Медицинадағы халықаралық құқық

 

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Медицинадағы  халықаралық құқық

Тұрғын Қ.М

302 ҚДС

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық  құқықтың тиімділігі оның нормаларының  қолданылуы аясында жеткен нақты нәтижелермен  анықталады. Ойдағыдай нәтижелерге жету үшін мемлекет құқықтық және ұйымдастырушылық сипатта әртүрлі шараларды қабылдайды. Адам құқығын қорғау және қамтамасыздандыру мемлекет құзыретіне(компетенция) кірмейтінін нақтылай отырып, біз оның ішкі құзыретінің рөлін ескеруіміз керек, өйткені тек мемлекетте ғана екі құқық жүйесінің арасын(мемлекеттік және халықаралық) ажырауын болдырмайтын шаралар құрылады.

Қазіргі кезде, халықаралық-құқықтық нормалардың заңды түрде бекітілуі және мойындалуы ғана маңызды емес, сонымен қатар мемлекет өмірінде фактілі түрде олардың іске асырылуы да маңызды.

Пациенттер құқығы аясында негізгі халықаралық стандарттар болып саналады:

  1. Пациенттер құқығының Еуропалық хартиясы.
  2. Адам құқығын және негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция.
  3. Адам құқықтары туралы Халықаралық билль.

Пациенттер құқығының Еуропалық хартиясы 15.12.2002 ж. Брюссельде(Бельгия) бекітілген.

Бұл құжатты  құрастырушылардың пікірі бойынша, ЕО(Еуропалық Одақ) елдерінің денсаулық сақтау ұлттық жүйесінің пациенттер, тұтынушылар, олардың туыстары, тұрғындар  арасында қорғалмаған топтар және қарапайым адамдардың құқықтарына қауіп төніп тұрғанын алға қоюы бұл құжатты құрудың  ресми  мәлімделген   себебі  болып табылады.

Жалпыға қол жетімді медициналық қызмет көрсету құқығы декларациясына қарамастан, осы құқықтың жүзеге асырылуына күмән  тудыратын факторлар бар.

ЕО-тың әртүрлі елдеріндегі пациенттерді  құқықпен қамтамасыз етудің айырмашылықтарына қарамастан, пациенттер мен азаматтар құқығының қорғалу деңгейін күшейту, сондай-ақ  денсаулық сақтау  ұлттық жүйесінің осы бағытта  үйлесуі  пациенттер құқығының  Еуропалық хартиясын құрудағы  мақсаты болды. ЕО-тың жалғасып келе жатқан кеңею процесін және азаматтардың осы аумақтағы еркін жүріп-тұруын назарға ала  отырып, бұл маңызды міндет болып табылады.

Пациенттер құқығының Еуропалық хартиясының  Ι  бөлімінде оның «жіберілу нүктесі» болып толықтай ЕО-пен де, жеке мемлекеттермен де шектеле алмайтын, тартып алынбайтын жалпыға ортақ  бірқатар құқықтар жарияланған  негізгі құқықтар Еуропалық хартиясы екені нақты көрсетілген болатын. Бұл құқықтар тұлғаның азаматтығынан тәуелді емес және адам ретінде әркімге тиісті.

Негізгі құқықтар Еуропалық хартиясының 35 бабында денсаулықты  қорғау құқығы «алдын алу медициналық қызметінің көрсетілуіне қолжетімділік құқығы және ұлттық заңнамамен және тәжірибемен бекітілген шарттарға сәйкес медициналық көмекті қолдану құқығы» ретінде ресми мәлімденеді. Сонымен қатар   ЕО «адам денсаулығын қорғаудың жоғары деңгейіне» кепілдік беруі қажет екені көрсетілген. Бұл түсінікке тек денсаулық сақтау ғана емес , сондай-ақ жеке тұлғалық  және әлеуметтік игіліктер де кіреді. Сондай-ақ  ұлттық үкімет үшін  ориентир қалыптастырылуда: «минимальды кепілдендірілген стандарттар» деңгейінде тоқтап қалмау, сондай-ақ  жеке әр елдің   мүмкіндіктерінен тәуелсіз одан да жоғары деңгейге ұмтылу.

35 баптан басқа, негізгі  құқықтар Еуропалық  хартиясы  пациенттер құқығына тікелей немесе жанама қатысты, және тағы да басқа жағдайларды қамтиды:

  • адам құндылығын бұзуға жол бермеу(1 бап) және өмір сүру құқығы(2 бап);
  • жеке  қолсұғылмаушылық  құқығы (3 б.);
  • қауіпсіздікке құқығы(6 б.);
  • жеке бас мағлұматтарының қорғалуына құқығы (8 б.);
  • дискриминациядан еркіндік құқығы(21 б.);
  • мәдениет, діндік және тілдік әр түрлілікке құқығы(22 б.);
  • бала құқығы(24 б.);
  • егде жастағы адамдар құқығы(25 б.);
  • еңбектің  әділ шарттарына құқығы(31 б.);
  • әлеуметтік қорғалуға  және әлеуметтік көмекке құқығы(34 б.);
  • қоршаған ортаны қорғау құқығы(37 б.);
  • тұтынушыны қорғау  құқығы(38 б.);
  • қозғалу және тұратын орнын таңдау еркіндігі(45 б.).

Пациенттер құқығы Еуропалық  хартиясының  жағдайы   негізгі құқықтар Еуропалық хартиясынан тыс, Бүкіл дүниежүзілік  Денсаулық сақтау Ұйымы(БДҰ) және Еуропа Кеңесімен шығарылған  бірқатар халықаралық құжаттар және декларациялармен байланысты. БДҰ құжаттарының ішінде дәл осы сұрақ төңірегінде маңыздылары:

      • Еуропадағы пациенттерді құқықпен қамтамасыз ету саласындағы саясат туралы Декларация(Амстердам, Голландия, 1994);
      • Денсаулық сақтауды реформалау хартиясы(Любляна, Словения,1996);
      • ХХΙ ғасырдағы денсаулықты нығайту басымдылықтары туралы Декларация(Джакарта, Индонезия,1997).

Пациенттердің құқығы Еуропалық хартиясының  ΙΙ бөлімінде жоғарыда  атап өтілген негізгі құқықтардың  денсаулық сақтау саласында, яғни қазіргі орын алып тұрған жағдайда нақтылық, қолдануға жарамдылық және мақсатқа сәйкестігін қамтамасыз етуге шақыратын пациенттердің  14 құқығы жарияланған:

  1. Алдын алу шараларына құқығы.

Әркім де  аурудың алдын алу мақсатында соған сәйкес  қызметтерге құқылы.

Денсаулық  сақтау қызметі тұрғындарды ағарту, ауру қаупіне душар болған  тұрғындардың әртүрлі топтары үшін кезекті тегін медициналық процедуралармен қамтамасыз ету, және ғылыми зерттеулер мен техникалық инновациялардың нәтижелерін кеңінен тарату жолы арқылы  бұл мақсатты көздеуге міндетті.

  1. Қолжетімділік құқығы.

Әркім  де денсаулық  жағдайына қажетті  медициналық  қызметке қол жеткізуге  құқылы. Медициналық  қызметтер қаржылық ресурстары, тұрғылықты жері, ауру түрі немесе көмекке жүгінген уақыты сияқты белгілері бойынша дискриминациясыз  бәріне  тең  қолжетімділік құқығына   кепілдік беруі қажет.

Емделуге мұқтаж, бірақ оның құнын төлей алмайтын адам тегін медициналық қызмет алуға құқығы бар.

Кез келген адам үлкен не кіші стационарға немесе клиникаға түскеніне қарамастан тиісті қызметті  алуға  құқығы бар.

Кез келген адам тұрғылықты жеріне байланысты міндетті  тіркемесіз (тұруға рұқсатнама)  шұғыл  немесе қажетті амбулаторлы және стационарлы көмек алуға құқығы бар.

Кең таралған ауруы бар тұлға сияқты сирек кездесетін дертпен ауыратын науқас та  қажетті ем және медициналық дәрі-дәрмектер алуға тең құқылы.

  1. Ақпарат алу құқығы.

Әркім де  өзінің денсаулығының жағдайы, медициналық қызметтер және осы қызметтерді алу жолдары, сондай-ақ  ғылыми зерттеулер және техникалық прогрес нәтижелеріндегі  мүмкіндіктер туралы кез келген түрдегі ақпараттарды алуға құқығы бар.

Медициналық қызметтер, мекемелер және мамандар пациенттердің   діндік, этникалық және тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қажеттілігіне сәйкес ақпараттар беруі керек.

Медициналық қызметтер бюрократиялық  кедергілерді  жою арқылы барлық ақпараттарды оңай қолжетімді ету, медқызметкерлерді оқыту, ақпарат материалдарын  дайындау және тарату сияқты міндеттерді орындауы қажет.

Пациент өзінің клиникалық карта және медициналық  жазбаларымен танысуға, олардың фотокөшірмелерін түсіруге, олардың мазмұны туралы сұрақтар қоюға және жіберілген  дәлсіздіктер мен   қателіктерді   түзеуді талап етуге құқығы бар.

Пациент  стационарда  «куратор»/тәлімгер/ күшімен қамтамасыз етуге болатын, тұрақты түрде  толық  ақпарат алып отыру құқығына ие.

Кез келген адам  ғылыми зерттеулер, фармакологиялық емдеу және технологиялық  инновациялар туралы ақпараттарды тікелей алуға құқығы бар. Бұндай ақпараттар нақтылық,  сенімділік және айқындылық критерийлеріне  сәйкес  келгенде ғана көпшілік және жеке дерекнамалардан түсуі мүмкін.

  1. Келісу құқығы.

Әркім  де өзінің денсаулығына қатысты шешім қабылдауда белсенді болуға мүмкіндік беретін кез келген түрдегі ақпарат алуға құқылы; бұл ақпаратты алу кез келген процедура мен емдеуді жүргізуде, ғылыми зерттеулерге қатысуды  қоса  алғанда  міндетті алғашқы шарт болып табылады.

Медициналық мекемелер және мамандар пациентке емдеу әдісіне немесе алдағы операцияға қатысты, соның ішінде, мүмкін болатын қауіп-қатерлер, жайсыздық, жанама әсерлер және баламалар(альтернативалар) туралы мағлұматтарды қоса алғанда барлық ақпараттарды беруге міндетті. Пациенттің  өзінің денсаулық жағдайын ескере отырып, емдеу әдісін таңдауға қатысты шешім қабылдауда белсенді  қатысуы  үшін бұндай ақпараттар  алдын ала (24 сағаттан кем емес) берілуі қажет.

Медициналық  мекемелер және мамандар пациентке ақпаратты оған белгілі  тілде  және  бұл салада маман болып табылмайтын кісіге де   түсінікті қалыбында    беруі  керек.

Ақпаратталған келісімге заңды өкілі қатысуы қажет болған жағдайдың барлығында да, пациент – кәмелетке  толмаған не айналада болып жатқанды түсінуге қабілетсіз немесе өзінің еркін білдіре алмайтын ересек болса да, оған қатысты шешім қабылдауға мүмкіндігінше қатысуы қажет. Осының негізінде пациенттің  ақпаратталған келісімін алу абзал.

Пациенттің емдеуден не медициналық араласудан бас тартуға және емдеу процесінде оны жалғастырудан бас  тартып, бастапқы шешімін өзгертуге құқығы бар.

Пациенттің  өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат алудан бас тартуға құқығы бар.

  1.    Таңдау еркіндігіне құқығы.

Әркім де әртүрлі медициналық  процедуралар және мекемелер(мамандар) арасында  адекватты ақпарат негізінде таңдау жасау еркіндігіне құқығы бар.

Пациент қандай диагностикалық тексеру және емдеу түрінің жүретінін,  қандай алғашқы көмек дәрігеріне, қандай  маманға және қандай стационарға қаралатынын шешуге құқығы бар. Денсаулық сақтау қызметтері  пациентке белгілі бір емдеу түрлерін, және олардың әрекеттерінің нәтижелерін  ұсынатын әртүрлі медициналық орталықтар және дәрігерлер жайлы  ақпаратты жеткізе отырып, бұл құқықты кепілдендіруге міндетті. Бұл құқықты жүзеге асыруға  кедергі жасайтын  кез келген қиындықтардың  көзін  жойған абзал. Өз дәрігеріне сене алмайтын пациент басқа дәрігер таңдауға құқығы бар.

  1. Құпиялылық  және бейресмилік (жекешелік)құқығы. 

Әркім де өзінің  денсаулық  жағдайы және тағайындалатын  диагностикалық не терапевтикалық процедуралары туралы ақпаратты қоса  алғанда, жеке мағлұматтарының  құпия сақталуына құқылы, сондай – ақ  диагностикалық тексеру кезінде, медициналық мамандарға қаралуында және толықтай  медициналық  және  хирургиялық  араласуында  өзінің құпиялылығын сақтауға құқығы бар.

Қандай да бір тұлғаның  денсаулық  жағдайы туралы ақпарат және барлық  мәліметтер, сондай-ақ жүргізілген медициналық  және хирургиялық араласулар бейресми қарастырылуы керек және тиянақты түрде қорғалуы керек.

Әр тұлғаның  жекешелік(бейресмилік) құқығын  белгілі  бір тұлғалардың қатысуы міндетті(егерде  пациент рұқсат етпесе немесе басқа нәрсені өтінбесе) болып табылатын медициналық және хирургиялық процедуралардың (диагностикалық тексерулер, медициналық мамандардың қаралуында, дәрі-дәрмектерді қолдануда және т.б.) жүргізілуінде де  құрметтеген абзал.

  1. Пациенттер уақытының  құрметтелуіне  құқығы.     

Әркім де кешіктірусіз, белгіленген мерзімнен  күнібұрын қажетті емді  қабылдауға  құқығы бар. Бұл құқық емдеудің  әрбір кезеңіне тиісті.

Медициналық қызметтер нақты стандарттар негізінде және клиникалық  жағдайдың тығыздығына байланысты қызметтерді  алудың  белгіленген уақытын қоюға  міндетті болып табылады. Медициналық  қызметтер дереу пациентті  кезекке тіркей отырып, әрине, кезек болған жағдайда , әрқайсысына қызметтің  қолжетімділігіне кепілдік беруі қажет.

Әркім де өзінің сұранысы бойынша  жекешелік(бейресмилік) қағидаларын сақтай отырып, кезектегілердің  тізімімен таныса алады.

Медициналық қызметтер белгіленген максимальды мерзім шегінде қызмет көрсете алмаған жағдайда, пациентке сапасы ұқсас альтернативтік қызметтер алу мүмкіндігіне кепілдік беруі қажет, ал осыған байланысты пациентке келтірілген  шығындар қисынды мерзімде өтелуі керек.

Дәрігерлер ақпарат берумен қоса алғанда, пациенттерге уақытты жеткілікті  мөлшерде бөлуі қажет.

  1. Сапа стандарттарының  сақталуына құқығы.

Әркім де спецификация негізінде және стандарттарға  нақты сай  сапалы медициналық қызметке қол жеткізуге құқылы.

Сапалы медициналық қызмет алу құқығы медициналық  мекемелер мен мамандардан техникалық квалификация, жайлылық  және  пациенттермен жеке  өзара әрекеттерде  қанағаттандырарлықтай деңгейде қызмет көрсетуді талап етеді.

  1. Қауіпсіздік құқығы.

Әркім де денсаулық  сақтау жүйесінің  үйлесімсіз  жұмыс істеуінен, медқызметкерлердің қателіктері мен салғырттықтарынан болатын зияндылықтардан еркін болуға, сондай–ақ  қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына  сай келетін медициналық  қызметтер мен емдеу процедураларына  қол жеткізуге құқылы.

Бұл құқықтың  жүзеге  асырылуына кепілдік беру үшін дәрігерлер мен медициналық  қызметтер қауіп-қатер факторларының үздіксіз мониторингін жүргізіп отыруы қажет  және электронды медициналық аппаратуралармен адекватты қызмет көрсетуді  және де  операторларын  соған сәйкес  оқытуды қамтамасыз етуі  керек.

Дәрігерлер  преценденттерді (орын алған жағдайларды) бақылау және тұрақты түрде өзінің квалификациясын жоғарлатып отыру  арқылы  дәрігерлік қателіктер қаупінің  алдын алуға қабілетті болуы  керек.

  1. Инновациялық құқығы.

Әркім де халықаралық стандарттарға сәйкес  және экономикалық  не қаржылық  ой-пікірлерден тәуелсіз диагностикалық процедураларды қоса алғанда, медициналық инновацияларға(жаңартпаларға)  қол жеткізуге құқылы.

Медициналық қызметтер сирек кездесетін ауруларға  ерекше көңіл бөле отырып, биомедицина саласындағы ғылыми зерттеулерді  бастамалауға және қолдауға міндетті.

Зерттеу  нәтижелері  тиісті  үлгіде таратылып отыруы  керек.

  1. Мүмкіндігінше  азап шегу(қиналыс) және ауырсынуларды болдырмауға  құқығы.

Әркім де өзінің сырқатының әр кезеңіндегі  қиналыстардан және ауырсынулардан мүмкіндігінше құтылуға құқығы бар.

Медициналық қызметтер  өздеріне паллиативті емдеу және осы емдеу түріне пациенттер қолжетімділігін жеңілдету сияқты бағыттарда барлық  ұтымды шараларды қабылдау жауапкершілігін  жүктеуге міндетті.

  1. Емдеуге индивидуалды  жол жасау.

Әркім  де жеке қажеттіліктеріне максимальды бейімделген(икемделген) диагностикалық  не емдеу бағдарламаларына құқылы.

Ол үшін медициналық қызметтер  экономикалық өз шығынын өзі өтеушілік критерийлері  медициналық қызмет көрсету құқығынан басым болмайтындай шаралар қабылдай отырып, пациент қажеттіліктеріне бағытталған икемді бағдарламаларға  кепілдік беруге міндетті.

  1. Шағымдану құқығы.

Әркім де оған зиян келтірілген жағдайда шағымдануға  және жауап немесе басқа кері байланыс  алуға құқылы.

Медициналық  қызметтер пациенттерді олардың құқығы туралы ақпаратпен қамтамасыздандырып(үшінші жақ көмегімен), сондай-ақ құқықтарының бұзылуын  танып-білуге  және өз шағымдарын рәсімдеуге көмектесе отырып, бұл құқықтың  жүзеге асырылуына кепілдік беруі қажет.

Шағымға белгіленген мерзім ішінде сол сәйкес медициналық қызмет басшылығынан қаралып біткен(талқыланған)  жазбаша жауап жеткізілуі қажет.

Шағымдар тәуелсіз органдар және/немесе азаматтық ұйымдар көмегімен белгіленген тәртіпке сай берілуі керек.

  1. Өтемақы өндіру құқығы.

Әркім де медициналық  мекеменің іс-әрекетінен оған  физикалық немесе моральдық  және психологиялық  түрде  зиян  келтірілген  жағдайда  қисынды қысқа уақыт  ішінде жеткілікті  өтемақы  алуға құқылы.

Медициналық қызметтер келтірілген зиянның  ауырлық  дәрежесіне және себебіне қарамастан (кезегін шектен тыс ұзақ күтуден бастап дәрігерлік  қателіктер немесе салғырттыққа дейін), тіпті жауаптыларды дәл  табуға мүмкіндік болмаса да өтемақыға кепілдік беруге  міндетті.

Пациенттер құқығы Еуропалық  хартиясының  ΙΙΙ бөлімінде қолдау көрсету және адамдарға өзінің  құқықтарын қорғауда  көмек көрсету  қызметін орындайтын  азаматтардың ұйымдасқан топтарының(пацинттер, тұтынушылар, өзара көмек көрсету топтары, т.б.) құқықтары  көрсетілген.

Пациенттер құқығы Еуропалық  хартиясының   ΙV бөлімі жалпыеуропалық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде оның  жағдайларының қолданылуы мен таратылуы бойынша нұсқаулар тізімін көрсетеді. 

Адам құқығын және негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция Еуропа Кеңесінің маңызды құжаттарының бірі болып табылады. Бұл  халықаралық келісімшартқа Римде (Италия) 04.11.1950 жылы қол қойылған. 1953 жылы өз күшіне енді.

Конвенция  әркімге де қатысты ажырамас құқықтар мен бостандықтарды бекітеді және  мемлекетті олардың юрисдикциясында орналасқан әрбір адамға осы құқықтарды кепілдік етуін  міндеттейді.

Бұл құжаттың адам құқығы саласындағы басқа да халықаралық келісімшарттардан ерекшелігі – конвенцияның бұзылуына байланысты жекеленген шағымдарды қарастырушы, адам құқықтары Еуропалық соты сияқты, ресми мәлімделген құқықтарды шынайы қорғау механизмдерінің бар болуы.

Конвенция мүшелеріне Еуропа Кеңесінің барлық елдері кіреді.

Жаңа-мемлекет мүшелер  Еуропа Кеңесіне кірер бұрын осы құжатқа  қол қоюға және кемінде бір жыл ішінде бекітуге міндетті.

Конвенция мазмұнын 2 бөлімге бөлуге болады: қорғалатын құқықтар тізімі және Еуропалық соттың қызметтер реті.

Ескере кететін жайт, Конвенция жағдайлары өздігінен емес,

 

Страсбургтегі(Франция) адам құқықтары Еуропалық сотының түсінетін  және қолданатын күйінде ғана өмір сүреді.

Адам құқығы  туралы  Халықаралық билль - үлкен беделге ие, адам құқығы халықаралық стандарттары  жиынтығының ресми емес аталуы.

Ол бір-бірімен едәуір тығыз байланысқан  адам құқығының Жалпығаортақ декларациясынан, азаматтық және саяси құқықтар  туралы Халықаралық пакт және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакттан тұрады.

Адам құқығы  Жалпығаортақ  декларациясы  10.12.1948 жылы  Париждегі Шайо сарайында  БҰҰ  Генералды Ассемблеясының үшінші  сессиясында  217 А(ΙΙΙ) («Адам құқықтары туралы халықаралық пакт») резолюциясымен қабылданған,  БҰҰ-на  мүше  елдерге ұсынылатын  құжат болып табылады.

Бұл құжат әлемнің көптеген тілдеріне аударылған болатын және әлемдегі ең жиі аударылатын құжат болып саналады.

Элеонора Рузвельт Декларацияны  адамзат үшін «Еріктіліктің Ұлы хартиясы» деп атады.(Сондықтан кейде Декларацияны адам құқығының Хартиясы деп атайды.)

Бұл құжатта адам құқықтары келесі баптарда көрініс табады:

3 бап. Әрбір адам өмірге, бостандыққа және жеке қолсұғылмаушылыққа  құқылы.

5 бап. Ешкім де  адами  құндылықтарын таптайтын қарым-қатынасқа және қатыгез немесе айуандық жазалануға ұшырауға тиісті емес.

7 бап. Заң алдында барлық  адамдар тең және тең дәрежеде  заңмен қорғалуға құқылы. Осы Декларацияны бұзатын қандай да бір дискриминациясыз барлық адамдар тең қорғалуға құқығы бар.

23 бап.

  1. Әрбір адам еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, еңбектің әділ және қолайлы жағдайларына және жұмыссыздықтан қорғалуға құқылы.

25 бап.

  1. Әрбір адам өзінің және оның жанұясының денсаулығы мен амандығы үшін қажетті тамақ, киім, тұрғылықты жерге, медициналық күтімді және қажетті әлеуметтік қызмет көрсетуді қоса алғандағы өмірлік деңгейге құқылы, сондай-ақ жұмыссыздық, сырқаттылық, мүгедектік, жесірлік, кәрілік жеткенде не басқа да өмір сүру қабілеттіліктерін жоғалтқанда болған жағдайларынан тәуелсіз қамтамасыздандырылуға құқылы.

Азаматтық және саяси құқықтар  туралы Халықаралық пакт – бұл адам құқығының Жалпығаортақ Декларациясына негізделген БҰҰ-ның пакті. 1966 жылы 16 желтоқсанда қабылданды, 1976 жылы  23 наурызда  күшіне енді. Пакттің орындалуын БҰҰ-ның адам құқығы Комитеті бақылайды.

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 


Медицинадағы халықаралық құқық