Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы

 

Жоспар

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 2.1. Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы

     2.2.Мемлекеттік  бюджеттің кірістері мен шығыстарының  құрамы мен құрамы

     2.3. Бюджет балансы мен тапшылығы

     2.4. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде  тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрайды. Жалпы айта кететін болсақ мемлекеттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Мемлекеттік бюджетте өзінің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарының қалыптасыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.

     Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

     Әр  аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы  жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап  қарауды қажет ететін дүние. Оны  өзгерту, көтеру жолында талпынған  сол аймақ ерекшеліктеріне қарап  шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.  
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.  
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта  құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының  24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.

     Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың  бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы 

     Қаржылық  байланыстарын орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге  түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

     Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. 

Мемлекеттік бюджеттің кірістері  мен шығыстарының құрамы мен құрамы 

         Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін  бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері  мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

         Кірістер мен шығыстардың  құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттары на байланысты болады. Бұл кезде мемлекеттік белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

         Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік  бюджетінің кірістері мемлекеттік  кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

         Дағдыдағыдай, кірістердің  көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың  түсімдерімен айқындалады.

   Бюджет  кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

  1. кірістер:

    салықтық  түсімдер;

    салықтық  емес түсімдер;

    негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

    ресми трансферттер түсімдері;

  1. шығындар;
  2. операциялық сальдо;
  3. таза бюджеттік кредит беру;

    бюджеттік кредиттер;

    бюджеттік кредиттерді өтеу;

  1. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

    қаржы активтерін сатып алу;

    мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін  түсімдер;

  1. бюджет тапшылығы (профициті);
  2. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

    қарыздар  түсімі;

    қарыздарды  өтеу;

    бюджет  қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

         Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген  құрылым бойынша жүзеге асырылады.

         Бюджеттің кірістері  салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептептеуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

         Мақсатты ресми  трансферттерді қоспағанда, кірістердің  нысаналы мақсаты болмайды.

         Бюджет шығындары  – қайтарылмайтын негізде бөлінетін  бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң  мақсатты арналымы болады.

     Бюджет шығындардың түрлері:

  1. мемлкеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
  2. тұрақты сипаты жоқ іс шараларды ұйымдастыру менөткізуге байланысты шығындар;
  3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардардың ақы төлуі;
  4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР-ның заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
  5. заңыи тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
  6. ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

   Республикалық және жергілікті бюджеттерді болджауға  болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.

   Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:

  1. төтенше резервті;
  2. шұғыл шығындарға арналған резервті;
  3. облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.

   Бюджет  тапшылығын қаржыландыру – қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.

   Бюджет  профицитін пайдалану – қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын  жұмсау.

   Бюджеттік кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

   «ҚР-ның  Бюджет кодексіне» сәйкес республикалық  бюджеттке түсетін кірістер мыналар:

  1. салықтық түсімдер, алымдар және тағы басқа да міндетті төлемдер.
  2. салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер.
  3. негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
  4. ресми трансферттердің түсімдері.

   Бюджеттік шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде  бөлінетін қаражаттар.

   Республикалық бюджетің шығысттары мына бағыттар бойынша  жұмсалады:

  1. жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету;
  2. қорғаныс салаларына;
  3. сот жүйесіне, қылмыстық-атқару қызметі;
  4. білім беру;
  5. денсаулық сақтау;
  6. әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
  7. мәдениет, спорт, туризм;
  8. ауыл, су, орман, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;
  9. өнеркәсіп, құрылыс, сәулет, жер қойнауын пайдалану;

    10) көлік жыне коммуникациялар;

    11) экономикалық қызметтерді реттеу, стандарттау және т. б. ұйымдар.

   Операциялық сальдо – бюджет кірістері мен  шығыстары арасындағы айырма ретінде  айқындалады. 

   Бюджет  балансы мен тапшылығы 

         Әр бюджетте оның кіріс және щығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитін құрайды. Ол мемлекеттік  борышты өтеуге бағытталаған немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда  бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдері тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстар кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

   Бюджет  тапшылығы экономиканың жай-күйін  қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  1. елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
  2. қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
  3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
  4. бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;
  5. әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
  6. «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
  7. ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз щығыстар мен ысыраптар.

    Бюджет  тапшылығын төмендету әдістері:

  1. шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
  2. кірістер тұрақты, ал шығыстар азаяды;
  3. кірістер өседі, ал шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).

    Тапшылықты қаржыландыру –оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

    Бюджет  тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

  1. Ақша белгілерін шығару;
  2. Мемлекеттік қарыздар;
  3. Шетелдік қарыздар;
  4. Ұлттық байлықты пайдалану.

   Бюджеттің кірістерін көбейтуге, шығыстарын қысқартуға, тапшылықты реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, яғни елдің әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады. 

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

     Бюджет  құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген  түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесін мен  қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы мен аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

     Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің  құрылым унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан мемлекеті – федеративті емес, басқарудың Президенттік нысананы және сайланатын  Парлдаменті бар унитарлық мемлекет.

     Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік  бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын  және дербес болып табылатын мынадай  бюджеттер жұмыс істейді (2 сызбаны  қараңыз).

   республикалық бюджет;

   облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астаның бюджеті;

   ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

   Қазақстанда төтенше немесі соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің  әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін. 

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі. 

     

 

 

 
 

 
 

 
 
 

      1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджет жүйесі, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды.

     Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер  болжамын құрастыру, қарастыру мен  бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру  мен оның бақылауын қамтамасыз ету  жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.

      Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді.

    • Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
    • Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қанар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;
    • Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына;

   Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы мен аймақтар және іс әрекет салалары аралығындағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет ол мемлекеттің барлық қаржы саястының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.

    Бюджеттік кодекс бойынша бюджет  қалыптасу негізі болып Қазақстан  Республикасының әлеуметтік  экономикалық  ортамерзімді даму жоспары мен  Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған  аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің фунцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрнеді:

  • Мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде;
  • әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;
  • салықты фискалдық құралдарды жетілдіруінде;
  • бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;
  • бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда;
  • республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда;
  • жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;
  • мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда;

  Бюджеттік  процесті ұйымдастыру бойынша  бюджеттік іс әрекеттің барлық  сатыларында келесі негізгі мақсаттар  шешіледі.

  • Жеке салықтық пен басқа түсімдер бойнша және әлеуметті экономикалық даму болжамдары мен арнаулы бағдарламаларға сәйкес бюджет кірістерін анықтау;
  • Бюджет шығындарын арнаулы және адрестік белгілер бойынша тағайындау;
 
 
  • Ұлттық  валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мен экономикадағы инфляциялық тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық құқықтылықтын тұрақтылықтын жалпы бағдарламасымен бюдждетті қиыстыру;
  • Экономиканы ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тапшылығын қысқырту мен жою;
  • Әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақсатында мемлекет кірістерінің қайнар көздерін сол бюджеттер және аймақтар мен іс әрекет салалары арасында қайта бөлу арқылы бюджеттік реттеуді іске асыру;
  • әр түрлі үлкен ауқымдағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлін жоғарылату;
  • заңды және жеке  тұлғалар өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау кезінде олардың қаржылық әрекеттері мен кірістерін бақылау.

      Бюджеттік процестердің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті орган ол Экономика және бюджеттік жоспрлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады. Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жолдауы, ортамерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша несиелік пен фискалдық саясатттың негізгі бағыттырының негізінде жасалады.

      Ұсынылған құжаттар ұйғарымды болған кезде Республика Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімі жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру мен атқару тәртібімен басшылық етеді. 

      Елдің бюджеттік жайластырушылық пен бюджеттік құқықтарға негізделген бюджеттік процесс мазмұнымен оның іс әрекет кезеңдері анықталады. Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:

  1. Бюджет жобасын құрастыру;
  2. Бюджетті қарау және бекіту;
  3. Бюджетті атқару;
  4. Бюджетті атқару жөніндегі есеп беруді құрастыру мен оны бекіту.

     Бюджет жобаларын құрастыру толығымен  Республика Үкіметі мен жергілікті  биліктің тиісті атқарушы органдарына  жүктелгендіктен, республикалық  және жергілікті бюджеттер жасаудың  тәртібі мен мерзімі және бюджет  жобасымен бірге міндетті түрде  тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.

      Бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін әрекеттейтін бюджет процесінің ақырғы кезеңі ол бюджет атқару жөніндегі арнайы органдардың есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар ол республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ол белгіленген тіртіп бойынша бекітіледі.   

    Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету.

      Бюджет жүйесінің қызмет ету заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдардың бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және «  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады.

     Бюджеттік кодексте барлық бюджет  түрлері бойынша анықтама берілген, кірістер мен шығыстардың атаулары  жазылған, бюджет атқару жөнінде  есеп беруді құрастырудың тәртібі,  оларды бекіту мен бақылау  сауалдары қарастырылған. Мұндай тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған. Ұлттық қордың қалыптасу тәртібі, қайнар көздерімен пайдалануы және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік кодексте анықталған.

Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы