Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары

Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі

Көрсетілетін  қызметтердің атауы Қызметтерді тұтынушылар Өтініштерді қабылдайтын және ресімделген құжаттарды беретін мекемелер
р/н
1 Жұмыссыз  азаматтарды есепке қою және тіркеу Жеке  тұлғалар Жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімдері
2 Семей ядролық  сынақ полигонында ядролық сынақтардың  салдарынан зардап шеккен азаматтарды  тіркеу және есепке алу Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
3 Мүгедектерге  протездік-ортопедиялық көмек ұсыну  үшін құжаттарды ресімдеу Жеке  тұлғалар Жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімдері
4 Мүгедектерді  сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар ресімдеу Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
5 18 жасқа дейінгі  балалары бар отбасыларға мемлекеттік  жәрдемақылар тағайындау  Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
6 Тұрғын  үй көмегін тағайындау Жеке  тұлғалар Жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімдері
7 Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық- әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
8 Мүгедектер  үйінде, оның ішінде бөгде адамның  күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек  балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге  арналған құжаттарды ресімдеу Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
9 Жергілікті  өкілетті органдардың шешімдері  бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген  санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
10 Үйде тәрбиеленетін  және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
11 Отын сатып  алу бойынша ауылдық жерде  тұратын әлеуметтік сала мамандарына  әлеуметтік көмек тағайындау Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
12 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
13 Жұмыссыз азаматтарға  анықтама беру Жеке тұлғалар Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
14 Патронаттық тәрбиелеуге  балаларды алуға тілек білдірген  отбасылардан өтініштер қабылдау Жеке тұлғалар Білім бөлімдері
15 Жетім балаларды  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою Жеке тұлғалар Білім бөлімдері
16 Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу Жеке тұлғалар Білім бөлімдері
17 Кәмелетке толмаған балаларға  тиеселі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге  анықтама беру Жеке тұлғалар Білім бөлімдері
18 Кәмелетке толмағандарға тиесілі  тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға  рұқсат беру Жеке тұлғалар Білім бөлімдері
19 Зейнеткерлік  қорларға, ішкі істер  министрлігінің жол  полициясы комитетінің  аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсімдеу үшін анықтама беру Жеке тұлғалар Білім бөлімдері
20 Тұрғын  үйдің меншік иелері болып табылатын  кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді  жасау үшін қорғаншылармен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру Жеке тұлғалар Білім бөлімдері
21 Қорғаншылық және қамқоршылық  жөнінде анықтама беру Жеке тұлғалар Білім бөлімдері
22 Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды  әлеуметтік қамсыздандыруға  құжаттар ресімдеу Жеке тұлғалар Білім бөлімдері
23 Жер учаскесіне жекеменшік құқығына арналған актілерді  ресімдеу Жеке және заңды  тұлғалар Жер қатынастары  бөлімдері, ХҚО
24 Жерді тұрақты пайдалану  құқығына актілерді  ресімдеу Жеке  және заңды тұлғалар Жер қатынастары  бөлімдері, ХҚО
25 Уақытша өтеусіз (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер  пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу Жеке және заңды  тұлғалар Жер қатынастары  бөлімдері, ХҚО
26 Уақытша жер пайдалану  құқығына актілерді  ресімдеу Жеке және заңды  тұлғалар Жер қатынастары бөлімдері, ХҚО
27 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан  үйге мұқтаж азаматтарды  есепке алу және кезекке  қою Жеке тұлғалар Тұрғын үй комуналдық –шаруашылық бөлімі
28 Лизингке  техниканы сатып алу үшін анықтама беру Жеке  тұлғалар Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері
29 Қосалқы шаруашылығы  бар екендігі туралы анықтама беру Жеке және заңды  тұлғалар Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері
30 Шетелдік  бұқаралық  ақпарат  құралдарын есепке алу  Заңды тұлғалар Облыстық  Ішкі саясат басқармасы
31 Миссионерлік  қызметпен айналысатын азаматтарды  есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою Жеке тұлғалар Облыстық Ішкі саясат басқармасы
32 Барлауға, өндіруге немесе бірлескен  барлауға және жалпыға  таралған пайдалы  қазбаларды өндіруге арналған келісім шарттарды тіркеу Заңды және жеке тұлғалар Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды  реттеу басқармасы
33 Барлауға, өндіруге немесе бірлескен  барлауға және жалпыға  таралған пайдалы  қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу Заңды және жеке тұлғалар Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды  реттеу басқармасы
34 Әкетілетін  заттың мәдени құндылығы болған жағдайда қорытынды беру Жеке  тұлғалар Облыстық  Мәдениет басқармасы
 

Мемлекеттік қызметті көрсететін жергілікті атқарушы органдар:   

Ақтау қаласы әкімдігі

Жаңаөзен  қаласы әкімдігі

Мұнайлы ауданы әкімдігі

Маңғыстау ауданы әкімдігі

Бейнеу  ауданы әкімдігі

Түпқараған  ауданы әкімдігі

Қарақия ауданы әкімдігі  

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты  пайдалануды реттеу басқармасы  

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы  

Маңғыстау облыстық мәдениет  басқармасы  

     2010 жылдың 15 қаңтарында Халыққа қызмет  көрсету орталықтарын жергілікті  атқарушы органдардың қарамағына  беру туралы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысы шығып, соған байланысты ХҚО қызметін үйлестіру мен әкімшіліктендіру, сондай-ақ ХҚО мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру облыс әкімі аппаратына жүктелді, тиісінше Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы № 27 қаулысымен «Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік басқару органы болып – Маңғыстау облысы әкімі аппараты анықталды.

     Қазіргі таңда облыста 8 Халыққа қызмет көрсету  орталықтары қызмет етеді: 2 – облыстық деңгейдегі қалаларда, 6 – аудан орталықтарында: Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия, Жетібай филиалдары және 3 - өкілдіктер: Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында, Қарақия аудынының Бостан ауылында.

     Жергілікті  атқарушы органдардан Жер қатынастары бөлімдері өз қызметтерін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетеді.

     Бүгінгі күнде облыс әкімдігімен Халыққа  қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер  тізілімін ұлғайту жөнінде жұмыстар атқарылуда.   
 

2)

 Маңғыстау облысы экімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау   облысы   әкімінің   аппараты»   мемлекеттік   мекемесі (бұдан   әрі   -   «Облыс   әкімінін   аппараты»)   Маңғыстау   облысы   әкімінің қызметін ұйымдастыруды, құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 
2. Облыс әкімінің аппараты өз қызметін, Қазақстан Республикасының Конституциясы   мен   заңдарын,   Қазақстан   Республикасы   Президентінің, Үкіметінің      нормативтік-құқықтық      кесімдерін,      облыс      әкімиятының қаулылары мен облыс әкімінің шешімдерін, сондай-ақ облыс әкімияты және әкімі   аппаратының   Регламенттерін   және   осы   Ережені   және өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерді басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. 
3. Облыс әкімінің аппараты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде    жазылған    Қазакстан    Республикасының    Мемлекеттік    елтаңбасы бейнеленген мөрі, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады Егер облыс әкімияты оны осыған уәкілеттік етсе, облыс әкімі аппаратының мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болып түсуге құқығы бар. 
4. Облыс    әкімінің    аппараты   туралы   Ережені,    сондай-ақ   оның кұрылымы мен штатын облыс әкімияты бекітеді. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар облыс әкімиятының қаулысымен енгізіледі 
5. Облыс   әкімінің   аппараты   заңнамамен   белгіленген   тәртіпте,   өз құзыретінің мәселелері бойынша, олардың облыс бойынша міндетті күші болатын, бұйрықтар түрінде құқықтық кесімдер шығарады 
6. Облыс әкімі аппаратының заңды мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй 
7. Мекеменің толық атауы: «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима Мангистауской области» 
8. Облыс әкімі аппаратының құрылтайшысы облыс әкімияты болып табылады.

Облыс әкімі  аппаратының құрылтай құжаттары  облыс әкімиятының 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 5 қаулысы мен осы Ереже болып табылады. 
Облыс әкімі аппаратының құрылтай құжаттарына барлық өзгерістер мен толықтырулар облыс әкімиятының қаулысы негізінде енгізіледі.

2. Облыс әкімі аппаратының функциясы

9. Облыс әкімінің аппараты мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады: 
Маңғыстау облысы әкімияты мен әкімі аппаратының регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету; 
облыс әкімиятының мәжілістерінде қарау үшін тоқсан сайынғы мәселелердің тізбесін дайындау; 
облыстық департаменттер/басқармалар мен жергілікті атқарушы органдардың дайындаған облыс әкімияты қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптау; 
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімиятының және облыс әкімінің нормативтік-құқықтық кесімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкіміне жүйелі түрде хабарлау; 
облыс әкімінің іс-шараларының және іс-қимыл Бағдарламасының орындалуы туралы облыс әкіміне ай сайын хабарлау; 
облыс   әкімиятының   қаулылары   мен   облыс әкімі шешімдерінің орындалу мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асыру; 
облыс әкімиятының мәжілістерін, облыс әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін кеңестерін, ресми кездесулер мен сапарларын, басқа да іс-шараларын ақпараттык-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, консультативтік және материалдык-техникалық жағынан қамтамасыз ету; 
қалалық және аудандық атқарушы органдарының қызметін үйлестіру, олардан Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары мен өкімдерінің, облыс әкімияты каулыларының және облыс әкімі шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты уақытылы алу; 
облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы жұртшылық пікірін зеуірттеу, экономика мен қоғамдық өмірдегі жағымсыз құбылыстарды қорыту және оның алдын алу мен еңсеру жөнінде ұсыныстар дайындау; 
 облыс әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын камтамасыз ету; 
облыс әкімінің қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуге және өзге де мәселелерін шешуіне қатынасу; 
кадрлар оқуын, дайындау мен қайта дайындауды үйымдастыру; 
облыс әкімияты мен әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу; 
мемлекеттік қызметтің барлық саласында мемлекеттік тілдің колданылуын қамтамасыз ету; 
қызметтік құжаттарды қарау; 
азаматтар мен заңды түлғалардың өтшіштерш қарау;  
азаматтарды қабылдауды үйымдастыру;

3. Облыс әкімі аппаратының өкілеттігі

10. Облыс әкімі аппаратының, өз функцияларын жүзеге асыруы үшін өз құзыретінің шегінде, мынадай құқықтары бар: 
мемлекеттік органдардың қарамағында болған кез-келген, соның ішінде құпия, ақпараттық деректер банкісін пайдалануға; 
облыс әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасулар жүргізуге; 
 облыстық департаменттер, басқармалар мен жергілікті атқарушы органдар дайындаған, облыс әкімияты қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптауды жүзеге асыруға; 
әкімияттың мәжілістерінде оларды қарау кезінде, алауыздық туындаған және оларды жою жөнінде тапсырма берілген жағдайда, облыс әкімияты қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің жобаларын пысықтап тиянақтауға катынасуға; 
Президенттің нормативтік-құқықтық кесімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімияты қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің орындалуына тексеру жүргізуге қатынасуға; 
Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің нормативтік-құқықтық кесімдерінің, облыс әкімияты қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің орындалу мерзіміне бақылауды жүзеге асыруға. 
11. Облыс әкімі аппаратының қажетті материалдарды, хабарламаларды мемлекеттік органдардың табыс етуі жөніндегі талаптары, егер тапсырмада орындаудың    басқадай    мерзімі    айқындалып    белгіленбесе, заңнамамен белгіленген мерзімде орындалуға жатады.

4. Облыс әкімінің аппаратына басшылық ету

12. Облыс әкімінің  аппаратына облыс әкімі қызметке тағайындайтын және оны қызметінен босататын аппарат басшысы басшылық етеді. 
13. Облыс   әкімі   аппараты   басшысының   заңнамамен   белгіленген тәртіпте,    қызметке    тағайындалатын    және    қызметінен    босатылатын, орынбасары болады. 
14. Облыс   әкімі   аппаратының   басшысы   мемлекеттік   органның жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілік артады, өз функциясының шегінде бұйрықтар шығарады. 
15. Облыс әкімі аппаратының басшысы:  
өз орынбасарының және облыс әкімі аппараты бөлімдерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды, бөлімдердің ережелерін бекітеді; 
аппарат, оның кұрылымдары туралы Ережені әзірлейді және оларды облыс әкімиятына бекітуге ұсынады; 
келіп түскен құжаттарды орындау жөніндегі ұсыныстарды облыс әкіміне даярлауды үйымдастырады; 
бөлімдер мен өзге құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастырады және бағыт бағдар береді; 
заңнамаларға және облыс әкімінің қарарына сәйкес Д-4 - Д -5 санаттағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің іссапарлары мен демалыстарына бұйрықтар шығарады; 
әкімият қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын және басқа да материалдарды облыс әкіміне қол қоюға табыс етеді; 
аппараттың құрылымдық бөлімшелермен, қалалар мен аудандардың әкімдері аппараттарымен, саяси партиялар және қозғалыстармен, өзге де коғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғын халықпен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді 
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі заңдарына, нормативтік-құқықтық кесімдеріне сәйкес кадрлар резерві жөнінде және мемлекеттік мекемелер мен облыстың коммуналдық меншіктегі кәсіпорындардың басшыларын тағайындау жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар дайындайды; 
облыс әкімі өткізетін кеңестерге қатысады, оның тапсырмалары мен нұсқауларының орындалуына жедел бақылауды жүзеге асырады; 
облыс әкімінің жалпы сипаттағы бір жолғы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады; 
заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. Облыс әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

16.Облыс әкімі  аппаратына жүктелген функцияларды  орындау үшін оның құрамында  бөлімдер мен басқа да құрылымдық  бөлімшелер қүрылады. Құрылымдық  бөлімшелер, осы Ереженің және  оны аппарат басшысы бекітетін  бөлімдер, басқа да құрылымдық  бөлімшелер туралы ережелердің негізінде іс-қимыл жасайды. 
17. Аппарат қызметкерлеріне, олардың жұмыс қызметінің салалары шеңберінде мынадай құқықтар беріледі: 
облыс әкімі мен аппараттың құрылымдық бөлімшелері өткізетін мәжілістерге, кеңестерге, іс-шараларға қатысуға; 
облыс әкімі қарайтын мәселелерді шешуге қатыстыру үшін кұрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін тартуға; 
құрылымдық бөлімшелердің дайындаған, қойылатын талаптарға жауап бермейтін, әкімият қаулылары мен облыс әкімі шешімдерінің жобаларын пысықтап тиянақтауға қайтару туралы ұсынысын белгіленген тәртіпте   басшылыққа   енгізуге,    сондай-ақ   оларды   қарау,   мемлекеттік басқарудың басқа да органдарының, қалалар мен аудандар әкімдерінің, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың құзыретіне кіретін материалдарды қайтаруға. 
18. Аппараттың    бөлімдері    мен    құрылымдық    бөлімшелерінің басшылары: 
өз бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді орындауға, облыс әкімияты қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі орынбасарларының, аппарат басшысы мен оның орынбасары тапсырмаларының уақытылы әрі толық орындалуына жауапкершілік артады; 
қызметкерлер арасындағы міндеттерді бөледі, еңбек тәртібін камтамасыз етеді, сондай-ақ аппаратта әрекет ететін нұсқаулықтарға сәйкес іс кағаздарының дұрыс жүргізілуіне жауап береді; 
аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратып алуға, орындалуға міндетті тапсырмалар беруге құқығы бар.

19. Осы Ережеден  туындайтын мәселелерді дайындаудың  және оны қараудың тәртібін  аппарат басшысы мен оның орынбасары  реттейді.

6. Облыс әкімі аппаратының мүлкі

20. Облыс    әкімі    аппаратының    оралымды    басқару   құқығында оқшауланған мүлкі болады, ол коммуналдық меншікке жатады. Облыс әкімі аппаратының мүлкі, оған мемлекет тарапынан берілген мүліктердің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым кұралдарынан, сондай-ақ олардың құны облыс әкімі аппаратының балансында көрсетілетін, өзге де мүліктерден тұрады Облыс әкімінің аппараты тарату кезінде оның мүліктерін пайлаланудың тәртібін қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс әкімияты шешеді.

7. Облыс әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

21. Облыс әкімнің аппаратын облыс әкімияты құрады, таратады және кайта ұйымдастырады. 

 3)  
 

     Маңғыстау облысының Энергетика және коммуналдық  шаруашылық Басқармасы    

     1. Біріінші басшы- басқарма бастығы– Аманбеков  Сапар Халилович, тел. 8(7292) 335310; факс: 8(7292) 335311; қабылдау айына 2 мәрте 1-3 апта сәрсенбі күні сағат 16-00 - ден 18-000 дейін; мекен-жайы 14 ы/а №1 ғимарат (обл. әкімдік) №109 бөлме.   

     2. Міндеттер:   

        1.                                   Маңғыстау облысының инженерлік инфрақұрылымының орнықты дамуы мен қызметін қамтамасыз ету; 

        2.                                   Қолдағы бар бар қуатты қайта құрылымдау, жаңғырту және жаңа қуат көздерінің құрылысы; 

        3.                                   Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарындағы селолық елді мекендерді ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету; 

        4.                                   Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала энергетика объектілеріндегі жылу беру маусымының орнықты өтуі. 

     Миссия: Жоғары деңгейдегі бәсекелестікке қабілеттілікті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономиканың отын-энергетикалық және коммуналдық саласын дамыту, энергетиканы дамыту саласы, жылу энергетикасы, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және коммуналдық шаруашылық саласында экономиканың артып келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және облыс елді мекендерінің энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын, газбен жабдықтау сумен жабдықтауға , сонымен қатар тиімді пайдалануға бағытталған шараларды іске асыру.  

     3. 2008 жылдың есебі  

Сумен жабдықтау жүйесін  дамыту жөнінде    

     Облыста 2003-2009 жылдарға арналған «Ауыз су»  өңірлік бағдарламасы бойынша іс-шаралар  Жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 27 тамыздағы шешімімен 2003-2011 жылдарға арналған «Ауыз су» РБ өзгерістер мен қосымшалар енгізілді.  

     2008 жылы облысымыздың 8 елді мекеніндегі  ауыз сумен жабдықтау объектілерінің  құрылысы мен қайта құрылымдалуына  республикалық бюджет есебінен  – 438,9 млн теңге бөлінді (оның ішінен – 438,9 млн теңге игерілді, бұл жылдық жоспардың 100% құрайды), ауыз сумен жабдықтау объектілеріне, оның ішінде облыс қалалары мен   поселкелерін қоса алғанда, жергілікті бюджеттен – 1 468,4  млн теңге бөлінді, қаражатты игеру 100% құрайды. 

      2008 жылдың басында тасымалданатын сумен 19 елді мекен қамтамасыз етілді, оның ішінде: 

     - Бейнеу ауданындағы Сам (Қызыл  әскер), Ноғайты, Тұрыш, Тәжен селолары; 

     - Қарақия ауданында – Бостан, Бостанқұм,  Қызылсу, Құланды,  Сенек, Аққұдық  және Төлеп елді мекендері; 

     - Маңғыстау ауданында – Жарма,  Сазды, 15 бекет, Бекі, Басқұдық, Боздақ, Тасмұрын және Тиген елді мекендері. 

       Алынған шаралардың арқасында  2009 ж. 01.01. жағдай бойынша 4 елді  мекен, атап айтқанда Бейнеу  ауданындағы Сам, Тұрыш, Ноғайты  және Бостан селоларына су құбыры тартылып, су жинайтын ыдыстар орнатылып, ауыз сумен қамтамасыз етілді. 

     9 елді мекенде сумен жабдықтау  жүйесі жақсартылды, Сарға, Бейнеу, Бейнеу ауданындағы Боранкқұл  селоларында, Қарақия ауданының  Құрық селосында әртүрлі сыйымдылығы бар су жинайтын резервуарлар орнату жөннідегі жұмыстар жүргізілді, қарақия ауданының Мұнайшы және Жетібай поселкелерінің, Өзен қаасының Теңге селосындағы жаңадан салынған тұрғын үй массивтерінде поселке ішілік су құбыры тартылды, Мұнайлы ауданының Маңғыстау селосында су құбырына күрделі жөндеу жүргізілді, сонымен қатар Бейнеу ауданының Ақжігіт-Майлы су тартқыш құбырының топтық стансасының бас сорабына қайта құрылымдау жүргізілді. 

     2009 ж. 01.01. жағдай бойынша 4 елді мекенде  сумен жабдықтау жүйесі жақсартылды, сапалы ауыз суға 2895 адам қол жеткізді, облысты ауыз сумен қамтамасыз ету 98% құрады.   

Электрмен жабдықтауды дамыту бойынша    

      Дер кезінде алынған шаралардың арқасында  Маңғыстау облысының барлық елді мекендері 100% электрлендіріліп, электрмен жабдықтаудың орталық жүйесіне қосылды. 

      Жопарды құру кезінде Маңғыстау облысының  инфрақұрылымын дамытудың барлық негізгі  бағыттары есепке алынды. Пайдаланып отырған қосалқы стансалар мен  электр тораптарын қайта құрылымдау цемент зауытының құрылысын салу, коммуналдық-тұрмыстық секторды дамыту, өңірдегі,  оның ішінде Маңғыстау облысының селолық елді мекендеріндегі кіші және орта бизнес кәсіпорындарын дамытуға байланысты қажет болды.  

     Маңғыстау облысы бойынша тұтастай алғанда  селоларды электрлендіруге бағытталған шығындардың өсімі байқалып отыр. 

     Осылайша, 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 212,2 млн теңге бағытталды, оның ішінде электрлендіру құрылысын  аяқтауға:   

    Қарақия ауданында:

-  ұзындың 2,9 км Жетібай стансасының ауа желісінің құрылысына 7,4 млн теңге; 

- Жетібай  поселкесіндегі Мұнайшы-2 ықшам ауданындағы  ұзындығы 3,7 км  электрлендіру құрылысына  – 10,6 млн теңге; 

     - Мұнайшы поселкесіндегі ұзындығы 5,9 км электрлендіру құрылысына  – 27,9 млн. теңге;   

     Маңғыстау ауданының Жармыш, Ащыбұлақ, Жыңғылды селоларындағы жеке тұрғын үйлер 103,9  млн теңгеге толықтай электрлендірілді. 

     Түпқараған  ауданының Қызылөзен, Ақшұқыр селоларындағы  сомасы 62,4 млн теңгені құрайтын ұзындығы 9,5 км электрлендіру құрылысы аяқталды.   

      Жергілікті  бюджет есебінен Қарақия ауданындағы «Құрық селосының 13 ы/а және Жолшы массивін электрлендіру құрылысына» - 37,6 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат толықтай игерілді. 

     Мұнайлы ауданын электрлендіру, оның ішінде электр тораптары жүйесінің құрылысын  аяқтау үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 941,7 млн теңге қаражат бөлінді: 

- Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау- тұрғын үй массивіндегі ұзындығы 16569 м ВЛ-04 электр желісінің құрылысына 69, млн теңге, бұл қаражат толықтай игерілді; 

- Маңғыстау-4 тұрғын үй массивіндегі ұзындығы 28768 м 0,4кВ электр желісінің құрылысына 197,3 млн теңге бөлінді, қаражат толықтай игерілді; 

- Маңғыстау-5 тұрғын үй массивіндегі ұзындығы 37921м 0,4 кВ электр желісінің  құрылысына 197, 2 млн қаражат бөлінді,  бұл сома толықтай игерілді; 

- Жаңа-Дәулет  тұрғын үй массивінің электр  желісінің құрылысына 133,0 млн бөлінді,  қаражат толықтай игерілді; 

-  Қызылтөбе-2 0,4 кВ электр желісінің құрылысына 344,4 млн теңге бөлінді, нақты  шығын -316,9 млн теңгені құрады; 

     Бейнеу  ауданы бойынша жергілікті бюджеттен 192,4 млн теңге келесі құрылыстарды аяқтауға бөлінді: 

     - Атамекен ы/а сыртқы жүйелерінің  құрылысы  (электрмен жабдықтау,  газдандыру) – 141,0 млн теңге; 

     - Сарға қаласындағы оралмандар  қалашығының электрмен жабдықтау  жүйесінің құрылысы – 32,5 млн теңге; 

     - Тәжен селосындағы төменгі кернеулі  электр желісінің құрылысы –  8,8 млн теңге; 

     -Тәжен  селосындағы ұзындығы 3,7 км ВЛ-10кВ  электр желісінің құрылысы –  10,0 млн теңге; 

     Жаңаөзен  қаласы бойынша Теңге селосын 11,8 млн теңгеге электрлендірудің құрылыс жұмыстары аяқталды.    

     Газбен  жабдықтау жүйесін  дамыту бойынша    

    Облысты газбен жабдықтаудың ағымдағы жағдайын анықтау қажеттілігі, облыс тұрғындарын  табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған  іс-шараларды іске асыру басымдылықтарын анықтау өзінің негізгі мақсаты ретінде облыстың газдандырылмаған елді мекендерін табиғи газбен 100 % қамтамасыз етуді, қажетті көлемдегі газды тасымалдау және жеткізу үшін газ тасымалдау жүйесінің өткізгіштік қабілетін арттыруды алдына қояды. Бұл міндетті орындау үшін «Маңғыстау облысының елді мекендерін 2008-2010 жылдардағы газдандыру» өңірлік Бағдарламасы бекітілді. 

     Осы Бағдарламаға сәйкес 2008 жылдың қыркүйек айында жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шөлтөбе-Үштаған газ құбырының  құрылысы аяқталды, Үштаған селосындағы – 1700 адамды газбен толықтай қамтамасыз етуге, сонымен қатар Маңғыстау ауданының тұрғындар саны 270 адамдың құрайтын Сазды, Сауысқан селоларын толықтай газдандыруға мүмкіндік берді. Объект 2008 жылғы 21 қарашада пайдалануға берілді, газ құбырының ұзындығы – 42 км. 

     2008 жылы ұзындығы – 180 км Маңғыстау ауданының Сайөтес-Ақшымырау-Қызан-Шебір-Тұщықұдық газ құбырының құрылысы басталды, жергілікті бюджеттен -221,7 млн теңге бөлінді, ол сома толықтай игерілді. Бұл 2009 өтетін өтпелі объект, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 3506 млн теңге қарастырылып отыр.

     2009 ж. 01.04. жағдай бойынша 1 849 077 мың теңге игерілді. 

     Осы газ құбырының құрылысы болашақта  Боздақ, 15-бекет трассасының маңындағы  жақын жерде орналасқан кіші елді мекендерді газдандыруға мүмкіндік береді. 

           Түпқараған ауданында Таушық  селосындағы поселке ішілік 679,4 млн  теңгелік облыстық бюджет қаражаты  есебінен ұзындығы 69,6 км құрайтын  газ құбырының құрылысы аяқталды.  

    «Ақтау-Форт-Шевченко»  магистралдық газ құбырының құрылысы аяқталды, құрылыс «аджипККО» компаниясының қаражаты есебінен қаржыландырылды. Осыдан кейін табиғи газ кезең-кезеңмен Аташ, Баутино және Форт-Шевченко қаласының аудандық орталығына беріледі.  Бейнеу ауданының Боранқұл селосында «Интергаз-Центральная Азия» АҚ қаражаты есебінен құрылысы 2006 жылы басталған ТКЦ-4 КС құрылысының жобасы іске асырылды, осы құрылыстың мақсаты САЦ (Средняя Азия-Центр) магистралдық газ құбыры арқылы айдалатын газ ағысының көлемін арттыру болып табылды. КС-4 пайдалануға енгізу Окарем-Бейнеу магистралдық газ құбыры арқылы айдалатын  табиғи газдың көлемін жылына 4 млрд 380 млн м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

     «Өзен-Жетібай» учаскесінде магистралдық «Өзен-Ақтау» газ құбырының резервтік тінінің  құрылысы аяқталды, бұл «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС сияқты облыстың, тұтастай алғанда республиканың экономикасы үшін аса маңызды әлеуметтік-экономикалық мәні бар ірі өндірістік кәсіпорындарға толассыз және апатсыз түрде газ тасымалдауға мүмкіндік береді. 

     Елді мекендерді газдандыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен келесі объектілерге қаражат бөлінді: 

     -Жаңаөзен  қаласындағы ГГРС-тан басталатын  ГК-5 «Нан зауытына» дейінгі диаметрі 530 орташа қысымдық жер асты  газ құбырын  қайта құрылымдауға  – 94,2 млн теңге, 84,0 млн теңге игерілді, ауыспалы объект; 

     - Жаңаөзен қаласының «Рахат-1,2»  ы/а ЖТҮ газбен жабдықтауға  – 44,8 млн теңге бөлінді, толықтай  игерілді; 

     -Жаңаөзен  қаласының «Арай-1» ы-а ЖТҮ газбен  жабдықтауға – 16,0 млн теңге  бөлінді, толықтай игерілді; 

     - Бейнеу ауданындағы Сарға селосындағы  жаңа  тұрғын үй массивінің  инженерлік жүйесінің құрылысы -67,1 млн теңге бөлінді, толықтай  игерілді.     

2008-2009 ж.ж. жылу беру  маусымының нәтижесі  туралы ақпарат     

     2008-2009 жылдардағы жылу берудің нәтижесін  талдау жергілікті орындарда оған дайындық жөннідегі жұмыстардың қажетті жұмыстардың тиісті түрде тиімді жүргізілгендігін растайды. 

     Облыста облыс әкімдігінің, қала және аудан  әкімдерінің осыған сәйкес шешімдері  уақытылы қабылданды, штабтар, жылу көздерінің дер кезіндегі және сапалы дайындалуына, қысқы маусым кезеңіндегі жұмысқа тұтынушылардың дайындығы үшін жауаптылар бекітілді. 

     Барлық  жерлерде іске асырылуы толассыз және орнықты түрде электр, жылу және газбен жабдықтауды қамтамасыз еткен, энергия мен отынды тиімді пайдалану, облыс қалалары мен аудандарының өндірістік және әлеуметтік объектілерін күзгі-қысқы маусыдағы жұмысқа дайындығын дер кезінде қамтамасыз еткен қысқа дайындық жөніндегі іс-шаралар Жоспары әзірленді. 

      Коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика объектілерін 2008-2009 жылдардағы жылу беру маусымы кезіндегі орнықты жұмысқа уақытылы дайындау үшін келесі жұмыстар жүргізілді: 

     74 қазандық, 13,7 км жылу трассасы, 77,5 км су құбыры-кәріз тораптары,  жөнделді. Денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үйлер объектілерінің қысқы маусым кезіндегі жұмысқа дайындығы толықтай қамтамасыз етілді. Білім берудің 112 объектісі, 86 денсаулық сақтау және 1215 тұрғын үйлер қысқы маусым кезіндегі жұмысқа дайындалды. 

Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары