Нарық даму тарихы және теориясы
НАРЫҚТЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ.
Нарықтық экономика –ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бқлуге болады:
a) Нарық элементтерінің пайда болуы,
b) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы
c) Тауар баламасы кезеңініннарығы
d) Тауар емес балама кезеңінін нарығы
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады,олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші
кезеңдегі тауар қозғалысын
Үшінші кезеңдегі тауар тепе –теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1- Т2 , балама - Т2 .Әрбір жергілікті нарыққа баламы тауардың бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады.Бұл кезенде «таза » өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді,оған тауар қабығынсыз өмір суре алмайтын «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланады.Дүниежүзілік нарқтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы : Т1 –тауар емес балама- Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның «таза» иеленушілері несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеле нушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен
бірге нарықты стихиялы түрде
дамушы немесе еркін нарық,
монополиялы нарық, реттелмелі
нарық деп бөледі. Стихилы нарық
капитализмнің алғашқы
Монополиялық
нарық XIX ғасырдың аяғында XXғасырдың
алғашқы кезеңінде өмір сүрді.
Нарықтың бұл түрінде еркін
бәсеке шектеледі, ал ол
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр.Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру,шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету , белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама –ақпараттық жүйелерді құр арқылы реттеуде мемлекеттің шешуі рөлін атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі тауарларына кеңірек айтылады).
Біздің
жас тәуелсіз Қазақ
Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте- мөте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар
Нарық
қатынастарының пайда болуының
ең басты шарты.Өндіріс құрал-
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті.Мысалы,1914жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы ,мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын.Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас –тартыс күшейді,меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық –рұлық қатынастар ыдырай бастады.Патша укіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей
түскен меншіктік бөлінісу
Өздеріңізге
белгілі, қазақтардың күн
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де,өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды,терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті,киіз бастыкілем тоқыды.Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін , ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына ,капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы.Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді .Бұл да патшалы Россиияның отарлау саясатымен байланысты болды.Өнеркәсіп ресейлік және шетел капмталының күшімен өріс алды,ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналасуына бөгет жасады.Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды, кең байлықтарын алу қасақана терістәсілдермен жүргізілді, олардың тек қана аса бай,қол күшіменғана алынатын орындары пайдаланылды.Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ,сонымен бірге ,қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Осындай
жағдайлардың салдарынан
Қазірге
тәуелсіз Қазақстан
Екінші кезеңде (1996-2005жылдар) экономиканың шикізаттың бағытын біртіндеп жою жалғасады,бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондайөақ дамыған тауар және валюта,капитал,жұмыс күші,бағалы қағаздар интелектілік меншік нарығын құру болмақ.
Үшінші
кезең 5-7 жыл мерзімге созылып,
ашық үлдегі экономиканың
Батыс
елдердің шаруашылық
Оның
біріншілері- еркін нарықты
Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсен түрде араласуын жақтайды.Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды.Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкілдүние жүзілік экономикалық дағдарыс түркті болды.Ол өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның далпы теориясы»(1936ж) деген кітабындағы идеяларды «классикалық теория» деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталантыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады.Жұмыспен қамту процесіне мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық тұралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады.XX ғасырдың 30-80 жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті.Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары , француздардың «дирижестері» жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып , сонымен қатар нарықтық автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын.Өздерінің зерттеулеріне , олар,бірінші кезекте ұлттық табыс,қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім,ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды.
Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәүір бөлігін алып алып оны тиімді сұранымды және толық жумыспен қамтуды қолдау пайдаланады:экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады(зейнт ақы,жәрдем ақша,халыққа білім беру,денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.).Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады,оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттен отырады.
XX ғасырдың
70жылдарында болған
Соңғы
кезде негізгі екі бағыттың
өз ішіндегі бой көрсетіп
Жалпы неоклассикалық синтезі жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол экономиканы реттеулегі мемлекетің жетекші рөлі жағдайындағы жоғарыды көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады.
П.Самуэльсон
өзінің «неоклассикалық
Біздің
алдымызда да нарықтық
Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы
Экономика өміріне
мемлекеттің қатысу себептері, формалары
мен тәсілдері актуалды мәселелер
қатарына жатады және дәстүрлі түрде
ғылыми зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық
экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді
жүйесі елдің экономикалық дамуының және
саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды
шарты болып саналады. Қазіргі заманғы
мемлекет экономикалық өмірді енжар бақылаушы
болып табылмайды, керісінше мемлекет
елдің шаруашылық-экономикалық өміріне
белсенді түрде қатынасады және де керек
кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру
үшін керекті шараларды да жүргізеді.
П.Самуэльсон барлық елдердің дерлік үкіметі
өздерінің қолын экономиканың пульсінде
ұстап тұрғылары келеді деп атап көрсетеді.
Қазіргі заманғы экономикалық жүйедегі
мемлекет нарықтық механизмдегі іркілістерге
көптеген әрекеттер қолданады. Қазіргі
заманғы капитализм нарықтық қызметі
мен мемлекеттік реттеу үздіксіз өзара
байланысты болатын және бірін бірі толықтыратын
жүйе болып табылады.
Жақсы үкімет - бұл байлық емес, өмірге
керекті жағдай дегенмен келіспеуге болмайды.
Тиімді мемлекетсіз тұрақты әлеуметтік-экономикалық
даму мүмкін емес. Экономикада болып жатқан
өзгерістер мемлекеттің қазіргі сатыдағы
базалық сұрақтарына оралуда ғана емес,
сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе
тұрғысынан да оны өзекті етуге мәжбүрлейді.
Қазіргі кезде мемлекеттің экономикадағы
орны мен ролі үздіксіз күшеюде. Бұны тек
қана жалпы ішкі өнім қатынасында мемлекеттік
кірістер мен шығындардың өсуі ғана емес,
сонымен қатар экономикадағы дағдарысты
жағдайларды жеңуге бағытталған үкіметтің
реттеуші шараларының мәнінің де өсуі
куәландырады. Шаруашылық тәжірибе арқылы
компаниялардың өз қызметтерін жоспарлаудың
уақытты кезеңдерін кеңейтуге деген қажеттілігі
елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің
ролін жаңаша түсінуді қажет етті. Срндықтан
кәсіпкерліктің өзі де мемлекеттің қызметтеріне
деген сұранысты туындатады, өйткені ол
ең алдымен мемлекеттік биліктің тиімсізділігіне
немесе әлсіздігіне шартталған тәуекел
мен анықсыздықты жеңуге мүдделі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тапсырмалары
мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың
әсерінен болады, олардың ішінде ерекше
орынды қаржылық жахандану, инновациялық
дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси
факторлар алады. Сол себепті мемлекетте
үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің
қызметін тиімді атқаруға қабілетті сапа
мәселесі туындайды. Осы мәселеге батыс
елдері көп көңіл бөлуде.
Мемлекеттің экономикалық ролі туралы
сұрақты мемлекеттік реттеуді «ұлғайту-азайту»
терминінде шешуге бел буу мемлекеттік
институттарының сапасы туарлы маңызды
сұрақты екінші жоспарға қоюға әкеледі.
Тиімді экономиканы құруға бағытталған
бюджеттік саясат мемлекеттің ықпалын
қысқартуға немесе ұлғайтуға әкелуі мүмкін.
Шаруашылық жағдайын реттеу саясатын
инновациялық процестер мен глобализациялауды
есепке ала отырып жүргізу мемлекеттің
бюджет саясатында алғы орынды алады.
Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін
көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлуе
отырып, оны шешу үшін экономикадағы мемлекеттің
жаңа басымдылықтарын іздеу мәселесі
туындайды. Тәжірибе жүзінде мемлекет
өзінің қатысуын бір сфераларда күшейтуі
мүмкін және бір мезгілде оны басқа сфераларда
азайтуы немесе жоюы мүмкін. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің
реттеуші ролінің күшеюі немесе әлсіреуін
сипаттай алмайтын процестер жүреді, өйткені
мемлекеттің экономикадағы ұлттық экономиканың
бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге
бағытталған сапалы қызметі туралы сөз
болады.
Бірақ та экономиканы мемлекеттік реттеу
нақты шешімдерді қабылдау кезінде кемшіліктерге
жол бермеу арқылы жүзеге асыру керек
екендігін ешкім де жоққа шығармайды.
Осы мәселе экономика ғылымындағы ең күрделі
сұрақтардың қатарына жатады және көп
жағдайларда оның шеңберінен шығып та
кетеді.
Экономиканы реттеу қызметі мен тәсілдері
нақты тарихи жағдайларға байланысты
өзгереді, бірақ та мемлекеттің нарықтық
жүйедегі негізін қалаушы қызметтері
өзгеріссіз қалады. Оларсыз қазіргі заманғы
экономиканың дамуы мүмкін болмайтын,
нарықтық жүйенің керекті конструктивті
элементтері болып саналады.
Дж. Тобин экономиканы мемлекеттік реттеудің
қажеттілігін төмендегіше негіздеді:
« «Көрінбейтін қол» теоремасы жеке және
қоғамдық мүдделер қайшылықтарға тірелетін
экстерналийлер мен қоғамдық игіліктердің
бар болуын есепке ала отырып жетілдірілуі
керек. Осыдан ұжымдық мүддеге негізделген
мемлекеттік қызметтің қажеттілігі туады...
Смиттің жүйесі эгоистік энергияны конструктивті
бағытқа бағыттайтын институттар болған
жағдайда ғана жұмыс істей алады» .
Экономикалық тиімділікті көтеру мен
инновациялық белсенділікті ынталандырудағы
бәсекелес нарықтардың артықшылығы жалпы
мойындалған және мемлекет өзінің дамуында,
ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу, экономикалық
өсуді қамтамасыз етуді қанағаттандыру
үшін оларға сүйенеді. Сонымен қатар олардың
жеңісті қызмет етулері үшін дұрыс инфрақұрылымдар
мен институттар қажет. Нарықтарға тиімді
қызмет етуге мүмкіндік беретін жағдайды
жасау мемлекеттің құзырындағы іс әрекет.
Осы жағдайлардың ішінде ең алдымен меншіктің
анық құқықтарын айту керек, ал ол дәйекті
жасалынған заң процедуралары негізінде
қызмет ететін сот билігінің болуын қарастырады.
Тәжірибе көрсеткендей нарық экономикалық
субъектілердің барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайды. Қазіргі заманғы
нарықтық экономикада мемлекетке артылған
базалық қызметтер ең алдымен экономикалық
процестерге «нарықтың жетіспеушілігін»
түзету мақсатында араласумен байланысты.
Осындай қызметтердің қатарына қоғамдық
игіліктер өндірісі, монополияға қарсы
мемлекеттік реттеу, «сыртқы әсерлерді»
реттеу және анық ақпараттарға тең қол
жеткізуді қамтамасыз ету жатады. Сондықтан
мемлекеттік бюджет жүйесінің қызметінің
нәтижесі ең алдымен мемлекеттің нарықтық
«жетіспеушілігін» қаншалықты тиімді
түзететіндігінен көрінеді.
Қайсібір қоғамдық игіліктерді өндіруді
жеке сектор атқара алмайды немесе атқарған
күнде де бұл қызмет оларға пайда әкелмейді,
ал егер де жеке сектор атқаратын қызмет
оларға пайда әкелмейтін болсама, онда
кәсіпкерліктің заңы бұзылады. Осындай
игіліктердің классикалық моделі меншік
құқығын қорғау, мемлекеттің қорғаныс
қабілетін қамтамасыз ету, сыртқы саясатты
жүргізу, елдегі тәртіпті сақтау болып
табылады. Осы сияқты игіліктерге деген
қажеттіліктерді қанағаттандыру тұтас
қоғамның қызметінің нәтижесі болуы керек.
Осындай қоғамдық мүдденің өкілі мемлекет
болып саналады. Сондықтан да мемлекет
тұрғындарды ұжымдық және қоғамдық игіліктермен
қамтамасыз етуге жауапкершілікті болады.
Ерекше экономикалық категория ретіндегі
қоғамдық игіліктердің негізгі мінездемелерін
төмендегіше сипаттауға болады:
1. Жеке тұлғалардың қоғамдық игіліктерді
тұтына отырып өзара бәсекелестікке түспейтінін
сипаттайтын, тұтынудағы бәсекелестіктің
болмауы. Қосымша индивидтің ұжымдық иглікті
тұтынуының шекті шығындары нольге тең,
осылайша қоғамдық игіліктерді тұтынуға
қосымша индивидттердің қосылуы оның
басқаларға қол жеткізу мүмкіндігінен
айырмайды, өйткені қоғамдық игіліктер
бөле жара қарастырылмайды және жеке бөлшектерге
бөлінбейді. Сонымен бірге жеке игіліктерді
қайсібір индивидтің тұтынуы, осы игіліктерді
басқалардың тұтынуын толығымен жоққа
шығарады.
2. Қоғамдық игіліктер тұтынудан шығармау
қасиетіне ие, өйткені қосымша тұтынушыға
қоғамдық игіліктерді пайдалануға рұхсат
бермеу мүмкін емес немесе белгілі субъектінің
олардың қоғамдық игіліктерді тұтыну
үлесін төмендету мүмкін емес. Мысалы,
индивидтің тұтынуынан мемлекеттің қорғаныс
қабілеті немесе тәртіпті сақтау сияқты
игіліктерді пайдалануын шығарып тастау
мүмкін емес.
Келтірілген мінездемелердің талдауы
классикалық қоғамдық игіліктердің санының
шекті екендігін сипаттайды. Сонымен қатар
жеке және қоғамдық игліктер арасына нақты,
анық шек қою өте күрделі. Таза ұжымдық
игіліктерге шарттылықтың белгілі үлесінде
меншік құқығын қорғауды, мемлекеттің
қорғаныс қабілетін, көшелерді игеруді
және т.б. жатқызуға болады.
Классикалық қоғамдық игіліктер мен жеке
игіліктердің арасында көптеген игліктер
бар, оларды «толығымен қоғамдық емес»
және «толығымен жеке емес» деп сипаттауға
болады. Осындай игіліктер «аралас» деген
атауға ие және мемлекет арқылы да, жеке
сектор арқылы да өндірілуі мүмкін, мысалы,
жол құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау,
фундаментальды ғылыми зерттеулер.
Қоғамдық игіліктерді ұсыну мемлекеттің
экономикаға қаржы және бюджет саясаттарын
жүргізу арқылы араласуының объективті
алғы шарты болып табылады. Қоғамда болып
жатқан экономикалық және әлеуметтік
процестерге мемлекеттің араласуы өте
үлкен көлемде сезіледі. Осы әсер ету шеңберіндегі
негізгі мәселе осы жағдай үшін дұрыс
болып саналатын нарық пен мемлекеттің
рольдерінің қатынасын табу болып есептелінеді.
П.Самуэльсон сыртқы әсерлер, яғни экстерналиилер
экономикалық субъектілер өзінің қызметімен
байланысты шығындарды басқаларға «таңғанда»
немесе олармен пайда арқылы қамтамасыз
етілетін жағдайда пайда болады деп атап
көрсетеді .
Басқа экономикалық субъектілерге әсер
ету нәтижесі бойынша экстерналииді оң
және теріс деп бөлуге болады: сыртқа әсерлер,
егер де олар сыртқы субъект үшін өнімділік
пен пайдалылықты ұлғайтса оң деп есептелінеді
және керісінше теріс сыртқы әсерлер оны
төмендетеді. Сыртқы әсерлердің болуы
сонымен қатар теріс сыртқы әсерлерді
төменгі дәрежеге, ал оң сыртқы әсерлерді
ең жоғарғы дәрежеге жеткізетін, экономиканы
мемлекеттік реттеудің қажеттілігінің
негізі болып саналады. Көптеген жағдайларда
теріс сыртқы әсерлер қоғам үшін қауіпті
қорқыныш тударатын экология мәселелерімен
байланыстырылады. Мемлекеттік саясаттың
стратегиялық мақсаты ретіндегі ұлттық
экономиканың бәсекелестік қабілетін
ең жоғарғы дәрежеге жеткізу қажеттілігі
мен қоршаған ортаны қорғау тапсырмалары
арасында қайшылықтар бар. Экономикалық
глобализациялаудың күшеюі жағдайында
оның толығымен жойылуы мүмкін емес. Сонда
да осы жағдайдың күшін бюджет-салық механизмдерін
белсенді қолдану арқылы азайтуға болады.
Қоршаған ортаны ластаумен байланысты
теріс экстерналиилерді ең төменгі дәрежеге
жеткізу Қазақстан үшін қазіргі таңда
өзекті мәселе, өйткені оның экономикасының
бәсекелестік артықшылығы металдар өндірісімен,
мұнай өңдеумен, химия өнеркәсібімен байланысты,
олар экология үшін өте қауіпті болып
саналады және қоршаған ортаны қорғауға
маңызды салымдарды талап етеді. Бірақ
та қазіргі таңда мемлекеттің де, жеке
секторлардың да табиғатты қорғау шараларына
жұмсап отырған шығындар көлемі мардымсыз
және олар мәселенің көлеміне сай келмейді.
Сыртқы әсерлерді интернализациялау бюджет
саясатының құралдарын икемді пайдалануды
қарастырады, оның ішінде:
• экологиялық жобаларға «мультипликациялық»
әсер беретін және қазақстандық экономиканың
бәсекелестік позициясын нығайтуға әсер
етуге қабілетті тікелей мемлекеттік
инвестициялар;
• экологиялық жобаларды және осы сферада
алғы технологияларды жасауды қаржыландырудың
қайнар көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін
табиғат рентасының деңгейін көтеру.
Сонымен қатар экологиялық жобаларды
жанама мемлекеттік қолдау механизмі
болып ғылыми-техникалық ақпараттардың
осындай жобаларына қатысушыларына ұсынылатын
несиелерінің пайыздық ставкаларына жеңілдік
жасау, шетелдік инвесторларды іздеп тарту
және т.б. саналады.
Қазіргі заманда жеке экономикалық субъектілер
ғана емес, сонымен қатар мемлекетт те
оң және теріс сырқы әсерлерді өндіре
алады. Осының классикалық мысалы ретінде
ғылымды, білім мен медицинаны қолдауды
айтуға болады. Фундаментальды ғылыми
зерттеулерге мемлекеттік шығындарды
жұмсау пайдалы білімді тарату арқылы
басқа да субъектілерге оң сыртқы әсерлерді
өндіреді. Жаңа білімдерге деген жеке
құқықтарды ұзақ уақыт бойы қорғау мүмкін
емес және фундаментальды ғылыми зерттеулерге
салынған жеке қаражаттар мәні бойынша
қоғамдық игіліктерді құруға әкеледі,
нарықтық экономика жағдайында фундаментальды
білімдердің жеткіліксіз өндірісі салыстырмалы
түрде болуы мүмкін, ол біздің пікірімізше,
фундаментальды білімдерді бюджеттік
қаржыландырудың бірден бір себебі болып
саналады.
Білім беру үнемі оң сыртқы әсер әкелетін
қызмет ретінде қарастырылатындықтан,
мемлекет әлеуметтік пайданы үнемі ең
жоғарғы деңгейге жеткізуге және білім
берудің мүмкіндіктерін нарықтың жеке
оқу орындарына беретін жеңілдіктерімен
немесе тікелей мемлекеттік оқу орындарын
құрумен қатар кеңейтуге ұмтылады.
Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау
саласын аржыландырудың мәні ор болып
табылады. Денсаулық сақтауды дамыту оң
экстерналииді екі бағытта құрады. Біріншіден,
денсаулық сақтауға мемлекеттік қолдау
жасау адам факторын экономикалық өсудің
маңызды факторы ретінде ұлғайтуды қамтамасыз
етеді. Екіншіден, денсаулық сақтау өнеркәсіптің
көптеген секторлары мен қызмет сфераларымен
байланысты күрделі жоғарғы технологиялық
кешен бола тұрып, көптеген жоғарғы технологиялық
салалар үшін оң экстерналииді құруға
қабілетті.
Мемлекет өндіретін сыртқы әсерлерді
талдаумен байланысты мәселелердің күрделілігі
сыртқы әсерлер мен қоғамдық игіліктер
түсінігінің өзара тығыз байланыста болуымен
түсіндіріледі.
Қоғамдық игліктерге деген қажеттіліктерді
нақты анықтау мүмкін емес. Мемлекет арқылы
қоғамдық игіліктерді өндіру оң, сонымен
қатар теріс экстерналиилерге де әкелуі
мүмкін.
Нақты экономикалық жағдайларда барлық
теріс әсерлерді интернализациялайтын
идеалды нарық және тек қана оң сыртқы
әсерлерді өндіретін мемлекеттік саясат
та болмайды. Экономиканы мемлекеттік
қаржылық реттеудің тапсырмасы әрбір
жағдайға нарықтық күштер мен мемлекеттік
әсер етудің адекватты жағдайын таба отырып,
теріс сыртқы әсерлерді ең төменгі деңгейге
және ең әсерлерді ең жоғарғы деңгейге
жеткізу болып табылады.
Бәрімізге белгілі жағдай нарықтық экономикада
мемлекеттік реттеу тікелей әрі жанама
тәсілдер арқылы жүргізіледі. Әсер етудің
тікелей тәсілдеріне әкімшілік-құқықтық
реттеушілер, жанама тәсілдерге - қаржылық
тәсілдер жатады. Тікелей тәсілдерді мемлекеттің
қаржылық саясатын жүргізу үшін институциональды
фундамент ролін атқарады.
Мемлекет алдында нарықтық «кемшіліктерін»
реттейтін және осылайша экономикалық
дамуға ықпал ететін бюджеттік саясатты
жүргізу тапсырмасы тұрады. Сонымен қатар
мемлекеттің әсер етуі қалаған нәтижеге
жетуге әкелмейді, ол мемлекеттің өзінің
«кемшіліктері» әсерінен болуы мүмкін,
ал ол ең алдымен ақпараттарды біркелкі
бөлмеумен, саяси процестің жетілмеуінен,
бюрократияның әсерімен және уақытша
лагпен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан
бюджеттік саясатты жүргізу оның тиімділігінің
мониторингі мен мүмкін негативті жағдайларды
жою жөнінде шараларды мерзімінде жүргізуді
қарастырады.
Экономикасы дамыған елдерде 20 ғасырдың
екінші жартысында жүргізілген экономикалық
саясат мемлекет ролінің күшеюін объективті
де және субъективті де факторлармен шарттаған.
Бір жағынан, экономикаға мемлекеттік
әсердің күшеюі мемлекеттің бұрын оның
көңіл аудару сферасынан тыс қалған жаңа
мәселелерді шешуді өзіне алуымен түсіндіріледі.
Экспортты мемлекеттік қолдаудың институттарын
құру және дамыту, жоғарғы білімді еңбек
ресурстарын қалыптастыру, экономикалық
субъектілер үшін ақпараттың қол жеткізу
мүмкіндігі мен анықтығын қамтамасыз
ету - мемлекет қызметінің осы аспектілері
экономикалық субъектілер үшін күнен
күнге маңызды болуда. Келесі жағынан,
көптеген жағдайларда бюджеттік қаржыландырудың
ұлғаюы бюрократия үшін «тегін» бюджеттік
қаражаттарды алу мүмкіндігімен байланысты,
ал ол ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындардың
үлесінің өсуіне және экономикалық өсуге
маңызды кедергі келтіретін салық ауыртпашылығының
ұлғаюына әкеледі.
Экономикаға мемлекеттің шектен тыс араласуы
көптеген жағдайларда өзін өзі реттеудің
нарықтық механизмінің әлсіреуімен және
шектен тыс бюрократиямен байланысты
негативті әсерлерге әкелді, бірақ та
экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
күман келтірмейді. Мемлекетті нығайту
және мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін
көтеру мәселелері Қазақстан үшін де өте
өзекті мәселелердің бірі, ол нарықтық
институттарды қалыптастыру қажеттілігімен,
әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрумен,
жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі
болатын шектен тыс әкімшілік кедергілерін
жеңілдетумен, сонымен қатар мемлекеттік
бюджеттің қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды
қамтамсыз етумен байланысты.
Қазақстан экономикасы өзіндік ерекшеліктеріне
қарамастан әлемдік экономикаға интеграцияланады,
одан мемлекет тек қана табыс қана алып
қоймайды, сонымен қатар осымен байланысты
қиыншылықтарды да сезінеді. Бұл мемлекеттің
экономикалық жүйесінің өзгеруіне одан
әрі қатысу қажеттілігін күшейтіп қана
қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік араласу
механизмдерінің өзінің қазіргі заманғы
глобальды экономика талаптарына сай
тиімділігін көтерудің қажеттіліктерін
туындатады.
Мемлекетті нығайтудың тапсырмаларын
шешудің қажеттілігі Қазақстанда болып
жатқан жағдайлар арқылы анықталады:
• қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық
жүйеге интеграциялануының жеткіліксіздігі;
• жеке кәсіпкерліктің әлсіздігі, сонымен
қатар меншік иелерінің құқығын қорғаудың
сенімді механизмдерінің болмауы;
• экономиканың шектен тыс бюрократтылығы;
• нарықтық трансакцияға қатысушылар
арасындағы қатынастардың криминалдылығы.
Қазақстанда мемлекетті нығайту тапсырмасы
әр түрлі шаралар кешенін қарастырады.
Сонымен қатар дамыған нарықтық экономиканы
құруға керекті институционалды қайта
құрылымдар реформалардың шешуші элементі
болып саналады. Қазақстанда нарықтық
құрылымдардың тиімділігіне негізгі шектеуші
ретінде қоғамдық игіліктерді өндіру
мен экономикалық дамудағы қолайлы жағдайларды
қалыптастыру арқылы сипатталатын, нарықтық
экономикадағы мемлекеттің базалық қызметтерін
қаржылық реттеудің институттарының сәйкес
келмеуі есептелінеді. Сондықтан бюджет
саясатын жүргізуде, оның тиімділігінің
мониторингі мен болуы мүмкін негативті
салдарларды дер кезінде жою шараларын
қарастырады.

- Нарық даму тарихы және теориясыНарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы
- Нарық жағдайындағы болжау мен жоспарлаудың экономикалық маңызы
- Нарық жағдайындағы қызметкерлерді мотивациялаудың теориялық негіздері
- Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты
- Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері
- Нарық инфрақұрылым
- Нарық инфрақұрылымы
- Нарушения сознания
- Нарушения сознания
- Нарушения чистоты речи
- Нарушения экологического равновесия
- Нарыктық экономика негіздері
- Нарыктың түрлері
- Нарыкты сегменттеу