Нарыктық экономика негіздері

 

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықты жарлықпен немесе декретпен енгізуге болмайды, нарықка көшу үшін, ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлел дейді.

Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.

Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп жатқан экономикалық реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.

Бірақ Қазақстандағы экономикалық реформалардың жайына жасалған талдау және олардың барысы, тактикалық тұрғыдан алғанда, Үкімет пайдаланып отырған әдістердің, нарықтық қатынастарға көшудің модельдерімен кезеңдерінің тиімсіз екенін дәлелдейді, Реформаларды жүзеге асыру барысында елеулі қателіктерге жол берілді.

Шағын және орта бизнес экономиканы тұрақтандырудың аса маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасын, кәсіпкерлікті дамытудың отандық және шетелдік озық тәжірибесін ұсынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 тарау. Нарықтық қатынастардың  дамуы

Соңғы жылдарда Қазақстан экономикасында дәуірлік мәні бар, бірақ кереғар оқиғалар болып жатыр. Қазақстан түбегейлі экономикалык реформаларды жүзеге асыруға кіріскен болатын. Содан бері өткен жылдардың нәтижелеріне қарағанда, нарықтық экономика республикада тиімді жүріп жатыр деп айта аламыз.

Нарықка көшу кезінде “қоғамдық жарасылымдықты” қамтамасыз ету жөніндегі шараларды методологиямен бірінші кезекте негіздеу керек. Қазіргі кезеңде бізге ең қажеттісі міне осы. Өйткені бізді қоршаған дүние – табиғаты әртүрлі элементтердің жиынтығы болып табылатын қарапайым да күрделі жүйелер шрғыры.

Экономикалық жүйелерде балансқа экономикалық нысандар мен әдістерді іріктеу, олардың бірін таңдау жолымен қол жететіні мәлім. Осыған орай оқиғалардың өрбуіне дұрыс бағыт-бағдар беруге қабілетті экономикалық тұтқаларды мақсатты түрде, келесі және салмақтай отырып ске қрсу жөніндегі күш-жігерлердің маңызы ерекше зор.

Экономикалық жүйеде салыстырмалы баланска жетуді қиындататын нәрсе - қоғам үлесіне қашанда болсын ресурстардың шектеулі мөлшері ғана тиеді, бұл көптеген факторларға, соның ішінде жинақталған білім деңгейіне, технология мен техниканың даму дәрежесіне, еңбек өнімділігінің артуы деңгейіне байланысты.

Экономикалық жүйеде салыстырмалы балансқа онның басты субъектілері тарапынан толассыз, саналы іс-қимылдар жасалуы барысында қол жетеді, олардың әрқайсысы бұл процесте өз мүдделерин білдіруші болып табылады. Экономикалық жүйе субъектілерінің өзара іс-қимылы және теңдестіру жолдарын іздеу қалай болса солай емес, ол қоғам қабылдаған, өнім өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну кезеңдерінде экономикалық айналымдағы олардың түр сипатының негізгі принциптерін белгілейтін концепция модельге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер шешімдер қабылданған кезде нарықтық реформаларды жүзеге асырылудыңдүниежізілік тәжірбиесі ескерілсе, реформалау нәтижелеріне талдау жасалса және оларды жүзеге асыру тактикасына шұғыл түрде түзетулеренгізілген болса, біздің нарыққа кошу практикамыз үшін мұның өзі пайда болған көптеген проблемаларға жол бермеуге болатынын білдіреді. Алайда экономиканы реформалаудың және оны дүниежүзілік жүйеге енуінің Қазақстан Республикасы Үкімет айқын мәлімдеген саясаиы әзірше жоқ.

Нарыққа көшу процесін барлық өзгеристер мен нәтижелер туралы нақты ақпарат, елдің және оның халқының әлеуметтік экономикалық дамуының айқын белгіленген концепциясы жоқ жағдайда міндеттер мен бағдарлардың жиі ауыстыра жүзеге асыруға болмайтыны және оның бұлай жүзеге асырылуға тиіс емес екені мүлдем айқын болып отыр.

Экономиканы реформалаудың келешектегі концепциялық негіздерін әзірлеумен қатар экономика субъектілерінің өтпелі кезеңде аман қалуының мәселесі де өткір қойылып отыр, оны жүйеде тепе-теңдіктің жол беруге болатын ең төменгі деңгейі деуге болады, ол тепе-теңдік бұзылған жағдайда жүйе жүйе болудан қалады.

Мемлекет тарапынан жаңа экономикалық құрылымдар құру, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін кеңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл қүш-жігер керек, өйткені, көз жеткізіп отырғанымыздай, жаппай монополияландырылған экономика жағдайында бағаны ырықтандыру күткендегідей нәтиже бермейді.

Нарыққа апаратын жолдар туралы, оның, егер осылай деуге болатын болса, методологиясы туралы мәселе – ең қызу айтыстар тақырыбы. Бұл көкейтесті әрі қиын міндет.

Әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға осындай көлемде және осындай мерзімде көшудің дүниежүзілік практикада теңдесі жоқ. Нарыққа өту жағдайларында үкімет алдында тұрған басты проблема – бүкіл дерлік ұлттық байлықтың мемлекет меншігінде болып отырғанында.

Экономиканы реформалау нәтижелері көп жағынан алғанда оны басқару проблемасымен байланысты. Бұл мәселедегі жағдай барған сайын шиеленісіп келеді.

Республикада нарықтық қатынастар қазіргі кезеңіне барынша тән ерекшеліктер міне осындай. Оларға жан-жақты баға беріледі деге ойдан аулақ бола отырып ең алдымен, нарықтық қатынастар механизмін белгілеуде принципті позициялар ұқсастығын атап өту қажет. Осы салада ғылыми және практикалық тәжірибе алмасудың республикада өтпелі кезең міндеттерін шешу үшін пайдалы болатыны күмәнсіз.

 

2 тарау. Қазақстандағы экономикалық  реформалардың жайы және барысы

2.1.Үкімет бағдарламасын  сараптау

 Республикада жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және оларды жеделдету мен жақсарту бағдарламаларын жүзеге асыру күткендегідей әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің бәрін бірдей берген жоқ. Ең алдымен инфляцияны және өндірістің құлдырауын толық дәрежеде жою мүмкін болмады.

Дағдарысқа қарсы шаралардың орташа мерзімді болашаққа арналған бірінші бағдарламасында инфляцияны жарамды деңгейге дейін төмендету өндірістің құлдырауын тоқтатуға және 1995 жылдың аяқ кезінде дейін оның өсуі үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді деп болжанған болатын.

Алайда инфляция деңгейі мыңдаған процентке жетті. 1994 жылдың орта тұсында ауыр жағдай қалыптасты: оның бірінші жартысында 1993 жылғы деңгейден бір ай (наурыз) ғана төмен болмай, бұл «қарқынң үдей  түсті де алдыңғы жылдағы 116,1 процентпен салыстырғанда мамыр айында 133.8 процентке жетті. Инфляциялық процестің үдей түсуі өндірістің күрт құлдырауына әкеліп соқты. Сөйтіп, экономикалық реформаларды дағдырысқа қарсы шаралардың 1993-1995 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес екені 1994 жылдың орта тұсында айқын болды.

Сонымен бір мезгілде экономикалық реформаларды жеделдетудің жаңа бағдарламасы енгізіліп, оны жүзеге асыру белгіленді. Бұл бағдарламаның да негізгі мақсаты инфляцияны, өндірісті тұрақтандыру мен жандандыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік беретіндей деңгейге дейін төмендету болды.

Бағдарламаны басты орындаушылардың бірі 1994 жылғы қазанда былай деп мәлімдеген еді: «Осы жылдың аяғына дейін инфляцияны айына 7 процентке дейін төмендетпек ойымыз бар. Келесі жылға келетін болсақ (1995 жыл – факторлар жайында айтылып отыр), макроэкономика авторларының іс-қимылдарын инфляцияны сәуір айына дейін (1995 жылғы) айына екі немесе тіпті бір процент деңгейге дейін жеткізетіндей етіп ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл цифрлар сондай-ақ Мадридте Қазақстан делегациясының қатысуымен болған кездесулерде әзірленген құжаттарда да жазылған.

1995 жылғы алдын-ала деректер инфляция деңгейінің бағдарламада көзделгендегіден жоғары болғанын көрсетеді. Осы фактілерге орай бізді үкіметтің орта мерзімді жаңа бағдарламасында инфляцияның жылдық қарқыны 9-12 процентке төмендетілуі 1997 жылдың аяғына қалдырылғаны ерекше алаңдатты.

Бірқатар салаларда іскерлік белсенділіктің жандануына біздің аладанбауымыз керек, дегенмен мұндай нышандарды құптамасққа болмайды. Қазақстанның бірде-бір саласы әлі де болса дағдарыстан шықкан жоқ және тұрақты даму дәрежесіне жеткен жоқ, ал халықтың күнделікті қажеттерін қамтамасыз етуші жеңіл тамақ өнеркәсібі сияқты салалар «тұңғиыққаң одан әрі қүлдилауда. Мәселен, 1995 жылдың сегіз айы ішінде ғана жеңіл өнеркәсіп өндрістің тағы да 68 процентінен, ал тамақ өнер-кәсібі – 39,5 процентінен айырылды. Отандық түтыну таурлары өндірісіндегі шағын олардын ішкі рыногынан да айырылып қалуға әкеліп соғады да, онда әрдайым сапалы бола бермейтін импорттық көпшілік қолды тауарлар бірден қаптатылады, сөйтіп болашаққа бұл салаларды қалпыны келтіруі мүмкіндігін айырады.

Азық-түлік тауарлары өндірісінің кемуі бізді ерекше мазасыздандырады, яғни Қазақстан үшін дәстүрлі жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін өндіру ең жоғары қарқынмен төмендеп, тамақтану құрылымы өзгеруде. Мұның өзі болашақ ұрпақтардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Мал санының ерекше кемуі алаңдатады.

Бұл фактілерге селсоқ қарауға болмайды, өйткені мал село халқының, әсіресе жергілікті халықтың әл-ауқатының негізі болып келеді және болып отыр. Егер біз бұл процесті тоқтата алмасақ , кейін республикада азық-түліктің қалыпты тепе-теңдігін өте ұзақ уақыт қалпына келтіруімізге тура келеді.

 

2.2.Реформа қарқыны неліктен  баяу

Нарықтық реформаларға балама жоқ екенін біз мойындап отырмыз. Алайда республиканың өркениетті нарыққа кіруі ұзаққа созылып барады, мұның өзі экономикалық реформалардың өзіне қауіп төндіріп отыр. Кезінде біз реформаларды жүзеге асырудың себеп-салдарына егжей-тегжейлі талдау жасауға тырысқан едік.

Онда біз қоғамдық–саяси өмірдің барлық салаларында реформаларды жеделдету, оларды, әсіресе экономикалық реформаларды заңмен қамтамасыз ету жолдарын өзімізше көрсеткен едік. Проблемалардың шешімі жөніндегі өз көзқарасымыздың басты идеяларын қайталауымызға және соның негізінде макроэкономикалық сәйкессіздіктерге микроэкономикалық анықтама беруге тура келіп отыр.

Экономиканың қазіргі дағдарысты жағдайларында мемлекеттік басқару тактикасына министрліктер мен ведомстволдардың осы бағыттардағы іс-қимылдарына талдау жасауды және оларды экономикалық тұрғыдан реттеуді күшейту жағына қарай түзету енгізетін мезгіл жетті. Ең алдымен баспа-бас айырбастың экономикалық себептерін анықтау және өндірістегі, тауар бөлу мен айырбастаудағы нарықтық қатынастардың үзілген тізбегін қалпына келтіру қажет. Экономикаға мемлекеттін ықпал ету тұтқаларын жүйелеуге мүмкіндік беретін және министрліктер мен ведомстволардың экономикалық қызметінің барлық салаларын қамтитын индикативті жоспарлау бұл бағыттағы шешуші әдіс болуы мүмкін.

Әңгіме үкіметтің реформаларды жеделдету жөніндегі бағдарламасында алға қойылған нақты мақсаттарға министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті өкімет органдарының жетуі жөніндегі олардың әрқайсысының өзара іс-қимылының алгоритмдерін белгілейтін нақты жүйелі құралдар жайында болып отыр.

Республикалық және жергілікті өкімет органдарының үкіметтің екі бағдарламасы боыйнша үш жылғы жұмысы экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы үшін жауапты республикалық министрліктер мен ведомстволар жұмысты жеке-дара, көбінесе өз мүдделерін көздеп, іс-қимылдарын өзара үйлестірместен және, ең жаманы бір-бірінің мақсат-мүдделерін ескерместен жұмыс істейтінін көрсетті.

Рынок реттеу құралы емес, ол болып жатқан экономикалық процестердің индикаторы ғана, ол туралы ақпарат тауар өндірушілер үшін де, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволар үшін де қажет, олардың әрқайсысы сол ақпарат негізінде үкіметтің бағдарламалы іс-қимылдары шеңберінде белгіленген өз мақсаттары мен мүдделеріне сәйкес шешім қабылдайды.

Нарықтық процестерге ықпал жасаудың пәрменді құралдарынсыз ондай бағдарламалар түкке де жарамайды. Оған қоса бағдарлар болуы, сол бағдарлардан ауытқуды көрсететін индикаторлар болуы керек. Осы құралдарды әзірлеу мен іске қосу рыноктың емес, ол үкіметтің ісі. Сонымен бірге олар үкімет үшін де, рынок субъектілері үшін де «ойын ережелерін» белгілейтін заңдармен немесе басқа да нормативтік актілермен баянды етілуге тиіс.

Жапонияда, мысалы, аймақтардың экономикасын ғана реттеу үшін 20-дан астам заңдар қабылданған, мемлекеттің 10-нан астам институттары аймақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеп олардың орындалуын бақылайды. Аймақты дамыту заңдары атауларының өзі көп нәрсені аңғартады: «Автомобиль, жолдарын салу жөніндегі төтенше шаралар туралы», «арнаулы порттарды жабдықтау жөніндегі ерекше шаралар туралы туралы» және т.б.

Қазіргі кезде экономиканың жалпы жұрт таныған «өлшемдері» ең төменгі күнкеріс деңгейі, ең төменгі тұтыну бюджеті, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы, жұмыссыздық шегі сияқты әлеуметтік индикаторлары бюджет тапшылығының деңгей, ақша эмиссиясының жалпы массасы, жалпы ұлттық өнім өсімінің қарқыны, капитал тиімділігінің шекті нормасы сияқты макроэкономикалық, кәсіпорындар кірістілігі мен рентабельіндегінің деңгейі, өндіріс банкроттығы мен залалдығы өлшемдерінің, себептерді ашып көрсетудің жүйесі сияқты микроэкономикалық; аумақтардың қаржы-ақша ресурстарымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерімен, көлікпен коммуникациялармен, ағарту және денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз етілуі сияқты аумақтық; сыртқы сауда сальдосы, экспорттық мәмілелер сертификаты (көлем, номенклатура, сапа, жеткізілім құны және орындау мерзімі), арнаулы экспортшылардың және басқа да экспорттық ұйымдардың валюта түсімен қайтаруын бақылау мияқты сыртқы экономикалық индикаторлар болып отыр және т.б.

Бұдан жасайтын тұжырым: үкіметтің бағдарламалық іс-қимылдарын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырудағы ең бастысы - бағдарламалық іс-қимылдарын үйлестіру, олардың орындауын бақылау.

Қалыптасқан жағдайларда мемлекеттік реттеу жүйесін, отандық ғылыми кадрлармен тиісті жұмыс жүргізілмейінше, сапалы жаңа деңгейге көтеру мүмкін емес. Ғалымдардың тек шетелдік консультанттарға бағдар жасау, тәжірибелі кадрлардың қызметінен бас тарту қате болды. Жаңа кезеңде аға ұрпақтық тәжірибесін жастарды ұсынумен тиімді ұштастыруға бағдарланған макроэкономикалық процестерді басқаруға жаңа кадр саясаты керек.

Республикада нарықтық «экономика саласында…» ғалым экономистер жоқ деп жазғыру орынсызреспубликада нарық заңдарымен қатар, сондай-ақ ең маңыздысы, Қазақстан экономикасын, оның халқын, әдеп-ғұрпын, дәстүрін және басқа да ерекшеліктерін білетін ғалым экономистер жергілікті , мұның өзі экономикалық реформалар жасау үшін өте маңызды.

Қазақстан экономикасын реформалау проблемаларын кешенді шешу жолдарын біз ІІ тарауда келтірілген «Жаңа экономикалық саясат концепциясында» баяндадық. Ондағы басты идея – барлық меншік нысандарындағы отандық тауар өндірушілерге іріктеп қолдау көрсету идеясы өз маңызын жойған жоқ. Керісінше, макроэкономикалық процестердің тұрақтануына қарай бұл идеяның мәнділігі ара түсуде, өйткені Қазақстанда экономикалық барлық бірдей секторларына қолдау көрсететіндей қаражат жоқ.

Біз үшін ең бастысы - мемлекеттік органдар өз іс-қимылдарын үйлестіруге тиісті дағдарысқа қарсы бағдарламаның бар екенің ұмытып, бюрократтық ойындарға көшкен бұдан бұрынғы бағдарламаның кебін кимесе екен. Жаңа бағдарламаның мінсіздігінде емес, ол белгіленген шараларға қол жеткізілуге тиіс екенінде, мұның өзі барлық қазакстандықтардың күшін еселеп, сенімін нығайтады.

 

2.3. Экономикалық реформаларды 1996-1998 жылдары жүзеге асыру шарттары

Экономиканы реформалаудың табысты болуы бағдарламалардың, жоспарлардың сапасына ғана байланысты емес. Ол үшін бағдарламалардың жүзеге асырылуы өздерінсіз мүмкін болмайтын белгілі бір жағдайлар жасалуға тиіс.

1995 жылдың екінші жартысында  Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  күш салуымен экономикалық реформалардың заң негіздерін жақсарту жағына қарай белгілі бір бетбұрыс жасалды. Ел Конституциясы қабылданып, биліктің үш тармағының функциялары айқындалды, Президенттің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заң күші бар Жарлығы шықты, Парламенттің екі палатасының сайлауы өткізілді. Үкімет құрылымы едәуір жақсарды, Президент пен Үкімет аппараттары өкілеттіктерінің ара жігі ажыратылды. Ең бастысы, Үкіметтің алдағы үш жылғы іс-қимыл бағдарламасы елеулі жаңартылып, онда экономикалық реформаларды тереңдету мен жеделдету міндеттері белгіленді.

Енді Парламент осы оң жұмысқа дереу, мемлекеттқ құрылымдардың реформалардың заң негізін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің шырқын бұзбастан қосылуға тиіс.

Келесі шарт – бағдарламаны Үкіметінің өзінің ережелермен қамтамасыз етуі. Үкіметтің өзінің ережелермен қамтамасыз етуі. Үкімет аппаратаы басшысының нарықтык реформаларды жеделдету үшін атқарушы билік органдарының бірлескен іс-қимылдарының мақсатты концепциясын жасаудың жеткіліксіз екені жөніндегі пікірімен келіспеуге болмайды. Министрліктер мен ведомстволардың, облыс әкімдері мен басқа да жергілікті билік мекемелерінің алдын-ала белгіленген функцияларына сәйкес оларды жүзеге асыру жөніндегі жүйелі жұмыс керек.

Министрліктер мен ведомстволардың айқын белгіленген, олар туралы тиісті Ережелерде тиянақталған мәртебелері, әрбір министрлік пен ведомствоның нақты, Үкіметтің іс-қимылы бағдарламасы арқылы үйлестірілген мақсатты іс-қимыл бағдарламасы ғана Үкімет бағдарламасын жүзеге асыру мүмгіндігін арттыра түседі.

Орта мерзімді болашақка 1996-1998 жж,) арнап қабылданған бағдарлама жөнінде мынаны айтуға болады: ол реформаның осыдан бес жыл бұрынғы мңдетін - инфляция деңгейін 1997 жылдың аяғына дейін 9-12 процентке дейін төмендету міндетін тағы да алға тосып отыр. Мұндай мардымсыз болжам жасалуын бұдан бұрынғы бағдарламаларынан аузы күйген үкіметтің сақтануымен түсіндіруге болады. Институциялық жаңғыртулардың күрделілігімен де, көптеген микроэкономикалық проблемалардың шешілмеген күйінде қалуымен де түсіндіруге болады.

Олардың біріншісі – республмка экономикасының басты орнықтушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы, Республика басшылығы 1995 жылдың аяқ кезінде агроөнерәсіп саласында жасаған батыл іс-қимылдар, аумақтық өкімет органдарының құқықтары мен жауапкершілігін күшейту жөніндегі шұғыл шаралар, мемлекеттік биліктің салалық құрылымдарын реформалау және кейбір басқа да шаралар.

Екіншісі – рынок үлкен мемлекеттік базар емес екенін барлық жерде бірдей (орталықта және жергілікті жерлерде) түсіну, демек, жоғарғы және жергілікті атқарушы билік органдарының бірінші дәрежелі міндеті кең көлемде жаймабазарлар ұйымдастыру мен өздері үшін әлсін-әлі институциялық жаңғыртулар жүргізу емес, ал пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастарға қолдау жасау және олардың дамуына мемлекеттік жәрдем көрсету мақсатында мемлекеттік реттеу функциясын жүзеге асыру екенін түсіну және ұғыну.

Үшіншіден, министрліктер мен ведомстволар, жергілікті әкімшілік аппараттары шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында сонда да болса белгілі бір жұмыс тәжірибесін жинақтады, ал адамдар дербес әлеуметтік-экономикалық өмірге психологиялық тұрғыдан біршама бейімделді.

Өндірістік құрылымдардың жұмысында да өзгерістер болды, Осының бәрі нарықтық реформаларды жеделдету үшін бұрынғыдан неғұрлым қолайлы җағдай туғызып сенімді болжамдар жасауға негіз болып отыр.

 

2.4. Орта мерзмді болашаққа  арналған бағдарламаны жүзеге асырудың нақты жоспарына ұсыныстар

Ең бастысы, тиісті микроэкономикалық саясатсыз дағдарыстан шығу жолы жоқ екені тауар өндірушілерге ғана емес, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволар аппаратына да айқын болып отырғанын ескеру керек. Бұл бөлім бағдарламада нашар ашып көрсетілген, сондықтан оны жүзеге асыру жоспарында бұл олқылықты ескерген жөн.

Жекешелендіру бағдарламасына өзгерістер енгізу керек. Бірыңғай холдингтік, шағын және жаппай жекешелендіру, өнеркәсіпте жеке жобалар бойынша жекешелендіру өндірісінің өнеркәсіптік секторында экономиканы өрге бастыру үшін жарамсыз болды.

Құрылыс өндірісі саласында институциялық жаңғыртулар құрлыс монтаж жұмыстарының жақсаруына емес, ал қымбаттауына әкеліп соқты. Бұл істердегі белгілі маман, профессор А.Ш.Тәттіғұловтың талдауы бойынша, құрылыста шығындарды сметалауға, өзіндік құнды калькуляциялауға, яғни баға белгілеуге қайта оралу қажет болып отыр. Көлік пен байланыс салаларында және өндірістік инфрақұрылымының басқа да салаларында ірі өндірістік құрылымдардың монополизмі әлі де болса жойылған жоқ.

Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты бәсекелік қабілеті бар өнеркәсптік топтар (экономикалық әдебиетте «кластерлер») құруға кірісу керек.

Экономикалық реформаларды жеделдету үшін ең бастысы - нарықтық экономиканың заң негізін қалыптастыру, онсыз адамдардың азабы ақтаусыз ұзақка созыла беретін болады. Бізде нарықтық шаруашылық субъектілерінің мүдделерін қорғайтын, оларды парақор және қылмысты озбырлығынан қорғап, олардың іскерлігіне кең өріс ашатын көптеген заңдар жетіспейді.

Маңыздылығы жағынан екінші міндет - экономиканы инвестициялау, онсыз бізде ешқандай болашақ болмайды. Ішкі қаражат көздерінің бізде жеткіліксіз екенін бәріміз түсінеміз, сондықтан шет елдерден қарыз алу қажет болып отыр. Шетелдік инвестициялар төңірегінде кейбір бұқаралық баспа сөз құралдары көтерген мәселе өте орынды, өйткені ол несиелерді кімнің қандай мақсатқа алатыны, оларды алуға кімнің кепілдік жасайтыны Қазақстан жұртшылығына ұзақ уақыт бойы беймәлім болып келді. Шетелдік инвестициялар төңірегінде кейбір бұқаралық баспа сөз құралдары көтерген мәселе өте орынды, өйткені ол несиелерді кімнің қандай мақсатқа алатыны, оларды алуға кімнің рұқсат беретіні және қайтарылуына кімнің кепілдік жасайтыны Қазақстан жұртшылығына ұзақ уақыт бойы беймәлім болып келді. Алайда ақпараттың ашық болуы – істің жартысы ғана, халықтың инвестициялық белсенділігін қалпына келтіруіміз керек, мұның өзі де заңмен қолдау жасалуын қажет етеді.

Үшінші маңызды міндет, біздіңше, құрылымы одан әрі ретке келтіру және атқарушы билік құрылымдарының жауапкершіліғін ең алдымен Қазақстан Республикасының «Үкімет туралы» жаңа заңға сәйкес арттыру. Қазіргі орын алып отырған кемшіліктердің көпшіліғи атқарушы биліктің жоғарғы буындарында байқалған былықтың салдары болып табылады. Биліктін түрлі тармақтарының функцияларын заң жүзінде орнықтыратын жаңа Конституция қабылданғаннан кейін президенттік құрылымдар мен заң шығарушы билік аса маңызды экономикалық шешімдердің қабылдануы мен орнатылуын бақылай алады деген үміт бар.

Осы жағдайлардағы біздің міндетіміз _ заңдардың экономикалық өсімді көтермелеуге, қиындап бара жатқан әлеуметтік проблемаларды шешудің бірден-бір материалдық негізі болып табылатын ұлттық дәулетті арттыруға бағытталатын болуы, Аман қалу жолындағы «күресте біз өзіміздің болашақ ұлттық мүдделерімізді, болашақ ұрпақтарымызды естен шығармауымыз және егер керек болса, қазіргі кезде біздің басты кеңесшілеріміз болып отырған халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарымыздың шиеленисуінен қорықпауымыз керек.

Халықаралық құқық шеңберінде өз экономикамызды қалпына келтіруіміз, экономикалық тұрғыдан өсу үшін жағдайлар жасауымыз керек. Бұл үшін өз еліміздегі ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренадағы экономикалық ойын ережелерін білүіміз және халықаралық рыноктың жалпы жұрт таныған ережелеріне қайшы келместен өз экономикалық мүдделерімізді көздейтін заңдар қабылдауымыз қажет.

 

3 тарау. Экономиканы басқару жүйесін жаңарту

Егемендік алған уақыттан бергі кезең шінде жаңа тәуелсіз мемлекеттің жайлы дамуына сыртқы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді. Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың, оның халықаралық ұйымдарының толық құқықты мүшесі болды, мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігі қамтамасыз етілді және ядролық мемлекеттер тарапынан тиісті кепілдіктер алынды.

Қазіргі кезде өзіміз тап болған әлеуметтіқ-экономикалық дағдарыстан шығудың, тиімді өз экономикамызды жасаудың және осы заманғы дүниежүзілік экономикалық жүйеде өз орнымызды орнықтырудың маңызы зор.

Экономикалық жүйенің өзгеруі, нарықтық қатынастарға көшу сөзсіз болды. Бар мәселе сол реформалардың қалай жүргізілгенінде, қателіктердің санын азайтуға болатын-болмайтынында. Реформалар жылдары ішінде үкімет бірқатар бағдарламалар қабылдады, бірақ оларды жүзеге асыру нәтижелері тіптен қанағаттанғысыз болды.

1993-1995 жылдарға арналған бағдарламалар  ңұсқамаларында инфляцияны төмендету  өндірістің құлдырауын тоқтатуға және осы мерзімнің аяқ кезінде өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді деп көзделген болатын, бірақ бұдан ешнәрсе шықпады. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын санауға болады, бірақ бағдарлама нұсқамаларына түгелдей толық қол жеткен жоқ.

1996-1998 жылдарға арналған бағдарлама  жүзеге асырылып жатқан жағдайларда реформаның ең күрделі деген тұстарының шешімі жөніндегі бірқатар көзқарас ерекше маңызды деп саналады.

Біршама қатаң қаржы және ақша саясатын одан әрі жалғастырудың қажет екені айқын, бұл – барлық басқа іс-қимылдардың негізі. Бірақ мұндай саясаттың шектерін ескере, инфляцияға қарсы күресте үкіметті әп-сәттік емес, ал ұзақ мерзімді нәтижеге арту керек. Мұның өзі мемлекеттіқ шығын мен ақша массасының өсімін тежей отырып, әрбір қосымша теңгенің сұраным тауып отырған өнімге, қызметке сұраныстың, бюджет кірісінің арта түсуі түрінде пайда келтіруіне күш салу деген сөз. Түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара қатынасын нақты реттеу, өз қаржы жағдйы үшін аймақтардың жауапкершілігін арттыру деген сөз. Кезекті жан-жақты реформаларға бармастан салық жүйесіне елеулі өзгерістер енгізу: өздерінен жоғары жағдайда көрнекті ставкалар алынатын кірістер сомасы инфляцияны ескере, үнемі қайта қаралатын салықты көбейту, жылжымайтын мүлік пен көлікке салық салу ставкаларын елеулі арттыру. Пайдалы қазбалардың ренталық төлемдерінің жүйесін жетілдіру керек.

Өндіріске жеке меншік инвестицияларды барынша ынталандыру қажет, мұның өзі ең алдымен мемлекет пен аймақтық билік орындарының қатысуын қажет етеді. Олардың қатысуы ондай салымдарды жеке инвесторлар үшін тиімді етер еді, ол салымдарға байланысты тәуекелді барынша азайтар еді.

Реформаның кезеңінің мақсаттарына шетлдік инвестициялардың белсене қатысуымен, олар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалуымен ғана қол жетеді, өйткени ішкі нақты қор көздері тіпті жеткіліксіз. Сонымен бірге тек соларға үміт артатын болсақ дағдарыстан шығу, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру, оны осы заманға техникалық база негізінде жаңғырту ондаған жылдарға созылып, жалпы алғанда екіталай болуы мүмкін.

Экономиканыи басқару мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет, Мемлекеттік басқару жүйесінің рөлі маңызды және сан алуан. Ең бастысы – ол өтпелі кезеңнің ерекшеліктеріне, функциялар мен жауапкершіліктің ара жігін ажырату, қайталаушылық тәртіпті жолға қою талаптарына сай келуге тиіс.

Қазіргі кезде қалыптасқан мемлекеттік басқару ұйымы мақсатты экономикалық саясат жүргізуге әлі де болса жеткілікті түрде бейімделген жоқ. Істің мәні экономикалық саясаттың белгілі бір бағыттарына сәйкес басқарудың түрлі министрліктер мен ведомстволар бойынша шашыратылуында, оның функциялар мен өкілеттіктердің қайталануына, сонымен бірге жауапкершіліктің төмендеуіне сөзсіз әкеліп соғатынында, сондай-ақ ведомствоаралық үйлесімділіктің әлсіздігіне және белгілі бір шараларды жүзеге асыру кезінде түрлі ведомстволардың қарама-қайшы іс-қимылдар жасайтынында.

Нарыктық экономика негіздері