Кәспорын табысы

Ұлы жиын демекші, мәртебелі басқосудың соқталысы «ҚазЭнержи» Еуразиялық форумы өтті Астанада. Қуат көзі қашаннан тіршілік нәрі сияқты аса қат, аса құнды, қастерлі. Сондықтан ғой, «Қуатты қайдан аламыз?» деген асқан өзекжарды, тағдыршешті сауалға жауап іздеген кез-келген алка-қотан отырыстың орны ерек. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жиында әлемге әмірін салып, билігін жүргізген 58 жуан компанияның белді-белді өкілдері бас қосты. Қуат көзі дегенде ең алдымен жанар-жағар майдың түйткілі кесе көлденеңдейді. Астаналық аузы дуалы шенеуніктердің шақшадай басын шарадай еткен биылғы басқатырғаны осы.   

«Ештен кеш  жақсы» демейтін бе еді? Бүгінгідей бензин тапшылығына тап келмес үшін, қазақ Үкіметі төртінші мұнай өңдеу зауытын салмақшы. Кәсіпорынның нақты қай аймақта салынатыны белгісіз әзірге. Белгілісі – мерзімі. 2020 жылға қарай сәтін салса іске қосылса, елде бар ендігі 4 бірдей шикізат өңдейтін өнеркәсіп орындары ішкі нарықты 17 млн. 5 мың тонна бензинмен қамтамасыз етеді. Ол ашылғанша, қалған үш зауыт жаңартудан өтпек.  

«ҚазЭнержи» Еуразиялық форумы әлемдік 58 алпауыт компанияның  басын босқа қосып отырған  жоқ. Мұнай мен газды өндіру және оны өңдеу, жаңа қуат көзін іздестіру, қауіпсіз атом энергиясын өндіру сияқты өзекті мәселенің бәрі осы форумда көтеріледі. Яғни, жаһандық мәселелер қамтылған. Сондықтан да бұл форумда шетелдік компаниялар белсенділік танытуда.  

Гюнтер  Оттингер, Еуропалық  одақтың энергетика жөніндегі комиссары  

Еуроодақ  қазақ елін Транскаспийлік газқұбыры жобасына қатысуға шақырады. Мұндай ұсынысты Еуроодақ басқа елге бірінші рет жасап отыр. Оңтүстік коридорды дамыту бәріміз үшін тиімді. Еуропа елдеріне мұнай өнімдері тікелей жететін болады. Ал, қазақ елі үшін бұл құбыр жаңа нарық ашып бермек.  

Екі күндік форумға  қазақ елі де айрықша мән береді. Алқалы отырыстың ашылуына Үкімет басшысы  Кәрім Мәсімов, «Самұрық-Қазына қорының төрағасы Тимур Құлыбаев, мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев қатысты. Форумның алғашқы күні Еуразияның энергетикалық геосаясатына арналды. Мұнда әрине жанар-жағар май тапшылығы сөз болды.  

Сауат Мыңбаев, ҚР мұнай және газ министрі  

2001 жылға дейін мұнай  өндіру саласы  төмен еді. Кейіннен  бұл көрсеткіш  көтеріле түсті. Бұл, әрине, жаңадан ашылған мұнай көздерінің арқасы. Ол, ең әуелі Қашаған мен Теңіз кең орындары. Ресми деректерге қарағанда, мұнай қоры бойынша қазақ елі әлемде 9-шы орында тұр. Еліміз 20 жыл ішінде мұнай өндіруді 3 есеге, газ өндіруді 5 есеге арттырды.  

Бір сөзбен айтқанда, шүкір мұнаймыз да, көгілдір отынымыз да жеткілікті. Алайда, бір абсурд бар. Мұнай мен газға бай қазақ елі биыл бензин тапшылығына тап болды. Мамандардың айтуынша, бұған ресейлік мұнай зауыттары кінәлі. Бағаны көтеріп, бензинді тығып отырған солар көрінеді. Ал, елде бар үш бірде мұнай өңдеуші зауыттар ішкі нарықты қанағаттандыра алмайды. Яғни, өз бензиніміз өзімізге жетпейді. Ендігі қызықты қараңыз. Осы тығырықтан шығу үшін Үкімет жақында Ресейден 50 мың тонна жоғарғы октанды бензин сатып алмақ.  

Айдан Кәрібжанов, «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасының орынбасары  

Жанар-жағар  май бағасы әлем бойынша  көтеріліп жатқан шақта біздің бағаны ұстап тұруымыз мүмкін емес, әрине. Алайда, Ресей немесе басқа елдермен салыстырсақ, біздегі бензин бағасы әлдеқайда төмен. Бізде нарықтық экономика, кейбір қаулылармен бәрін шеше алмаймыз. Алайда, уақыт келе бәрі реттеледі деген ойдамыз 

«Жазда шанаңды, қыста арбаңды сайла» деген бар. Болашақта бензин тапшылығы қайталанбас  үшін Үкімет тағы бір мұнай зауытын салмақ. Сауат Мыңбаевтың айтуынша, ол зауыттың құрылысы 2019-2020 жылдары басталуы тиіс. Ал, қазіргі 3 мұнай өңдеу зауыттары 2014 жылға дейін толық жаңартудан өткізіледі. Оған, 4 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінеді. Бұл зауыттар ішкі нарыққа 17,5 млн. тонна бензин шығарады деген болжам бар.  

Ал қазіргі  бензин тапшылығы жуық арада шешілу керек. Павлодардағы мұнай өңдеу  зауыты жақында өз жұмысын бастады. Жиында айтылған тағы бір жаңалық – Қашаған кен орнының 2012 жылдың аяғына қарай іске кірісетіндігі. Ол, мұнай тасымалын 40 миллион тоннадан арттыра түспек. «Теңіз» мұнай-газ кен орнын кеңейту мәселесі де қарастырып жатыр.  

«Атом электр стансасы керек пе?» деген сұраққа келгенде, шетелдік жәні отандық сарапшылар көп дауласты. Кейбір мамандардың айтуынша, атом энергиясы – өте қауіпті әрі зиянды қуат. Бұл электр энергиясы тұтынушыларға арзан тигенімен, қоршаған ортаға және адамзаттың өміріне өте қауіпті. Бұған Украинаның Черноблі мен Жапонияның Фукусимасы куә. Осыны жетік білген Еуропа елдері бірінен соң бірі атом электр стансаларын жаппай жауып жатыр. Ал, енді бір сарапшылардың келтірген деректеріне қарағанда, шылым шегіп, ішімдікке салынғандар және жол апатынан зардап шеккен қатары әлдеқайда көп. Яғни, атом энергиясынан да қауіпті мысалдар жеткілікті. «Тәуекелге бел буып, арзан қуат өндіретін атом электр стансасын салу керек», - дейді кейбір мамандар.  

Жанболат Сәрсенов, «Kazenergy» қауымдастығының бас директоры  

Менің ойымша, ол, әрине, салынуы  керек. Неге десеңіз, уран шығарудан біздің ел алдыңғы орында тұр. Біріншіден, ол қуат көзі технолгия әкеледі. Жалпы жоспарланып отыр. Бұл мәселе кеше айтылып кетті. Бірақ ол әлі зерттелуде.   

«ҚазЭнержидің» VI Еуразиялық форумына көптеген елдің  алпауыт компаниялары үлкен қызығушылық  танытқанын айттық. Бұл жиынға шетелдік ақпарат құралдары да назар аударды. Дәл осы форумға келген 20-ға тарта шетелдік журналистермен бүгін мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев кездесті. Кездесу баспасөз мәслихаты ретінде емес, дастархан басындағы әңгіме дүкені ретінде өтті. Шетелдік тілшілерді Тәуелсіздігіне 20 жыл ғана толған қазақ еліндегі жетістіктер қызықтырды. Олар сондай-ақ біздің елдегі инвестициялық климат жағдайын, мұнай мен газ экспортын және ұлттық компания акцияларының халыққа да сатылатын сұрап білді.  

Тимур Құлыбаев, «Самұрық-Қазына»  әл-ауқат қорының басқарма төрағасы  

Бұл бағдарламаның мақсаты – біздің ел азаматтарын нарық қорына кеңінен қатыстыру. Осының арқасында қазақ халқы тұрақты даму жолына түскен ұлттық компаниялардың акциясын сатып ала алады. Яғни, халық құнды қағаздар саудасына қатысып, ақша табатын болады. Әрине, біз алдымен халықтың бұл нарықтағы сауатын арттыруымыз керек. Ұлттық банк осы бағытта жұмыс істеп жатыр.  

Қауіпсіз атом энергиясы мен жаңа қуат көздері  мәселесі де кеңінен талқыланды. Қазақ  елі атом энергиясын, балама қуат көздерін және дәстүрлі жылу электр қуатын дамытуға мүдделі. 2015 жылға қарай елімізде 100 миллиард киловатт сағатты құрайтын электр қуаты өндірілетін болады. Бұл энергия 500-ге тарта зауытты тұрақты қуатпен қамтамасыз ете алады. Осы бағыттағы бағдарламаға 5 миллиард АҚШ доллар көлемінде қаражат ескерілген.  

Үкімет мұнай өнімдері бағасын реттеп отыратын болады
Оның  баяндауынша, аталмыш құжатта өкілетті ұйымдардың функциялары барынша нақтыланып, реттеліпті. Бұл мұнай өнімдерінің өндірісі мен оның айналымы саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін тәртіпке келтіруге мүмкіндік беретін көрінеді. Екіншіден, мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағаларын мемлекеттік реттеу тетігін құру көзделіп отыр. Осыған байланысты заң жобасының өлшемдерін іске асыру мақсатында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» заңға өзгеріс енгізілді.Үшіншіден, көтерме сауда нарығына енуі үшін қажет біліктілік талаптарын бекіту арқылы мұнай өнімдері нарығын тәртіпке келтіру қарастырылды. Осыған орай, заң жобасына мұнай өнімдерін жеткізушілерді аккредиттеу рәсімі енгізіліп отыр. Министр мұны нарықтағы бәсекелестікті дамытуға кері әсерін тигізетін делдалдық құрылымдарды нарықтан кетірудің тиімді жолы деп атап көрсетті. Төртіншіден, заң жобасында мұнай өңдеу зауыттарына тауар жеткізушілердің бірдей деңгейде қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бірқатар өзгертулер бар. Бесіншіден, мұнай өнімдерінің өндірісі мен оның айналымын реттеу тетігі еліміздің аймақтарына отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделген мұнай өнімдерінің кепілді түрде жеткізілуін қамтамасыз етеді. Алтыншыдан, Қаржы министрлігі арқылы мұнай өнімдері айналымына жүйелі бақылау жүргізілетін болады. Бұл мұнай өнімдері айналымы бойынша декларациялардың, ілеспе жүк құжаттарының және есептік бақылау құралдарының мәліметтерін талдауға жол ашады. Мұның нәтижесінде мемлекеттік тараптардың мұнай өнімдері айналымын бақылау жеңілдейді. Жетіншіден, мұнай өнімдерінің барлық түрін ішкі нарықта толық көлемде қамтамасыз ету және олардың сапасын ең үздік әлемдік стандарттарға жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялық қондырғыларды енгізуді жүзеге асыратын жекелеген мұнай өнімдерін өндірушілерді елеулі ынталандыруға қатысты жаңа өлшемдер бар. Сонымен қатар, құжат мұнай өндіру зауыттарына мұнай жеткізуден бастап, дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі аралықтағы жұмыстың мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өніммен республиканың барлық өңірлерін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге жағдай туғызады 
Заң жобасына жанармай бекеттерінде ғана емес, сонымен қатар, мұнай өнімдері базалары резервуарларында өнімдерді көпшілікке сатуға жол ашатын жаңа ереже енгізілді. Бұл дегеніміз, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар және тұтынушылар өз жеке қажеттіліктері үшін мұнай өнімдерін қоймадан және резервуарлардан ала алады деген сөз. Сауат Мыңбаев бұл өлшемнің депутаттар ұсынысымен енгізілгенін айтты. Жалпы, депутаттар тарапынан заң жобасына үш жүзге жуық өзгерістер жасалыпты. Осы ретте министр «олардың бәрі заң жобасының мазмұнын жақсартты» деген пікірін жеткізді.  
Жалпы, мұнай – қай кезде болмасын экономиканың жанды жері. Әсіресе, шетке осы қара алтыннан басқа шығаратын өнімі жоққа тән, бюджетінің дені мұнайдан түсетін табыстан құралатын Қазақстан үшін бұл тақырып қашан да көкейкесті мәселе. Оның үстіне, қымбаттап бара жатқан халық тұтынатын тауарлардың құны тікелей мұнайдан шығатын өнім, нақтылап айтқанда, жанар-жағармайға тәуелді болғандықтан, оның төңірегінде айтылатын әңгіме өзекті өртейді. Мұны өз кезегінде заң жобасына қатысты сауал тастаған, пікір білдірген депутаттар да атап көрсетті. Алдымен сөз алған депутат Владимир Нехорошев тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл толса да, жеріміздің асты толған қара алтын болса да арзан да сапалы жанар-жағармайға жарымай отырғанымызды бір түйреп өтті. 2009 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді ойламаған бейғамдығымыз салдарынан осы уақыт ішінде мұнай өңдейтін тым болмаса тағы екі зауыт сала алмағанымыз өте өкінішті-ақ. Біздің еліміз, шетелдіктер үшін орасан мүмкіндіктер мекені болып отырғанымен, мұнда тұратын халық жеріміздегі байлықтан пайда көрмей отырғанын айтты осы ретте депутат. Сосын, жуырда қабылданған «Сауда қызметі туралы» заңда белгіленген өлшемдер бойынша азық-түлік бағасы үкімет тарапынан реттеліп отыру керектігін, алайда, бүгінгі қымбатшылыққа қарап, оның құр сөз болып қалғанына тоқтала келіп, қаралып отырған заң жобасының сапалы да арзан жанармайды тұтынуға қаншалықты ықпал ететінін сұраған. Сонымен қатар, Владимир Анфианович министрдің соңғы кезде жиі айтып жүрген Ресейдегі мұнай өнімдері бағасының біздегі бағаға әсер ету заңдылығына қатысты пікірін дәйектеуді өтінген.  
Министр бұл жолы да жанармайға қатысты жасап жүрген мәлімдемесін қайталады. Оның айтуынша, Кеден одағы жағдайында Ресей нарығындағы бағаға орай бейімделу жүзеге асыралытынын атап көрсетті. Өйткені, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған шикізаттың жартысы Ресейден алынып отыр. Сонымен қатар, сапалы бензин мен авиакеросиннің жиырма пайызын осы көршімізден импорттап отырмыз. Бұл жағдай тек өз ішкі нарығымызды өзіміз толық қамтамасыз еткен кезде ғана реттелетін болады.  
Депутат Зейнолла Алшынбаев еліміздегі мұнай өңдейтін үш зауыттың әлі күнге толық жаңартылмай, технологиялық дайындықтан өтпей отырғанына алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, депутат шағын мұнай өңдеуші зауыттарды іске қосу ішкі нарықты сапалы да арзан өніммен қамтамасыз етудің бір мүмкіндігі болатындығын айтып, осы тұрғыда министрлікте қандай бағыт барлығын сұраған. Бұл тұрғыда министрдің жауабы 2015 жылға қарай мұнай өнімдерін өндіру стандартын Еуро-5-ке жеткізу қажеттігі, сондықтан, аталмыш үш зауытты қалай да жетілдіруді аяқтауға күш салынып жатқанын айтумен шектелді. Ал, кіші зауыттар құру жайы олардың тиісті талап деңгейінде өнім өндіру мүмкіндігіне қарай шешілмек.Елімізде жұмыс істеп тұрған отыз екі осындай өндірістердің Еуро-2-ні өңдеуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, министрлік қазіргі таңда бар күшті мұнай өңдеп тұрған үш зауытты жаңартуға жұмсап жатыр.  
Министрден, сонымен қатар, соңғы кезде «Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты Ресейге сатылады» деген алыпқашпа сөздің ақиқаты сұралды. Ол бұл өндірістің «ҚазМұнай» компаниясына тиесілі екендігін айтып, бұл қауесетті жоққа шығарды. Депутат Кенжеғали Әбенов «мұнай өңдейтін зауыттардың неге осынша уақыт тиісті талаптарға сай келтірілмей жүру себебі қаржы тапшылығында ма, технология жоқтығында ма, әлде сұраныстың болмауында ма?» деген сауалын қоя келе, «егер барлығы ақшаға тірелсе, неге қайтарымы бар бұл салаға коммерциялық банк депозиттерінде жатқан 13 млрд теңгені, зейнетақы қорларындағы қаржыны салуға болмайды?» деген сауал қойып еді, министрдің жауабы қысқа болды. Ол бұл ретте Атырау мен Шымкенттегі зауытты Қытай мемлекетінің қаржыландырғанын, ал, Павлодардағы зауытқа қажет қаражат жыл аяғына дейін шешілетінін айтты. Өз сауалдарына осындай жауаптар алған халық қалаулылары ақыры заң жобасын тұтастай мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.



Жанармай  бағасының тұрақтылығы неге байланысты?
 
01.09.11. 
Жуырда қарапайым бір ауыл тұрғыны: «Елімізде үш үлкен мұнай өңдеу зауыты бар. Бірақ Павлодар мұнай өңдеу зауыты тек қана орыс мұнайын өңдейді екен» демесі бар ма. Бұл жанармай мәселесі бүгін бір саланы ғана емес, бүкіл елді алаңдататын үлкен мәселеге айналып отырғанын көрсетеді. Қазақстан бір қарағанда мұнайлы ел. Жылына 80 миллион тонна төңірегінде бүкіл экономиканың тамырларына жан беретін осынау бағалы көмірсутек өнімін өндіреді.

Бұл өзімізді жанар-жағармаймен  толық қамтамасыз етуге ғана емес, оларды мол көлемде сыртқа сатуға да мүмкіндік беретін мөлшер. Өйткені ішкі тұтынуға бар-жоғы 14-15 миллион тонна ғана шикі мұнай жұмсалады. Демек, біз ел қажетінен алты есе артық мұнай өндіріп отырмыз. Оның үстіне өз мұнайымыздың 85-90 пайызын сыртқа шығара отырып, 6 миллион тоннадай мұнайды Ресейден сатып аламыз. Ендеше, неге ішкі нарықта жанармай қатшылығы орын алып, баға тұрақталмай тұр? 
Байқасаңыздар, бұл сұрақтарға еліміздің Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мырза «Қазақпарат» агенттігі арқылы жан-жақты жауап берді. Мысалы, 2010 жылы Қазақстанда 79,6 миллион тонна мұнай өндіріліп, 6 миллион тонна сырттан сатып алынған. Біздің сыртқы нарыққа шығарған мұнайымыз 71,3 миллион тоннаны құрайды. Ішкі нарыққа 14,3 миллион тонна шикі мұнай жұмсалыпты. Қажетті мөлшерден бірнеше есе артық өндірсек те, сырттан мұнай сатып алуымыздың себебі неде? Біріншіден, Павлодар мұнай өңдеу зауытына шикізат тек Омск-Павлодар құбыры арқылы ғана жеткізіледі. Бұл МӨЗ еліміздің мұнай өндірісі шоғырланған Батыс Қазақстанның құбырлар жүйесіне қосылмаған. ПМӨЗ-ге қазақ мұнайын жеткізудің техникалық мүмкіндіктері Қазақстан-Қытай құбырын салудың нәтижесінде пайда болғанымен, өнім мөлшері қазірше жылына 2 миллион тоннамен шектеліп тұр. Оны ұлғайту қосымша инвестиция талап етеді. Екіншіден, Қазақстанға ресей мұнайының жеткізілуі бюджеттік түсімдер тұрғысынан тиімді. Өйткені ол біздің елімізге экспорттық баж алымынсыз жеткізіледі. Ал Қазақстан өзінің артық өнімін экспортқа шығара отырып, ол үшін белгіленген салық мөлшері ішкі нарыққа салыстырғанда жоғары болғандықтан, жыл сайын ел қазынасы мен Ұлттық қорға 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде қосымша қаржы түсіреді. Ресей жағы мұны жақсы түсінеді, сол себепті де бірнеше рет Қазақстанға тасымалданатын мұнай үшін экспорттық кеден салығын енгізуді немесе Омск-Павлодар құбыры арқылы жеткізілетін мұнайды Атырау-Самара құбыры арқылы Ресейге Қазақстаннан жеткізу арқылы өтеуді де ұсынды. Алайда Бірыңғай экономикалық кеңістік құру бойынша жүргізілген кешенді келіссөздердің нәтижесінде ПМӨЗ-ге мұнай жеткізудің қалыптасқан қазіргі тәртібін 2014 жылға дейін сақтап қалуға қол жетті. Ал ресей мұнайынан бас тарту қазақ қазынасы үшін қомақты жоғалтуларға алып келуі мүмкін. 
Енді «мұнайды мол өндіре тұра, неге ішкі нарықты отандық жанармаймен қамтамасыз ете алмай отырмыз?» деген сұрақты талдап көрейік. Баршаға белгілі, мұнай әлі ақырғы дайын өнім емес. Шикізат бензин немесе дизель отынына айналуы керек. Республикамыздағы Атырау, Шымкент, Павлодардағы үш МӨЗ-дің жалпы жылдық қуаты 13,7 миллион тонна. Басқа шағын зауыттар 1 миллион тоннадай мұнай өңдегенімен, олардың сапасы еліміздегі жанар-жағармай өнімдеріне қойылатын талаптарға жауап бермейтін аралық өнімдер. Сондықтан бұл өнімдер сыртқы нарыққа сатылады. Ең қиыны, үлкен үш зауытты жаңғырту жұмыстары кештеу қолға алынды. 2015 жылға қарай олардың жалпы қуатын жылына 17,5 миллион тоннаға жеткізу жоспарланғанымен, бұл кәсіпорындар толық жаңғыртылмайынша евро-4; 5 стандарттарына сай өнім шығара алмайды. 2010 жылы отандық зауыттар 13,7 миллион тонна мұнай өңдеп, 2,9 миллион тонна бензин, 4,1 миллион тонна дизель отынын, 3,8 миллион тонна мазут, 2,9 миллион тонна басқа да әртүрлі мұнай өнімдерін өндірген. Бұл жалпы ішкі сұраныс көлеміне жетерліктей өнім болып, дизель отынымен өзімізді-өзіміз толық қамтамасыз еткенімізбен, оған кететін мұнайдың тең жартысы Ресейден тасымалданады. Бензин мәселесінде жағдай анағұрлым күрделі. Біз тек АИ-80 жанармайымен ғана ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеміз. Ал АИ-92 бензинінің 35 пайызы, АИ-95, АИ-98 бензиндері мен авиакеросиннің одан да көп бөлігі сырттан импортталады. Бұл нені көрсетеді? Демек, отандық мұнай өңдеу кәсіпорындарының қуаты әлі ішкі нарық сұранысын өтейтіндей деңгейде өнім шығара алмайды. Ең азы 35-40 пайыз жоғары сапалы бензинді сырттан сатып алып отырмыз. Және бұл өз зауыттарымыздың қуаты ғана емес, олардың жоғары октанды сапалы өнім шығару мүмкіндігі сұранысты толық өтейтіндей деңгейге жеткенше жалғаса береді деген сөз. Ол өз кезегінде жанармай бағасына да тура әсер етіп, бензин бағасының ауытқуы да жалғаса беруі әбден мүмкін. 
Әрине, ел Үкіметі жанар-жағармай өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар көріп жатыр. Оны келтірілген сызбалардан көруге болады. Бұдан байқағаныңыздай, екі елдегі жанармай бағаларының айырмашылығы әлі де айтарлықтай. Бұл қалай десек те тиісті министрліктер жұмысының нәтижесі екенін де мойындауымыз керек.  
Кезегімен, соңғы бірнеше ай бойы қалың жұрттың қабырғасына батып тұрған бензин бағасына келейік. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды, Қазақстан қазірше өзін-өзі жоғары октанды сапалы бензинмен 60-65 пайыз ғана қамтамасыз етіп отыр. Қалғанын сырттан сатып аламыз. Демек, жанармай бағасының өсуі тек ішкі жағдайға ғана байланысты емес. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, МӨЗ-дерді толық өз мұнайымызбен қамтыған күннің өзінде сырттан сапалы жанармай алуға мәжбүрміз. Екіншіден, ресей мұнайы жеткізілмейтін болса, қазынамыз бен Ұлттық қор да 220 миллиард теңге төңірегінде қомақты қаржыдан қағылады. Қазіргідей бүкіл әлем қаржылық дағдарысты бастан кешіп жатқанда бұл аз ақша емес. Бұған қаншама мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік маңызды нысандар салуға болады. Ал бұл қаржыны инвестицияға шөліркеп отырған ауылға салсаңыз, ол қаншама өнім, табыс, жұмыс орындары болып халыққа қайта оралады.  
Үшіншіден, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап болашақ Бірыңғай экономикалық кеңістіктің алғашқы басқышы ретінде Кедендік одақ құрылғанын да ұмытпайық. Соның нәтижесінде қазір Ресей мен Қазақстан арасында тауарлар еркін айналып жүр. Мұндай жағдайда шекара маңындағы бағалар бір-бірінен арзан болғаны аса тиімді емес. Қай жерде баға қымбаттау болса, тауар солай қарай ағылады. Жаз күндері біздегі жанармай бағасының күрт көтерілуі де екі елдегі бензин құны арасындағы айтарлықтай айырмашылықтың себебінен болды. Сонда «Кедендік одақ пен келешекте өмірге келетін Бірыңғай экономикалық кеңістіктің біз үшін пайдасы неде?» деген қарапайым да заңды сұрақ туындайтыны тұрған сөз. Оны да талдап көрейік. 
Бұл - экономиканың барлық салаларын қамтитын кешенді шешім. Басқаша айтқанда, БЭК-ке кіру-кірмеудің тиімділігі жөнінде тек бір салаға қатысты ғана тұжырым жасауға болмайды. Біздің еліміз тиімді тарифтер негізінде тұрақты тасымал қызметін атқаруға мүдделі. БЭК-ке мүше болу арқылы біз тасымалдаушылар үшін ресейлік экспортерлерге төленетін тарифтер негізінде төлем талап етудің ұзақ мерзімді құқығын заңды түрде рәсімдеп аламыз. Ал біздің тауарларымыз үшін соңғы тұтынушыға дейінгі арақашықтық болса өте үлкен. Тиісінше, жоғары тариф жағдайында жоғалтулар да өте аз болуы мүмкін. Тауар транзиті жөнінде мәселе туындайтын болса, жақсы емес. Мұны Ресей мен Украина арасындағы «көгілдір отын қақтығысынан» көрдік. Сондықтан БЭК аясындағы ынтымақтас елдің құбырлары арқылы көмірсутектерінің транзиті еліміздің келешек даму тұрғысынан өте маңызды әрі экономикалық тұрғыдан аса тиімді екенін дәлелдеп жатудың өзі артық. Оның үстіне біз Ресейге жыл сайын 9 миллиард текшеметр көгілдір отын сатамыз. Келешекте бұл көрсеткіш тағы да өсе түседі. Біздегі бұл өндірістің бір ерекшелігі, 90 пайыз газ ілеспе жолмен өндіріледі. Бұл дегеніңіз, егер газ қабылдау мөлшері төмендейтін болса, онда мұнай өндіру де өз-өзінен азаяды деген сөз. Ал жеріміз кең, халқымыздың тығыздығы сирек болғандықтан, соншама газды ел ішінде сыйдыру оңай емес. Сондықтан да Қазақстан БЭК-ке мүше елдермен тұрақты, ұзақ мерзімді қарым-қатынастар орнатуға мүдделі.

Мұнай өңдеу және мұнайгаз саласы инфрақұрылымын дамыту

Қазақстандағы мұнай өңдеу салаларының  негізгі міндеттері:

  • өндірілген мұнай өнімдерінің сапасын көтеру және көлемін ұлғайту;
  • әлемдік нарық талаптарына сәйкес құн қосылған мұнай-химиялық өнімдерді өндіру;
  • қосыған құны жоғары мұнай-химиялық өнімдері спекторын кеңейтуге арналған (құрылыс, қаптайтын және буып-түйетін материалдар, өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы тауарлар т.б) мұнай-химиялық шикізатын өндіру;
  • көмірсутек шикізатын кешенді өңдеуді қамтамасыз ету;
  • қосылған құны жоғары инновациялық өнімдерді шығару және мұнай-химия өнімдері базасын қосымша өңдеу салаларындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындары құрылысын дамыту;
  • қоршаған ортаға әсер ету зияндылығы төмен, экологиялық өндірісті құру.

Қазақстан инвесторларға не ұсынады: 
Шикізат қоры
 
Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша 11-ші орынды, ал газ қоры бойынша 17 орынды алады. Республикада 2010 жылы мұнай шығару 79,6 млн. тонн және газ конденсатын шығару көлемі  37,4 млрд. куб. м. құрады. Мұнай және газ конденсатын шығарудың тәуліктік орташа мөлшері 200 мың. тонн. құрап отыр. 
Этан фракциясы 13 - 16% және одан жоғарғыны  құрайтын республикадағы табиғи және леспе газ кен орындары (Теңіз, Каспий) этилен, базалық мұнай-химия өнімдерін өндіруге арналған экономикалық және технологиялық  негізгі басымдылық болып табылады.

Өнеркәсіптік өнімдерді өндіру 2005 2006 2007 2008 2009 2010 Қаңтар-тамыз 2011 ж.
Шикі  мұнай 50869,8 54338,8 55265,0 58646,0 64 354,4 68084,4 44 918,1
Газ конденсаты, мың.тонн 10616,2 10664,3 11860,3 12025,0 12 128,2 11600,4 8 406,4
Газға айналған немесе сұйық күйдегі табиғи газ, млн.куб.м 24972,9 26381,6 29561,5 32889,3 35 941,8 37405,9 26334,8
Автобензин, мың. тонн 2356,1 2341,7 2630,9 2503,4 2611,4 2920,4 1 731,7
Авиакеросин, мың. тонн 234,2 270,2 258,9 399,2 373,5 489,6 259,2
Дизелді жанармай, мың тонн 3280,0 3457,4 3928,7 3997,6 3868,5 4091,7 3 123,2
Жанатын мазут, мың. тонн 3545,7 3305,4 2582,8 3177,7 3297,6 3798,1 2 854,5

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі

Инфрақұрылым 
Қазіргі уақытта Қазақстанда 3 мұнай өңдейтін зауыт Павлодар, Шымкент, Атырау қалаларында жұмыс істейді. Сонымен бірге Қазақстанда көмірсутек шикізатын терең өңдейтін толық технологиялық цикл жоқ. Сондықтан да Үкіметте МӨЗ технологиялық және модернизациялық жаңалау бойынша жұмыстар жүргізілуде; жаңа инновациялық мұнай-химиялық өндіріс құрылуда. 
Мұнай және газ конденсаттарын тасымалдау мұнай құбырлары (79%), темір жол (8%) және теңіз көліктері (13%) арқылы жүргізіледі.

Бәсекеге  қабілетті кластер 
Мұнай-газ саласының негізгі кәсіпорындары минералдық-шикізат базасының және мұнай мен газ өндірудің орналасу аудандары болып табылатын батыс облыстарда және Қызылорда облысында орналасқан. Жаңа өндірістерді перспективалы орналастыру Каспий теңізінің қазақстандық секторының кен орындарын игерумен байланысты болады. 
Бұдан басқа Атырау облысында  «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. 
Шағын және орта бизнес мұнай-химия кәсіпорындар орналасатын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымының құрылысы республикалық бюджеттік қаржы есебінен жүргізіледі. Сонымен бірге интеграцияланған газ-химия кешені инфрақұрылымының объектілерін (нақты 11 объект) салу мемлекеттің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын болады.

Құрылды ҚР Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №495 Жарлығы
Жұмыс істеу мерзімі 2032 жылдың 31 желтоқсанына  дейін
Аумағы / Кен орны Атырау облысы, ауданы - 3475,9 га
Қатысушылар 1 қатысушы: «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС
Жобаны  құру мақсаты көмірсутек  шикізатын терең өңдеу және қосылған құны жоғары 
үлкен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімдерін шығару 
бойынша әлемдік деңгейде мұнай-химия өндірісін дамыту

Қазақстанда 2020 жылы жаңа мұнай өңдеу зауыты салынбақ  

BAQ.kz. Мамырдың11-і. - Қазақстанда 2020 жылы жаңа мұнай  өңдеу зауыты салынбақ. Бұл туралы  бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Біз тағы да бір зауыт салмақпыз. Бізде осындай ой бар. Бірақ оның құрылысы 2020 жылы басталмақ», - деді С.Мыңбаев.

«Біздің ойымызша, 2020 жылға дейін үш зауыттың қуаттылығы сұранысты қанағаттандыра алады», - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде үш МӨЗ-дің мұнай  өңдеу көлемі жылына 13 млн тоннаны  құрайды. Зауыттарды жаңғыртқаннан  кейін 2015 жылы бұл көрсеткіш жылына 17 млн тоннаны құрайтын болады.

Еске салсақ, республикада үш мұнай өңдеу зауыты бар: Павлодар, Атырау, Шымкент.

2010 жылы мұнай  өңдеу зауыттары 13,7 млн тоннадай  шикі мұнайды өңдеді. 

Ресей нарығына жүгінбей, жанармай бағасын реттеу мүмкін емес 

Мұнайы  мол саналатын  Қазақстанда жанармай бағасына қатысты  мәселе де мол. Билік  соңғы жылдары  жанармай бағасының  құбылуымен күресіп  әлек. Әйтсе де түпкілікті шешімнің тиімсіздігінен баға құбылысы жағаға жармасудан тыйылған емес. Бұған дейінгі  әңгіменің бәрінде  де баға тұрақсыздығына қатысты себеп  сыртқы нарықпен байланыстырылып, оп-оңай түсіндіріліп келді. Бұдан кейінгі  себеп те солай  жалғаса беретін  тәрізді. Ендеше, кешегі мұнай және газ  министрі Сауат Мыңбаевтың Мәжіліске мақұлдатқан  мұнай өнімдерінің  айналымын реттеуге бағытталған заң  жобасынан не күтеміз?! 

Мұнай өнімдерінің  жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеуге бағытталған заң 2003 жылы қабылданған болатын. Одан бері нарықтық ахуал мүлдем өзгерді. Жағдайға икемдеп арада тиісті нормалар да қамтылып отырды. Алайда мемлекеттік реттеудің тиімді тетігі кешенді қаралмағандықтан әрі сыртқы нарықтың әсер етуінің салдарынан 2004 жылдан бері жанармай бағасы бірден құлпыратын әдет шығарған-тын. Сондай «созылмалы дертке» айналған кезекті «аспандаулардан» кейін Үкімет 2009 жылы арнайы тетікті іске қосып, бағаны ырыққа көндіргендей болды. Әйтсе де, бұл – уақытша шара. Ал мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев жіліктеп шыққан кешегі заң жобасы сол 2009 жылдан бергі жанармай бағасын ырықтандыру тетігін заңмен шегелейді. «2009 жылдан бері мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін республика аймақтарына жеткізу біршама тұрақтанды. Одан бұрын аймақтарда орын алған бағалардың 30-40 пайыздық айырмашылығы жойылды. Бағалардың динамикасы, әрине, құбылмалы болды. Дегенмен аяқ астынан өзгеретін сипаты жойылды. Алайда қазіргі таңда бұл тетіктің заңнамалық қамтымдығы болмай, тек келісімшарттық негізде жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар бұл тетіктің заң жобасы арқылы жойылатын кемшіліктері де баршылық», – деді С. Мыңбаев. Сөйтіп, заң жобасының ең әуелгі мақсаты жанармай бағасын тұрақтандыру тетігін нығайтуға арналады. Тұрақтандыру демекші, мұнда сыртқы әсер туралы еш ұмытуға болмайтыны тағы бар. Бұл әлімсақтан солай болса, алдағы күні де одан қашып құтылудың жолы көрінбейтін түрі бар. Мұны мұнай министрінің өзі де мойындайды.  
 
Жанармай бағасын шайқалтпай ұстаудың жалғыз ғана жолы бар 
 
Бірақ теріскей көршісімен етене ықпалдасқан Қазақстан үшін мұнай министрі Мыңбаев көрсеткен сол жалғыз жолға түсу де еш болмайтын «барсакелмес» тәрізді. Өйткені мол мұнай қоры бар Қазақстанның сыртқы әлеммен, яғни нарықпен байланысы күшті. Қазіргі таңда ішкі нарықта тұтынатын 13 млн тонна мұнайдың 6,5 млн тоннасын Ресейден импорттап отырмыз. Сонымен қатар жоғары октандық бензин мен әуе керосинінің 20 пайызынан астамын да сол елден импорттаймыз. «Жанармай бағасына қатысты Ресейдегі бағадан Қазақстан тәуелсіз бола ала ма дегенге келсек. Иә, тәуелсіз боламыз, тек жалғыз ғана жағдайда – өзіміздің жеткілікті мұнайды өз ішімізде өңдеп пайдалансақ қана. Осындай мүмкіндік бар. Жанармай бағасын ұстап тұрудың басқа еш жолы жоқ. Рас, біз дизельдік отынмен, төмендеу сападағы бензинмен өзімізді-өзіміз қамтамасыз ете аламыз. Басқасы импортталады. Сондықтан Ресейге қарамастан, өз алдымен бағаны реттей аламыз деген еш мүмкін емес. Оған күшіміз де жетпейді. Сол үшін алдағы уақытта да баға бойынша белгілі бір үйлесімділікті Ресей мен Қазақстан өзара салыстырып, салмақтап отыратын болады», – деп түсіндірді Сауат Мұхамбетбайұлы. Бір сөзбен айтқанда, теріскейдегі алып көршіден жанармай бағасын үлкен айырмашылықта ұстай алмайды екенбіз. Оның үстіне Кеден одағы арқылы ықпалдаса түсетін мемлекеттер болғандықтан, алдағы үйлесім одан сайын күш алмақшы. Бұл – айқын жол. Қазіргі анық та, келешектегі айқын да – осы. Қысқасын айтқанда, «Кеден одағы шеңберінде Қазақстандағы баға қандай болмаққа» келсек, бұл баға Ресейге қарағанда, сәл төмендеу болатыны айқын. Алайда бағалар арасындағы белгілі бір үйлесім, белгілі бір арақатынас бәрібір болады. «Сонда біздің мұнай өңдейтін үш зауытымыз қайда? Олардың күші жетпесе, жаңадан неге зауыт салмасқа?» дерсіз. Бұл сауалдарға да министр мырза жауап берді.  
 
Жаңа зауыт тек 2020 жылдан кейін ғана салынуы мүмкін  
 
Мұнай өңдейтін үш зауыт бар. Олардың аймаққа жіберілетін квотасы да бекітулі. Барлығы белгілі бір деңгейде қадағаланып отырады. Әйтсе де, депутат Зейнолла Алшымбаев «осы қолда бар үш зауытты келістіріп пайдалана алмай жүрген мемлекетпіз» дегенді алға тартады. «Бұларды жаңғырту жобалары да таусылып бітпеді, түге. Ендеше неге шағын зауыттар салынбайды. Министрліктің бұған көзқарасы нешік? Бұған дейін Маңғыстауда салынады деген зауытты да тоқтаттық, Жаңаөзенде зауыт салынады деп еді, ол да қалды. Біз бағаны айтып отырмыз ғой. Бәлкім, шағын зауыттарды іске қосып, сол арқылы өнім көлеміне әсер етсек, өнім көлемі де бағаға жақсы әсер берер?» – дейді депутат. Айта кетерлігі, Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту туралы бағдарлама 2009 жылы қабылданған болатын. Содан бері техникалық-экономикалық негіздеме секілді ұсақ-түйек жұмыстардың айналасынан әңгіме өрбіген емес. Тек министр С.Мыңбаевтың сөзіне қарағанда, Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары енді басталған тәрізді. Оның бастапқы құны – 1 млрд 200 млн долларды құрайды. Биыл Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының техникалық экономикалық негіздемесі бітіп, сараптамаға берілген. Ендеше жақын аралықта Шымкент зауытын жаңғырту жұмысы да басталады деген сөз. Ал Павлодар зауытын жаңғырту келесі жылға қарайтын тәрізді. «2015 жылға қарай осы үш зауыттың жаңғырған кезіндегі толықтай қуаты мұнай өңдеу көлемін 17 млн тоннаға жеткізеді. Қазіргі ішкі нарықтың сұранысы 13,5 млн тонна болса, 2015 жылға қарай 17 млн тоннаға жеткізсек, ішкі сұраныс толық өзімізден қамтылады деп ойлаймыз. Тағы бір зауыт салатын мәселе бар, бірақ ол зауыт 2020 жылдан бастап салынуы керек деген ойдамыз. Соған дейін қолданыстағы үш зауыттың қуатын пайдалана алсақ, сол жеткілікті. Ал шағын зауыттарға келсек, егер олар еуростандарттарды сақтаса, оларды да қолдауға болады. Жалпы, біз ішкі нарықта еуро-2 стандартын қолданып келеміз. Шағын зауыттардың бұны орындауға еш мүмкіндігі жоқ. Ал егер жаңа технологиялар пайда болып, стандарттарды игере алатын шағын зауыт саламын дейтіндер болса, біз оны қолдаймыз. Тіпті жеңілдіктер көрсетіп, ынталандырамыз. Саламын дегендер салсын, стандартты сақтап», – дейді Сауат Мұхамбетбайұлы. Депутаттар сауалына жауап беру барысында министр Павлодар мұнай өңдеу зауытының тағдырына қатысты алаңдаушылықты да сейілтті. Жұрт арасы зауыттың Ресейге сатылатынын әңгімелеген екен, министр бұған бір ауыз сөзбен жауап берді: «Павлодар зауытын Ресейге беру туралы еш жоспар жоқ. Бұл зауыт 100 пайыз «Қазмұнайгазға» тиесілі». Әйтсе де, Мұнай және газ министріне депутат Кенжеғали Сағадиевтің сауалына толық жауап беру оңайға соқпады. «Нешеме жыл бойы зауыт саламыз, не болмаса қолданыстағыны жаңғыртамыз деп жүрміз. Құры сөз, бәрін кейінге ысырып келеміз. Бұған не себеп? Біріншіден – технология жоқтығынан ба? Екіншіден – бізде ақша жоқтығынан ба? Үшіншіден – сұраныс жоқтығынан ба? «Технология жоқ» дейін десеңіз, дүниежүзінде дәл осындай зауыттар бар, олардың ешқайсысы жабық жұмыс істемейді. «Ақша жоқ десеңіз», зейнетақы қорларын қоспағанда, басқасын айтпағанда 12-13 млрд доллар коммерциялық банктерде жатыр. Осы қаражатты зауытқа салса, құны бірден ақталады. «Зауытқа сұраныс жоқ десеңіз» біз мұнай шикізатын сатқаннан оны өңдеп, бензин қылып сатқанымыз артық емес пе? Бұның ретін айтыңызшы?» – деген болатын К.Сағадиев. Министрдің себепті түсіндіріп беретін әзір тұрған жауабы болмай шықты. Ең басты айналшықтағаны – зауытты жаңғырту бағдарламасы мүлдем кеш қабылданыпты. Алайда министрлік те, ұлттық компания да бар назарын осы үш зауытқа салып жатқанын жеткізіп қалды ведомство басшысы.

Түйін

 
 

Қанат Қазы

Газ тасымалдау жүйесі

Газ тасымалдау жүйесі - республиканың батыс бөлігінде дамыған. 60-шы жылдары көктей өтетін газ қубырларының кұрылысы басталған болатын, олар арқылы газ Батыс Қазақстаннан және Орта Азияның бұрынғы республикаларынан Ресейге жеткізілетін-ді. Ақтөбе облысының аумағы арқылы Бұхара - Орал арналық газ құбырының екі тарамы тартылды. Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағын Орталық Азия - Орталық газ қубырының 4 тармағы кесіп өтетін. Ба- тыс Қазақстан облысының солтүстігі арқылы «Одақ» немесе «Орынбор - Батыс шекара» газ қубырының 2 тармағы өтетін, олар табиғи газды Шығыс Еуропа елдеріне жеткізу үшін тартылған болатын; бүл құбырдан бір тармақ Орал қаласына дейін жеткізіліп, одан әрі Еуропа елдеріне кететін. Солтүстік Үстірт өңірінің газы Бұхара - Орал газ құбыры арқылы Орал кәсіпорындарына берілді.

Қазақстанның  тұтыну-тұрмыс нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары газбен арналық газ  құбырларынан және оның тармақтарынан  қамтамсыз етілді. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының өнеркәсіптік түйіндері мен өзге де тұтынушыларына газ Бұхара газды алабынан Мүбарак - Ташкент - Шымкент - Бішкек - Тараз - Алматы газ құбыры арқылы жеткізілді. Ақтөбе және Қостанай облыстарына газ Бухара-Орал газ қубыры және оның Шалқарға, Ақтебеге, Алғаға, Жітіқараға, Рудныйға, Қостанайға т.б. тартылған көптеген тармақтары арқылы жеткізілді. Ақтау қаласының  газға деген өнеркәсіптік және турмыстық  муқтаждығын етеу мақсатында Өзен кенорнынан Өзен -Жетібай - Ақтау және Теңге - Жетібай ішкі газ құбырлары тартылған. Ақтөбе облысында Бұхара - Орал газ құбыры арнасына жақын маңда Базой жерасты газ қоймасы бар, ол газ тұтынудың маусымдық әркелкілігін реттеп отырады. 1981-1985 жылдары Қарашығанақ кенорнының газ-конденсатын Орынбордың газхимиялық кешеніне тасымалдау мақсатында 2 газ қубыры тартылды.

Тартылған газ  қубырлары мыналар: Бейнеу (Маңғыстау  облысы) - Александров Гай (Саратов  облысы, Ресей); Бей- неу - Хива (Хорезм облысы, Өзбекстан Республикасы); Прорва (Маңғыстау  облысы ) - Атырау; Кеңқияқ (Ақтөбе об- лысы) - Орск (Орынбор облысы, Ресей) т.б. Газдың мол өнеркәсіптік қорларының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі және капиталды аз қажет ететіндігі қысқа мерзім ішінде республиканың отындық балансы қурылымын газдың пайдасына шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанның газ енеркәсібінің даму перспективасы ете жоғары. Қазақстан Республикасы құбырлықтасымалының даму көрсеткіштері төмендегі кестеде келтірілген. Республикада мұнай мен газды өндірумен қатар, оларды өңдеу, сейтіп әр түрлі отындар мен өзге де кемірсутек шикізаттарын шығару саласы да дамыл келеді. Қазіргі кезде республикада 3 мұнай өңдеу зауыты және 3 газ өңдеу зауыты жумыс істейді. Отын-энергетикалық бағыттағы мұнай мен газды өңдеу саласы Қазақстанда өткен ғасырдың40-шы жылдарында қалыптаса ба- стады. Республиканың мұнай өңдеу өнеркәсібінің тұңғышы - Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1945 жылдан бастап Түрікменстаннан, Татарстаннан, Башқұртстаннан жеткізілген мұнайларды және Бакудың дизельдік дистиллятын өңдей бастады. Зауыт 1960 жылдан бастап Ембі кенорнының ауыр да шайырлы мұнайларын, 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын, ал 90-шы жылдардың басынан бастап Теңіз кенорнының мұнайын өңдейді. Зауыттың жылдық қуаты жылына 4,5-5 млн. тонна. Өңдеу тереңдігі 63%-ға жетіп отыр. Зауытты қайтадан жарақтау шаралары жүзеге асырылуда, муның өзі мұнайды өңдеу тереңдігін 85-92%-ға жеткізуге және автомо- биль бензиндері мен дизельдік отынды Евро-2005 стандартына сәйкес ендіруге мүмкіндік беретін болады. Республиканың солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарынның мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар мұнай өңдеу зауыты салынған, ол Қазақстандық және Ресейлік мұнайлардың аз күкіртті қоспасын отындық вариантта өңдей отырып, жылына 7,5 млн. тонна өнім береді. Өңдеу тереңдігі 82%-ға жетеді. Еліміздің оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтары мұнай өнімдерімен Шымкенттің бұрынғы «Мунайоргсинтез» зауытымен қамтамасыз етіледі, бұл зауыт қазір «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» деп аталады. Зауыттың қуаты - жылына 6,5 млн. тонна, өңдеу тереңдігі 78%

ПМХЗ  мұнай өңдеу көлемін арттыруды жоспарлап отыр

Павлодар мұнай-химия  зауыты (ПМХЗ) 2010 жылы 4,5 млн тонна  мұнай өңдеуді жоспарлап отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9,1%-ға көп. Бұл туралы жұма күні кәсіпорынның бас директоры Шухрат Данбай мәлім  етті.

Кәспорын табысы