Кеден саясаты

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін өте қажетті  сала – экспорт пен импорттың  іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің  ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

Қазақстан Республикасының  Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:

1. Қазақстан Республикасында  Қазақстан Республикасының ішкі  және сыртқы саясатының құрамдас  бөлігі болып табылатын бірыңғай  кеден саясаты жүзеге асырылады.

2. Кеден саясаты өз  өкілеттіктері шегінде Қазақстан  Республикасының орталық атқарушы  органдарының қарауына жатады.

3. Қазақстан Республикасының  экономикасын дамытуды ынталандыру  және экономикалық мүдделерін  қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Осы сөзінен кеден саясатының елбасымыздың да ойында жүрген келелі мәселе екенін анықтауға болады. Ел туралы айтпас бұрын, онымен қарым-қатынас жасамас бұрын әрбір ел әуелі сол елдің кедендік саясаты мен экономикасын зерттеп, содан кейін шешім қабылдайды.

 Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық сауда қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіріп отыратын органның бірі – кеден қызметі. Кеден қызметінің қаншалықты сапалы, ел үшін тиімді әрі экономикамыздың даму беталысына ықпалы кедендік скаясаттың жемісі болып табылады. Тәуелсіздік тұсында құрылған Қазақстанның кеден қызметі соңғы 12-13 жылдың бедерінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, бүгінде жасампаздық жолына түсті. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9 % артық.

 

 

 

 

 

 

 

1 Кеден саясатының теориялық  сипаттамасы

1.1Кеден саясатының құралдары

 

Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы  өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

  Кеден саясатының құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік және тарифтік емес шектеулер кіреді.

Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

Кедендік тариф – бұл баж  салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп  мемлекеттік шекараны өту кезінде  тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы  жүзеге асырылады дейік. 1-ші суретте  S түзуі мақтаның ұсынысын, D түзуі – сұранысты, ал Р0 – ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері Q0-ге тең болады. Бұл жағдай автаркиялық экономикада пайда болуы мүмкін.

                        P

 

 

                                                             S


 

                       P0


                       Pt


                       Pw


 

 

                                                                               D

 

                                 Q1  Q3  Q0  Q4  Q2                              Q


1–сурет. Импорттық тарифтердің іс-әрекетінің механизмі

 

Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Pw-қа тең кезінде ашты деп болжамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өнідірісі Q0-ден Q1 дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2 дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (Q2–Q1) тең болады.

Ұлттық мақта өндірушілерінің  мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі  импорттық баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете  алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Pt-ге тең жаңа баға қалыптасып, T=Pt–Pw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Qt-ден Q3-ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Pw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Pt бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.

Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсынысқа қарағанда аз сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.

Әлемдік баға әсер ете алатын үлкен  мемлекет жағдайында, баж салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттауышы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын енгізген мемлекет болса, табыс алады.

  Баж салығын енгізуден шыққан шығындар келесідей көрсетіледі: Тұтынушылар шығындары – Өндірушілер пайдасы – Мемлекет табысы немесе түсініктерді фигуралармен алмастырса:

(a+b+c+d) –a–(c+e)=b+d–e

Осы арқылы біз шығындарды өлшейтін екі үшбұрыш және ұтысқа сәйкес келетін төртбұрышты алдық. b+d аумағы тариф әсерінен тиімділіктің төмендеуін көрсетсе, е аумағы сауда жағдайларының жақсаруынан алынған ұтысқа тең болады. Өйткені, баж салығы Қазақстан өнімінің бағасын төмендетеді. Баж салығы енгізілгеннен кейін, Қазақстан ірі эскпорт нарығын жоғалтпау үшін өніміне бағаны төмендетуге барады. Бұл құбылыс «Мецлер парадоксы» деп аталады.

Нақты кедендік қорғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы көлемдері арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымен байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынандай формуламен анықталады:

Бұл жерде: q – дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының номиналды деңгейі:

a1 – тарифтің жоқ жағдайындағы аяққы өнім бағасындағы импортталған шикізат құнының көлемі;

t1 – импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі.

Бұл формуладан қорғалу  деңгейінің жоғарылауы дайын өнім мен  шикізатқа салынатын баж салықтар көлемі ұлғайғаннан ғана емес, оны өңдеу дәрежесі жоғарылаған сайын немесе қосымша құнның азаюына байланысты болып отыр. Бұл тәжірибе көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу деңгейін жоғарылатуға тырысатын дамушы елдерге қатысты дискриминациялық сипат алуда.

Кедендік баж салықты  төмендегідей критерийлер бойынша  бөлінеді:

  1. тауар қозғалысының бағыты бойынша.

Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.

  1. баж салығын орнату әдісі бойынша.

Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.

Осыған байланысты импорттық  тауарларды бағалау әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.

Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті  мағынасында орнатылады.

Құрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген  екі әдіспен орнатылады.

  1. баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.

Іс-әрекет бағыты бойынша  преференциалды және дискримниациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір  елдер немесе қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды  деңгейден төмен қойылады. Дискриминациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.

Ал тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:

  1. белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын толтыру алымдары, импорттық депозиттер және демпингке қарсы және орнын толтыру баж салықтары;
  2. тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін шаралар: кедендік құжаттарды дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар т.б. сияқты.
  3. сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған, бірақ сол нәтижеге әкелетін басқадай шаралар: квоталар, лицензиялар және басқа да тарифтік емес шектеулер.

Квота (контингент) деп – белгілі кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. 0-ге тең квота қойылған жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго орын алады. Квота импорт пен экспорт мүмкіндіктерінен жоғары деңгейде де қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда квота шектеу емес, тауардың қозғалысын бақылау әдісі болып табылады.

Импортқа квота енгізудің  елдің әл-ауқатына тигізетін әсері  мен салдары импорттық баж  салығын енгізумен ұқсас болады.

Экспорттық квоталар өте сирек қолданылады. Ол тек осы өнім бойынша елде жетіспеушілік кезінде және саяси мақсаттарда қолданылады. Импорттық квоталар ұлттық өндірісті шет ел бәсекелестерінен қорғау, жұмыссыздықты қысқарту, төлем балансын жақсарту, тауар қозғалысын бақылау үшін қолданылады.

Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табылады. Көбінесе ол дағдарыстағы салалар  өніміне байланысты қолданылады.

Квотаның басқа бір  түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салығынсыз жүзеге асырылып, осы көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады. Мысалға, АҚШ-та осындай шаралар арқылы сүт, балық, картоп және мотоциклдің кейбір түрлерінің импорты реттеледі.

Квоталар көбінесе лицензия негізінде бөлініп, осы жағдайда ол экспорт пен импортқа құсат болып табылады.

Мемлекет валютаны пайдалану  әдісін (мемлекетке валютаны сатуға мәжбүр ету және т.с.с.) анықтауға валютамен  төлеуге рұқсат алуға міндеттеуі сияқты валюталық шектеулер орнатуы  мүмкін. Оның салдары мөлшерін шектеу кезіндегідей болады. Одан «айналып өтудің» әдісі клирингтік келісімдер, қарама-қарсы сауда болып табылады.

Сыртқы сауданы шектеуде басқа да тарифтік емес шектеулер  қолданылуы мүмкін. Мысалға: сыртқы саудадағы  мемлекеттік монополия, жергілікті шикізатты пайдалану талаптары, экспорттаушыларға салық жеңілдіктерін беру және т.б.

Экспорттық субсидия дегенімізде  мемлекеттің кәсіпорындардың экспортын  ынталандыру мен олардың өнімдерінің  шет ел рыноктарында бәсекелестігін жоғарылатуға, басқаша айтқанда пайда  мөлшеріне әсер етпестен экспорт бағаларын төмендетуге мүмкіндік беру жолдарын түсінеміз. Ол көмек көбінесе ақшалай формада болады.

1.2 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе

 

Кедендік тарифтер қазіргі  кездегі сыртқы сауданы реттеудің  негізгі элементі болып табылады. Кедендік салықтар мөлшерлемелерінің төмендеу тенденциясына қарамастан олар отандық өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғаудың негізгі құралы болып қалып отыр.

Кедендік тарифтер көп түрлілігі  және орындайтын мәселелері бойынша  мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең қолданылады. Көбінесе импорттық баж салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді ұлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.

Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі 100-ден астам ел қолдануда. Қандай да елдердің кеден тарифтеріне тән ерекшеліктері бойынша оларды келесі топтарға бөлуге болады:

  1. өнеркәсібі дамыған мемлекеттер тарифтері;
  2. дамушы елдер тарифтері;
  3. Шығыс Еуропалық елдер тарифтері.

1.Өнеркәсібі дамыған  елдердің кедендік тарифтері,  әдетте, көп бағаналы болып келеді, бірдей тауар шығарушы елге  байланысты түрлі баждар салынуы  мүмкін. Ең жоғары баждардан тұратын  жалпы тариф мөлшерлемесінің  бағанасы қолайлы жағдай режимін  пайдаланбайтын мемлекеттерге таралады. Қолайлы жағдай режимі деп – халықаралық сауда келісімдерінде үшінші мемлекет пайдаланатын, өзара келісуші елдердің бір-біріне құқықтар және жеңілдіктер беруін (баждар, салықтар, жинақтарға қатысты) ұйғаратын келісім. Мұндай режимнің КСРО мен АҚШ сауда экономикалық байланысында ұзақ болмауы АҚШ-на экспортталатын кеңестік тауарларды, тап сондай, бірақ басқа елдің тауарларымен салыстырғанда тиімсіз жағдайға әкелді.

Алыну әдістеріне қарай кедендік баждар арнайы және адвалорлық деп бөлінеді. Адвалорлық баждар тауар бағасы бойынша пайызбен есептеледі. Оны пайдаланған кезде тауардың нақты бағасын білу мақсатымен тауарларды кедендік бағалау процесін жүзеге асыру керек.

Арнайы (спецификалық) баждар ұлттық валютада нақты көрсетілген мөлшерде салмақ, көлем, т.б. бірліктерінен алынады. Тауар салмағына қарай баждарды есептеу «брутто» және «нетто» арқылы есептеледі. Кедендік «брутто-салмақ» тауар қорабын қамтымауы, ал керісінше, «нетто-салмақ» қорапты қамтуы мүмкін.

Ең көп тараған баждар – адвалорлы баждар. Оның мәні мынада: «қалқымалы» валюта курстары кезінде ұлттық валюта құнсызданғанның өзінде адвалорлы баждар қолданғанда кедендік алым-салым мөлшері өзгермейді.

Қазіргі таңда Батыс елдеріндегі  кедендік алым-салым қатысты түрде  төмен деңгейде. Сонымен, АҚШ, Жапония, ЕО ортақ кедендік тарифі; Швеция, Швейцария, Норгевия, Австрия, Канада және Финляндия кедендік тарифтерінің ортақ арифметикалық деңгейі 6,47 пайыз, ал орта кедендік тарифтердің шектеу функциясы, негізінен, кейбір тауарларға салынатын жоғары баж мөлшерлемесін сақтауға және импортталатын өнімнің өңделу дәрежесіне байланысты кедендік мөлшерлемелерді прогрессивті өсуі арқылы жүзеге асырады.

Ең жоғары кедендік баж, әдетте, еңбекті  көп қажет ететін өнеркәсіп салаларына салынады. Оларға тоқыма, тері, аяқ-киім, машиналар және құралдар, бірінші орында – электротехникалық машина құрылғылары жатады.

Отандық өңдеу өнеркәсібін қорғау мақсатында дамыған елдерде баждар эскалациясы (біртіндеп ұлғаюы) кезінде  тарифтерді құру әдісі қолданылады, яғни бір технологиялық тізбек бөліктері болып келетін тауарлардың өңделу дәрежесіне қарай мөлшерлемелердің өсуі.

Батыс елдерінің кеден тарифінің  ерекшелігі болып тауарларды кодтау және талдау үйлесімділік жүйеге негізделген, ол кедендік одақ кеңесімен жасалынды және 1988 жылдың қаңтарынан бастап кедендік істе кең түрде қолданды.

Өнеркәсібі дамыған  елдердің барлығы үйлесімділік жүйеге негізделген жаңа кедендік тарифке  көшуді аяқтады. Мұнда әдеттегідей, үйлесімділік жүйенің алты белгілі  тауарлық субпозициялары 8 белгіге  дейін кеңейтілген. ЕЭО-ға мүше елдерге  статистикалық және кедендік ұлттық номенклатураларын құруда код мөлшерін 14 белгіден артық емес етіп пайдалану ұсынылған.

Үйлесімділік жүйені пайдалана алу тек отандық  тауарлар экспорты кезінде дамыған  елдермен алынатын кедендік мөлшерлемесін  білу үшін ғана қажетті емес. Ол сыртқы экономикалық қызмет бойынша мамандардың барлығына қажет, әсіресе түрлі халықаралық ұйымдарға мүше бола бастағаннан кейін.

2.Ал дамушы елдердің кедендік тарифтеріне келер болсақ, дамушы елдердің импортын реттеуде кедендік тарифтердің маңызы үлкен. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл елдерге импортталатын тауарларға салынатын баждың орташа деңгейі өте жоғары. Ол ең алдымен, өнеркәсіптің жас салаларын қорғау мақсатына байланысты. Сонымен қатар, баж мемлекеттік бюджетке түсімдердің маңызды көзі болып табылады.

Ұлттық нарықты тарифтік кедергілермен қорғау дәрежесіне қарай  дамушы елдерді үш топқа бөлуге болады: Біріншіден, 50%-тен аспайтын кедендік баждар мөлшерлемелері және көптеген тауарлардың бажсыз енгізу режимі тән. Бұл топқа Африка және Латын американдық елдер тобы, соның ішінде Ангола, Нигерия, Боливия, Чили т.б. Азия-Тынық мұхиты аймағының бөлек елдері – Сингапур, Филиппин, Тонга. Бұл топқа Парсы шығанағының да кейбір елдері жатады.

Екінші топқа кедендік баж мөлшерлемелері жоғарырақ елдер жатады. Мөлшерлеме 50-100% мөлшерінде ауытқиды. Оған Алжир, Ливия, Танзания (Африка), Иран, Индонезия (Азия-Тынық мұхит аймағы) және Оңтүстік Корей елдері жатады.

Дамушы елдердің үшінші тобы бар, олардың баждары 100%-тен артады (кей жағдайда айтарлықтай көпке). Оған жататындар: Египет, Ботсвана, Марокко, Колумбия, Пакистан, Индия, Сирия, Таиланд, Турция, баждарының жоғары мөлшерлемелерімен Египет, Эквадор, Пакистан ерекшеленеді.

Дамушы елдердің көбі тарифтер құруды, кедендік достастық  кеңесі Брюссель тауарлы номенклатурасы негізінде жасайды, ал елдердің көбі 90-жылдары үйлесімділік жүйеге көшуді көздеді. Дамушы елдердің тарифтер құрылымындағы айырмашылықтары қатты байқалады: бір, екі, үш бағаналы көп елдер қолданатын тарифтермен қатар көп бағаналы тарифтер қолданатын елдер бар (мысалы, Венесуэлада-7, Сенегалда-9, Малиде-17).

Баждармен қатар көптеген дамушы елдердің кедендік тарифтеріне  фискалды жинақтар және түрлі салықтар жатады. Сонымен қатар, тарифтерге жиі  әкімшілік және ішкі салықтар қосылады. Көптеген елдер тарифтерінде арнайы баждар да колданылады (әсіресе жиі – Сингапур, Таиланд, Индонезияда).

Аргентина мысалында  дамушы елдердің тәжірибеде сыртқы сауда  реттеуін қарастырып өту дұрыс көрінеді. Бұл Латын америкасында импорттық  бақылау тарифтік және тарифтік емес шаралар мен шектеулер арқылы жүзеге асырылады. Лицензиялық жүйе дамыған кезде ғана кедендік тариф, негізінен, тек фискалды қызмет атқарады. Адвалорлы баждар 0-ден 22%-ке дейін өзгеріп отырады. Баж мемлекет бюджетіне түсіп, тек импортты бақылау құралы ғана емес, сонымен қатар ел табысының қайнар көзі болып келеді. Баж СИФ жағдайындағы бағадан алынады немесе факторлық бағалар төмендетілгені анықталған кезде «индекстік» баға негізінде анықталады.

3.Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері, мысалы Венгрияда – 1968, Болгарияда – 1970, Румынияда – 1973, Польшада – 1976, Чехославакияда – 1989 жылдары енгізілді./7/

Шығыс Еуропа елдерінде  кедендік тарифтерді қолдану ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Экономикалық реформалар жүргізу ұлттық шаруашылық тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық құралдарды пайдалануды кеңейту қажеттілігі туады. Импорттық баж баға анықтаушы фактор болды, ол тауарлар бағасына, яғни өнеркәсіптердің шаруашылық жағдайларына әсер етті.

Кедендік тарифтерді пайдалану, әсіресе ТСБА шеңберіндегі келісімдер барысында өзінің сауда әріптестерінен саяси жеңілдіктер (соның ішінде тарифтік) алуына байланысты. Сонымен қатар, кедендік тарифтер халықаралық одақ шешімдеріне сәйкес дамушы елдерге кедендік жеңілдіктер беруді қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін болды.

Шығыс Еуропа елдерінің  кедендік тарифтері, әдетте Брюссельдік  кеден номенклатурасы негізінде  ойластырылған. Тарифтік позициялар саны бірдей емес, өйткені әр елдің нақты  қажеттіліктерін көрсетіп отыр. Тарифтегі  бағаналар саны да әр түрлі: Румынияда – біреу, Венгрия, Польшада – екі, Болгарияда 1992 жылға дейін – төртеу болды. Мөлшерлемелер тауар құнынан процентпен анықталады, яғни адвалорлы. Олардың мөлшері тауардың елге қажеттілігі бойынша әр басқа. Әдеттегідей, тауар өңделу дәрежесіне қарай баждар өседі.

Шығыс Еуропа елдерінде  жүзеге асып жатқан қайта құру, яғни шаруашылық қызметті нарықтық реттеу механизмін қолдануға бағытталған, бірақ олардың халықаралық экономикалық қатынасқа белсенді араласуы қашаннан белгілі ережелер мен шарттарын  қолданатын ұлттық кеден тарифтерінің қажеттілігін көрсетеді. Бұл туралы Болгарияның мысалы куә бола алады. Олардың қазіргі кездегі кедендік тарифі 1992 жылдың 1 маусымынан бастап қолданылады. Ол үйлестірумен, бейнелеу жүйесі және тауарларды кодпен жазу кезінде құрылған.

Болгария ұлттық банкінің айырбас бағамы бойынша және тауар  Болгария мемлекетінің шекарасына жеткен күні кедендік құн ұлттық валюта бойынша  анықталады.

Болгарияның кедендік тарифі екі бағанадан тұрады. Бірінші  бағана тауарға баж салығы мөлшерлемесін  қалыптастыру, яғни кедендік жеңілдік берген елдер. Бұндай елдер қатарына көбінесе дамушы мемлекеттерді жатқызады. Ал, екінші бағана елден тауарларды импорттағанда қолданылады, яғни келісім немесе әдет бойынша, Болгарияның ұлттық қолайлы режимі бойынша тауарларды таратады. Бұл топқа 44 мемлекет кіреді, яғни өндірістік дамумен айналысатын Шығыс Еуропа елдері мен ТМД елдері кіреді./7/

Қазақстандағы кедендік-тарифтік реттеу мынандай құқықтық-нормативті құжаттарға негізделген: 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы  ҚР «Кедендік тариф пен баж салығы туралы» заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі (ҚР кедендік іс туралы» заңы; 1999 жылдың 13 шілдесіндегі «ҚР-ғы демпингке қарсы шаралар туралы» заңы; 1994 жылдың 14 сәуіріндегі «Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісім»; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі «ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы» заңы./6/

Кедендік баж салығы қойылымдарының жүйеленген жиналымы ретіндегі  кедендік тариф, тауарларды кодтау мен  жазудың қалыпты жүйесіне қатысты  кедендік істің нормалары мен  принциптерінде құрылған. Қазақстан ТМД елдері үшін әрекет ететін сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлы номенклатурасын пайдаланып, ол іс жүзінде қалыпты жүйеге сәйкес келеді./2/

Қазақстан Республикасы дамушы мемлекет болғандықтан сыртқы сауда саясатын  тарифтік реттеу тиімді. Бізде бұл мәселені зерттеуші экономистер екі арнаға бөлінген. Бірі тарифтік реттеуді қолдаса, екіншісі бұған қарсы. Ал менің ойымша кедендік-тарифтік реттеу біздің еліміз үшін тиімді. Себебі тариф жас салаларды қорғайды, бюджет түсімдерінің маңызды көзі.

 

 

 

1.3 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару

Қазақстан Республикасының  Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:

1. Қазақстан Республикасында  Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

2. Кеден саясаты өз  өкілеттіктері шегінде Қазақстан  Республикасының орталық атқарушы  органдарының қарауына жатады.

3. Қазақстан Республикасының  экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады./3/

Төрт мемлекеттің келісімі бойынша – Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Републикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мынандай принциптерге сүйенеді:

  • Қатысушы елдер арасында біртұтас экономикалық кеңістікті сақтау және күшейту;
  • Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында тауар мен қызметтің еркін қозғалысын қамтамасыз ету;
  • Қатысушы елдер арасында үшінші елмен байланыс жасауда кеден саясатындағы келісімді және кеден заңдары мен кеден қағидаларын жеңілдетуді қамтамасыз ету;
  • Қатысушы елдер экономикасын дамытуды жандандыру және ішкі рынокты қорғау.

Бұл принциптерді аталған 4 мемлекет (Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Републикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы) – Кеден  одағы ауқымында жүзеге асырады. Одаққа мүше елдер, халықаралық құқы бар субъект ретінде, сондай-ақ ортақ кеден территориясы жиынтығын көрсетеді.

Талқыланатын мәселелер  мен келісімдерге ортақ кеден  тарифі және осы территория көлемінде  алып келінетін, сыртқа шығарылатын  тауарлар мен басқа да заттарға бірдей ішкі салық салу жатады. Тәртіп бойынша осы кеден одағы ауқымында түскен заттардан кеден бажы, салық және т.б. алымдар алынбайды.

Кеден одағының жоғары органы Кеден кеңесі болып табылады, оған мүше елдердің өкілдері, яғни кеден  одағына қатысушы елдердің үкіметі  мүшелері кіреді. Кеңестің әрбір мүшесінің мүддесін оның орынбасары және үш кеңесшісі немесе сарапшы қорғайды. Кеден одағының мүшелерін арнайы мемлекеттік үкімет сайлайды.

Кеден кеңесінің қызметін толық жүргізу үшін атқару органы және жұмысшы тобы құрылады. Атқару органдары – ұлттық кеден қызметінің жұмысын басқару үшін қажет және мүше елдердің шешімдерін іске асыруды қадағалайды. Кеңестің жұмысшы тобының қызметі оның секретариаты арқылы жүргізіледі, олар мүше елдердің өкілдерінен тұрады. Бұл жерде секретариат мүшелерінің маңызды жұмысы – біртұтас рыноктың мүддесін және кеден одағының жалпы территориясын қорғау болып саналады.

  • Кеден одағының жоғары органы алдына;
  • Кеден одағының субъектілерінң мүддесіне сай біртұтас кеден саясатын қарастыру және жүргізу;
  • Монополизмге қарсы қызмет жасау, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің қанауына жол бермеу;
  • Экспорт-импорттық операцияларын жүргізуде әділетсіз бәсекеге жол бермеу;
  • Кеден одағы ауқымында тұтынушыларды және өндірістік рынокты қорғау;
  • Кеден заңдарын және кеден тіркеулерін жеңілдету, мүше елдердің әлемдік шаруашылыққа кіру мәселелерін жеделдету, мүше елдердің әлемдік шаруашылыққа кіру мәселелерін жеделдету және мақсатын көздеу;
  • Кеден одағына қатысушы елдердің кеден қызметін басқару ісіне өзара көмек көрсетуі;
  • Кеден ісін дамыту жөнінде мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру және әзірлеу;
  • Кеден одағы ауқымында кедендік статистиканы жинау және оған талдау жүргізу.
Кеден саясаты