Мұсылман құқығының қайнар көздері. 2

Мұсылман құқығының қайнар көздері

   Мұсылман  құқығының қайнар көздерінің түсінігі және түрлері

   Мұсылман құқығының қайнар көздерін  топтарға бөлуде негізінен әр  ғалымның ойы әртүрлі. Мысалы, Сарсембаевтың ой пікіріне келетін  болсақ ол мұсылман құқығының  қайнар көздерін негізінен екі  топқа бөледі: негізгі қайнар  көздер және қосымша қайнар  көздер деп. Яғни негізгі қайнар  көздерге Құран (барша мұсылманның  қасиетті кітабы) және Сүнне (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың жасаған амалдары), Фил (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың  әңгімелері), Такрих (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың  өмір баяны), Каул (Амалдары). Ал қосымша  қайнар көздерге Иджма, Қияс, Пәтуа  (Фетва), Адат (әдет-ғұрып нормалары), Шариғат (діни нормалар) (иттихад,  ильтихад, иджтихад) жатады.

   Осылардың ішінде Құран араб тілінен аударғанда «Оқығанды сыртқа шығару» дегенді білдіреді. Құран бүкіл дүниежүзілік мұсылман қауымының қасиетті кітабы. Құран 114 сүреден тұрады оның 90-ны Меккеде 24-і Мединеде түскен. Меккелік және Мединалық сүрелер бір-бірінен мағынасы жағынан, тіл ерекшелігі бойынша, жазылу ерекшелігі бойынша ерекшеленеді. Құран сүрелері 6666 астам аяттан тұрады. Рамазан айының 27 күні Қадір түнінде ең бірінші Әл-Фатиха сүресі түскен. Құран негізінен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар тірі кезінде ауызша болған және Құранды есте жаттап алған адамдарда болған. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар қайтыс болғаннан кейін барлық аяттарды бір кітапқа жинақтау қабылданды. Бұл жұмысты Абу-Бакр халифінен Эфид ибн Сабит бірінші рет орындады. Өздерінің оқытушыларының аяттарын сахабалар Убайд ибн Коаб, Аблаллах ибн Масуд, Абу Муса аль-ашъари жазбаша түрде жазды. Жалпы Құранда әр түрлі құқықтар, ережелер және басқа да этикалық, заңи, шаруашылық нормалары жазылған. Құран бұрынғы ортағасырлық арабтардың ғана емес басқа мұсылман халықтарының  тарихи, әдеби, заңи кітабы болып саналады.

    Сүнне – Мұсылман құқығының басты қайнар көздерінің бірі болып саналады. Араб тілінен аударғанда жол, бағыт, нұсқау дегенді білдіреді. Сүнне негізінен исламның әр түрлі сұрақтарына байланысты және өмірдің -құрылысына байланысты хадистерден тұрады. Хадистер VIII-IX ғасырларға дейін ауызша беріліп келген содан кейін барып жазбаша түрде жазылған. Сүнне үш түрге бөлінеді: Каул, Фил, Такрир болып. «Сүнне» терминінен Сүннет  ағымы тарайды. ) Мұсылман құқығының ең басты қағидаларының бірі Құран мен Сүнненің қатынасы жайлы кезінде көптеген мұсылман заңгерлері көп дауласқан. Жалпы айтқанда бұл екі қайнар көздің қатынасы былай көрініс табады. Сүнне Құранға қарсы емес, керісінше Құранмен байланыста. Сүнне Құран сөздерінің түсіндірмесі. Мысалы: егер сот керекті норманы Құранның ішінен табалмай қалса, онда ол Сүннеден қарайды, егер ол жерде де болмаса ол өзі шешім шығара береді. Шешім шығаруды кез-келген шығара бермеген, шешімді муджтихад атағын алғандар ғана шығаратын.

    Иджма – мұсылман құқығының қайнар көзінің бірі болып саналады. Аударғанда «келісім», «консенсус» дегенді білдіреді. Иджма шариғаттың қағидалары арқылы әрекет етеді.

    Қияс – мұсылман құқығының аналогия бойынша талқылау бағытталған қайнар көзінің бірі болып табылады. Егер Құран немесе Сүнне пайда болған және қойылған сұраққа жауап бере алмаса, онда осы сұрақты аналогия бойынша шешу үшін Қияс қолданылады. Қияс алғашқы ислам дәуіріндегі пайда болған салт-дәстүршілер (ахль аль-хадис) арасындағы дау-дамайларды шешу кезінде пайда болған. Қияс ислам заңи қызметінде ерекше орын алады.

    Шариғат – Арабтың «шариат» сөзінен шыққан, аударғанда мақсатқа жетудің дұрыс жолы дегенді білдіреді. Осы ұғым арқылы заң нормаларының жиынтығы, тәртіп ережесі, мұсылманның дұрыс қылық жасау арқылы жәннәтқа баратындығы түсіндіріледі. Шариғат – ол адамдарға Құранның және Сүнненің басты, қасиетті сөздері арқылы жеткізілетін заңдар болып табылады. Шариғат арқылы адамдардың Аллаһқа деген сыртқы қатынастары реттеледі. Бұл қатынастар культ (ибадат) ережелерімен реттеледі. Адамдардың бір-біріне қатынасы «му’амалат» терминімен белгіленген  жеке (азаматтық) құқықпен реттеледі.

    Фикх – мұсылман құқығының теориясы. Бұл теорияның атқаратын міндеті Құранның жіне Сүнненің пайдалану және талқылау қағидаларын мұсылман қоғамы өмірінде, мемлекет деңгейінде практикалық жағынан талқылау болып табылады. Былайша айтқанда фикх ол мұсылман құқығының ғылымы болып табылады, ал шариғат – мұсылман құқығының тәжірибиелік жүйесі болып табылады.Осы жерден Теория мен Практика сияқты Фикх пен Шариғатта бір-бірімен тығыз байланысты екендігін көруге болады. Фикх ілімінің өзі теориялық жағынан бөлінеді: усуль ал-фикх – фикхтың «тамыры», фуру ал-фикс – фикхтің «бұтақтары» деп.

    Ал Н.Ө. Өсерұлының және Ө.Қ. Қопабаевтың ой-пікірлеріне  келетін болсақ олар жалпы мұсылман құқық іліміне қатысты қайнар көздер негізінен әбден зерттеліп, талданған дейді. Бұл қайнар көздерді екі топқа бөлуге болады. Алғашқы топқа Құран мен Сүннені жатқызсақ , ал екінші топқа – Иджма, Қияс, әдет-ғұрыпты жатқызамыз. Әрине, алғашқы топтың алар орны ерекше. Өйткені, онда Құран  мен Сүннедегі нормалар айқын көрсетілген.

    Алайда, уақыт өтуімен әрі қоғамдық қарым-қатынастың кемелдене түсуімен көптеген жәйттерде  мәселелердің шешімі Құран мен Сүннеден табылмай қалатын болды. Мұндай сәттерде білікті заңгерлердің шешімдерімен (Икма) ақыл-ойға салып (Қияс) заңдастырылуларына жол берілді. Әлбетте, таласты мәселелерді шешуде әдеттік заңдарменде санасып отырады. Бұл жолда мазһабтардың рөлі аз болмады. Нәтижесінде XI-X ғасырда мұсылмандық  құқық нормалары жасалынып бітті. Оны Фикһ немесе шариат деп аталады. Дегенмен де әр түрлі ағымдар әлі күнге өз ерекшеліктерімен, ауытқуларымен, бір ізді болмауларымен көзге түседі. Ал, бұл ауытқулар мұсылмандық құқықтың мәні мен құрылысына айтарлықтай әсер ете алмады. Құқықтық  реттеушілік жалпы қағидалармен жүзеге асырылады. Мұсылмандық құқық құрылысын сипаттауда оның нормаларына егжей-тегжей үңілу маңызды рөл атқарады. Мазмұнына қарап, бұл нормаларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне кез-келген адамның іс-әрекеттеріне баға беру жатады. Бұл іс-әрекетті бес категорияға-міндетті, кеңес етілген, рұқсат етілген, шектелген және тиым салынған деп бөледі.

    Осы категориялардың жақсысын ұстанғандарды - имандылар, ал шектеп, не тиым салынғандарын істеушілерді–жамандар деп санауға болады. Екінші топқа-белгілі бір жағдайларға, не іс-әрекеттің салдарына байланысты реттейтін нормалар жатады. Мысалы, қасақана кісі өлтірушілердің өлім жазасына кесілуі, есі дұрыс еместермен келісім жасаудың жойылуы т.б. Мұсылмандық құқық нормалары: ғибадат және адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалардан тұрады. Өз кезегінде адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалар: жеке адамдар статусының құқықтары, қылмыстық құқықтар, азаматтық құқық (мәміле), әкімшілік нормалар, соттық құқықтар және халықаралық құқықтар деп бөлінеді.

    Жеке  адамдар статусының құқықтары негізінен  діни принциптерге негізделеді. Бұл  нормалардың негізгі институттары: неке, ажырасу, туыстық жөндері отбасын  материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, бала тәрбиелеудегі міндеттер, өсиет, мұрагерлік, қамқоршы, құқықтық қабілетін  шектеу, т.б. Сол секілді жеке азаматтық  құқықтарға (мәміле): жекеменшік мәселелерін  реттеу, әр түрлі келісім түрлері  мен оларды қамтамасыз ету, міндеттемелерді  орындау тәртіптері т.б. кіреді.

    Мұсылмандық қылмыстық құқық тәртіп бұзушылықтың бәрін қылмысқа есептеп, оларды санкциялайды. Құран мен Суннада ең ауыр да қауіпті  қылмыстарға жазалар нақты көрсетілген. Ең ауыр қылмыстық Аллаға серік жасау, нақақ қан төгу, жезөкшелік пен  зінәқорлық , ата-анасын ренжіту, тонау, діннен безу, мемлекетке қарсы көтеріліс  т.б. Мұсылмандық құқықтың әлеуметтік саяси механизмі адамдарға екі  норма есебінде, бірі тысқы және бірі ішкі ниет-сенімдерді қамти отырып әсер етеді. Осының салдарынан тәртіп бұзушы әрбір мұсылман тек «жалған  фәни» ережесін бұзған болып табылмай, «шын дүние» ережесін де бұзған болып  табылады.

    Осыдан  келіп, мұсылмандар арасында тәртіп бұзушылық өте сирек ұшырасады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас  мемлекеттің араласуынсыз-ақ дұрыс  шешіліп жатады. Сондықтан да мұсылмандық  соттарда мәжбүрлеу шаралары тіпті  қолданылмайды.Өйткені , жауапкершілік  әрбір мұсылманның ар ұятына, мұсылмандық  имандылығына негізделеді. Міне, осы  себепті де мұсылмандық құқық  өресі кең, ол саясатпен де, мемлекетпен  де, құқықпен де тығыз қабысып жатады. Исламның басты қағидаларында халықтық өкімет мынандай бағамдарды қатаң сақтағанда ғана діттегеніне жетеді, - делінген.

   Қасиетті  Құранда олар жайлы былай делінген:

  Өкімет  өз азаматтарының ар-ожданын, өмірін және мал-мүлкін қорғауға міндетті (Құран: 5 сүре, 59 аят);

Өкімет басшысы  әрқашанда адамдар мен халықтар қатынасында әділ шешімде болуы  тиісті (Құран: 5 сүре, 59 аят);

Мемлекеттік мәселелер ақылдасып, талқылау жолымен  шешілуі қажет (Құран: 42 сүре, 39 аят);

Өкімет адамды ең қажетті нәрселермен, яғни тамақ , киім және баспанамен қамтамасыз етуі шарт (Құран: 20 сүре, 119-120 аяттар);

Халықтың  қауіпсіздігіне, өмірі мен мал-мүлкіне, ар-ожданына кепілдік беріліп, қорғалуы тиіс (Құран: 2 сүре, 206 аят);

Экономикалық  жүйе әділ, әрі құқықтық жолмен саралануы  қажет (Құран: 2 сүре, 206 аят);

Денсаулық жүйесі міндетті түрде ұйымдастырылуы, әрі  тегін  болуы тиіс (Құран: 2 сүре, 206 аят);

Діни сенімге  толық еркіндік берілуі шарт (Құран: 2 сүре, 257аят);

Жеңіліс тапқан халықпен әділетті болу (Құран: 5 сүре, 9 аят);

Тұтқындарға мейірімділікпен қатынас жасау (Құран: 8 сүре, 68 аят);

Уәдеге опа  етіп, міндеттеме-келісімдерді таза орындау (Құран: 47 сүре, 5 аят);

Өзіңнен әлсіздерді әділетсіз келісімдерге мәжбүрлеуге  болмайды (Құран: 47 сүре, 5аят);

Өкімет басшысымен арада келіспеушілік туындаған  жағдайда, қасиетті Құран бағамдарына  сүйену, жеке адам мүддесі мен пайдасына  жол бермеу (Құран: 4сүре, 60 аят);

Халық өкіметтің  таянышы, сондықтан өкімет те жалпы  халықтың әл-ауқатын көтеруі тиіс. Мойын ұсынбайтын ұйымдарға тыйым  салынады (Құран: 5 сүре, 3 аят);

Қандай қуатты мемлекет болса да, оның басқа елге шапқыншылық жасауына тыйым  салынады. Қару- жарақ тек қорғану мақсатында ғана пайдаланылуы тиіс (Құран: 20 сүре, 132 аят);

    Жеке  адамдар арасындағы қарым-қатынастар да зор адамгершілік тұрғыдан шешіледі. Мысалы:

Адамдар арасындағы келіспеушілік тек әділ жолмен шешіңдер (Құран: 4 сүре, 59 аят);

Әділеттілікті таза сақтаңдар. Бастарың кетсе де, тіпті өзіңе, не ата-ана, туыстарына қарсы болса да әділ куәлік беріңдер (Құран: 2 сүре, 136 аят);

Өзіңе дұшпандық  етушіге қарсы күрес, бірақ заңсыздыққа  барма (Құран: 2 сүре, 191 аят);

Татуласуға  бейім тұр (Құран: 8 сүре, 62 аят);

   Айта  берсек, мысалдар өте көп. Ислам түсінбеген жайтқа сенуге жол бермейді.Бет-алды жойып-құртуға, ысырапкершілікке  қарсы. Сені ақ, қара, қызыл не қоңыр түсіңе емес, істеген іс-әрекетіңе, адамгершілігіне қарай бағалайды. Әрбір адамның басқаларға пайдалы іс-әрекет етіп, зияннан аулақ болуын қалайды. Текке қан төгуді ауыр қылмысқа жатқызып,оның күнәсін жәбірленуші кешірмесе, мың жерден тәуба ет, Алла кешіре алмайды. Өйткені, әркімнің қаны, өмірі, ар-ожданы қасиетті, оған ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Осындай бағамдарды ту еткен Ислам дінін ұстанушыларды экстремист, террорист деу қиянат. Уаһаббизм дін емес, идеология. Былайша айтқанда адам баласының әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын көтеру, яғни-кешегі кеңестік социализмнің Исламдық көрінісі.

    Бұл идея Сауд Арабиясы Патшалығында қолдау тапқан. Содан болса керек, ол мемлекеттегі әлеуметтік, саяси жағдай бір қалыпты  даму үстінде. Денсаулық сақтау, оқу  тегін, әлеуметтік қолдау шараларының  түрлері мол. Одан жай халық пайда  таппаса, зиян тауып отырған жоқ. Оның үстіне Исламдық  сипаттардың ең озық үлгілерін біздің ата-бабаларымыз өз әдет-ғұрыптарына, заң нормаларына, салт-дінімізге сінірген. Көп ғасырлар бойы қоғамдық қарым-қатынасымызға етіне сіңіп, күні кешеге дейін қолданылып келген. Өкінішке орай, Кеңес өкіметінің оның тамыры балта шапқаны әмбеге аян. Бірақ, көпшілік қолдайтын, тамыры тереңге кеткен нағыз әділетті дін- Исламның ықпалы қайта түлеуде.

    Тәуелсіз, Егеменді Қазақстанның бір ерекшелігі кез-келген халықтардың өткеніне көз  жіберіп, ата-бабаларының қалдырған  әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін зерттеп, олардың рухани байлығының молаюына жол ашып беріп отырғаны. Осыны  дұрыс пайдалана білу- ұлағаттықты  көрсетеді. Қазақстанда тұратын  тұрғындардың үштен-екісінен астамы мұсылмандар. Олардың тарихи дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық қағида-ережелерінің бастауы  бірдей. Міне, осы халықтарды Ислам  діні арқылы біріктіріп, бауырластыққа  баулу кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені, мұсылмандар Қазақстанда  көбеймесе-кемімейді.

   Сондықтан да, көптің талап-тілегі әрқашан ескерілуі  тиіс. Мен Қазақстан Республикасында  діни наным-сенімдерді жүйеге келтіріп, реттеу үшін төмендегі ұсыныстарды  жасаймын:

1.    Ислам және Христиан діндерінен өзге наным-сенімдерге тиым  салынсын, оларды үгіттеушілер заң жолымен жауапқа тартылсын;

2.    Ислам және Христиан діни басқармаларының біріне-бірі  құрметпен қарауын, ішкі істеріне араласпауын заңдастыру;

3.    Бұқаралық ақпарат құралдары  мен баспасөздің тек діни басқармалар  ұстанған жолдан өзге наным-сенімдерге  үгіт насихат жүргізуіне шек  қою;

4.    Ислам және Христиан діндері  мен олардың діни басқармаларының  жұмыстарын Қазақстандық патриотизмді  нығайтуға жұмылдыру;

5.    Тәлім-тәрбие беру және оқу  орындарында дінді және оның  адамгершілік әдептегі жетістіктерін  тиянақты оқыту.

Шариғат нормалары  және қазақ әдет-ғұрып құқығының  ара қатынасы

    Тарихқа көз салсақ, ислам діні қазіргі Қазақстан аумағында VIII-IX ғ.ғ. тарала бастаған. Әлбетте, ислам діні бұл арада тұратын тайпаларға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстан аумағындағы тайпалар арасында қалыптаса бастаған феодалдық  қарым-қатынастарға бұл діннің кері әсері болмай, қайта ол қоғамдық қарым-қатынастарды жандандыруға игі әсер етті. Сөйтіп, ислам діні бұл тайпалардың діни-саяси жағынан да сұраныстарын қанағаттандыра алды. Өйткені, исламдық сенім мен тұрғылықты тайпалардың сенімдері онша кереғар емес еді.Әсіресе, бұрынғы «Көк Тәңірі» сенімді Аллаға ауыстырылуы нәтижесінде исламның шариат заңдары мен тайпалардың әдеттік заң-қағидалары бірін-бірі толықтырып, кемелдене түсті. Ислам дінімен бірге зиялылық  қоса келіп, білімге жол ашылды. Медреселер ашылып, білім жүйелі түрде оқытыла бастады. Тілімізге араб сөздері үрдіс еніп, шәкірттер арасынан әл-Фараби, Қашқари, Иассауи, Жүйнеки, Сығанақи, Жауһари, т.б. секілді ғұлама ғалымдар шықты. Тіпті, құқықтық  терминдер, Мысалы: құқық, айып, жаза, қазы, қағида, әдет-ғұрып т.б. көптеген сөздер төл сөзімізге айналды.

     Ислам діні томаға-тұйық тайпалардың  тез тіл табысып, саяси-экономикалық және әлеуметтік-рухани байланыстарын  күшейтуге жол ашты. Тайпалық айырмашылықтар бірте-бірте жоғалып, халықтық  қасиеттер  молая түсті. Нәтижесінде экономикалық-мәдени тұтастықтар және тіл мен діндегі  ұқсастықтар кейіннен қазақ халқының қалыптасуына әкелді. Бұлардың тұрмыс-тіршілігіндегі идеологиясы күнделікті от басынан бастап, қоғам ішінде қолданылатын заң қағидалары ежелден келе жатқан «ата-баба жолы», «жол-жора» секілді жазылмаған заңдармен тікелей араласқан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен астарласқан афоризмді сөздерден, мақал-мәтелдерден тұрып, көпке түсінікті болды. Мысалы: «уәдеге опа ет», «бас кетсе де шын сөйле», «біреудің ала жібін аттама», «аманатқа қиянат жасама», «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ», «иілген басты қылыш кеспейді», «алдыңа келсе атаң құны болса да кеш», «өлімнен ұят күшті»т.б.

   Рас, исламдық әсері бар заң-қағидалар  бұл тайпалар арасында бірден қалыптаса қойған жоқ. Біраз мезгілдер өтуіне тура келді. Исламға қарама-қайшы жақтары бірте-бірте өз мәнінен айырылып, ығыстырыла түсті немесе діни сипат алды. Мысалы, шамандық дәстүр- бақсылық сақталғанымен, ендігі жерде бақсылар Аллаға мінәжат етіп, тек соның жәрдемімен ғана мақсатына жететінін білді. Немесе, ата-баба аруақтарына сыйынуды алайық. Ежелден келе жатқан бұл дәстүрге исламдық сипат беріліп, оларға өлілер мен тірілер арасын байланыстыратын күш берілді.

    Аруақтарға ерекше мән беріліп, бейсенбі, жұма күндері Құран оқытылатын болды. Аруақтарды разы етуге («өлі разы болмай-тірі байымайды», «аруақты аттаған оңбайды», «аруаққа асы болма», «аруақ атсын» т.б.) тырысты.

    Араб миссионерлері тайпа-рулардың рухани пікірлеріне, талассыз үгіт-насихат  жүргізетін ақылгөйлеріне айналды. Бұлар бұл тайпалардың әдет-ғұрып заңдарын, тұрмыс-тіршілігін, мәдени ой-өрісі мен сенімін, көңілі мен ниетін әбден зерттеп танысқаннан кейін, бұлардың заң нормалары исламға кереғар емес деп тауып, ал мәжуәсилік тұрпайы жақтарын оп-оңай ығыстыруға болатынына көз жеткізді, өйткені көшпелілердің шығарған заң-қағидалары Құран талаптарына қайшы келмейтін, қайта адамзат балаларының ізгі мұраттарына дәл келетін демократиялық аумағындағы тайпалар арасындағы заң-қағидалар өзіндік сипатқа ие болып, оның үстіне сот істерін ежелден келе жатқан дәстүр бойынша билер жүргізді. Ал, отырықшы аудандарда қазылық жүйе болды.

    Бұл аумақтағы тайпалар ру-ру болып, өз жақын туыстарымен көшіп-қонып  жүргенімен, кез-келген қоғамның көкейкестілігі мәселелерін көп болып, ақылдасып  шешіп отырған. Өйткені, «ақылдасып шешіп пішкен тон келте болмайды», «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді»  деген қағидаларды бұл тайпалар ерте түсінген. Әсіресе, кейін қазақ  халқын құраған тайпалар нәсілдік шартты мығым ұстанып, ертеден-ақ ондай  рулар өз ішінде қан араластырып, жеті атаға дейін қыз беріп, қыз  алмаған. Бұл (кейін қазақ болғандардың) өзіндік бір ерекшелігі. Ислам бұл дәстүрді бұза алмады. Осындай шартты қатаң сақтаған қазақтар өз нәсілін таза сақтай білді. Сөйтіп, басқа ұлыс, басқа жүзден не рудан қыз алысып, қыз берісіп, ақыры ұлан байтақ кең далаға мыңдаған шақырым көшіп-қонып жүрген осы тайпалар өзара құдандалы болып, туыстасып жатты. Осыдан келіп «күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» қағидасы өрбіп, бір-бірінің қадір қасиетін түсінетін болды. Ат жалын ерте тартып мінген жігіттің «қайын жұрты», «өз жұртың» және «нағашы жұрты» деп аталатын үш жұртының нәтижесі, ақырында «қарға тамырлы қазақ» болуына, бір-біріне жәрдемдесіп, осынау дәнекер дәстүрдің суалмауына жол ашты. Міне, осы үш жұрттан құралған халық өз намысын қолдан бермей, «бүлінген елден білдіргі алмай» өздерінің ішкі тәртіптеріне терең мән берді. Рас, ислам діні енуі нәтижесінде әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғам мойынсынатын жан дүниелік саяси, рухани т.б. тәртіп  заңдарымен толыса-толыға түсті. Яғни, исламдық құқықтар жаңаша сипатқа ие болды. Дегенмен, бұрынғыдан келе жатқан отбасылық құқықтар айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады. Сөйтіп, жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алмау, қыз алып қашу, қалың мал, әмеңгерлік, жетісін, қырқын, асын беру, жылу, асар, т.б. инститтуттар өз сипатын сақтап қалды. Бұл тайпалардың екінші бір ерекшелігі сот істерін жүргізуде көрінді. Қоғамдағы болып тұратын талас-тартыс, дау-жанжалдан бастап, әр түрлі қылмыстарды ежелден-ақ билер туралы деректер бізге көптеп жеткені, бұл ойымызды теріске шығармайды. Осы деректерге зер салғанда, әрбір рудың өз намысын жыртар билері болғаны даусыз. Билік тұқым қуаламаған. Оларды ешкім сайлап қоймаған. Құдайға шүкір, қазір елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ежелгі дәстүрлерді қайта тірілтіп, соттарды осы дәстүрге итермелеп отыр. Істің жариялы түрде тексерілуін қолдап отыр. Өйткені, жария болған жерде реніш, пара алу, көз қысып, бармақ басу болмайды. Ол замандағы билер (соттар) билікті өнер деп таныған, туа біткен талантты, сөзге шешен, пайымы мол, өз халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін мықты білген. Оған қоса өз елінің тарихын, шежіресін жетік білген заңгерлер. Қазіргі соттарға бұл қасиеттерді игеруді неге алға қоймасқа? Сонда, соттың абыройы артып, қаралатын істің шешімі әділ бола түсер еді.

    Билердің билік айту тәжірибесі қараған істердің саны өсіп, сапасы жақсарған сайын арта түскен. Бұл  тәжірибе қорытындыларын, белгілі мерзімде бас қосқан билер тұрақты мәжіліс  ашып, талқылаған сайын қоғамға ең қажетті деген шешімдерді үлгіге алып, жалпы ереже ретінде қабылдап отырған. Атақты да әділ билердің шешімдері  басқаларына үлгі-өнеге болып, маңызды  да әділ төрелігі берілген шешімдер ауыздан-ауызға тарап, халық жадында ұзақ сақталған. Билер кенесі заң шығару органы қызметін атқарған. Бұл кеңес, мәжілістерде шығарылған шешімдер бүкіл халық, тіпті хан да бас иетін заң іспетінде саналған.Мұндай шешімдер есте сақтауға жеңіл, өлең секілді төгіліп тұрған жырлар, бірақ айтар ойы шымыр болып келеді. «Тура биде туған жоқ» қағидасын басты нысаны еткен бұл шешімдер әркімді бас идіріп, таңдай қақтырады. Қазақ деген халықты құраған тайпалар сөз қадірін өз қадіріндей ұққан. Кез келгені аталы өз тарихын да, тағдырын да, тәлім-тәрбиесін де, заңын да, даналығын да, қайғысын да, қуанышын да сыйғызған.  Билер халықтың көкейіндегісін айтып, көмейіндегісін білген. Оларды байлық та, барлық та қызықтырмаған.

    Би таразы басын тең ұстап, қара қылды қақ жарған. Қоғамда билер  араласпаған ешнәрсе болмаған. Олар: мал мен жан дауына, ар мен намыс дауына кесім айтып, азалы қазаны естіркен, көңіл айтып, жылағанды жұбатқан, тілек айтып, бата берген, береке тілеп, қиын мен жеңілді, қымбат пен арзанды, жақын мен алысты, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажыратқан, дәлелді де қисынды уәж айтқан. Өкінішке орай, қазіргі соттарымыз осындай қасиеттерге ие бола бермейді.

    Сот істерді көпшілік алдында, қағаз-қаламсыз жариялы түрде жүргізген. Бұған  қарап қаралатын істер а түсті жүргізілген деген ой тумаса керек. Билер қасақана кісі өлтіру мен абайсызда кісі өлтіруді, келтірілген зақым мен зардаптың ауыр-жеңілін сараптай алған. Болған қылмыс пен келтірілген зиян мөлшері әбден анықталғаннан кейін ғана әркім қылмысына қарай: өлім жазасына, құн төлеуге, жарты күн төлеуге, тіпті ат-тон айып төлеуге т.б. жазаларға келісілген. Қылмыс тек ауыр мен жеңілге бөлінбей, оның жасалған орны мен уақытына да мән берілген. Кісі өлтірушіні-қанды-қол, біреудің мал-мүлкіне қол сұғушыларды- ұры, тонап алушыларды-қарақшы, отанын, елін сатқандарды- опасыз, ата-баба жолынан ауытқушылары- дінсіз, отбасын бұзушыларды- зинақор деп атаған. Бұлардың бәрі ауыр қылмысқа жатқызылған. Сол секілді ата-анасына қарсы шығу, үлкендерді құрметтеп-сыйламау да аяусыз жазаланған. Ежелден-ақ бұл тайпалар қылмыс атаулыға, тәртіпсіздікке тіксіне қараған.Тым әріде «тіл кесу» қағидасы күшінде болған. Әлі күнге ата-анасы ділмарланған ұл-қызына «тіліңді кесіп аламын» деуі сондықтан. Кейін «бас кеспек болса да, тіл кеспекке» тыйым салынған. Тек жауапкершілікке қолға түскен тұтқын құлдардың құлағын кесіп «құлақ кесті құлына» айналдырған.

    Дегенмен, құлдық, құл иеленушілік  басқа жер шарындағы мемлекеттерде  болғандай, бізде болмағаны ақиқат. Біздің ата-бабаларымыз құл иеленушілік  кезеңді бастарынан өткермеді. Алғашқыда  ата-бабаларымыз қағида-ережелерін «жөн-жосық» деп атаған. Бұл былайша жөн (заң, жарғы баламасы) жосықтарға бөлінген. Әлі күнге «жөн- жосықсыз маған неге тиесің?» - деуіміз сондықтан. Жосықтар өз кезегінде реттерге бөлінген. Мынау ретті, мынау ретсіз деуіміз де сол себепті. Кейін Алаша хан тұсында ірі өзгерістер енгізілген. Әскери тәртіптер күшейтіліп, оң, сол және орта қанатқа бөлінген. Малға таңба салынған.

    Жекеменшіктілік қағидалары күшейтілген. Жеті атаға дейін қыз алыспау  дәстүрі бекемделген. VIII-X ғасырларда Оғыз заманында «ақсақалдар ережесі» белгілі бір мерзімге жарияланып отырған. Ата-бабаларымыз «досына адал, дұшпанына қатал» болған. Ең ауыр қылмыстарға: кісі өлтіру, ұрлық пен тонау, бүлік шығару, зинақорлық, ғайбат сөйлеу, әйел қорлау, діннен безу т.б. жатқызылған. Жазалау түрлері: дүрелеу; өлім жазасы; тас боран ету; масқаралау; зынданға салу т.б. Жазалау басымен тартатын жаза, малымен тартатын жаза болып екіге бөлінген. Басымен тартатын жазаға: айып; тоғыз-айып; ат-тон; құн төлеу т.б. жатқызылып, айып мөлшері ұлғайған сайын руластары да жауап берген. Қылмыс тек қылмыскердің өзі мойындағанда, болмаса куәләр қатысуымен, айғақтармен дәлелденгенде анықталады деп есептелген. Бұл екеуі әлсіз болғанда ант ішкізу дәстүрі қолданылған. Кейінгі қазақ хандары: Қасым хан да, Есім хан да, Тәуке хан да осы дәстүрлер мен қағидаларды сақтай отырып, өз заманында лайықты реформалар жасаған. Оны бізге келіп жеткен  «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысынан» айқын байқаймыз.

    Енді осы заңдарды екшелей отырып, қазақ әдет-ғұрпы мен шариат заңдарының арақатынасын анықтауға көшелік. Құн  дауы. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ біреудің қанын нахақ төгушілерге  қарсы аяусыз күрес жүргізіп келеді. Әйтсе де, қанша заң шығарып, қандай қатал шара қолданғанымен кісі өлтіру тоқтайтын емес. Әрине, кісі өлтіру саны әр елде әр түрлі. Бірінде сирек  кездессе, екіншісінде күнде болып  жататын құбылыс. Әсіресе, мұсылман елдерінде кісі өлтіру өте сирек  кездеседі.

    Әрине, адамның бұл өмірге бір-ақ рет келетінін ешуақытта естен  шығаруға болмайды. Әркім жарық дүниеде  өмір сүруге құқықты. Біреудің өміріне  екінші біреудің қол сұғуға құқығы жоқ. Қазақ әдет-құрып заңдары  бойынша кісі өліміне аса жауапкершілікпен қарап, қылмыскерді жазалап қана қоймай, мұндай қылмысты қайталап болдырмайтындай  жақтарында қарастырған. Кісі өлімі  бүкіл қоғамға тән дерт ретінде  қаралған. Сол себепті кісі өлтіруші қылмыскерді – «қанды қол» деп  атап, оның қылмысына бүкіл руластарын да жауапты еткен.

    Жеті жарғының бабы «қанға қан, жанға  жан» деп басталады. Бұл дәстүр ертеден  барлық халықта бар қағида. Бұл  дәстүр бойынша біреудің өмірін үзген  қылмыскер – қанды қол, құныкер  жақтың туыстарын ұстап алып өлтіруі, қанды қол қолға түспесе, сол  қылмыскердің ең жақын жанашыр туысқанын  өлтіруі тиіс еді. Руласының кегін  қайтарып, қанын қанмен жумаса, онда бұл бүкіл руластарына намыс  саналған. Ал, қанды қол туыстары қылмыскерін қорғамай, оны құныкер  жағына өз еркімен біреуі де зор  намыс болатын. Осыдан барып екі  ру арасындағы өлім бітпес дау мен  өшпенділікке әкеліп соққан. Кейде осындай екі рудың дау-жанжалына үшінші бір ру (яғни, нағашы, жиен, құда-жекжат) қосылып, қоғамды қатты күйзеліске апарып соқтырған.

    Құранның  кешірімді болуға үндеп бітімге шақыруы да (мысалы, шура сүресі, 40-аят). Сондықтан біздің қазақтарда да "алдыңа келсе әкеңнің құнын кеш", ''кешірімді бол" деген қағидалар қалыптасқан. Яғни, исламда да, қазақ әдет-ғұрып зандарында да "қанға-қан, жанға-жан" дәстүрін құнмен алмастырған. Сөйтіп, ислам өлім жазасы орнына құн төлемін енгізді. Бұл ақылға қонымды шешім. Өйткені, өлтірілген адам артында отбасы, әйелі мен бала-шағасы қалады. Олар асыраушысынан айырылған соң халі қандай болады? Бұл бір. Екінші тараптан құнды қанды қолдың бүкіл руластары болып төлейді. Соған орай араларында адам өлтіруші - қанды қол болмауын өздері де қадағалайды. "Бүлінген ел" атағына қалмауға тырысады. "Бүлінген ел" атанса, қоғамнан шеттетіліп, олармен қарым-қатынас үзіледі. Сол үшін құн алу өте дүрыс. Бұл дәстүрді қазіргі кезде қайта жандандырса пайдадан өзге зияны болмайды.

     Кейде, "канға  қан, жанға жан дәстүрін, әсіресе, адамды айуандықпен қасакана өлтірушілерге, екі не одан көп кісі өлтіргендерге рұқсат етілген. Мұны "канды кек" деп атаған. "Қанды кек" жазасын жүзеге асырарда койылатын талаптар да болған. Олар: теңдсй кек алу (яғни, канға-қан, жанға-жан, көзге-көз т.т.) қанды қолдың кәмелетке жеткен болуы, өзін-өзі игере, жауап бере алатын болуы, толық кінәлі болуы (яғни, мойындауы, мойнына қойылуы т.т.) қанды кекті жақын туыстары жүзеге асырған.

 

Қанды кек  алуға кұқығы бар жоқ кұн алуға  келіскенде ғана кұн төленген. Құн  малмен кейде құл мен күң, немесе қыз беру жолымен төленген. Құн  мөлшері казақ әдет-ғұрпында да, шариғатта да бірдей.

    "Жеті  жарғыда": "Ер адамның кұны 1000 қой немесе 200 жылқы, не болмаса 100 түйе" делінсе, шариғатта да: "ер адам құны 1000 динар не болмаса 100 түйе", - деп көрсетілген. Әйел кұны ер адам құнының жартысына тең екендігі, екі заңда да айқын көрсетілген. Сөйтіп, құн төлемі шариғатта да, қазақ әдет-ғұрып заңдарында да бірдей екендігінде дау болмаса керек.

    Ендігі  адам дене мүшелерін зақымдауға байланысты құн мөлшерін қарастырайық: Шариғатта: ер адамның бір қолы үшін - 500 динар, әйелге — 250, түйеге шаққанда ер адамға — 50, әйелге - 25 түйе, болады десе, казақ әдет-ғұрпында - екі қолға толық құн делінген. Жыныстық, көз, мұрын т.б. адам мүшелері үшін шариғат пен қазақ әдет-ғұрып заңдары кесімдері теңдей, айтарлыктай айырмашылық жоқ. Тек қазақгарда ақсүйектер үшін үстеме құн 7 есе төлеу жайлы "Жеті жарғыда" да, онан алдыңғы, одан кейінгі қабылданған Заңдар мен Ережелерде айтылады. Әрине, бұл шариғат зандары мен Құран талаптарына қайшы. Өйткені, ислам діні бойынша Алла алдында барлык. адам бірдей, тең құқықты болып саналады. Қазақ әдет-ғұрып заңдарында да, шариғатта да қожасы құлын, ата-анасы ұл-қызын, ері зінә жасап жатқан әйелі мен көңілдесін өлтірсе, ұрылар, тонаушылар қылмыс үстінде өлтірілсе, құн төленбеген. Діннен безгендерді өлтіргендер жазаға тартылмаған. Сол секілді, Шариғатта да қазақ әдет-ғұрыптарында да екі қабат әйелдер, кәмелетке толмағандар, есі ауыстар өлім жазасына кесілмеген.

    Мал-мүлік  дауына келсек, мұнда да басқаның мал-мүлкіне ,қол сүғушылар екі занда да катаң жазаланатынын көреміз. Шариғатта басқаның мал-мүлкіне қол сұғушылар жазаны көбіне басымен тартса (яғни қолдары кесілсе), қазақ әдет-ғұрып зандарында малымен тартқан (яғни, 3 тоғыз айып төлеген). Шариғат пен қазақ әдет-ғүрып заң нормалары үш рет ұрлық жасап қолға түскендерді өлтірген. Қазіргі кезде ұрлық жасаушыларға ата-бабамыз қолданған материалдық жауапкершілікті қолдану, өте дұрыс болған болар еді. Заң қатаң болып, қадағаланып отырса, онан зиян таппас едік. Бұрын ата-бабаларымыз түрме, құлып дегенді білмеген. Малға қатаң күзет те қоймағаны белгілі. Ата-анасы балаларының мал-мүлкін ұрласа, жиен нағашы жүртына жиендік жасап, үш ретке дейін мал-мүлік үрласа, барымта дәстүрімен алынған мал-мүлік ұрлыққа жатқызылмаған. Жесір дауында. Шариғаттан қазақ әдет-ғұрып заңдары ерекшеленеді. Рас, екі тарапта әйел затын отбасының діңгегі, ұрпақ жалғастыру көзі ретінде карайды. Бірақ, шариғатта әйел құқықгары кеңірек қарастырылған. Мысалы, "әкең мен анаң бір мезгілде шақырса, алдымен анаңа жауап бер", немесе "анаңды, ананды және ананды, сонан соң әкеңді сыйла" т.б. хадистер әйел құқығына қалай ыдырайтынын көрсетеді. Сондықтан да шариғат ұл мен қыз және онан туылған балаларға бірдей кұқык. береді. Екі тарапта некелесу тәртіптеріне ұқсас карағанымен, ажырасуда ерекшеліктері мен ұқсас емес жақтары баршылық, қазақ арда шариғатқа ұқсамайтын қағидалар, институттар мол.

    Оны біз  қалыңмал, құда болу, ақ баталы, ақ некелі жесір дауларынан, әмеңгерлік, енші беру т.б. анық байқаймыз. Жер дауы. Негізінен ел қонысы, мал жайылымынан шығып отырған. Шариғатта да, қазақ әдет-ғұрып заңдарында да "құдайдың қара жері", "құдайдың қара суы деп, жер мен өзен, көл суларын көпке ортақ санаған әрбір тайпа мен руларды ежелден көшіп-қонған жерлері болып, сол жерлер ру меншігі есептелген. Кейін патшалық Ресей қазақ жерін губерния, округ, уездерге, болыстарға бөліп, ежелден қалыптасқан дәстүрлерге сына қақты. Міндеттеме, келісім-шарттар. Отбасына қатысты міндеттемелерге келсек, алдымен некені айтпасақ болмайды. Неке - қарама-қарсы екі жыныстың бірігіп тұрмыс кұру мақсатында өзара жасасқан міндеттемесі. Жалғыздық тек Аллаға ғана жарасқан. Адам баласына жүп болып өмір сүру, ұрпақ жалғастыру міндеттелген. Қалыңдық тандау, құда түсу, келісім сұрау кағидалары екі тарапта да бір-біріне ұқсас.

Мұсылман құқығының қайнар көздері. 2