Мұсылман құқығының көздері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Мұсылмандық құқық кафедрасы
Бақылау жұмысы
Тақырыбы: Мұсылман құқығының көздері.
Орындаған: Абдыбекова М.Б.
Тексерген: аға оқытушы, Едигенова А.Б.
Тексерген күні:
Қорғалды:
Бағасы
Қостанай 2015
Мазмұны
КІРІСПЕ…………………………………………………………… ………….3
I тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ………………………………………
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің
негізгі ерекшеліктері…………………..
1.2. Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы……………….8
II тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ……………16
2.1. Құран…………………………………………………………………
2.2. Сунна…………………………………………………………………
2.3. Иджма…………………………………………………………………
2.4. Қияс……………………………………………………………………
2.5. Фирман, Канун…………………………………………………………...
III тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ РЕТТЕЙТІН ҚАТЫНАСТАР………..26
3.1. Отбасылық және мұрагерлік
құқық ерекшеліктері…………………...
3.2. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу……………………………….31
3.3. Қылмыс, жаза, сот ісі…………………………………………………….34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ…………………………………...39
Кіріспе
Мұсылман құқығы-қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелердің бірі. Кезінде ол Шығыс елдеріне көптеген ықпалын тигізген және қазір де ықпалын тигізуде. Мұсылман құқығы VIII ғасырдың басында фикх ілімінің ерекше бөлігі ретінде пайда болды. Фикх ілімін оқудың негізгі қайнар көзі ретінде Қалам Аллах пен Суннат ан-Набиді қарастыруға болады. Ол Алланың сөзі мен Мұхаммед Пайғамбардың сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер. Сүннеттерде- Сунна, шиіттерде-ахбар. Юридикалық және діни нормалар Исламда қызмет ету механизмі арқылы мұсылман елдеріндегі реттеуші нормалар болып табылады.
Тақырыптың өзектілігін екі тезис арқылы түсіндіруге болады. Соңғы кездері мұсылман дүниесі мен мұсылман емес дүниенің қарым-қатынасы ушығып кетті. Оны біз Шешенстанда болған террористік акт, Косовода болған конфликт, Израиль мен Палестинаның арасында болған дау арқылы көріп отырмыз. Бұл дауларда басты рөлді саясат атқарып отыр, бірақ құқықтық аспектті шетке ысырып тастауға болмайды. Бұл конфликтердің қарулы қақтығыс стадиясына ауысып кетпеуі үшін, мұсылман адамының дүниетамыны қалыптасатын, мұсылман құқығының негізін, әдет-ғұрыптарын, дінін әр жақты білу қажет. Шариғатты талқылау исламның маңызды жағына сүйену деген сөз. Бұл құбылысты түсіндіру, елестету соңғы кезге дейін тек академиялық басылымдардан көрініс тапқан. Ал Бұқаралық Ақпарат Құралдарында бұл діни ілім көне заманға ауытқыған, шыдамсыздық пен шектеулілік ретінде түсіндірілген. Ислам дінінің болашағы жоқ және қазіргі кездегі жағдайға сәйкес келмейді деп айтылған. Ол өз көрінісін тек ортағасырлық әдеттер қалып қойған мемлекеттерде табады деп есептелген.
Берілген жұмыстың мақсаты- мұсылман құқығының пайда болуын,шариғат нормаларының түсінігін, дамуын ашу. Сондай-ақ оның исламмен үзілмес байланысын сипаттап, негізгі белгілерін көрсету болып табылады.
Берілген тақырып бойынша сұрақтар мен материалдарды зерттеу барысында, зерттеу пәні болып- мұсылман құқығын қарастырамын. Менің алға қойған міндетім- мұсылман құқығын халыққа дұрыс тұрғыдан түсіндіру. Яғни, Шариғат пен қазіргі кездегі заманауи заңнаманың арасындағы қатынасты салыстырып, байланыстыру болып табылады.
І тарау. Мұсылман құқығы
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері
45 афро-азиаттық мемлекеттердің құқықтық жүйесі (Мароккодан Индонезияға дейін) мұсылман құқығы жүйесіне жатады. Ең негізгі мұсылман мемлекеттері болып 33 ел саналады( Иран, Ауғанстан, Турция, шығыс араб елдері, оңтүстік және оңтүстік шығыс Азия және Африка мемлекеттері және т.б.). Мұнда 80%-дан астам тұрғындар мұсылмандар болып саналады, ислам конституцияда мемлекеттік дін ретінде жарияланған.
Мұсылман құқығы – бұл діни түрде көрсетілген және мұсылман діні – исламға негізделген ережелер жүйесі. Исламның шығуы оны өзінің пайғамбары Мұхамед арқылы Алланың адамға тарихтың бір айқын кезінде жеткізуінен шығады. Ол Омеяд кезінде біраз уақыт сасанидтік Иран, Византия құқығы және сонымен қатар кейде рим құқығы қолданылып тұрды. Бұл көздердің барлығы шариғаттың қалыптасуына аздаған сырттай және көзге түспейтіндей әсер етті, сонысымен шығыс және батыс мәдениетінің байланысын көрсетті.
Бірақ ақыр аяғында дербес және өзіндік құқықтық жүйе ретіндегі шариғаттың қайталанбастығын және өзіндік бейнесін олар анықтамаған. Шариғаттың қалыптасуына Мұхамед пен оның төрт әділ халифтерінің қайраткерлігі ерекше маңызды рөл атқарды, пайғамбардың өсиет, пікірлері мен әрекеттерін түсіндіру жолымен мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран мен Сунна құрастырылды. Құқықтық реттеу жағын ғана емес, әлеуметтік өмірдің барлық аумағын қамтиды. Алла құқығы адамға бір рет және мәңгілік берілген, бірақ діни жаңалықтар түсіндіру мен мәлімдеулерді қажет етеді. Ислам – үш әлемдік діннің ішіндегі ең жасы, бірақ кеңінен тараған. Бұл дін мұсылман неге сенуі қажет; шар немесе шариғат, яғни діндарларға олар не істеп, не істемеуі қажет деген теологиядан тұрады. Шариғат орыс тіліне аударғанда “қолдану жолы” дегенді білдіреді және мұсылман құқығы деп аталатынды құрайды. Бұл құқық мұсылман өзі міндеттемесін өзі сияқтыларға және құдайға қатысты бөлмей қалай ұстауы керектігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, шариғат адамның иелігіндегі құқық емес, адамға жүктелген міндеттер идеясына негізделген. Міндеттерін орындамау күнә болып саналады, сондықтан мұсылман құқығы ереже бойынша бекітілген жазаларға көп көңіл бөле қоймайды. Ол мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты ғана реттейді. Исламда мемлекет діннің қызмет етушісі рөлін атқарады. Ислам өз мәні бойынша иудаизм секілді – заң діні болып табылады.
Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:
1. Алланың соңғы елшісі
2.Мұхамедтің сөздері мен
3. Құран ережелерін талдаған
ұлы мұсылман ғалымдарының
4.Мұсылмандардың алғашқы
Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.
Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып кетті.
Мұсылман құқығының негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.
Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сунна негізінде құрастырылған, мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және неке-отбасы құқығынан тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен тығыз байланысты құқықтық ереже.
Ислам құқықтық ережені Алланың заңдары мен тәртібінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Осыған сәйкес, бұйрықтар мен тиымдарға да ерекше қасиет беріледі.
Құқықтың Исламмен тығыз байланысын мұсылманның шариғатта көрсетілген 5 түрлі іс-әрекетінен көруге болады:
1.Міндетті
2.Кеңес беру
3. Рұқсат етілген
4.Кінә қойылады, бірақ жаза қолданылмайды
5.Тиым салынған және жаза қолдану.
Шариғаттың негізгі бағыты - әр түрлі өмірлік жағдайды діни тұрғыдан бағалау. Сондықтан, шариғаттың негізгі ерекшелігі, ол тек мұсылмандарға және мұсылмандар қарым-қатынасына ғана байланысты. Шариғат қағидасы үшке бөлінеді: ғибадат (діни салтқа байланысты міндет), муамалят (тек қана заңдық ережелер) және укубат (жазалау жүйесі).
Шариғат ережелері көптүрлі және қатал. Ол адамның қоғаммен, отбасымен қарым-қатынасын, азаматтық қатынастары, мүліктік дауларды шешу ережелерін қамтиды. Шарғат ережелерін бұзғандарға қатал жаза қолданылады.
Шариғаттың Европа елдеріндегі құқықтық ережелерден үлкен айырмашылығы бар. Ол қоғамдық өмір мен мешітті реттеп қана қоймайды, сонымен қатар Азия мен Африка елдерінің басым көпшілігінде орнап, Орталық Азия мен Кавказдың бір бөлігіне, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің бір қатарына әсерін тигізген ережелер жүйесін құрайды. Бірақ, ислам мен шариғаттың бұлай кең таралуы, оның көп салаларын әр елде әртүрлі өзгеріске түсірді. Сонымен, исламда екі бағыттың, ортодоксальды бағыт – суннизммен қатар, оған қарсы бағыт шиизмнің пайда болуына байланысты шариғатта бөлініс пайда болады.
1.2. Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дәуірі
Мұсылман құқығының пайда болуы Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар болып, оған уахидің келуімен басталады және осы кезеңде түсіріліп, аяқталуына байланысты бұл кезең мұсылман құқығының алғашқы кезеңі болып саналады. Уахи Аллаһтың Пайғамбарларға жолдама жіберуі мағынасына және жіберілген жолдама мағынасына келеді.Уахи қамтитын тақырыптарда Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Меккеден Мединеге көшкеннен кейін (хижрет) өзгерістер болғандықтан, бұл кезең Мекке және Медине кезеңі болып екіге бөлінеді:
Мекке кезеңі. Мекке кезеңі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-ге уахи жіберіле бастаған Милади 610 жылдан Мединеге кешкен 622 жылға дейін созылады.Мекке кезеңінде түскен аяттар, көбіне сенімді нығайту, бір Тәңір сенімін орнықтыру және ахлақты (мораль) тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Бұл кездегі дінге шақыру ісі әлемдік сипатта болды және де аяттар көбінесе: «Ей адамдар!» деп басталады. Бұл кезеңде құқық саласында ешқандай аят түспеген. Мұның себептерінің бірі - мүминдер қоғамының қоғамдық беделінің болмауы. Ал құқықтық жүзеге асырылуы қоғамдық күшті қажет етеді. Екінші бір себеп - құқық қағидаларының табысты түрде жүзеге асырылуының және күткен нәтижеге жетуінің алғышарты болған ахлақ (мораль) тұрғысынан жетілген адам түріне байланысты болуы. Бұл жағдай ахлақ пен құқық арасындағы тығыз байланыстыр тіпті құқықтық негізі ахлақ екендігінің нышаны болып саналуы мүмкін. Осылайша Медине кезеңінде түсірілетін құқықтық қатынастардың іргетасы Мекке кезеңінде қаланды.
Медине кезеңі. Бұл кезең Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-нің 622 ж. Меккеден Мединеге көшуінен басталып, 632 ж. қайтыс болуына байланысты аяқталады. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Мединеге Пайғамбар ретінде ғана емес, сонымен бірге Мединеде сүрген үш яһуди қауымын (Құрайза, Қайнука және Надирұлдары) араларындағы әрі сол жердегі Әуіс және Хазреж деген араб қауымдары арасындағы келіспеушіліктерге қазылық ету және қоғамда сөзі өтетін көсем сипатымен барған. Қысқаша айтқанда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың Меккедегі діни «шатына дүниелік көсем сипаты да қосылды. Бұл кезеңде қоғамдық тәртіп орнату, адамдар арасындағы қатынастарды реттеу туралы үкімдер келе бастады. Ғибадаттар да осы кезеңде реттелді. Практикалық өмірге қатысты үкім аяттарын ахкәм аяттар дейді. Бұл кезеңнің ерекшеліктерінің бірі - үкімдердің бәрі бірден емес, уақытқа қарай сатылап қойылуы (Тедриж). Арабтар арасында кейінен тараған шарап ішу және пайыз алу бірден тоқтатылмай оларға үйрете келе тыйым салынған. Бұрын қойылған үкімнің кейіннен келген үкіммен күшін жоюы деген «несх» те осы кезеңнің ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Кейінгі кезеңдердің негізгі қайнары болған уахи - осы кезеңнің де негізгі қайнары. Алайда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құрандағы үкімдерді түсіндіргенде ақылын колданғандығы қабылданады. Сол себептен Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін немесе іс-әрекеттерінің барлығын, яғни сүннет толығымен уахи деу дұрыс емес. Алайда сүннеттің уахиден шыққанын қуаттайтын ғалымдар да бар.
