Корпоративтік салық менеджментінің салықтық жоспарлау теориялық негіздері мен нысандары

Курсовая работа

Корпоративтік  салық  менеджментінің  салықтық жоспарлау теориялық негіздері мен нысандары

   

     Салыќтар мемлекеттің  құрылуымен бірге пайда болады  және мемлектеттің өмір сүріп  дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі  қашан да болса салық жүйесінің  қайта құрылуымен, жаңаруымен, жетілдіруімен  бірге қалыптасады. 
Қазақстанның нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізбейтін үнемді салықтық жүйені құру маңызды орын алуда. 
         Қазақстандағы салықтық реттеу – салықтық механизм және мемлекеттің салықтық менеджмент саласындағы икемді элементтерінің бірі болып табылады. Салықтық реттеудің өзегін салықтық міндеттемелерді орындаудағы оперативті араласудың экономикалық жүйе шаралары құрайды. 
Шаруашылықтанудың нарықтық негізі салық салудың тиімді жүйесін құруды қажет етеді. Салықтар арқылы мемлекет бюджет табысын құрып қоймай, сонымен қатар экономиканы реттеуді іске асырады. 
Салықтық реттеу өзге де экономикалық құралдармен ұштастырылады. Сондықтан салықтық реттеу Қазақстанның нарықтық қатынастар жағдайында және оның ойдағыдай қызмет атқаруындағы ұлттық экономиканы басқаруындағы ең тиімді нысаны болуы керек.  
Экономиканың ең басты деген салаларының өсіп, өркендеуі үшін мемлекетте соңғы уақытта салық жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатыр. Ондағы өзгерістер әсіресе заңды тұлға болып табылатын ұйымдар мен мекемелер үшін енгізілген. Себебі, заңды тұлға болып табылатын өндіріс, кәсіпорын, серіктестіктер, компаниялар, фирмалар экономиканы дамытуда және салықтық түсімдер түрлерінің көптеген түрлерін төлейтіндіктен, олардыњ жаѓдайын жаќсарту үшін салыќ жүйесінің ауыртпалығын төмендетуде ең басты жеңілдік көзі деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының басым бағыттарында сипатталғандай, жоғарғы дәрежелі өркениетті нарықта  экономикалық өсудің нақты тұрақты өсу қарқынына қол жеткізу барысында салықтық жоспарлау маңызды орынға ие. Аталмыш басым бағыттарды жүзеге асыруды бір жағынан салық әкімшілігін, оның ішінде салықтық жоспарлауды жетілдіру арқылы  жүргізуге болады. Сондықтан салықтық жоспарлауды теориялық тұрғыдан талдау өзекті мәселелердің санатына жатады.

   Жалпы алғанда  салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру.

        Экономикалық  өсуге  өту  стратегиясын  камтамасыз ету үшін Қазақстанда  нарықтық  қарым- қатынастарына жауап  беретін  салық жүйесі болып  табылады.Қазақстан  Республикасында  салықтарды және басқада бюджетке төленетін міндетті төлемдерді басқарудағы  әдістерді толық  пайдаланылу қиыншылықтары елдегі бір  салық жүйесі жеткіліксіздігінен туындайды: олар салық потенциалы және салық  менеджменті.

     Салықтық  жоспарлау салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің  жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі  басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық  салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықтық жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға  мүмкіндік береді.Салықтық  жоспарлауға негіз болып мемлекеттің  салық, бюджет, инвестициялық саясаттарының  негізгі даму бағыттарын ескеру; кәсіпорынның есеп саясатын жүргізу; заң бойынша  белгіленген барлық салық жеңілдіктерін  толық және дұрыс қолдана отырып, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау; салық төлеу мерзімін ұзарту, салық және инвестициялық жеңілдіктерді алу мүмкіндігін бағалау, т.б.  тәрізді факторлар танылады.

Салықтық  жоспарлау, жедел (оперативті),орындалу бағытын бақылауды жоспарлау тәрізді функцияларды атқарады.Салықтық жоспарлауды жедел, тактикалық және стратегиялық элементтерді қамтитын үш деңгейлі жүйе ретінде  де қарастыруға болады

      Жалпы,мемлекеттік салықтық жоспарлаудың мақсаты: бюджетке салық төлеушімен салықтың көлемін жалпы қаржы ресурстарының ішінде анықтау. Бұл  ресурстарды  жоспарлауда  басқару органдары мүмкіндігінше  салық төлемдерін жоғары деңгейде алуды жасауға бағытталады.Бұл  процесс қоғам дамуына байланысты жалпы тұтынушылық өсуін есептеуге  негізделеді; қаржы есептілігінің  қажеттілігін А.Вагнер   негіздеген, соған байланысты заңдылық қалыптасқан, мемлекеттік шығыстардың өсу тенденциясын анықтап отырды.

Ұлттық шаруашылықты орталықтандыратын  жүйе бойынша басқару кезінде  басқару қызметінің маңызды сферасы  қатаң реттелінеді.   Ол салықты  жоспарлау және болжау, ақпаратты  талдау және қадағалау, бұл кез келген жолмен дерективті  құрылатын жоспарды орындалуды мақсат етеді.   Әкімшілік ұжымдық жүйеден нарыққа өту салық салуды басқаруына терең экономикалық мағынат беріп оған мүлдем басқа талаптар қояды.  Мамандардың пікірінше,   елдегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинау деңгейі  тек фискалды органдардың қатаң бақылауынан емес, салық саясатынын жетілдірілуіне  нарықтық реформалар, экономикалық активті субьектілер нарықтық қатынастардың өсуіне ықпал етеді.   Бұл қарым өатынастрада басты рөл атқаратын мемлекеттің мақсаты, бір  жағынан фискалды мәселе,   екінші жағынан бюджетті қалыптастыру,   елдегі салық жүйесін басқару әлеуметтік экономикалық категорияны  басқарудың негізі болып табылады.    Салық салуды басқаруда оның әлеуметтілігі айқын көрінеді.  Салық экономикалық категория ұлттық көріністің бөлігі, мемлекеттің және өндіріс процессінің арасында   әр уақытта қарым қатынасты тудырады.

Салық құқығы және оны толықтандыратын теориялық практикаға негізделген салық менеджменті салық механизмінің барлық элементтер құрылымының   өзегі болып табылады.  Салық құқығы нормалары салық жүйесін ұйымдастырады және оны бүкіл салық механизміне таратуды көздейді. Сол сияқты барлық жағынан жетілдіру мен координациясымен жұмыс жасайтын мемлекеттік басқаруға мемлекеттік салық менеджменті түсінігі біртекті.

Корпоративтік салықтық жоспарлау  бұл мемлекеттің ерекше сферасы, оның міндеттері:

  • Кәсіпорынның орта мерзімді перспективті болжамды табысының   өсуі мен есеп айырысулар негізінде   салықтық   объектісін болжау;
  • Мелекеттік әлеуметтік бағдарламал үшін  шығынсыз бизнесты ынталандыратын  жаңа салық концепциясын құру;
  • Сыртқы экономикалық қызмет жүйесінде протекционистік саясатты қамту үшін салықтық негіздемелерді  құрастыру

Бұл міндеттемелердің орындалуы  отандық салық салудың   нарыққа  бейімделуін тездетеді,  бұл оның  салық қатынастарының   үлесінің халықаралық жүйесіне өтуіне мүмкіндік  береді.   Мемлекеттік салық  менеджменті   ерекше ғылыми тәжірибелік  процесс ретінде өзінің мазмұнын ұйымдастыру шарты және мақасттық нұсқалары бойынша өте сыйымды.  Ол экономиканы басқару жүйесінде алдыңғы орын алады.

Салықтық жоспарлау салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықтық жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.

Салықтық жоспарлау жедел (оперативті), бақылау, жоспарлау тәрізді функцияларды атқарады.Салықтық жоспарлауды жедел, тактикалық және стратегиялық элементтерді қамтитын үш деңгейлі жүйе ретінде де қарастыруға болады (1-сурет).

Салықтық жоспарлаудың негізгі элементтері:

  • кәсіпорынды тиімді басқару стратегиясын жасау және іске асыру;
  • есеп саясаты;
  • есеп беру мен бухгалтерлік есептің дұрыс жасалуы;
  • салықтық жоспарлау сызбасы;
  • салықтық күнтізбе;
  • міндеттемелердің нақты орындалуы.

Әр деңгейдегі салық түсімдерінің бюджетке түсу сомасын жоспарлау және болжау барысында 3 маңызды белгі жіктеледі:

  • салық төлеуші мен бюджет арасындағы өзара позитивті тұстарда бөлшектеп жіктеу;
  • салық жүйесінің қаржы-шаруашылық қызметке әсер ету деңгейін білу мақсатында бюджет-салық қатынастары жүйесінде факторлық талдау жүргізу;
  • салық төлеуші мен бюджет арасындағы экономикалық,қаржылық, салықтық қатынастардың пайда болу ықтималдығын алдын-ала бағалау.

Статистикалық зерттеу жүргізген кезде келесідей әдістер қолданылады:

  • Регрессивті және корреляциялық әдістер салық қызметінің жұмысын көрсететін өзгермелі шама тобының өзара байланыс орнату үшін қажет;
  • Имитациялық әдіс маркетингтік ситуацияға әсер ететін өзгермелі шамалар жай аналитикалық шешімге келмеген кезде қолданылады.
  • Көпжақты әдістер, бірінші кезекте факторлы және кластерлі анализ. Олар өзара көп, өзара байланысты өзгермелі шамалар негізіндегі шешімдерін шешу үшін пайдаланады.

 

Сурет 1. Салықтық жоспарлаудың құрылымы

Ескерту: ҚазҰУ хабаршысы,№1,2009ж

 

  • Шешім қабылдаудағы статистиканың теориясымен пайда болған әдістер оларға ойын теория әдісі, жалпы қызмет көрсету теориясы, стохастикалық бағдарламалау әдісі жатады.
  • Детерминирленген әдістер: сызықтық және сызықтық емес бағдарламалау. Бұл әдістер статистик, анализдердің бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезеңде салықтық ғылым бюджетке түсетін салықтық түсімдер көлемін жоспарлауға немесе болжауға арналған арнайы әдістер мен тәсілдерді жасаған жоқ, сондықтан да нақты тәжірибеде барлық ТМД елдерінде жалпы экономикаға тән белгілі тәсілдер қолданады. Олар мысалы баланстық әдіс, эксперттік бағалау әдісі, регрессивтік және корреляциялық әдістер, трендтік әдістер, имитациялық әдістер, эконометрикалық әдістер және т.б.

- Баланстық немесе нормативтік  әдіс- бұл әдісте жоспарлау негізгі  болып ұлттық шоттарға негізделген, мемлекет жағынан қатаң белгілер  мен нормативтер белгіленеді. Ол  нормативтер облыстық салықтық  потенция негізінде  есептеледі. Әдетте тәжірибеде мемлекет яғни  салық органдары төменгі нормативтерді  белгілеуге ұмтылады. Оның себебі  осы нормативтер негізінде жасалған  жоспар артығымен орындалуын  көздеуінде.

- Трендтік әдіс графикаға  негізделеді. Яғни салық органдарының  графикалық мүмкіндіктері жақсы  компьютерлік техникалық базасының  болуын талап етеді. Қазіргі кезеңде  ҚР–ның салық комитеттерінің  компьютерлік техникалық жабдықталуы  толық көлемде емес, сондықтан  да трендтік және одан да  күрделі әдістер ірі мегаполистерде  және экономикалық мүмкіндігі  жоғары облыстық салық комитеттерінде  ғана қолданылады. Трендтік әдіс  белгілі бір салық бойынша  оның түсімдерінің тарихи динамикасына  байланысты жасалады.

- Трендтік әдістің жалпы  формуласы.                                                                                              

 

Y(t)=f(х)+e                                        (1)

У- болжанушы салық

t- уақыт көлемі

f- функция

х- болжанушы көрсеткішті анықтаушы база

е- ауытқу

- Эконометрикалық тәсіл-бұл  тәсілді салықтық тәжірибеде  құрылымдық экономикалық модельдер  деп атайды.

 Құрылымдық экономикалық  модельдер жалпы түрде былай  жазылады:

 

Уt=βо+β1xt1+β2xt2+xt+Ut                  (2)

 

Уt- модельденуші немесе болжанушы

 Βо, β1,Β2- модель параметрі

xt1,xt2- анықтаушы айнымалылар

Құрылымдық экономикалық моделдер трендтік әдістерге қарағанда дәлірек болжаулар береді. Себебі мұнда бір ғана анықтаушы емес, бірнеше айнымалалар қолданылады. Салықтарды болжауда бұл әдістің нәтижелілігі салыққа әсер етуші факторлардың мүмкіндігінше көп түрін таңдап алу арқылы көрінеді.

R2- параметрлердің дұрыс  анықталғанын көрсететін көрсеткіш. tR2<1(→1)

DW- Дарвин Уотсон көрсеткіші  моделдің дәлдігін, корреляция дұрыстығын  дәлелдейтін көрсеткіш. Бұл көрсеткіштің  мөлшері неғұрлым 2 санына жақын  болған сайын модель дұрыстығы  дәлелденеді.

- сараптамалық бағалау  әдісі - бұл әдіске сай салықтың  болжамды бірнеше арнайы бөлімдері  бар. Мамандар шешімі негізгі  алынады. Мұнда компьютерлік терминде  емес арнайы білімі бар мамандардың  қабылдаған шешімдері негізгі  алынады. Оң жақтарына келетін  болсақ ең алдымен бұл 1-ден  әр салық түрінің спийификасының  ескерілуі, 2-ден сәйкес салықтық  потенциал мүмкіндігінің және  базасының ескерілуі. Шешім қабылдаушы  мамандарының білімдерінің болуы. Ал теріс жақтарына келетін  болсақ, 1-ден көп шығынды қажет  етеді, 2-ден көп жұмысты қажет  етеді, 3-ден көп уақытты қажет  етеді. Қаланатын көрсеткішті объективті  көрсеткішке теңестіру мүмкіндігінің  жоғары болуы.

Уақытша тренд – анализделетін көрсеткіш динамикасында өспелі, кемімелі тенденция болып табылады. Трендтік модел көмегімен экономикалық процесс көрсеткіштерін болжау оның өзгеретін құрылымы есебінсіз болжау болып табылады. Құрылым өзгерімінің есебі агрегаттанған t ауыспалы арқылы көрсетіледі. Экономикалық процесс көрсеткіштерін болжаудың бұл әдісі функция арқылы аналитикалық көрінісін іздеуден тұрады. Экономикалық процес көрсеткіштерін шешу келесі этаптардан тұрады:

  • модельденетін ауыспалы уақыттық қатарлар анализі
  • тренд функциясын көрсету үшін қажетті әдістерді таңдау және математикалық алғышартты қолыптастыру.
  • трендтерді болжау

Уақытша трендті моделдеу үшін екі факторлы регрессия қолданылады;

Уақытша трендтің сызықтық моделі келесідей түрде болады:

 

Y=α+β+t+ε (3)

 

t – уақыттың ауыспалы  шамасы.

α – теңдеудің бос мүшесі

β – уақыт өсіне түзу сызықтық бұрышының тангенсі

ε – моделдің кездейсоқ мүшесі.

Қажетті түзу сызықты таңдау ең аз квадраттар әдісі арқылы жүзеге асады. Ең аз квадрат әдісі көмегімен α , β шамаларын анықтауға болады.

Микродеңгейде салық салуды оңтайландыру, нақты бір қызмет түріне қатысты немесе белгілі бір ұйымдастыру-құқықтық нысанына қатысты салықтарды азайтудың жекелеген схемаларын әзірлеу салық төлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Салықты жоспарлаудан үнемделген қаражатты сіз өз бизнесіңізді дамытуға қоса аласыз. Ол үшін кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанын нақтылауға, оның тіркеу орнын таңдап, ұйымдастыру құрылымын әзірлеуге алдын-ала ақыл тоқтата отырып кіріскен тиімді болады. Демек салықтық жоспарлау бизнесті ұйымдастыру сатысында тиімдірек болып келеді. 

Мемлекеттік салықтық менеджмент жүйесіндегідей, корпоративтік салықтық менеджментке де бірізді үш кезең тән: жоспарлау, реттеу, бақылау.

Аз уақыт бұрын ғана экономиканы жоспарлау туралы айту орынсыз саналатын, әрі кеткенде, мемлекеттік жоспарлар жүйесінің терең ойластырылмаған әдістерінсіз индикативті жоспарлау туралы ойларға ғана рұқсат берілетін. Бүгінгі уақытта отандық экономикалық ойдың шектен тыс радикалдылығы экономика мәселелерін экономикалық үрдістерді нәтижелі реттеу және нәтижелерін болжаусыз шешу мүмкін емес деген түсінікпен алмастырылды.

Жоспардың маңызды ерекшілігі -  экономикалық және шаруашылық әрекеттің барлық қатысушыларына өз әрекеттері мен жоспарларын тексеруге мүмкіндік беретін ақпараттық қызметінде.

Экономикада көптеген әртүрлі жоспарлар бар: мемлекеттік жоспарлардан бастап шағын фирмалардың бизнес-жоспарларына дейін.

Салықтық жоспарлау дегеніміз- заңдық және жеке тұлғалардың коммерциялық, инвестициялық әрекеттерін салықтық төлемдерді азайту мақсатындағы жоспарлау. Қандай да бір іскери немесе коммерциялық мақсатқа әртүрлі жолдармен қол жеткізуге болады. Бұл жолдардың қайсыбірін таңдауға байланысты салықтық төлемдердің көлемдері, тіпті түрлері де әрқалай болады.

Салықтық жоспарлаудың мақсаты- салықтық төлемдерді азайтатын жолды таңдау. Салықтық төлемдер шығындар саласының бір бабы болғандықтан, салықтарды болжау шығындарды оңтайландырудың жалпы стратегиясының құрылымдық бөлшегі болып табылады. Салықты есептеу және төлеу атқарымдылығы жағынан өндіріспен байланысты емес.

Салықтық жоспарлау қаржылық-шаруашылық әрекеттің стратегиялық жоспарлау әдістерін қолдану есебінен салықтық төлемдерді төмендетудің әртүрлі заңды желілерін ойластыру және енгізуді көздейді.

Салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру. Кешенді салықты жоспарлау кәсіпорындағы қаржыны жоспарлаудың бір бөлігі болып табылады.

Салықты жоспарлау жалпы алғанда салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықты жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.  

Салықты жоспарлаудың негізгі қағидалары мыналар:

  • салық салуды кемелдендірудің барлық тәсілдері мен әдістерінің заңдылығы;
  • салық салуды кемелдендіру схемаларын ендірудің үнемділігі;
  • нақты бір салық төлеушінің қызметіне және ерекшеліктеріне деген жеке қарастыру, әдіс (қатынас);
  • әзірленген салық салу схемалары мен әдістерін қолданудың кешенділігі мен көп варианттылығы.

 

 Салықты жоспарлауды ұйымдастыру төмендегілерден құралады:

  • ұйымның қаржы-шаруашылық қызметтерін алдын-ала талдаудан
  • салықты жоспарлаудың біршама перспективалы бағыттарын айқындау мақсатында әрекеттегі заңнаманы зерттеуден, нақты бір салық төлеушінің салық проблемаларын зерттеуден және талдаудан
  • нақты бір қызмет түрлеріндегі серіктестер мен бәсекелестерге салық салуды кемелдендіру схемаларын зерттеуден, және сонымен қатар, кәсіпорындағы ең тиімді салық салу тәсілдерін қолданудан.

Кәсіпорынға салық салуды кемелдендіру, нақты бір қызмет түріне қатысты немесе белгілі бір ұйымдастыру-құқықтық формасына қатысты салықтарды азайтудың жекелеген схемаларын әзірлеу салық төлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Үнемделіп қалған қаражатты сіз өз бизнесіңізді дамытуға қоса аласыз. Салықты жоспарлау бизнесті ұйымдастыру сатысында тиімдірек болып келеді, себебі, ұйымдастыру-құқықтық формасын, кәсіпорынды тіркеу орнын таңдауға, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын әзірлеуге алдын-ала өте ақыл тоқтата отырып кіріскен тиімді болады. Біз сіздің кәсіпорыныңыздың салықты жоспарлау процесін ұйымдастыруды ұсынамыз. Ол сіздің ісіңіздің гүлденіп, дамуына септігін тигізеді. 

Салықты дұрыс  жоспарлау қызмет аясында мына төменде аталған істерді жүзеге асыруға қол жеткізіледі:

  • салықты реттеу және бизнестің экономикалық қауіпсіздігі критериялары бойынша кәсіпорынның диагностикасы
  • дара тұжырымдама мен бизнес-жобалардың экономикалық қауіпсіздігі бойынша іс-шаралардың жоспарларын әзірлеу
  • басқарушылық шешімдерді қабылдауға көмектесу
  • мәмілелер немесе шаруашылық қызметтің салықтық жоспарлауы
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында бюджетпен есеп айырысу режимін таңдауға көмектесу
  • бизнесті мемлекеттік органдарда тіркеу және қайта тіркеу (заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді)

Салықтық жоспарлау мен болжау қаржылық менеджменттінің негізгі базалық элементі деп қарастыруға болады. Бұл жағдайда қаржы менеджменті кең мағынада қарастырылады. Басқару позициясынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Жалпы мемлекетің қаржы менеджменттінің құрамында негізгі позицияны бюджеттік салық менеджменті алады. Бұл басқару әрекеті, мемлекетік қаржы миистрлігі, есептеу комитеті және басқада басқару органдарымен жүргізіледі.

Жалпы мемлекеттік салықтық жоспарлаудың мақсаты, бюджетке салық төлеушілерінің салықтарының түсуін және қаржы ресурстарын анықтау. Бұл ресурстарды жоспарлауда басқару органдары мүмкіншілігінше жоғарғы деңгейде алуға бағытталады. Бұл процесс қоғам дамуына байланысты жалпы мемлекеттік тұтынушылардың өсуін есептеуге негізделеді. Қаржы қажеттілігінің өсу объективтілігін А. Вагнер енгізген. Көптеген себептерге байланысты мемлекеттік шығындардың өсу

тенденциясы анықталады: халықтың өсуі, қызмет салаларында қажеттіліктің өсуі, өндірістік салада халықтың білім деңгейінің өсуі.

Салықтар бойынша нақты тапсырмалардың өңделуі есепті жылға, бір қатар өзара байланысты әрекеттерді қосады:

- қалыптасқан экономикалық тенденция есебімен салықтық режим варианттарын іздеу;

- оптималды салық салу варианттына баға беру;

- алдағы салық режимдерінің негізділігі,

-салықтық табыстар проектісін есептеу, өткен жылдың бюджеттік орындалуына экспертиза өткізу нәтижиелері есебімен;

- үкімет пен парламент салықтық міндеттемелерді талқылау, олар бюджеттік жіктелуіне сәйкес болуы және бюджет табыстарының соңғы келісімі заңға сәйкес негізінде болуы.

Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге нақты салықтық түсімдердің есебіне үш принципиалды мағыналы қондырғылар үлкен маңызға ие.

1. Салық төлеушімен бюджет арасындағы қарым қатынастардың негативті және позитивті жақтарын жекелеп талдау;

2. Бюджет салық жүйесінде  факторлық талдауды жүргізу,  оның мақсаты  жалпы  салық жүйесінің  әсерін,  жекелеген  салық түрлерінінің қаржы-шаруашылық көрсеткіштеріне керісінше;

3. Экономикалық фискалдық, бюджеттік және салықтық құбылыстардың пайда болу мүмкіншіліктеріне болжамалы баға беру, салық төлеуші мақсатымен бюджет мақсаты арасындағы аймақтық. Оларды толық жою немесе сәйкестендіру мақсатында кешенді шараларды өндеу.

Бүгінгі таңда салық ғылымы бюджеттегі салықтық түсімдердің көлемін болжау әдістерінің арнай тәсілін құрды. Тәжірибеде, салықты болжау мен жоспарлауда жалпыға белгілі және кеңінен қолданылатын дәстүрлі әдістер қолданылады: баланстық, экстрополяциялық, нормативті және тағыда басқалар.

Сонымен, табысты болжау бұл заңмен белгіленген салық пен алымдардың құрылымындағы бюджеттік табысты жоспарлау. Осындай болжаулар негізінен бюджеттік процесте қолданылады, яғни болашақ бюджеттік баланысты анықтау үшін, шығынды жіктеу, қарызды қаржыландыратын құралдар және үлестік принцип негізінде табысты үлғайту.

Табыстың анықтамасын бергенде дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетке табыстың түсім көлемі салық құрылымының өзгерісіне әсерін айқындайды. Табысқа әсер еткен өзгертулерді перспективті жақсартулар деп санауға болады. Мұндай есеп, заң органдарына жеткізімді, яғни енгізілген өзгертулер салық заңдылығында орталық және жергілікті басқару органдарының табысына әсерін айқындайды.

Қаржылық болжамда келесі әдістер қолданылады:

1. экстрополяциялық әдіс (немесе коэффициенттер) қаржылық көрсеткіштерді  динамикалық  қаулы  негізінде  анықтаудан тұрады. Есеп кезінде тұрақты түрдегі өсу немесе төмендеу түзету жетістіктер негізінде жүргізіледі.

2. кең тараған әдістердің бірі ретінде нормативтік әдіс, жоспарлы қаржылық көрсеткіштер бекітілген норма мен нормативтік актілер негізінде жүргізіледі.

Осы айтылған екі негізгі әдістен басқа болжауда кең орын алған баланыстық әдіс болып табылады. Программалық мақсаттық әдіс және кең түрде қолданылатын экномикалық-математикалық моделдеу әдісі.

Баланыстық әдіс шығыс пен қаржылық көрсеткіштер жоспарында өзара қүрылымдағы қайнар көздерімен келісімдік түрде жүргізіледі және де өндірістік, қаржылық көрсеткіштер. Қаржылық банланстың талаптарын сақтау өнеркәсіптен экономиканың барлық салаларын қамтып табыстары мен шығыстарының арасындағы қарама-қайшылықтарды алдын-ала ескертуге мүмкіншілік туғызады.

Программалық - мақсаттық әдіс қаржылық болжаудың ғылыми техникалық бағдарлама әдістерінің бірі ретінде нарық жағдайында дамыту, яғни әртүрлі деңгейде жүзеге асырылады. Есептің әртүрлі варианттылығы экономикалық-математикалық әдістердің қолданылуы кең түрде жүргізілуін қолайлы шешімердің таңдауына әкеліп айқындайды.

 

Нарықтық ерекшеліктерін анықтайтын қозғаушы күш компания  жұмысының нәтижелілігіне тікелей әсер етеді. Осы  қозғаушы күштерді  білу фирмаға мақсатқа жету жолын жасап шығаруға, стратегиясын нақтылауға мүмкіндік береді, осылайша нарықтағы өз орындарын нығайтады. Фирмаға   жақсы әрекет етуі үшін болашақтағы ахуалды алдын ала болжау, ортадағы өзгерістерді тұрақты аңдап отыру және жаңа ағымның арнасына   бейімделу керек. Осыған байланысты нарық жағдайындағы менеджменттің маңыздылығы тіпті артады.

Қаржы саласындағы фирма қызметінің сәттілігі сыртқы да, ішкі де қозғаушы күштердің әрекетіне тәуелді. Айта кету керек, кәсіпкер үшін  өзі өзгерте алмайтын, сондықтан бейімделуге мәжбүр ететін сыртқы жағдайлар ерекше мән-мағынаға ие. Ал фирманың ішкі мүмкіншіліктері сыртқы қозғаушы күштерді тиімді әрекет еткізу үшін пайдаланылады.

И.Т.Балабановтың көзқарасы бойынша менеджмент түсінігін үш жақтан қарастыруға болады: экономикалық басқару жүйесі, басқару органы (басқару аппараты), кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде./ 12/

Менеджменттегі басты нәрсе - басқару нысанының мүдделеріне  сай мақсаттардың қойылуы. Оның қызмет етуінің тиімділігі көбіне қаржы нарығы талаптарының, қаржы жағдайының және басқару нысанының жай-күйінің өзгерістеріне шұғыл әрекет ете білуіне тәуелді.

Жылдар өткен сайын нарықтық экономика күш алып келеді. Онымен бірге шаруашылық үрдісті реттеудің негізгі құрылымы ретіндегі бәсекелестік те күшеюде. Бәсекеге қабілеттілік кез-келген кәсіпорынға оның құзырындағы қаржылық қорлар мен капитал қозғалысын тек қана ұтымды басқаруды қамтамасыз етеді. Кез-келген қорлар шектеулі және жоғары нәтижеге олардың көлемін реттеу есебінен ғана емес,  ең алдымен, қорлардың әртүрлі түрлерінің үйлесімді арақатынасына қол жеткізу арқылы  да жете алады.

Корпоративтік салық менеджментінің салықтық жоспарлау теориялық негіздері мен нысандары