Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Еуразиялық
гуманитарлық институт
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Мемлекеттік бюджеттің
экономикалық мәні»
Астана
қаласы-2011ж.
ЖОСПАР:
Кіріспе ..............................
I
Бөлім. Мемлекеттік
бюджеттің экономикалық
мәні..........................
- Бюджет
экономикалық категория ретінде.......................
............................4- 8 - Мемлекеттік
бюджеттің атқаратын қызметтері, мемлекеттік
бюджетті жоспарлау және орындау.......................
.............................. .......................9-11
ІІ
Бөлім. Бюджет жүйесінің
құрылымы, Қазақстан
Республикасының бюджетін
жетілдіру бағыттары.....................
2.2 Мемлекеттік
бюджеттің құрылымы, бюджетті құрудың
принциптері...................
2.3 Мемлекеттік
бюджет жүйесінің өзекті проблемалары,
Қазақстан Республикасы бюджетін жетілдіру
бағыттары.....................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша салалар бар. Мәселен, мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «Мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз - мемлекеттің бір жылға қарастырылған негізгі қаржы жоспары. Оның орындалуы республикалық заңдарымен бекітіледі. Республикалық немесе мемлекеттік бюджет республикалық парламентінде қаралып, талқыланып, бекітіледі. Мемлекеттік бюджет экономикадағы ақша айналымын орталықтанған қордың жинақталуын және жұмсалуын көрсетеді. Бюджет арқылы әр түрлі меншіктегі мекемелердің ақшалары жинақталады. Жинақталған қаражатты халық шаруашылығын қаржыландыруға, әлеуметтік және мәдени салаларға бағыттап отырады, мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау үшін жұмсайды. Мемлекетті басқару органдарын ұстауға жергілікті бюджеттерге көмек беру үшін жұмсалады. Қаржыны орталыққа бағындырудың үлкен экономикалық және саяси маңызы бар. Бұл мемлекеттің негізгі бағытын шешуге арналған үкімет нарыққа өткен уақытта мемлекеттік бюджет өзінің негізгі қызметін сақтап қалады. Мемлекеттік бюджеттің дербес бөлу сферасы ретінде көрсетілуі сәйкес орталықтандырылған ресурстар көмегімен толықтырылуды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру ел экономикасы масштабында олардың толастаусыз айналымын және қаржы тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
І
Бөлім. Мемлекеттік
бюджеттің экономикалық
мәні
- Бюджет экономикалық категория ретінде
Мемлекеттік бюджет – ол барлық меншік формасындағы субъектілердің мемлекетпен экономикалық және жеке азаматтармен жалпымемлекеттік мақсаттар мен функцияларды орындауға бағытталған орталықтандырылған қаржы қорын құру бойынша мемлекетпен қатынасы.
Бюджеттің экономикалық мәні – ол мемлекеттің негізгі пайдалылығы жоғары салаларды ғылыми-техникалық прогресс жобасы арқылы қаржыландырылып, сол арқылы мемлекеттік қаржы салымын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет монополиялық баға мен монополиялық пайданы қолдауға қолданылып келеді, яғни ол монополиялық өнімдерге бағаны бекіту, салық жеңілдіктерін еңгізу, монополистерге мемлекеттік субсидия бөлу және басқалары арқылы жүзеге асырылады.
Бюджет
мемлекеттің басты қаржы
Қазақстан Республикасында бюджетті құрумен экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі айналысады. Елімізде бюджет бір жылға жоспарланады. Алайда кейбір елдерде бюджет жоспары мерзімі басқа болады және бюджет жоспары календарлы күн санына сәйкес келмейді. Бюджеттік жоспарлау негізінде жоспарлау – болжау – бюджетті құру әдісі жатыр.
Мемлекеттік
бюджет ұдайы өндірістің қажеттерінен,
мемлекеттің табиғатынан
Нақты, объективті бөлістің қатынастардың формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналамды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді. Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді. Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:
- жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық қажеттерді өтеумен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады;
- құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға арналған;
- қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндіріс пен өндірістен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар – ақша қатынастарымен астасып жатады.
Кез
келген басқа экономикалық категория
сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік
қатынастарды бейнелеп, соған лайықты
материалдық-заттық көрініс табады.
Бюджет қатынастары мемлекеттің
ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған
қорында – бюджет қорында заттанады.
Нәтижесінде қоғамда жүріп
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді. Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизмі – мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады. Өндіріс құрал – жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді, мұның өзі бюджет қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын – ала айқындайды. Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты – елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады; кірістер және шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары – мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Жоғары Кеңесінің жыл сайын қабылдайтын «Мемлекеттік бюджет туралы» заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.
Қоғамдық
ұдайы өндірістегі мемлекеттік
бюджеттің ролі, ең алдымен, өндірілген
ұлттық табыстың 39 процентінің, жалпы
қоғамдық өндірістің 18 процентінің, бөлуге
және қайта бөлуге түсуінен көрінеді.
Ол, жоғарыда атап өтілгеніндей, қаражатты
елдің халық шаруашылығы
Бүкіл
халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан,
мемлекеттік бюджет экономикаға
тұтас ықпал жасайды. Мемлекеттік
бюджет материалдық өндіріс саласында
оның өсуінің стимуляторы ретінде
зор роль атқарады. Бюджет қаржысы
жеке (жеке кәсіпорындар шеңберінде) және
қоғамдық (бүкіл халық шаруашылығы
ауқымында) қорлар қозғалысын қамтамасыз
ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы
күрделі жұмсалымдары мен айналым
қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық
және басқа шығындарын жабу бюджетке
жеке кәсіпорындардың өзіндік
Өндірістен
тыс салалардағы бюджет қаржысы
олардың қызметінің одан әрі дамуының
басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер
мен ұйымдардың басым көпшілігі
өздерінің табыс көздері жоқ
болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық
сақтау, әлеуметтік сақтандыру, ғылым,
мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы
мемлекеттің шығындары – жалпы
мемлекеттік ауқымдағы
1.2.
Мемлекеттік бюджеттің
атқаратын қызметтері,
мемлекеттік бюджетті
жоспарлау және орындау
Кез келген экономикалық категориялардың функциялары сол категорияның қоғамдық бағыты формасында көрінеді. Тек функция ғана нақты экономикалық категорияға қатысты басты және өзіне тән жақтарын көрсетеді. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет қаржыны шаруашылық субъектілер, сала, аймақ және т.с.с. арасында бөледі. Бұдан шығатыны, мемлекет мемлекеттік бюджет арқылы келесідей функцияларды орындайды: бөлу және бақылау.
Мемлекеттік бюджетті салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет есебінен құрылатын әртүрлі мақсаттық бағыты бар қорлар көмегімен және артынша оларды мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыруға, қаржылық салымдарға, айналым қаражаттарын толықтыруға және басқа да мемлекеттік мүддеге жұмсалатын шығындарға қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қаражаттарды аймақаралық бөлу салықтық бақылау, трасферт, субвенциялар және аймақтың әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес дамуын қамтамасыз ететін басқа да әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ақша қаражаттарын қайта бөлудің келесі этапінда мемлекет шаруашылық субъекті иелігіндегі қаржының бір бөлігін немесе бюджеттен қаржыландырылатын басқа да ұйымдардың қаржысының бір бөлігін алып оны бюджетті толықтыруға немесе қосымша қаржыландыруды қажет етіп отырған салаға немесе аймаққа бөлуі мүмкін. Мемлекет ұлттық табысты толығымен пайдаланды деуге болады. Осылайша бюджеттің бір ғана бөлігі бірнеше қайтара бөлініп қаражатты әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары салалар немесе аймақтар арасында бөлініп неғұрлым терең енісімен, экономикасының нығаюымен бюджетіміз де нығаюда.
Бюджеттік
қатынас мемлекеттің
Мемлекеттік биліктің республикалық және жергілікті органдары бюджеттік қатынастар негізінде өз иелігіне нақты әрі қатаң анықталған мақсаттарға жұмсалатын ұлттық табыстың бір бөлігін алады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі екі звенодан тұрады, олар:
- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджет (областық, Астана және Алматы қалалық бюджеттері, аудандық және қалалық бюджеттері)
Бюджет жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатымен негізделген қаржы саясатын жүзеге асыруға бағытталады. Солай бола тұра бюджет жүйесі арқылы мемлекеттік қаржылық бақылауды шектен тыс бағалау өте қиын, себебі мемлекет қазіргі практикада болып жатқан құбылыстардан тыс еш бақылау жүргізе алмайды.
Мемлекеттік басқару ролі нарықтық қатынастарда салық, қаржылық санкциялар және жеңілдік тарифтер арқылы нығаюы тиіс. Соңғы жылдары нарықтық қатынастарда кең етек алуы, меншіктің көп түрлі формаларының пайда болуы, аймақтардың қаржы позицияларының нығаюы бюджет жүйесіне принципиалды өзгерістер ала келді. Күшіне енген заң актілеріне сай республикалық және жергілікті бюджеттер жеке құрылым деп саналады.
Жергілікті және республикалық бюджеттердің құрылуы мен орындалуы «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі» туралы заңдар негізінде реттеледі. Заң жергілікті бюджетті құру мен бекіту жүйесі мен тәртібін көрсетеді, ол оның орындалу тәртібі маслихатпен (депутаттар жиыны) шешіледі.
Қаржыны басқару бюджет механизмі арқылы жүзеге асады. Бюджет механизмі мемлекетпен жасалған және қаржыны экономика саласында бөлінуін, қоғамдық жұмыстар салалары және аймақтар арасында бөлуді және бақылауды қамтамасыз ететін бюджеттік қатынастардың формасы болып табылады.
Қаржыны
стратегиялық және оперативті басқарады.
Қаржыны стратегиялық басқару, соның ішінде
бюджетті басқару Қазақстан Республикасының
конституциясымен мемлекеттің жоғарғы
органдарына және мемлекеттік басқаруға
жүктеледі. Президент, Парламент (сенат
және мәжіліс), үкімет. Қазақстан Республикасының
Үкіметі өзінің қаржыны басқару ролін
Экономика Министірлігі, бюджетті жоспарлау
және қаржы Министрлігіне береді.
ІІ
Бөлім. Бюджет жүйесінің
құрылымы, Қазақстан
Республикасының бюджетін
жетілдіру бағыттары
2.2
Мемлекеттік бюджеттің
құрылымы, бюджетті
құрудың принциптері
Мемлекеттік бюджет біртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық принциптеріне негізделеді.
Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық орталықтандыру дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО – ның бюджет жүйесінде неғұрлым айқын аңғартылатын. Қазіргі уақытта жергілікті органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр. Біртұтастық мемлекетте бірыңғай бюджет жүйесінің, елдің аумағында әрекет ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекеттік шығындардың біркелкілігінде, қаржы құжаттарының, бюджет жіктемесінің бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың әдістері мен ұйымдастырылуының бірыңғайлылығын, оның әлеуметтік – экономикалық болжаммен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Бюджеттің біртұтастығы принципінің міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына пәрменді бақылау орнату.
Толықтық
принципі үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, барлық жиналатын
кірістер мен жұмсалатын шығындардың
бюджетте шоғырландырылып, мемлекеттің
барлық түсімдері мен шығындары
әрбір бапта ескерілетінін
Қаржының едәуір бөлігі арнайы бюджеттен тыс қорлар бойынша жүреді (зейнетақы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жол, әлеуметтік сақтандыру және т.б.). Бұдан басқа «Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі туралы» заңға сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды шараларды қаржыландыру үшін немесе белгілі бір мақсаттарға қаржы жетпесе, ағымдағы бюджеттің орындалуы ескеріліп, қосымша бюджет құралады. Оны мемлекеттік өкімет пен басқарудың жоғары органдары қарап, бекітеді.
Нақтылық принципі бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау үшін қажет, ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының нақты көрінуін, бекітілген сомалардың сәйкес келуін қарастырады. Мұнда нақтылық даму болжамдары, бағдарламалары көрсеткіштеріне негізделіп, бюджет резервтерімен нығайтылған барлық кірістер көздері мен шығыстар бағыттары есептеулерінің негіздемелеріне қарай анықталады.
Жариялылық принципі бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтерді жұртшылықты бюджеттің құрамы және құрылымымен, тапшылық көлемімен және оны жабудың әдістерімен (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, заемдар және басқалар) таныстыру үшін баспасөзде жариялау талабын білдіреді.
Мемлекеттің
ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты
бюджеттің қызметі айрықша
Кірістер
мен шығыстардың құрамымен
Мемлекеттік бюджет кірістерінің көздері, әдетте, салықтар немесе төлемдер болып табылады. Мысалы, КСПО-да мемлекеттік бюджетке қаржы түсімдерінің басты көзі кәсіпорындар мен ұйымдар пайдасынан алынатын төлемдер мен айналым салығының түсімдері болып келеді. Бұл төлемдер экономикалық мәні жағынан салықтық түсімдер болып табылғанымен, ресми түрде олай саналмайтын еді. Сол сияқты 1991 жылға дейін формальды түрде салықтар қатарына жатпағанымен, іс жүзінде өнім мен оны өткізу бағасының құрамына енетін, жанама түрде халық төлейтін әлеуметтік сақтандыруға (10 процентке дейін) бөлінген қаражаттар бюджетке түсетін. Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде республикалық бюджеттің кірісі мыналардың есебінен қалыптасып отыр:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
- меншік формаларына қарамастан кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың, соның ішінде шетелдік және (бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салық);
- жер салығы;
- тіркелген (ренталық) төлемдер;
- құнды қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
- Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттік ішкі ұтыс заемының қазыналық бондарын өткізуден түскен табыстар;
- қысқа мерзімді қазыналық вексельдерді аукционда сатудан алынған табыстар;
- мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер;
- басқа да жалпы республикалық салықтар, алымдар мен салық алынбайтын әр түрлі төлемдер;
- сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар (экспорттық және импорттық баж салығы, импорт бойынша сатып алынған бірінші қажеттегі тауарларды сатудан түскен түсімдер).
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншік формасындағы кәсіпорындар, бірлестіктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер республикалық бюджетке кеден тарифтеріне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салығын төлейді.
Мына қорларға түсетін және олардан аударылатын қаражат республикалық бюджеттің кірісі құрамында ескеріледі:
- жер қойнауын қорғау және минералдық шикізат базасын ұдайы толықтыру қоры;
- экономиканы өзгерту қоры;
- жол қоры;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры;
- кәсіпкерлікті қолдану және бәсекелестікті дамыту қоры;
- әлеуметтік сақтандыру қоры;
- табиғат қорғау қоры.
1994 жылға арналған республикалық бюджетке келіп түсетін табыстар көздері бойынша – салықтар, аламдар, мен басқа түсімдер оның кірісінің 40 проценттен астамын мақсатты қаржыландыру қорлары 50 және сыртқы экономикалық қызметінің кірісі 6,3 процентін құрады.
Жергілікті бюджеттердің кірістері Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген көздер және жалпы-ақша есебінен құралады.
Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттік баж салығы, су үшін төлем және табиғи ресурстарға салынатын салық, орман табысы, жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар, ставкаларын жергілікті әкімдер айқындайтын жергілікті салықтар мен алымдар, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттік ішкі заемын орналастырудан түсетін түсімдер, алымдар мен салық салынбайтын әр түрлі төлемдер толығымен жергілікті бюджеттердің есебіне есептеледі; республикалық бюджетке есептелетін жекелеген табыс түрлері бұған қосылмайды. Жалпы мемлекеттік салықтар, алаымдар мен төлемдер бөлігінің мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі белгілейді.
Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі көптеген бағыттарды қамтиды. Олар ірілендіріліп, былай біріктіріледі: халық шаруашылығын қаржыландыруға бөлінетін қаржы бүкіл шығыстардың 15 процентін құрайды; әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінетін қаржы - 6 проценттен астамын құрайды. Қалған қаржы мемлекеттік өкімет, мемлекеттік басқару, сот органдары мен прокуратураны, құқық қорғау органдарын ұстауға, қорғанысқа жұмсалады. Қаржының бір бөлігі Министрлер Кабинетінің резерв қорын құрауға, мемлекеттік борышты ақтауға және басқаларға жұмсалады.

- Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы
- Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы
- Мемлекеттік геодезиялық тораптар
- Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мәні
- Мемлекеттік инвестициялық заңнамалары
- Мемлекеттік іс қағаздар
- Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
- Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- Мемлекеттік бюджеттің қабылдану мен атқарылу тәртібі
- Мемлекеттік бюджеттің мәні
- Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мағынасы
- Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
- Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны