Кәсіпорындағы баға саясаты
ДӘРІСТІК КЕШЕН
АЛҒЫ СӨЗ
Нарықтық
экономика жағдайларындағы
Осы курстың мақсаты студенттердің кәсіпқой іскерлігінде қолданатын баға құрудағы практикалық дағдылар мен теориялық негіздерін меңгеру болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорынның немесе кәсіпкердің коммерциялық табысы көбінесе дұрыс таңдалған баға белгілеу стратегиясы мен тактикасына байланысты. Баға құру деңгейіне саяси, экономикалық психологиялық және әлеуметтік факторлар кешені әсер етеді.
“Кәсіпорында
баға құру” – тауарлар мен қызметке баға
құралу процесі.
1 БӨЛІМ
КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ
БАҒА САЯСАТЫ
Дәріс №1.
Баға
құрамындағы өзіндік құн
Өндіруші-кәсіпорындар үшін тауар бағасының құрамындағы маңызы бойынша негізгі элемент болып өзіндік құн табылады.
Өзіндік құн – ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен байланысты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні.
Баға құрамындағы шығындар бағаның мүмкін төмен деңгейінің шегін белгілейді.
Кәсіпорын (фирма) өз тауарына (қызметіне) өндіріс, бөлу және өткізу шығындарын жабатын, оның ішінде жоспарланған пайда көлемі кіретін, бағаны белгілеуге тырысады. Нақты тауарлардың шығындар құрылымы мен оның пайда болу себептерін білу қажет, өйткені осыларға байланысты қарастырылатын бағалардың ұзақ мерзімді пайдалылық болжамы анықталады. Шығындарды төмендету шаралары олардың құрылымын түсінуге негізделіп, тауарлардың (қызметтердің) бәсеке қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік жасайды.
Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) барлық шығындары екі түрге бөлінеді – тұрақты және өзгермелі. Тұрақты және өзгермелі шығындардың екеуіне де тиесілі аралас шығындар да бар.
Тұрақты немесе үстеме шығындар үнемі түрде болады және олар өндіріс көлеміне байланысты емес. Бұл жылуға, электрқуаттылығына, жалға және т.б өндіріске жағдай жасаумен кететін шығындар.
Үлестік (бір бұйымға) тұрақты
шығындар келесі формула
__
FC – үлестік тұрақты шығындар;
FC – жалпы тұрақты шығындар
Q – өндіріс көлемі.
Кәсіпорын үшін жекелеген бұйымдардың өзіндік құнын есептеп білгенше, жалпы тұрақты шығындардың көлемін анықтаған маңызды. Оны анықтау есептік жолмен калькуляция жасауға қарағанда жеңілдірек.
Өндірістің шағын көлемінде өнімнің бөлек түрлерінің өзіндік құнының орташа көрсеткіштері тұрақты шығындар есебінен құралады. Өндіріс көлемі өсе келе тұрақты шығындар өндірілген тауардың көп саны арасында үлестірілетіндіктен орташа шығындар төмендейді.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлемінен тікелей байланыста өзгереді. Тауар (қызмет) бірлігіне әдетте бұл шығындар өзгермейді, ал олардың жалпы сомасы өндірілген тауарлар (қызметтер) көлеміне байланысты өзгереді. Бір бұйымға кететін өзгермелі шығындар көлемі келесі түрде анықталады:
___
VC-үлестік өзгермелі шығындар;
VC-жалпы өзгермелі шығындар;
Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі жоғарлауымен байланысты өте тез өседі. Осыдан кейін жалпылай өндірісте үнемдеу факторы байқалады. Олардың өсуі жалғаса береді, бірақ оның қарқыны өндіріс қарқынынан төменірек болады. Өндірістің әрі қарай өсуінде табыстың азаю заңы пайда болады, мұнда өзгермелі шығындардың өсу қарқыны өндіріс көлемінің көрсеткіштерінен озып кетеді.
Кәсіпорынның міндеті - өндіріс көлемін анықтау кезінде өзгермелі және тұрақты шығындар арасындағы « алтын ортаны » табу.
Жалпы немесе жиынтық шығындар тұрақты және өзгермелі шығындар сомасымен анықталады:
TC=VC+FC
мұнда,
TC-жиынтық шығындар
Командалық-басқару жүйе жағдайында жалпы шығындар әдетте кәсіпорынның бағасын құруда дәстүрлі база ретінде қызмет етті. Шығындарды есептеудің Кеңестік жүйесі мемлекеттік бағақалыптастыру мақсаты үшін толық өзіндік құн калькуляциясы мен жалпы нақты шығындар туралы ақпараттар алудағы орталықтан басқарылынатын экономиканың талаптарын қамтамасыз ету мақсатына бағдарланған. Өндіріс пен баға шығындарын төмендетуге ғаламды түрде ынта болмады, жалғасынша кәсіпорында да өзіндік құнды басқару лайықты деңгейді қамтымады.
Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындарда нарықтық жүйеге лайық «стандарт-кост» («директ-кост», «маржинал костинг», «шекті және маржиналды шығындарды есептеу») жүйесі еңгізілген. Соған сәйкес фирмалар тек өзгермелі шығындар есебін жүргізеді. Тұрақты шығындар болса салық салудан бұрын алынатын пайда құрамына енгізілді. Бұл нарықтық жағдайларда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда өндіріс қуаттары жүктемесінің құбылу жағдайлары пайда болып, сату көлемі мен өнімнің өзіндік құнының деңгейіне әсер етуімен түсіндіріледі.
Толық емес құн негізінде бекітілген баға, толық шығындар негізінде есептелгеннен төмен болады, сонымен қоса ол сатып алушылар үшін тартымды болады.
Шығындарды тұрақты мен өзгермеліге бөлу, оларды үлестіру әдісі бойынша топтастырумен байланыстырылады (калькулациялық баптар бойынша жіктеу).
Калькуляция - тауар (қызмет) бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорынның өндіріске және тауар (қызмет) бірлігін өткізуге кеткен шығындарының ақшалай формасын айқындайды.
Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру негізінде оларды экономикалық элементтер бойынша жалпылау қағидасы жатыр. Мұнда өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты және басқарушылық сипаттағы шығындар ерекшеленеді.
Өндіріспен және өндірістік өзіндік құнды қалыптастырушы шығындарды есептеу 1996 жылы бекітілген Бухгалтерлік есеп стандарттарымен сәйкес жүзеге асырылады.
Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге кеткен шығындар олардың экономикалық мазмұнымен сәйкес келесі элементтерге топтасады:
- материалдық шығындар;
- еңбек төлемі шығындары;
- сақтандыруға аударымдар;
- құралдардың тозуы;
- басқа да шығындар.
«Материалдық
шығындар» элементінде
Еңбек төлемі шығындары құрамына келесілерді жатқызады: еңбекақы, сый-ақы; ынталандыру және өтемдік төлемдер; натуралды төлем ақы ретінде берілетін өнім құны және т.б.
«Сақтандыру аударымдары» элементінде бюджетке аударылатын әлеуметтік салықтың көлемі көрсетіледі (21%).
«Құралдардың
тозуы» элементінде негізгі
Басқа да шығындар құрамына табиғи азаю шегіндегі жетіспеген сома, өндіріс ақауы, құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, тасымалдау шығындары, өзіндік құнның басқа элементтеріне жатпайтын өндірістік сипаттағы өндірістік емес шығындар жатады.
Элемент бойынша топтастыру негізінде еңбектік және материалдық ресурстар балансы құрылып, артықшылықтар немесе қамтамасыз етілмеу жағдайы байқалады. Фирма немесе кәсіпорын деңгейінде шығындардың мұндай топтасуы өндірістік қорларды жоспарлауға, кадрлік саясатты жасау үшін (қысқарту, қайта мамандандыру және т.б), еңбекақы қорының ұтымды пайдалануына, орташа жалақы деңгейін бақылауға, өндіріс қуаттылығының деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құнына енбеген шығындар есептік кезеңдегі шығындар деп есептелінеді.
Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар тура және жанама болып топтасады.
Тұра – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге қатысты шығындар.
Жанама (үстемелі) – жанама жолмен үлестірілетін басқарушылық сипаттағы шығындар және олар бір уақытта өнімнің бірнеше түрімен байланысты болады. Мәселен, өндірісті басқару мен ұйымдастыруға байланысты – жалпы әкімшілік шығындар; несие бойынша пайыздар төлемі; тауарлық-материалдық қорларды өткізу шығындары.
Кәсіпорын өз тауарларына (қызметтеріне) ең кем дегенде өндірістің барлық шығындарын өтей алатын бағаны белгілеуге тырысады.
Шығындар кәсіпорынның коммерциялық саясатына елеулі түрде әсер етуі мүмкін.
Шығындары төмен кәсіпорын кез-келген нарықта жоғары бәсекелестік басымдылыққа ие болады. Ол бәсекелестерге қарағанда төмен баға белгілей алады, және, бұл баға бойынша сезімталдарды тартатындықтан басқаларға қарағанда жоғары сату көлеміне ие болады.
Керісінше, шығындар деңгейі жоғары болған фирма, жоғары бағада төлем жасай алатын сатып алушыларды иемденетін нарықтың қуысына бағытталған лайықты-мәртебелі (жоғары) баға саясатын құрады.
Тиімді
баға саясатын жүргізгісі келетін кәсіпорын
өнімді өндіру мен өткізуді бастамас
бұрын, өзінің шығындар деңгейін өндіретін
тауарлардың (қызметтердің) мүмкін баға
деңгейімен салыстыруы керек.
2. Баға
құрамындағы пайда
Өз өнімін бекітілген бағамен өткізе отырып, қандайда болмасын кәсіпорын тек қана өндіріс пен өткізу шығындарын өтеумен шектелмей, нарық жағдайында қызмет етуге мүмкіндік беретін пайда көлемін алуға тырысады. Пайда бағаның маңызды элементтеріне жатады.
Пайда –бекітілген бағамен тауарды өткізгеннен кейінгі алынатын табыс түрі.
Пайда көлемі өнімді бекітілген бағамен өткізуден кейінгі түскен табыспен, оны өндіруге және өткізуге кеткен шығындардың айырымымен анықталады.
Алынатын пайданың жалпы массасы, бір жағынан, сату көлемі мен баға деңгейіне, екінші жағынан – өндірістік шығындар деңгейі қоғамға қажетті шығындарға қаншалықты сәйкес келуіне тәуелді.
Салықтарды төлегеннен кейін таза пайда белгіленген арақатынаста жинақтау қорына және тұтыну қорына бөлінеді.
Жинақтау қоры есебінен кәсіпорын (фирма) кадрлерді дайындау және қайта дайындауды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыра алады. Тұтыну қоры есебінен кәсіпорын жұмыскерлерге әлеуметтік төлемдердің жоғарлауын, және де әлеуметтік аядағы мекемелерді қамтамасыз етуі мүмкін.
Сондықтан кәсіпорын (фирма) үшін керекті пайда шамасы оның даму қажеттілігімен анықталады және ұдайы өндірістің бірқалыпты үдерісін қамтамасыз етуші мүмкін төмен деңгейінен кем болмауы керек.
Мемлекетте кәсіпорындардың бюджет кірісіне оң әсер беретіндіктен оның пайдасының жоғарлауына мүдделі.
Нарықтық қатынастар жағдайында пайданың екі негізгі көзі бар.
Біріншісі – кәсіпорынның тауарды өндіріп, шығарудағы монопольдік жағдайы немесе оның ерекшелігі. Бұл көзді салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қолдау, тауардың тұрақты жаңаруын жүзеге асыруды талап етеді. Мұнда мемлекеттің монополияға қарсы саясаты мен басқа кәсіпорындар тарапынан бәсекелестік сияқты қарсы күштер де ескерілуі қажет.
Екінші көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты. Оны қолдану тиімділігі сұранысты иеленуші тауарды (қызметті) дұрыс таңдауға, оның бәсекеқабілеттілігіне, өткізу көлеміне, өнім ассортименті мен шығын құрылымына тәуелді.
Пайда табу – кәсіпкерліктің кез-келген формасына түрткі болатын қозғаушы күш. Нарықтық экономика және бәсекелестік шартында, ең жоғары пайда алудың объективтік тенденциясы болады.
«Баға-пайда» өзара байланысын есептеу, пайданы жоғарлату үшін шешімдер варианттарын жобалауға мүмкіндік береді (кесте 1).
Өнімнің жекелеген түрлерін өндірудің салыстырмалы экономикалық тиімділігін сипаттау үшін пайданың абсолюттік шамасы жеткіліксіз.
Алынған пайданы кеткен шығындармен салыстыру қажет. Бұл мақсаттар үшін салыстырмалы көрсеткіш – рентабельділік деңгейі қолданылады, және ол пайданың өнімді өндіру мен өткізуге кеткен материалдық және еңбектік шығындар сомасына пайыздық қатынасы арқылы анықталады:
P-рентабельділік;
Pr-пайда;
C-өзіндік құн.
