Мемлекеттік іс қағаздар
- ҚАЗАҚ РЕСМИ-ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІНІҢ ТІЛІ
- Стандарт тілдік бірліктердің ерекшеліктері
Тілдік қатынастың қай түрі болмасын мәтін арқылы жүзеге асады. Іс қағаздарының мазмұны, қатынас құралы ретіндегі қоданылу аясы, қолданылу жағдайы, бағыты, өрісі әр түрлі болғандықтан, мәтін құрамындағы тілдік бірліктердің тіркесу, байланысу сипаттары түрліше болады. Бірақ іс қағаз мәтіндерін үлкен бір құрылым ретінде алып қараған кезде, аталған сипаттараның түрлілігіне қарамастан, ол жалпыланған, біртектес жүйе ретінде танылады. Сондықтан іс қағаздары мәтіндерін жинақтап, оларды ортақ ерекшеліктеріне қарай топтап, ол топтардың бір-бірінен айырмашылықтары мен өздеріне тән ортақ қасиеттерін тауып, зерттеу – іс қағаздар тілін зерттеудіңм басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мұның өзі іс қағаздарының түрлерін, дәлірек айтқанда іс қағаздарындағы типтенген формаларды зерттеу болып шығады.
Тілдік бірліктердің қолданыс
кезіндегі ерекше сипатын экстралингвистикалық
факторлар айқындайды. Оларға тілдік
қолданыстың коммуникативтік
Кез келген мәтінді стилистикалық талдаудың методологиялық негізі – мазмұн мен форманың бірлігі. Олар диалектикалық бірлікте қаралады. Стилистикалық талдау теориясы мазмұн мен форманы шартты түрде бөліп алып қарауды немесе форманың жеке элементтерін зерттеуді жоққа шығармайды. Форманың жеке элементтерін зерттеу нысаны ретінде алғанның өзінде оның мазмұнға қатынасы және форма мен мазмұнның бір-біріне әсері үнемі назарда болуы тиіс.
Іс қағаздар мәтіндерінде стилистикалық талдау жасау – мазмұнның формалану сипатын ашу деген сөз. Бұл талдаудың бір бағыты іс қағаздар тіліне тән жекелеген тілдік бірліктерді анықтау тұрғысынан жүргізілсе, енді бір бағыты олардың өзара байланысын, қарым-қатынасын ашу тұрғысынан бірліктердің жай қосындысы емес, олар жеке тұрып емес, бір-бірімен байланысып, белгілі бір тәсілдер арқылы тұтастық құрғанда ғана мәнді.
Функционалдық стильдерді саралап
көрсетуші ғалымдардың
сипаты, басқа сөзбен айтқанда әр шығарманың, әр автордың өзіндік
қолтаңбасы, өзіндік қолдану стилі. Бұл жөнінде Г.Я.Солганик былай деп жазады: «Закон художественной речи – индивидуальность, неповторимость. Каждый крупный писатель создает свой художественный мир и свою манеру,свой слог»[1,86 б]. Көркем әдебиеттің тілі мен стилін зерттеуші ғалымдардың көпшілігі бұл ерекшелікке үлкен мән береді. Әр шығарманы, әр
-3-
жазушы, ақын тілінің ерекшілігін
талдағанда бұл мәселеге басты назар
аударылады. Мысалы, Б.Шалабай «Көркем
проза тілі» еңбегінде «Ғ.
Яғни ресми-іс қағаздар стилінің негізгі белгісінің бірі – оның
стандарттылығы. Стандарттылық ресми-іс қағаздар стилінің басты ерекшілігі болғанымен, әдеби тілдің басқа тармақтарында да стандарт формалар қолданылады. Мәселен, стандарт тән көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдердің бірі болып табылады. Бұлар ауыз әдебиеті үлгілерінің бірінен екіншісіне көшіп, жылдар бойы қолданылу барысында әбден тұрақталған, қалыптасқан тілдік бірліктер. Ертегілердің көпшілігі «Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде...» немесе «Баяғыда бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты...» деп басталса, жырлардың бірқатарында кездесіп отыратын: «Ерлер мінер алаға, көңілім толды санаға...» немесе «Жылқы ішінде ала-ды, қылшық жүнді қарады...» - деген жолдар жаңа оқиғаның бастауы ретінде қолданылған. Р.Сыздықова «ұзақ замандар бойы жиі қолданыла келе белгілі
-4-
бір поэтикалық немесе композициялық қызмет атқаратын «кезекші» құралдарға айналған формулалар» ретінде буырқанды, бұрсанды, мұздай темір құрсанды... қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды... қарға жүнді қаттасым, үйрек жүнді оттасым... т.б. атап көрсетеді[3,37 б].
Ғалым өзінің «XVIII-XIX ғғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбегінде: «Халық ауыз әдебиеті тіліне, әсіресе оның эпос сияқты кесек шығармаларына көптеген дәстүрлі образдар, дайын клишелер, кейбір сөздер мен сөз тіркестері ортақ болып келеді, олар біріне-бірі ауысып жүреді. Ал ақын-жыраулар тілінде мұндай ортақ элементтер фольклорға қарағанда кемдеу кездеседі, бірақ олар мұнда да бар», – деп жазады. Ғалым стандарт тілдік бірліктердің қолданылуын халық ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар творчествосының ұқсас, ортақ белгілерінің бірі ретінде қарастырып, ойын: «Айтыстар мен кейбір тұрмыс-салт жырларында және толғауларда орын алатын импровизация тәсілі ақын-жыраулар тілін халық поэзиясы дәстүрімен берік байланыстырады, өйткені импровизация табиғаты табан аузында табыла қоятын дайын штамптарды қол көреді. Бұл да сөз жоқ, кейбір авторлы айтыстарды, толғауларды, бата-тілектерді фольклор дүниесіне ұқсаттырып жібереді» – деп тұжырымдайды[3,37 б].
Яғни стандарт тілдік бірліктер тек халық ауыз әдебиеті үлгілерінде ғана емес, авторлы шығармаларда да кездесіп отырған. Мысалы, Шал ақынның шығармаларында кездесетін адам образын әр кезеңдегі жас ерекшілігіне қарай сомдау үшін қолданылатын «Он бес деген жасым-ай...», «Қырық деген жасыс-ай...» сияқты құрылымдар басқа ақындардың шығармаларында да қолданылады. Мұндай құрылымдар кезінде нақты бір образдың көрінісі ретінде тауып, кейін жиі әрі ұтымды қолданыла келе айтылмақ ойды, идеяны, образды күшейте түсу үшін қолданылатын, поэтикалық, поэтикалық немесе композициялық қызмет атқаратын, құралға айналған.
Кез келген тіл ол мейлі көркем әдебиет тілі болсын, публицистика тілі болсын, ғылым тілі болсын белгілі бір деңгейде стандартталған тіл. Мәселен, негізгі белгісінің бірі стандарттылық емес, даралық болып табылатын көркем әдебиет тілі мен ауызекі сөйлеу тілінде амандасу, қоштасу, рақмет айтудың қалыптасқан стандарт формалары бар. Оларды жас, жыныс т.б. ерекшілігіне қарай белгілі бір формасын қолданғанмен, әр адам я автор амандасу, қоштасу я рақмет айту формаларын өздері ойлап таппайды. Бірақ стандарттылықтың ең жоғары деңгейі, сипаты функционалдық стильдер ішінде ресми-іс қағаздар стилінде айқын көрінеді. Мұның көрінісі – іс қағаздар мәтіндерінде белгілі бір сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің дайын тілдік бірлік ретінде қайталанып келуі. Олардың қолданылуы іс қағаздар тілі үшін норма болып саналады.
-5-
- Стандарт тілдік бірліктердің қолдануы жайында ғалымдар пікірлері
Жалпы адамзат өмірі дара, ерекше, қайталанбас құбылыстармен қатар, белгілі бір әрекеттің, құбылыстың, оқиғаның қайталанып келіп отыруымен де ерекшеленеді. Себебі кез келген адам белгілі бір салт, дәстүр, әдет, ереже, заңдармен қоршалған ортада, қоғамда өмір сүреді. Қайталанып келетін құбылыстар мен оқиғалар адамзат баласының тілінде де көрініс береді. Жиі қайталанып келетін жағдайлар тілде стандарт құрылымдарды, стандарт сөздер мен сөз тіркестерін қалыптастырады. Бұл тілдік құбылыс та тіл білімінде ғалымдар назарынан тыс қалған жоқ. Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде Дж.Ферс [4], В.В.Виноградов[5], Ф.Н.Васильева[6], В.Г.Костомаров[7], Г.В.Колшанский[8] өмірде қайталанып келетін жағдайлардың жоғары жиілігі сөйлеу реакциясында клишеге, формулаға айналған тілдік бірліктер тудыратынын атап көрсетеді. А.Н.Васильева өмірдің түрлі типтік жағдайына байланысты туындаған, құрылымы мен стилі тұрақты, фразеологиялық сипаттағы да, фразеологиялық емес сипаттағы да коммуникативтік бірліктерді клише ретінде қарастырады. Зерттеуші пікірінше жоғары дәрежеде стандартталған мұндай коммуникативті бірліктер «адам санасында дайын блок түрінде жатталады» [6,57 б]. Зерттеуші Г.Л.Пермяков стандарт тілдік бірліктерге идиомалық тіркестерді, құранды терминдерді, мақал-мәтел, қанатты сөздерді, публицистикада және көркем әдебиет тілінде қолданылатын штамтарды жатқызады[9]. Газет тілін зерттеуші В.Г.Костомаров стандарт пен штамптың газет тілінде бар құбылыс екендігін, әрбір сөйлеу жағдайында керекті тілдік құралдарды ойлап табу мүмкін емес, оның қажеті де жоқ, ол тілді қолданушылардың бір-бірін дұрыс
түсінуін қиындатып жібереді, сондықтан көп жағдайда дайын тілдік стандарттар қолданылады деп жазады[10]. Тіл білімінде стереотип ретінде танылып жүретін тілдік құбылыс ғалымдар назарына іліккелі біраз уақыт
болғанымен, орыс тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де оның теориялық
негізі жасалып, тілдік құбылыс ретінде түбегейлі, кешенді зерттелген жоқ. Негізінен стилистикаға, фразеологиялық құбылыстарға, ғылым, баспасөз, ресми-іс қағаздар стиліне байланысты жазылған еңбектерде айтылып өтеді. Түрлі жылдарда жазылған ғалымдар еңбектерін сараласақ, ғалымдардың көпшілігі оның тілде бар құбылыс екенін, стильдердің бәрінде дерлік кездесетіндігін атап өткенімен, оның табиғаты қандай, ол стильдердің барлығының ортақ белгісі ме, әлде белгілі бір стильдің даралаушы белгісі ме, белгілі бір стильдің жағымды сипаты ма, әлде жағымсыз тілідк құбылыс па
т.б. осы сияқты мәселелердіңм
өз шешімін таппағандығын
-6-
Бұл құбылыстың лигвистикадағы терминдік қолданысы да бірізді емес. Себебі қайталанып, жиі қолданылатын, оңай айтылатын, дайын тілдік бірліктер түрлі ғылыми әдебиеттердің бірінде штамп, бірінде шаблон, бірінде стереотип, бірінде стандарт, бірінде клише, бірінде трафарет терминімен беріледі. Тіпті лингвистикалық сөздіктердегі атауы мен анықтамасының өзі әр түрлі. Мәселен, В.Н.Ярцевтің редакциясымен шыққан Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте, «Штамп – сөйлеу штампы – стилистикалық бояуы бар сөйлеу құралы, белгілі бір тілді қолданушылардың ұжымдық санасында шартты түрде орныққан, «қолдануға дайын», сондықтан да белгілі бір мазмұнды білдіруге «ыңғайлы» экспрессивті, бейнелі қызметі бар белгі. Штамп ұғымының негізінде функционалдық белгі жатыр: кез келген тілдің жиі қолданылатын құрылымдық және мазмұндық-мағыналық бірлігі – сөз, сөз тіркесі, сөйлем, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер т.б. штамп бола алады. Мысалы, «форум», «жиналыс», «мәжіліс» мағынасында т.б. «Штамп», «шаблон» терминдері жағымсыз бағалау мәніне ие және ең бастысы бұларды көп қолдану тіл мүмкіндігін ойсыз, талғамсыз пайдалануға алып келеді. Штамптың ақпараттық-қажеттілік сипаты бар және дайын формулаларды коммуникативтік талапқа сәйкес мақсатты пайдаланатын бейтарап стандарт, стереотип ұғымдырынан айырмашылығы да осы. Мысалы, «предъявленному верить» кеңсе клишесі мен «два до конца» тұрмыстық стереотипі іс қағаздар және ауызекі сөйлеудің тақырыптық-жағдаятты ерекшілігін бейнелейтін үйреншікті, үнемді формасы. Күші өзіндік ерекшілігі болып табылатын бейнелік экспрессия көпшіліктің сөйлеу жағдайында өзінен-өзі штампқа айналады. Мысалы, «ақ алтын», «қара алтын», «ұлы әдебиет», «ақ халатты жандар» және т.б. Мұндай құбылыс әсіресе бұқаралық қарым-қатынастың үгіттеушілік-насихаттау түріне тән: сондықтан штамптың қайнар көзі
публицистикалық тіл болып табылады» [11, 588-589 б]. Бұл сөздікте клише терминіне анықтама берілмеген, тек: «Клише – Штамп речевой» деген сілтемені кездестіруге болады[11,229 б].
Э.Д. Сүлейменова редакциялығымен шыққан «Тіл білімі сөздігінде»: «Клише ағыл.Cliche, stereotyped expression, фр.Нем. Klisshel, feste Wendung– қарым-қатынас жасау барысында сөйлеу ситуациясында оңай айтылатын дайын сөйлем орамы, сөздер тіркесі, стереотип. Мысалы, орыс тілінде смотреть с оптимизмом, найти выход, передавать привет, қазақ тілінде келешекке үміт арту, тығырықтан жол табу, тісімен құс тістеу», - деп түсіндірілген [12,180 б]. Яғни сөздік авторлары клише, стереотип, стандарт ұғымдарын бір қатардағы, синонимдес тілдік бірлік ретінде қарастырып, бұларға тілдік құбылыс ретінде жағымды сипаттама берсе, штамп, шаблон, трафарет ұғымдарын бір қатардағы, синонимдес тілдік бірлік ретінде
-7-
қарастырып, оларды жағымсыз тілдік құбылыс ретінде түсіндіреді.
А.Салқынбай, Е.Абақан авторлығымен шыққан «Лигвистикалық түсіндірме сөздікте»: «Штамп – тілдік Ш. – экспрессиялық, образды мағынасы бар, стилистикалық рең беруші сөйлеу құралы.Штамп дайын тұратын, қолайлы белгі ретінде түсініледі. Тілдегі кез келген жиі қолданыста болатын бірлік Штампқа айналады. «Штамп», «трафарет», «шаблон» тәрізді терминдер сөздерді кез келген жерде ойсыз, ретсіз және орынсыз қолдануға қарсы айтылады. Мысалы: «қара, ақ алтын»(мұнай, мақта), «ақ халатты абзал жан»(дәрігер), «қоян-қолтық араласу»(тығыз байланыс) және т.б. [13,270 б].
Тек лигвистикалық сөздіктерде
берілген анықтамалар ғана емес, бұл
мәселеге байланысты ғылыми-зерттеу
жұмыстарында айтылған ғалымдардың
пікірлері де әр түрлі,кей жағдайда
тіпіт қарама-қайшы десе де болады.
Мысалы, дайын тілдік бірліктердің
баспасөз бетіндегі қолданысын қарастыра
отырып Г.М.Поспелова клише терминін
қолданады. Клишелік бірліктер публицистикалық
стильдің қоғамдық қарым-қатынас және
әлеуметтік қызмет қажеттілігінен туындағанын,
олар негізінен ақпарат беру және
үгіт-насихат жүргізу
клише терминін қолданады. Зерттеуші «ауызекі сөйлеу тілі белгілі бір жағдайларда туындайтын түрлі клишелерге бай. Қатынастың ауызша түрі тілдік құралдарды барынша аз пайдалана отырып, ақпаратты қосымша түсіндірулерсіз-ақ жеткізуге мүмкіндік береді», «клише ауызекі сөйлеу тіліне ғана емес іскери, ғылыми, публицистикалық тілге де тән», – деп атап көрсетеді[16,14 б].
Түрлі әдебиеттерде штамп, клише, стандарт сөздер деп түрліше беріліп жүрген сөз қолданыстарын стандарт тілдік бірліктер деп атаған дұрыс. Стандарт тілдік бірліктер ұғымы клише, штамп, стереотип, шаблон, трафарет, стандарт құрылымдар деп әр түрлі атағанша терминдік қолданысқа қойылатын талап деңгейіне сай бірізді болсын деген мақсатпен және жоғарыда келтірілген ғалымдар пікірлерін сараптай келе алыныпп отыр.
-8-
Сонымен қатар іс қағаздары тілінде қолданылатын стандарт сөз, сөз тіркесі, синтаксистік құрылым, сөйлем мен мәтін қолданыла келіп қалыптасқан, нормаға айналған, оларды іс қағаздарын жүргізуші маман да, іс қағаздарын толтыратын, жазатын кез келген жеке тұлға да дайын күйінде алып қолданатындықтан іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктер деп қарастырғанды жөн көрдік. Олар дайын сөз, дайын сөз тіркесі, дайын синтаксистік конструкция, дайын сөйлем, дайын мәтін түрінде келеді, осылардың басын біріктіріп, бір сөзбен стандарт тілдік бірлік деп алып отырмыз.
-9-
2. СТАНДАРТ ТІЛДІК
БІРЛІКТЕРДІҢ РЕСМИ-ІС
2.1 Стандарттылық – ресми-іс қағаздар стилінің даярлаушы белгісі
Тіл біліміндегі штамп термині итальян тілінде мөр мағынасын беретін Stampa сөзінен қалыптасқан. Жалпы тілдік штамп дегеніміз – стилистикалық реңкі бар тілдік құрал, осы тілді қолданатын ұжым санасында қолдануға дайын, қолайлы, өзінің атқаратын қызметі бар белгі. Штамп ұғымының негізінде функционалдық белгі жатыр. Кез келген тілдегі жиі қолданылатын сөз, сөз тіркесі, сөйлем түрлерін, сондай-ақ қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді штамп деп тануға болады. Кез келген штампта құрылымдық – мазмұндық – мағыналық бірлік болады. Штамптарды ақпараттық, қажеттілік сипаты бар коммуникативтік мақсатқа сай қолданылатын дайын тілдік формула ретінде де тануға болады. Бұл тілдік формуланың ұтымды жағы:
- қолданысқа дайын;
- үнемді;
- үйреншікті.
Кез келген стандарт тілдік бірлік іс қағаздар тілінде бір күнде пайда болған жоқ. Бірнеше жылдардың жемісі ретінде танылады. Белгілі бір қолданыстар іс қағазының белгілі бір түріне ыңғайлы, анық, ойды дәл жеткізетін т.б. қасиеттеріне қарай жиі қолданылуы нәтижесінде стандарт тілдік бірлікке айналады да, іс қағаздар тілі үшін нормалану процесіне енеді. Іс қағаздарын жазу барысында, іс қағаздар тілінің қалыптасуы барысында іс жүргізуші немесе кез келген азамат түрлі тілдік бірлікті қолдануы мүмкін. Оның ішінде әдеби тілге тән, оның даму арнасына сай келетіндері, оңтайлы, ыңғайлы түрлері жиі қолданылып, белгілі бір кезең өткеннен кейін қалыптасқан, стандарт тілдік бірлікке айналады. Ал әдеби тілден тыс немесе әдеби тіл элементі болғанымен іс қағаздар тілінде қолдануға онша оңтайлы болып табылмайтындары іс қағаздарын жүргізуде қолданылмайтын элемент қатарына да қосылады.
Жоғарыда келтірілген
штамп терминіне қатысты
Көркем әдебет тілі мен публицистика тілінде штамптарды пайдалану шығарманы сүреңсіздіріп, сапасын түсірсе, іс қағаздар тілінде стандарт тілдік бірліктерді барынша жиі, тиімді пайдалану іс қағаздарын жазушының
-10-
сауаттылығын, лингвистикалық
даярлық деңгейінің жоғарылығын
көрсетеді, іс қағаздарының коммуникативті
функциясын айқын көрсетуге септігін
тигізеді. «В наиболшей степени
Іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктердің сипатын, табиғатын, ерекшеліктерін көрсетуші ғалымдардың көпшілігі өз еңбектерінде «бекіп, қатып қалған сөздер», «қатып қалған құрылымдар», «жалпыға бірдей қабылданған сөйлеуформуласы», «сөйлеу штампы» деген құрылымдарды қолданады. Бұл қолданыстардың астарында өзгермейтін, өзгертуге болмайтын, бекітілген, қабылданған, деген ұғымдар жатыр. Іс қағаздарының қайсысы болмасын белгілі бір заңдық күші бар құжат екендігін, заң ұғымыныңар жағында өзгертуге болмайтын, бекітілген деген ұғымдар жатқанын ескерсек, ресми-іс қағаздар стиліне стандарт тілдік бірліктердің басқа тілдік стильдерге қарағанда жиі қолданылуы, оның негізгі белгісі ретінде танылуы біздің ойымызша тек стереотиптілікке ғана байланысты емес, олардың заңға тікелей қатыстылығына да байланысты сияқты.
Іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктерді талдау нәтижесінде олардың мынадай негізгі белгілері анықталады. Олар:
- құрамының тұрақтылығы;
- үнемділігі;
- дыбысталуының үйреншіктілігі;
- мазмұнының көпшілікке түсініктілігі;
- қолданысқа икемділігі;
- дайын тілдік бірлік ретінде қолданылуы;
- еркін сөз тіркестері сияқты семантикалық мүшеленуі;
Іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктердің бойында мұндай фразеологизмдерге де, еркін сөз тіркестеріне де тән белгілердің, яғни қарама-қайшылықтың болуы біздің ойымызша оларды өз бойына қарама-қарсы белгілерді жинақтаған, үйлестірушілік қасиеті бар, ауыспалы типті құбылыс ретінде тануға алып келеді. Жоғарыда аталған белгілер іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктерді фразеологиялық және фразеологиялық емес деп топтастыруға болады. Мұның фразеологиялық емес деп қарастырылатындарының өзінде де жалпы іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктерге тән жоғарыда аталған белгілер болатындықтан, оларды фразеологияну үстіндегі стандарт тілдік бірліктер деп қарастыруға болатын сияқты. Жалпы іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктердің пайда болуының өзі жағдайдың жиілігі мен қайталануына байланысты екендігін ескерсек, мұндай жағдайда негізгі сөздің айналасында контексуалды элементтердің ұдайы қайталанып отыратын жиынтығы пайда болады. Сөйлеу узусы, дағды, әдет мұндай сөз тіркестерін стандартқа айналдырады. Яғни, олар сөйлеу желісіндегі дайын орам ретінде қайта туындайды да, көпшілігі әлі фразеологизм ретінде танылмаса да, фразеологиялық тілдік бірліктер
-11-
сияқты қолданылады. Бірақ
мұндай стандарт тілдік бірліктердің
фразеологиялық тілдік бірліктермен ұқсастығы
функционалдық тұрғыдағы
Іс қағаздар мәтіндерінде
қайталанып отыратын біртектес, стандарт
жағдайлар мен ұғымдар
Іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктердің сипатын, табиғатын ерекшеліктерін көрсетуші ғалымдардың көпшілігі өз еңбектерінде «бекіп, қатып қалған сөздер», «қатып қалған құрылымдар», «жалпыға бірдей қабылданған сөйлеу формуласы», «сөйлеу штампы» деген құрылымдарды қолданады. Бұл қолданыстардың астарында өзгермейтін, өзгертуге болмайтын, бекітілген, қабылданған деген ұғымдар жатыр. Іс қағаздарының қайсысы болмасын белгілі бір заңдық күші бар құжат екендігін, заң ұғымының ар жағында өзгертуге болмайтын, бекітілген деген ұғымдар жатқанын ескерсек, ресми-іс қағаздар стилінде стандарт тілдік бірліктердің басқа тілдік стильдерге қарағанда жиі қолдануы, оның негізгі белгісі ретінде танылуы біздің ойымызша тек стереотиптілікке ғана байланысты емес, олардың заңға тікелей қатыстылығынада байланысты.
Стандарт тілдік бірліктерді
ресми-іс қағаздар стилінің негізгі, даралаушы
белгісі ретінде таныдық. Бұл
қазіргі ресми-іс қағаздар тілінің
синхронды тұрғыда
-12-
2.2 Іс қағаздар түрлерінің үлгілері
- Анықтама
|
АНЫҚТАМА Осы анықтама______________________ (аты-жөні) ________________болып жұмыс істейтіндігі туралы берілді. (лауазымын көрсету) Анықтама ______________________________ (берілген органның атауы) көрсету үшін берілді.
________қаласы (______ауданының) әкімі__________ ___________________
|
- Куәлік
Өтініш бергендігі туралы КУӘЛІК ________қаласы
|

- Мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуы
- Мемлекеттік кірістер, оларды жүмылдыру әдістері
- Мемлекеттік кредит
- Мемлекеттік кредит
- Мемлекеттік кызмет
- Мемлекеттік кызымет
- Мемлекеттік қаржы
- Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
- Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы
- Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы
- Мемлекеттік геодезиялық тораптар
- Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мәні
- Мемлекеттік инвестициялық заңнамалары