Кәсіпорындағы ақпараттық – анықтамалық құжаттар, түрлері, мінездемелері



 

Кәсіпорындағы ақпараттық – анықтамалық құжаттар,

түрлері, мінездемелері

 

              Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық – анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау және бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.

              Ақпараттық – анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар, түсініктемелер, сенімхат, актілер, әр түрлі хаттың түрлері тағы да басқалары жатады. Олар ұйымдастырушылық – бұйрықтық сипаттағы құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс - әрекеті орындауға қозғау салғанымен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.

 

 

ХАТТАМА

 

              Хаттама – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналыстары мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін ұйымдық - өкімдік құжат. Хаттама мәжіліс барысы, стенограмма, дыбыстық жазбалар, сондай-аұ мәжілісте әзірленген құжаттар (баяндамалар, жарыссөздер мәтіні, анықтамалар, тізімдер, қорытындылар) негізінде ресімделеді.

              Хаттама мәтіні екі бөлімнен тұрады:

              Кіріспе бөлім төраға, хатшы (аты – жөндері), қатысушылар (аты – жөндері алфавиттік ретпен), күн тәртібі (мәселелер нөмірленеді және олар «туралы» деген көмекші сөзбен аяқталып отырады) жөніндегі мәліметтерден тұрады.

              Негізгі бөлім күн тәртібінің пункттеріне сәйкес тармақтар бойынша жазылады. Алдымен мәселенің нөмірі қойылады. Содан соң мәтін «ТЫҢДАЛДЫ», «ЖАРЫССӨЗГЕ ШЫҚТЫ», «ШЕШТІ» («ҚАУЛЫ ЕТТІ») деген сөздермен жаңа жолдарға бөлінеді. Бұл сөздер бас әріптермен, жаңа жолдан жазылып, әрқайсысының соңынан қос нүкте қойылып отырады. Баяндамашылар мен тыңдаушылардың аты – жөндері жаңа жолдан жазылады. Мәтінде сұрақтар мен жауаптар беріледі. Мәтін жеке түрде, үшінші жақтан жазылады. Мәтіннің негізгі бөлігін шешім немесе қаулы қорытындылайды. Ол бірнеше пункттен тұруы мүмкін (кімге қандай тапсырма берілді, оның орындалу мерзімі қандай).

 

Қазақстан Республикасының                                           Агентство по стратегическому

стратегиялық  жоспарлау және                                        планированию и реформам

реформалар жөніндегі агенттігі                                       Республики Казахстан

 

ХАТТАМА                                                                         ПРОТОКОЛ 

 

27 ақпан 2010 жыл                                                             №8

 

Астана қаласы                                                                    Город Астана

 

┌2010 жылдың жұмыс жоспары туралы ┐

 

Төраға: Абдулов А.А.

Хатшы: Смағұлова С.С.

Қатысқандар: 16 адам (тізімі берілген)

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1.      Ведомстволық мұрағат жөніндегі ереженің жобасы туралы

2.      Тұрақты жұмыс істейтін сараптау комиссиясы жөніндегі ереженің жобасы 

туралы                               

              1. ТЫҢДАЛДЫ:           

Б.Б.Батыровтың баяндамасы (мәтіні тіркелген)

                  СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Д.С.Досымов – ұйымдық - әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты жүзеге асырады деген 7-тармақты анықтау керектігі жөнінде ұсыныс өндірді.

                 ШЕШТІ:

1.1. Ведомстволық мұрағат туралы ереже жобасы мақұлдансын және келісу үшін Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының сараптау – тексеру әдістемелік комиссиясына ұсынылсын.

 

          2.ТЫҢДАЛДЫ:

С.Б.Берікованың баяндамасы (мәтіні тіркелген)

                  ШЕШТІ:

2.1. Тұрақты жұмыс істейтін сараптау комиссиясы туралы ереже мақұлдансын және келісу үшін Қазақстан Республикасы президенті мұрағатының сараптау – тексеру әдістемелік комиссиясына ұсынылсын.

 

Төраға                                                  қолы                                    Абдулов А.А

 

Хатшы                                                  қолы                                   Смағұлова С.С

 

 

 

ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР

 

              Қызметтік хаттар – бұл ол қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйыдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын әр түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының үлкен тобының жинақталған аты. Қызметтік хаттар басқару қызметінде туындайтын көптеген жедел  мәселелерді шешу үшін қолданылады. Мазмұны мен мақсаты бойынша хаттар: кепілдік беру, ақпараттық, жарнамалық, коммерциялық, сұрату хаттары, хабарлама хаттар, өтініш хаттар, жауап хаттар, еске салу хаттары болып бөлінеді.

              Қызметтік хаттар кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар арасын байланыстыратын звено болып табылады, мекеменің келіп түскен және жіберілетін құжаттамасының 80% - ын құрайды. Олар бухгалтерия қызметінде де жиі қолданылады. Қызметтік хатың мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады. Бұл алушы мекеменің хатты өңдеу бойынша (ең алдымен тіркеу, бақылау, іске қалыптастыру) техникалық операцияларын жеңілдетеді және құжатты орындауды тездетеді. Хаттың мәтіні жүйелі, нақты және нық болуы тиіс. Фактілер мен оқиғалар объективті ұсынылады, ал ұсынылып отырған мәселе жеткілікті түсініктермен қысқа және анық айтылады.

              Хат арнайы бланкіде толтырылады және оның тақырыбы, адресаттың аты көрсетіледі, қол қойған тұлғаның аты – жөні және құрастырушының телефон нөмірі жазылады. Жіберілетін хаттың екінші данасы (көшірмесі) бланкіде басылмайды. Хаттың мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі. Кіріспе бөлікте фактіге, күнге, хатқа сілтеме жасай отырып, хатты жазудың себептері көрсетіледі. Екінші бөлігінде хаттың негізгі мақсаты (ұсыныс, бас тарту, өтініш, кепілдік және т.б.) айтылады. Хаттағы ақпартты жақсы қабылдау үші мәтінді жазудың дәстүрлі тәртібін өзгерту ұсынылады және екінші бөлікке дәләлдер мен тұжырымдарды орналастыра отырып мәселені оның негізгі мәнінен бастау қажет. Күрделі емес, мәселелері алдын – ала талқыланған хаттар түсіндірмесіз бір ғана бөліктер тұрады.

              Қызметтік хаттардың негізгі мақсаты – іс-әрекетке кірісудің қажеттігін сендіру, көрсету, түсіндіру. Бұл мәтіннің анықтығынан, нақтылығынан және қысқалығынан көрінуі тиіс. Сөздерді нақты мағынада анық қолданған дұрыс. Көпсөздік құжаттың мәнін түсінуге қиындық тудырады.Жүргізілген фактілер объективті, сандық деректері дәл, хаттың жалпы тоны қалыпты болуы тиіс. Хатта үзілді – кесілді сөздерден аулақ болған жөн: бұрынғыша, белгілі болғандай, мүмкін болса деген сияқты конструктивті тіркестердің болғаны дұрыс. Адресатқа көсемше сияқты айналымдармен: «Сіздің ұсынысыңызды мұқият қарап...», «Сіздің ескертпелеріңізді жан – жақты зерделеп...» деген тіркестермен жауап ьеру арадағы сыйластықты  көрсетеді. Хаттарда көрсетілетін  мәселелердің алуан түрллігіне қармастан, іс - әрекетті негіздеу кезінде бастапқы және қорытынды сөздер мен сөз тіркестерінің шектелген жиынтығы: «Айырбастау тәртібімен...», «Байланысты...», «Ерекше жағдайда...», «сәйкес...», «мақсатында...» деген тіркестер қолданылады. Шешеімдерді қабылдау себептері көсемше арқылы беріледі: «есепке ала отырып...», «қарап...», «басшылыққа ала отырып...» және т.б.

              Кепілдік хаттардан басқа, хаттарда, факстерде құжат түрінің атауы көрсетілмейді. Хаттың тақырыптық бөлігінде мынадай декректемелер болады: «Құжаттың күні», «Құжаттың тіркеу нөмірі», «Құжаттың тіркеу нөміріне және күніне сілтеме», егер жауап хат болса, онда мәтіннің тақырыбы көрстіледі. Хаттарда «Адресат» (хатты алушының) деректемесінің құрамдас бөліктері дұрыс көрсетілуі тиіс: фирма, құрылымдық бөлімшелер, лауазымы, аты – жөні, алушының почталық мекен – жайы.Бір мазмұнды хат бірнеше адресатқа жіберілетін болса, онда бірінші негізгі алушының мекен – жайы, сосын басқалары көрсетіледі. Егер құжат үшеуден көп адресатқа жіберілсе, жіберу тізімі жасалады және әрбір данасына нақты дана жіберілетін адресат қана жазылады. Егер хат бұрын жіберілген хатқа қосымша ретінде болса, онда бұрын жіберілген хаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

              Мекемеден жіберілетін барлық хаттар екі топқа – бастама және жауап хаттар болып бөлінеді. Егер жауап хат болса, онда құрастырушы жауап беріп отырған бастама хаттың күні мен нөмірін көрсетеді. Бұл деректеме хат түпкілікті ресімделгеннен кейін бланкіге толтырылады.

Мазмұнының сипаты бойынша хаттарды шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады:

 

 

 

ІЛЕСПЕ ХАТТАР

 

Ілеспе хаттар – адресатқа хатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін құжат. Ілеспе хаттарды жасау ұсынылып отырған құжатқа қандай да бір түсінік немесе қосымша қажет болғанда ресімделеді: орындау уақытын көрсету, кешіктіру себептерін түсіндіру, күрделі тұстарын түсіндіру және т.б. Хат: «Жібереміз», «Қайтарамыз», «Ұсынамыз» сияқты сөздерден тұрады және жіберілетін құжаттың тақырыбы және іздеу белгілері (күні мен мөрі) көрсетіледі. Егер ілеспе хаттың мәтіні өте қысқа болса, онда А5 форматында дайындалады және өзіндік тақырыбы болмайды. Барлық қалған жағдайларда, мазмұнында қандай да бір ақпарат болмаса, ілеспе хат ресімделмейді. Ілеспе хат жіберілген қосымша құжаттардың орындалу сипатын немесе мақсатты бағыт – бағдарын түсіндіру қажет болған жағдайда жазылады.

 

«Марал» жауапкершілігі                                         Товарищество с ограниченной

шектеулі серіктестігі                                                 ответственностью «Марал»

 

100006, Алматы қаласы,                                        100006 г. Алматы

Мұратов көшесі, 15                                                 ул. Муратов, 15

тел: 8(7172) 56-25-48                                               тел: 8(7172) 56-25-48                                          

факс: 36-14-45                                                         факс: 36-14-45                                                     

E-mail: Maral.sobaka.ru                                           E-mail: Maral.sobakа.ru

 

25 ақпан 2010 жыл № 8-4-64

 

┌ Құжаттармен жұмысқа есеп ┐                            «Дәулет» ЖШС

    беру туралы                                                           100008 Қарағанды қаласы

                                                                                        Ерубаева көшесі,54

                                                                                     

Құжаттармен жұмыс жасауды реттеу және орындаушылық тәртіп бойынша сапалы сараптама жасау мақсатында есеп берілетін кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей бекітілген үлгілердегі құжат айналымы бойынша тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есеп берулеріңіз қажет.

Қала әкімі аппараты жетекшісіне жолданатын құжаттар бірінші басшы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) қол қойған, бекітілген үлгідегі бланкіде ғана қабылданады. Қойылған қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышта немесе бірінші парақтың сырт жағында орындаушының тегі және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс. Аталған талаптарға жауап бермейтін хат – хабар түзету үшін кері қайтарылады.

 

Қала әкімі                                          қолы                                С.Қ. Салықбаев

 

 

 

 

 

 

Орын.: Б.С. Жүкенова

тел.: 54-45-78

ХАБАРЛАМА ХАТ

 

Хабарлама хат – қызметтік хаттардың бірі. Ол қандай да бір жағдайды хабарлау үшін немесе қандай да бір міндеттердің орындалмағанын ескерту үшін жіберіледі. Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және ақпарттық хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады және сұратуға жауап болып табылады. Ақпараттық хаттың мәтінінде қандай да бір деректер немесе шаралар туралы хабарланады. Ақпараттық хат арқылы көбіне ұйымның қызметі немесе әр түрлі өнімі анықталады. Ол: «Хабарлаймыз», «Хабардар етеміз», «Сіздің назарыңызға ұсынамыз» деген сөздер арқылы жазылады. Одан әрі қандай да бір фактілер көрсетіледі.

 

«Құлагер»жауапкершілігі                                                Товарищество с ограниченной                                                                                             

шектеулі серіктестігі                                                         ответственностью «Кулагер»

 

100005  Алматы қаласы,                                                   100005 г. Алматы

Абай даңғылы, 11 үй                                                         проспект Абая, 11

тел: 8(7172) 45-15-25                                                         тел: 8(7172) 45-15-25

факс: 45-15-25                                                                    факс; 45-15-25

E-mail: [email protected]                                                    E-mail: [email protected]

 

30 ақпан 2010 жыл № 8-10-26

 

┌ Көлік салығын жыл сайын ┐                                    «Барыс» ЖАҚ      

   төлеп отыру туралы                                                     010000, Астана қаласы

                                                                                              Рысқұлов даңғылы, 25

 

2009 жылғы 13 желтоқсанда жасалған келісімге сәйкес Сіз көлік салығын жыл сайын төлеуге міндеттенгенсіз, осыған орай мерзім уақытының аяқталғанын Сізге ескертеміз.

Салық төленбеген жағдайда көлігіңіз тұтқынға алынып, Сізге қатысты іс қозғалатынын хабарлаймыз.

 

Салық инспекциясы                              қолы                         А.Е. Нұрланов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.: А.С. Сағатова

тел.: 45-36-15

ЖАРНАМАЛЫҚ ХАТТАР

 

              Жарнамалық хаттар – ақпарттық хаттардың бір түрі, нақты адресатқа жіберіледі және жан – жақты сипаттамасы және жарнамалап отырған тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасы көрсетіледі.

              Жарнамалық хаттардың мақсаты – адресаттың ұсынылып отырған қызметтерге қызығушылығын тудыру. Хаттың мәтіні нақты, анық және толық ақпаратқа ие болуы тиіс. Мұндай хаттарда автор – ұйымның мекен – жайы бөлек көрсетіледі.

 

 

ШАҚЫРУ ХАТЫ

 

              Шақыру хаты – адресатты қандай да бір жүргізілетін іс – шараларға қатысуға шақыру. Нақты тұлғаларға, сондай – мекемеге жіберіледі. Хат: «Қатысуыңызды өтінеміз», «Сізді шақырамыз», «Біз Сізді шақырғанымызға өте қуаныштымыз» және т.б. сияқты сөздер арқылы жазылады. Шақыру хатында жүргізілетін іс – шараның сипаты беріледі, өтетін мерзімі, нақты уақыты көрсетіледі.

              Ақпарттық хат адресатқа қандай да бір факті немесе іс – шара туралы хабарлайды. Көбінесе ақпараттық хаттардың көмегімен қандай да бір ұйымның қызметін, өндіретін өнімін, шығаратын әдебиеттерін үгіттейді.

 

РАСТАУ ХАТТАРЫ

 

              Растау хаттары – бұрын жіберілген құжаттың күшінде қалатынын хабарлайтын (мысалы шарт, нұсқаулық және т.б) жіберілімдерді (хат, телеграмма, аударым, бандероль, тауарлар, құндылықтар) алу туралы хабар. Хат қандай да бір фактіні, іс - әрекетті, телефонмен сөйлесуді растайды. Бұл хатта «растаймыз» деген сөз болуы тиіс. Осындай хаттарды уақытылы жіберу мәселені бақылаудан алуға және ескертпе хат жіберуді болдырмауға мүмкіндік береді.

 

ЕСКЕРТПЕ ХАТТАР

 

              Ескертпе хат қандай да бір міндеттеменің не жүргізілген іс – шаралардың орындалу мерзімінің жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсетеді. Бұл хат өте қысқа болуы мүмкін және маңызды бір бөліктен ғана тұрады. Мұндай хаттар «Ескертеміз» деген сөзбен аяқталады. Бұл хат адресатқа жеке байланыс немесе телефон арқылы жауап алу мүмкін болмаған жағдайда жолданады.

 

«Тұлпар» жауапкершілігі                                              Товарищество с ограниченной

шектеулі серіктестігі                                                       ответственностью «Тулпар»

 

020000, Тараз қаласы                                                      020000 г. Тараз

Фараби көшесі, 45                                                          ул. Фараби, 45

тел: 8(7115) 45-25-78                                                      тел: 8(7115) 45-25-78

факс: 58-65-12                                                                  факс: 58-65-12

E-mail: Tulpar.body.ru                                                      E-mail: Tulpar.body.ru

 

01 наурыз 2010 жыл № 8-15-26

 

┌ Хат санының мерзімі аяқталмай ┐                      «Дәулет» ЖАҚ

     орындалғандығы туралы                                       Астана қаласы

                                                                                           Абай даңғылы, 85

 

 

 

              ______________ жылдың басынан бері орындаушылық тәртіпке жасалған сараптама нәтижесі көрсеткеніндей, осы жылдың үш айы ішінде ____________қаласы әкімі аппаратынан  бөлімшеңізге азаматтардың өтініші бойынша _______ тапсырма орындалуға жіберілген болатын.Жалпы хат санының_________ мерзімі сақталмай орындалған, оның ішінде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты _____________хаты да бар,  ___________ тапсырма орыгдалмаған, бұл жалпы тапсырма санының ________ %-ын құрайды. Қазірге дейін қала әкімі __________ халықпен кездесудің қорытындысы бойынша кесте график жасалмаған.

              Сонымен бірге __________ жылдың ______ тапсырмасынан қазірге дейін ________ ( _________%), оның ішінде әкімдік басшылығы бақылауындағы  ________ тапсырма орындалмаған.

              Жоғарыда көрсетілген жайттар негізінде, қала басшылығы тапсырмаларының орындалуын қатаң қадағалап, уақытылы жүзеге асуын қамтамасызетуіңізді және міндетті түрде, басшылықтың бұрыштамасына қарамастан, өтініш иелерін олардың қаралу нәтижелері туралы құлақтандырып отырыңыз.

              Қабылданаған шаралар туралы осы жылдың ___________ дейін бақылауыңызды сұраймын.

 

Директор                                                 қолы                                А.С. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.: Е.Д. Ермекова

тел.: 56-12-45

БАСТАМА ХАТТАР

 

              Бастама хаттар – бұл жауап талап ететін хат. Осындай хаттардың көпшілігі қандай да бір мәселені шешуді өтіну (ұсыныс, сұрату) болып келеді. Бұл хаттың ең көп тараған түрі, оның тақырыбы алуан түрлі. Оның сипаттамасы қойвлған мәселенің оң не теріс шешілуін білдіреді.

 

 

 

КЕПІЛХАТ

 

              Кепілхат – ондағы міндеттемелерді орындауды  қамтамасыз ететін құжат. Бұл хаттарда ақы төлеуге, өнімді немесе оның қандай да бір бөлігін жеткізу мерзімдеріне кепілдік беріледі. Кепілдік беру хаттарының жоғары құқықтық функциялары бар, сондықтан хаттың мәтіні анық және нақты болуы тиіс.

 

«Барыс» жауапкершілігі                                                  Товарищество с ограниченной

шектеулі серіктестігі                                                         ответственностью «Барыс»

 

КЕПІЛХАТ                                                                       ГАРАНТИЙНОЕ ПИСЬМО

 

040100, Қарағанды қаласы,                                             040100 г. Караганда

Розыбакиев көшесі, 54                                                      ул. Розыбакиев, 54

тел: 8(7172) 45-15-25                                                         тел: 8(7172) 45-15-25

факс: 45-15-25                                                                    факс: 45-15-25

E-mail: Barys.@ mail.ru                                                    E-mail: Barys.@ mail.ru

 

15 ақпан 2010 жыл № 5-6-36

 

┌ Қызмет ақысын төлеуге ┐                                          «Дәулет» ЖШС                                            

    кепілдік беру туралы                                                   140005 Қарағанды қаласы,

                                                                                              Гоголь көшесі, 55

 

______________ қаласы (__________ ауданы) әкімдігі _____________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

                                                                      (ұйымның атауы)

_______________________________________________ бағыты бойынша жүк тасымалдағаны үшін қызмет ақысын төлеуге кепілдік береді.

 

Директор                                                 қолы                                  А.С. Серіков

 

 

 

 

Орын.: Е.М. Уақасова

тел.: 52-14-98

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ХАТТАР

 

              Коммерциялық хаттар – келісім - шарттар жасау және оны орындау кезінде жасалады. Олар сатып алушының тауарлар, қызметтер туралы жан – жақты ақпарат беруін өтіну және/немесе тауар жіберуге ұсыныстар (оферта), сатушылардың жауаптары, жарнамаға жауап, кредиттік хаттар болуы мүмкін. Рекламациялық (шағым) хаттарда кәсіпорын басқатараптың (басқа агенттің) келісім – шарт талаптарын орындамауынан болған шығындарды өтеуін талап етеді. Рекламацияда осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Осы негізгі құжатқа қосымша ретінде жан – жақты дайындалған көшірмелер ресімделеді.

              Шетелдік әріптестермен келісім – шарт жасау кезінде кредиттік хаттар (L/C Letter 0f credit) пайдаланылады. Онда сатушы алушының банкінен валюталық есептік шотының  нөмірі мен сатып алушының тауарлар және қызмет көрсету үшін ақы төлеуге берген банк кепілдігін көрсете отырып, кепілдік беру хатын сұрайды.

 

ҰСЫНЫС ХАТ

 

              Ұсыныс хат – белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы жазылған хат түрі.

 

СҰРАНЫС ХАТ

 

              Сұраныс хат – қандай да бір ресми мәліметтер немесе құжаттар алу мақсатында жолданған іскерлік хат. Сұраныс хаттарға әдетте, ұйым басшысы мен сол лауазымға өкілеттілігі бар тұлға қол қояды.

              Сұраныс хат жауап хатты талап етеді. Бұл хат екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде орын алып отырған фактілер, жайттар туралы ақпарат беріледі (сілтеме, дәлел, мәселенің тарихы); екінші бөлімде тілек, күтілетін жайт сөз жазылады (өтініш, ұсыныс, талап). Мәтін нақты әрі бір жақты сипатта болып келеді.

 

«Дәулет» жауапкершілігі                                                 Товарищество с ограниченной

шектеулі серіктестігі                                                          ответственностью «Даулет»

 

100008 Қарағанды қаласы,                                               100008 г. Караганда

Гоголь көшесі, 18                                                               ул. Гоголя, 15

тел: 8(7212)74-59-75                                                          тел: 8(7212) 74-59-75

факс: 58-54-63                                                                    факс: 58-54-63

E-mail: Daulet.sobaka.ru                                                     E-mail: Daulet.sobaka.ru

 

25 ақпан 2010 жыл № 5-3-45

 

┌ Кеңсе тауарларын жеткізу ┐                                     «Абди компани» ЖШС

    туралы                                                                              100007 Алматы қаласы,

                                                                                              Розыбакиев көшесі, 6а

 

             

Құрметті Салықбаев Қанағат мырза!

Сіздерден бізге 5 қорап көк қалам, 2 қорап қара қарындаш, 5 қорап А4 формат ақ қағазын жіберулеріңізді сұраймыз.

              Сіздермен бұдан кейін де осындай байланыста боламыз деген үміттеміз.

Қосымша: 2 бетте, 1 данада, қазақ тілінде.

 

Директор                                             қолы                               С.Е. Ержанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.: М.Е. Мақатаева

тел.: 45-46-47

 

             

ЖАУАП ХАТТАР

 

              Жауап хаттар – бастама хаттардың сипаттамасына байланысты болады, өйткені оның мәтінінің тақырыбы белгілі, бастама хатта қойылған мәселелрді шешу сипатын жазу ғана қойылады: ұсынысты, өтінішті орындауды қабылдау немесе одан бас тарту. Жауап әрқашан да анық, қысқа болады: қандай өтініштер қанағаттандырылады, өтініштердің барлығы қанағаттандырылды ма, қашан, қай мерзімде. Ұсыныстан бас тарту дәлелді болуы керек.

              Қаржы мәселелері бойынша хаттарға фирманың бірінші басшысы және бас бухгалтер қол қояды. Қандай да бір кепілдіктер беретін хаттардың заңдық және қаржылық зардаптары болады, сондықтан оларға фирманың мөрі соғылады.

 

 

 

«Абди компани» жауапкершілігі                           Товарищество с ограниченной                              

шектеулі серіктестігі                                               ответственностью «Абди компани»

 

100008 Алматы қаласы,                                             100008 г. Алматы

Розыбакиев көшесі, 6а                                              ул. Розыбакиев, 6а

тел: 8(7272) 59-65-12                                                  тел: 8 (7272) 59-65-12                                             

факс: 56-16-10                                                             факс: 56-16-10

E-mail: Abdi.company.ru                                             E-mail: Abdi.company.ru

 

30 ақпан 2010 жыл № 6-8-94

 

25 ақпан 2010 жыл № 5-3-45

 

┌ Кеңсе тауарларының ┐                                         «Дәулет» ЖШС

Кәсіпорындағы ақпараттық – анықтамалық құжаттар, түрлері, мінездемелері