Шығындарынан асатын пайдаға ие болған кәсіпорын рентабельді деп саналады. Егер әкімшілікті-командалық жағдайда, бюджет жәрдемақысы арқылы рентабельділігі төмен және рентабельді емес кәсіпорындардың қызмет етуі мүмкін болса, нарықтық жағдайда, мемлекет қолдайтын салалар мен өндірістерді санамағанда, олардың іс жүзінде болмауы мүмкін.
Нарық шартында рентабельділік нормативтері тек монополист-кәсіпорындар өнімдеріне бекітілуі мүмкін. Басқа жағдайларда пайданың мөлшері тауар өндірушілердің бәсекеқабілеттілігі нәтижесінде нарықта қалыптасады, және ол көптеген конъюктуралық факторлардан, шаруашылық операцияның жүргізу уақытынан, шығындар құрылымының әсерінен өзгеруі мүмкін.
Әдетте, жасалған мәміленің көлемі ұлғайған
сайын, оның құрамындағы пайда үлесі
аз болады. Ғылым саласында шығындардың
негізгі бөлігін еңбектік шығындар құрағандықтан,
оған ең төменгі рентабельділік деңгейі
салынады. Сауда саласы материалдық қорларды
құру қажеттілігімен байланысты болғандықтан,
оның рентабельділік деңгейі жоғарырақ
болады. Материалдық өндіріс аясында материалдық
шығындар, еңбек және тозу шығындары және
т.б болғандықтан, оған рентабельділіктің
ең жоғарғы деңгейі сәйкес келеді.
- Баға құрамындағы салықтар
Салықтар – заң жүзінде мемлекетпен бекітілген біржақты реттілікте белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыздық және өтемсіздік сипаттағы бюджетке аударылатын ақшалай төлемдер (ҚР Салық кодексі, 10 бап).
Баға құрамына келесі салықтар кіреді:
- әлеуметтік;
- қосымша құн салығы;
- акциз.
Әлеуметтік салық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше әлеуметтік-экономикалық немесе мәдени аяларын дамытуға не материалдық қолдауға бағытталған бюджетке төленетін аударымдар. 1999 жылдан бастап әлеуметтік салық Зейнетақы қорына, зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа, әлеуметтік сақтандыру қорына, жалпы медициналық сақтандыру қорына, жұмысбастылықты қолдау қорына аударымдарды және автокөлік жолдарын пайдаланушылардың аударымдарын біріктірді. Бұл салықтың шамасы кәсіпорынның еңбекақы шығындарымен тығыз байланысты, өнімнің өзіндік құнына «сақтандыру аударымдары» ретінде жеке шығындық бап сипатында бола отырып өлшенуге мүмкін болады.
Әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі (ставкасы) 21% құрайды (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 21-ден 13%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Салықтың қызмет ету уақытында мөлшерлемелер өзгеріліп әр-түрлі төлеушілер үшін 26%-дан 6.5%-ға дейін сараланады.
Қосымша құн салығы өндіріс үдерісінде және тауарлар (жұмыстардың, қызметтердің) айналымында қосылатын, өнімді өткізу бойынша айналымнан алынатын құнның бір бөлігі және Қазақстан Республикасы аймағына тауарлардың импортталуы кезіндегі бюджетке аударылатын төлемдер ретінде сипатталады.
ҚҚС республика территориясында тұтынылған немесе пайдаланған тауарлар мен қызметтерге қатысты тұтынудағы жалпы салық болып табылады.
ҚҚС өндірілетін және көрсетілетін қызметтер құнының салығы болып табылады. Салық өнімді (тауарларды, қызметтерді) өндірудің және өткізудің барлық кезеңдерінде алынады. Нәтижесінде соңғы тұтынушы салықты толық төлейді, ал өнімді өндіруде және өткізуде төленген ҚҚС-ғы оларды төлеген субъектіге қайтарылуы мүмкін.
Салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге міндетті ҚҚС, өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауарларға төленуге міндетті ҚҚС сомасының айырымымен анықталады. Осылайша, кәсіпорын тауарды сатқанда сол кәсіпорында қалыптасқан құнға салық қосып оны өтеп алады. Бұл сату бағасына қосылатын ҚҚС бөлігі мемлекеттік бюджетке аударылады. Сонымен, тауарлардың іс жүзіндегі айналымы салықтық төлемдермен тығыз байланысты, ал салықтың барлық ауыртпашылығы соңғы тұтынушыға жүктеледі.
Қандайда бір жеңілдіктер мен шегерімдер болмаған жағдайда косымша құн салығы табысы төмен тұлғаларды табысы жоғары тұлғалармен салыстырғанда табыстарынан жоғары пайыз төлеуге міндеттейді. Мәселен, бір айда табыстары 6000теңге және 36000 теңге құрайтын екі жанұя 1160 теңгеге ұқсас тауар сатып алады, ал ҚҚС 16% құрайды. Екі жанұя да бірдей жанама салық-160 теңге төлейді. Мұнда ҚҚС бірінші жанұяда-2,66%, ал екіншісінде-0,44% құрайды.
ҚҚС мөлшерлемесі 2001 жылдың 26 маусымында қабылданған Салық Кодексіне сәйкес 16%-ға тең (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 16-ден 15%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Экспорттық тауарлар айналымы бойынша (түрлі-түсті және қара металдар экспортын қоспағанда); Ұлттық Банкке асыл металдарды өткізуді (алтын, платина); халықаралық тасымалдаулармен байланысты қызметтер көрсету, жұмыс атқару нольдік мөлшерлемедегі ҚҚС-ғы салынады.
Акциз – тауар бағасынан алынатын жанама салықтын түрі. Акциздер, әдетте, жоғары рентабельді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциздерді сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін, және мемлекеттік немесе жергілікті бюджет қаржыларын толтыру үшін қолданады.
Акциздер бұқаралық тұтыну үшін өндірілетін және Қазақстанның территориясына енгізілетін тауарларға салынады. Акциздік тауарлар мен қызметтерге келесілер жатады:
- спирттің барлық түрлері;
- алкогольдік өнімдер;
- темекі өнімдері;
- бекіре және қызыл балық уылдырығы;
- алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік
бұйымдар;
- бензин (авиациялықты санамағанда), дизельдік отын;
- жеңіл автокөліктер (мүгедектер үшін арналған қолмен
жүргізілетін автокөліктерді
- тапанша және газдық кару-жарақтар (билік органдарының
қажеттіліктеріне
- газдік конденсатты қосқандағы шикі мұнай;
- ойын бизнесі;
- лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.
Акциздің салық салу объектісі болып тауар өндіруші берілген тауар немесе дайын өнімнің физикалық көлемін жабдықтайтын акцизге кірмейтін, баға бойынша анықталатын құн табылады.
Акцизді төлеушілер болып заңды немесе жеке тұлғалар табылады:
- акциздік тауарларды Қазақстан территориясында өндірушілер;
- бензинмен (авиациялықты санамағанда), дизельдік отынмен көтерме және бөлшек сауда жасаушылар;
- акциздік тауарларды Қазақстан Республикасының территориясына импорттаушылар;
- Қазақстан Республикасының территориясында ойын бизнесімен айналысатындар.
Соңғы төлеуші – салықты артушы болып, акциз енгізілген бағамен тауарды игеретін сатып алушы саналады.
Акциздік
тауарлар бойынша акциз
Акциздік тауарларға акцизді есептеумен қатар ҚҚС салынады, бұл тауарлардың екі ретті салық салынуына әкеледі: бір салықтың мөлшеріне екінші салық салынады, яғни акциз сомасы ҚҚС-ың салыну негізіне қосылады.
Тауардың бағасына екі салықтың енуі тауарды қымбаттады, тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне, және шикізаттар мен материалдарды қымбаттатып өндірістің қиыншылыққа ұрынуына байланысты ұсыныстың төмендеуіне әкеледі.
4. Бағадағы
үстемелер мен шегерімдер
Көтерме және бөлшек саудадағы өндіруші-кәсіпорынның бағасының құрамына үстемелер мен шегерімдер енуі мүмкін.
Өндіруші-кәсіпорынның үстемесі – мәміледе қарастырылған жағдайларда өндіруші (жабдықтаушы) сатып алушының қосымша талаптарымен келісіп, орындаған жағдайда тауардың (қызметтің) негізгі бағасына қосылатын үстеме болып табылады. Үстемелер, мысалы, машинаның, құрал-жабдықтардың қандайда бір бөлшегін күшейтуге, қосымша сервистік қызметтерді көрсеткенге және т.б жағдайларда есептелуі мүмкін.
Тауарлық нарықтың маңызды қатысушыларына көтерме және бөлшек сауданы жатқызамыз.
Көтерме сауда материалдық ресурстармен орағытудың маңызды тиегі болып табылады, өндірістің барлық деңгейлерінде өнімнің артық қорларын қысқартуға және де тауарлық тапшылықты жоюға себеп болады, тауарды ірі партиямен сатып алатындықтан аймақтық және салалық тауарлық нарықтарды кұрудың негізгі күші болып саналады.
Көтерме сауда арқылы тұтынушының өндірушіге әсері күшейеді, сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестікке жетудің нақты мүмкіншіліктері пайда болады, әр тұтынушыға өз қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде және тұтынуына сәйкес өнімді сатып алуға мүмкіншілікті қамтамасыз етеді.
Көтерме сауданың үстемесі (жабдықтаушы-өткізу үстемесі) – бұл, көтерме фирмалардың базалары мен қоймаларынан тауарды өткізгенде бағасына қосылатын үстеме, ол олардың шығындарын жабуға және белгіленген орташа пайданы алуға қажет. Іс-жүзінде, әр баға шығындар мен пайдадан тұрғандықтан, бұл үстеме көтерме сауда қызметінің бағасы болып табылады. Жабдықтау-өткізу үстемелерінде сатып алу, сақтау, жинақтау, іріктеу, тасымалдау, өткізу шығындары ескеріледі.
Бөлшек сауда – тауарларды (қызметтерді) соңғы тұтынушының коммерциялық емес мақсатта пайдалануына бағдарланатын тауарды (қызметті) сату бойынша қызметпен сипатталады. Бөлшек саудада материалдық тауарлар сату-сатып алу жолымен айналым аясынан тұтыну саласына өтіп тұтынушының меншігі болады. Бөлшек сауда тұтыншыға жақын түрде болғандықтан ол нарық конъюктурасына қатысты факторларға жоғарғы дәрежеде ие болады, тұтынушылық талғамдардың өзгеруін, және сұранысты анықтап, біледі. Бөлшек сауда тауарларды таңдауды, оларды іріктеуді, сақтауды, маркалауды, жарнаманы жүзеге асырады.
Саудалық үстеме – бұл тауарды өткізу бойынша бөлшек сауданың шығындары және пайданың жеткілікті нормасынан тұратын бөлшек сауда желісінің бағасына үстеме.
Бірақта, мүдделі жақтардың тауар үстемелерін есептеумен баға орнату арқылы, қалыптастыру үдерісі аяқталмайды. Көбінесе өндірушілер, делдалдар нарықтық түзету бағалармен шешім қабылдауы мүмкін, яғни тұтынушыларға белгілі іс-әрекеттері үшін сый-ақы ретінде белгіленген шегерімдер ұсынылады.
Шегерімдер - тауарды (қызметті) сатушымен нарықты кеңейту, өткізетін тауарлар санын көбейту мақсатында әр-түрлі сатып алушыларға бөлінетін сома. Бағаны «саудаласу» әдісі қолданады.
Шегерімдер келесі түрде болуы мүмкін:
- тауардың номиналдық бағасын төмендету пайызы;
- төмендетілген бағамен алынатын тауар бірліктерінің саны;
- сатып алушыға қайтарылып берілетін немесе тауардың келесі партияларының төлеу шотына есептелетін сомолар.
Шегерімдер көлемі мәміленің сипаттамасынан, төлеу және жабдықтау жағдайларынан, нарық конъюктурасынан, әріптестердің қарым-қатынасына байланысты. Қазіргі уақытта халықаралық саудада шегерімнің 20 түрлері қолданылады. Олардың бірнешесіне сипаттама берейік.
Қолма-қол төлем үшін шегерімдер - шоттарды жылдам қолма-қол қаражаттармен төлеген сатып алушылар үшін бағаны төмендету. Ол сараланған болуы мүмкін. Мысалы, егер шоттар 3 күннің ішінде төленсе-5%, 10 күннің ішінде-3% және т.с.с.

- Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру
- Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқару қызметінің теориялық негіздері
- Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
- Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлау
- Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру
- Кәсіпорындағы персоналды басқару үдерісі
- Кәсіпорында еңбекақыны жетілдіру жолдары
- Кәсіпордағы бухгалерлік есеп пен аудит жұмысын ұйымдастырылуы
- Кәсіпорын
- Кәсіпорын ақпараттық жүйесін жобалау кезеңі
- Кәсіпорын бизнесін бағалау
- Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау қағидалары
- Кәсіпорынға қысқаша сипаттама
- Кәсіпорындағы ақпараттық – анықтамалық құжаттар, түрлері, мінездемелері