Кредиттің қажеттілігі және оның мәні

КІРІСПЕ:

 

 

 

Бұл жұмыстың басты мақсаты; кредиттің қажеттілігі және оның мәнін ашу туралы, қызметі және формалары мен түрлерін анықтау, еліміздегі кредит жүйесін талқылау. Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:

  • Кредиттің мәнін анықтау;
  • Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары;
  • Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаттарының бағытын талдау;
  • ҚР-дағы ақша-кредит саясатының 2015 жылға арналған негізгі бағыттары;
  • 2015жылғы ақша-кредит саясатының құралдары;

 

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының басты  мақсаты - Ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық зкономика аумағында жинақталған ақша кредит қарым- қатынасының, банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек.

Кредиттің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни кредиттік қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Кредит ақшасын жарату, алу және оны пайдалану қайтарым негізінде жүзеге асады. Кредиттелген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық – кредиттік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

Кредит объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Кредит ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және кредит берушілер мен қарызға алушылардың арасындығы қарымқатынасты білдіреді.

Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен еркін ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын кредит капиталына айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Кредиттің қажеттілігі және оның мәні:

      Кредиттің қажеттілгі және кредит қатынастарының пайда

             болуы және оның мәні:

 

 

 

 Кредит - ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «кредит» деген « kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum » деген сөзден шығады.

     Кредиттің мүмкіндігін шындыққа айландыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, кредит келісімінің қатысушылары – кредит беруші мен қарызға алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек.

Екіншіден, егер кредит берушы мен кредит алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда кредит өте қажет болады. Кредит келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушалары міндетті түрде кредитке өзара қызығушылық танытулары керек.

Кредит беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, кредитке ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан- оны алуда кредиттік қарым-қатынастар туындайды.

 

     Кредиттің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, кредиттердің барша түрі формалардан тәуелсіз көрсетуі керек:

-кредит келісімі тұтасымен алғанда  кредиттің мәнін ашуы керек. Егер  бір келісімде кредит қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;

-кредиттің мәнін талдауда кредиттің  құрылымын, қозғалыс сатыралын, кредиттің  негізін қарастырған жөн.

Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

• қайта бөлу;

• айналыс шығындарын үнемдеу;

• айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

 

 

 

• капиталдың шоғырлануын жеделдету

• ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі əкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады. Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мəнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды. Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жəне төлем айналымына да ықпал етеді. Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді. Несиенің ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету қызметі ғылыми- техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кəсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта жəне ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.

Несиенің формалары, оның құрылымымен жəне белгілі бір дəрежеде несиелік қатынастардың мəнімен тығыз байланысты келеді. Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, əр алуан сыртқы жəне ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады. Несиенің екі формасы бар: тауарлы жəне ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені – банктік деп атайды. Қалған несиенің түрлері осы екі формасыың тəжірибеде қолдануынан туады. Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. 66 Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу. Мұнда қарыз алушы да жəне оны берушілер ретінде кəсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куəландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады. Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей: • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады; • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі; • қарыз капиталы өнеркəсіптік немесе сауда капиталымен байланысты; • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады; • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мəміленің заңи түрде рəсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады. Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк жəне арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кəсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу. Несиенің түрлері коммерциялық жəне банктік несиеден туындайды. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне əр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

I. Қарыз алушылар категорияларына  қарай:

1. Қаржылық институттарға берілетін  несиелер:

• мақсатты қорларға;

• банктерге;

• қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

• өнеркəсіп салаларына;

• ауыл шаруашылығына;

• саудаға;

• дайындау ұйымдарына;

• жабдықтау-сату ұйымдарына.

• кооперативтерге;

• жеке кəсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін  несиелер.

II. Мерзіміне қарай:

• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

• орта мерзімді (1 жылдан 3 –5 жылға дейін);

• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. Тағайындалуы жəне пайдалану  сипатына қарай:

• негізгі қорларға жұмсалатын;

• айналым қаражатына жұмсалатын.

IV. Қамтамасыз ету дəрежесіне қарай:

Қамтамасыз етілген:

• кепіл-хатпен,

• кепілдемемен;

• кепілдікпен Сақтандырылған. Қамтамасыз етілмеген:

• сенім (бланктік)несиесі.

V. Қайтарылу дəрежесіне қарай:

1) Стандартты несие - қайтарылу  уақыты жетпеген, бірақ қайтуында  ешқандай күмəн жоқ несиелер;

2) Күмəнді несиелер - қайтарылу  уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған  жəне банк үшін тəуекел туғызатын  несиелер. Соңғы қабылданған активтердің  жіктеу ережесіне сəйкес, күмəнді  несиелер ішінара бөлінеді:

1- санатты күмəнді,

2-санатты күмəнді,

3-санатты күмəнді,

4-санатты күмəнді,

5-санатты күмəнді.

3) Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты  кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар  шотына жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне қарай: •  ұлттық валютамен; • шетел валютасында.

VII. Берілу шартына қарай:

1. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға  тұтыну тауарларын сатып алу  үшін жəне тұрмыстық қызметтерді  өтеуге берілетін несие.

2. Ипотекалық несие – бұл  қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын  үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді  жəне т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

3. Овердравт несиесі – клиенттің  шотынан қаражатты шегеру, дебеттік  қалды бойынша берілетін қысқа  мерзімді несиенің формасы.

4. Овернайт несиесі – өтімділікті  қолдау мақсатында бір түнге  берілетін банкаралық несиенің түрі.

5. Онкольдық несие – кредитордың  алғашқы талабы бойынша өтелетін  қысқа мерзімді несие.

6. Банкаралық несие – банктердің  бір-біріне беретін несиесі.

7. Ломбардтық несие – тез  іске асатын бағалы заттарды  немесе бағалы қағаздарды кепілге  алып, берілетін несие.

8. Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды  жалға алумен байланысты берілетін  несие.

9. Рамбурстық несие – шикізаттарды  ішке алып кіру жəне жартылай  фабрикат жəне дайын өнімдерді  сыртқа шығару тəжірибесінде  пайдаланылатын несие.

10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

11. Маусымдық несие – жабдықтаушының  қаржыландыру уақыты мен түсімді  алу мерзімі арасындағы уақыт  бойынша алшақтықты жабуға араналған  несие.

ІХ. Несиелеу объектісіне қарай:

• меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

• материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына:

• сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;

           •  азаматтардың жеке қызметтері  үшін шикізаттар, материалдар, құралдар жəне басқа да мүліктер алуына;

• ломбардтық, кепілдік жəне ссудалық операцияларға;

• театрлар жəне демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге; • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

• тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға. Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай тəуелділік, əсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда. Тұтыну несиесінің дамуы əр түрлі елдерде əр қалай дəрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда -30%-

 

 

ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тəжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиhаздарды жəне т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мəселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мəселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рол атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу жəне пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс. Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады. Екінші деңгейдегі банктер тəжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда: - автомобилдік несие; - ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие; - тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие; - кейінге қалдымайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу жəне т.с.с) берілетін несие Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа жəне жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады. Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

• жиһаз;

• сантехника;

• аудио-видео-жəне тұрмыстық техникалар;

• компьютер жəне оргтехника;

• басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде жəне сыртында құрылыс жəне басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

 

ҚР-ғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы төмендегідей сызбамен берілген.

 

  • Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

 

-         өндіріс көлемін өсіру;

-         толық жұмысбастылық;

-         инфляцияны төмендету.

 

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

1.  Ашық нарықтағы операциялар.  Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2.   Резервтік норманы өзгерту  - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

3.  Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк  несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану

 

– мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады.  Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4.  Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

 

 

 Несиелік белсенділікті басқару

 

 

Арзан ақша саясаты

Қымбат ақша саясаты

Қолданылады:

Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда

Жоғары инфляцияда

Іс-әрекеттер:

Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын төмендету, процентік мөлшерлемесін төмендету

Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды ашық нарықта сатады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын көтереді, процентік мөлшерлемесін көтереді.

Нәтиже:

Ақша ұсынысы молаяды, процентік мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді, ұлттық өнім өседі

Ақша ұсынысы қысқарады, процентік мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады.


 

     Несиелік қатынастары құнда қағаздар нарығы арқылы жүзеге асады. Құнды қағаздар нарығында келісім объектісі ретінде құнды қағаз болып саналады. Құнды қағаз нарығының пайда болуының басты себебі – кәсіпкерлік қызметте қаржы ресурстарының жетіспеуіне орай кәсіпкерлікпен айналыспайтын басқа адамдар тобынан қаражат тарту. Қазіргі кездегі негізгі құнды қағаздар түрлері: акция, облигация, вексель, сертификат.

     Акция – бұл иеленушіге акционерлік қоғам пайдасынан дивилент түрінде пайданың бір бөлігін алуға, оны басқаруға қатысуға және оны таратқаннан кейін қалған мүліктің бөлігін иемденуге құқық беретін қағаз. Ол мерзімсіз, яғни оны айналысқа  шығарған акционерлік қоғам жойылғанша болады. Акциялар жай және пұрсатты деп бөлінеді.

     Жай (қарапайым) акция пұрсатты акциядан келесі белгілері бойынша ажыратылады:

-         акционерлер жиналысында дауыс беруге құқық береді;

-         дивидент көлемі акционерлік қоғамның пайдасына байланысты болады (белгілі % көлемінде);

-         олар бойынша дивидент тек пұрсатты акцияларға дивидент төленгеннен кейін жүргізіледі.

     Пұрсатты акция иеленушіге дауыс бермейді, олар бойынша дивидент көлемі алдын ала белгіленеді.

Келесі құнды қағаз түрі облигация. Облигация – иеленуші мен эмитент арасындағы қарыз қатынасын көрсететін құнды қағаз. Облигацияларды мемлекет, акционерлік қоғам, жеке кәсіпорындар шығара алады. Оның акциядан ең басты ерекшелігі – ол эмитенттің қарыз міндеттемесін көрсетеді. Оны төлеу міндеті эмитент мүлкімен қамтылған. облигация белгілі бір мерзімге (1 жылға дейін), орта және ұзақ мерзімді болады.

     Облигациялардың бірнеше түрі бар. Көп жағдайда облигацияларға тұрақты процент түрінде табыс төленеді, оны купон деп атайды. Купондық емес облигацияны дисконттық облигация деп аталады.

     Вексель – бұл оны иеленушіге көрсетілген соманы вексель берушіден төлеуін талап етуге құқық беретін құнды қағаз міндеттемесі ең алдымен, вексель несие құрамы, оны сонымен бірге есеп айырысу құралы ретінде пайдалануға болады. 

Коммерциялық вексель дегеніміз - өнім сатып алушы сатушымен есеп айырысу үшін ақша қаражаты жоқ болса, онда сатып алушы белгілі мерзім ішінде көрсетілген соманы төлейтіні туралы міндеттеме вексель жазып береді. Яғни сатып алушыны несиелеу деген сөз, соған байланысты вексель сомасында несие үшін процентте қосылады. Вексельдің қарапайым түрі – вексель берушінің вексель ұстаушыға көрсетілген соманы белгіленген мерзімде міндетті түрде төлеуі туралы құжат.

Ауыспалы вексель (тратта) – вексель берушінің көрсетілген соманы белгілі мерзім мен орында төлеушіге вексель ұстаушыға төлеуі туралы берген ұсынысы.

     Банк сертификаты – бұл банкке ақша салғанын және инвесторға қағаздың номиналды құнымен проценталуына мүмкіндік беретін құнды қағаз.  Жинақ және депозиттік сертификат заңды тұлғаларға жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналған.

     Қазақстанда құнды қағаз нарығының алғашқы элементтері 1991 жылы калыптасты. Сол жылы Қазақстан Республикасында құнды қағаздармен жасалатын операцияларға реттейтін заң қабылданды. Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамытуға әсер ететін «Құнды қағаздар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз ету туралы», «Инвестициялық қорлар туралы» заңдар қабылданды.

 

 

 

  • Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаттарының бағытын талдау:

Пайыздық саясат  ақша-несие саясатының бағыттарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты - теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.

Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға- шетел валютасына деген шектен тыс сұранысы азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының  қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері  мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың  бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.

Несие операциялары Ұлттық банкпен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелерҮкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған несиелердің 75 %  несиеге берілген. Сонымен бірге бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. тенге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17 %  несиесін құрады.

Директивті несиелердің айналысында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару  бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы Министрлігі және Экономика Министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық оргондарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд. теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1994 жылы 1,8 млрд. теңгесі ғана қайтарылды.

Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты.

Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылық салалардың кәсіпорындарының қаржы мәселесін шешудің  сәтсіз аяқталуы нәтижесінде 1995 жылдың ақпаннан бастап, директивті несиені беру тоқтатылды.

1994 жылғы ақпан-көкек айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері  мен өзара талаптарын республика  ішіндегі шаруашылықаралық есепке  алу арқылы төлемсіздік мәселесін  шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6 %-ға ал көкек айында – 56,4 %-ға өсті.

Төлемсіздікті шаруашылық аралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға  әсер ететін факторды - бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эммиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді  кеңейтуге мән  береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің  бағалы қағаздары жатады.

Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қлма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.

Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу формасы бойынша тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Ұлттық банкпен  бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін міндетті түрде алдын-ала белгіленген баға бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек. Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Ұлттық  банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күнімен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың  қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады.

Бұның бәрін  Ұлттық банк айтылған  операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Ұлттық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса , банктердің несие ресурстарының  мөлшері шектеледі және керісінше.

Ұлттық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия  көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.

Кредиттің қажеттілігі және оның мәні