Коммуникация. 7
Курстық жұмыс тақырыбы:
Коммуникация және оның түрлері
Мақсаты:
Коммуникация ұғымын тереңінен түсіндіріп, оның қолданылу аясын, қоғамда алатын орны мен қызметін ашып көрсету. Сонымен қатар коммуникацияны әлеуметтік, мәдени, саяси және бұқаралық-ақпараттық сала тұрғысынан зерттеу. Әрбірінің міндеттері мен қызметінің маңыздылығын толықтай ашу.
Өзектілігі:
Коммуникация – адам өмірінде
маңызды орынға ие. Яғни біз коммуникацияны
кез-келген жерден кезіктіреміз және қолданамыз.
Бізді қоршаған орта, тіліміз, діліміз,
мәдениетіміз, ақпарат алуымыз
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1/ Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан» Алматы 2010ж (20 бет)
2/ Жетпісбай Бекболатұлы «PR және жарнама» «Қазақ университеті» 2010ж (8 бет)
3/ Сәуле Барлыбаева «Коммуникационное развитие: национальный и международный аспакты» Алматы – 2008ж «Қазақ университеті» (10-11 бет)
4/ Дәріс
5/ Жетпісбай Бекболатұлы «PR және жарнама» Алматы – 2010ж «Қазақ университеті» (193 бет)
6/ Ғаламтор. Kazakheli.kz сайты Қазақ елі – Жерұйық гуманитарлық зерттеулер жобасы
7/ В.М. Березин «Сущность и реальность массовой коммуникации» Мәскеу – 2002ж (31-32 беттер)
8/ Сәуле Барлыбаева «Коммуникационное развитие: национальный и международный аспакты» Алматы – 2008ж «Қазақ университеті» (10-11 бет)
9/ В. Тимошинов «Мәдениеттану» Алматы – 2008ж «Атамұра» (15 бет)
10/ Орынбеков М.С «Қазақтың дүниетанымы» Алматы – 1993ж «Ғылым» (36 бет)
11/ Ғаламтор Kazakheli.kz сайты Қазақ елі – Жерұйық гуманитарлық зерттеулер жобасы
12/ Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан» Алматы – 2010ж (44-45, 203-204беттер)
13/ Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы «Саяси коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі» Алматы – 2006ж «Қазақ университеті» (12-13, 24-26, 36-37 беттер)
14/ Жетпісбай Бекболатұлы «PR және жарнама» Алматы – 2010ж «Қазақ университеті» (53-57 беттер)
Жоспары:
Кіріспе
«Коммуникация» туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
- Коммуникация және оның мақсаттары мен міндеттері, қолданылу аясы.
- Әлеуметтік коммуникация
- Мәдени коммуникация
- Саяси коммуникация
- Бұқаралық-ақпараттық коммуникация
- Интеграцияланған маркетингтік коммуникация
Қорытынды
Кіріспе
1/ «Коммуникация» терминін саясаттану ғылымында саяси контексте алғаш рет ХХ ғ. басында қолданысқа енгізген зерттеушілердің бірі – Ф. Ратцелдің айтуынша, «саяси қатынаста ақпаратты тарату барлық коммуникациялық қызметтің ең маңыздысы саналады. Дегенмен коммуникация термині кең мағынасында сөз, ишара, бейне және басқа да материалдық тасымалдаушыларға түсірілген нышандар арқылы адамнан адамға ақпарат берілуі деп саналады. Коммуникация саяси ықпал етудің символикалық та, визуалдық та құралы ретінде ежелден қоғаммен бірге пайда болып, дамып келе жатыр.
Коммуникацияның негізгі функциясының өзі танымдық қызмет атқару болып саналады. Ол қоғамдық-саяси өмірді байланыстыратын, бағыттайтын және инновациялайтын адам қызметінен, саяси тасымалдаушының түрлі тәсілдерінен, коммуникациялық процестерден тыс саясат өмір сүре алмайды. Кез-келген пәнаралық зерттеу сияқты саяси коммуникативистикада бүгінде коммуникация теориясы, психологиясы мен социологиясы сияқты аралас пәндерге тән ұғымдар мен түсініктердің ауқымды жүйесі қолданылады. Саяси коммуникативистиканың бірқатар теориялары жекелеген индивидтер деңгейінде қарастырылады, әсіресе, хабарлама тарату нәтижесінде сендіру ықпалына қатысты әрекеттерді атауға болады.
2/ «Коммуникация» ұғымы (латынның «communicare» - байланыстыру, біріктіру деген сөзінен) ақпаратты алу, өңдеу, жеткізу және сақтау процестерінің жиынтығы болып табылады. Бұл процестерді жекебастық-тұрмыстық деңгейден ғаламдық-әлеуметтік деңгейге дейінгі ауқымда қарастыруға болады.
Ресейдің жұртшылықпен байланыс саласындағы ғылыми мектебінің негізін қалаушыларды бірі – М.А. Шишкина жұртшылықпен байланыс «әлеуметтік субъектінің өз жұртшылығымен тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыруға бағытталған» деп есептейді. Белгілі батыс ғалымдары С.М. Катлип, А.Х. Сентер, Г.М. Брум: «Паблик рилейшнз дегеніміз ұйым мен жұртшылық арасындағы өзара тиімді байланыстарды орнатуға немесе қолдап
отыруға жәрдемдесетін басқару функциясы, ұйымның табысқа жетуі немесе сәтсіздікке ұшырауы көбіне осы функцияның дұрыс яки бұрыс атқарылуына байланысты болады» - деген анықтама ұсынады.
Украйындық PR теоретигі В.Г. Королько: «Басқару ретінде ақпараттық сылтау-себеп пен ақпарат туындату процесін, сондай-ақ қолайлы қоғамдық пікірді мақсатты түрде қалыптастыру үшін коммникация құралдары арқылы дайын ақпараттық өнімді таратуды түсінетін болсақ, паблик рилейшнз дегеніміз – ақпаратты (соның ішінде әлуметтік ақпаратты) басқарудың арнайы жүйесі болып табылады» - деп жазады.
3/ Америкалық әлеуметтану саласының негізін салушылардың бірі Чарльз Кули коммуникация – механизм арқылы адамдардың өзара қарым-қатынастарының дамуы деп тұжырымдайды. Оған – сөз, жазу өнері, телеграф, телефон, темір жол, адамдардың қарым-қатынасы т.б жатады. Коммуникацияда адамдардың өзара қарым-қатынасы мен бір-бірімен ақпарат алмасуы жүзеге асырылады. Ол хабар, хабарлау, өзара әрекет, қоғамдағы ақпарат алмасу және байланыс құралы. ХХ ғасырдың 1940-1950 жылдары коммуникацияның 2 түрі болды:
- Рационалистік (технологиялық концепция детерменизміне құралады)
- Иррационалистік (адамдардың бір-бірімен өзара түсінігіне құралады)
Ал қазіргі таңда «
- Коммуникация – байланыс құралы (белгілі бір структура)
- Коммуникация – тілдесу, қатынасу құралы (адамдардың бір-бірімен өзара әрекеті мен ақпарат алмасуы)
- Коммуникация - ақпарат алмасу құралы (қоғамдық санаға әсер ету мақсатымен)
Коммуникацияның даму тарихы 4 коммуникациялық революциядан өтті:
- Сөздің пайда болуы;
- Жазу-сызуды үйрену;
- Баспа станогының жасалуы;
- Электронды БАҚ құралдарының пайда болуы;
4/Коммуникация дегеніміз - жүйе арқылы ақпарат алмасу үдерісі. Бұқаралық коммуникация тарихы қалыптасқан ақпаратты жасау, сақтау, тарату үдерісі және әлуметтік субъект пен объектілер арқылы ақпарат алмасу болып жүктеледі. Субъект – коммуникатор, объект – коммуникант болады. Коммуникация болу үшін 3 талап керек:
- Коммуникант (жіберуші субъект)
- Объект (жеткізуші)
- Реципиент (қабылдап алушы)
Коммуникация
кеңістік пен уақытқа тығыз
байланысты. Осыған байланысты
- Материалдық (қаржы) коммуникация: а) көліктік, ә) энергетикалық,
б) халықаралық көші-қондық, в) эпидемиялық. - Генетикалық коммуникация: тектік не түрі.
- Психикалық коммуникация: өзара қарым-қатынас автокоммуникация.
- Әлуметтік коммуникация (қоғамдық қарым-қатынастар): 1) әлуметтік; 3) тілдік; 4) дербес коммуникациялық негіз;
5/Коммуникация мақсаттары: Мақсатты аудиторияларды таңдау коммуникациясының тиісті міндеттері негізінде жүргізіледі, бұл сондай-ақ фирма хабарландырулары жолданған алармандардың күтіліп отырған жауап реакциясына қалыптастыруға да бағытталады. Коммуникацияның мақсаттарына әдетте:
- Хабарлылықтың негізін қалау;
- Қажетті ақпаратттарды беру;
- Тиісті имижді қалыптастыру;
- Жақын тарту сезімін ояту;
- Имиджді бекіту;
- Талдау-талғамды орнықтыру;
- Сенімділікті нығайтып, қалыптастыдіру;
- Өнімді байқап көруге итермелеу;
- Өнімді сатып алуға итермелеу;
- Сату көлемін ұлғайту;
Мақсатты аудиторияның экономикалық мінез-құлқын өзгерту жатқызылады.
6/ Коммуникацияның
атқаратын басты қызметтері төмендегідей
болып келеді:
1. Ақпараттық қызмет
2. Әлеуметтік қызмет
3. Экспрессивті қызмет
4. Прагматикалық қызмет
5. Интерпретациялық қызмет
Ақпараттық
қызмет – адамдар арасында ақпарат
алмасуды жүзеге асырады, ал әлеуметтік
қызмет – адамдар арасында өзара қарым-қатынасқа
түсу қабілетін арттырады. Осы соңғы қызмет
біздің пікірлерімізді, дүниетанымымызды,
қандай да бір орын алған оқиғаға деген
қатынасымызды құрастырады.
Экспрессивті
қызмет - адамдардың ақпарат алмасу
барысында бір бірінің эмоционалды көңіл-күйін
түсінуін білдіреді. Қарым-қатынас барысында
эмоциялардың қаншалықты маңызды екендігі
кімге де болса мәлім. Эмоцияны сөз қылып
айтпай-ақ бет әлпетімен де жеткізуге
болады.
Прагматикалық
қызмет арқылы коммуникацияға қатысушылардың
іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау мінез-құлығы
шектеледі. Ол сол коммуникацияның көздеген
түпмақсатына сай жүргізіледі.
Интерпретациялық
қызмет коммуникацияға бірге түскен
адамды түсіну үшін қажет. Коммуникация
құралдарының түр түрі қоршаған шындықтың
оқиғасы туралы ақпарды жеткізіп қана
қоймай, сонымен қатар, оны белгілі бір
мағынада түсіндіреді, интерпретациялайды.
7/Көп ғалымдардың пікірінше, заманауи адам сөз пайда болғаннан бастап қалыптасты және соған орай қарым-қатынас орнықты. Қарым-қатынас – адамдардың алғашқы кезден адамгершілігінің қалыптасуына себепші. Қоғам, адамдық қызмет, мәдениет – мұның бәрі философиялық талдаудың құралдары. Басты категориясы мен түсініктері – әлеуметтік үдерістердің мәдениет және бұқаралық коммуникация тұрғысынан зерттелуі. Өмір өзі адамның әрдайым бір нәрсені ойлап табуына икемдейді. Үнемі еңбектенуін, азығын тауып жеуін және білім алып, әлемді тануымен қатар ақпарат алмасуын талап етеді. Адамды бізді қоршаған орта, яғни табиғаттан бөлек екінші табиғат ортасы бар.
Ол – ғылыми-техникалық, құрастырылып, қолдан жасалған дүние. Жалпы, табиғат – адам – қоғам – қызмет – ғылыми білім – адами құндылық – мәдениет бәрі де бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне өзара тәуелді. Бұдан келіп ақпарат пен ақпарат алмасу ортасы, тілдесу мен хабарлау және байланыс ұғымдары пайда болады. Л. Землянова коммуникация ғылымын осылардың бәрінің іс жүзінде бірлесе әрекет етуімен байланыстырады.
Әлеуметтік коммуникацияның 3 басты нормалары:
- Әлуметтік мәдениет нормаларының деңгейі;
- Тұлға аралық қатынастың деңгейі;
Тілдесу кезінде тек ауызша сөйлесу ғана емес, сонымен қатар басқа да таңбалы-бейнелі түрдегі құралдар қолданылады. Оған әдептіліктің, рәсім мен салт-дәстүрдің белгілері жатады. Осы белгілерді жетік меңгерген коммуникатор әр түрлі қызметтегі, мамандықтағы адамдармен жақсы сөйлесіп, кез-келген ситуациядан ойдағыдай шыға алады. Белгілер әлеуметтік және психологиялық кодты иеленеді.
Коммуникацияның ауызша емес аспектісі 1960 жылдың соңынан бастап зерттеле бастады. 1970 жылы Джулиуст Фаст ауызша емес коммуникацияға байланысты алғашқы жұмыс үлгісін жасап шығарды. Ауызша емес белгілердің табиғаты анық емес, олардың туа пайда болғаны немесе қолдан жасалғаны, яки қан арқылы тарайтыны немесе өмірлік тәжірибе арқылы келетіні белгісіз.
9/ Мәдениеттану дегеніміз – мәдениеттің жалпы даму заңдылықтарын зертттейтін ғылым. Мәдениеттің дамуы бүкіл әлем халықтарының рухани және материалдық қызметінің бір-біріне сәйкес келетін шығармашылық процесі. Қазіргі заманғы ғылым мәдениетті шығармашылықтың нәтижесінде үнемі материалдық және рухани құндылықтармен толықтырып отыратын табиғат пен қоғам дамуның қызметі деп қарастырады. Әлемдік мәдениеттің жалпы тарихы – адамзаттың жабайылық пен тұрпайылықтан айырылуы, қайтадан дамуы.
10/ Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан.
11/Енді мәдениетті
коммуникация тұрғысынан қарастырсақ.
Коммуникация мен адамдар арасындағы
аралас-құраластық қарым-қатынасы – мәдениеттің
маңызды бөлігі. Олардың маңыздылығы сонша,
көп жағдайда мәдениетті коммуникациямен
теңдестіру сарыны да жиі кездеседі. Мәдени
қарым-қатынастарды зерттеудегі танымал
маман Э. Холл мәдениет дегеніміз коммуникация,
ал коммуникация дегеніміз мәдениет деп
теңдестіре қарастырады.
М. Бахтин мәдениет концепциясын
өзінің диалогизм принципіне сүйене отырып
тұжырымдайды. Ол үшін мәдениет – сұхбаттық
мүмкіншілігі ұлан-асыр ашық құндылықтар
жүйесі. Мәдениеттің болмыстық сұхбаттылығының
негізінде мүмкін болған мәдениеттер
сұхбатын адамдар арасындағы диалог іспеттес
қарастыруға болады ма? Иә, өйткені мәдениет
адамның белсенді іс-әрекетінің, еркін
шығармашылығының, оның өзіндік ішкі мәндік
қасиетінің көрінісі. Мәдениет – адамның
шығармашылығының нәтижесі болғандықтан
да тікелей адам іс-әрекетімен байланысып
жатыр. Адам қолынан шыққан, адам санасының
жемісі болып табылатын барлық нәрселер
сияқты, мәдениет те өз бойына тұлғалық
бастаманы толығымен сыйғызады.
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың
жүздеген мемлекеттеріне біріккен неше
миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың
бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың
бәрін ортақтастыратын нәрсе – мәдени
сұхбат, мәдениетаралық коммуникация.
ХХ ғасырдың екінші
жартысынан бастап мәдени-әлеуметтік
өмірде өзінің нақты орнын таба білген
мәдениеттер сұхбаты идеясы – қазіргі
заманның көкейтесті тақырыбына айналып
отыр. Ондай биік мақсатты идеяға адамзат
бірден келе қоймағаны мәлім. Адам болмысы
– қарым-қатынас тұңғиығы. Мәдениеттер
сұхбаты – өркениеттілік еншісі. Өйткені,
өркениет – өркендеген мәдениет, коммуникация
құралдары қалыптасқан, алыс-беріске түскен
мәдениет.
Мәдениеттің өркендеуі, яғни
өркениеттілік сатысы адам сезімдерінен
алынған әсерлердің көшірілу, қосарлану,
яғни бекітілу түрлерінің көбеюінен, коммуникация,
байланыс жолдарының дамуынан да айқын
көрінеді. Ендеше, түрлі тілдердің бөтендігін
(бірін-бірі жатсынуын), алуан мәдениеттердің
алшақтығын аттап өтудің құралы ретіндегі
аударма ісі де – өркениеттің өнімі.
Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар болған жерде мәдениет те бар. Ал адамның санасының түбегейлі қасиеті – оның интенционалдығы. Бұл “Мәдениет – ұлттық, ал өркениет – халықаралық категория. Мәдениет бір ғана ұлттың дін, мораль, құқық, ақыл-ой, эстетика, тіл, экономика және тұрмыс-тіршілігінің үйлесімді жиынтығы. Өркениет болса, дамудың ортақ деңгейінде тұрған көптеген ұлттардың қоғамдық өмірінің жиынтығы”
12/Саясат – қоғамдық сананың маңызды формасы. Сондықтан да саясат ғылыми–техникалық, көркем, діни, сот-құқықтық, ақпараттық-публицистикалық коммуникациямен байланыса отырып, оны түрлендіреді. Әрине ХХ ғасыр, әсіресе оның екінші жартысында саяси коммуникация өзге де коммуникация түрлерімен қатар дамыды. Дегенмен саяси коммуникация көне заманнан бері келе жатқан қоғамдық құбылыс екендігі даусыз.
Саяси коммуникация саласын зерттеушілер саясаттың адам қызметінің бір түрі, қоғамдық сананың формасы ретінде коммуникациямен тығыз байланысын атап көрсетеді. Саясат адам қызметінен тыс өмір сүрмейді. Оның қоғамдық-саяси өмірді жалғастыратын және бағыттайтын тасымалдаушы түрлі әдістері болады. Осылайша саяси коммуникация әлеуметтік-ақпараттық саясат алаңына айналады.
7/Саяси коммуникация құбылысын бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде дамыған елдердің насихатын зерттеуінен басталады деп санауға болады. Дегенмен осы саладағы фундаментальді жұмыстармен қатар «саяси коммуникация» термині 40-жылдардың соңында 50-жылдардың басында пайда болды. Саяси коммуникацияны жүйелік сараптау тәсіліне байланысты өз алдына жеке бағыт ретінде зерттеу 50-60 жылдарға тура келеді. Бұл түрлі сипаттағы, сонымен қатар ақпараттық алмасу және техникалық, биологиялық, адамдық-машиналық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқару процестерінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін білім саласы – кибернетиканың өркендеп дамуы сияқты күрделі құрылымданатын объектілерді зерттеудің пәнаралық логикалық-әдістемелік концепциясы ретінде жалпы теориялық жүйенің қалыптасу кезеңі еді.
Қазіргі уақытта саяси коммуникация кардиналды өзгерістерге ұшырауда. Бұл ақпарат құралдарының техникалық жағынан дамуына байланысты жүзеге асуда. Саяси ақпарат тек техникалық даму деңгейіне ғана емес, саяси идеологиялық сипатына, ақпарат тарату көзіне де байланысты. Қазіргі заманда бұқаралық саяси ақпараттандырудың екі тенденциясы байқалуда. Оның бастысы, нақты қадағалау жүйесінсіз өте ауқымды түрлті хабарламаның берілумен айқындалады. Өте ауқымды жүйеленбеген әрі комментарийсіз мәліметтерді алған адам көбінде бастысын жанамадан, маңыздысын маңызсызынан айыра алмайды. Мұндай жағдайда әлем кездейсоқ не күтілмеген оқиғалардың хаостық бекетінде қалып қояды. Адам әлеуметтік бағытын жоғалтады, нәтижесінде қоғамның белгілі бөлігі (аполитизация) саясаттан тыс қалады. Осы тәсілді «ақпараттық бөлшектеу» деп те атайды. Бұл тәсілді БАҚ-тың қарауы десе де болғандай. Баспасөзде бір ағындағы жүйе бойынша өте көп хабарлар мен мәліметтер жарияланады.
8/ Саяси коммуникацияда адам мүддесі басты орында тұрады. Сондықтан адамның рухани дүниесін, ізгілік пен шындық принциптерін, өнегелік нормаларын ұмытуға болмайды. Саяси коммуникация әр уақыт қарым-қатынас барысында шынайы, анық, айқын көрініс тауып, талқыланып, теңеліп отырады. Саяси коммуникация саясаткерлер мен журналистер үшін қаншалықты өткір, қаншалықты игі мақсатты болмасын олар әрқашан да ақиқатпен санасуы тиіс.
Әділдікті, өнегелілікті, игілікті күшпен орнатуға болмайды. Дегенмен тотолитарлық режимдердің қайғылы нәтижесі осы айтылған ойларды дәлелдей түскендей.
Саяси коммуникациядағы ақиқатты анықтау – ерекше қиын міндет. М.Вебер атап өткендей, саясаткерлер коммуникация процесінде қақтығысушы жақтардың арсында арашашы рөлін ойнауы, екі жақтың бірін қабылдауы немесе бейтарап позицияны ұстануы мүмкін. Бірақ, өкініштісі, осы әлуметтік іс-әрекеттердің барлығы ғылыми шындықпен жанаса бермейді. Саяси идеалдардың өмірдің жағымсыз жайттары жөнінде үнсіз қалауы, не бейтарап, не шектеулі позициялар ұстануы жиі кездесіп жатады.
Саяси коммуникацияның танымал формаларын теоретик-ғалымдар былайша жіктейді.
- Ресми емес байланыстар арқылы (тұлғааралық ресми емес саяси коммуникация);
- Қоғамдық-саяси ұйымдар, бірлестіктер мен институттар арқылы (ауызша, жазбаша үгіт пен насихат);
- Басылымдық және электронды бұқаралық коммуникация құралдары арқылы коммуниктивті әсер ету;
Коммуникативистер бұқаралық ақпарат процестері мен коммуникация формаларына үлкен әлеуметтік топтардың жиылыстарын (мәжілістер, митингілер, демонстрациялар, саяси консерттер, шоу, референдумдар) жатқызады.
Саяси коммуникацияның идеалды, шынайы демократиялық моделі негізінде «басқарушы» мен «басқарылушы» арасында диалог құрылады. Бұл диалог саяси оқиғалар, процестер туралы нақты, толық, аяқталған және тексерілген, қоғамның өркениеттік-мәдени құндылықтары, фундаментальді құқығы мен тұлға бостандығы жіктелген мәліметтердің тепе-тең алмасуы жатады. Бұл саяси, діни, басқа да ойлардың бостандығы, сонымен қатар өз ойын кедергісіз жеңіл жеткізу, түрлі ақпара пен гуманистік принциптерге қайшы келмейтін мемлекеттік (идея тұрғысында) шекараға тәуелсіз идеяны еркін іздестіру, алу және тарату болып табылады.
Бүгінде саяси коммуникацияның құндылық сапалары маңызды және басқарушы элита мен өзіндік мүдделес бюрократия осы жайларды қайта саяси ой елегінен өткізуде. Бірақ та олар көбінде қоғамның саяси және мәдени жағдайын оның даму деңгейімен айқындайды. Саяси мәдениеттің өз кезегінде болуы, берілу тәсілі, құралы ретінде саяси коммуникация мәдени нормалар мен құндылықтармен жанама түрде жүзеге асады. Саяси коммуникацияның ақпараттық қоғамдағы рөлі де ерекше мәнге ие. Соңғы он жылда әлем қоғамдастығы қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінен индустриалды ұйымнан ақпараттық ұйымға өтудің жаһандық процесін өткеруде.
Соңғы жылдарда қоғамдық-саяси лексикон «электронды өкімет», «киберсаясат», «кибердемократия», «сандық (дигиталды) демократия», «коммуникативті демократия», «электронды азаматтық» және басқа да ұғымдармен байи түсті. Ресей және бірқатар ТМД елдеріндегідей Қазақстанда саяси коммуникацияның ақпараттық қоғамдағы зерттеулері енді қалыптасып келеді. Осындай зерттеулердің Қазақстан ерекшелегін ескере отырып, теориялық-методологиялық негіздерін сараптау өте маңызды болып саналады.
13/ Бұқаралық коммуникация саясаттың ажырамас бөлігі саналады. Қоғамның басқа да қызмет саласы сияқты саясат әр уақыт арнайы ақпараттық алмасу құралдарын, субъектілері арасында тұрақты түрде байланыс орнату мен қолдауды қажет етеді. Биліктің түрлі тасымалдаушылары арасында, мемлекет пен азаматтарарасында қарым-қатынастың жанама формалары мен арнайы құралдарынсыз саясаттың болуы мүмкін емес. Бұл саясаттың күрделі ұйымдастырушылық мақсатты қызметі мен бүкіл қоғамға қатысты топтық мақсат пен мүдделерді жүзеге асыруға қажетті қарым-қатынастың арнайы формалары саналатын ұжымдық табиғатын білдірсе керек. Саясаттағы мақсатты жүзеге асыруғдағы ұжымдық сипат ұжым мүшелері арасындағы (мемлекет, ұлт, топтар, ұлттар, партиялар және т.б) міндерттерді түйсіну мен адамдар мен ұйымдар қызметін үйлестіру саналады. Осы аталғанның бәрі азаматтардың тікелей қатысуынсыз, өзара қарым-қатынасынсыз әрі көптеген тұлғалардың ерік-жігерінің бірлігі мен бірлесе жұмылуын қамтамасыз ететін ететін арнайы ақпарат тарату құралдарынысыз мүмкін емес. Әрине, мұндай байланыс құралыретінде бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) атауға болады.
Ақпаратты субъектіленген түрде қабылдау, талқылау және игеру аспектісі коммуникация немесе саяси ақпаратты жіберуші (коммуникатор) және алушы (реципиент) арасындағы мағыналы байланыс орнату процесі деуге болады. Саяси ақпараттың таралуы мен қабылдауын бұлай жіктеудің қажеттігі кез келген ақпарат саяси субъектілер арасында тиісті коммуникция туындата алмайтындығынан деуге болады.
Ақпараттық байланыстардың
коммуниктивтік аспектілері
11/ Соңғы жиырма-отыз жылда коммуникация құралдары спутниктік байланыс, кбельдік радио мен телевизия, электрондық мәтіндік коммуникациялық жүйелер (видео, экрандық және кабельдік мәтіндер), сондай-ақ ақпаратты жинау мен өңдеудің дербес құралдарының жылдам әрі прогрессивтік сипатта дамуы салдарынан айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. БАҚ, ең алдыменреципиенттердің қабылдау әдісіне қатысты түрлі мүмкіндіктер мен ықпалды күшке ие. Соның ішінде, бұқаралық және күшті саяси ықпал ететіні радио және телевизия. Дегенмен БАҚ-тың осынау рөлін айқындауда тарихи жағынан, әрине, біршама уақыт қажет болғандығы заңды да. Саяси жүйенің бұқаралық коммуникация құралдарына мұқтаждығы оның қоғамдағы функциясы мен саясаттағы агенттердің санына, саяси шешім шығару әдістеріне, мемлекеттік ауқымдылығы мен басқа да факторларға қатысты. Шын мәнінде, адамзат тарихындағы бұрынғы дәстүрлі мемлекеттерде бұқаралық коммуникация құралдарына деген қажеттілік шектеулі болғандығы мәлім. Мұндай құралдардың рөлінде саяси ақпаратты патша жарлықарты мен өкімдерін, т.б. хаттарды тасымалдаушы өкілдің ауызша не жазбаша таратуына тура келсе, ХІХ-ХХ ғғ. телеграфтық және телефондық байланыстың, радио және телевизияның дүниеге келуі мемлекеттің коммуникациялық қажеттіліктерін тек қанағаттандырып қоймастан, саясаттағы нағыз революцияға әкелгені анық.
Бұқаралық ақпарат құралдары саясат нарығына алдамен партиялық баспасөздің органы ретінде, оқырмандар аудиториясы ұлғпя келе газеттік басылымдар ретінде енген болатын.
Осындай процестердің дамуымен қатар, БАҚ тек тұрғындармен байланысты нығайтып қоймастан, қатардағы азаматтардың саяси-әлеуметтік процестеріне қатысу сезіміне баулуда, олардың мемлекет пен саясат әлеміне қатысын білдіруде қоғамдық беделді институтқа айналды.
Саяси билік пен ресми институттармен қатар, бұқаралық коммуникация құралдарының – БКҚ рөлінің артуы оның саяси қатысу механизмдерінің бірі ретінде танылуына, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де маңыздылығын айқындап берді. БКҚ, шын мәнінде, қазіргі заманның бұқараның билікпен қарым-қатынас арасындағы тиімді институттың біріне айналды.
Бұқаралық коммуникацияның саяси процестерде , қоғамда алатын рөлі мен бүгінгі сипатын және де сол коммуникацияға қатысты проблемаларды қарастыра келе, оның қоғам мен адамзатқа берген мүмкіндіктерін ерекше атаған жөн. Бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары бүгінде қоғамдық санаға ықпал ететін хабарлама тарататын басты құралға айналады. Әрине, бұқаралық коммуникацияның көнерген құралдары іске асқанымен, олар бұқаралық баспасөз көмегімен коммуникативтік процестерге қатысуда.
Ақпараттық коммуникация белгілі бір мақсатқа, белгілі бір оқиғаға қатысты жүзеге асатыны мәлім. Ақпараттық коммуникация аясында болып жатқан әрекеттер жекелеген индивидтер немесе әлеуметтік топтарлың кейбір мақсаттарға жетуімен қатысты. Ақпараттық коммуникацияның өзара қарым-қатынасынан бірін-бірі толықтыратын, әрқайсысының маңызды ақпараттық сипаты бар деңгейлерді қарастыруға болады.
1 деңгей. Бұл деңгейде ақпараттық коммуникацияға қажетті адам қызметі процесінде пайда болған базалық деректермен байланыс орнайды.
2 деңгей (өндіруші). Бұл деңгейде өндірілетін ақпаратқа хабарлама жасауға қажетті мағыналық, белгілік, формалар ретінде алынған деректер қосылады.
3 деңгей (беру). Ақпараттың таралу кезеңінде берілу және тұтыну процесі жүреді, тиісті техникалық құралдардың көмегімен ақпарат таралады.
4 деңгей (тұтыну). Бұл деңгей психологиялық механизмдер қоса жүзеге асатын өте күрделі процестерден тұрады. Нақ осы тұтыну деңгейінде құн дылықтар жүйесі өзгереді.
5 деңгей (тұтынудан соң). Индивиттер мен топтардың ақпаратты пайдалануы үздіксіз шынайы уақыт режімінде жүзеге аса бермейді. Ақпараттың объекті снансына ықпал етуі бір реттік, лезде жүзеге асуы мүмкін.
15/ Соңғы он жылда әлемде интеграцияланған (кіріктелген) маркетингтік коммуникациялар (ИМК) белсенді түрде қолданыла бастады. Кей авторлар «интегралды маркетингтік коммуникациялар» деген ұғымды пайдаланады. Бұл ұғымдарды салсытыра талдай келіп, олардың синоним ретінде қолданылатынын байқаймыз.
Интегралды маркетингтік коммуникациялар – маркетингтік коммуникациялардан нарықтық маркетингтік коммуникациялардың жарнамадан өнім салынатын қорапқа дейінгі барлық құралдарын бірыңғайлау дегенді білдіреді. Интеграцияланған маркетингтік коммуникациялар нарықтық (маркетингтік) коммуникациялардың барлық типтерін: жарнаманы, жұртшылықпен байланысты, тікелей маркетингті, өткізуді ынталандыруды, бренд-коммуникацияны және т.б біріктіреді. Сондай-ақ коммуникация құралдарының өздері де интеграцияланады, мұның өзі мақсатты аудиторияларға компанияның көздеген нысанына жетуге жәрдемсетін келісілген, иланымды маркетингтік жолдаулар жөнелтуге мүмкіндік береді.

- Коммуникация
- Коммуникация
- Коммуникация американцев
- Коммуникация в гвинейское общество
- Коммуникация в организации
- Коммуникация в организации
- Коммуникация в организации
- Коммуникационный процесс, понятие, основные элементы, этапы, их характеристика
- Коммуникационный процесс: понятие, элементы и этапы
- Коммуникационный процесс. Цели и основные этапы
- Коммуникация
- Коммуникация
- Коммуникация
- Коммуникация