Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Жоспар :
Кіріспе ..............................
1-тарау. Кеден
органдарында басқаруды
§ 1.1 Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны
(объектілері және субъектілері) ..............................
§ 1.2. Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері... ...6-7
§ 1.3.Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері.....................
2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
§ 2.1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен
мақсаттары ..............................
§ 2.2.Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің
лауазым иелерінің құқықтық
мәртебелері ..............................
Қортынды ..............................
Қолданылған қайнар
көздер........................
К І Р І С П Е
Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң он алты жылдық жұмыс тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi.
Қазiргi уақытта
кеден қызметiн Қазақстандық
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң қажеттiлiгi Қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды.
3
1-тарау. Кеден
органдарында басқаруды
§ 1.1 Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны
“Басқару” түсінігі айтарлықтай кең ұғым береді және адамзат қызметінің түрлі салаларында қолданылады.Кеден жүйесін басқару, онымен қатынасқа түсу, оның ішкі тетіктерін ұғыну мен оларды қолдана білу қабілеттілігі болып табылады. Кеден жүйесіндегі басқарудың мәнін, тек жүйенің барлық қатыстарының қимыл-қозғалысы, элементтері мен бөліктерінің байланысы терең зерттеудің объектісі болған кезде ғана ұғынуға болады. Кеден ісін тануда және оның мәндік, тәжірибелік қызметін ұғынуда “объект” және “субъект” түсініктері үлкен маңызға ие. Бұл ұғымдар алғашқыда философияда кейінірек нақты-пәндік ілімдерде пайда болды.
Кеден ісіндегі басқарудың объектісі – кеден органдары тарапынан басқару субъектісі ретіндегі басқарушылық әсер ету бағыты. Кеден органдарының басқарудың субъектісі ретіндегі қызметтері алдын ала құрылған бағдарламалар мен көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған белгіленген кедендік процесстерге басшылық жасаумен түсіндіріледі. Осыған байланысты басқарудың
4
объекті және субъекті ұғымдарын бөліп қарастырыуымыз қажет.
Басқарудың субъектісі дегеніміз – басқару органдары жиынтығының басқарушылық жүйесі болып табылады.
Кеден ісіндегі басқарудың
объектілері мен
- басқарудың механизмі (мақсаттары, қызметтері, қағидалары мен әдістері);
- басқарудың ұйымдастыру құрылымының жиынтығы (кеден органдарының түрлері, басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері, басқару деңгейлері, жеке қызметкерлер құрамы және т.б.) ;
- кеден процесстері механизмдер элементтері және басқару құрылымының әрекеттері мен олардың өзара қатынасы ретінде (кеден бағдарламалары көмегі, технологоиялық схемалар, жағдайларға байланысты, туындайтын мәселелер бойынша арнайы шешімдер, жедел-құқықтық әрекеттер және т.б.) ;
5
1.2. Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері.
Басқару заңдылықтары басқару жүйесінің элементтері мен жүйелерінің арасындағы ортақ, негізгі және қажетті байланыстарды көрсетеді. Заңдылықтар объктивті және адамдардың санасы мен еріктеріне тәуелді болмайды. Басқарудың заңдарын білу басқару жйесін құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру кезінде олардың талаптарын есепке алуға мүмкіндік береді.
Басқарудың жүйесіне мыналар жатады: басқару жүйесі бірлігінің заңы, кәсіби қызмет және басқарудың үйлесімділік заңы, басқару қызметін оңтайлы орталықтандырудың заңы, басқарудың қызметі, басқарушы және басқарылатын жүйелердің салыстырмалылығы заңы және басқалар.
Басқару жүйесі бірлігі заңының әрекеті мыналардан көрініс табады: басқару қатынасының үзіліссіз тізбегі мемлекеттік басқарудың жоғарғы органдар жүйесінен бастап оның ең төменгі құрамдас бөлігіне дейін жалғасатындығы; басқару процессінің барлық сатылары, операциялары мен кезеңдерінің үзіліссіздігі мен келісімділігінен; адамдардың ғаламдық мақсаттар мен мүдделерінің барлық қосалқы бөліктерін басқарудың бірлігінен; басқарудың қызметтері мен әдістерінің бірлігінен; басқару аппараты қызметкерлеріне қойылатын талаптардың бірлігінен.
6
Кәсіби қызмет және басқарудың үйлесімділік заңы басқарудың маңызды мақсаттарын анықтайды, басқарушы және басқарылатын жүйелердің ұтымды түрде үйлесімді қызмет жасауын қамтамассыз етеді. Үйлесімділік жүйенің негізгі қызметін басқару қаншалықты дәлме-дәл және толық қамтамассыз етілгіндігімен өлшенеді, яғни кедендік ресімдеу және кедендік бақылаудың минималды шығындар шығару арқылы қажетті әсер беруі.
Басқару қызметін оңтайлы орталықтандырудың заңы кеден органдары жүйесінің әрбір төменгі құрамдас бөлімнің орталық басқару органдарына тұрақты түрде қажетті бағыныштылығын орнату арқылы бақару жүйесінің қызмет етуін қамтамассыз етеді. Орталықтандырылған басқару жүйенің барлық құрамдас бөлігінің қызметін қатаң түрде белгілеуді білдірмейді.
Басқарушы және басқарылатын жүйелердің салыстырмалылығы заңы басқарылатын жүйенің сәйкестілігін қамтамасыз етуді талап етуді көздейді. Осы салыстырмалықтың өзгеруіне түрлі факторлар әсер етеді, бірінші кезекте ұйымдастыру және экономикалық. Бәрінен де бұрын, басқарушы жүйенің даму және қызмет ету деңгейі басқарылатын жүйенің жедел-қызметтік қызметі деңгейіне сәйкес болу шарт.
7
§ 1.3.Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері
Кеден ісін басқарудың нормативті-құқықтық негіздері екі негізгі көздерден қалыптасады: біріншіден, формальды көздер, ал екіншіден институционалды көздер. Формальды көздерге классикалық көздер мен әдеттер жатады. Классикалық көздерге бірінші кезекте мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің актілері және басқа да министрліктер, ведоствалар мен жергілікті атқарушы органдарының актілері. Қазіргі таңда кеден ісіндегі басқару келесі заңдарға сүйенеді:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;
- Қазақстан Республикасындағы кеден кодексі. 2003 жыл 1 - мамыр;
- Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
8
қаулысы 2002 жылғы 30 қаңтар N 133;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786;
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 22 қаңтар N 536; және тағы басқада нормативтік актілер арқылы .
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi осы кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiмен және кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi. Кеден iсi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнің ережелерi осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуi керек және кеден iсiнде осы кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының кеден заңдарында бар ережелерден өзге қағидалар белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады.
Қаралып отырған көздерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің көптеген бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, хаттары, бағдарлармалары түріндегі нормативті-құқықтық актілері де
9
жатады.
Қазақстан Республикасы
кеден органдарының жоғарыда
аталған нормативті-құқықтық
Халықаралық көп жақты
және екі жақты шарттарда кеден
ісіндегі басқарудың нормативті-құқықтық
базасының көздері болып
- 1995 жылдың 1 қаңтарынан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) айналған тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім;
- 1988 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген тауарларды анықтау мен кодтаудың үйлесімді жүйесі туралы халықаралық Конвенциясы;
- 1980 жылғы БҰҰ-ның тауарларды сатып-алу және сату туралы халықаралық шарты;
- 1996 жылдан Дүниежүзілік Кеден Ұйымына айналған кеден ынтымақтастығы жөніндегі Кеңес.
Дүниежүзілік Кеден ұйымының заңды негiзi – бұл 1950 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған мынадай 3 тұжырымдамадан тұрады:
10
- Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiн құру жөнiндегi тұжырымдама;
- Кедендiк мақсатта тауарларды классификациялауға арналған номенклатура жөнiндегi тұжырымдама;
- Кедендiк мақсатта тауарды бағалау жөнiндегi тұжырымдама
Дүниежүзілік Кеден ұйымын құру жөнiндегi конвенцияға сәйкес оның мойнына мынадай мiндеттер артады:
- Дүниежүзілік Кеден ұйымының басқа екi тұжырымдамасын жүйелi түсiндiру мен қолдану бойынша кепiлдемелер жасау;
- Осы конвенцияда анықталған мiндеттердi орындау;
- Конвенцияны қолдану және түсiндiрумен байланысқан дауларды шешу.
Дүниежүзілік Кеден ұйымының негiзгi мiндеттерiне мыналар жатады:
- Кедендiк iстегi ынтымақтастыққа қатысты барлық мәселелердi зерттеу;
- ұлттық кедендiк жүйелердiң техникалық аспектiлерiн қарастыру;
- Осыған байланысты конвенциялар мен кепiлдемелер тобын дайындау;
- Кедендiк шараларға қатысты ақпараттарды жинау;
- Мүше мемлекеттердi қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;
11
- Басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу.
Кедендiк ынтымақтастық кеңесi құрылымы бойынша келесiдей органдардан тұрады:
- Кеңес;
- Кеден саясаты бойынша комитет;
- қаржы комитетi;
Кеңесте үйлесiмдi жүйе комитетi, номенклатура комитетi және ғылыми комитет қызметтер атқарады. Ал, кеден саясаты бойынша комитеті және ондағы – тұрақты техникалық комитет, мәжбүр ету комитетi – кеден ұйымы мақсатымен бiрге жұмыстар атқарады
Жоғарыда аталған
2-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
12
§ 2.1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен
мақсаттары
Кеден iсiне жалпы басшылықты
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының
кеден кодексінің 2-ші бөлімі 16-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының
кеден органдары дегеніміз - Қазақстан
Республикасының кеден
Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін:
1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;
13
2) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері);
3) кедендер;
4) кеден бекеттері;
5) Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасындағы
6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.
Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
14
бөлімшелерін құру, қайта
ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңдарына
Кеден органдарының құрылымы
мен штат санын Қазақстан Республикасыны
Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады. Қазақстан Республикасының орталық кеден органының басшысын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
Кеден органдарының қызметі:
1) заңдылық;
2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;
3) жариялылық принциптерінде құрылады.
Кеден органдарының мақсаттары:
- Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге
және іске асыруға қатысу;
15
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
5) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
7) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру
9)халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
16
10) бірыңғай бюджет
саясатын іске асыруға, кеден
органдарының материалдық-
11) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу;
13) Қазақстан Республикасының
заң актілерінде көзделген
Кеден органдары:
1) өз өкілеттігі шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
17
§ 2.2.Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің
лауазым иелерінің құқықтық мәртебелері
Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің лауазым иелерінің құқықтық мәртебелері, 2003 жылғы 5 сәірде қабылданған Қазақстан Республикасының кеден кодексі 69 тарауы 505-бабы кеден органдарындағы қызмет туралы ережемен реттеледі, яғни Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі кеден кодексімен және осы кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.
Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:
1) қызметке жарамдылығы
туралы медициналық қорытындыны
2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;
3) кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган
18
Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызмет туралы заңдарымен айқындалатын
негіздер бойынша, сондай-ақ жағымсыз
себептермен мемлекеттік
Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызмет шыққан тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан, заңдылың, дара басшылық, қорғауға құқықтың қамтамасыз етiлуi, заң алдындағы теңдiк қағидаттарына құрылады.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына кеден органдарында қызмет ететін, белгiленген тәртіппен арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары жатады. Кiшi, орта және аға басшы құрамдарға арнаулы атақтарндалады.
Қазақстан Республикасында кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкiметі мен кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады.
19
Қорытындылар
Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс
бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабандаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде. Қазіргі заманғы кеден қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде бақылау және фискалдық функцияларды орындайды.
20
Қолданылған қайнар көздер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;
- Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. 2003 жылғы 1 мамыр;
- Қазақстан Республикасының құқық қорғауін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 22 қаңтар N 536;
- Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238;
21

- Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
- Кеден режимі
- Кеден саясаты
- Кеден субъектілері
- Кездейсоқ оқиға және ықтималдық
- Кездейсоқ оқиға және ықтималдық
- “Кездейсоқ оқиғалар
- Кеден ісі мен кеден саясаты арсындағы байланыс
- Кеден ода№ыны» пайда болу тарихы
- Кеден одағы
- Кеден одағы елімізге қымбатшылық әкеле ме?
- Кеден Одағының жұмыс істеу ерекшеліктері: даму мәселелері мен келешегі
- Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары
- Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы