Криминалистика. 4
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Қылмыстық процеске қатысушылар ұғымы. Олардың жіктелуі
1.2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде
1.3. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен
лауазымды адамдар
1.4. Өз құқықтары мен мүдделерiн немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi
қорғап процеске қатысушылар
1.5. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.1. Қылмысгық процеске қатысушылар ұғымы. Олардың жіктелуі
Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және занды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен оргаңдарды түсіну қерек.
Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар.
Айырмашылық - сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында.
Сонымен бірге "процеске қатысушылар" категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада түсінілуі:
- заңды бір ізге салу;
- заңды әмбебаптандыру;
- заң бұзылуының алдын алу;
- құқық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету
мақсаттарында маңызды.
Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:
1) сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
2) түрлі қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
I. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.
Бұл топ екі шағын топқа бөлінеді:
1) сот;
2) қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).
II. Өздерінің немесе өздері білдіретін қүқықтар мен мүдделерді корғайтын процеске қатысушылар (сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).
III. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де түлғалар. Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.
Бірінші шағын топ - дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар. Оларға жататындар: куәлер мен сарапшылар;
Екінші шағын топ - іс жүргізу әрекетгерін жүзеге асыру үшін тартылатын процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларының кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері және т.б.;
Үшінші шағын топ - сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орындау сатысында пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге қатысатын мекемелер мен ұйымдар. Бұл шағын топ құрамына мыналар кіреді: үкімдер мен қаулылардың нақты орындалуын жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушыны ауруына, мүгедектігіне байланысты босату немесе оны ауруханаға орналастыру туралы қорытынды берген дәрігерлік комиссиялар өкілдері және т.б.
1.2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде
Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі - сот.
Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны сот билігі органы деп белгіленген.
Соттың процестегі басшылық рөлі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақты шешу жөніндегі функциясымен айқындалады.
Сот функциясы мазмұнына мыналар кіреді:
а) істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау;
ә) істің нақты жағын (объективті ақиқатты) анықтау;
б) егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысынан баға беру және жазалау шарасын
белгілеу;
в) егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе сотталушының кінәсіз
екені анықталса, сотталушыны ақтау;
г) заңды негіздер бар болса, істі қысқарту.
Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзыреттілігі және бейтараптылығы заңмен
белгіленген ережелердің сақталуымен қамтамасыз етіледі:
- қылмыстық істердің соттылығын анықтау;
- нақты қылмыстық істерді қарау үшін соттың құрамын жасақтау;
- судьяларды бөлу;
- істі шешу функциясын айыптау және қорғау
функциясынан бөлектеу.
Заңда қылмыстық істерді
қараудың екі түріне жол берілген:
1) судьяның жеке өзі;
2) үш судьядан, соның ішінде төрағалық етушіден тұратын судьялар алқасы. ,
Бәсекелесуші тараптар жөнінде сот бейтараптылығының маңызы мынада:
- істі толық, жан-жақты жөне объективті қарау үшін қажетті жағдайлар жасау;
- заңдылықтың сақталуына жәрдемдесу;
- процеске қатысушыларда сот әділдігіне сенім қалыптастыру;
- процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін пәрменді түрде қорғау
1.3. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар
1. Прокурор
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі қадағалау функциясының мазмұнына мыналар жатады:
1) жедел-іздестіру қызметін
2) тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау;
3) сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру;
4) орындалу ісінің заңдылығын қадағалау;
Заңдылықты қадағалаумен қатар прокуратура органдары қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады, істерді сот барысында талқылауға қатысады, мемлекеттік айыптауды да қолдап отырады.
Мұндай міндеттерге мыналар жатады:
1) әрбір істі жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп, қарау үшін заңда көзделген шараларды қолдану;
2) айыпталушының қорғануға деген құқығын, оның жеке және мүліктік құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
3) әрбір қылмыс жасаған адамның заңды және әділетті түрде жазалануын және кінәсі жоқ жерде бірде бір адамнын, сотталмауын қадағалап, қылмыстық ізге түсу мақсаттарына қол жеткізу;
4) азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік,
қоғамдық және жеке
Прокурор мәртебесінің ерекшелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріменде анықталады (83-бап), оған сәйкес прокуратура органдары өз өкілеттілігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз түрде жүзеге асырады және заңға ғана бағынады.
Қылмыстық іс жүргізудін құқықтық қатынастар жүйесіндегі прокурор мәртебесінің мазмұны оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығына байланысты мынадай жағдайлармен айқындалады.
1. Прокурор іс жүргізу аяқталған қылмыстық іс бойынша шешім қабылдауға құқығы бар.
2. Іс жүргізудің жекелеген сатыларында прокурордың істі шешу жөніңде ешқандай құқықтары болмайды.
3. Қадағалау қызметінің
Істің мән-жайьш тергеу функциясы, әдетте, тергеушіге және аныктау жүргізетін түлғаға жүктеледі.
4. Прокурор қылмыстық істі қозғауға құқығы болса да қылмыстық істі қозғаудың заңдылығына қадағалау жүргізуге міндетті.
5. Прокурор, басқа да іске қатысушылар сияқты, сотта қаралатын нақты іс шегінде сот бақылауында болады.
6. Прокурор сотта ештеңе де шешпейді, ол тек сот тергеуіне белсенді қатысу жолымен айыптауды дәлелдеңді.
2. Тергеу бөлімінің бастығы
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу бөлімінің бастығы дегеніміз - алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және өздерінің құзыреті шегінде жұмыс істейтін оның орынбасарлары. Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы:
- қылмыстық іс қозғау туралы
және өзге де қосымпа
- тергеу жүргізу бөлімі бастығының қылмыстық іс жүргізу бойынша тергеуші іс-қимылының мезгілінде болуына бақылау жасауда, тергеушілердің алдын ала тергеу мен қамауда ұстаудың мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
- тергеу бөлімінің бастығы прокурордың нұсқауларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
- ҚІЖК белгілеген жағдайларда басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуы үшін бақылау жасанды.
- оған негіздер болған жағдайда тергеушіні іс жүргізуден шектету;
- алдын ала тергеуді жүзеге асыратын өзіне бағынатын органның тергеу бөлімшелерінің бірінен қылмыстық істі алып, алдын ала тергеуді жүзеге асыратын осы немесе өзге де өзіне бағынышты органнан басқа тергеу бөлімшесіне беру.
- белгіленген тәртіппен одан әрі шаралар қабылдау үшін аяқталған кылмыстық істі прокурорға жіберу;
- қыллмыстық істерді қозғау және оларды өзінің іс жүргізуіне қабылдау, бұл орайда тергеушінің өкілеттілігін пайдалана отырып, алдын ала тергеуді жеке жүргізу.
Тергеу бөлімі бастығының қызметін реттеу екі деңгейдегі сипатта болады. Алғашқы деңгейі - заң тұрғысьында сипатталады. Ол өзіне ҚІЖК-тің 63-бабының ережелерін қамтиды. Екінші деңгейі - ІІМ-нің ҰҚК-тің тергеу аппараттарыньщ қызметін реттейтін ведомстволық нормативтік актілер. Тергеушінің өкілеттіктерін жүзеге асырумен қатар тергеу бөлімінің бастығы қылмысты ашу және алдын алу жөнінде өзіне бағынышты тергеушілердің іс-қимылының уақтылы болуына бақылау жасауды жүзеге асыруға, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудің мейлінше толық, жан-жақты және объективті түрде жүргізілуіне шаралар қабылдауға міндетті.
Тергеу бөлімі бастығының процессуалдық
бақылау қызметіне мыналар
— қылмыстық істі қозғаудың уақытында болуын әрі негізділігін тексеру;
— алғашқы тергеу іс-қимыддарын жүргізудің нәтижелілігін және олардың қылмысты ашу мен тергеудегі маңызын анықтау;
— күдік тудырушыны ұстаудың заңдылығын мен негізділігін таңдап алынған бұлтартпау шараларының оларды қолданудың процессуалдық шарттарына сәйкестігін анықтау;
— айыпталушы ретінде адамды жауапқа тартудың заңдылығы мен негізділігін тексеру;
— алдын ала тергеуге қатысушылардың процессуалдық құқықтарын қамтамасыз етуді талдау, заң бұзушылықтарды жою;
— қажет болған жағдайда істі тергеудің жан-жақтылық, толықтылық және объективтілік талаптарын орындау жөніндегі шараларды қабылдау;
— қылмыс келтірген материалдық зияның орнын толтыруды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші қабылдаған шаралардың сәйкестігін анықтау;
— іс жүргізуді тоқтата тұру туралы немесе қысқарту туралы тергеуші қаулысының заңдылығы мен негізділігін тексеру.
3. Тергеуші
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64-бабьшың 1-бөлігіне сәйкес тергеуші - өз құзыреті шегінде (ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі) қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілетті қызмет адамы.
Тергеушінің негізгі мақсаты - істі тергеу болып табылады. Тергеушінің процессуалдық жағдайы оның қылмыстық сот ісін жүргізудегі функцияларымен байланысты, соңғысының сипатында мыналар көрінеді:
1) қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау.
2) істің жай-күйін зерттеу.
3) айыпталушы ретінде адамды жауапқа тарту.
4) қылмыс жасады деп негізсіз
айып тағудан кінәсіздерді
5) қылмыстан келген материалдық зиянның орнын толтыруды және мүлікті тәркілеуге қатысты үкімнің орындалуын қамтамасыз ету.
6) қылмыстың жолын кесу және қылмыс жасауға жәрдемдесетін жағдайларды жою үшін шаралар қабылдау.
7) тұрын жатқан жері белгісіз айыпталушыларды іздестіру.
8) сотқа дейінгі кезеңдерде
Тергеушінің аталған функциялар жиынтығын жүзеге асыруында мынадай ерекшеліктер бар.
1. Функциялардың бәрі де өзара байланысты. Бір функцияларды орындаудың нәтижелері келесі функцияларды жүзеге асырудың сипатына ықпал етеді.
2. Функцияларды жүзеге асыру тергеушінің өзге де процеске қатысушылармен өзара іс-қимылы жағдайында ғана орын алуы мүмкін. Өзара іс-қимылдың сипаты қүқықтық қатынастарға қатысушының мәртебесіне байланысты.
3. Процеске қатысушылардың бәрін де құқықтарымен қамтамасыз ету және оларға міндеттер жүктеу тергеушінің өз функцияларын орындауының алғышарттары болып табылады.
4. Тергеушінің заңды талаптарын кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауының міндеттілігі заңда көзделген.
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі принципі. Бұл принщштің мәні мыналардан көрінеді:
— тергеудің бағыты және тергеу ісін жүргізу туралы барлық шешімді тергеуші дербес түрде қабылдайды, бұған занда көзделген прокурордың санкциясын алу жағдайлары кірмейді;
— тергеу ісін жүргізу туралы қабылданған шешімдердің заңдылығы мен дер кезділігі үшін тергеуші толық жауапты болады;
— тергеуші дәлелдерді өзінің көзқарас сенімі бойынша бағалайды, ал көзқарас сенімі істің барлық мән-жайын олардың жиынтығында жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделеді.
Процеске қатысушылар мен өзге де адамдарың қауіпсіздігін қамтамасыз ету принципі. Бұл принциптің мазмұнына мыналар жатады:
— жеткілікті мәліметтер болған жағдайда жәбірленушінің, куәгердің және іске қатысушы басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туысқандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей шаралар қабылдау;
— процеске қатысушылардың өміріне, денсаулығына, абыройына, ар-ожданына және мүліктерінің сақталуына қауіп төндірген кінәлі адамдарды анықтау, оларды занда көзделген жауапкершілікке тарту.
4. Аныктау органы
ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес анықтау органы қылмыстық ізге түсу органдарына жатады. Заң шығарушы анықтау органдарының егжей-тегжейлі тізбесін белгіледі (ҚІЖК-нің 65-бабының 2-тармағында), оған мыналар жатады:
1) ішкі істер органдары;
2) ұлттық қауіпсіздік оргаңдары;
3) әділет органдары;
4) салық полициясың органдары;
5) кеден органдары;
6) әскери полиция органдары;
7) шекара бөлімдерінің
8) әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
9) Қазақстан Республикасының дипломатиялык өкілдіктерінің консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
10) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;
11) алысқа жүзу сапарында жүрген теңіз кемелерінің капитандары, геологиялық барлау партияларының, 1-10-тармақтарда аталған, анықтау органдарынан алыс жатқан басқа да мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшылары - көлік қатынастары жоқ болған кезең ішінде.
С. В. Болотиннің пікірі бойышпа: "Анықтау органының іс жүргізу мәртебесін иемденуі үшін төмендегідей құқықтық алғы-шарттардың болуы қажет:
— заң белгілеген тәртіппен мемлекеттік басқару органын құру;
— адамды қызметке (оның ішінде осы органның басшысы қызметіне) тағайындау;
— аталған басқару органының анықтау жүргізуге арналған өкілеттілігінің қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленуі".
Анықтау органы ұғымы мыналарды қамтиды:
— ҚІЖК-нің 65-бабында көзделген анықтау органын қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының, қылмыстық процестің қатысушысына телу;
— анықтау нысанында ізге түсіруді жүзеге асыратын қылмыстык ізге түсу органы үшін көзделген құқықтар мен міндеттердің барлық жиынтығын ҚІЖК-нің 65-бабында қам-тылмаған кез келген органға қолдану;
— анықтау органының негізгі қызметінің мазмұнына байланысты қылмыстық істердің тергеуге жататындығын саралау.
Анықтау органдарының міндеттері мыналар болып табылады:
— заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстың алдын алу және онымен күресу;
— қылмысты тез және толық ашу;
— қылмыс жасаған адамдарды анықтау және оларды әшкерелеу;
— әрбір қылмыс жасаған адам әділетті жазаға тартылатындай және кінәсіз адамның ешқайсысы да қылмыстық жауапкершілікке тартылып жазаланбайтындай етіп заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;
— қылмыс келтірген зиянның сипаты мен көлемін анықтау және азаматтык талапты немесе мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау.
5. Анықтаушы
ҚІЖК-нің 67-бабында көрсетілгеніндей, анықтаушы - өзінің құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті қызмет адамы. ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес анықтаушы - бұл анықтау органы.
Қылмыстық іс жүргізу заңы анықтаушының мынадай құқықтарын қарастырады:
— тергеу ісін жүргізу үшін прокурордың санкциясы немесе сот шешімі қажет болатын жағдайларды есептемегенде қылмыстық ізге түсуді бастау және тергеу ісін жүргізу туралы дербес түрде шешім қабылдайды;
— алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істер бойьшша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда қылмыстық іс қозғай алады;
— шұғыл тергеу ісін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе алады;
— тергеліп жатқан іс бойынша куәгерлер және жәбірленушілер ретінде олардан жауап алу үшін, сондай-ақ мамандар немесе сарапшылар ретінде іске тарту үшін кез келген адамды анықтау органына шақыра алады;
— мекемелерден, кәсіпорындардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан іс бойынша жағдайды анықтау үшін қажетгі заттарды және құжаттарды көрсетуді талап ете алады;
— тиісті адамдарды жәбірленушілер, азаматтық талапкерлер, олардың өкілдері және азаматтық жауапкердің өкілі ретінде тани алады, адамды азаматтық жауапкер ретінде тарта алады;
— айыпталушыға (сезіктіге) қатысты бұлтартпау шараларын қолдана алады;
— қылмыстық істерді біріктіре алады және жеке іске бөліп қарай алады;
— заттық айғақтарды іске тіркей алады;
— алдын ала тергеу жүргізу міңдетті емес істер бойынша айып таға алады және адамнан айыпталушы ретінде жауап ала алады;
— айыптау қорытындысын жасаумен істі аяқтай алады не алдын ала тергеу міндетті емес іс бойынша істі қысқарта алады немесе тоқтата алады.
Анықтау жүргізуші міндеттерінің қатарына мыналар жатады:
— іске қатысушы адамдарға олардың құқықтарын түсіндіру және осы құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
— процеске катысушылардың және өзге де адамдардын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау;
— анықтау және алдын ала тергеудің деректерін әйгілемеуді қамтамасыз ету;
— заңсыз іс-әрекетпен тұлғаға келтірілген зиянның орнын толтыруға шаралар қабылдау;
— азаматтық талапты қамтамасыз ету;
— мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету;
— іс үшін маңызы бар жағдайларды зерттеу туралы өтініштерді қанағаттандыру.
1.4. Өз құқықтары мен мүдделерiн немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi
қорғап процеске қатысушылар
1. Сезікті
ҚІЖК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес сезікті дегеніміз – өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. 1) оған қатысты іс қозғалған; 2) қылмыс жасады деген күдікпен ұстал-ған адамды; 3) айыптау табыс етілгенге дейін бұлтартпау шаралары қолданылатын адамды білдіреді. Сонымен бірге сезікті дегеніміз - қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының бірден-бір қатысушысы, оның мәртебесі - адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесінде немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді.
Сезіктінің процесте пайда болуының заң белгілеген негіздері оның әрбір қылмыстық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады.
Сезікті - өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың тізбесін ашатын маңызды процессуаддық тұлғалардың бірі.
Сезіктінің жағдайы ұстаудың шекті мерзімі - жетпіс екі сағатты сақтау туралы заң талабымен күшейе түседі. Сезіктіге бұлтартпау шараларын қолданған жағдайларда адам сезікті жағдайында он тәуліктен астам бола алмайды. Аталған мерзімдердің аяқталуы төмендегі шаралардьщ бірін қолдануды талап етеді:
— сезіктіні қамаудан босату;
— таңдап алынған бұлтартпау шараларын жоққа шығару;
— адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
Сезіктенушінің төмендегідей:
— өзін неге байланысты күдікті деп санайтындығын білуге құқығы бар.
— өзіне карсы күдік бойынша түсініктер мен жауаптар беруге, түсініктер мен жауаптар беруден бас тартуға құқығы бар.
— дәлелдер келтіруге құқығы бар.
— қалау-тілектерін және қарсылық білдіруін мәлімдеуге құқығыбар.
— ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауаптар беруге құқығы бар
— аудармашының көмегін тегін пайдалануға құқығы бар;
— өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу жұмысының хаттамаларымен танысуға және сол хаттамаларға ескертулер жасауға құқығы бар.
Сезіктінің оқиға болған орынды қарау, процестің өзге де қатысушыларынан жауап алу сияқты тергеу істеріне, басқа да іс-әрекеттерге қатысуы ықтимал қателерді уақтылы жоюға мүмкіндік береді;
— соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушыньщ іс-әрекеті мен шешіміне шағымдар келтіруге құқығы бар;
— өз өтініші бойынша қорғаушының қатысуы кезінде жауап беруіне құқығы бар.
2. Айыпталушы
ҚІЖК-нің 69-бабының 1-бөлігі негізінде айыпталушы деп айыпталушы ретіңде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған адамды не сотта жеке айыптау мен қылмыстық іс қозғалған адамды, сондай-ақ анықтау органының бастығы оған қатысты айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адамды білдіреді.
Сонымен "сезік" пен "айып" категорияларының мазмұнындағы айырмашылық айыпталушының процессуалдық жағдайының ерекшеліктерін тұжырымдауға мүмкіндік береді:
— процестің кезеңіне қарамастан айыпталушы қылмыстық іс жүргізу қызметінің қатысушысы болып табылады;
— "айыпталушы" ұғымы "кінәлі" ұғымымен сәйкес келмейді және айыптау дегеніміз жиналған дәлелдер негізінде қалыптасқан сенімнің нәтижесі;
— алдын ала тергеу кезеңінде айыпталушы тікелей белсенді түрде тергеуге қатысуға құқылы емес; дәлелдер келтіру құқығы - айыптаудан қорғануды жүзеге асыру нысандарының бірі.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде айыпталушының мынадай құқықтары бар (ҚІЖК-нің 69-бабы):
— өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін амалдармен және тәсілдермен қорғауға;
— қорғануға даярлану үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндік алуға;
— қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы шұғыл түсінік алуға;
— не себепті айыпталып отырғанын білу және өзін айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесін алуға;
— тағылған айып бойынша түсінік пен жауап беруге;
— жауап беруден бас тартуға;
— дәлелдер келтіруге;
— қалау-тілектерін мәлімдеуге;
— іс аяқталғаннан кейін тергеудің барлық материалдарымен танысуға;
— қорғаушы қызметін пайдалануға, онымен оңаша және кұпия түрде кездесуге;
— алғашқы сатыдағы сотта соттық талқылауға қатысуға;
— қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
— анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың іс-қимылы мен шешімдеріне шағымдар айтуға;
— соңғы сөз құқығын пайдалануға;
— өзі берген жауаптарды өз қолымен жазуға;
— бетпе-бет кездесу кезінде сұрақтар қоюға;
— өзінің қалау-тілегі бойынша немесе қорғаушының не заңды өкілінің қалау-тілегі бойынша жүргізілетін жекелеген тергеу іс-қимылының барысына қатысуға;
— қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтары мен мүдделеріне ықпал ететін іс жүргізушілік шешімдердің қабылданғаны туралы хабар алуға;
— ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауаптар беріп, түсінісуге;
— аудармашының көмегін ақы-пұлсыз пайдалануға;
— сарапшыға сұрақтар қоюға, сараптама тағайындалғаны туралы қаулымен, сараптама қорытындыларымен танысуға;
— тергеу аяқталғаннан кейін істегі барлық материалдармен танысуға және ондағы кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
— ақтамайтын негіздермен істі тоқтатуға қарсы қарсылық білдіруге;
— жария соттық талдауды талап етуге.
Айыпталушының құқықтарына сотталушының, сотталғанның құқықтары жатады, өйткені аталған қатысушылардың кұқықтық қатынастарына қатысты іс жүргізушілік метаморфо-за туралы әңгіме болып отыр:

- Криминалистика
- Криминалистика
- Криминалистика
- Криминалистика в дореволюционной России
- Криминалистика в зарубежных странах
- Криминалистика в системе научных знаний
- Криминалистикадағы люминесценция
- Криминализация во внешнеэкономической деятельности. Роль ОВД в их решении
- Криминализация в экономике
- Криминализация молодежных субкультур
- Криминализация российской экономики и экономическая безопасность России
- Криминализация экономики России как угроза экономической безопасности государства
- Криминалистика
- Криминалистика