Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу

     ЖОСПАР 

Кіріспе 3

Халықаралық экономикалық қатынастар. Жүйесіндегі халықаралық сауда 4

Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні және құрылымы 7

Дүниежүзілік сауданың құрылымы 9

Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі 12

Қорытынды 14

Пайдалынған әдебиеттер тізімі. 16 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе

 

         XX ғасырдың екінші жартысындағы  дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай  ерекшеліктерінің бірі – халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

         Әр түрлі мекемелер мен фирмалалардың, сондай–ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернациялауынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағаннан көрінеді.

         Әрине, аталған процестер оңайлықпен  жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайтып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы – осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.

         Қазіргі кезеңде адамзат әлемін  «ақ қара» деп жіктеп, оған  капитализм, социализм атты айдар  тағушылықпен қоса жасанды антогонизмдер  де келмеске кетті. Біздің заманымыз  өзара байланысты, экономикалық  дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.

         Қазақстан Республикасы бұрынғы  кеңес өкіметі тұсында халықаралық  экономикалық қатынастардың субъектісі  бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық  байланыстардың субъектісі болуына  оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.

         Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

         Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнақтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысанды мен әдістерін түдегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құнының қандай түрінде болмасын отандық  жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралықаралық – экономикалық қарым – қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылады. Бұл, әрине, мейлінше қолдануға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда – саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептермен бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы.

         Халықаралық, рыноктық орта өзінің  экономикалық, ұйымдық, заңдық т.б. аспектілер бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдіс – амалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген қөзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде зиянды екендігін көрсетіп жұр. Мұның өзі шетелдік әріптестерімен өзара түсінікті, бірлескен іс–қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.

         Сондықтан да, біз халықаралық  экономикалық қатынастардың мақсаттары  мен міндеттерін, оның құрылымын  және жүзеге асыру механизмі  мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі  тенденциялары мен өзгешеліктерін  тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып  отырған осы оқу құрылында қарастырамыз.

         Кітапта дүниежүзілік шаруашылықтың  макро және микро деңгейлерінде  қалыптасатын экономиканың ұлттық  субъектілерінің қарым – қатынастары  сөз болады. Біздің бұл талабымыздың  қаншалықты сәтті шыққанын оқушының өз бағалай жатар.

     Халықаралық экономикалық қатынастар. Жүйесіндегі халықаралық  сауда

 

         Халықаралық экономикалық қатынастардың  дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

         Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше  «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикалық оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

         Халықаралық сауда – еңбек  бөлінісі негізнде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

         Ғылыми – экономикалық прогрестің  ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандану мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым–қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

         Халықаралық сауда дегеніміз  – дүние жүзі елдері арасындағы  төлемді, жиынтық тауар айналысы.

         Сыртқы саудада «фритредерствоны»  (еркін сауда), немесе  «протекционизмді»  (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен  уақыттардың еншісінде қалды.  Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кіргіш араласып кетті.

         Фритредерство саясатын ең алғаш  Адам Смит өзінің                     «салыстырмалы артылықшылар теориясында»  анықталған. Ол:     

     «айырбас  қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артылықшылықтар табады» , - деп жазған Адам Смит.

         XX ғасырдың екінші жартысынан  бастап халықаралық сауда жоғары  қарқынмен жедел дами бастады. 

         Халықаралық сауданың жедел өсуіне  мынадай факторлар әсер етеді:

     халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;

     экономикады жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми – техникалық революция;

     дүниежүзілік  рыноктағы трансұлттық коорпорациялардың  белсенді қызметі;

     тарифтер  мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

     көптеген  елдердің импортына кедергілердің  жойылып, кеден бажы төмендеп , еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

     сауда – экономикалық интеграция процестерді  дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

     сыртқы  рыноққа бейімделген экономикасы  бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы және тағы басқа.

        

         Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда  динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рыноққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда–экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдылығынан айырыла бастады.

         Егер 1950 жылы АҚШ – тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың  3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегіне алманияның экспортты АҚШ – тың деңгейіне жақындады.

         Сөйтіп, 90 – жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 – жылдары халықаралық сауда–саттыққа Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экпорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның  «жаңа индустриалды елдері»  - Сингапур, Гонгонг және Тайвань жақындады.

         Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік класификациясы төрт жүзге жкық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар инфрақұрылым, байланыс құрал–жабдықтар және тағы басқа факторлар ескеріледі.

         Женевада өткен дүниежүзілік  экономикалық форумның баяндамасында  бәсекелікті нақты мемлекете  дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығару деп анықтады.

         Мамандардың болжауы бойынша  XXI ғасырдың алғашқы жылдарында  бәсекеге ең қабілетті елдер  санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оң. Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттернің мүмкіндіктері мол.

         Дамушы елдердің өз экспортын  диверсификациялауға                   (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен,кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриалды елдер»  өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

         Женевадағы дүниежүзілік сауда  ұйымының деректеріне сәйкес 1999 жылы ең үлкен экспорттаушы  мемлекеттердің қатарына мыналар  жатады:  

     Мемлекеттер      Экспорт млрд. $      Дүнжүзілік  саудадағы үлесі - %
     АҚШ

     ГЕРМАНИЯ

     ЖАПОНИЯ

     ФРАНЦИЯ

     ҰЛЫБРИТАНИЯ

     ИТАЛИЯ

     КАНАДА

     ГОНКОНГ

     ГОЛЛАНДИЯ

     10.БЕЛГИЯ

     11. ҚЫТАЙ

     12. СИНГАПУР

     13. ОҢ. КОРЕЯ

     14. ТАЙВАНЬ

     15.ИСПАНИЯ

     512

     421

     397

     236

     205

     189

     165

     152

     148

     131

     121

     96

     96

     93

     73

     12,3

     10,1

     9,5

     5,7

     4,9

     4,5

     4,0

     3,7

     3,6

     3,1

     2,9

     2,3

     2,3

     2,2

     1,7

 

         XX ғасырдың соңғы шиоегінде халықаралық  экономикалық қатынастар жүйесінде  Азия – Тынық мұхит аймағының  рөлі күшейеді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейінде шоғырланады.

         Өнеркәсіп дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі олардың өзара сауда – қарым қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

         Қазіргі уақытта негізгі тауар  тасқыны,  «үлкен үштік»: АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

     Халықаралық экономикалық қатынастардың  пәні және құрылымы

 

         Егер экономикалық құбылыстарды  зерттейтін ғылымдардың жиынтығын  алып қарастырсақ, олар бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері тәрізді болып көрінер еді. Ол дарақ, бүкіл экономикалық ғылымдардың методологиялық негізгі, экономикалық теория.

         Халықаралық экономикалық қатынастар  теориясы да өз бастауын экономикалық  теориядан алады. Дегенмен, әрбір экономикалық ғылым саласының өміршеңдігін, басқа экономикалық ғылымдардан ерекшелігін, қалыптасып даму кезеңдерін тек соның өзіне тән, дербес пәні болуы ғана дәлелдейді.

         Халықаралық экономикалық қатынастардың  пәні – осы қатынастарды жүзеге асыру механизмдерін талдап, оқыту.

         Халықаралық экономикалық қатынастардың  жекелеген елдердің салалық, аймақтық  шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым – қатынастарын зерттейді.

         Халықаралық экономикалық қатынастар  дүниежүзілік шаруашылықтағы тағы  кездейсоқ экономикалық қатынастарды  емес, сол қатынастардың тұрақты  түрде қайталанып отыратын, бәріне ортақ, дәйекті процестерін талдайды.

         Халықаралық экономикалық қатынастың  механизміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдардың негізгі тобын халықаралық келісім – шарттар, хартиялар, кодекстер т.б. осы қарым – қатынастардың көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттар құрайды.

         Халықаралық экономикалық қатынастардың  құрылымы мынадай:

         Ал, дамушы елдердің өз экспортына  қолайлы база жасау бағытындағы  іс–қимылдары көптеген кедергідерге кездесетін белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ, атап айтсақ АҚШ  «Таргетинг» дегенді пайдаланушы елдерге қарсы санкциялар қолданылады.

         Таргетинг – экспорттық потенциялды,  негізінен бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру.

         1997 жылдың басында, Мәскеуде, Интеграциялық  комитетте Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғыстанның және Ресей Федерациясының  сарапшы топтарының Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының кіру мәселесі жөніндегі жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурде өткен БСҰ – ға мүше мемлекеттер министрлері конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. 

      

     Дүниежүзілік  сауданың құрылымы

 

         Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды  және өскелең дамып келе жатқан  секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының  тауарлары, оның ішінде ғылыми  сыйымды тауарлар.

         Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми  сыйымды тауарлар экспорты жылына 500 млрд. $ құрайды, ал жоғары технологиялық  өнімнің үлесі 40 % - ке жақын.  Машиналар мен жабдықтар саудасының  да рөлі артып келеді.

         Осымен байланысты ғылыми –  техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы – несие қызметтерінің  айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар  мен жабдықтар сауданың қарқыны  бірқатар жаңа қызметтер түрлерін  өмірге алып келді. Оларға, инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты есептеу  қызметтері жатады.  

         Инжиниринг – клиентке көрсетілген  инженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске  жұмсалған күрделі қаржыны, немесе  басқа шығындарды өтеуде жоғары  нәтежеге жету. Ондай нәтижеге  жету үшін инжиниринг материалдық,  технологиялық, еңбек және қаржы  ресурстарын тиімді пайдаланудың  әдістерін іздестіреді.

      

         Лизинг – машиналар мен жабдықтарды  белгілі бір мерзімге арендаға ( жалға ) беру туралы келісім.  Лизинг халықаралық және ұлттық  деңгейде өнеркәсіп – банк  монополияларының жалғасып кетуінің  жаңа нысаны.

         Консалтинг – жобаларды дайындау  және жүзеге асыру кезіндегі  кеңес беру қызметі. 

         Соңғы онжылдықта ( 1985 – 1996 ж.ж  ) өнеркәсібі дамыған елдердің  машиналар мен жабдықтар экспорты  үш есе өсті. Әсіресе, электротехникалық  және электронды жабдықтарды  экспорттау жедел қарқынмен дамып  келеді, олардың үлесіне мпшинатехникалық  өнімдері экспорттың 25 % тиеді.

         Халықаралық саудада жедел дамып  келе жатқан саланың бірі химиялық  өнімдер саудасы. Энергоресурстар  мен шикізатқа сұранысының көбейгенімен  шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік  едәуір төмен. Мұның себебі , біріншіден , шикізатты алмастыратын жасанды  өнімдерді өндіруді ұлғайту; екіншіден  , шикізаттың өзін ұтымды пайдалану  арқылы қалдықсыз , терең өңдеу  процестерін қолдану. 

         Дүниежүзілік азық – түлік  саудасының оған деген сұраныстың  біршама азайғаны байқалады. Бұл  белгілі дәрежеде өнеркәсібі  дамыған елдерде азық – түлікпен  қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен  байланысты.

         Халықаралық ұйымдардың ( БҰҰ , ХВҚ  ) мәліметтері бойынша соңғы онжылдықта ( 1985 – 1996 ж.ж ) халықаралық сауда  жыл сайын орта есеппен 5,2 % өскен. Бірақ мұншалықты өсу  барлық уақытта бірдей емес. Мысалы , 1989 жылы халықаралық сауданың  өсуі 8,2 % болса, ал 1993 жылы 4 % - ке дейін  төмендеген. Мүның басты себебі  өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған экономикалық тоқырау. Ал,дәл осы кезеңде азиялық  «жаңа индустриалды елдер » сыртқы сауда қарқыны 10 % - тен асқан.

         1994 жылы халықаралық сауданың  көлемі 9,5 % - ке жоғарылап, осы  жылдардың басындағы төмендеу  тенденциясы тоқтаған. Бұл тенденцияны төмендегі кестенің көрсеткіштері дәлелдейді 

  1987-91 1992 1993 1994 1995 1996
Халықаралық сауд

көлемі,млрд. $

Халықаралық сауд

көлем өсуі %

Халықаралық сауд

баға деңг. өзгеруі

Халықаралық сауд

көлемінің өсімі %

Өнерк. дамығанд

ел экспорты %

Мұнай экспорт  ел

импортың өсімі %

Дамушы елдердегі  импорттың өсімі%

    

     -

   

    11  

     5 

     6 

     6 

     5 

    11

 
3650

  

   6 

    1 

    5 

    4 

   13 

   13

 
3600

 

   - 1 

- 5  

   4,0 

    2 

2 

   14

 
4050 

   12 

    2 

  9,5 

   10 

1 

    11

 
4700 

  16 

   6 

   8 

   8 

   0 

   11

 
5020 

   7 

   0 

   7 

   6 

   3 

  10

 

         Дүниежүзілік сауданың 90 – жылдардың  орта шенінде жедел өсуі АҚШ – тың, Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуіменбайланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық конъюктурасының жақсарғаны әсер етті.

         Егер сауда саласындағы кедергілер  біртіндеп жойыла берсе , онда халықаралық тауарлар рыногы жыл сайын орта есеппен 6 % - ке өсері анық.

         Жекелеген елдердің дүниежүзілік  саудадағы рһлін қарастырсақ , онда дүниежүзіндегі ең ірі экспорттаушы және импорттаушы елге АҚШ жатады. 1994 жылы АҚШ – тың сыртқы сауда айналымы 1,2 трлн. $ - дан асты. Мұның өзі дүниежүзілік сауда көлемінің 28 % - ін құрайды. Жапонияның көрсеткіштері жоғары.

         Алманияның сыртқы сауда айналымы 802 млрд. $ болып , дүниежүзілік сауда көлемінің 18,8 % - ін құрайды. Жапонияның бұл көрсеткіштері 672 млрд. $ мен 15,2 % болды. Ең ірі сауда мемлекеттернің қатарына Франция , Ұлыбритания , Италия ,

     Канада, Голландия, Гонконг, Белгия кіреді. Қытай , Сингшапур ,чили , Финляндия елдерінің де экспорты жедел қарқынмен дамып келеді.

         Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдамақ , оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едікү Бұл орайда бірқатар проблемалар да бой көрсетеді. Олардың негізгісі – мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда – экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы. Дүниежүзілік банктің есептеулеріне қарасақ бұл одақтардың шеңберінде 90 – жылдары дүниежүзілік сауданың 42 % жүзеге асырылған.

         Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтардың сауда орталықтардың құрамы мынадай:

     Еуропалық Одақ – Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.

     Еуропалық еркін сауда ассоцияциясы –Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.

     Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім – АҚШ, Канада, Лихтенштейн.

     Азия  – Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы – Австралия, Бруней , Малайзиф , Сингапур , Тайланд , Жаңа Зеландия , Папуа – Жаңа Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Жапония, Гонконг , Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили. 

       « Меркосур » - Бразилия, Аргентина,  Парагвай, Уругвай.

     Оңтүстік африкалық даму комитеті Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве.

     Батыс Африкалық экономикалық және валюталық  одақ – Котд Ивуар , Буркина – Фасо , Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.

     Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымақтастық ассоцияциясы – Индия , Пакистан , Шри Ланка , Бангладеш , Мальдив Бутан, Непал.

     Анд пакті – Венесуэла , Колумбия , Эквадор , Перу , Боливия.

     Аталған одақтастықтардың құрудың негізінде  саяси, экономикалық, тарихи мәні бар  объективті процестер жаьыр. Бұл  процестердің күшеюі бір жағынан, халықаралық сауданың дамуына игі әсер етеді (аймақ, одақ шеңберінде), екінші жағынан, кез келген жабық құрылымға тән – бірқатар кедергілер де болады.

         Біртұтас , әлемдік рыноктар жүйесін қалыптастыру бағытында әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылықтар бар. Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібіенн түскен жоқ. Сауда – экономикалық одақтастықтарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды түсіне, ескере отырып, проблемалардың оңтайлы шешімін іздестіру үстінде. 
 
 
 
 
 
 
 

     Қазақстанның  халықаралық саудадағы  орны және рөлі

 

         Қазақстанның егемен ел ретінде  Біріккен Ұлттар Ұйымына және  басқа да көптеген халықаралық  ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын  халықаралық сауда қарым –  қатынастарына интеграциялауға  объективті жағдайлар жасады.

         Қазақстан экономикасының бүгінгі  жағдайын талдап қарасақ, онда  біз мынадай оңды құбылыстарды  байқар едік:

     Теңгенің  тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге  доллармен салыстырғанда 28,8 процент  төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 процентке  ғана төмендеген. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп  күтуліде.

     Инфляция  деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жыолдың орта шенінде  жылдық 75 процент болса , сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 процент болды.

     Өндірістің  құлдырауы тежеліп , макроэкономикалық  ахуал барынша тұрақтанып , келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім ( ІЖӨ ) 1996 жылдың бірінші  жарты жылында 1995 жылдың сол кезеңімен  салыстырғанда – 100,1 процент, соның  ішінде өнеркәсіп өнімі – 100,2 процент  болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы  тоқталып, бірщама экономикалық өсуге  қол жеткізілді.

Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу