Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы
Мазмұны
1. ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясына жалпы сипаттама.
2. Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін-өзі адамгершіліке тәрбиелеу ілімі.
3. В.В.Соловьевтың «орыс идеясы».
4. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.
1. ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясына жалпы сипаттама.
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі – Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қала¬сында өткен
халықаралық
философиялық симпозиумда
Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил
бағыты өкілдері көзқарасының
негізі – православие. И.В.
Марксизм бағытынын
негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.
Үшінші багыт
– біз сөз еткелі отырган
батысшылдар, немесе экзис-
Сонымен катар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының бәрін де Ресей мемлекетінің тагдыры толғантты. бағыттың өкілі болғанына қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.
2. Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін-өзі адамгершіліке тәрбиелеу ілімі.
Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі, бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең, объективті зерттеу ісі әсіресе соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің дәлелі ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек жинақ болып жарық көруін (Л.Н.Толстой. Избранные философские произведения. М.,1988), бұрын жарияланбаған философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек болып басылып шығуын (Л.Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның философиялық көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып отырғандығын айтуға болады.
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе – адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі – «Исповедь» («Жан сыры» немесе «Тәубе», еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортаға-сырлық ойшыл Августин Аврелийдің «Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского» еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адам зат
тарихынан
өшпес орын алған тұлға,
ын жазушы оте дәл суреттейді: «…сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен дем ала алмадым, тамақ іше де, ұйықтай да алмадым. Өмір мені тойдырды – одан құтылғым келді. Өзімді елтіргім келді деп айта алмаймын, бірақ мен өмірден қаштым».
Жазушыны таңдандырған бір нәрсе – осы мазасыз өмірмәндік қина-лыстын оның бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезенде
- сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани күшті, дені сау. әлі 50 жасқа да,толмаған кезенде мазалауы, философиялық тұрғыдан талдасақ, Толстойдың осындай мазасыз, қазақша айтсақ, жанын қоярға жер таба алмай қиналуы заңды құбылыс. Гиперрефлексия ой еңбегімен айналысушы адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді ғұламаның жан күйзелісі түсінікті. Бұл жазушынын рухани дүниесінің терендігін көрсететін өзін-өзі танып-білу қызметінің ерекшелігіңің дәлелі. Мұндай адам өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне кеңілі толмаушылық пен мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер әлемінде шарқ ұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына душар болады. Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа. парасатқа негізделген философия ғылымының кемегі қажет. Әрине, философия өмірдің моні мәселесін түбегейлі шешіп береді деуге болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған белгілі бір көзқарас қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді.
Л.Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген «мәңгілік» сұрақ екендігіне кез жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы салмақты кезқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа беледі:
1) Ештеңе білмеу жолы – өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.
103
2) Эпикур жолы – өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
3) Күш пен энергия
жолы – өмірдің мәні жоқтығына,
4) Әлсіздік жолы – өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағыны на еріп өмір сүру.
Жазушы жүргізген бұл философиялық сараптауда үлкен мән бар деп ойлаймыз. Оның кейбір пікірлерімен келіспеуге де болады, бірақ бұл жікте- удің өмірмәндік мәселені шешуге ұмтылған қазіргі заманғы адамға ой тас- тары анық.
Л.Толстойдың өзі өмірмәндік мәселені сенім категориясы арқылы ше- шеді: «Менің ойымша, өмірдің мәні – сенім. Сенім адамға күш береді». Сенім категориясын қалыптасқан пікір бойынша діни сеніммен шектеуге болмайды. Толстой өз шығармаларында сенім категориясының бай мазмұнын көрсетеді, өмірмәндік мәселені дін, руханилық, адамгершілік мәселелерімен байланысты қарастырады. Жазушы туындыларының негізгі желісі де осы, яғни Л.Толстой үшін өмірдің мәні сенімде. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінінн біле алады. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты болады. Біріншіден, бұл діни сенім: оның пікірінше, құдайдың жарығы адам жанында жанбағанша, адам әлсіз, бақытсыз жануар. Жарық жанғанда ғана адам дүниедегі ең күшті мақұлыққа айнала ды. Бірақ Толстой адам өмірін тек құдайға сеніммен шектеп қана қоймайды. Жануарларға құдай қажет
нәрсенің бәрін бере салған, ал ада көп нәрсеге өз еңбегімен жетуі тиіс деп есептеген ойшыл адамды талпынбай еңбектенуге шақырады және адамгершілік қасиеттерін күшейтуге бағытталған еңбекті жоғары бағалайды. Яғни, адам ең әуелі өзіне сенгені дұрыс, себебі бұл сенім өз бастауын ізгіліктен алады. Сенімнің тағ бір түрі – махаббатқа деген сенім: «Адам өмірінің барлық қайшылықтарын шеше алатын сезім – махаббат, оны адамдардың бәрі біледі». Махаббатты ол абсолюттік дәрежеге дейін көтереді: «…адам жанының ең басты қасиеті – сүю, басқа адамдардың бәріне бірдей жақсы болу үші сүю. Осындай махаббат – адам өмірінің мәні».
Бұл көзқарас
адамдарды жақсы көру, олардың
арман-мақсаттарын түсіне білу, өмірлерінің
бақытты болып, армандарына
Л.Толстой адам өмірінің мәнін руханилықпен тығыз байланысты түсінеді,
көп адамдардың бойында табиғат берген руханилықтың «жануарлық өмір» сатысында қалып қойғандығына өкініш білдіреді. Күйбең тіршілік ағымына ермей, материалдық байлықтан рухани байлықты жоғары қоя білген адам ғана мәнді өмір сүруге ұмтылады, ақыл-ой, парасат биіктігіне жетеді, өмірден өз орнын таба алады. Рухани дүниесі мықты адамның өмірі де жақсы өтеді, сондықтан ол өлімнен де қорықпайды. Осының бәрін Толстой санадагы өзгерістермен түсіндіреді. Оның өмірдегі өзгерістердің ешқайсысы санадағы өзгерістермен теңдесе алмайтындығы туралы ойы аса құнды. Ұзақ жылдар бойы «Тұрмыс сананы билейді» қағидасымен өмір сүрген біздің қоғамға бұл пікір таңсық керінуі де мүмкін, бірақ қоғамды, адамды өзгерту үшін сананы торбиелеудің маңызы зор екендігін мойындау қажет. Белгілі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов. А,Байтұрсынов, М.Дулатовтар да ғасыр басында осыны қайта-қайта ескертіп, қоғамды төңкеріс жолымен емес, адамдардың санасына ықпал ету арқылы өзгерту жолын ұстануға ұмтылған екен.
Л.Толстойдың
өмірдің мәнін адамгершіліктен
іздеуін өз замандаста-рының
хат алысып тұрған қазақ ойшылы Шәкәрімнің көзқарастарына да орыс жа-зушысының өмірмәндік толғаныстары әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы ретте «Л.Толстойдың езі өмірдің мәнін тапты ма?» деген сұрақ туындайды. Өмірмәндік мәселе философияда «мәңгілік», «шексіз» мәселелер қатарында аталады. Себебі, ол адамды өмір бойы мазалап, бір кезеңдерде күшейіп, енді бірде бәсеңдеп отырады, оның нақты, түпкілікті шешімін табу мүмкін емес. Ұлы жазушының бүкіл өмірі мәнді өмірдің үлгісі десек те, өз өмірі оны қанағаттандырмады. Өмірдің қиын кезеңдерін бірге өткізген жүбайы
Софья Андреевнаға да, балаларына да көңілі толмалды. Өмірін сараптай келіп, алаңсыз балалық шағынан басқа сәттерінен басқа мән таба алмай, өмірінің босқа өткеніне өкінеді. Бұл пікірімізге оның өмірінің соңғы кезеңдерінің оқиғалары дәлел бола алады. Өлімі жақын даған сайын өмірден түңіліп, көзі тірісінде бүкіл әлем мойындаса да, қоғам, дос-бауыр, жақын-жұрағат тарапынан түсіністік таба алмаған Толсой өзінің «Иван Ильичтің өлімі» әңгімесінің кейіпкері Иван Ильич сияқты тән ауруынан жан ауруы басымырақ болып, «Осы мен қалай өмір сүрдім?» деп қиналды Оның өз отбасынан безіп, алыс бір станицаға сапар шегіп, бейтаныс адамдардың арасында өмірмен қоштасуы да соның айғағы. Өмірінің соңына дейін адамдарды жақсылыққа тәрбиелеуден танбаған ойшыл (оның соңғы туындысы «Өмір жолы» да осы мақсатқа арналған) еңбегінің еш кетіп, қоғам да, адам да өзгермегенін, адамзат жаралғаннан бері өмір сүріп келе жатқан зұлымдық әлі де үстемдік құрып отырғанын түсініп, шарасыздықтан жарық дүниеден түңілген де болар. Әлде өзі «Крейцер сонатасы» еңбегінде жазғандай, «Ешқандай мақсатың болмаса, өмір бізге өмір сүру үшін ғана берілген болса, тіршіліктің қажеті жоқ. Өмірде мақсат болған соң, сол мақсатқа жетісімен өмір тоқтауы тиіс деп шешті ме екен? Қалай десек те, Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды. себебі ол адамды қазіргі қоғамға жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сезбен айтсақ – Адамгершілікке шақырады.
3. В.В.Соловьевтың «орыс идеясы».
Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900) – орыс халқының көрнекті философтарының бірі. Оның да көзқарастары әлі толық зерттелмеген. Шынын айтсақ, Соловьев философиясын жан-жақты зерттеу ісі қазір ғана қолға алынып жатыр, себебі оның идеялары Ресей үшін енді ғана түсінікті болуда.
В.С.Соловьев
белгілі тарихшы, Ресей тарихы
бойынша 29 том еңбек жазған
ғалымның отбасында дүниеге
әр түрлі саяси-философиялық ағымдармен әуестеніп, материализнің әсерімен әуелі физика-математика факультетіне түскенімен, 2-курстан бастап тарих-филология факультетіне ауысып, философияны мықтап игеруге ден қояды және бұл жолда үлкен табандылық пен білімділік үлгісін керсетеді. Бір
ғана мысал келтіре кетсек, университет бітірген соң бір жылдан кейін магистрлік диссертациясын, ал 1880 жылы докторлық диссертациясын қорғап шығады. 1881 жылы ол университеттегі оқытушылық жұмысын тастауға мәжбүр болады, оған себеп – Александр II патшаны елтіруге қастандық жасаушыларға христиандық кешірім жасап, өлім жасынан босатуды ұсынды. Бірақ, өзінің пікірі бойынша, оқытушылық жұмыстан кеткені ол үшін бір жағынан жақсы да болды, философия, дін, әдбиет, эстетика мәселелерімен тереңдеп, еркін айналысуға, бүкіл өмірін ғылым ісіне алаңсыз арнауға мүмкіндік алды.
В. Соловьев
философиясының нсгізгі
Адамзат үшін жаңа жол табуға тырысқан В.Соловьев А.Блоктың сезімен айтсақ, «барлық жерде қолына үлкен қоңыр май шам ұстап жүрген секілді болды». Бұл жол ретінде Соловьев Шеллинг философиясының ізімен «жалпы бірлік» идеясын ұсынады, оны философияның жаңа түрі, ұнамды философия деп атайды. Бұл философия адамгершіліктік бастауды жоғары қояды, «жалпыбірліктің» жеке адамнан басталатынын жақсы керсетеді.
Жеке адамның адамгершілігі ұялу, аяу ризашылық секілді үш қасиеттен тұрады, олар адамның рухани өміріні байлығын ашады деп түсінген Соловьев ұятты өте жоғары бағалайды. Декарт «Мен ойлаймын, яғни мен емір сүремін» демекші, Соловьев «Мен ұяламын, яғни мен өмір сүремін» дейді. Ұят – адамның іс-қылығын, бүкіл өмірін реттеуші.
Кант этикасын қолдаушылардың бірі болған Соловьев оның парыз ка-тегориясын аса жоғары бағалады, адам қызметінің айқындаушы негізі -оның өзінің ата-анасы мен балалары алдындағы парызын орындау деңгейі деп түсінді. Ол отбасының рөлін ерекше атап көрсетеді. Ізгілікке қызмет етуге, жеке эгоизмді жоюшы күш – отбасы деп түсінеді. Соловьевтің ойынша, жеке адам үшін басқа жұрттың бәрімен бірдей адамгершілікті қарым-қатынас жасау ете қиын шаруа. Миллиардтаған адамға кіршіксіз қызмет етуді мақсат етіп қоюды жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да Соловьев адамгершіліктік қарым-қатынас жасауға лайық шағын орта ретінде отбасын ұсынады, себебі оның әрбір мүшесі басқалар үшін нақты мақсат, нақты
мән. Бірақ
отбасындағы туыстар тек
алғашқы басқыш болуы қажет деп ескертеді.
Орыс ойшылының
пайымдауынша, адам ез «>»рЧ»і_’2ІІ»‘»~А’~»‘
1) Өзіңнің моральдық жетілмегендігіңді сезіне білу;
2) Моральдық жетілгендіктің обьективті емір сүруі;
3) Адамның осы жетілгендікке жетуге тырысуы.
В.Соловьев
моральдық жан-жақты
Соловьев үшін
маңызды тақырып болған
осы діннің негізінде қайта құруы тиіс. Соловьевтің бұл пікірі қазіргі
Ресей үшін
аса маңызды екендігіне сөз
жоқ. Ортағасырлық Аврелий
сенім Ақылмен толықтырылмаса, Құдайға да ақылсыз, соқыр сенімнің жетегіндегі пенделердің қажеті жоқ.
Осы мәселемен бірге Соловьев Ресейдің ең үлкен бір қателігін атап көрсетеді. Ол – ұлттық эгоизм . Ұлттық эгоизмнің басқа ұлттарды өзіне өшіктіріп, қарсы қоятындығының мысалы ретінде Соловьев орыстар
мен поляктар
арасындағы жауластықты
басқа ұлттарды өзімен тең деп қарастыруы, ар-ұят ұғымын ұлттық деңгейге дейін көтеруі тиіс. Осы тұрғыдан қарастырғанда, Петр І-нің реформалары орыстардың тек басқа ұлттарға ғана емес, әрбір адамға деген көзқарасын өзгертті. Соловьевтің ұлттық эгоизмнен бас тарту идеясы өте батыл, тамаша идея. «Тек осылай жасағанда ғана Ресей дүниежүзілік тарихи процестерге қатыса алады», – дейді Соловьев. Абайдың қазақ халқын сынағаны секілді, Соловьев те өз халқының жағымсыз қасиеттерін ашық айтып, оны түзетуге шақырады. Әрине, бұл қадам славянофилдерге ұнамады. Ең бастысы, олар орыс ойшылының өз халқы мен мемлекетіне сүйіспеншілігін, жақсы ниеттен туған сыни пікірлерін бағалай алмады.
Эгоизмге қарсы
тұрар, адамды жалған
Қазіргі Ресейде
Соловьевтің идеялары қолдау
таппай, мемлекеттік идеологиядан
оның теориясына орын табылмай
отыр. Жалпы, Соловьевтін идеялары
орыс мемлекетінің болашақ
қару болуға
әбден лайық. Себебі, қазіргі Ресей
әлемдік деңгейдегі беделін
өте күрделі, қарама-қайшылықты іс. Соловьев те өз отанының болашағына аса зор үмітпен қарап, Ресейді түбінде Шығыс пен Батысты татуластыратын жаңа мәдени-тарихи тип, оның негізі – христиан дінін ұстанатын дүниежүзілік шіркеу деп жариялаған еді.
Өз философиясының
зерттеу объектісі туралы
Бердяев адамды екі дүниенің тұрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді. Ол табиғатқа тәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат береді. Адам табиғаттағы принципиалдық жаңа нәрсе. Бердяев адам мәселесін идеализм де, социологизм де, психопатология да шеше алмағандығын көрсетіп, өзінің философиясы арқылы адам өмірінің мәнін тереңдеп түсіндіруге тырысатынын айтады: «Қазіргі терминологиямен айтсақ, менің философиям экзистенциалистік тип». Экзистенциалистерден өзіне Достоевский, Толстой, Ницше жақын екендігін ескертіп, Бердяев жалпы орыс философиясы экзистенциалдық сипатқа ие деген қорытынды жасайды. Бұл пікірмен келісуге болады.
Экзистенциализмге жан сырын ақтару (исповедь) тән болса, ол Бер-дяевте де бар, бірақ оның жан сырын ақтаруы ерекше. Мысалы, Толстойдың «Жан сырында» уайым мен өзін-өзі қамшылау көп болса, Бердяевте уағыз айту, басқаны үйрету басым, ол езі туралы ащы ирониямен айтады, сол арқылы басқаларға ой салуға тырысады, «өмірдің мәні туралы ойланудың
өзі – өмірдің мәні» дейді.Бердяев философиясының басты категориясы
Тұлға~(персона). Ол әрбір адамды қайталанбас, жалғыз, ерекше нәрсе, әлеуметтік жалпының элементі деп қарастырады. Ең басты құндылық – жалпы қоғамдаст ұжым, қоғам, мемлекет емес, адам, жеке тұлға. Бердяев Кант философиясына қарсы. Оның жалпыға арналған мораліне қарсы өзінің қайтал бас-индивидуальдік моралін қояды, топтық моральді қабылдамайды. » Самопознание» («Өзін-өзі танып-білу») еңбегінде ол былай дейді:
«Жалпыға бірдей міндетті адамгершілік заңға сәйкес келмеген адамды мен бақытсыз, қуғындалушы демес едім. Керісінше, жалпыға бір занды орындаушы адам – адамгершіліктен жүрдай. Менің түсінігім солай, мені қабылдамайды емес, мен қабылдамаймын».
4. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.
Бердяевтің өзі осы принцип бойынша өмір сүрді, жеке адамды жалпы қоғамнан биік қойды, өзінің өмірін де осылай түсіндіреді: «ешқандай философиялық мектептерге қосылмай, индивидуальдік философияны
ұстандым, рационализм мен оптимизмге қарсы күрестім. Менің философиям персоналистік, конфликт философиясы».
Бердяев тұлғаның ең басты сипаты – Еркіндік деп пайымдайды. Адамды жануардан ерекшелендіретін сана және еркіндік деп түсінген еркіндікті болмыстан жоғдры қояды. Құдай еркіндікте ғана өмір сүре Ақиқат еркіндікте және еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаны, өзімен-өзі тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін тежейді, себебі бұл қоғамда пролетариат басқа таптардың бәрінен жоғары қойылға» деген тұжырым жасайды. Бұл пікірін, жалпы социализм мен коммунизмге көзқарасын ол өз шығарма-шылығының эмиграциядағы кезеңінде нақтылай түседі: «Орыс революциясы көрсеткендей, коммунизм еркіндікті тұлғаны, рухты теріске шығарды. Мен коммунизмді экономикалық жән саяси ұйым ретінде қабылдай алар едім, бірақ рухани жағынан мүлдем қарсымын. Себебі, мен антиколлективистпін. Ұят коллективтік категор» емес, жеке тұлғаның Құдаймен тоғысу сәтінде болатын сипаты».
Бердяев тұлғаның революция кезеңіндегі тағы бір өзгерісіне тоқтал ды. Ол Ресей большевизмнен міндетті түрде өтуі тиіс еді, большеви қажеттілік, орыс халқы тағдырының ішкі моменті, экзистенциалдық дилектикасы
деп есептеді. Революция, сол арқылы келген еркіндік, Бердяевтің пікірінше, адамдарды қатты өзгертті. Кешегі қарапайым адамда билік, еркіндік
қолына тиген соң мүлдем өзгерді, тұлғаның жаңа антр пологиялық типі, бұрынғы орыс интеллигенциясына мүлдем ұқсамайты типі пайда болды. Олардың бойында мейірімділік, қайырымдылық деген жоқ еді. Осыдан келіп, Бердяев еркіндік дегеніміз демократиялық ұғым емес, аристократиялық ұғым деген тұжырымға келді. Бұл пікірмен келісу қиын.
110
Бердяев орыс
революциясын орыс
астырады, себебі
орыс революциясы осы
Бердяевтің Тұлга мен Еркіндік туралы ілімі Құдай ұғымымен тығыз байланысты. Дүниенің негізі туралы оның пікірі – дуалистік. Канттың этикалық көзқарастарын қабылдамағанымен, оның «өзіндік зат дүниесі» және «құбылыстар дүниесі» идеясын мақұлдайды. Бұл идея ақиқат дүниенін құдай сипатын түсіндіруге ыңғайлы еді. Объективті дүние – зұлымдық. Шын өмір сүретін тек қана субъектілер, яғни еркін рухтар ғана. Адам өмірінін мақсаты – еркін рухтардың көмегімен дүние мен заттар үстемдігінен азат болу. Бердяевтің пайымдауынша, зұлымдық үшін Құдай жауап бермейді. Дүниені өзі жаратқанымен, әрі қарай өз күшін Еркін адамға береді, адам арқылы дүниені басқара береді. Құдайсыз адам әлсіз, сондықтан адам Құдаймен

- Н.А. Бердяев. Философия свободы и смысл творчества
- Набережная Адмирала Серебрякова
- Наблюдение
- Наблюдение
- Наблюдение
- Наблюдение ауры человека
- Наблюдение в маркетинговых исследованиях
- Н.А. Бердяев в русской философии
- Н.А. Бердяев и его понимание свободы
- Н.А. Бердяев и его понимание свободы
- Н.А. Бердяев о культуре
- Н.А. Бердяев «О назначении человека»
- Н.А.Бердяев о русском характере и особенностях русской национальной психологии в книге «Судьба России»
- Н.А. Бердяев Проблема человека