбешігіне дейін көшені бойлап жүгіреді. Оны сағи деп атайды. Одан кейін Меккеден отыз шақырымдай жердегі Арафат тауына шығады. Содан соң Меккенің сыртындағы Мін деген жылға-өзекте мал сойып, құрбандық шалады, қайыршыларға садақа береді. Міне, осы діни рәсімдерді толық орындаған мұсылман қажы атанады. Қажылар Мәдина шәһарындағы Мұхаммед Пайғамбарымыздың зияратына барып, дұға оқиды.
Қажылық Құрбан айт мейрамымен аяқталады. Ол үш күнге созылады. Бұл айтта үй басы мал сойып, құрбан шалады.
Осы жөнінде Мынадай бір хадис – діни әңгіме бар:
Бір күні Аллаһ
Та'ала Ибраһим Пайғамбарды
Міне, сол кезден
бастап құрбан шалу әдетке
айналған. Мал сойылса, о дүниеде
сират-көпір болады. Ол көпір шаштан
жіңішке, ұстарадан өткір,
Мұсылмандар шын ниетімен қажылық жасаған адам бүкіл күнәларынан арылады деп сенеді.
III Қорытынды
Дін – қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы болып табылады.Ол Құдай мен адамның байланысы арқылы адам өмірінің мәніне айналған сана формасы.Бұл мәнде дін қай халықтың болмасын мәдениетінің рухани негізі.
Діндердің арасындағы Ислам діні кең таралған дін және Қазақстан мәдениетінде алар орны ерекше. Ислам қағидалары Мұсылмандарды ізеттілікке тәрбиелейді. Әсіресе, бұл адамдар осындай құрметке ерекше бір лайықты болған жағдайда маңызды. Оның үстіне Исламда үлкендерге және ерекше құрметке лайықты адамдарға ізет көрсету адамгершіліктің негізгі нормаларының бірі ретінде қарастырады. Бұл туралы Аллахтың елшісі (с.а.с)
«Кімде-кім жас үлкендерді құрметтемесе, жасы кішілерге аяушылық және білім иелеріне ізет білдірмесе, ол адам менің қауымымнан емес» - деген екен.
Ал бұл жөнінде қазақ халқы бір сөзбен қысқа да нұсқа айтқан:
Үлкенге құрмет,
Кішіге ізет!
Сонымен қатар, ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға ерекше мән береді. Адамның дүниеге келуіне себепкер болып, жетілуінде ерекше рөлі бар ата-аналар – ең әуелі құрмет көрсетілуі тиіс.Аяулы жандар аналар алдындағы борыштарымыздан кейін біздер ата-анаға деген міндеттеріміздің келуінде ерекше мән береді.
Бұқар жырау айтқандай:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаһқа жазбасқа
Екінші тілек тілеңіз
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа
Демекші біз жас ұрпақ тілімізді дінімізді ұмтпай, тура жолдан таймайық дегім келеді.
Қортындылай келе Баяндамамды Мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Біз – тегіміз түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек.
Ол үшін Қасиетті
кітап – Құран Кәрімді
шығармауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ғарифолла Есім, А.П.Әбуов, К.К.Бегалинова, Е.М. Смағұлов, Қ.Жолдыбайұлы. «Дінтану негіздері» 2-басылымы – Алматы:Білім, 2010.
2.Бекежан Аханов «Дін және Еркін ойшылдық»,Алматы, «Қазақ университеті», 1993.
3.Мұхамеджан Жамантайұлы Естеміров «Намаз оқып үйренудің жеңіл жолдары», «Алтын алқа баспасы», Шымкент шәһары, 2007.

- Ислам дінінің қоғамда алатын орны
- Ислам дінінің пайда болуы
- Ислам дінінің шығу тарихы
- Ислам дінінің шығу тегі
- Ислам: доктрина, канон, культовая практика
- Исламдық банктер жүйесі
- Ислам, его вероучения и культура. Коран, как священная книга мусульман
- Ислам даму банкі
- Ислам діні
- Ислам діні
- Ислам діні
- Ислам діні
- Ислам Діні
- Ислам дініндегі әйелдің орны