Коммерциялық заңды тұлғалар

 

                                                               Жоспар: 
 
 

    Кіріспе: 

  1. Коммерциялық  заңды тұлға,түсінігі

  

   Негізгі бөлім:

    

     1.  Акционерлік  қоғам

     2. Мемлекеттік кәсіпорын

      3. Шаруашылық серіктестік

      4. Өндірістік кооператив

  

 

                                    Коммерциялық заңды тұлғалар 

        Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 
За
ңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.  
За
ңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. 
За
ңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып екіге бөлінеді.Соның ішінде коммерциялық заңды тұлғаға тоқталайық
        Коммерциялық заңды тұлға  - өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейді.

        Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

       Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.

       Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

        Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi. 

                                                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                              Акционерлік қоғам 

        Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады. Қоғам 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруымен құрылуы мүмкін.

       Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар:

Қоғам мекемесі туралы шешім қабылдап, қоғам құрудағы атқарылатын қызметтерді анықтайды;

Құрылтайшылық келісім-шарт жасайды;

Құрылтайшылардың беретін акциялардың алдын ала төлемін бекітеді;

Жарияланған акциялардың, оның ішінде құрылтайшылар төлеміне енетін акцияларды бекітеді;

Акциялар  шығаруға мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;

Қоғам тіркеушісін таңдайды;

Қоғам атынан мемлекеттік тіркеуге қол қою үшін өкілетті тұлғаны таңдайды;

ҚР заңнамасына сәйкес қоғам құрылтайшыларының жарғылық капитал төлемінің мүліктік бағасын анықтайтын тұлғаны таңдайды;

Қоғамның қаржылық-шаруашылығын жүргізетін және қызығушылығын үшінші тұлға алдында қоғам органдарын оқытуға дейін көрсететін тұлғаны таңдайды;

Қоғам жарғысын бекітеді.

         Акцияны орналастырмас бұрын бірнеше құрылтайшылар жиналысы өткізу керек. Осыған орай шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін барлық жақ құрылтайшыларының қатысуымен жүзеге асырылады. Бірінші құрылтайшылар жиналысында әр құрылтайшы бір дауықа ие бола алады. Келесі құрылтайшылар жиналысында да егер ол туралы құрылтайшылар келісім-шартында көрсетілмесе, әр құрылтайшы бір ғана дауысқа ие. Құрылтайшылар жиналысының шешімі барлық құрылтайшылар қол қойған хаттамамен бекітіледі.

        Құрылтайшылық келісім-шарт жазбаша түрде бекітіледі Құрылтайшылар мен оның өкілдіктерінің қолдары қойылады Нотариуспен куәландырылады.

      Қоғам жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық статусын анықтайтын құжат болып табылады. Жарғы мазмұны мынадай болуы тиіс:

  • қоғамның толық және қысқартылған атауы;
  • қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
  • акционерлердің құқықтары туралы, қоғамның жоғары дәрежелі

    акциясын  куәландыратын хұқық көлемін қоса алғанда мәлімет;

  • қоғам органдарының компетенциясы мен білім тәртібі;
  • қоғам органдары қызметінің ұйымдасу тәртібі мыналармен қоса: жиналыс тәртібі, акционерлердің жалпы отырысының тәртібі және қоғамның әріптестік отырысы тәртібі;
  • қоғам органдарының шешімінің тәртібі, соның ішінде көпшілік дауыспен білікті болып қабылданатын шешім сұрақтары тәртібі;
  • қоғам қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген ақпарат беру тәртібі;
  • акционерлер мен міндетті тұлғалардың қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпарат тәртібі;
  • егер қоғам коммерциялық емес ұйым болса, қоғамның коммерциялық емес екенін көрсету, дивиденттердің төленбегені туралы, дауыс беру шарасы және басқа да ҚР Заңы мен заңнамалық актілермен бекітілген талаптар;
  • қоғам қызметін тоқтату шарасы;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Заңына сәйкес басқа да жағдайлар.  

                                                     Жарғылық капитал

        Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың номиналды бағасымен төлеген акция қаражатымен қалыптасып және Қазақстан Республикасы валютасымен көрініс табады. Қоғамның жарғылық капиталы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда бекітілген талаптармен жүзеге асады.

       Акциялардың алдын ала төлемі олардың мемлекеттік тіркелуінен кейін отыз күн ішінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшерімен құрылтайшылар арқылы төленеді. Қоғамның жарғылық капиталының өсуі қоғамның жарияланған акцияларының орналасуына байланысты. Қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшері 50 000 еселік айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл ҚР Сәйкес қаржы жылдағы республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген.  

                                                            Акциялар 

Қоғам жай және ерекше акциялар шығаруға құқылы.

                                                        Есіңізде болсын!

Акция бөлінбейді. Егер акция бірнеше тұлға иелігіне жататын болса, олардың барлығы бір акционер болып акцияны қолдануға құқықты пайдалана алады.

        Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілермен мыналарға шектеу қойылуы мүмкін:

  • қоғам акцияларымен келісім жасау;
  • бір акционер иелегіндегі қоғамның акцияларының ең жоғары саны;
  • бір акционерге берілген қоғам акциясы бойынша ең жоғары дауыс саны.

Қоғам басқа да құнды қағаздар шығаруға құқылы. Оны шығарудың тәртібі мен талабы, ұсыну мен алып тастау ҚР заңнамасымен бекітіледі. 

                                           Мемлекеттік кәсіпорын

       1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

      1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;

      2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

      2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:

      1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;

      2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.

      3. Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.

      4. (алып тасталды)

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заңмен белгiленедi.

                       Мемлекеттiк кәсiпорындардың мiндет-мақсаты:

      1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:

      1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;

      2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);

      3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.

      2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi. 

                                   Мемлекеттiк кәсiпорынды құру

      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.

      2. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады.

      3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 18-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.

      Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.

        4. Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырылады.

                                                 Шаруашылық серіктестік

  1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың)

салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты

пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.

2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.

3. Қызметi серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүлiктерiн тартуға негiзделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылады. 

                           Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар

1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актiлерiмен реттеледi немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады. 

                         Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар:

1. Азаматтар  ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

2. Азамат  бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс.

4. Азаматтар  мен өкiлдi, атқарушы және сот билiгi органдарынан басқа заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке қатысушы және сенiм серiктестiгiне салымшылар бола алады.

         Заң актiлерiнде осы мақсаттар үшiн арнайы құрылған атқарушы өкiмет органдары шаруашылық серiктестiгiне қатысушы бола алатын жағдайлар көзделуi мүмкiн.

5. Жауапкершiлiгi  шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн.

6. Шет мемлекеттер,  халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады. 

                                                Өндірістік кооператив

           Өндірісті кооператив жеке тұлғалардың жалпы жиынтығынан пайда болады . Кооператив мүшесі екіден аз болмауы керек , және 16 жасқа толған , кооператив мүшесі болуға ерікті және оның қызметіне белсене ат салысатын кез келген жеке тұлға бол алады . Жасы кәмілетке толмаған азаматтың мүше болуына ата -анасының , не қамқоршысының келісімі керек .

       Туынды кооператив жеке кәсіпкерліктің заңмен расталмаған түрінен басқа барлық кәсіпкерлікпен айналыса алады . Мемлекеттік лицензиялау жүргізілетін қызметтерге лицензия болса туынды кооперативке де рұқсат етіледі .  

                                        Құрылтайшылық келісім -шарт

         Өндірісті кооперативтің құрылтайшылық келісім-шартына коммерциялық құпия жазылған құжаттар жатады , және мемлекеттік және басқа ресми органдарға көрсетіледі , сонымен қатар үшінші тұлғаға заңнама негізінде кооперативтік атқарушы органының шешімімен келісіледі . Жазбаша түрде бекітіледі. Барлық құрылтайшылар қол қояды. Нотариуспен куәландырылады  

                                                                 Жарғы

         Өнідірісті кооператив жарғысы мынадай мәліметтермен толығады:

  • кооперативтің фирмалық атауы;

Басқару органдар компетенциялары мен жағдайын жасау және кооператив бақылауы мен олардың шешімінің тәртібі туралы, соның ішінде көп дауыспен  қабылданған шешімге байланысты.

  • кооперативтің таза кірісі мен шығын бөлу тәртібі;
  • кооперативтің таратуы мен қайта құрылуы тәртібі;

Кооперативтің әр мүшесінің пайлық мөлшері, құрамы мен мүлік салымының тәртібі туралы және салым салудағы олардың міндеттерін бұзушылығына жауапкершілік туралы.

      Пайға байланысты шара қолдану барысында кооператив әрбір қарыз-мүшелер үшін үлес өтейді. Үлес мөлшері бухгалтерлік есеп бойынша несие берушінің талабы келіп түскенне бастап анықталады.Үлес ақшалай немесе табиғи түрде баріледі.  

                       Кооператив мүшелерінің мүліктік салымы.

         Өндірістік кооперативтің мүліктік салымын кооператив құру мен қызметіне арналған және шығынды жабудағы алғашқы капитал құрайды. Кооперативке мүліктік салым ақшалай, құнды қағаздармен, заттай, мүліктік хұқықпен, соның ішінде жер пайдалану хұқығы, жеке зияткерлік нәтижелері мен басқа да мүлікпен беріледі. Мүліктік салымның ақшалай түрін тек құрылтайшылардың келісімімен емес, тәуелсіз аудиторлық тексеру арқылы жүзеге асырады. Тәуелсіз аудиторлық тексеру кооперативтің мүліктік салымдары тек ақшалай болса жүргізілмейді. Кооператив мүшелерінің салымы мүлік түрінде берілетін болса, салым мөлшері кооператив мүшелерінің белгілі келісімдерімен мүлікті пайдаланғаны үшін арендалық төлемнен тыс анықталады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                            Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі);
  2. Мемлекеттік кәсіпорын туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19маусымдағы N2335 Заңы;
  3. Шаруашылық серіктестіктері туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы  N2255 Қазақстан Республикасының Заңы;
  4. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы 19.03.2010 ж. жағдайына № 415-II, 2003 жылдың 13 мамырынан;
Коммерциялық заңды тұлғалар