Менеджмент негізі пәні бойынша бақылау жұмысы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі

Д.А Қонаев атындағы университет колледжі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Менеджмент  негізі пәні бойынша

     бақылау жұмысы 
 
 
 
 

                               Орындаған: Отарбаев.А

                                                                                  Тексерген: Оспанбаев.Ж.А 
 
 
 
 
 
 

Алматы  2010 

Жоспары:  

IV – нұсқа

  1. Бақылау: мәні және мазмұны;
  2. Топты басқару;
  3. Ұйымдастыру мәдениеті;
  4. Басқару  процесін мәліметпен қамтамасыз ету;
  5. Ұйымдастыру қызметі және әртүрлі көзқарастар.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                        
 

                                                                                                                                  

     1) Бақылау: мәні және мазмұны.

Бақылау – бұл  ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін процесс.

  Бақылау  не үшін қажет ?

- Анықсыздық  факторының маңыздылығы соншалықты, сыртқы орта ықпалын анықтау  үшін қажетті механизм дайындалып, бейім тұру керек.

- Дағдарыстық  жағдайлардың пайда болуын ескерту. Бақылау функциясы- бұл мәселелерді анықтауға және ішкі жағдайлар дағдарысқа айналып кетпейтіндей ұйымның қызметін сәйкесінше түзетуге мүмкідік беретін басқару сипаттамасы.

  - Жетістікті  қолдау.  Мақсатқа жетуге ұйым  қызметінің қандай бағыттары  неғұрлым тиімді көмектесетінін анықтау.

- Бақылаудың  кеңдігі. Бақылау – басқарудың  маңызды және күрделі функциясы.  Әрбір жетекші – міндеттемелердің  бөлігі, оны тұрақты түрде жүзеге  асыру керек.  

Тәжірибеде бақылаудың мына түрлері бөліп көрсетіледі:

       Алдын ала болжау;

       Ағымдық;

       Қорытынды.

Жоспарлауды, құрылым  құруды бақылауға сирек жатқызады, бірақ олар ұйымның қызметін алдын  ала бақылауды жүзеге асыруға  мүмкіндік береді.

  1. Алдын ала бақылау операциясының басталуына дейін жүзеге асырылады. Алдын ала бақылаудың басты құралдары – белгілі бір ережелерді, процедураларды жүзеге асыру. Ұйымдарда алдын ала бақылаудың 3 ауқымды түрі қолданылады:
  • адамдық ресурстарды басқару;
  • материалды ресурстарды басқару;
  • қаржылық ресурстарды басқару.
  1. Ағымдық бақылау тікелей жұмыс барысында жүзеге асырылады. Ағымдық бақылаудың объектісі – бағынушы жұмысшылар, олардың жұмысы дағдылы тексеріліп отырылады, пайда болған мәселелер талқыланады және ұсыныстар көзделген жоспарлардан ауытқуға жол бермейді. Ағымдық бақылауда жүзеге асыру үшін кері байланыс, алынған нәтижелер туралы мәліметтер қажет.

    Жүйе “  шығыста ” талап етілетін сипаттамаларға жету үшін “ кіруге ” ықпал етеді. Кері байланыстың барлық жүйелері мыналар арқылы сипатталады:

  • Мақсаттар;
  • Сыртқы ресурстарды қолдану;
  • Сыртқы кірістерді ішкіге құру;
  • Көзделген мақсаттардың ауытқуын бақылау;
  • Ауытқуларды мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін түзету.

 

  1. Қорытынды бақылау бейім болу үшін кешірек жүзеге асырылады. 2 маңызды функцияға ие:

- жоспарлауға қажетті ақпарат беру;

- мотивацияға көмектесетін ақпарат беру.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2) Топты басқару.

Басшылар ( менеджер, меңгеруші) басқару ісінде басты орында алады – ол белгілі ұжымды ( жұмысшылар ұжымын) басқарады   ( жетекш3л3к жасайды, ұйымның нақты іс – қызметтерін іске асыру үшін белгілі өкілеттілі болады ( шешім қабылдауда) және ұжым жұмысының нәтижелілігіне толықтай жауапты. 

      Басшы міндеттері
1. Басшы  міндетті, барлық оған бағынышты  бөлімдерде, қызмет орындарында,  өздерінің жұмыстық, жұмыскерлік  сапасында және өзінің жұмыс міндеттеріне сай келетін адамның жұмыс жасайтындығын білуде.
2. Өзінің  бағыныштыларына, мамандарына өз  еріктерімен жұмыс жасап,шешімдер қабылдауға мүмкіндік беруге, олардың іс – қызметтеріне ерекше, төтенше жағдайда ғана араласуға.
3. Өзінің  жұмысшылары мен мамандарына, әріптестеріне нақты тапсырмалардың орындалу мерзімін және маңызды элементтерін атап беруі керек.
4. Өзінің  бағыныштыларының іс – қимылдарын  бақылап және үйлестіріп, қажет  болған жағдайда түзетіп, сынға  алып отыруы қажет.
5. Өте қауіпті, қатерлі жағдайларда шешім қабылдауда мамандармен ақылдасуы, жағдайды талқылау қажет. Шешімді талқылап, таразылап қабылдауы керек.
6. егер  бағыныштылары өздерінің міндеттерін  орындамайтын болса, ал жұмыс  кейінге қалдыруға болмайтын  жағдайда өзі шешім қабылдауы керек

 

Қызметкерлердің (бағынышталардың) міндеттері
1. Өздерінің  өкілеттіліктері шеңберінде өз  еріктерімен шешім қабылдауға  міндетті және өздерінің міндеттерін  ұжымға, басқа біреулерге беруге  құқтары жоқ. 
2. Әр  уақытта қабылданатын шешім оның өкілеттік шеңберінен шығатын жағдайда, ол бұл туралы өзінің басшысына айтуға міндетті
3. Өз  басшысымен қажет деп санайтын  сұрақтар-бойынша ақылдасып отыруға  міндетті
4. Өз  жұмысының (қызмет аясының) мүмкіндіктерін  арттыру жолдарын ойластыруы  және жетілдіру туралы ұсыныстар беруі керек (ол турасында басшысын алдын-ала мәліметтеуі қажет).
5. Өз  жұмысын, қызметін, басқа қызметкерлердің,  бөлімдердің жұмыстарынмен үйлестіруі  қажет  
6. Ол  әр уақытта өз басшысын істеліп жатқан жұмыстары жөнінде хабардар етіп отыруы керек (басшы әр уаақытта істеліп жатқан жұмыстардың  бағытын біліп отыруға міндетті).
7. Ол  әр уақытта өзінің мамандық  деңгейін көтеріп отыруға міндетті
 
Жауапкершіліктің  екі түрі болады
Іс-қимылға жауапкершілік
Басшылық  жауапкершілігі
 

      Іс-қимылға жауапкершілік - бұл қызметкердің өз іс-қызметін атқарудағы қимылдарына, қателіктеріне жауап беруі.

      Басшылық жауапкершілігі – басшының қызметкерлеріне бағыталған өзінің міндеттерін орындаудағы жауапкершілігі. 

Басшы өзінің қызметкерлері үшін төмендегідей

жағдайларда жауап береді

1. Қызметкерлерін  (бағыныштыларын) дұрыс таңдап алмаған,  оның лауазымдық, жұмыс орнына  сай келетіндігін көрсетпеген
2. Жаңа  қызметкерге қажетті нұсқаулар  мен мәліметтерді бермеген
3. Өзінің  қызметкерлерінің ң іс-қызметтерін дұрыс бақыламаған
4. Дер  кезінде қызметкерлердің сынмаен,  кемшіліктерін көре түзетпеген 
 
Жоғары  басшылықтың қызметтері
1. Кәсіпорының  жалпы (ортақ) мақсаттарын анықтау  және оны қоғам, нарық жағдайларына  сай келтіру 
2. Кәсіпорының қысқа, орта және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын даму сратегиясын жасау
3. Кәсіпорының ұйымдық құрылымын жасау
4.Өндірістік саясатын анықтау, немесе не өндіру, қалай өндіру, қанша өндіруді қалай тәсілдермен өндіруді анықтау
5. Зерттеулер жүргізудің бағыттарын анықтау.
6. Маркетинг концепциясын тұжырымдау
7.Сатып алу жөніндегі жалпы ережелерді жасау, сатып алу саясаты
8. Қаржы саясатының жалпы бағытын анықтау
9. Әлеуметтік сұрақтарды және кадр саясатын шешудегі негізгі шешім
10. Кәсіпорының барлық аймақтарының жұмыс жағдайларын үйлестіру
11.Басшыға  тікелей бағынатын және штабтық  қызметкерлерді, басшыларды таңдау (өндіріс бөлімдердің)
 
Әкімшілік қызметтері төмендегідей

  аймақтарға таралады:

Ішкі  кәсіпорындық (фирмалық) мәліметтерге
Есеп  бөліміне (бухгалтерияға)
Қаржыға
«паблик рилейшезге»
Салықтық  және құқықтық сұрақтарға
Төлемдерді  төлеуді, және т.б. бақылауға 
Басшылық  қызметіне келесі жұмыстар кіреді:
Кадрлық құрамға басшылық ету
Барлық  сфера жұмыстарын реттеу, үйлестіру
Кәсіп орынды қажетті қаржымен қамтамасыз ету, қарыз алу жаңа акция шығару жолдары арқылы және т.б.
Кәсіпорынның  қызметін жоспарлау және жұмысты  жоспар негізінде жүргізу.
Кәсіпорынның  барлық бөлімдерінің қызметіне бақылау  жүргізу.
Капиталды бөлу.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       3) Ұйымдастыру мәдениеті.

Еңбекті мамандандырумен  бөлісу адамдар жұмысының айқын  түсініп, қоян – қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру қызметінің міндеті, еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппараттағылардың барлығының, жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

   Ұйымдастыруды басқару  қызметі өндірісті  дамытудың белгілі алты принципі бойынша құралады: а) мамандандыру; ә) пропорционалдық; б) паралельдік; в) дәлелдік; г) үздіксіздік және д) ырғақтылық.

    Ұйымдастырудың  өзі адамдардың бірлескен іс  – қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге

мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы  болуы, әрі белгілі бір ұйымдық  құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет  етуі мүмкін.

   Ұйымдастыру  – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшн тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      4) Басқару процесін мәліметпен қамтамасыз ету.

Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Қызметтің мән– мзмұнын

айқындау үшін оның анықтамасын берейік. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.

    Осы  анықтамадан бірқатар қорытынды  жасауға болады. Басқару ең алдымен,  ықпал ету, демек мұның өзі  сол әрекетке билік ету қажеттілігін көрсетеді.

  «Мақсаттылық» анықтамасы басқару міндетін – ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді.

Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.

    «Жүйелік»  анықтамасы дүркін-дүркін емес жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттілігін көрсетеді.

     Әрекеттің  осындай міндетті бірізділігін  басқару процесі деп атайды. Әр  түрлі деңгейде басқару процестерінің  күрделілігіне және алуан түрлілігіне  қарамастан, Д.Н.Бобрышев осы категорияға  – басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару процесі – бұл шешімді шығаруды, қабылдауды қабыданған шешімінің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің  орындалуы барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.

     Басқару  процестерін басқарудың көптеген  жүйелері мен салаларында жүзеге  асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде,  кәсіпорындарды тасмалдау орындарында,  т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін  ұжымның барлығында белгілі бір  мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе  «Стратегиялық басқару», «жедел басқару» секілді терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.

     Басқару  циклді процесс ретінде қарастырылады,  ол «басқару қызметі» деп аталатын басқару жұмысының нақты түрінен тұрады. Басқару қызметі-басқару жұмысының нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылыда.

  Әр бір  басқару қызметі процесс болып  саналады, өйткені, бұлар да өзара  байланысты әрекеттер сериясынан  тұрады. Басқару қызметі барлық  қызметтің жалпы жиынтығы. Басқару қызметіне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңіл бөлді. Кезінде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «басқару дегеніміз болжалдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау». Бұл қызмет басқарудың теориялық категориясы ретінде әдебиеттерде кеңінен пайдаланылады, бірақ бір жақты емес.

     Функция – көп мәнді термин. Философияда бұл екі объектінің қарым – қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, социологияда – белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды.

    Функция  – бұл сонымен қосы әрекет, міндет жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару қызметінің категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай – ақ  олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа қызметтерінде - өндірістік, әлеуметтік т.б. өзгешілігін көрсету үшін  пайдаланылады.

     Басқару  қызметінің  өзіндік өзгешілігі, ерекше мазмұны болады  әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез – келген басқару саласындағы адамдар қызметіне теңдестіруге болады. Шындығында, кез - келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орныдалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.

    Басқарудың  барлық қызметі бір – біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір – бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару қызметіне деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі.  «Менеджмент негіздері» кітабының авторлары (М.Х.Мескон, М.Альбет, Ф.Хедоури) басқару қызметінің елеулі ұйымдарға қолдануға болады. Авторлардың пірінше,  басқару процесі олардың өзара байланысты қызметтерінен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мотивация және бақылаудан  тұрады.  

                         

   

     5) Ұйымдастыру қызметі және әр түрлі көзқарастар.

Басшының міндеті  ұйымның мақсаты мен міндетіне  толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы факторларына ырпал ететін құрылымды таңдап алу. «Ең қолайлы құрылым – бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш – жігері өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым».

     Басқару  құрылымын қалыптастырған кезде  мынадай теориялық көз карастар, тұжырымдар болуы мүмкін.

    Классикалық теория өндіірісті басқару құрылымын қалыптастыруды  мынадай  ретпен жүргізуді ұсынады: басқару қызметінің мақсаттары мен  түрлерін айқындау, басқарудың нақты қызметі бойынша іс-әрекет ауқымен есептеу; құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару қызметін атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу; олардың нақты қызмет түрін айқындау.

     Бихевиоралдық көзқарас бірінші кезекте өндіріс ұжымындағы жұмыскерлердің әлеуметтік рөлін көтеруге негізделген. Мұндайда басқару аппаратындағы жұмыскерлердің бірлескен іс-қимылы, егер олар бірлесіп жұмыс істеуге ықылас білдірсе ғана тиімді болатындығын мойындайды.

     Жүйелік көзқарастың мәні сол, өндірістік ұйым мен басқару құрылымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осы көзқарастың бір түрі, құрылымды басқару шешімдерін қаблдауға және жүзеге асыруға қажетті механизм ретінде қарастыру болып саналады.

     Ситуациялық (жағдайлық)көзқарастың мәні сол, басқару құрылымын құрудың ең қолайдлы әдісі әр түрлі ситуациялық нақты фактілерге (өндіріс технологиясы типтерінің өзгеруіне, шешілуге тиісті міндеттердің сипатына, басқару процестеріне т.б.) сүйенуі тиіс.

     Бюрократтық (кеңсешілдік) көзқарас еңбек бөлісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бір біріне қарай бөлінуінің жетілдірілуімен, бұйрық  беру тізбектілігімен, қызметшілердің жүріс – тұрысында көптеген ережелер мен нормаалардың болуымен, кадрларды, іскерлік және кәсіптік сапасына қарай таңдаумен сипатталады. Вебер мұндай құрылымды «тиімді» деп санады, өйткені бюрократтық жолмен қабылданған шешімінің ақиқаттық сипаты болады деп есептейді.                   

Менеджмент негізі пәні бойынша бақылау жұмысы