Маңғыстау облысындағы ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым министрлігі

Ш.Есенов атындағы Каспий  мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

«Экономика және құқық» институты

«Менеджмент» кафедрасы

 

 

РЕФЕРАТ

Пәні: Экономиканы  мемлекеттік  реттеу

Тақырыбы: Маңғыстау  облысындағы  ауыл  шаруашылығын  дамытуды мемлекеттік  реттеу

 

 

 

                                   

                                 Орындаған: ГМУ 08-1 тобының студенті Кажибаева А.С.

                                 Тексерген: оқытушы,магистр Ботбаева А.С.

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау 2011

Жоспар

I.Кіріспе......................................................................................................3-4

II.Негізгі бөлім.......................................................................................5-18

1. Маңғыстау облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау

2. Маңғыстау облысындағы «Берекет», «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындарының және «Қызан» кооперативінің  жетілдіру жолдарының тиімділігі

2.1. «Берекет» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорын

2.2. «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

2.3. «Қызан» өндірістік кооперативі

 

III.Қорытынды………………………………………………………...........19-21

IV. Пайдаланылған   әдебиеттер ………………………………………...........22

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ауыл  шаруашылығы  -  Қазақстанның  негізгі  салаларының  бірі.  Оның  маңыздылығы  - ең  алдымен   халықты  азық- түлік   өнімдерін   қамтамсыз  етуінде.  Ауыл  шаруашылығы   дамуының  деңгейі  көбінесе  елдің  экономикалық  қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның  ауыл  шаруашылығына қолайлы жерлері  көп болғандықтан,  әлем  рыногында  бәсекелестікке  қабілетті агроөнеркәсіп  секторын  дамытуға  барлық  мүмкіндіктері  бар.  Оған  қоса,  ел  халқының    жартысына жуығының  әлеуметтік  жағдайы ауылдық аймақтармен  тығыз  байланысты.

Жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан аграрлық саласында басқарудың экономикалық механизмдерін қалыптастыру бойынша әдістемелік тәсілдерін, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін талдау және жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін мына төмендегідей міндеттер алға қойылды:

- аграрлық саланың экономикасын  басқаруды қалыптастырудың теориялық  және әдістемелік негіздерін  зерттеу;

- агроөнеркәсіптік өндірісті  басқару стратегиясын негіздеу;

- аграрлық өнімдер өндірісінің  бәсекелестік қабілетін қалыптастыру;

- нарықтық қатынастар  жағдайында шаруашылық жүргізу  механизмінің экономикалық тиімділігін  анықтау;

- Қазақстанның агроөнеркәсіптік  кешеніне талдау жүргізу;

- бәсекелестікке қабілеті  бар азық-түлік тауарларын өндіруде  менеджменттің стратегиясын негіздеу.

Жұмыстың басты зерттеу объектісі болып ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және агроөнеркәсіп өндірісі экономикасын басқарудың барлық жүйесі табылады.

Бұл жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде  Маңғыстау облысындағы  агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы талданады және Маңғыстау облысындағы «Берекет», «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындарының және «Қызан» кооперативінің  жетілдіру жолдарының тиімділігі көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Маңғыстау облысындағы  агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау.

Агроөнеркәсіп кешенінің  басым бағыттары агроөнеркәсіп  кешенін дамыту ауыл шаруашылығы  өндірісінің қарқынын арттыру, мемлекет пен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасындағы қызметтерді бірлесе  орындау, көршілес облыстар мен шетелдер арасында әріптестік қарым-қатынастар орнату негізінде, облыс халқын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталады.

Халықты өз өндірісіміздің негізігі азық-түлік өнімдерімен  қамтамасыз ету деңгейін көтеру, азық-түлік  тауарлары нарығын реттеу және жоғары сапалы азық-түлік өнімдеріне сұранысты  көбейте отырып,  азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында, облыстың АӨК-нің дамуын жаңа деңгейге көтеріп,  аймақтың базарлары мен сауда  нүктелерін ет, сүт, көкөніспен молықтыру  үшін сауда-саттық операциясын дамыту қажет.

