Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы
Кіріспе
Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрайды. Жалпы айта кететін болсақ мемлекеттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Мемлекеттік бюджетте өзінің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарының қалыптасыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.
Мемлекеттік
бюджет, кез келген басқа экономикалық
категория сияқты, өндірістік қатынастарды
білдіреді және оларға сәйкес келетін
нақты материалдық-заттай түрінде болады:
бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады.
Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан
нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын
ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады.
Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен
ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі
стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы
өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық
нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен
пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен
байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы.
Қаржылық байланыстарын орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы
қатынастарының белгілі бір жиынтығы
ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен
жалпы қаржы категориясынан ажырататын
өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының
бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын
қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана
жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына
белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда
ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрамы.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттары на байланысты болады. Бұл кезде мемлекеттік белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық
қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның
мемлекеттік бюджетінің кірістері
мемлекеттік кәсіпорындардың
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
- кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
- шығындар;
- операциялық сальдо;
- таза бюджеттік кредит беру;
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
- қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
- бюджет тапшылығы (профициті);
- бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептептеуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.
Бюджет шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындардың түрлері:
- мемлкеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
- тұрақты сипаты жоқ іс шараларды ұйымдастыру менөткізуге байланысты шығындар;
- мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардардың ақы төлуі;
- жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР-ның заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
- заңыи тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
- ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Республикалық
және жергілікті бюджеттерді болджауға
болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы
қаржы жылында кейінге
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
- төтенше резервті;
- шұғыл шығындарға арналған резервті;
- облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
Бюджет профицитін пайдалану – қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.
Бюджеттік кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
«ҚР-ның Бюджет кодексіне» сәйкес республикалық бюджеттке түсетін кірістер мыналар:
- салықтық түсімдер, алымдар және тағы басқа да міндетті төлемдер.
- салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер.
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
- ресми трансферттердің түсімдері.
Бюджеттік шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджетің шығысттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету;
- қорғаныс салаларына;
- сот жүйесіне, қылмыстық-атқару қызметі;
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
- мәдениет, спорт, туризм;
- ауыл, су, орман, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;
- өнеркәсіп, құрылыс, сәулет, жер қойнауын пайдалану;
10) көлік жыне коммуникациялар;
11) экономикалық қызметтерді реттеу, стандарттау және т. б. ұйымдар.
Операциялық
сальдо – бюджет кірістері мен
шығыстары арасындағы айырма ретінде
айқындалады.
Бюджет балансы мен тапшылығы.
Әр бюджетте оның кіріс және щығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитін құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталаған немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдері тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстар кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
- елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
- қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
- айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
- бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;
- әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
- «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
- ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз щығыстар мен ысыраптар.
Бюджет тапшылығын төмендету әдістері:
- шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
- кірістер тұрақты, ал шығыстар азаяды;
- кірістер өседі, ал шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).
Тапшылықты қаржыландыру –оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
- Ақша белгілерін шығару;
- Мемлекеттік қарыздар;
- Шетелдік қарыздар;
- Ұлттық байлықты пайдалану.
Бюджеттің
кірістерін көбейтуге, шығыстарын қысқартуға,
тапшылықты реттеуге, басқа экономикалық
дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу және
дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы
қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай
жасайды, яғни елдің әлеуметтік экономикалық
дамуына жәрдемдесетін болады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесін мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы мен аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесінің
құрылым унитарлық типімен
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (2 сызбаны қараңыз).
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астаның бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда
төтенше немесі соғыс жағдайында
төтенше мемлекеттік бюджеттің
әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы
мүмкін.
Қазақстан
Республикасының
бюджет жүйесі.
1991 жылы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін
Қазақстанның мемлекеттік бюджет жүйесі,
басқа одақтас республикалардың мемлекеттік
бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық
бюджеттері, соның ішінде ауылдық және
поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді.
Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың
мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды.
Қорытынды.
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Мемлекеттік бюджет арқылы (көмегімен) тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Жалпы бюджет арқылы елдің экономикасын, әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартуға болады. Бюджетті реттеуге бюджет жүйесін пайдаланылады.
Сонымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетке шоғырланған.
Республикалық
бюджет – бұл салықтық және басқа да
түсімдер есебінен қалыптастырылатын
және орталық мемлекеттік органдардың,
оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік
саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры. Бұлардың негізінде мемлекеттік
шығыстар қалыптасады. Яғни әртүрлі әлеуметтік
салада қарастыратын болсақ, мемлекеттік
бағдарлармаларға мысалы үшін Арал
теңізінің экологиясын
жақсартуға байланысты мемлекеттік
бюджеттен арнайы ақшалай қаражаттар
бөлінуде және қаржылық инвестицимялар
құюлуда. Мұндай мәселені Оңтүстік
Корея мемлекетімен шешуде (экономика
газеті №34). Мұның барлығы мемлекеттік
шығыстарға жатады, ал мемлекеттік шығыстар
мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатының
көз жеткізуге болады. Сонымен қатар бюджетті
дұрыс жоспарлак барысында, елдің әлеуметтік
тұрмыс жағдай жақсарады, экономикасы
гүлденеді деп ойлаймыз. Мемлекеттік
жобаларды қолдау барысында, ҚР-ның
«2009-2011» жылдарға арналған
республикалық бюджетті
жоспарланған. Ондағы ҚР-ның Президенті
мен ҚР-ның Қаржы министрілігі Б.Б.Жәмішев
қолдауларымен өнеркәсіп салаларын дамыту,
халықтың хал-ауқатын көтеру, білім саласына
көңіл бөлу және т.б. жатады.
Қазақстан
Республикасының 2009
жылдың 1-тоқсанындағы
әлеуметтік-экономикалық
даму қорытындылары
және 2009 жылдың екінші
тоқсанына арналған
міндеттері туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
отырысына ақпарат
І. 2009
жылдың 1-тоқсанындағы
мемлекеттік бюджеттің
атқарылу қорытындылары
туралы ақпарат
Мемлекеттік
бюджет
1.1.
Мемлекеттік бюджетке
түсетін түсімдер
2009
жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік
бюджетке түсетін түсімдер
2009
жылдың 1-тоқсанындағы мемлекеттік бюджет
түсімдерінің құрылымы 1-кестеде ұсынылған.
1-кесте. 2009 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік
бюджетке
түскен түсімдер
| Атауы | Бір жылға арналған жоспар | Есепті кезеңге арналған жоспар | Атқарылды | Атқарылу %-ы | Бюджет түсімдері атқарылуының жалпы көлеміндегі %-ы | |
| есепті кезенге арналған жоспардың | бір жылға арналған жоспардың | |||||
| ТҮСІМДЕР* | 3 542 800,0 | 769 474,7 | 797 069,4 | 103,6 | 22,5 | 100,0 |
| КІРІСТЕР | 3 534 864,1 | 769 116,8 | 796 318,2 | 103,5 | 22,5 | 99,9 |
| Салықтық түсiмдер | 2 554 417,5 | 501 357,4 | 515 200,4 | 102,8 | 20,2 | 64,6 |
| оның iшiнде: | ||||||
| Корпоративтік табыс салығы | 721 606,2 | 151 310,9 | 194 673,4 | 128,7 | 27,0 | 24,4 |
| Жеке табыс салығы | 277 427,7 | 59 815,6 | 59 223,2 | 99,0 | 21,3 | 7,4 |
| Қосылған құн салығы | 723 669,7 | 141 003,1 | 102 025,1 | 72,4 | 14,1 | 12,8 |
| Акциздер | 71 576,9 | 14 447,4 | 11 401,1 | 78,9 | 15,9 | 1,4 |
| Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 220 947,6 | 16 740,7 | 41 430,2 | 247,5 | 18,8 | 5,2 |
| Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 178 524,7 | 38 418,5 | 23 551,0 | 61,3 | 13,2 | 3,0 |
| Салықтық емес түсiмдер | 69 268,0 | 11 473,5 | 23 723,0 | 206,8 | 34,2 | 3,0 |
| Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 68 078,7 | 6 285,9 | 7 394,8 | 117,6 | 10,9 | 0,9 |
| Трансферттердің түсімдері | 843 100,0 | 250 000,0 | 250 000,0 | 100,0 | 29,7 | 31,4 |
| БЮДЖЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІ ӨТЕУ | 6 095,4 | 266,7 | 507,7 | 190,3 | 8,3 | 0,1 |
| МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР | 1 840,4 | 91,1 | 243,6 | 267,4 | 13,2 | 0,0 |
| * Түсімдердің 7 "Қарыздар түсімі" және 8 "Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы" санаттарынсыз | ||||||
2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 769 116,8 млн.теңге жоспарда бюджетке 796 318,2 млн.теңге түсті, 27 201,4 млн.теңгеге асыра атқарылды немесе жоспардың орындалуы 103,5%-ды құрады.
Қазақстан экономикасына әсер еткен әлемдік экономикалық проблемалардың салдары (қаржылық дағдарыс) бизнес белсенділігінің баяулауына әкеп соқтырды, ол сыртқы экономика конъюнктурасына да әсер етті, бұған көбінесе мүмкіндік тудырған әлемдегі нарықта шикізаттың төмен бағасы, АҚШ доллары бағамының өсуі, сыртқы сауда айналымы көлемінің төмендетуге әкелді. Айталық, Кедендік бақылау комитетінің жедел деректері бойынша 2009 жылдың 1-тоқсаны бойынша сыртқы экономикалық тауар айналымы (ұйымдастырылмаған сауда-саттықты есепке алмағанда) 13,9 млрд. АҚШ долларына жетті, бұл ретте 2008 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,4%-ға төмендеді, соның ішінде экспорт – АҚШ-тың 8,0 млрд.долларын құрап, 2008 жылдың салыстырмалы кезеңінен 49,4%-ға төмендеді, импорт – 5,9 млрд. АҚШ доллары немесе 17,1%-ға төмендеді.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымында 45,6%-ды құрайтын салықтық түсімдер 501 357,4 млн.теңге жоспарда, бюджетке 515 200,4 млн.теңге немесе 102,8% түсті.
Есептік кезеңде корпоративтік табыс салығы 151 310,9 млн.теңге жоспарда, бюджетке 194 673,4 млн.теңге түсті, жоспар 128,7%-ға орындалды. Жоспардың аса орындалуы салықтың осы түрін төлеушілер болып табылмайтын кәсіпкерлердің аванстық төлемдерді аударуына байланысты (2008 жылда жиынтық жылдық кіріс 325 000 еселенген АЕК мөлшерінен аспайды), өйткені 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексінде КТС есептеу тетігі өзгерді (Салық Кодексінің 141-бабының 2 тармағы). Сондай-ақ жоспардың асыра орындалуына орташа айлық аударымдарға сүйене отырып, КПО Б.В. мердігерлік компанияларының болашақ төлемдердің есебіне аванстық төлемдерді төлеуі әсер етті.
Жеке табыс салығы бойынша кәсіпорындарда өндіріс көлемінің азаюы және кәсіпорындарда жұмысшылар санының қысқаруы салдарынан салық салынатын базаның азаюымен шартталған жоспардағы 59 815,6 млн.теңгенің орнына бюджетке 59 223,2 млн. теңге немесе 99,0% түсті.
Әлеуметтік салық бойынша жоспардағы 51 704,1 млн.теңгенің орнына бюджетке 49 616,6 млн.теңге немесе 96,0% түсті. Жоспардың орындалмауы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік салықтың 13%-дан 5% регрессивтік шкаласынан 11% бір қалыпты ставкаға өтуі мен өнеркәсіп көлемінің азаюына байланысты.
Мүлікке салынатын салық бойынша жоспар 124,4%-ға орындалды немесе жоспардағы 17 312,0 млн. теңгенің орнына нақты 21 532,1 млн. теңге түсті, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 398-бабының 1-тармағына сәйкес ставканың 1,5%-ға өсуі есебінен бюджетке жоспардан тыс 4 220,0 млн.теңге түсті.
Жер салығы бойынша жоспар 128,7%-ға орындалды немесе кейбір өңірлер бойынша елді мекендер жерлерінде базалық ставканың өсуі, жеке меншік құқығының пайда болуына байланысты кейбір төлеушілердің жер тілімін пайдалану төлемінен жер салығын төлеуге көшуі, сондай-ақ жария етілген жер тілімдерінен түскен түсімдер салдарынан жоспардағы 2 635,3 млн. теңгенің орнына бюджетке 3 392,9 млн. теңге түсті.
Көлік құралдары салығы бойынша жоспар 113,1%-ға орындалды немесе 1 820,8 млн. теңге түсті. Жоспардың артығымен орындалуына әкімшілеуді жақсарту, сондай-ақ тіркелген көлік құралдары санының артуы әсер етті.
Бірыңғай жер салығы бойынша жоспар 144,8%-ға орындалды, жоспардағы 80,9 млн. теңгенің орнына бюджетке 117,1 млн.теңге түсті, артығымен орындау шаруа қожалығы үшін арнайы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын төлеушілер санының өсуі, және салық бойынша бересіні өтеу есебінен болды.
Қосылған құн салығы бойынша 141 003,1 млн.теңге жоспарда бюджетке 102 025,1 млн.теңге түсті, жоспар 72,4%-ға орындалды, оның ішінде:
- іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 45,2%-ға орындалды, 40 510,4 млн.теңге жоспарда бюджетке 18 318,1 млн.теңге түсті. 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бюджеттен өтеу 50 500,7 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас көрсеткішінен 6 296,3 млн.теңгеге көп, бұл ретте салықтың жалпы түсімі өткен жылмен салыстырғанда 20 540,2 млн.теңгеге азайды;
- импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша 100 492,7 млн. теңге жоспарда іс жүзіндегі түсім 83 707,0 млн. теңгені құрады немесе 83,3%-ға атқарылды. Орындалмаудың негізгі себебі кредит алумен және құрылыс және экономиканың басқа да салаларындағы өсу қарқының әлсіреуімен қарыз алушыларда туындаған проблемалары, сондай-ақ ҚҚС ставкасының 2009 жылы 13 %-дан 12%-ға төмендеуі болып табылады.
Акциздер бойынша барлығы 14 447,4 млн.теңге жоспар кезінде 3 046,3 млн.теңгеге немесе 78,0%-ға түгел орындамай отырып, бюджетке 11 401,1 млн. теңгеге түсті, оның ішінде:
1. ішкі өнім тауарларына салынатын акциздер бойынша жоспар 100,5%-ға орындалды немесе жоспардағы 7 161,2 млн.теңгеде түсімдер 7 199,1 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
- алкогольдік өнімдерге салынатын акциздер бойынша - жоспардағы 1 395,4 млн.теңге жоспар кезінде түсімдер өнімді сату көлемінің азаюы есебінен 1 673,1 млн. теңгені, немесе 119,9% құрады;

- Мемлекеттік геодезиялық тораптар
- Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мәні
- Мемлекеттік инвестициялық заңнамалары
- Мемлекеттік іс қағаздар
- Мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуы
- Мемлекеттік кірістер, оларды жүмылдыру әдістері
- Мемлекеттік бюджеттің қабылдану мен атқарылу тәртібі
- Мемлекеттік бюджеттің мәні
- Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мағынасы
- Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
- Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
- Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
- Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы