Маркетинг түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары
Маркетинг түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары
Тәжірибеге сүйенетін болсақ, маркетингтік үдеріс тігінен де, көлденеңінен де жүзеге асырылады. Осының негізінде маркетинг түрлерін жіктеу белгілері арқылы жүйелендіруге болады. Ғылыми-теориялық негіздерді талдау және синтездеу негізінде сонымен қатар маркетинг тәжірибесіне сүйеніп, біз жіктелу белгілерін қолдана отырып, маркетинг түрлерін жүйелендірдік.
Маркетингтiң қолдану аумақтарын жүйелей отырып, оның қолданатын негізгі салаларына сәйкес: өнеркәсiп, тұтыну, қызмет көрсету және коммерциялық емес деген түрлерін бөліп көрсетуге болады. Осылардың әрқайсысы сәйкес нарықтардағы маркетингтiк қызметтi сипаттайды.
Нарықтық экономика жүйелеріндегi маркетингтiң ең дамыған түрiне тұтыну маркетингі жатады. Ол тұлғалар мен отбасыларынан тұратын түпкі тұтынушылар және фирмалар арасындағы қызмет өрiсiн қамтиды.
Өнеркәсiптiк маркетингтің объектiсi өндiрiстiк мақсатқа арналған тауарларды өндiрушi кәсiпорындардың маркетингтiк қызметi болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда өнеркәсiптiк маркетингтің үлесi 26%-ті құрайды және ол өсу тенденциясымен сипатталады. Мұндай құрылым мен серпін нарықтық экономикалы елдерге, оның iшiнде экономикасында тұтынушылық маркетинг түрi көбірек дамыған Қазақстанға да тән.
Азық-түлік
нарығындағы бәсекелестіктің дамуы, Қазақстандағы
нарықтық экономиканың пайда болуының
алғашқы жылдарында ерекше назар аударылған
агромаркетингтің қалыптасуына әсер
етті. 1995 жылы Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев ауыл шаруашылығының
жұмыстарының қорытындылары бойынша республикалық
жиналыста: «Кейбір басшылардың нарықтық
терминологияны қолдануына қарамастан,
олардың көбі нарықтық механизмдерді
енгізуді білмейді. Мысал ретінде, аграрлық
сектордағы маркетингтік қызметтерді
алайық. Тіпті Ауыл шаруашылығы министрлігінің
құрылымдарының ол туралы түсініктері
нақты емес», деп атап өтті (24, 56-б). Осыдан
барып ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда,
отандық экономикада маркетингтің қалыптасу
үдерісі агроөнеркәсіптікте белсенді
болғанын көруге болады. Маркетинг бөлімдері
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық
министрлігі аппаратында, агроөнеркәсіптік
кешенінің аудандық, облыстық басқармаларында
құрыла бастады. Бірақ агромаркетингті
енгізудің директивті тәсілі ерекше нәтиже
берген жоқ, өйткені оның қағидаларының
дамуы үшін тауар өндірушілердің өздерінде
жағдай жасалмады.
Бүгінгі таңда қызмет көрсету саласы дамыған елдер экономикасындағы тез дамып келе жатқан секторлардың бірі. Дамыған индустриалды елдердің жалпы ұлттық өнімінде қызмет көрсету үлесі 2/3-тен 3/4-ке дейін жетеді. АҚШ-тағы бұл сала болжам бойынша жақын жылдары барлық жаңа жұмыс орындарының 90%-ын қамтамасыз ету керек.
Қазақстанда қызмет көрсетудің осы секторы үдемелі қалыптасуда, олардың жаңа түрлері пайда болуда, олардың ішінде, ең дамығандары: сауда-делдалдық, ақпараттық-консалтингтік, қонақүйлік, туристік, банктік, сақтандырушылық, зейнеткерлік және дәстүрлі емес әлеуметтік сипаттағы қызметтер.
Қазақстан экономикасындағы қызметтердің келешегі шағын және орта бизнестің, қоғамдық тамақтану мен қонақ үй шаруашылығы саласындағы бірлескен кәсіпкерліктің, делдал-коммерциялық қызмет, көтерме және бөлшек сауданың жаңа нышандарының, халықаралық туризмнің дамуына байланысты. Осыған байланысты қызмет секторы кәсіпорындарының саясаты мен стратегиясын әзірлеп, іс жүзіне асыру құралы ретінде қызмет көрсету маркетингінің ролі арта түсуде.
Қызмет көрсету саласының қарқынды дамуы және осы нарықтағы бәсекелестіктің өршуі қызмет көрсету маркетингінің пайда болуына әкелді. Оның тәсілдері мен әдістері, қағидалары тауарлар маркетингімен ұқсас болғанымен кейбір айырмашылықтары да бар.
Маркетингтің
Қазақстандағы дамуы жалпы
Коммерциялық емес ұйымдар маркетингінің негізгі ерекшелігі - алғашқы орынға пайда табу мақсаты қойылмайды, оның мақсаттарын сандық мөлшерде өлшеу мүмкін емес. Осыдан коммерциялық емес ұйымдардың мақсаттарына сәйкес баға белгілеу, өткізу және коммуникация бойынша маркетингтік стратегиялар мен саясатты әзірлеу мүмкіндігі туындайды.
Қазақстандық бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызметін талдау, олардың негізінен жедел маркетингті қолданатынын көрсетті. Бұл – нақты нарықтық жағдайда маркетинг құралдарын басқару, фирманың тауар, баға, өткізумен қатар коммуникация саясатын ұйымдастыру.
Сондықтан, біздің мамандардың түсінігінше, маркетинг теориялық және тәжірибелік жағынан жедел түрде ғана көрінеді. Бұл жерде оны қысқа мерзімде пайда алуға бағытталған, көбінесе жарнама-өткізу қызметін қамтитын менеджмент құралы ретінде қарастырып отыр. Мұндай бір жақтылық тәсіл фирманың стратегиялық мәселелерін қамтымағандықтан, оның ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.
Жүзеге асыру шекараларына байланысты маркетингтің ұлттық, халықаралық, ғаламды (глобальды) деген түрлері бар.
Әр
мемлекет экономикасының даму тиімділігінің
шарты – бұл маркетингті ішкі
және сыртқы нарықтарда қолдану. Ішкі
маркетинг екі аспектіде
Әлемдік
экономиканың ғаламдану жағдайында халық-
аралық маркетингтің әдістері мен қағидаларын
пайдалану өзекті мәселе болуда. Ішкі
маркетингке қарағанда, халықаралық маркетингтің
әр елдің ұлттық, экономикалық және саяси
ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асыру
өзгешелігі бар. Отандық кәсіпорындардың
сыртқы нарыққа шығуы шетелдердің ұлттық-тарихи,
экономикалық және саяси ерекшеліктерін,
олардағы заңдарды, мемлекеттік стандарттарды,
әлемдік нарықтар конъюнктурасын, халықаралық
маркетингтің қағидалары мен құралдарын
тереңнен білуді талап етеді.
Әлемдік
экономикадағы ғаламдану
Халықаралық және ғаламдық маркетингтің дамуы отандық кәсіпорындар үшін маңызды, өйткені әлемдік экономиканың бірігуіне және шетелдік капиталды жұмылдыруға оның ықпалы зор. Ұлттық және халықаралық маркетинг арасында аса қатты өзгешелік болмаса да, халықаралық маркетингте әр түрлі елдердің салттары мен заңдары, діні, мәдениеті, экономикасының өзгешелігіне байланысты бірқатар ерекшеліктері бар. Қазақстандағы халықаралық маркетингтің дамуына көптеген елдердегі экономикалық және саяси тұрақсыздық, олардың заң жүйелеріндегі өзгерістер, шетелдік бизнеске қатысты қатаң үкіметтік талаптар, тарифтік және тарифтік емес бөгеттер түріндегі әр түрлі саудалық шектеулер, валютаның айырбас бағамының тұрақсыздығы, отандық өнімді шетелдік нарықтарға бейімдеу мәселелері, олардың бәсекеге қабілеттілігі жағынан төмен болуы - осылардың бәрі Қазақстандағы халықаралық маркетингтің дамуына кедергі жасайды.
Қазіргі кездегі маркетингтің маңызды түрі – идеялар маркетингі. Маркетинг жүйесінде идея тауар ретінде қарастырылады және «әлеуметтік маркетинг» түсінігімен тығыз байланысты болады. Ғылыми әдебиетте әлеуметтік маркетингтің қарама-қайшы анықтамалары кездеседі. Кейбір мамандар оны әлеуметтік немесе коммерциялық емес салада маркетингтің құралдарын қолдану десе, ал басқалары – біртұтас әлеуметтік жүйедегі маркетингтік қызмет деп атайды. Біздің ойымызша, әлеуметтік маркетинг қоғам мүддесін ескере отырып әлеуметтік қатынастар айналасындағы қажеттіліктерді зерттеуге, сонымен қоса оларды қанағаттандыруға бағытталған. Мысалы, Қытайдағы отбасыны жоспарлау, нақты әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржылық көмек пен материалдық ынталандыру жасау. Әлеуметтік маркетинг негізінде жұмыс істейтін компания, егер оның мақсаттары қоғам мүддесіне қайшы болса, өз мақсаттарынан бас тартады. «Филип Моррис Қазақстан» ААҚ темекі компаниясының, оқушылар арасындағы шылым шегуге қарсы жарнама компаниясы және насихаттауы, әлеуметтік маркетинг логикасына сәйкес келеді.
Өндірушінің тұтынушымен байланысына қарай тікелей және желілік сияқты маркетингтің екі түрін айқындаймыз.
Соңғы жылдары Қазақстанда тікелей маркетингтің сан алуан түрлері белсенді дамуда, ол тауарларды телефон, теледидар, Интернет желісі және БАҚ-тың басқа түрлері, жаңа технологиялар көмегімен, сонымен қатар таратып сату және дербес сату көмегімен жүзеге асырылады.
Тауарларды
халықаралық нарыққа жылжытудың ең
бір тараған түрі – көп деңгейлі (мультилевел
– МLМ) немесе желілік маркетинг, ол негізінен
дамыған елдерге, әсіресе АҚШ-қа тән, өйткені
ондағы тауарлар өндірісі ішкі нарықтың
нақты сыйымдылығынан көп асып түседі
және оларды өткізуде мәселелер туындайды.
Оның мәні компания
дистрибьютерлері болып табылатын тұтынушыларды
ең көп шамада қамту. МLМ-ті қолданатын
компанияның ерекшелігі ол өз тауарларын
жарнамаламайды және арнайы сату орындарын
құрмайды. Жарнаманы сатып алушы болып
табылатын дистрибьютерлер жүзеге асырады.
Олар өз кірісін өткізу арнасының тұтынушылық
желісінде өнімдерді сатудан алады. Жарнамадан
үнемделген қаражат желінің жоғары деңгейдегі
мүшелеріне төлем төлеуге жіберіледі.
Желілі маркетинг тауарларды жылжытудың
ең тиімді түрі болып табылады, өйткені
дәстүрлі өткізу арналарын бақылайтын
фирмалардың нарыққа енуге жасаған кедергілерін
айналып өтуге мүмкіндік береді.
Маркетингтің
бұл түрін Қазақстандағы
Шектен тыс сұраныс кезінде, оның деңгейі фирманың өндірістік мүмкіндіктері мен тауарлық ресурстарынан асып түссе, демаркетинг қолданылады. Мұндай жағдай фирмаға өте қолайлы, өйткені ол тауарды жоғары бағамен сатуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ тауар нарықта аз болғандықтан, тұтынушының компанияға деген көзқарасы теріс болуы мүмкін. Сондықтан демаркетингтің мақсаты - шектен тыс сұранысты уақытша төмендету. Мұндай жағдайда бағаны жоғарылату, жарнаманы қысқарту, басқа фирмалардың өндірістік қуаттарын пайдалану сияқты маркетингтің негізгі құралдарын қолдану қажет.
Міне
осылайша, Қазақстан экономикасында нарықтық
экономикаға тән маркетингтің барлық
түрі біртіндеп дамуда. Өнеркәсіптік маркетингке
қарағанда тұтынушылық маркетинг, стратегиялыққа
қарағанда жедел маркетинг, макромаркетингке
қарағанда микромаркетинг кең қолданылады.
Қазақстандық
компаниялар маркетингінің
мақсаттары *
| Компанияның атауы | Пайда алу | Нарық үлесін ұлғайту | Өнім сапасын жоғарылату | Сауда маркаларын жылжыту |
| «Филип Моррис» | + | ++ | +++ | |
| «Беккер және К0» | +++ | ++ | + | |
| «Әсем Ай» | +++ | ++ | + | |
| «Рахат» | +++ | + | ++ | |
| «ФудМастер» | +++ | + | ++ | |
| «Алматы шайы» | +++ | ++ | + | |
| «PRG Bottlers» | ++ | + | +++ | |
| «Қарағанды конфеттері» | +++ | ++ | + | |
| «Қант орталығы» | +++ | + | ++ | |
| «Баян сұлу» | +++ | + | ++ | |
| «Бахус» | +++ | + | ++ |
*
Компаниялардың маркетинг
+++ -маркетингтің басты мақсаты;
++
және + - аралас мақсаттар.
Кестеден көріп тұрғанымыздай, қазіргі кездегі жағдай барысында барлық компаниялардың басты мақсаты пайда түсіру, ал нарық үлесін ұлғайту, өнім сапасын жоғарылату аралық мақсат болып табылады.
Осылайша, отандық компаниялар өзінің нақты орындалатын маркетингтік стратегиялық және тактикалық мақсаттарын анықтап, оларды жазбаша түрде сәйкес жоспарларда көрсетуі қажет.
Нақты мақсаттарды фирманың өндірістік-ресурстық мүмкіндіктерін талдау және барлық басқару деңгейлеріндегі менеджерлердің көзқарастарын жалпылау арқылы айқындауға болады. Мұндай әдістемелік тәсіл отандық компаниялардың нақты мақсатты анықтау үдерісін басқаруға және оларды тәжірибеде іске асыруға көмектеседі.
Қазақстандағы маркетингтің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері
Нарықтық
қатынастардың дамуына орай, экономикалық
субъектілердің қызметін басқарудың нарықтық
тұжырымдамасы ретінде
Әкімшілдік-жоспарлы экономика кезеңінде отандық ғалымдар маркетингті өнімді мөлшерден көп өндіріп, оны өткізумен ғана айналысатын капиталистік қоғамға ғана тән экономикалық категория ретінде қарастырған.
Маркетинг қағидаларын елемеу, көптеген өнімнің өткізу нарықтарының, тұтынушылардың төлем қабілеттілігі болмауы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоймаларында дайын өнімнің ірі қорларының жинақталуына әкелді. Мұндай экономикалық жағдай өтпелі экономиканың дамуының алғашқы кезеңіне тән. Егер 1998 жылдың 1 қаңтарында ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша республикамыздың өндіруші кәсіпорындарында дайын өнім қорлары 10 млрд теңгеден астам болса, ал 2000 жылдың 1 қаңтарында – 5 млрд теңгеге дейін төмендеді (29). Мұндай жағдайдың басты себептерінің бірі – кәсіпорындардың тұтынушылардың сұранысына маркетингтік зерттеулер жүргізбеуі болып табылады.
Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталды.
Қазақстанда жоспарлы-директивті байланыстың үзілуі өтпелі кезең қиыншылықтарын арттырды және экономикалық субъектілерге күрделі проблемаларды тудырды. Өтпелі кезең ерекшеліктері отандық маркетингтің қалыптасу және даму үдерісіне ықпалын тигізіп, оның экономикасының әр түрлі саласында қалыптасу өзгешелігін анықтады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, маркетинг белгілі бір жағдайда, яғни «сатып алушы нарығы» жағдайында, бәсекелестік дамығанда және нағыз бабындағы нарықтық қатынастар бар болғанда қолданылуы мүмкін. АҚШ-та маркетинг даму шартына қатысты әр түрлі көзқарасты ұстанатын тұтас мектептер бар. Мәселен, Гарвард университетінің профессоры Т. Левитт ұсынған американдық маркетинг мектебі нарықта бәсекелестік болмаған күннің өзінде маркетинг өз әрекетін тоқтатпайды деп есептейді. Кентукки штатындағы Экономика университетінің профессоры Скиннер басқарған маркетинг мектебінің топшылауынша, маркетинг тек «сатып алушы нарығы» және дамыған бәсекелестер жағдайында ғана орын алады.
Маркетинг дамуының маңызды факторы – нарық шартын сатып алушы белгілеп, билік жүргізетіндей, ұсыныс сұраныстан жоғары болатындай жағдай жасау.
1994
жылға дейін Қазақстанға
Тұтыну тауарлары мен қызметтері нарығының жай-күйін талдау олардың кейбіреулерінде «сатып алушы нарығы» жағдайлары қалыптаса бастағанын көрсетті.
Маркетинг үшін қолайлы шарттар тек дамыған бәсекелестік қатынастар жағдайында ғана принциптері іске асатын, кемеліне келген бәсекелестік кезінде жасалады. Монополия маркетингтің нарықтық мүмкіндіктерін біршама төмендетеді. Қазақстанда бәсекелестік ортаны құру жөнінде жасалған мемлекеттік шараларға кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, кәсіпорындарды қайта мамандандыру және әртараптандыру (диверсификациялау), шағын және орта кәсіпорындар құру жатады. Бірақ Қазақстанда көптеген өндірістік және тұтыну тауарлары бойынша құрылған нарықтар олигополистік болып табылады.
Қазақстандағы
маркетингтің қалыптасу үдерісін сипаттай
келе, оның өндірісті жоспарлау, сұранысты
зерттеу және болжау сияқты элементтері
әкімшілдік-жоспарлы экономикада да қолданылғанын
атап өту керек. Маркетингке деген ынта-ықылас
70-жылдары пайда болды, алғашында оның
қағидалары кәсіпорындардың сыртқы экономикалық
қызметінде пайдаланылды, ол отандық өнімнің
шетелдік нарықтарға шығуына жол ашты.
Бірінші кезең шамамен 1991 жылы дами бастады, оған көптеген кәсіпорындардың коммерциялық және өткізуге бағытталған әрекет пен маркетингтің жекелеген элементтері мен қағидаларын пайдалану тән болды. Бұл кезеңде кәсіпорындар өзінің өндірістік мүмкіндіктеріне қарай бейімделді, сондықтан да маркетингтің өндірісті басқарудағы ролі қосалқы ғана еді.
Нарықтық
экономикаға өту кезіндегі
Осы кезең ішінде, маркетинг жөніндегі және маркетингтік зерттеулер жүргізетін агенттіктер мен орталықтар, жарнама агенттіктері, жоғары оқу орындарында осындай кафедралар, маркетингтің инфрақұрылымы қалыптаса бастады. 1991 жылы әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер жөніндегі БРИФ атты алғашқы агенттік құрылды. 1993 жылы Қазақ Басқару академиясы (қазіргі Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып маркетинг бойынша мамандарды дайындайтын мамандықты және кафедраны ашты.
Осы жылдары маркетингтің экономикалық ғылым ретінде қалыптасуы басталды.
Қазақстандағы
нарықтық қатынастардың қалыптасуының
объективті және субъективті жағдайлары,
ішкі нарықтың шамадан тыс ашықтығы және
қорғалмағандығы, шаруашылық субъектілерінің
әрекет ету сипаты, басшылықтың маркетинг
рөлін бағаламауы, оның қазіргі тұжырымдамаларының
дамуы мен жүзеге асырылуын ынталандырмады.
Сондықтан
республикамызда маркетинг
2000
жылдан бастап маркетинг
«Алматы
шайы», «Қарағанды конфеттері», «Бахус»,
«Қант орталығы» және «Баян сұлу»
компанияларының маркетинг
Біз
талдаған кейбір кәсіпорындарда маркетинг
бөлімдері әлі жоқ. Мысалы, Алматы
маргарин зауыты, «Қарағанды конфеттері»
компанияларында маркетинг
Қазақстанда маркетинг
ғылым бағыты, шаруашылық қызмет аумағы
және өндірістік-өткізу қызметін басқару
жүйесі ретінде республиканың нарықтық
қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
1991 жылдан бастап кәсіпорындар мен ұйымдарда
маркетинг бөлімдері ашылды, оған маркетолог
мамандардың қызметі енгізіле бастады.
Республика Президенті Н. Назарбаев 1994
жылы «Бүгінде басшылыққа кәсіпорынды
ұтымды жұмысқа алып шығатын бағдарламасы
бар, маркетингті және өндірісті жаңғыртып,
жетілдіруге қаржы табу жолын білетін
адамдар келуі тиіс»деп атап өтті
(30, 234-б).
Олардың көпшілігінің маркетинг қызметі құрылымдары кезінде директивті (жоғарғылардың төмендегілерге басшылық нұсқауы) түрде қалыптасса , қазіргі кезде нарық талаптарына сай түзетілуде. 2001 жылы маркетингтік тәжірибені байыту мақсатында Алматы ауыр машина жасау зауыты, «Харрикейн Құмкөл Мұнай», «Беккер және Ко» және басқа да Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарының маркетинг жөніндегі директорлары мен жетекшілерінен пікір сұрау жүргізілгенде, олардың 83%-інде маркетинг және жарнама бөлімдері бар екендігін, ал респонденттердің 17%-інде ондай бөлімдердің әлі күнге дейін құрылмағандығын көрсетті.
Осы
күнге дейін маркетинг
Нарықтық зерттеулер, нарық коньюнктурасын болжау, маркетингтік баға саясатын жасау, тауар өткізуді ынталандыру, жарнамалау және т.б. кіретін маркетинг бөлімінің басқару құрылымының қарқынды түрде қалыптасуы 1996-1997 ж.ж. болды.
Қазақстан
экономикасындағы маркетингті қолдану
саласының өсу қарқынын талдау шартты
түрде екіге бөлуге болатын кезеңдерді
анықтауға мүмкіндік берді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ
АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА
ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
Тақырыбы: «Қазақстан
Республикасындағы маркетингтің дамуы»
Өскемен,
2011 ж
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.С.Р.Есімжанова
Маркетинг
2.Интернет www.google.kz
www.rambler.kz
www.yandex.kz
3. География туризма, уч. Под ред. А.Ю.Александровой, Москва 2009. 4..Ердәулетов С.Р. «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы». Оқу құралы. –Алматы, 1998ж.
5. Менеджмент туризма: Экономика туризма / под ред. В.А. Квартальнова. М.:Финансы и статистика, 2001.
6. Дусейн
Г.М. Основы формирования и развития индустрии
туризма в Казахстане. Алматы, 2002.

- Маркетинг түрлері және оның Қазақстанда даму тенденциялары
- Маркетинг түсінігі
- Маркетинг түсінігі. Маркетингтің даму тарихы
- Маркетинг тұжырымдамасы және концепциясы
- Маркетинг у НД
- Маркетинг услуг
- Маркетинг услуг
- Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі
- Маркетингті стратегиялық жоспарлау
- Маркетинг товаров
- Маркетинг туризма
- Маркетинг туристических услуг
- Маркетинг туристических услуг
- Маркетинг түрлері