Коммерциялық банктер қызметі мен операцияларының талдауы

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық банктердің банк жүйесінің буыны ретінде қаржы жүйесінде атқаратын рөлі өте зор. Себебі коммерциялық банктер бірінші деңгейдегі Ұлттық банкпен қатар қаржы жүйесіндегі басты функциялардың бірі – қаржылық ресурстарды қалыптастыру қызметін орындайды. Осыған байланысты коммерциялық банктердің қызметтері, операциялары жайында көбірек мәлімет алу жөн.

Коммерциялық банк – өз атынан ақшалай қаражаттарды мерзімділік, ақылылық және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған несиелік мекеме.

Қазақстан Республикасында  коммерциялық банктерді құру және олардың  жұмысы «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Заңына 31.08.1995ж. (10.07.2003ж. толықтырылған) негізделеді. Осы заңға сәйкес Қазақстанның банктері қаржы нарығында кең ауқымды операциялар жүргізеді: түрлі мерзімді несиелерді жеткізу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сақтау, сату және сатып алу, қаражатты түрлі  салымдарға тарту, есеп айырысу, кепілдік және т.б. міндетткерліктер беру, делдалдық операциялар жүргізу және т.б.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды.

Қазіргі күні коммерциялық банктердің басым бөлігі үшін әмбебаптану тенденциясы, яғни банк клиенттері кез келген ақшалай-қаржылық қызметті пайдалана алатын  «қаржылық супермаркетке» айналуы тән.  Нақ біздің тарихи қалыптасқан жағдайымызда, нарықтық құрылымдарының бірінші кезеңдерінде, коммерциялық банктер қызметінің әмбебаптануы олардың құтаюы мен дамуының, болашақта күн көруінің бірден бір анық мүмкіндігі ретінде көрініс табады. Сонымен қатар, нарықтық қатынастардың дамуы мен нығаюы әр банктің алдында билігі мен уәкілеттігін бөлудің нақты механизмдері, қызмет етуінің тиімді аумағы мен қызметінің арнайы ауқымын табу жайында сұрақты тудырады. Осындай ізденістер көптеген банктерді өз қызметін ішкі қайта құру мәселесіне әкеп тірейтін болады.

Қазіргі коммерциялық банктер жайында сөз қозғайтын болсақ, олардың несиелік жүйенің басқадай буындары сияқты үнемі дамып отырғандығын, операциялардың түрлері, бәсекелестіктің әдістері мен басқару мен бақылау жүйелерінің өзгерістерге ұшырауын, эволюциялық жолмен дами отырғанын айтпай кетуге болмайды. 

Соңғы жылдары банк саласындағы  бәсекелестік халықаралық банк операцияларының  кеңінен тарауы, банк бөлімшелерінің кең ауқымды ашылуы мен электронды терминалдардың пайда болуы көмегімен күш алып отырды. Сонымен қатар басқа да қаржылық институттардың (мысал ретінде коммерциялық банктерге тән қызметтерді ұсына алатын жинақтық ұйымдар мен ақша нарығының өзара қорлары) жылдам өсім алуы да бәсекелестіктің беріктенуіне ықпалын тигізді.

Коммерциялық банктер  активті және пассивті операцияларды  жүзеге асырады. Активтер мен пассивтердің банктік портфелі – бұл тиімді тәуекел деңгейінде жоғары пайда алу үшін қолданылатын біртұтас. Яғни, активті операциялар пассивті операциялар болмай жүзеге аспайды, және керісінше, пассивті операциялар активті операциялардың көмегінсіз өз мазмұнын жоғалтады. Солай бола тұра, барлық орындалатын банктік операциялар тек бір ғана мақсатты – шығындарды азайту және табыстарды ұлғайтуды көздейді.

Курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің функцияларын және операцияларының жүргізілу ретін талдап, мәселесін ашу. Қойылған мақсатқа орай келесі міндеттер анықталды:

  • Коммерциялық банктің мәнін, экономикадағы рөлін ашу;
  • Коммерциялық банктердің функцияларын талдау;
  • Банктің қызмет етуін қарастыру;
  • Банктің фукнцияларынның және операцияларының орындалуын талдау;
  • Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру және т.с.с.

 

 

1. Коммерциялық банк - банк жүйесінің негізгі элементі

 

1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі, функциялары

 

Несиелік жүйенің төменгі  буыны халық шаруашылығына тікелей  қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер  жиынынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік  заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

Бүгінгі коммерциялық банктер  өз кленттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызметтерді көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді диверсификация коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай  отырып, қолайсыз қаржы-шаруашылық жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады.

Бірақ әр банктік мекемелерде операциялардың барлығы түгелдей күнделікті тәжірибеде қолдана бермейді (мысал үшін, халықаралық есеп айырысулар немесе трасттық операциялар). Сонымен қатар банктің қызмет етуі мен күн көруі үшін қажетті базалық операциялардың құрамы бар. Бұндай операцияларға:

    • Депозиттік салымдарды ашу;
    • Ақшалай төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізу;
    • Несие беру жатады.

Коммерциялық банктер  өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен уақытша  бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды. Бұл әрекеттер банктегі ақша қаражаттарының тұрақты айналымын тудыра отырып, қосымша қаражатты тартуына ықпал етеді. Төлем құралдарының пайда болуы банктің депозиттік-несиелеу қызметімен тікелей байланысты.  Себебі салым екі жолмен ғана пайда бола алады: клиенттің өз қолма-қол ақшасын банкке ұсынуы арқылы немесе банктік несиелеу нәтижесінде. Аталған операциялар мемлекеттегі ақша массасына түрліше әсер ете алады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айрысу операциясы да жүргізіледі –сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субъектілерден екінші субъектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банктің кассасынан шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады және т.б. Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банк аппаратының күшімен банкноттарды, металл ақшаны кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі ақарыз алуайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік қатынас өзгермейді. Коммерциялық банктердің елдегі ақша массасының көлеміне осындай ықпал ету мүмкіндіктері міндетті резервтерді басқаратын орталық банкімен кеңінен қолданылуда.

Депозиттік-қарыздық операцияларды  жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес. 
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Былайша айтқанда, банктік  несие – нақты бір қарыз  алушының қажеттіліктерін ескере отырып, қарыз алудың шарттарын реттеуге мүмкіндік бере алатын (қарыз алудың шарттары мен мерзімдері стандартталған бағалы қағаздар нарығымен салыстырған  жағдайда пайдасы молырақ және икемділеу келетін), қаржылық қызметтердің ішіндегі ең қажетті әрі көп жағдайда ауыстыруға келмейтін формасы.

«ҚР банктер және банктік қызметтер туралы» Заңына сәйкес жоғарыда аталғандардан басқа банктер мынадай операцияларды орындай алады:

- Ақшалай нысанда орындауды  қарастыратын үшінші тұлғалар  үшін кепілдеме және өзге де  міндеттемелерді беру; 
- Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу; 
- Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару); 
- Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету; 
- Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.  

- Банктік қызметтермен  байланысты кеңес беру қызметтерін  көрсету; 
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензиясына 
сәйкес басқа да операциялар түрін жүзеге асырады.

Жалпы, коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылғандықтан, олар кәсіпкерлік тәжірибесінде көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде негізгі құраушы рөлін атқарады. Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.  

1.2. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

  

Коммерциялық  банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі –экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

     Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.

     Коммерциялық  банктің несиелік операцияларын  әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге  болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді (1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.

     Банктердің  несиелік операциялары, банктердің  және клиенттің өзара қатынастары,  қарыз берудің барлық шарттары  реттерліп жасалған несиелік  келісімшарттар негізінде жүзеге  асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.

     Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда «жалға беру» деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру.

     Лизинг бірнеше  қызмет атқарады. Біріншіден, ол  негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:

    1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал – жабдықтар.

     2. Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал – жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.

     Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.

     Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.

   Халықаралық  факторинг туралы Конвенцияға  сәйкес, келесідей төрт белгі  қанағаттандырылғанда ғана факторинг  операциясы болып саналады.

- қарыздық талаптарды  алдын ала төлеу формасында  несиелеудің болуында;

- жабдықтаушымен  бухгалтерлік есеп жүргізу мен  өткізу есебінен;

- жабдықтаушы  қарызын инкассалау;

- несиелік тәуекелден  жабдықтаушыны сақтандыру;

     Факторингтік  келісімнің бірнеше типі бар.  Толық қызмет ету туралы келісім  әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.

     Регистік  құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.

     Трасттық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті  клиенттері үшін әр түрлі  қызметтер орындайды. «Траст» – «сенім» деген мағынаны білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасттық деп аталады.

     Коммерциялық банктер трасттық операциялармен қосымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпорациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.

     Трасттық  қызметтер үшін комиссиондық  төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.

     Инвестиция дегеніміз халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу.

Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады.

Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.

     Коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметінің  мақсаты -  қаражаттардың сақталуын  қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз  ету.

     Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).

     Қордық  бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның  массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

     Олар  негізгі және көмекші болып  бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы  қағаздар негізгі мүліктік құқық  немесе талапқа негізделген (акция,  облигация), ал көмекші бағалы  қағаздар қосымша құқтар мен  талаптарды білдіреді(купондар, талондар).

     Мәлімдеуші  бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық  анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.

     Бағалы  қағаздармен операциялар жүргізуге  коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

    

     Коммерциялық  банктер пайда табу үшін басқа  эмитентердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген опрерациялар

бірнеше қызметтерді  атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша  тағайындалуы – алыпсатарлық табыс  алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық  коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

     Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер   банктер

тарапынан  пайда  табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге  банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер  беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға  да байланысты көрсетіледі.

     Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.

     Басқа  кәсіпорындармен салыстырғанда барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.

     Дәстүрлі  түрде осы қаражаттардың негізгі  бөлігін депозиттер құрайды. Депозит  пен банктің кленттерінің жинақ  салымдарынан басқа мерзімді  және мерзімсіз салымдарының  барлығын түсіндіріледі. Банктердің  ақшалай қаражаттарды   салымдарға   тарту   және    оларды    пайда табу  мақсатында

орналастару  жұмыстары депозиттік операциялар  деп аталады. Осылардың негізінде   коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі

талап еткенге  дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.

     Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшырармен алынуы, немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған.

     Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар меншік меншікті салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауын бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез-келген келесі күндерде кері ала алады.

     Депозиттердің  үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек.   Депозиттердің   басқа   түрлеріне   қарағанда   жоғары    пайыздардың

төлеудің жинақ  салымдары құнтты демеу және салымшылардың  жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру  үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын қолданалды.

     Коммерциялық  банктер негізінен өз клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

 

1.3. Коммерциялық банктер қызмет етуінің халықаралық тәжірибесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет етуін талдау

2.1 ҚР банктердің даму тарихы

Банктердің пайда болуы  мен шығу тарихы, басқа да халықаралық қалыптасулар секілді, олардың пайда болуымен ғана байланысты емес, олардың мәні одан да зор болып келеді. Қысқаша айтқанда, олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық және материалдық емес сфералардың даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді. Осы тұрғыдан банктік жүйенің даму үрдісін байқауға болады.

Жалпы, «Банк» деген ұғым – италиян сөзі: «bank» – орындық, айырбас орындығы, айырбас орны дегенді білдіреді.

Кеңес үкіметі кезінде  Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында  КСРО-ның орталықтандырылған несие  жүйесінің филиалдары мен бөлімдері  қызмет етті. Осыған байланысты банктік  жүйенің тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді. Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. 
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капиталы нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті. 
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343). 
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды. 
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды. 
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды. 
1924 жылы акционерлік қоғам үлгісіндегі сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды.сөйтіп, 1925 жылы КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және ауылшаруашылық банкі болды.сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Ценкомбанк), Кооперативтік банк және акционерлік, салалық, аймақтық банктер құрылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Жалпы 1927-1929 жылдары банктердің өзіне тән ерекшк қызметі –банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды. КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды: 
1.Промбанк, 1959 ж КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды. 
2. Ауылшаруашылық банкі, 1959 ж оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді. 
3. Всекомбанк, 1939 ж Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал активтері мен пассивтері 1959 ж таратылған КСРО Сауда банкіне берілді. 
4. Ценкомбанк, 1959 ж таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк мен Мембанк арасында үлестірілді.

Коммерциялық банктер қызметі мен операцияларының талдауы