Сахаба дәуірі
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) 632 ж. қайтыс болғаннан кейін басталып, сахабалардың ықпалы басым болған кезеңге дейін созылды. Бірақ, сахаба дәуірі деген кезде, көбінесе рашид халифалар деп аталған Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлидің Һ.41/М.661 ж. созылған халифалық дәуірі түсіндіріледі. Шынында да рашид халифалар дәуірі кейінгі дәуірлерден ерекше жағдайларға ие болуы әрі Пайғамбарсыз дәуірдің алғашқы тәжірбиесі болуы жағынан маңызды. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) тірі кезінде Пайғамбар болуымен қатар, саяси беделдің, әрі құқықтық беделдің басшысы болды. Ол сонымен қатар мемлекет басшысы, қазы әрі мүфти еді. Ол қайтыс болғаннан кейін сахабалар саяси және құқықтық істердің қалай жүргізілетіні туралы мәселеге кездесті. Түрлі тартыстардан кейін сахабалар діни құқықтық және саяси салала өкілеттілікті Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын досы болған Әбу Бәкірге беруге келісті, және оған бағынуға сөз берді (бей'ат). Сахаба Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) орнына сайланған бұл адамның өкілеттілігін түсіндіру үшін, оны Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) халифасы ретінде сайлады.
Халифа атауы бұдан былай мұсылман қоғамының діни және саяси көсемі деген мағынаға ие болды. Халифа болып сайланған Әбу Бәкір діни, ұлттық және саяси салада бір шешім қабылдаған кезде, алдымен Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) осыған байланысты сөзі немесе іс-әрекетінің (Сүннет) бар-жоғын зерттеген. Егер бар болса, Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін негізге алған. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) сүннеті болмаған жағдайларда Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын достарынан сұрап, олардың көзқарасын да ескерген. Бұл кеңес сұрау ісін әдебиеттерде «тура» немесе «мешперет» деп айтады. Бірінші халифа Хазіреті Әбу Бәкір бастаған сүннеттің бар-жоқтығын зерттеу және алдыңғы қатардағы сахабалардың көзқарасын алу ісі кейінгі 3 халифа тарапынан да жүзеге асырылды. Рашид халифалар дәуірінің маңызды ерекшеліктерінің бірі «Рей ижтихадының» кеңінен тарауы болып табылады. Рей ижтихады - кездескен мәселенің Құранның негізгі қағидалары шешілуі үшін ақыл күшін жұмсау деген сөз. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде Рей ижтихадының үлгілері кездеме де қате болған жағдайда, осы ижтихадтарды Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)-ның өзі түзету мүмкіндігі бар еді. Сондықтан да Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде рей ижтихадынан туындаған пікір айырмашылықгары жоқ еді. Бірақ Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін, бұл мәселені қарастыратын жоғарғы ұйым болмағандықтан, барлық адамның жеке көзқарасы принцип ретінде бір-біріне тең болды, бірі екіншісінен жоғары болған жоқ. Сол себептен әрбір жеке көзқарастың болу құқығы бар. Бұл мұсылмандар арасында көзқарас айырмашылықтарының пайда болуының және дұрыс деп саналуының бастауы мағынасына келеді. Жоғарыда айтылғандай шешімнің тура жолымен қабылдануы келіспеушіліктердің азаюын қамтамасыз етеді.
Сахабалар көзқастар турасында бір-бірін кінәламаған, бір-бірінің көзқарасына құрмет көрсеткен. Көзқарастардың бірі тура нәтижесінде қабылданғанда немесе осы көзқарастардың бірі халифаның бекітуімен іске асырылса, барлығы осыған бағынатын. Бірақ, түрлі көзқарастар айналасында топтасудың осы кезеңнен басталғанын айтуға болады.
Сахабаның ижтихад әрекеті көбінесе мына екі мәселе турасында болатын еді:
Аят және хадис мәтіндерінің (нас) түсініліп анықталуы.
Анық емес үкімде діннің, адамдардың пайдасына (маслахат) шешілуі (рей ижти- хады).
Бұл кезеңнің маңызды оқиғаларының бірі жорықтар арқылы Сирия, Ирак, Мысыр және Иранның алынуы және мұсылмандардың сол жерлердегі түрлі мәдениеттерімен таныса бастауы. Осы әрекеттің мұсылман құқығына ықпалы осы күнге дейін анықталған жоқ. Екінші бір маңызды оқиға - сахаба арасында саяси билік күресіне байланысты бөлінуі және бүліктің шығуы. Бастапқыда саяси түрде болған бұл бөліну ісі уақыт өте келе діни бір маңызға ие болып, сенім негіздерімен және Фикһ түсінігімен байланыстырылған, сөйтіп үш негізгі топ пайда болған. Әхли сүннет, Шиа, Харижилер.
Омеядтар дәуірі
Рашид халифалар дәуірі Муауияның 41/661 ж. саяси билік басына келуіне байланысты аяқталады, келесі жаңа кезең Омеядтар дәуірі деп аталады. Муауия халифа болғаннан кейін, дін мен құқық істерін үмметке қалдырып, саяси істерді өз қолында ұстады. Осылайша, рашид халифалар дәуірінде халифа діни-құқықтық және саяси беделге өкілдік етсе, Муауия діни-құқықтық саланы үмбетке қалдырып, дін мен мемлекетті бір-бірінен бөлген еді. Осы тұрғыдан мұсылман құқығының пайда болуы мен жүйеленуінің халық арасында жүзеге асқандығын айтуға болады.
Бұл кезеңде дін мен құқық істері халыққа берілгендіктен, түрлі көзқарастар айналасына топтасу байқала бастады.
Осы кезеңде пайда болған алғашқы бөлініп-топтасу Хижаз мектебі және Ирак мектебі түрінде болды. Кейіннен Хижаз мектебі «хадис әхли», ал Ирак мектебі «рей әхли» деп атала бастаған және бұл топтасу мұсылман құқығы мектептерінің пайда болуымен аяқталды. Бұл кезеңде сахабалармен бірге, табиун ғалымдардың да пікір айтқандықтары байқалады. Табиун - сахабаны көріп, олардан білім алған адамдар. Табиун араб тілінде «зерттеген, бағынған адам» мағынасын беретін «таби» сөзінің көпше түрі. Табиилер орталық Медине болған «Хижаз мектебі» және орталығы Куфа болған «Ирак мектебі» ақыл мен көзқарасқа онша мән бермейтін настардың ашық мағыналарын алдыңғы катарға қоятын, сол себептен де хадис риуаятына мән беретін көзқарасы бар. Бұл мектептің алдыңғы қатарлы өкілдері «Мединелік жеті факих» деп аталған. Олар мыналар: Саид (Мүсеййебұлы), Әбу Бәкір (Абдуррахманұлы), Урие (Зүбейрұлы), Қасым (Мұхаммедұлы), Сүлеймен (Иесарұлы), Хариже (Зейдұлы), Убейдуллах. Ал Ирак мектебі Хижаз мектебіне керісінше рей ижтихадына маңыз беретін сүннеттің алынуына қатаң талаптар қойылып, жан-жақты қарайтын көзқараста болған. Бұл мектептің алғашқы өкілдері - Алкаме, Месрук, Қазы Шурейх Саид (Жүбейрұлы), Ибрахим ән-Нахаи және Хаммад. Одан кейінгі дәуірлерде де Хижаз мектебінің мүшелері жалпы түрде «Хадис әхли», ал Ирак мектебінің мүшелері «Рей әхли» (Рейшілер) деп атала бастады.
Аббасилер дәуірі және Фикһ мектептерінің пайда болуы
Билікті өз қолдарына алып, Омеядтар сұлтандығын құлатқан Аббасилер арабтардан басқа ұлттарға жылы қарап, олардан қолдау тапты және де ғалымдарға жақындық танытып, солардың көзқарастарын ұстанған. Түріктердің сахнаға шығуы да осы кезенде жүзеге асты. Әсіресе халифа Мутасым кезеңінен (833 - 41 жж.) бастап, әскери және басқару саласында түрік халқы таныла бастады. Халифа Харун Рашид қаржылық істерін және осыған қатысты үкімдер жазуды Әбу Ханифаның досы және шәкірті Әбу Юсуфтан сұрайды. Ол атақты «Китабу'л-Харажды» жазып шықты. Халифа Мансұр Имам Малик «Муатта» атты шығармасын билеушілер мен мүфтилер бағынатын заң түріне келтіруді қалады, бірақ ол бұған ризалық білдірмеген.
Омеядтар дәуірінде пайда болған Рейшілер және Хадисшілер деп топтасулар бұл дәуірле орнын жеке мектептерге қалдырды. Бұл мектептердің кейбірі қазірге дейін жалғасып келген, ал кейбірі жоғалып кеткен. Қазір сүнни мазһабтар: Ханафи мазһабы, Мәлики мазһабы, Шәфии мазһабы және Ханбели мазһабы бар. Кейіннен құрылған Шин мазһабтарының ішінде Жафери мазһабы мен Зейди мазһабы де қазіргі кезге дейін жеткен мазһабтар қатарында. Бұл мазһабтар Фикһ мектептері немесе амали (іс-әрекет) мазһабтары болып табылады. Жоғарыда аталған Итиқад (сенімдік) мектептерге (Әһли сүннет, Шиа және Харижилер) бұл дәуірде Муғтазила мектебі мен Муржиа мектебі қосылды.
Мұсылман құқығының түпдеректері (дәлелдері).
Жалпы түпдерек (дәлел) ұғымы Құран мен сүннет, жеке тұлға мен қоғам өмірін, сенім, ғибадат, ахлақ (мораль және құқық тақырыптарын (муамалат) қамтитын үкімдердің негізін құрайды. Осы екі түпдеректен өмірдің бастауыш түсіндіретін, жеке адамды бақыт пен тыныштыққа, қоғамды тәртіп пен қауіпсіздікке қауыштыратын барлық негізгі принциптерді табуға болады. Алайда Құран мен сүннет жеке адам мен қоғамға ұсталатын негізгі тәртіп ережелерін, сақтайтын негізгі құндылықтарын көрсетумен шектеледі. Осы екі түпдеректе берілген үкімдер мен көрсетілген мақсаттарды ұғыну, олардан өмірге және жеке-жеке әрбір оқиғаға қатысты нәтиже шығару ісі толығымен Құран мен Сүннетте мұсылмандарға айтылған тиісті жауапкершілік болып табылады. Сол себептен Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін Құран мен Сүннетті қалай түсіну және қандай амал мен әдістер арқылы үкім шығару мәселесі пайда болады. Тарих ағымында пайда болған түрлі Фикһ мазһабтары де осы мәселеге қатысты жұмсалған ақыл әрекеттің нәтижесі. Сондай-ақ, настардан (аят пен хадис) үкім шығару әдістемесін өз тақырыбы етіп алған ғылымның тарихта «усул-и Фикһ» (мұсылман құқығы әдістемесі) деген атпен алғаш рет мұсылмандар тарапынан шығарылуы да осы процестің нәтижесі болып табылады. Осы тұрғыдан практикалық өмірге қатысты шариғи үкімдердің негізгі түпдеректері Құран мен сүннет болумен қатар, осы екі түпдеректе қамтылған сөздер мен олардың мағына және мақсаттарын түсіндіруге бағытталған ахыли әрекеттердің де маңызы мен қызметі ерекше орын алады. Осыған орай мұсылман құқығының түпдеректерін жалпы үш бөлімге жинақтауға болады. Олар Құран, Сүннет, Ақыл. Классикалық мұсылман құқығы теориясында бұдан да көп дәлелдер келтіріледі: Ижма, қияс, истихсан, истислах, истисхаб, т.б.
Осы дәлелдердің бір бөлігінің нас құрамына, ал екінші бір бөлігінің ақыл құрамына кіруі мүмкін. Дәлелдер фахихтер шариғи амал сипатындағы үкімге апаратын құралды немесе үкімнің сүйенішін дәлел деп атайды. Дәлел түпдерек тұрғысынан «ахыли дәлел» және «иақыли дәлел» болып екіге бөлінгеніндей, күштілігі тұрғысынан да «нақты дәлел» және «занни (жорамал) дәлел» болып екіге бөлінеді.
Фикһ әдебиетінде кеңінен қабылданған
пікірге сай шариғи дәлелдердің ішінен
Құран, сүннет, ижма және қияс негізгі
дәлелдер тобына, ал истихсан, истислах,
истисхаб, седд-и зериа сияқты дәлелдер
қосалқы дәлелдер тобына кіреді.1
1 Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
ІІ тарау. Мұсылман құқығының қайнар көздері
Орта ғасырлардағы шығыс үшін Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы - Шариғат болып табылады. Шариғат жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда қолданыла бастады. Яғни, халифат жеткен жерге дейінгі аралықты қамтыды.
Мұсылман құқығы дін ретінде феодалдық қатынастардың дамуына және нығаюына мүмкіндік туғызды. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен толығып, феодалдардың мүддесін қорғады. Бұл діни тәртіп болды, ірілі-уақты шарттарды қоғамдық өмірдің барлық жақтарында жүргізді.
Мұсылман құқығының әдебиеттегі бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман құқығының атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының орнын анықтап берді. Давид Рене мыналарды бөліп көрсетеді: романдық-германиялық құқықтың отбасы, ортақ немесе роман-германиялық отбасы, социалистік құқықтық отбасы жүйесі, діни жүйелер. Діни жүйелер кезеңінде үшке белінеді: мұсылмандық, иудаизм және индуизм.
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы, өзінің түбегейлі тұжырымдамасы және теориялық қайнар көзі арқылы басқа құқықтық, отбасылардан өте өзгешілігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынаста реттеледі.
Біз осы құқық жүйесінің феодализм дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі құқықтық діни этникалық нормалар, мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтаса отырып, біртұтас біріккен кешен түзейді.
Мұсылман құқығы мен мемлекеттің арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар. Шариғаттың барлық нормалары Құран мен суннадан тұрады. Олардың құдайдың құдіретінен тыс болуы және принципті түрде қолданылуы мүмкін емес. Алайда, мемлекет дін сенімінің негізі және діни міндеттердің орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгізді. Соңғысы құқықтық норма болып қалыптасты.
Формальды құқықтың нұсқаларымен таныса отырып, оның мемлекетпен қатынасына көңіл бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің заң шығаратын формальды түпнұсқалары халифаттың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана қолданылған (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.). Алайда бұл процесті тәмамдау мен мұсылман құқығының одан әрі дамуына тікелей мемлекеттік пәрмен бола қойған жоқ. Мемлекет құқықтың дамуы процесіне объективті түрде ықпал ете алмады. Мұсылман құқығының негізгі ерекшелігі - оның доктриналығы, құқықтанушы беделді оқымыстылардың еңбектері. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет өзінің рөлін жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылмандар құқығының доктриналығымен және өнегелілігімен тұжырымдалған. Мұсылман құқығында көпшілік және жеке құқық нормалары әрқашан тәуелсіз болып келді. "Мұсылман ойының бағыты, -деп жазды Р. Шарль, -қатаң тәртіп пен нақтылық жағдайында ешқашан тәуелді болмау".
Сол кезеңдерде түсініктілік және айқындылық принципі батыс үшін аса маңызды болып есептелді.
Мұсылман құқығы - дін мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі. Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана жағы. Бұл дін мыналардан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы, міне, мұсылмандар осы ұғымға сенуі керек: шариғат-адамгершілік жолы.
Шариғат адам баласы үшін жүзеге асуы міндетті идея ретінде түзілген. Міндетін орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Ислам әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды ірі теократиялық қоғамның тұжырымдамасына жетекшілік етеді. Таза құдай жолымен шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі исламға бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам - заңның діні.
Мұсылман құқығы - мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағыты.
Мұсылман құқығы ғылымының екі тарауы бар: шариғатты құрайтын тұтас бір кешенді түсініктер ережесі, шығу тектері, материалдық мұсылман құқығының нормасына жататын шешімдер.
Мұсылман құқығының қайнар көздері:
1). Құран-ислам дінінің бас
2). Сунна-құдайға байланысты
3). Иджма-мұсылман қоғамының
4). Қияс-аналогиялық пікірлер.
Құран - Алланың соңғы Пайғамбары Мұхаммедке жіберген қасиетті кітабы. Бірақ ол құқық кітабы немесе кодекс емес.
Сунна - Пайғамбардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде діни нанымдағылардың қалай басқару керектігі туралы әңгімелейді. Мұсылмандық дәстүр, адаттың жинағы. Бұл Мұхаммедтің қағидаларының бір тармағы. Бұл салттардың жинағы мұсылман құқығының теориясы болып есептеледі.
Иджма - докторлардың өзара келісімінен құралған. Құран да, сунна да барлық сұраққа толық жауап бере алмайды.
Мұндай күрделі жағдайда (қандай да бір сұраққа жауап жоқ кезде), жауап орнына қатып қалған дайын догмалар мен мұсылман қоғамының тұтастығы мысал ретінде ұсынылады.
1). Адат менің қоғамым қате шешімді ешқашан қабылдамайды;
2). 115 қатар 4 өлеңнен тұрады "кімде-кім наным жолына жатпайтын басқа жол іздесе, ол тозаққа тап болады"1. Иджма Еуропа салтына жатпайды. Ол жалпы мойындауды да талап етпейді. Талап ететіндер барша ілімді жетік білетін адамдар тобы. Олардың рөлі құқық белгілеуден тұрады. Оқымыстылар-пайғамбардың мұрагерлері. Құқық докторларының бір қалыппен ойлауы - исламның қағидаларының кең қанат жаюымен түсіндіріледі. Құранның практикалық мағынасы - сунна мен иджма. Мұсылман құқығының үш қайнар көзі, міне, осылар. Құран мен сунна негізгісі. Бірақ бүгінде бұл тек құқық ілімінің тарихи қайнар көздері, оларды қалай болса солай пайдаланбауы керек. Тек құқық кітаптары ғана иджманы мақұлдаған. Біздің жағдайымызда мұсылман құқығын оқу үшін пайдалану керек.
Мұсылман құқығы догма негізінде біздің дәуіріміздің X ғасырында өзгермейтіндей болып белгіленген. Ислам діні өкімет құқығының өзгерістерін мойындамайды. Мұсылман мемлекеттеріндегі үкімет басындағылар құқық қызметін заңды жолмен құра алмайды. Олар тек заң актілерін мұсылман құқығы рұқсат еткен мөлшерге дейін бере алады. Қияс - аналогияны құқық қолдану ретінде талқылауға болады. Құқық сенімдегілері діни істерге байланысты жүргізуі керек. Ол ақиқаттың айнасы деңгейіне көтерілуі шарт емес.
Әрине, құқық жүйесінде Құран негізгі орын алады. Ол мұсылмандар үшін қастерлі. Бұл қасиетті кітап барлық белгілі оқиғаларды түсіндіреді: адамның өмірге келуін, тууын, өліміне дейін талдау жасайды. Ол ежелгі араб тілінде жазылған.
Құранда соңғы жағынан қысқартылған 90 меккелік, 24 мединалық сүре бар. Олар шабытты жазылған. Айқын ырғақпен ұйқастырылған сөйлемдер тыңдаушыға әсер етіп, ислам құдіретін сездіреді.
"Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед - оның Пайғамбары" - деген исламның негізгі қағидасы. Мұсылмандықтың негізгі өзегін фатализм құрайды. "Сіздерге берілген уәдені сіз әлсірете алмайсыз". Құран бастаған істі аяқтауды уағыздайды: пітір төлеу, бес мезгіл намаз оқу, ораза ұстау сияқты мұсылманның бес парызын қатаң сақтау керек.
Әдебиеттерде Құранға әртүрлі баға беріледі. Құран заңның бастапқы көрінісі. Құранда қоғамдық-бұқаралық жеке бас құқықтық нормалары ещқандай бағынушылықсыз қолданылған: догмалармен суарылған мұсылман құқығының жасанды болуы мүмкін емес. Мұсылман түсінігіндегі ойлы бағыт ешқашан қатаң тәртіп алдында бас июге әкелмеді. Мұсылмандар әлемдегі жаңа көзқарастарға сақтықпен қарайды: "Біз іздейтін жұртпыз, бірақ ойдан шығармаймыз!" дейді олар өздері жөнінде.

- Мұсылман құқығының қайнар көздері
- Мұсылман құқығының қайнар көздері
- Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы
- Мұсылман қыз – бақытты жан
- «Мұсылман» мәдениеті
- Мұсылман мәдениеті тудырған еуропалық қайта өрлеу дәуірі
- Мұсылман ренассансының тарихи алғышарттары
- Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы
- Мұстафа Кәмәл Ататүрік
- Мұстафа Кәмәл Ататүрік
- Мұстафа Шоқай
- Мұстафа Шоқай
- Мұстафа Шоқай және оның түркішілдік идеясы
- Мұсылмандық Шығыстағы діни- философиялық ой