Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқару қызметінің теориялық негіздері
1 Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқару қызметінің
теориялық негіздері
- Кәсіпорынның басқару қызметінің әлеуметтік-экономикалық мәні
Басқару
туралы идеяның тамыры тереңде жатыр.
Клод.Ст. кіші-Джорджтың (басқару саласының
американдық теоретигі) «Басқару ойларының
тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы»
тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000 ж.
бастап басқару ғылымының дамуы суреттелген.
Ол туралы бірқатар мәліметтер төмендегідей.
1-кесте
– Басқару ғылымының даму
| Жылдары | Жеке тұлға немесе этникалық топ | Басқару ғылымынынң дамуына қосқан негізгі үлестері |
| Біздің дәуірге дейінгі 5000 ж. | Шумерлер | Жазу, фактілерді тіркеу |
| 4000 | Мысырлықтар | Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды |
| 2600 | Мысырлықтар | Басқаруды орталықсыздандыру |
| 1100 | Қытайлар | Ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшылықтың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды |
| 400 | Сократ | Менеджмент әмбебаптығының принциптерін қалыптастырады |
| 900 | Әл-Фараби | Басшылыққа талап қояды |
| 1832 | Чарльз Баббедж | Ғылыми тәсілдемеге ерекше мән береді; мамандандырудың айрықша маңыздылығын мойындайды; еңбекті бөлу; еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; өзіндіқ құралдарды есептеу |
Кең мағынада алғанда, басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы, еңбек бөлінісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы – басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік-экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.
Өндірісті басқарудың мәні мыналардан көрінеді:
- өндірісті басқару – объективті экономикалық заңдарының бүкіл жүйесінің талаптарын жүзеге асыратын механизм;
- өндірісті басқару – қоғамдық, коллективтік және жеке мүдделерінің жүйесін жүзеге асыратын механизм.
Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шаруашылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуін қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, басқарудың перспективалық мақсаттарының бірі оны кәсіпорындар мен аймақтар деңгейінде демократияландыруды одан әрі тереңдете түсуі тиіс.
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері дербес ғылым болып табылады. Оны жеке ғылымға бөлу факторлары мыналар: а) басқарудың әлеуметтік маңызы; ә) эмпериктік білім жинақтау; б) ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады, олар ғылымның пәні, әдісі, теориясы.
«Басқарудың ғылыми негіздері» және «басқару теориясы» (ғылым) деген ұғымдардың ара жігін ажырата білу керек [1].
Басқарудың ғылыми негіздері қоғамдық өндірісті басқару туралы білімнің бүкіл жүйесін қамтиды және мынадай үш құрамдас элементтерден тұрады:
- өндірісті басқару мәселелерін зерттеуді қамтитын іргелі қоғамдық ғылымдардың ( философия, саяси экономия), сондай-ақ жалпы басқару заңдарын зерттейтін ғылымдардың ( кибернетика, жүйелер теориясы және басқалар) басқару аспектілері;
- басқарудың жекелеген жақтары мен функциялары туралы нақты ғылымдар (салалық экономика, жоспарлау, есеп және басқалар);
- өндірістік басқару заңдылықтарының өзін зерттейтін басқару теориясы.
Тұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдық өндірісті басқару заңдары басқару теориясының пәні болып табылады.
Басқару теориясы басқару тәжірибесінде объективті заңдарды саналы пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен біртұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың барлық бөліктерін тұтас етіп (белгілі бір жүйе) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс.
Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екінші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінде алынған тәжірибелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалыптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.
Басқару ғылымының пәні экономиканы басқару үрдісінде пайда болатын қызметкерлердің қатынасы болып табылады немесе басқа бір анықтамасы – басқару қатынастары болуына байланысты [2].
Басқару қатынастары мынадай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасындағы қатынастарға, екіншіден, басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады:
- басқару сатылары арасында. Мысалы, учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды, өндірістік бірлестіктерді, министрліктерді басқару аппараттарының арасындағы қатынастар (тік байланыстар);
- әрбір сатыны басқару буындарының арасында. Мысалы, учаскелердің басшылығы арасындағы, жекелеген заыод басқармалары арасындағы, цехтарды басқару аппараттарының арасындағы қатынастар, яғни бұл арада көлбеу байланыстар айтылып отыр;
- басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатынастар: мысалы, министрліктің жоспар-экономикалық басқармасы арасындағы заводтың жоспарлау-экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т.б.
Үшіншіден, басшылар мен әрбір басқару буынындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары).
Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастары).
Сонымен
бірге басқару қатынастары
- салалық қатынастар, яғни бір сала шегіндегі қатынас;
- территориялық, яғни бір аймақ шегіндегі қатынастар;
- салааралық, яғни әртүрлі өнеркәсіп салалары ұйымдарының арасындағы қатынас;
- аймақаралық, яғни әртүрлі аймақтар ұйымдарының арасындағы қатынастар;
- территориялық-салалық қатынастар.
Белгілі бір қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Қатынастардың сипаты және жасаушылардың санына қарай оларды басқаруды: жүйе аралық, жеке адамдар арасындағы және аралас, сондай-ақ, ұжымдық және жеке қатынастарға бөлуге болады, ал олар өз кезегінде: тура, топтық және айқас қатынастарға бөлінеді.
Басқару қатынастары жасалу уақыты бойынша: уақытша және тұрақты болып бөлінеді.
Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, хабарламалар) қатынастарға бөлінеді.
Әлеуметтік басқаруға талдау жасау үрдісінде оның екі түрін:
- адамның, индивидтің қандай да болсын, еңбек қызметінің элементі ретінде басқаруды;
- адамдардың өзара қатынастарының элементі ретінде басқаруды атап өту қажет.
Өндірісті тікелей қоғамдық сипат алған кезде оны басқару қажет болып, оған мүмкіндік пайда болады. «Басқару - деп жазған К.Маркс, - бірлескен аралас еңбектің өз табиғатынан туындайды және содан туындайтын жалпы функцияларды атқарады» [3].
Басқару функциясының меншік қатынастарымен байланысты басқару функциясының мазмұнында белгілі бір меншік формасына тән белгілердің пайда болуын қажет етеді. Басқару функциясының әлеуметтік мазмұны дегеніміздің өзі де осы. Егер басқарудың өзін өндірістік организмнің жекелеген бөліктерінің қозғалысын үйлестіру қажеттігі туғызатын болса, («.... Жеке скрипкашы өзін өзі басқаратын болса, оркестрге дирижер керек»,- К.Маркс ) – басқарудың әлеуметтік мазмұнын меншік қатынастарының сипаты анықтайды.
Өндірістік басқару ғылыми басқару қатынастарын зерттей отырып, басқарудың заңдылықтарын қалыптастыру, принциптерін әзірлеу жолымен оның теориясы мен методологиясын жасауға тиіс. Сондықтан басқару жүйесі мен басқарылатын жүйенің бірлігі мен ара-қатынастарын зерттеу, өндірісті басқару үрдісіндегі адамдардың нысаналы қызметінің қағидасы, функциялары мен әдістерін әзірлеу [4].
Өндірісті басқару теориясының мазмұнын оның объектісін анықтайды. Оны өндірістің белгілі бір саласы мен аясында болатын жеке заңдылықтар емес, қайта жалпы жүйе ретіндегі қоғамдық өндірістің жұмыс істеуі қызықтырады. Сондықтан өндірісті басқару теориясының пәні қай салаға жататынына немесе қызмет ететініне қарамастан, өндірісті басқару қатынастарына тән ортақ нәрсені зерттеу болып табылады.
Өндірісті басқару ғылымының міндеті - өндірісті басқару қатынастарының механизмін түсіндіру, практиктердің нақты міндеттерді шешудің жолдары мен әдістерін табуына теориялық әдістемелік негізде көмектесу. Өндірісті басқару теориясы білімнің кешенді жүйесі. Басқаша айтқанда мұндағы міндет – басқаруды азын-аулақ адамдардың шамасы келетін өнерден осы салаға маманданушы әрбір білікті адам істей алатын ғылыми жүйеге айналдыру болып табылады.
Басқарушылық
іс-қимыл өндірісті де, басқаруды
да ұйымдастырудың белгілі бір формалары
жағдайында еңбек қызметіне қатысушылардың
арасында пайда болатын белгілі
бір нақты байланыстарды
Өндірісті басқару ғылымы мыналарды қамтиды:
- өндірістік басқарудың әдістемесі мен теориясы;
- өндірісті басқарудың объектісі мен субъектісінің құрылысын ұйымдастыру;
- басқарушылық ықпалды қалыптастырудың әдістері;
- басқару үрдісі;
- басқару жүйесіндегі еңбекті ұйымдастыру жүйесі.
Бірінші бөлімінің ерекше зор маңызы бар. Ол өндірісті басқару жүйесінің құрылысы мен жұмыс істеуінің методологиялық негіздерін зерттеуге арналған.
Ол мынадай мәселелерді қамтиды: өндірістік басқару қатынастарының мәні; басқарудың заңдылықтары мен принциптері; жүйені басқару ретінде өндірісті басқару.
Екінші бөлім басқарудың ұйымдастырылуы мен әдістері туралы ілімге арналған.
Курстың барлық бөлімдерінің логикалық ішкі бірлігі бар және пәннің мазмұны өзінің осы бірлігімен ашылады.
Бұл басқару басқа да экономикалық салалармен, ең алдымен саяси экономикамен тығыз байланысты. Бұл байланыс, сонымен қатар, өндірісті басқару ғылымының бірінші кезекте қоғамдық өндірістің дамуы объективті экономикалық заңдарға ғана сүйенетінінен көрінеді.
Ол нақты экономикалық ғылыми пәндермен - әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлаумен, статистикамен, пәндердің қаржы-несие циклдарымен, еңбекті ғылыми ұйымдастыру және т.б. өзара тығыз әрекет жасайды.
Экономиканы басқару ғылымының мазмұны туралы айтқанда, мына қағидаларды атап көрсету керек: сипатты белгілері – экономикалық заңдарды, басқару заңдылықтарын тану мен оны саналы түрде пайдалану; басқарушылық ықпал ету үрдістерінің жүйелілігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету; басқарылатын объектілер мен басқару субъектілерін үлгілеу; өндірісті мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық басқарудың диалектикалық өзара байланысы.
Басқару дегеніміз – ғылым әрі өнер, онда объективті нәрсе мен жеке нәрсе ұштасып жатады.
Басқару әрекетінде орын алатын функциялар өзіндік өзгешелік, ерекше мазмұн және жүзеге асырылудың дербес сипатына ие болады. Басқаруда жекелеген функцияларды бөліп көрсету өндіріс пен оны ұйымдастырудың күрделілігі туғызатын объективті үрдіс. Басқару функцияларының пайда болуы басқару саласындағы нысаналы ықпалдарды саралаудың, еңбек бөлінісі мен оны мамандандырудың нәтижесі.
Қазіргі әлемдік басқару теориясы мен практикасында өмір сүріп, өзара әрекеттесіп жатқан негізгі 3 бағыт бар: жүйелілік, процестік және жағдайлық. Тұжырымдамалардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелері қорыту, синтездеу, біріктіру қиындығын туғызады. Басқару теориясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік туғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, бұл бағытқа сәйкес кез келген ұйым – ортамен өзара әсерде болатын ашық жүйе, ал оның ішінде болып жатқанның барлығын және тиімді басқару мазмұнын құраушылары қазіргі менеджменттің негізгі ұғымы – бейімделусіз сипаттауға болмайды. Басқару теориясында жаңа бағыттар мен ағымдар, перспективалы ұстанымдар пайда болды. Бұлар – «стратегиялық менеджмент», «қызметкерлерді басқару», «ұйымдастыру мәдениеті» тұжырымдамалары. Соңғы тұжырымдаманы 80 жылдардағы басқарудағы ойдың «теориялық бұзып өтуі» деп есептейді. Жұмыс істеушілердің барлығының жалпы мақсаты – бір және осы мақсатқа жету жолдарын жасауға тікелей әрі қызығушылықпен қатысады. Басқарудың қуатты қаруы ретінде ұйымдастыру мәдениеті Жапонияда аса кеңінен қолданылуда. Соңғы кездері жапондық тәжірибемен менеджмент тарихының айқын беттері тығыз байланыста. Американдық менеджментті түгелдей зерттеген жапондық мамандар, одан ең тиімділерін алып, басқарудың өзіндік моделін тұрғызды. Менеджменттің батыс және жапондық тұжырымдамалары арасындағы принципті айырмашылық мынадай: біріншісінде түпкілікті нәтижеге, ал екіншісінде – адами факторларға бағдар басым. Жапондық тұрғының негізі - өзін-өзі басқару және өзін-өзі бақылау идеялары. Қызметкерлердің қабілеттілігі марапатталады, олардың дамуы ынталандырылады, әріптестік пен өзара көмекке, ынтымақтастыққа, корпорациялық рухтың қалыптасуына қолдау жасалынады. Қызметкерлердің моральдық көңіл-күйіне үлкен зейін аударылады. Адамды жұмысқа қабылдай отырып, әкімшілік оның кәсіби сапаларына ғана емес, сондай-ақ моральдық-этикалық сапаларына, оның ерінбей еңбектену талабына және топтық іс-әрекетке үйлесу шеберлігіне де қызығушылық танытады [5].
Басқару теориясы дамуының қазіргі кезеңінде негізгі ағымдарды атап көрсетуге болады, олар:
- ұйымның материалдық-техникалық базасына бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары мән беру;
- басқаруды әрі қарай демократияландыру, ұйымды басқару объектісінен өзін-өзі басқару субъектісіне айналдыру;
- менеджмент пен бизнесті және ол туғызатын басқарудың жаңа мәселелерін интернационалдау.
Барлық осы және басқа да ағымдар басқаруға деген көзқарастардың «тыныш басқару революциясы» деп аталатын жаңа жүйесінің қалыптасуына алып келді. Оның негізгі сипаттары мыналар:
- ұйымның ішкі факторларына дұрыс әсер ету басқару табысының негізі болып табылады деп есептейтін менеджметтің классикалық мектептерінің басқарудағы ұтымдылығынан бас тарту. Басқарудың стратегиясы мен тактикасын сыртқы орта өзгерістеріне бейімдеу мәселесі әлдеқайда маңызды болып есептелінеді;
- басқаруды жақсартатын кез келген жүйенің бірқатар әмбебап элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін басқарудағы жүйелер теориясын қолдану;
- басқаруға жағдайлық бағыт, оның басты тезисі – кәсіпорынның ішіндегі бүкіл ұйымдастыру – бұл сыртқы әсерлерге жауап;
- менеджменттің бүкіл қоғам және адам алдындағы (ұйымда істейтін әрбір адамның) әлеуметтік жауапкершілігін тану.
ХХ ғ. 90 жылдардағы басқару қағидалары:
- қызметкерлерге деген босаңдық;
- жауапкершілік;
- ұйымды тігінен де көлденеңінен де көктеп өтетін коммуникациялар;
- қызметкерлердің қабілеттілігін ашуға бағытталған ұйымдастыру мәдениеті;
- барлық жұмыс істеушілердің үлестік қатысуы;
- сыртқы ортадағы өзгеріске парапар реакция;
- топ жұмысына тікелей араласу;
- менеджердің жұмысы бойынша барлығын тыңдау шеберлігі;
- бизнес этикасы;
- адалдық және адамдарға сену;
- менеджменттің іргелі негіздері: сапа, сервис, ресурстарды бақылау, қызметкерлерге арқа сүйеу;
- алдағы болашақты ұйымдастыруды көре білу;
- жеке жұмыс сапасы және оны жетілдіру.
Басқару іс-әрекетінің мазмұнын зерттеулердің көптігіне қарамастан, әлі күнге дейін оның тұтастай сипаттамасы жоқ. Бұл мәселе бойынша салыстырмалы түрде толықтай түсініктемені осы іс-әрекет мазмұнын сипаттаудың шағын тәсілдерін біріктіру негізінде ғана жасауға болады. Бұл тәсілдер екі тең емес топқа бөлінеді: психологиядан тыс және психологиялық. Тәсілдердің бірінші тобы уақыт бойынша ерте пайда болады, сондықтан ол әлдеқайда дамыған [6].
Басқару
іс-әрекетін микроталдау. Ф.Тейлор мен
Ф.Гилберт іс-әрекетінің басқарудан
басқа әлдеқайда қарапайым
Инженерлік бұл тәсіл әрі қарай басқару іс-әрекетін талдауға қолданылады. Жетекшінің ағымдық деп аталатын шағын істері оның микрокомпоненттері болады. Бұл талдау орта буын жетекшісінің жұмыс күні ішінде әртүрлі байланысқа түсетінін көрсетті.
Микроталдаудың басқа нұсқасы – жетекшінің жұмыс уақытын уақыттық талдау. Зерттеулердің қорытыланған мәліметтері бойынша жоспарланған кездесулер мен мәжілістерге уақыттың 59%-ы, жоспарланбағанына 10%, қағазбен жұмыс істеуге 22%, байқаулар, сапарларға 3%, телефонмен әңгімелесуге 6% кететіні белгілі болды.
Сонымен басқару іс-әрекетін эмпирикалық талдау іс-әрекеттің әлдеқайда ірі компоненттерін сипаттауға бағытталған. Оның екі түрі бар:
- жетекшінің еңбегі мазмұны түрлерін талдау. Жетекшінің барлық шағын істері негізгі түрлерінің шектеулі санына топталуға тиіс.
- «Қағаз жұмысы» - құжаттарды қарау, есеп жасау т.б. Оның үлестік салмағы жетекшінің қызметі өскен сайын арта түседі.
- телефонмен сөйлесу;
- кездесулер;
- алғы түрмен салыстырғанда, құпиялылық (конфиденциалдық) сипатпен ерекшеленетін жеке байланыстар. Бұл – басқару іс-әрекеті құрылымындағы әлдеқайда маңызды түрі, ал оның үлестік салмағы жетекшінің иерархиялық деңгейі артқан кезде өседі;
- жетекшінің жедел ұйымдастырушылық міндеттері. Олардың мазмұнын ұйымның іс-әрекетінің тақырыптық саласы мен жетекшісінің қызметі айқындайды.
- «Жағдайлық талдау» (нақты жағдайларды атап көрсету және қарастыру негізінде талдау). Оны менеджерлерді оқыту тәсілі ретінде қолданады, мысалы, АҚШ-тағы Гарвард бизнес мектебінде. Ол басқару іс-әрекетінің мазмұнын қарастыру кезінде де үлкен рөл атқарады. Басқару жағдайы осы іс-әрекеттің талдау бірлігі болып табылады. Атап көрсетілген жағдайларды жеңіл жіктеуге болады. Бүкіл іс-әрекеттің негізі ретінде қарастырылатын негізгі басқару жағдайларының жүйесі тұрғызылады.
Іс-әрекеттің психологиялық теориясы тұрғысынан, бұл теория, әрқайсысы іс-әрекеттің барлық негізгі сипаттамаларын сақтауға тиіс бірліктерді талдау үшін және бұл кезде өз бойында тұтастық ерекшелігін әлі де сақтап қалған барлық мүмкін бірліктердің ең кішісі болуға тиіс ретінде бөлінеді. Л.С.Выготский талдау тәсілдерін компоненттікке және элементтікке бөлуді ұсынды. Мысалы, су үшін молекула – компонент, өйткені ол әлі сұйықтық болып табылады. Сутегі мен оттегі атомдары – тұтастық (сұйықтық) ерекшелігін жоғалта бастаған және газ болып табылатын элементтер. Выготскийдің пікірінше, іс-әрекетті компоненттік психологиялық талдау барынша мүшеленген және өз нәтижелерінде талданатын тұтастық барлық қасиетін қайта қалпына келтіре отырып, бір мезгілде толық мазмұнды болып шығады. Терең теориялық өңделу алған осыған ұқсас көзқарастар С.Л.Рубинштейн мен А.Н.Леонтьевке тиесілі.
Басқару іс-әрекетін талдауға деген, оны іс-әрекет пен ұйымдастыру деңгейінде қарастыруды білдіретін психологиялық тәсіл құрылымдық-морфологиялық талдау ұғымымен белгіленеді. Ол басқару іс-әрекетін оны талдаудың басқа тәсілдермен (оның жеткіліксіздігінен) сабақтастыра қарастыру негізінде қолданылады. [7]
Басқару іс-әрекетін талдауға рөлдік тәсіл. Бұл тәсілді алғаш рет Г.Минцберг «Еңбекті басқару табиғаты» еңбегінде ұсынды. Ол рөлді нақты мекемеге немесе нақты қызметке тиісті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде анықтайды. Ол 3 категорияға біріктірілген 10 негізгі басқару рөлдерін атап көрсетеді.
Тұлғааралық рөлдер:
Бас жетекшінің рөлі. Символикалық түрде құқықтық немесе әлеуметтік сипаттағы қарапайым міндеттерді орындайтын жетекші.
Көшбасшы рөл. Қарамағындағылардың мотивациялануы мен белсенділенуіне қызметкерлерді таңдау мен дайындауға жауапты адам.
«Байланыстырушы буын» рөлі. Сыртқы байланыстар жүйесі мен ақпарат көздерінің жұмысын қамтамасыз етуші адам.
Ақпараттық рөлдер:
- «Ақпарат қабылдаушы» рөлі.
- Ақпарат таратушының рөлі.
- Уәкілдің рөлі. Осы сала мәселелері бойынша сарапшы.
Шешім қабылдауға байланысты рөлдер:
- Кәсіпкер рөлі. Жетілдірудің алуан түрлі жобаларын жасайды және бақылайды.
- Тәртіп бұзушылықты жоюшы рөлі. Маңызды шешімдер кезінде іс-әрекетті реттеуге жауапты адам.
- Ресурстарды таратушының рөлі.
- Келіссөз жүргізуші адам рөлі.
Г.Минцберг бойынша бұл рөлдерді жүзеге асыру тәсілі дегеніміз – басқару іс-әрекеті процесінің мазмұны.
Басқару іс-әрекетін дименсионалдық тұрғыдан талдау. Бұл тәсілді Г.Юкл жасаған. Ол басқару іс-әрекетін талдау бірлігі үшін «менеджерлік мінез-құлықты өлшеуді» (дименсияны) қабылдауды ұсынды. Басқару іс-әрекеті бірқатар дименсиялардан тұрады:
- тәртіпке деген ынта;
- жұмысқа қолдау көрсету;
- мәселені шешу;
- мақсат қою;
- рөлді (орнын) түсіндіру;
- тиімділікке зейін аудару;
- жоспарлау;
- үйлестік;
- автономия (дербестік) беру;
- әзірлік;
- ынталандыру;
- зейін аудару;
- шешім қабылдауға қатысу;
- қолдау;
- марапаттауды түрлендіру мүмкіндігі;
- қарым-қатынасқа ықпал ету;
- уәкілеттік;
- ақпарат тарату;
- кикілжіңдерді басқару;
Бұл
тәсіл аса бөлшектенгеніне
Басқару іс-әрекетін нормативтік тұрғыдан талдау. Бұл басқа іс-әрекеттерге қатынасы бойынша қосымша ретінде қолданылады және оларды жүзеге асыру әдістерінің бірі болып табылады. Мұндағының негізгісі – іс-әрекеттің нормативтік мақұлданған тәсілі ұғымы (ІНМТ). Кәсіби іс-әрекет теориясында ІНМТ іс-әрекетті орындаудың қорытылған және нұсқаулықтарымен бекітілген тәсілі ретінде анықталады. Нормативтік талдау екі кезеңнен тұрады: 1) ІНМТ мазмұнын қызметтік міндеттер мен оларды орындау талаптары тұрғысынан талдау; 2) іс-әрекеттің нормативтік және жеке тәсілдерінің алшақтауын талдау. Соңында осы екі кезеңнің нәтижелері қорытылады және талданады.
Басқару іс-әрекетін функционалдық талдау. «Әкімшілік мектеп» саласында пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейін басқару іс-әрекетінің табиғатын түсінуде және оны қарастыруда айқын басымдықта. А.Файоль еңбектерінде, сондай-ақ америкалық менеджмент мектебінде қазіргі кезде осы іс-әрекетті қарастыру нормасы пайда болған, функционалдық талдаудың негіздері тұжырымдалды. Дидактикалық әдебиеттерде басқару іс-әрекетін талдау басқарудың негізгі функцияларын ашу негізінде (жоспарлау, мотивация, мақсат қою, т.б.) келтіріледі.
Басқару
іс-әрекетін зерттеудің басты психологиялық
бағыттары негізгі
1.2
Шетел тәжірибесінде
басқарушылық қызметтің
қолданылу мәселелері
Әр елде өзіндік басқару қызметінің үлгілері қалыптысқан. Олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыру үшін диплом жұмысында АҚШ, Германия және Жапония мемлекеттерінің кәсіпорынды басқару әдістері мен теориясын талқылауды жөн көрдік.
АҚШ кәсіпорындарындағы ішкіфирмалық басқару қызметтін басқару барысында қол жеткен нәтижелерге байланысты бағаланды. Сондықтан да нәтижені жақсарту үшін кәсіпорын басшылары ұйым қызметкерлерін барынша жұмысқа ынталандыру саясатын ұстанады. Ірі кәсіпорындарда басқарудың SMART (ұтымды, өлшемді, қолжетімді, нәтижеге бағытталған, уақытпен шектелген) жүйесі қолданылады. Жыл басында қызметкерлер есепті кезеңге мақсат қойып, жыл соңында қол жеткен нәтижелер бойынша есеп тапсырады. Қол жеткен нәтижелер қаржылық көрсеткіштермен айқындалады. Жыл соңында қызметкерлерді профессионалдылық деңгейі, жеке және лидерлік қабілеті, тұтынушылардың қанағаттану деңгейі, баланс көрсеткіштері сияқты критерийлер бойынша бағалау жүргізіліп, сәйкесінше марапаттаулар мен сыйақылар беріледі.

- Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
- Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлау
- Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру
- Кәсіпорындағы персоналды басқару үдерісі
- Кәсіпорында еңбекақыны жетілдіру жолдары
- Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу
- Кәсіпорында логистика қызметін басқару құрылымын өңдеу
- Кәсіпорын ақпараттық жүйесін жобалау кезеңі
- Кәсіпорын бизнесін бағалау
- Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау қағидалары
- Кәсіпорынға қысқаша сипаттама
- Кәсіпорындағы ақпараттық – анықтамалық құжаттар, түрлері, мінездемелері
- Кәсіпорындағы баға саясаты
- Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру