Коммерциялық емес ұйымдар

Кіріспе

 

 

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық  заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін  ұйым десек қателеспейміз. Кіріс  түсіру мақсаты болып табылмайтын  және алынған таза кірісті қатысушылар  арасында бөлінбейтін заңды тұлға  коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы).

Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің  әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға  мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Коммерциялық  емес ұйым заңды тұлға ретінде  мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік  қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық одақ нысанындағы заңды  тұлғалардың бірлестігі және заң  актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: 1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан  Республикасының заң актілеріңде  шектеулер қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша  кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық  салу Қазақстан Республикасының  салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік  қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға  пайдалануына жол беріледі.

 

1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру

 

 

Өндірістік  емес сферада коммерциялық негізде  жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық  және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.

Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық, емес ұйым деп танылады.

Коммерциялық, емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сыңдағы № 142-П  ҚРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық, емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.

Коммерциялық  емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Коммерциялық  емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық  емес игіліктер мен қызметтерді  жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.

Коммерциялық  емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-қуқықтық нысандары эсер етеді. Сондықтан коммерциялық, емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін аныктау үшін оның күрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, баскаруды ұйымдастырудың жөне қаржыландырудың әдістерің ескере отырьш зерделеген жөн.

Құрылтайшысы  басқару, әлеуметтік-мөдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.

Меншік  нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік  жөне жеке меншік мекемелер болып бөлінеді.

Мекемелердің  жекелеген түрлерінің қүкықтық жағдайының ерекшеліктері заңнаматық, актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына  және зандарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.

Мемлекеттік мекемекің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

Басқарушылық, әлеуметгік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді  жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым жеке меншік мекеме деп танылады.

Жеке  меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

Жеке  меншік мекеме өз міндеттемелері бойынша  өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы  келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым қоғамдық, бірлестік болып табылады.

- Қоғамдық  бірлестіктер мүшелерінің сол  бірлестіктерге өздері берген  мүлікке, соның ішінде мүшелік  жарналарға құқықтары жоқ. Өздері мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Қоғамдық  бірлестіктердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Азаматтар жөне (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, өлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.

Қорға оның құрылтайшылары берген мүлік қордың менгігі больш табылады. Қор жарғыда белгітенген мерзімде қаржы қызметін тексеруді жүзеге асыруға міндетгі. Тексеруді тексеруші немесе аудитор жүзеге асырады.

Мүшелік негізде қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайлық,) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар да кіре алады.

Селолық тұтыну кооперативтері тек өз мүшелерінің  ғана емес, ауылдық жерде түратын басқа да азаматтардың материаддық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін.

Тұтыну  кооперативтерінің мүшелері оның міндетгемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша жарнасының енгізілмеген бөлігі шегінде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.

Тұтыну  кооперативі алған кірістерді оның мүшелері арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

Тұтыну  кооперативінің мүшелері жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін үш ай ішінде қосымша жарналар арқылы жабуға міндетті. Бұл міндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.

Тұтыну  кооперативтерін, соның ішінде селолық кооперативтерді құқықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалық актімен реттеледі.

Өзінің  қызметін жүзеге асыру үшін қаражат  тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлік қоғам деп танылады.

Коммерциялық  емес акционерлік қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Коммерциялық  емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады.

Жоғарыда  аталған коммерциялық емес қызметтің ұйымдарын, мекемелерін және басқаларын нарық жағдайындағы олардың қызметінің сипаты мен қаржыландыру әдістеріне қарай шартты түрде үш топқа біріктіруге болады.

Бірінші топқа материалдық өндіріске  өте жақын шығындары материалдық  емес қызметтер мен игіліктерді  өткізуден алынатын түсім-ақшадан  өтелетін ұйымдар мен мекемелер  жатқызылуы мүмкін. Олар "Мемлекеттік  кәсіпорын туралы" заңды басшылыққа ала отырып, өздерінің қызметін шаруашылық-коммерциялық есеп әдісінде жүзеге асырады. Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер пайдаланады. Кәсіпорындар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, олар түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Оларда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.

Ұйымдардың  екінші тобына олардың толық емес шаруашылық есептегі, яғни өзін-өзі өтеу әдісін қолданатын бірқатары жатады. Бұл әдіс ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі мәдени-ағарту қызметі, бос уақыты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби машықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарды оқып үйренудің курстары мен мектептері) қолдалынады.

Ұйымдардың  үшінші тобына бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мекемелер мен салалар  жатады. Олар көрсететін қызметтер  тегін, оларды қаржыландырудың көзі мемлекеттік бюджет болып табылады.

Бюджет  мекемелерінің шығындарын қаржыландырудың  негізі смета болып табылады. Ол — қаржы жоспарының айрықша нысаны. Қазіргі кезде бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер шығындардың сметасын жасайды, онда бюджетпен қатынастардың біржақты сипаты, бюджет каражаттарының ауқымы және оларды шығындардың баптары бойынша бөлу қамтылып көрсетіледі. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік баскару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржыландырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді тұтынушылардың жарналары мен төлемдері бағытталуы мүмкін. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес беріледі және мекеменің қаржы жоспарында — шығыстардың сметасында қамтып көрсетіледі, негізгі капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтерді төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемеде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кіріс-шығыс сметасында жоспарланады және айрықша тәртіппен пайдаланылады.

Сметалық  қаржылаңдыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелерді қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы оргаңдары тарапынан бақылау қойылған.

Бюджеттік қаржылаңцырудың мынадай нысандары  қолданылуы мүмкін: жәрдем қаржы (дотация), субвенциялар, субсидиялар.

Жәрдем  қаржы (дотация) кезінде бюджеттен ақшалай қайтарусыз тәртіппен кәсіпорыңдар мен ұйымдардың зияндарын жабуға, сондай-ақ төменгі бюджеттерді теңдестіруге бөлінеді. Нарық жағдайында жәрдем қаржыны қолдану күрт төмендеуде.

Субвенциялар — халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларга және басқа мақсаттарға берілетін мақсатты мемлекеттің қаржылық көмегінің нысаны.

Субсидиялар — белгілі бір шараларды үлестік негізде қайтарусыз қаржылаңдыруға бюджет және арнаулы мақсатты қорлардың қаражаттары есебінен ақша немесе натуралдық нысанда берілетін жәрдем ақы.

Жоғарыда  аталған нысандар (оларды қалыпты  жүзеге асырған жағдайда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер кең мағынада — белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін бюджеттен қаражаттарды оларды қайта бөлгенде тегін және қайтарусыз беру.

Сөйтіп, коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдісі сметалық, қаржыландыру (көрсетілетін қызметтер мен игіліктердің өтеусіздігі кезіңде) және шаруашылық есеп пен өзін өзі өтеу негізінде (өтеулігі кезінде) қаржыландыру болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбісі коммерциялық есеп негізіне көшуде — көрсетілетін қызметтерді сұраным бағасы бойынша сатады, өздігінен даму үшін жеткілікті қорланым жасайды.

Негізінен коммерциялық емес қызмет қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтерді өндіру және олармен қамтамасыз етудің қажеттігімен айқындалады, олардың мазмұны 10.1 бөлімде баяндалған. Қоғамдық тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруді едәуір ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзіне алады.

Қызметтің коммерциялық емес түрлері (мемлекеттік  секторды шығара отырып) жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайрымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл тәрізді даму қоғамдық игіліктерді өндірушілер пайдаланатын салық жеңілдіктерімен ғана түсіндірілмейді. Жеңілдік беру кезінде мемлекет әр түрлі ұйымдарды саралайды, мұндағы басты критерий — көрсетілетін қызметтердің қоғамдық пайдалылығының дәрежесі. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.

Коммерциялық  емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттіліктерді  қаржыландыру жөніндегі мемлекеттің  іс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөніндегі олардың үлкен икемділігімен және жеделдігімен түсіндіріледі. Қызметтің коммерциялық емес түрлерінен алынатын пайда немесе табысты пайдаланудың қаржы механизмі, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерінің арасында бөлінбейтінін анықтайды. Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметін пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажет ететін азаматтар және т. т.) бағытталады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық практикасы басқаша іс-әрекет етеді; мұнда кәсіпкерлік қызметтен алынған кез келген табысқа, салық салудың өзге де объектілеріне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.т.) сияқты салық салынады. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, қайрымдылық көмек, өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайрымдылық түрінде алған табысы салық салуға жатпайды.

Коммерциялық  емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізі өндірістік емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақшалай нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесінде өзінің құнын жоғалтады. Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны ғана болады, Материалдық емес өнім мен қызметтерді жасау процесінде жүзеге асырылатын өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысаңдарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолдалынады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордалаңдырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.

Коммерциялық  емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.

Бұл қатынастардың  бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы  бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде өндірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.

Коммерциялық  емес қызмет түрлері мен салаларында  мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:

сала  мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен және кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;

қаржы ресурстарын  бөлумен және орталықтандырумен  байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкісалалық қатынастар;

шаруашылық  жүргізуші субъектілердің, яғни олардың  бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;

салааралық  — түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;

еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;

ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.т.

Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:

қоғамдық  ұйымдар мен олардың мүшелері арасында жарналарды — кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;

коммерциялық  ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақшалай нысандарда қаражаттар беру жөнінде;

сақтық  компанияларыңда ұйымдардың белгілі  бір контингентінің (әскери қызметшілердің, күш ведомстволары мен салық службалары қызметкерлерінің және т.т.) қарым-қатынастары;

сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.

Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлужәне пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:

ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз ететін қорлар;

күрделі жұмсалымдар қорлары; көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар; қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарын-оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі, ауруларға) қызмет көрсетулердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мұқтаждықтарын қанағаттаңдырумен байланысты қорлар; негізгі қызметі дамыту қорлары.

 

2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері

 

 

Коммерциялық  емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражатгар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамбльдерді, мемлекеттік теле- және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.

Коммерциялық  емес ұйымдарды қаржыландырудың  маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан  алатын табыстары (түсім-ақша) түріңдегі меншікті қаражаттары, соңдай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.

Қызмет  көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның  оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) қамтиды. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.

Меншікті  көздердің қатарына сонымен бірге  ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның  басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар мүлік пен ғимаратгарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.

Қаржыландырудың үшінші көзі — банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.

Қоғамдық  бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси  партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқаларын) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болыг келетіндігіне соктырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіктердің жарғысына байланысты шығыңдарды жабуға жұмсалады.

Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мәдени және шығармашьшық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржыландырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік қаржыландыруы бола алады.

Ғылыми  зерттеулерді қаржыландырған кезде  гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми талдамаларды (зерттемелерді), жобаны, ғалымдардың бір тобьш немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша қолдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолдалынады.

Коммерциялық  емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін  ұстау және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағындағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық, және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногінде бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.

Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің  ақша қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда — екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада — қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы — мемлекеттік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жұмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады.

3. Коммерциялық  емес ұйымдар мен мекемелердің  шығыстары

 

 

Коммерциялық  емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары  қағидада, жарғыда немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың  функционалдық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.

Шаруашылық  есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-әрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде ресімдейді (4 тарауды — "Қаржылық жоспарлау және болжауды" қараңыз). Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келеді, бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты қоса) жұмсалатын шығындар басымырақ болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады. Бюджеттен ішінара қаржыландырылған жағдайда оның көлемі қаржы жоспарының үшінші бөлігінде — "Бюджеттен қаржы бөлу" бөлігінде қаражаттарды баптар бойынша бөле отырып, белгіленеді.

Коммерциялық  емес қызмет жүргізетін ұйымдар мен  мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үстіне тек бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметаларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты көрсекіштері және қаражаттарды баптар бойынша бөлу қамтып көрсетіледі, ал өздерінің қажеттіктерін бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қортындылай  келе, өндірістік емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететін комуналдық үй және қызмет көрсету,сақтандыру,банк және кәсіпорындармен қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.

Коммерциялық  емес ұйымдарды қаржыландырудың  маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан  алатын табыстары (түсім-ақша) түріңдегі  меншікті қаражаттары, соңдай-ақ ведомствоға  қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден  алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның  меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлік қоғам деп танылады.

Коммерциялық  емес акционерлік қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға  құқығы жоқ.

Коммерциялық  емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының  немесе оның уәкілетті өкілінің қол  қоюы арқылы жасалады. Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық  негізі өндірістік емес арналымдағы  капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақшалай нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесінде өзінің құнын жоғалтады. Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны ғана болады, Материалдық емес өнім мен қызметтерді жасау процесінде жүзеге асырылатын өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысаңдарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолдалынады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордалаңдырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Коммерциялық емес ұйымдар