Облысымыздың ауыл шаруашылығының негізі мал шаруашылығы құрайды, оның ішінде қой, түйе және жылқы шаруашылықтары. Оған дәлел, 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,24 млрд. теңге болса, соның 91 пайызынан астамын мал шаруашылығы өндірді.

Тереңдегі тұздылығы төмен  жер асты суларын пайдаланып, кәсіпкерлердің күшімен бау-бақша дақылдарын егуге  игерілген суармалы жер көлемі 1200-ақ гектарды құрайды.

Балық шаруашылығы жаңа ғана аяғынан тұрып келеді.

Облыстың мал шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыт мал басын, оның өнімділігін, өнім сапасын арттыруға және асыл тұқымды мал шаруашылығын   дамыту,   малдың аудандастырылған тұқымдарын жетілдіруге негізделген.

Жергілікті бюджеттен  асыл тұқымды мал шаруашылығы  шығындарын ішінара өтеуге субсидия төлеу селекциялық мал тұқымын  асылдандыру қызметтерін жүргізу  және жетілдіру бағытында жоспарлы, жүйелі жұмыстар жүргізуге қол жеткізуге  үлкен ықпал етті.

2008 жылдан басталған дайындалған  мал азығына субсидия төлеу,  мал азығын дайындау субъектілерінің  саны мен дайындалған пішен  көлемінің   өсуіне мүмкіндік  жасады. Қазір қолда бар малдың 90 пайызынан астамы шаруа және  жеке үй қожалықтарында және  олар табиғи мал азығын дайындамайды. Бұл облысымызда мал шаруашылығы  үлкен тәуекелмен, табиғат жағдайына  өте тәуелді  жүргізілетінін  көрсетеді.  Мал азығын дайындаушыларды  қаржылай қолдау осы кәсіппен  айналысушылар санын көбейтіп, олардың  шөп өнімін дайындауға деген  ынтасын арттырып,  мал шаруашылығының  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  жол ашты.Мысалы, тек биылғы 2009 жылы  субсидия алуға құжаттар пакетін  толық өткізген субъектілер саны  өткен жылмен салыстырғанда 10 бірлікке немесе 28,6 пайызға, дайындалған  пішен көлемі 1,8 есеге өсті. Облысымыз  бойынша барлығы 34,0 мың тонна  мал азығы дайындалып, мал басына  шаққандағы 100 күндік есепті қажеттіліктің  74 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш  2008 жылы 58,4 пайыз болатын. 

Облыс халқының (506 мың) қой, сиыр, жылқы етіне сұранысы 12,4 мың  тонна болса, біз барлығы 5,2 мың  тонна ет өндіріп (ет шығымдылығын 52%-бен  алғанда), қамту деңгейіміз 41,6 пайызды  құрап отыр, қалған  58,4 пайызы тасымалданады. Ет өндірісін дамыту мақсатында, жергілікті түлік түрлерінің ет өнімділігін арттыруға бағытталған селекциялық қызметтерден басқа,   өнімділігі жергілікті қазақы қоймен де, қаракөл қойымен де салыстырғанда өте жоғары етті-майлы еділбай қойын өсіру керек екені анықталды.

 

Диаграмма 3. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген субсидия, млн. теңге

Екінші жағынан, облысымыздағы  азық-түлік бағасына «КазАгроМаркетинг» АҚ тарапынан жүргізілген мониторинг қорытындысы көрсеткеніндей, дайындалған  пішеннің құнын ішінара арзандату, облысымызда ет пен сүт бағасының  өсімін тежеп,   өнім өндіру көлемі өсіп келеді.

Сапалы да мол өнім өндірудің  екінші бір үлкен ішкі резерві  арзан мал азығын пайдалана отырып, еттік малдың қоңдылығын көтеру. Қазір  ет өндірушілер қалыптасқан шаруашылық жылының жағдайына қарай, оның күйі союға жарамды болса болды, етке сояды. Ал қосымша азықтандыру, немесе арнайы алаңдарда ұстау арқылы қоңдылығын көтеру іске аспай отыр. Мұның басты  себептерінің бірі облысымызда арнайы мал бордақылау алаңдарының жоқтығы  болса, екіншіден қоспа және құрама жем бағасының аса қымбаттығы.

Бұл кезде көзделетін мақсат - ол ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қолындағы күйі төмен еттік контингентті бір орталыққа – арнайы мал бордақылау алаңдарына екі жақты тиімді шартпен қабылдап алып, қоңдылығын, ет сапасын көтеріп, өнім өндіріледі. Бұл жолмен өндірілетін ет көлемін 15-20 пайызға дейін өсіру мүмкіндігі бар.

Облысымызда құс шаруашылығының жоқтығы қажетті құс еті мен жұмыртқаны 100 пайызға жуық өзге аймақтар мен жақын шет елдерден тасымалдап жеткізіледі. Облыс халқының құс етіне жылдық сұранысы 2,5 мың тонна. Осы мәселені шешу мақсатында, Иран Ислам Республикасының құс фабрикаларын салу және құс шаруашылығымен айналысатын «Хазар-Электрик» компаниясы басшысымен кездесіп, екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту  мүмкіндіктері қарастырылды, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының «Маңғыстауагросервис» және «Берекет» мемлекеттік кәсіпорындарымен бірлесіп, біріккен қазақстан-иран кәсіпорнын құрып, құс фабрикасын салуға келісімге келдік.

Облысымызға сүттің қажеттілігі 42,8 мың тонна, өндіретін табиғи сиыр және түйе сүтіміз 7,1 мың тонна, табиғи сүтпен қамту деңгейіміз 16,6 пайыз. 5 кәсіпорын ұнтақ сүттен сүт және сүт өнімдерін дайындайды.   Олар 2009 жылы 6,6 мың тонна сұйық сүт  дайындап, өткен 2008 жылмен салыстырғанда 1,1 мың тонна артық дайындады. Сонда, облысымызда барлығы 13,7 мың тонна сүт өндіріліп, сұраныс 32  пайызға қанағаттандырылды.

Біздегі негізгі табиғи сүт  өндіру көзі – түйе. Зоотехникалық  нормативтер бойынша, қолда бар  түйеден жылына 6,0 мың тоннаға  дейін сүт өндіруге болады. Барлық табиғи тауарлық сүт өндіру мүмкіндігіміз, сиыр сүтін қоса есептегенде,  10 мың  тоннаның жобасында. Сонда, халықты  табиғи сүтпен қамту мүмкіндігі 25 пайыздан аспайды. Одан әрі мал басын көбейтпей, селекциялық жолмен малдың сүт өнімділігін 10-12 пайызға көтеру мүмкіндігі ескелілсе  қамту деңгейін 30 пайызға дейін  жеткізуге болады. Сүттің қазіргі  аз өндірілуінің басты себебі, ауылдағы тауар өндірушілердің тұтыну нарығынан  шалғайда орналасып, өнімді өткізе алмауынан  оны өндірмеуі. Сондықтан, біз қазір  селолық тұтыну кооперативтері мен  сервистік дайындау орталықтарын құру мәселесіне баса назар аударып, соларға  сенім артылып отыр. Ауылдық жерден сауылатын түйе сүтін қабылдау мақсатында «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС Қарақия ауданының Сенек, Құланды селоларынан түйе сүтін қабылдау пункті ашылды. Осындай қабылдау пункті үстіміздегі жылы Маңғыстау ауданының Шетпе селосынан ашылады. 2010 жылы сүт дайындау ауқымын ұлғайту мақсатында, Маңғыстау ауданының Ақшымырау, Қызан, Тұщықұдық, Шебір, Жармыш елді мекендерінен сүт қабылдау пункттерін ашу арқылы Шетпедегі сүт дайындау орталығы сүт өңдейтін цех болып қайта жарақтандырылады. Сонда түйе сүтін өндіруді 3,0-3,5 мың тоннаға арттырып, сиыр сүтін 1,0 – 1,5 мың тоннаға, сүт ұнтағынан дайындалатын сүтті 3,5 мың тоннаға артыру арқылы 2012 жылдары қажеттіліктің 50 пайызын қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, сүт өнімін өндіруді арттырудың екінші бір көзі – сүт шикізаттарынан сүт өнімдерін дайындау. Бұл бағытта  да «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС-гі бастамасын  айтуға болады. Зауыт 2009 жылдың қыркүйек айында Беларусь Республикасының  Гродно облысының «Гродномясомолпром»  мемлекеттік бірлестігімен Маңғыстау  облысының «Жаңаөзен сүт зауыты»  ЖШС негізінде беларусь сүт шикізаттарынан сүт өнімдерін шығаратын біріккен кәсіпорын құру туралы алдын-ала  келісімге қол қойып, 2010жылдың ақпан  айында беларусь делегациясы облысымызға  келіп, өз мақсаттарын іске асыратындығы туралы нақты шешімге келді.

Бұл жоба аралық инвестициялық  ұсыныс ретінде Қазақстан Республикасын  индустрияландыру картасына енді. Жобаның  толығымен іске асу мерзімі 2009-2011 жылдар. Жобаны іске асыру облысымызда  халық тұтынатын сут өнімдері ассортиментінің көбеюіне, оның ішінде бірінші кезекте жас сәбилер  мен балаларға қажетті сүт  және сүт өнімдері ассортиментін  көбейту мақсат етілуде. Жобаның  іске асуы аймағымыздың халқын сүт  және сүт өнімдерімен қамту мәселесін  шешуге келелі үлесін қосады.

Аймақтың азық-түлік қауыпсіздігін  қамтамасыз етуде өзіндік орын алатын саланың бірі - егін шаруашылығы. 2009 жылы суармалы егіс ауданы 1200 гектарға жетіп, өткен жылғымен салыстырғанда 14 пайызға өсті және оның 130 гектарына, немесе 11 пайызына тамшылата суару жүйесі қолданылып,  жаңа технология ендірілген алаңда  өнімдерінің шығымы 2 есеге артты.

Облыс бойынша жерді нәрлендіріп, көкөніс пен бақша дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыру  мақсатында тауар өндірушілерге 420 тонна тыңайтқыш арзандатылған (субсидия төлеу жолымен) бағамен алынып берілді. Халықты үздіксіз, әсіресе қыс  пен көктем айларында табиғи витаминді  көкөніспен қамтуда  Ақтау қаласындағы  «КаспийАгроКомпани»(4 га) және, «Сұлтан Агро»(0,8га) ЖШС-терінің жылы жайлары өзіндік септігін тигізуде. «КаспийАгроКомпани» ЖШС-і «Каспий» ӘКК» АҚ-ының салған инвестициясының нәтижесінде 3,5 га жылы жайдың ескірген гидропондық технологиясын толығымен субстраттық жүйеге қайтадан жаңғыртты. Онда жылына 2 айналымда 1800  тоннадан кем емес қызанақ пен қияр өндіру жоспарланып отыр. 

Облысымызда 62 га жерге жеміс- жидек ағаштары  егілген, бірақ қазіргі жайы мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілуі қажетті мөлшеріге сай келмейді.

Облысымыздың балық және балық өнімдеріне деген қажеттілігі 4,0 мың тонна. 2009 жылы облысқа 903 тонна балық аулауға квота бөлінді, оның 490 тоннасы кефаль, 78 тоннасы майшабақ, қалғаны ұсақ балықтар. Өткен 2009 жылы 15 табиғат пайдаланушы теңіз жағалауынан 564 тонна балық аулап,  квотаның тек 63 пайызын игерді, ол  қажеттіліктің 14 пайызы. 2006 жылы балық кәсіпшілігін қайтадан қалпына келтіру, дамыту мақсатында құрылған «Маңғыстау балық өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-не облыс әкімдігі тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Компанияға сұраған жер телімдері бөлінді, «Маңғыстауагросервис» МКК-ы арқылы тоңазыту-мұздату кешені, екі балық аулайтын кеме, түрлі қайықтар мен мұздатқыш камералар, ау-құралдары және тағы басқа да жабдықтар лизингке берілді. Аташ кентінен тоңазытқыш-мұздату кешенін құрып, балықты алғашқы өңдеуге мүмкіндік жасалды.

Қазір әлемдік тәжірибе бойынша  балық шаруашылығында тауарлық балық  өсіру - басым бағыт болып саналады. Осы орайда,  кезінде «Маңғыстау балық  өнеркәсіп компаниясы»  ЖШС бастаған, кейін тоқтап қалған «МАЭК – Казатомпром» ЖШС–нен  шыққан жылы суды, энергоресурстарын  пайдаланып, индустриалдық бекіре тұкымдас балықтарды өсіру кешенін құру жобасын  қайта жандандырудың қажеттілігі  тууда. Кезінде «МАЭК – Казатомпром» ЖШС–нің жанынан қолайлы 5,2 гектар, Қарақия ауданының «Сарша» жерінен жер телімдері алынып, «БИОС» бекіре тұкымдас балықтарды ғылыми-зерттеу орталығында балық өсірудің биологиялық негіздемесі жасалып, сатып алынған болатын.

Маңғыстауда да, Қазақстанның басқа аймақтарында да су мәселесі өте күрделі мәселенің бірі. Бізде мал үшін де, ауыз суға да, егін суаруға да тереңдегі (40-100 м-ге дейін) тұзды жерасты суы пайдаланылады. Ал қазір 40-50 метрден бұрғылап су шығару, оны жабдықтау қанша қаржыны талап ететіні белгілі. Бұған шаруа және жеке қожалықтарды былай қойғанда, ұжымдық шаруашылықтардың да мүмкіндігі жоқ. Соңғы 20 жылда, жаңасын қазуды айтпағанның өзінде, бұрынғы су көздеріне жөндеу жүргізілген жоқ. Мұнай-газ бұрғылау мекемелерінің күшімен өте тереңнен (тереңдігі 1,0-1,5 км) шығарылған фонтанды су көздерінің уақыт өте келе  ескіріп, бітеліп жатқандығы да шындық.

Маңғыстау облысы әкімдігі бұдан бұрын да жайылымдарды суландыру  мәселесін көтеріп, Ауыл шаруашылығы  министрлігіне мәселе қойған  Министрлік  мәселенің өте өзектілігін  және бұл мәселеге соңғы кезде дұрыс  көңіл бөлінбей отырғандығын,  мал  жайылымдарын суландыру  мәселесі жөніндегі  функциялар мен құдықтар мәселесі Су ресурстары комитетінің де құзіретінде жоқ екенін, сол себептен күні бүгінге дейін республикалық деңгейде арнайы бағдарламаның жоқтығын айтып, 2009 жылға арнайы мемлекеттік бағдарлама дайындап, қабылдауға жұмыстанатынын жеткізген.Облысымыздан мәжіліс депутаты Г.Сейтмағамбетова өткен жылдың аяғында бұл мәселені Үкімет алдына да қойды, бірақ, күні бүгінге дейін  нақты шешілген мәселе жоқ.

Облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы  аймағымыздағы агроөнеркәсіп кешеніндегі  қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, 2008 жылдың 13 маусымындағы №422 қаулысымен «Маңғыстау облыстық су жүйесі» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорнын құрды. Мақсаты: жайылымдарды суландыру арқылы тиімді пайдалануды, қалпына келтіруді  іске асыру, облысымызда мал шаруашылығының дамуына жағдай жасау, өнімділігі мен  өнім сапасын арттыру арқылы облыс  халқын өз өнімімізбен қамту деңгейін көтеру, ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы  өндірісімен айналысуға ынтасын  арттыру, кәсіпкерлікпен айналысу есебінен жұмыспен қамту деңгейін көтеру, егін шаруашылығының дамуына жол ашу, «ауыз су» бағдарламасының жүзеге асуына қосымша үлес қосу, түптеп келгенде ауыл халқының шын мәнінде мемлекеттің  қолдауын нақты сезінуіне мүмкіндік  беру болды.

Облысымызда су мәселесін  мүмкіндігімізше шешу, мал және егін шаруашылықтарының дамуына жаңа серпін беріп, өнім өндіру көлемін  арттыратын бірден-бір шешуші фактор.

