«Мұсылман» мәдениеті

             Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым  Министрлігі    

                    А.Ө. Байқоңыров  атындағы Жезқазған  Университеті   

                                          Құрылыс кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

                               

                      Тақырыбы:                    

                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                    Орындаған: Ауезова А.М.

                                                                    Қабылдаған: Дисекенова Н.И.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          Жезқазған 2011 жыл

                                                « Мұсылман» мәдениеті

                                                              

                                                            Дін дегеніміз не?

     Дін – адамдарды мəңгілік бақытқа  қауыштыру үшін Аллаһу та’ала тарапынан көрсетілген жол. Аллаһу та’ала Адам алейһиссаламнан бері əр мың жыл сайын пайғамбарлар арқылы адамдарға дін жіберіп отырған. Адам алейһиссалам – алғашқы адам жəне алғашқы пайғамбар. Пайғамбарлар – Аллаһу та’аланың діндерін адамдарға уағыздайтын, жеткізетін адамдар. Жаңа дінді жеткізген пайғамбар “Расул” деп аталады. Əр ғасыр сайын ең таза адамды пайғамбар ету арқылы діндерді қуаттандырып отырған. Расулдарға тəуелді бұл пайғамбарлар “Нəби” деп аталады.

Барлық  пайғамбарлар бір ғана иман туралы айтқан, яғни олар үмбеттерінен бір нəрсеге иман етуді қалаған. Адам алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссаламның уағыздаған иман негіздері бірдей. Тек қана жүрекпен жəне тəнмен жасалатын амалдар мен сақтануы қажетті жағдайлар ғана басқаша. Аллаһу та’ала расулдары арқылы жіберген діндеріндегі бұндай жағдайлардың кейбіреуін қолданыстан

алып, жаңа үкімдер енгізген. Əрбір дін, өзінен бұрын келген діннің үкімдерін жойып отырған. Соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам өзінен бұрын келген барлық діндердің үкімдерін қолданыстан шығарған. Қазіргі кезде əлемдегі жалғыз дұрыс дін – Мұхаммед алейһиссалам уағыздаған Ислам діні. Бұл діннің ешқандай үкімі бұзылмаған. Ешқашан бұзылмайды да. Бұл діннің кітабы болып табылатын - Құран кəрім еш өзгерместен сол күйінде сақталған. 

                                          Дін адамға не үшін қажет?

     Барлық  жаратылысқа барлық ниғметтерді, жақсылықтарды беретін тек қана Аллаһу та’ала. Барлық нəрсені бар еткен де Сол. Жекелеген жақсы қасиеттер адамдарға Аллаһтың рақымдылығымен беріледі. Тіршілік ету, білу, есіту, көру, сөйлеу, қозғалу сипаттары Аллаһ тарапынан беріледі. Сансыз ниғметтерді берген де Сол. Адамды

қиналыстан  құтқаратын, достың, дұшпанның, имандының, имансыздың барлық қажет нəрсесін жіберетін де – Сол. Ол имансыздарға ниғмет беруді шектемейді, жазалануы тиістілерді жазалауда асықпайды. Нығметін досқа да, дұшпанға да бірдей шашады. Бүкіл ниғметтердің ең құндысы – мұсылмандықты айқын көрсетеді. Жаратқандарының ішіндегі ең жақсылары болған пайғамбарларына бағынып, мəңгілік бақытқа жетуді бұйырады. Жақсылық жасаған адамға рахмет айтылатынын барлық адам біледі. Бұл адамдық - парыз. Ол адамға құрмет көрсетіледі. Олай

болса барлық ниғметтің ақиқат иесі – Аллаһу та’алаға шүкіршілік ету – адамзаттың парызы. Алайда, Аллаһу та’ала барлық айып пен кемшіліктерден пəк, ал адам баласының кемшіліктері өте көп, сондықтан олардың Аллаһпен қатынасы жоқ. Оны қалай ұлықтауды, Оған қалай шүкіршілік етуді, Оған қалай сыйынуды білмейді. Оған айтатын жақсы сөздер Оның тарапынан жаман болып қабылдануы мүмкін. Оған деген құрметтері, Оған жасаған ғибадат түрлері, Оның өзінің тарапынан түсіндірілмеген болса, ол əрекеттер лайықты əрекеттер деп саналмайды. Міне, өзі көрсеткен иман ету, ғибадат жəне шүкіршілік ету түрлері – пайғамбарлар алып келген діндер болып табылады. Адамдар пайғамбарлар көрсеткен осы діндерге сене отырып, Аллаһу та’алаға дұрыс иман келтіріп, дұрыс ғибадат жасаған. Осылайша əлемде еркін жəне тыныш өмір сүрген ахиретте есепсіз ниғметке қауышқан. Ал сенбегендер дүниеде адамша жақсы өмір сүре алмаған, ахиретте шексіз азапқа душар болған. Міне, ақылы толық əрбір адам баласына дін, яғни Ислам діні қажет. Оған сену жəне мойынсұну – ақылдың талабы.

                                                            Ислам дегеніміз не?

     Аллаһу  та’аланың Жəбірейіл періште  арқылы сүйікті жəне соңғы пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға жіберген діні Ислам деп аталады. Ислам - адамдардың осы дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүрулерін, ахиретте мəңгілік бақытқа қауышуларын қамтамасыз ететін қағидалар жиынтығы. Ескі діндердегі барлық жақсы қасиеттерді Ислам өз бойына жинаған. Барлық бақыт пен жақсылық та сонда. Ислам саналы адам баласы сөзсіз қабыл ететін негіздер мен рухани құндылықтардан тұрады. Жаратылысында пəктік болған жандар Исламға дұшпан болмайды. Исламның ішінде ешбір зияндылық жоқ. Сыртында да ешбір пайда жоқ. Ислам адамдарды бір-бірін жақсы көруге, бір-біріне жəрдемдесіп, бауырларша өмір сүруге шақырады. Мемлекеттерді дамытуды, адамдардың рух, тəн жəне пікірлеу тұрғысынан еркін өмір сүруін қалайды. Аллаһу та’аланың бұйрықтарын құрметтеуді, бүкіл тірі жанға мейрімді болуды бұйырады. Ислам жанды-жансыз əрбір жаратылғанға деген жауапкершілікті жүктенген. Сонымен қатар, адамнəпсісінің хайуани жəне шахуани ластықтардан тазаруын қамтамасыз етуде. Жаман əдеттерден аулақ болып, нəпсіні тəрбиелеуге шақырады.

Жалқаулыққа, уақытты  бос өткізуге тыйым салып, ғылымға, техникаға, өнеркəсіпке, саудаға, егіншілікке, өнерге үлкен мəн береді. Діні, отаны, сенімі басқа болған адамдарға күш көрсетуге тыйым салады. Жеке адамның, жанұяның жəне ұлттардың құқықтары мен міндеттерін көрсетеді. Тірілерге, өлгендерге, туылатындарға, баршаға өзіне тəн құқық жəне жауапкершілік жүктеуде. Ислам діні адамзаттың осы дүние мен ахиретте бақытты болуын көздейді. Басқа діндердің негізі өзгертіліп, діни үкімдердің орнына адамдар ойлап шығарған пікірлер үгіттеледі.

Аллаһу та’ала адамдардың бұл дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүруін, ахиретте шексіз бақытқа қауышуын қалайды. Сол үшін бақытқа жеткізетін пайдалы нəрселерді жасауды бұйырады. Зиянды нəрселерге тыйым салады. Дінге сенсін-сенбесін, кез-келген адам біле тұра немесе білместен Аллаһу та’аланың бұйрықтарына мойынсұнса, дүниеде рахат өмір сүреді. Қазірде дінсіз адамдар мен ұлттардың  бірқатар істерде жетістікке қол жеткізуі Ислам дініне сай əрекет жасауларына байланысты болып отыр. Ал, ахиретте бақытқа жету үшін Ислам дініне сеніп, иман келтіру де қажет. Ислам үш негіз: білім, амал (əрекет) жəне ықыластан тұрады. Яғни, Ислам діні туралы білім алу, үйренгендерін жүзеге асыру, жасаған барлық ісін Аллаһтың ризалығы үшін жасау керек. Ислам ғылымы - иман білімі, фиқһ білімі, қалб (көңіл-жүрек) білімдеріне бөлінеді. Мұсылман адам иман білімін Əһли сүннет ғалымдарының кітабынан алады. Амал білімін төрт мазһабтың фиқһ кітаптарынан алады. Əһли сүннет ғалымдары бұл деректерді сахабалардан алған.

Ал сахабалар  пайғамбарымыздан алған. 

Ислам дінінің қайнар көздері (Əдиллəи шарийа) 

Ислам діні төмендегі  төрт дəлелге сүйенеді:

1. Құран кəрім

Құран кəрім – Аллаһу та’ала тарапынан Жəбірейіл алейһиссалам арқылы Мұхаммед алейһиссаламға жіберілген кітап. Құран кəрімде 114 сүре, 6236 аят бар. Құран кəрім Мұхаммед алейһиссаламға жіберілген қалпында сақталған, ешқандай өзгерту енгізілмеген. Мұхаммед алейһиссалам дүниеден өткеннен кейін Халифа Əбу

Бəкір (радиаллаһу анһ) Құран кəрімді жатқа білетіндерді жинап, жазылғандарын топтастырып, бір кеңес алқасына бəрін жаздырған. Отыз үш мың сахаба осы жазылған кітаптың əрбір əрпінің дұрыстығын бір ауыздан растаған. Бұл кітап «Мусхаф» деп аталады. 1400 жылдан бері осы Құран кəрім өзгертілместен жеткен. Қазіргі кезде əлемдегі барлық Құран кітаптары бірдей. Құран кəрім – Аллаһу та’аланың сөзі. Аллаһу та’ала Құран кəрімді Мұхаммед алейһиссаламға жіберген. Сондықтан да оны ең жақсы түсінетін адам Мұхаммед алейһиссалам. Пайғамбарлықтың не екенін түсінбейтін кейбір дінсіздер Құран кəрімді түсінеміз деп ойлайды. Мұхаммед алейһиссалам Құран кəрімді сахабаларға оқып, хадис шəрифтер арқылы түсіндірген. Əһли сүннет ғалымдары бұл түсіндірмелерді кітаптарына жазып алған. Құран кəрім мен хадистерден қате мағына шығарғандар бидғат иелері (өзгертушілер) болады. Өз тұжырымдарын аят немесе хадис деп есептегендер зындық (дінсіз) болып есептеледі.

2. Хадис шəрифтер

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның сөздері  “Хадис шəриф” деп аталады. Мағынасы Аллаһу та’ала тарапынан келген, сөздері  Мұхаммед алейһиссалам тарапынан айтылған сөздер Құдси хадистер деп аталады. Мұхаммед алейһиссаламның хадистері  бағалы хадис кітаптарына жинақталған. Барлық Ислам ғалымдары дұрыс деп бекіткен алты хадис кітабы бар. Олар «Кутубу Ситта» деп

аталады. Олардың  ішіндегі ең танымалы “Бухари-и Шəриф” хадис кітабы. Қалғандары: “Сахих-и  Муслим”, “Мууатта”, Тирмизидің “Жами’ус-Сахих” кітабы, Əбу Дауыттың “Сунан” кітабы, Имам Нисаидің “Сунан-и Сағир” кітабы.

3. Ижма-и уммат

Бір дəуірде  өмір сүретін мужтаһидтердің, яғни Құран кəрім мен хадистерден  үкім шығара алатын əһли сүннет ғалымдарының ауызбірлігі «Ижма-и уммат» деп  аталады. Ижманың да дəрежелері болады. Ең жоғарғы ижма сахабаларға тəн. Сахабалардың əрқайсысы мужтаһид болатын. Сахабалар мен тəбиин’ул-изамдар, осы екі ұрпақ ғұлама бірдей «Сəлəф’ус-салихин» деп аталады. Олардан кейін хижраның 400 жылына дейін келген əһли сүннет ғалымдары «Халеф’ус-Садықин» деп аталады. Бұлар иман, амал ілімдерімен қалб (көңіл) марифаттарында (рухани білімдер) сəлəф’ус-салихиннен айырылмаған.

4. Қияси фуқаһа 

Құран кəрім, хадистерден  немесе Ижмаи умматтан шығарылған Ислам  үкімдері “Қияси Фуқаһа” деп аталады. Мұны атқаратын ғалымдарды “мужтаһид” деп атайды.

Бір мужтаһидтің  шығарған үкімдерінің жалпы атауы  “Мазһаб”. Əһли сүннеттің төрт мазһабы  болған Ханафи, Шафии, Малики, Ханбали  мазһабтарының бүкіл үкімдері кітаптарға көшірілген. 

                                                        Құран кəрім

Құран кəрім  бұрыннан бар. Бұған “қадим” деп  айтады. Кейіннен жаратылған емес. Мұны тура жолдағы əһли сүннет ғұламалары ауызбірлігімен айтқан. Кəлами нафси  – Аллаһтың сөзі, яғни Аллаһу та’аланың  Кəлам сипаты дегенді білдіреді. Кəлами лафзи де Аллаһтың сөзі, бірақ бұл Аллаһтың сипатынан емес, жаратуынан пайда болған деген мағынаны білдіреді. Құран кəрімнің сөздері арапша. Алайда, бұл сөздерді құрастырған Аллаһу та’ала. Адамның туындысы емес. Құран Кəримдегі

арапша кəлималар Аллаһ тарапынан құрастырылып аяттар түрінде реттеліп, Жəбірейіл атты періште оны сол кəлима жəне əріптерімен пайғамбарымызға оқыған. Мұхаммед алейһиссалам оны есітіп, жаттап алып дереу сахабаларға оқып берген. Аллаһу та’ала Құран кəрімді араптар ішінде құрайыш тайпасының диалектісінде жіберген. Құран кəрім алғаш қадір түнінде түсе бастаған. Бұл жиырма үш жылға созылған. Ал, Тəурат, Інжіл жəне басқа кітаптар мен сахифалар бəрі бірден түскен. Құран кəрім Мұхаммед алейһиссаламның мұғжизаларының ең үлкені жəне ол адамның сөзіне ұқсамайды. Жəбірейіл алейһиссалам жылына бір рет келіп, сол кезге дейін түскен Құран кəрімді лəухул махфуздағы реті бойынша оқитын. Пайғамбарымыз оны тыңдап, қайталайтын. Ол дүние салатын жылы екі рет келіп барлығын оқыды. Мұхаммед алейһиссалам мен сахабалардың көпшілігі Құран кəрімді толығымен жаттап алған еді. Кейбіреулері біраз жерлерін жаттап, біраз бөлігін жазып алған еді. Мұхаммед алейһиссалам дүниеден өткеннен соң халифа Əбу Бəкір (радиаллаһу анһ) аяттарды жатқа білетіндерді жинап, жазғандарды

алдырып, Зайд бин Сабит басқарған кеңеске  Құран кəрімді тұтастай қағаз  бетіне түсіртті. Осылайша, “Мусхаф” деген кітап пайда болды. Отыз үш мың сахаба бұл мусхафтың əрбір  əрпінің дұрыс екендігіне бір  ауыздан куəлік берді. Үшінші халифа Осман (радиаллаһу анһ) хижраның жиырма бесінші жылы сүрелерге бөліп, тағы алты данасын жаздырып, Бахрейн, Шам, Мысыр, Бағдат (Куфа), Йемен, Мекке жəне

Мəдинаға жіберді. Қазір бүкіл əлемдегі мусхафтар  осы жетеуінен көбейтілген. Олардың  арасында бірде-бір айырмашылық жоқ. Құран кəрімде 114 сүре, 6236 аят бар. Аят санының өзгертіліп айтылуы ұзақ бір аяттың бірнеше қысқа аят деп көрсетілуінен немесе бірнеше қысқа аяттың бір аят деп саналуынан немесе

сүрелердің  басындағы «бисмилла» сөзінің бөлек  аят деп есептелуінен туындайды.

Құран кəрімнің аудармасы жəне тəфсирі Құран  кəрім ешқандай тілге, тіпті арап тіліне де толығымен аударыла алмайды. Құран кəрімнің мағынасын түсіну үшін оның аудармасын оқымау керек. “Аяттың  мағынасын түсіну” деген сөз  “Аллаһу та’аланың осы аятта не дегісі келетінін түсіну” дегенді білдіреді. Бір аяттың аудармасын оқыған адам Аллаһу та’аланың бұл аяттағы мақсатын ұғына алмайды. Аударған адамның білім деңгейіне қарай жеке басына түсініп, жазған мағынасын ғана оқиды. Надан, дінсіз адам жасаған аударманы оқыған кісі Аллаһу та’аланың айтқандарын емес, аудармашының өзінше түсіндіргісі келгенін үйренеді. Құран кəрім – ахками илаһи (Аллаһтың үкімдері) болып саналады. Бұл – Жаратқанның белгілеген заңдары деген сөз. Аллаһу та’ала Құран кəрімде құлдарына бақытқа жету жолын көрсеткен жəне өзінің сөзін адамдардың ең ұлысына жіберген. Құран кəрімнің мағынасын тек Мұхаммед алейһиссалам түсінеді. Басқа ешкім толық түсіне алмайды. Сахабалардың өзі арап тілін біле тұра, кейбір аяттардың мағынасын

түсіне алмай, оны Мұхаммед алейһиссаламнан сұрайтын. Хазреті Омар (радиаллаһу анһ) бір күні бір жерден өтіп бара жатып, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның Əбу Бəкірге бір нəрсе түсіндіріп жатқанын көреді. Олардың жанына келіп, тыңдайды. Мұны басқа сахабалар да көргенімен, олардың қасына

келіп тыңдаудан  тартынады. Олар ертеңіне Омардан сұрайды: “Ей Омар! Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) кеше сізге не түсіндірді? Бізге де айтыңыз. Біз де білейік.”  Өйткені, Расулуллаһ: «Менен есіткендеріңді діндес бауырларыңа айтыңдар. Бір-біріңе хабарлаңдар» деген. Омар (радиаллаһу анһ): “Кеше Əбу Бəкір радиаллаһу анһ Құран кəрімнен түсінбеген бір аяттың мағынасын сұрапты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) оған түсіндірді. Мен де бір сағат бойы тыңдадым. Бірақ ешнəрсе түсіне алмадым” деп жауап береді. Өйткені, Расулуллаһ оны Əбу Бəкірдің жоғарғы деңгейіне лайықты түсіндірген еді. Омардың (радиаллаһу анһ) дəрежесі де жоғары болатын. Бұл туралы Пайғамбарымыз: «Мен - пайғамбарлардың соңғысымын. Менен кейін пайғамбар келмейді. Егер менен кейін пайғамбар келетін болса, Омар пайғамбар болар еді» деген. Осындай жоғары дəрежеде екендігіне, арап тілін өте жақсы білетіндігіне қарамастан Құран кəрімнің тəпсірін де түсіне алмады. Ол да, тіпті Жəбірейіл алейһиссаламның өзі де Құран кəрімнің мағынасын Пайғамбарымыздан сұрайтын. Абдулғани Наблуси “Хадиқа” кітабында: “Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) Құран кəрімнің толық тəпсірін сахабаларға түсіндірген. Бұл туралы ұлы Ислам ғалымы Жалалиддин Суйути айтады.” дейді. Қысқаша айтқанда Құран кəрімнің мағынасын тек Мұхаммед (алейһиссалам) ғана түсінген жəне оны хадистерімен түсіндірген. Құран кəрімге толық жəне анық тəпсір жасаған адам – Мұхаммед алейһиссалам. Дұрыс тəпсір кітабы да - оның хадис шəрифтері, оны ең жақсы түсінген адамдар да – сахабалар болды. Ислам дінінің ұлы

ғұламалары  тынбай еңбек етіп, бар күштерін, өмірлерін осы хадистерді жинап, тəфсир кітаптарын жазуға арнаған. Олардың  ішіндегі ең құндысы – “Байдауи” («Əнуар-ут-танзил» қазы Абдуллаһ бин  Омар Байдауи, 1286 ж. Табризде) кітабы. Бұл тəфсир кітаптарын түсіне алу үшін де жылдар бойы оқу - жұмыс істеу керек.

Ислам ғылымы 20 бөлімнен тұрады. Олардың 80 саласы бар. Олардың бірі – Тəфсир (тəпсір) ғылымы. Бұл əрбір ғылым салаларының  жеке ғалымдары мен кітаптары  бар. Осы 80 ғылым саласын меңгергендер тəпсірлерді түсініп, басқа мұсылмандарға түсіндіру үшін мыңдаған кітаптар жазған. Түркі тілінде жазылған “Мауақиб”, “Тибйан” жəне “Əбуллəйс” атты құнды тəпсір кітаптары бар. Ислам дұшпандары, бидғатшылар Құран кəрімнің мағынасын бұзу үшін қате тəпсірлер мен аудармалар жасауға тырысқан. Ондай улы кітаптарды оқығандар бидғат ауруына шалдығады. Құран кəрімді жəне хадис шəрифтерді қате түсіну немесе оған күмəн келтіру адамның иманын кетіреді, күпірлікке түсуіне себеп болады. Құран кəрімнің дұрыс, ақиқат мағынасын түсінуді қалайтын адам əһли сүннет ғалымдарының “кəлам”, “фиқһ” жəне “ахлақ” кітаптарын оқуы керек. Əһли сүннет ғұламалары бұл ілімдерді Асхаби кирамнан үйренді. Олар да пайғамбарымыздан есітіп үйренген. Құран кəрімнің басқа тілдердегі аудармалары Құран деп есептелмейді. Олар “Құран кəрімнің түсіндірмесі” деп аталады. Олар маман, білімді мұсылмандар тарапынан аударылса, оны оқуға болады. Оларды Құран деп оқуға болмайды. Құран баламасы деп оқыса күнə болады. Мұсылмандар Құран кəрімді Аллаһу та’аланың түсірген қалпында оқуы тиіс. Мағынасын білмей оқу да сауап болады. Мағынасын түсініп оқу əрине үлкен сауап. Құран кəрім латын немесе кирилл əріптерімен жазылмауы керек.

Өйткені, бұл  əріптер Құран кəрім дыбыстарын дəл бере алмайды. Сондықтан, мағынасы да бұзылады. Қазіргі кезде көптеген адамның осындай қате аудармаларды жəне латын (кирилл) əріптерімен жазылған түсініксіз кітаптарды “ана тілде Құран” деген тартымды ұранмен жастарға ұсынып отырғандығы байқалады. Бұларға алданып қалмау керек. Исламды үйренуді ондай кітаптардан бастамау керек. Құран кəрім аудармаларынан дініміздің үкімдерін үйрену мүмкін емес. Дінде хадис, ижма жəне қияс арқылы шығарылған үкімдер де кездеседі. Бұл төрт негіз “əдиллəи шарийа” (шариғаттың дəлелдері) деп аталады. 

                               Құран кəрімдегі  мəліметтер

“Маудуат-ул-улум” (Кемаледдин Мұхаммед, 1623 ж. Стамбулда) кітабында: “Құран кəрімдегі мəліметтер үш бөлімнен тұрады. Аллаһу та’ала мəліметтердің  бір бөлімін ешқандай құлына білдірмеген. Оның өзін, есімдерін жəне сипаттарын өзінен басқа

ешкім біле алмайды. Екінші бөлім тек Мұхаммед алейһиссаламға білдірілген болып,

оны да ұлы пайғамбар  мен оның мұрагері болған расих ғалымдардан  басқа ешкім түсіне алмайды. Үшінші бөлім – Аллаһу та’аланың Мұхаммед алейһиссаламға

көрсетіп, оның үмбетіне үйретуін бұйырған мəліметтері. Бұл мəліметтер де екіге бөлінеді. Біріншісі, “қисас” пен “ахбар”. Қисас - өткен үмбеттердің жағдайын білдіреді. Ахбар – осы дүние  мен ахиретте жаратқан жəне жарататын  нəрселерін білдіретін ғылым. Екіншісі, ақыл, тəжірибе жəне арап тілі ғылымдары арқылы

меңгерілетін  ғылымдар болып табылады” деп  көрсетілген.

                                            Құран кəрімді  оқу

Мұсылмандар өздерінің  қасиетті кітаптары - Құран кəрімді  түскен қалпында, түпнұсқа түрінде, Аллаһу та’аладан сауап күтіп оқуда. Пайғамбарымыз (алейһиссалам) бір хадисінде: «Үмбетімнің жасаған ғибадаттарының ең құндысы - Құран кəрімді мусхафқа (кітапқа) қарап оқу» деген. Хазреті Əли айтады: «Намазда оқылған Құранның əр əрпі үшін жүз сауап жазылады. Намаздан тыс дəретпен оқылса, əр əрпі үшін 25 сауап, дəретсіз (жаттан) оқылса он сауап жазылады. (Алайда, Құран кəрімді дəретсіз ұстауға болмайды) Жүріп бара жатып немесе жұмыс істеп отырып жаттан оқылса, аз сауап жазылады. Мағынасын түсініп, бір аят оқу – басқа нəрсені ойлап отырып, бүкіл Құранды оқудан артық». Кейінгі кезде қарилердің

музыкалық əуенмен  оқуы кездесіп жүр. Бұл - үлкен күнə. Құран кəрімді Аллаһу та’аладан  қорқып отырып, мұңмен оқу керек. Сүре немесе аят оқығанда “əузумен” бастау – уəжіп. Басқа сүрелерді “Бисмиллəмен” бастау – сүннет. Құран кəрімді тəжуид қағидаларына сай оқу керек. Құранды басынан соңына дейін оқудың, яғни хатм етудің сауабы өте көп. Пайғамбарымыз (алейһиссалам) бір хадисінде былай бұйырады: «Ғибадаттың ең жақсысы - Құранды басынан соңына дейін оқып,

біткен соң  қайта бастау». Тағы басқа хадис  шəрифтерде: «Құран кəрімді тəжуидке сай оқыған адамға шəһидттің сауабы беріледі», «Адамның тыңдаған бір аяты қияметте өзіне нұр болады», «Құран оқыған кезде Аллаһу та’аланың ризалығын жəне жұмақты тілеңдер! Дүниелік нəрсе сұрамаңдар. Бір замандарда қарилер

(Құран оқитындар)  Құранды адамдарға жақындау үшін  құрал ететін болады», «Құран  кəрімді түгел оқыған адамның  дұғасы қабыл болады» делінген. Құран кəрімді кітап бетінен оқыған кезде мына жайттарға назар аудару керек:

Дəретпен 1. оқылуы тиіс (Қазіргі кезде кейбір дін  адамдары “Құран кəрімді дəретсіз оқуға болады” деп айтып жүр. Шайтанның өкілдері болған ондай  кісілерге алданбау керек). Қыблаға  қарап оқу керек.

2. Асықпай мағынасын түсініп оқу керек. Мағынасын түсінбесе де ақырын оқу керек.

3. Жылап отырып, оқу керек.

4. Əр аяттың  мағынасын сезіне отырып оқу  керек. Бұл дегені, азап аяттарын  қорқумен, рахмет аяттарын əуеспен  жəне танзиһ (Аллаһты төмен сипаттардан  ұзақ деп білу) аяттарын тасбих (мадақтау) пен оқу дегенді білдіреді.

5. Оқуды «əузу-бисмиллəмен»  бастау керек.

6. Ақырын дауыспен, тəжуидке сай оқу керек.

7. Құран кəрім  – Аллаһу та’аланың кəламы, сөзі. Осыны назарда

ұстап оқу керек. Оқудан бұрын Аллаһу та’аланың ұлылығын есіне

алып, ойлану керек. Басқа нəрселерді ойламау, əр сөзге  мəн беріп оқу қажет.  

Ғибадаттың  түрлері

Ғибадат үш бөлімге  бөлінеді.

Тек денемен  жасалатын 1. ғибадаттар. Намаз оқу, ораза тұту, Құран кəрім оқу, зікір ету – осыған жатады. Ешкім басқа біреудің орнына дене ғибадатын жасай алмайды. Əркім өзі жасауы керек.

2. Тек мал-мүлікпен  жасалатын ғибадаттар. Мысалы: ушр, яғни жер өнімдерінің зекеті, мал зекеті, алтын жəне күміс зекеті, сауда тауарының зекеті сияқты зекеттер беру, каффарат, пітір садақасы, кедейлерді тойдыру жəне оларға киім əперу. Біреудің мал-мүлікпен жасалатын ғибадатын оның рұқсатымен жəне мал-мүлкімен басқа кісі

де жасай  алады.

3. Дене жəне  мал-мүлікпен жасалатын ғибадаттар. Қажылыққа бару осыған жатады. Өмір сүріп жатқан адамның тұрақты бір себебі бар болса, оның бұйрығы жəне дүниесімен оның орнына басқа адам қажылыққа баруына болады. Өзіне қажылық парыз болмаған адам нəпіл қажылық үшін себепсіз басқа адам жібере алады. Парыз болсын, нəпіл болсын, кез-келген ғибадатты жасағаннан кейін мысалы: намаз, ораза, садақа, Құран кəрім оқу, зікір, тəуап, қажылық, умра, əулиенің қабіріне зиярат жасау, мəйітке кебін беру сияқты ғибадаттардың сауабын тірі немесе қайтыс болған басқа адамға сыйлауға (бағыштауға) болады. Шафии жəне Малики мазһабтарында

денемен жасалатын  ғибадаттар бағышталмайды. Имам Субқи  жəне одан кейін келген шафии ғалымдары (рахметуллаһи та’ала алейһим  ажмаин) оларды да бағыштауға болады деді. Бірақ ақыға ғибадат жасатуға немесе ғибадаттың сауабын басқа біреуге сату жаиз емес. Ғибадатты орындамас бұрын саудаласса, ғибадатқа ақы талап етілген болады. Орындалғаннан кейін саудаласса, ғибадатты сатқан болады.

Бұл екеуі де дұрыс емес.

Əфали мукəллəфин Иманы бар, ақылды, балиғатқа жеткен ер жəне əйел адам

“мукəллəф” (жауапты) деп аталады. Ислам діні көрсеткен  бұйрықтар мен тыйымдар “Ахками  исламийа”, яғни “Ислам үкімдері”  деп аталады. Ислам үкімдерін

үйрететін ғылым  фиқһ деп аталады. Олар бұйырылғандар, тыйым салынғандар жəне мубахтар болып үшке бөлінетіні сияқты парыз, уəжіп, сүннет, мустаһаб, мубах, харам, мəкрух, муфсид деп сегізге де бөлінеді. Олар “əфали мукəллəфин” (мукəллəфтың міндеттері) деп аталады.

1. Фарз. Құран  кəрімде орындалуы ашық бұйырылған  нəрселер парыз деп аталады. Парыз – күмəнсіз дəлелмен белгілі болған, яғни аяттан анық түсінілетін болуы керек. Оған сенбеген, мəн бермеген адам кəпір болады. Иман келтіру, дəрет алу, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару, ғұсыл алу, өзіне керекті білім алу – осыған

кіретін əрекеттер. Парыздың үш түрі бар: Фарзи даим, фарзи  муаққат жəне фарзи

алəл кифайа. Фарзи даим – “Амəнту биллаһиді” соңына дейін жаттап, мағынасын түсініп, əрдайым сеніп жүру. Иман туралы ғылым “кəлам ғылымы” деп аталады. Фарзи муаққат – уақыты келгенде орындайтын парыз амалдарымыз. Мысалға: бес уақыт намаз оқу, рамазан айында ораза тұту, тіршілігіне қажет болған дін жəне жаратылыстану ілімдерін үйрену сияқты. Фарзи алəл кифайа - елу немесе жүз адамнан бірі істесе, басқаларының істеуі қажет болмайтын амалдар. Мысалы:

сəлемге жауап  беру, жаназа намазын оқу, өлікті жуу, қары болу, сарф, наху ілімдерін оқу, вужух ілімін үйрену, тіршілігіне  керекті болғаннан артық дін  жəне жаратылыстану білімдерін алу.

2. Уəжіп: Орындалуы  парыз сияқты нақты əмірлер. Мұндай əмірлердің Құрандағы дəлелдері парыздардағыдай ашық емес. Занни дəлелдерге, яғни астарлы түрде бұйырылған дəлелдерге сүйенеді. Үтір намазы мен Айт намазын оқу, үтір намазында құныт дұғасын оқу, жағдайы жеткенде құрбан шалу, пітір садақа беру, сəжде аяты

оқылғанда тілəуат  сəждесін жасау уəжіп əмірлерге  жатады. Уəжіптің үкімі парыз сияқты. Уəжіпті тəрк ету тахриман мəкрух. Уəжіп екендігіне сенбеген адам кəпір  болмайды. Бірақ жаһаннам отына лайық  болады.

3. Сүннет: Пайғамбарымыз  жасалуын мақтаған немесе өзі тұрақты түрде жасаған, не болмаса жасалғанын көріп, кедергі болмаған нəрселері сүннет деп аталады.

Сүннеттің екі  түрі бар, сүннет муəккəдə жəне сүннет ғайри муəккəдə.

Сүннет-и муəккəдə: Пайғамбарымыздың үнемі үзбей орындаған, өте аз тəрк еткен сүннеттері. Таң намазының сүннеті, бесін намазының алғашқы жəне соңғы сүннеттері, шам намазының сүннеті, құптан намазының соңғы екі рəкат сүннеті осыған жатады. Таң намазының сүннетін уəжіп дегендер де бар. Мұндай сүннеттер ешқашан үзірсіз тəрк етілмейді. Ұнатпаған адам кəпір болады. Сүннет-и ғайри муəккəдə: Пайғамбарымыздың, ғибадат мақсатымен кейде орындаған амалдары. Екінді мен құптан намаздарының алдындағы төрт рəкаттық сүннеттер бұған мысал

болады. Бұлар  көп рет тəрк етілсе де ештеңе етпейді. Ал егер ешқандай себепсіз мүлдем орындалмай қойса, кінəлəнуға жəне шапағаттан қол үзіп қалуға себеп болады. Дəрет алуды, жеуді, ішуді, барлық пайдалы істі «бисмиллəмен» бастау – сүннет. Дəрет алғанда мисуак қолдану да сүннет.

4. Мустаһаб: Расулуллаһтың  (алейһиссалам) өмірінде бір- екі рет болса да істеген амалдарына айтылады. Мұндай амалдарды істегендерге көп сауаптар беріледі, ал істемегендер азапқа тартылмайды. Тіпті шапағаттан махрұм да қалмайды. Мысалы: нəпіл намазын оқу, нəпіл ораза тұту, нəпіл қажылыққа бару жəне нəпіл садақа беру сияқты.

5. Мубах: Жасалуы  əмiр де етiлмеген, тыйым да  салынбаған iстер “мубах” деп  аталады. Бұл істер жақсы ниетпен  iстелуінде сауапқа, жаман ниетпен  iстелуінде азапқа себеп болады. Істемеген адам азапқа тартылмайды.  Жүру, отыру, ұйықтау, халал тамақ жеу, халал жолмен табылған əр түрлi киiм кию сияқты істер мубахқа

жатады. Бұлар  Ислам дiнiнiң бір əмiрiн орындауға  септігін тигізу ниетiмен орындалса, сауап беріледі. Мысалға: дені сау  болып ғибадат етуге қуат болу мақсатымен ішіп-жеу мубах .

6. Харам: –  Аллаһу та’аланың Құран кəрімде  ашықша жасауға тыйым салған  нəрселері. Харамға мəн бермеген  адам кəпір болады. Харамдығына  сеніп тұрып істеген адам “фасық”  (пасық, күнəһар) болады.

Харамның екі  түрі бар:

Харам ли айнихи - өзі, негізі харам жəне барлық кезде харам болып табылатын нəрселер. Мысалы: адам өлтiру, зина жасау, құмар ойнау, арақ жəне əртүрлi алкагольдi iшiмдiктердi iшу, өтiрiк айту, ұрлық жасау, шошқа етiн жеу, қан, арам өлген жəне шариғатқа сай сойылмаған мал етін жеу, əйелдермен қыздардың əурет жерi ашық көшеге шығуы үлкен харам iстер болып саналады. Бiр адам бұл iстердің бірін iстерде “бисмиллəһ” десе, халал деп сенсе немесе Аллаһу та’аланың харам еткеніне мəн бермесе, кəпiр болады. Керісінше харамдығына сенiп, бірақ нəпсіне еріп, Аллаһтан қорқып істесе кəпiр болмайды. Алайда тозақ отына лайықты болады. Ал егер сол iстi əрі қарай жалғастырып, iстеп жүрiп өлсе, имансыз кетуіне

«Мұсылман» мәдениеті