 

 

 

 

 

2.Маңғыстау облысындағы «Берекет»,  «Маңғыстауагросервис»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының және «Қызан» кооперативінің  жетілдіру жолдарының тиімділігі

2.1.«Берекет» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорын

Маңғыстау облысы ауыл шаруашылық басқармасының «Берекет» мемлекеттік  комуналдық кәсіпорыны, облыс бюджетінен 110 млн теңге бөліне отырып, 2007 жылы 17 тамызда құрылған. Кәсіпорын алғашқы  жұмысын 111 тонна сәбіз, 43 тонна жуа, 317 тонна картоп, 72 тонна өсімдік  майын, 204 мың дана жұмыртқа, 60 тонна  жаңадан мұздатылған ет (Қостанай облысынан)  және 143 бас ірі қара мал (Батыс қазақстан облысынан) сатып алудан бастаған болатын. Содан  бері өздерінен шығарылған өнімнің  көлемін арттыра отырып, кәсіпорын  облыс тұрғындарының тұрмыс тіршіліктерінің  жақсарып, әл-ауқаттарының артуына  сүбелі үлес қосып келеді. Бұл істе талай-талай басшылық қызметтің  белесінен өткен, іскер де қайырымшыл басшы Қаржаубай Қанжан ұлының еңбегі зор. Соның арқасында «Берекет»  сан алуан қызмет түрлерімен айналысып, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде.

Берекет сан қырлы кәсіпорынын  оның құрамына: Сауда орталықтары, дүкендер, «Сыбаға» фирмасы, Орталық базар,  «Асар-С» фирмасы, Ақтау қаласының  ет комбинаты, аудандардағы дүкендер кіреді. Аудандар мен қалаларда: Жаңа-өзен қаласында, Түпқараған ауданында, Мағңғыстау ауданында, Ақтау қаласында және Мұнайлы  ауданында барлығы 23 сауда орындары ұйымдастырылған. Кәсіпорынның өндіретін  және өткізетін өнім түрлері әр түрлі  болып келеді: көкөніс, жемістер, астық  өнімдері, қант, ет өнімдері, тауық еттері және т.б.

Жылдан-жылға өнім өндірудің  көлемі артып, облыс бюджетінен бөлінетін  қаржының ауқымы да өсіп келе жатыр. Мысалы 2007 жылы негізгі қаражаттарын толықтыруға 110 млн теңге бөлінсе, 2008 жылы айналым  қаражатын толықтыруға 200 млн теңге, өндірістік базасын ұлғайтуға 192 млн теңге және жеміс-көкөніс және ет өнімдерін сақтауға арналған терминал құрылысына 100 млн теңге бөлінген.

Кәсіпорынның алдағы жоспарларында  ет, балық цехтарын және көкөністерді өңдеу цехын ашу үшін өзінің жеке өндірістік базасын жасау бар. Ол үшін 1,2 гектар жер бөлінген. 32 ықшам ауданда көлемі 2,5 гектар каммуналдық базар ашуға жер бөлу туралы мәселе қажарлылықтың арқасында оң шешім тауып отыр.

Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы  өнімдерін Түркіменстан мен Иранға жеткізу жөніндегі өзара әрекеттестік мәселесі өз шешімін таппақшы.

Сонымен қатар, Берекеттің негізгі  атқарылып жатқан жұмыстарына басқа  алға қойған міндеттері де аз емес: ауыл шаруашылығы өнімдерінің молшылығын қалыптастыру үшін оны өндірумен  қатар сақтау, тасмалдау; бюджет қаржысын тиімді пайдалану және азық-түлік  тауарларының бағасын төмендету; нарықты  толықтыру мақсатында ірі көтерме  сатушылар мен тікелей өндірушілер  ауыл шарушылығы өнімдерін сатып  алу және сақтау; өздерінің бөлшек сауда желісі үшін азық түлік өңдеу  және орамдау; барлық сауда орындарында  азық түліктерді дер кезінде жеткізу  мен сақтауды ұйымдастыру; жәрмеңкелерді  жүйелі түрде өткізіп отыру, және жаңа жыл,көктемгі мереке кезіндегі  күтілетін баға шарықтауын қадағалау; азық-түлікті өндірушілерден де, пайданы  көп табатын делдалдарды болдырмау; аз қамтылған және көп балалы отбасыларын, зейнеткерлерді, мүгедектер мен бюджет саласы қызметкерлерінің тұрмыс жағдайларын  жақсарту; «Берекеттегі» азық-түлік  бағасының төмендегені туралы тұрғындарға  БАҚ арқылы хабарлайтын жарнамалық қызметтерді ұйымдастыру сияқты келелі мәселелерді үнемі көңіл  бөліп отырады.

Өндірісті тұрақты жаңарту, шығарылатын өнім түрлерін кеңейту, дүниежүзілік алдыңғы қатарлы өндірушілердің ең жаңа технологияларын қолдану, табиғи компоненттері барынша сақталған экологиялық таза өнімдер өндіруді, өткізуді қамтамасыз етіп отырған «Берекет» кәсіпорны еліміздегі азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтыну тауарларының сапасын жақсарту, оны тұтынушыға ұсынудағы жаңашылдығымен танылып отыр.

2.2.«Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

Мұнайлы Маңғыстау өндірісті  аймақ. Табиғаты қатал, даласы шөлейт болғанымен, соңғы жылдары мұнда өндіріспен қатар ауыл шаруашылығы да қарқынды дамуда. Жасалған игі істер мен  жаңаша көзқарас өз нәтижесін беріп  отыр.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасына қарасты «Маңғыстауагросервис»  МКК осыдан біраз бұрын республика көлемінде алғашқылардың қатарында  құрылған болатын.

Кәсіпорынның басты мақсаты  – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджеттік бағдарламаларға  бөлінген несиенің жұмсалуын ғана емес, оның қайтарымын қамтамасыз ету, көтерме  сауда және бөлшек сауда қызметін дамыту, малды өз төлі есебінен өсіру  және мал шарушылығында алдыңғы  қатарлы технологияларды енгізу, малды асылдандыру жұмыстарын жолға  қою, оны қаржыландыру өндірістік –  шаруашылық қызметтерді атқару, коммуналдық  кепілдік арқылы шағын кәсіпкерлік  нысандарға несие беру, несие алушыларға бизнес жоспар жасау және де басқа  ауыл шаруашылығына байланысты бағдарламаларды  жүзеге асыру болып табылады.

Малды жалға берудің шарттары белгіленді. Онда 100 басқа  дейін  қой – 4 жылға, 15 басқа дейінгі  жылқы мен сиыр – 5 жылға, түйе 6 –  жылға жалға берілетіні анықталды. Құнын өтеп болған соң мал шаруашылық иесінің жеке меншігіне өтеді.

2002-2008 жылдар аралығында  «Маңғыстауагросервис» МКК арқылы 120 тауар өндірушіге: 470 бас түйе, 6470 бас қой, 85 бас сиыр, 187 бас жылқы  сатып алынып, жалға берілді. Мал тұқымын асылдандыру мақсатында Атырау облысынан 70 бас қошқар, 12 бура әкелдіріліп, кәсіпкерлердің сұранысы қанағаттандырылды. Малды өз төлі есебінен көбейту жолындағы жұмыстар оң нәтижелер беріп, қазіргі кезде аймақта мал басы өсе түсуде.

Соңғы кездері ауылда ауыл шаруашылық техникалар паркі жаңартылмай, әбден тозығы жеткені баршаға  мәлім. Осы олқылықтарды жоюды көздеген кәсіпорын ауылдағы шаруа тұрмысына  техникалық жетістіктерді енгізуді қолға алды. Оның шарты бойынша  трактор – 7 жылға, шөп шабатын  және жинайтын агрегаттар – 4 жылға  қаржылай лизинг жолымен берілетін  болды, бастапқы жарнамен техника құнының  он пайызы төленіп, қалған бөлігі жал  мерзімінде біртіндеп өтеледі.

Кәсіпорын кепіл ретінде  негізінен жылжымайтын мүлік, мал  және техника қабылдайды.

2002-2008 жылдары«Маңғыстауагросервис»  арқылы облыс бойынша барлығы  85 шаруашылыққа: 38 трактор, 33 орақ, 27 шөп  тайлағыш, 13 тырма, 5 трактор тркемесі  лизингке берілді. 

Облыс көлемінде көкөніс  және бау-бақша өнімдерін өсіретін сала кәсіпкерлеріне қолдау жасау жақсы  қолға алынған. Оған қажетті егістік  жерлерді суландыратын су сораптары, ток  трансформаторлары, тамшылап суландыру  қондырғылары, тыңайтқыштар, тұқымдар, өсімдік аурулары мен зиянкестеріне  қарсы препараттар сатып алынып, шаруа қожалықтарының төлем қабілеттілігіне  қарай әр түрлі мерзімге несиеге  беру іске асырылады. Осы мақсаттар  үшін «Маңғыстауагросервис» кәсіпорнының жарғылық қорын толтыруға үстіміздегі  жылға 175 миллион теңге бөлінді.

2006 жылы құрылған «Маңғыстау  балықөнеркәсіп компаниясына» 2 БМП кемесін, 6 қайық, 8 қайық моторын,  және 7565292 теңгеге 20 бригаданы қамтитын  ау құралдар мен жабдықтар  лизингке берілді.

2002-2008 жылдар аралығында  қаржылай лизингке 149657 мың теңгеге  техника, 130402 мың теңгеге мал, 27131 мың теңгеге балық шаруашылығына  қажетті техника, құрал-жабдықтар  қамтамасыз етілді.

Міне осындай келелі істердімойнына алған Мұнайлы Маңғыстаудың алдыңғы  кәсіпорындарының бірі - «Маңғыстауагросервис»  МКК облыста ауыл шаруашылығы  саласының өркендеп дамуына сүбелі үлестерін қосып отыр.

2.3.«Қызан» өндірістік кооперативі

«Қызан» өндірістік коперативі – Маңғыстау облысы, Маңғыстау  ауданында шалғай орналасқан мал  өсірумен айналысатын бірден-бір  шаруашылық. Шаруашылық қаракөл асыл тұқымды қой өсірумен қатар жылқы, түйе малдарын да бағады. Өндірістік коператив  осы түліктерді өсіріп, өнімдерін  өндіруде жыл сайын жоғары көрсеткіштерге жетумен бірге, оны сапалы дайындап өткізуді жүзеге асырып, жоғары табыстарға жетіп келеді.

Өндірілген өнімдерді  шаруашылықтың өзінде өңдеу жұмысын  қолға алу мақсатында, өндіріс  орындарын ашу, жергілікті тұрғындарды  жұмыс орнымен көбірек қамту, сонымен қатар, мал басын сатып  алу арқылы немесе өз төлі есебінен көбейту, алған өнімдердің сапасын  арттыру мәселелері «Қызан» ӨК алдағы уақыттағы өзекті істерінің біріне айналғалы отыр.

Шаруашылық асыл тұқымды  болғандықтан, мал басын асылдандыру  жұмыстары жалғасын табуда. Өндірілетін  өнімді, мал басын жақсартудың  ең қарапайым және экономикалық тиімді тәсілі – қолдан ұрықтандыру. Осы мақсатта қазіргі уақытта шаруашылық жанынан қолдан ұрықтандыру қосыны ұйымдастырылып жұмыс жасауда. Қолдан ұрықтандыру біріншіден көзделген мақсаттағы төлді, таңдауға қарай етті немесе сүтті бағытында алуға қол жеткізуге болатын болса, екіншіден түрлі ауру, соның ішінде бруцелезден арылудың бірден-бір шарасыболып табылады.

Шаруашылық 2008 жылы қой басы 110,8 пайызға, жылқы мен түйе 109,3 пайызға  дейін өсіп отыр.

Осындай қарқынды еңбегімен  шаруашылықты өрлетіп, толайым табысқа  жетіп келе жатқан «Қызан» ӨК ұжымы  ел экономикасының өрлеуіне ат салыса отырып, еліміздің мал шаруашылығы  өнімдерін үздік өндірушілері қатарынан  өзінің лайықты орнын алмақшы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген  қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын  шешуде маңызды.

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен  азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.

Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің  жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға  қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай  келеді.

Маңғыстау облысындағы ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу