Нарық даму тарихы және теориясыНарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы

Меншікті  қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері  мен нәтижелері  

Бірінші кезең. «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру» Заңын іске асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленді, ол ҚазССР Президентінің қаулысымен (1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 444) бекітілді. Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатқа ие болды. Жекешелендіру туралы шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымының өтінішінен кейін ғана мемлекеттік органдар қабылдады. Өте маңыздысы кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру түрін таңдау еңбек ұжымына берілді. Кәісіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру аукциондарда, конкурстарда, сондай-ақ жекешелендірілетін кәсіпорынның балансындағы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды акционерлеу және еңбек ұжымына өтеусіз беру арқылы да жүрді. Бірінші езеңде «шағын жекешелендіру» де жүрді және ол кейіннен өз дамуын басқа кезеңдерде тапты. Бірінші кезеңнің көлемі үлкен әсер қалдырады: 4771 объект жекешелендірілді, оның ішінде еңбек ұжымының ұжымдық меншігіне берілген 472 совхоз бар. Одан әрі мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру арнайы заңмен ретке келтірілді. Республикада мемлекеттік меншікті сату жөніндегі бірінші аукцион Орал қаласында 1991 жылы 4 қыркүйекте орын алды. Оны Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет республикалық комитет өкілдерінің қатысуымен өткізді. Алты объектіден басқа аукционда аспаздық, кафе, тұрмыстық қызметтер салоны сияқты үй-жайларын жалға беру құқығы сатылды. Инфляция қарқынын және жекешелендіру үшін халық қаражатының болмауын ескере отырып Қазақстанда бірінші кезеңде жекешелендіруге қатысу үшін арнауы төлем құралдарын – жекешелендіру купондары енгізілді. Тұрғын үйді сатып алудың тез қарқыны мен купондарға сатып алудың қарапайым механизмі аз уақыт ішінде тұрғын үй рыногын қалыптастыруға және нарықтық қатынастарды дамытуға қажетті шарттар ретінде халық мобильділігін қамтамасыз етті. Бұдан әрі тұрғын үйлерді сатып алудан басқан купондар (осы мақсаттар үшін олар қазіргі уақытта да қолданылады) шағын жекешелендіру объектілерін және ауыл шаруашылығы объектілерін сатып алу кезінде қолданылды. Бірінші кезеңнің төңкерісті кезеңі адамдар психологиясының өзгеруі және олардың жеке меншікке қатынасы, нарықтық экономикаға өту қажеттілігін түсінуіндегі өзгерістер болды. Бірақ, бастамашылық жекешелендірудің қарқыны мен қаржылық нәтижелері одан әрі жақсы болғанды қалады. Барлық ұжымдар меншік иесіне айналғысы келмеді. Кәсіпорындардың жаңа иелерінен кәсіпорын қаржыландыруды талап етті, ал ұжымдарда қаражат болмады. Қазақстандағы жекешелендірудің бірінші кезеңі (1991-1992 жж.) сол уақытта орын алған ұжымдық бастамаға бағытпен әзірленген меншікті қайта құрудың құралдарының мүмкіндігін шектеуді көрсетті.   

Екінші  кезең  

1993 жылдың  наурызында қабылданған «Қазақстан  Республикасында мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға  арналған ұлттық бағдарламасы»  (бұдан әрі – Бағдарлама) мемлекеттік  меншіктің қайта құрылуының бағыты  мен тәртібін анықтады. Нысананың ел экономикасындағы маңыздылығына, саласына, қызметкерлердің санына, негізгі қорлардың құнына сәйкес олар шағын, орта, және ірі кәсіпорындар топтарына бөлінетін болды. Заңнамаға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ұжымдық меншік жүйесі жойылды, жалдау туралы заң және кәсіпорындарды ұжымдық сатып алу өз күштерін жойды. Бағдарлама мынадай негізгі бағыттарды көздеді: - шағын жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 200-ге дейін болатын сауда, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін және өнеркәсіптік кәсіпорындарды аукциондар мен конкурстар арқылы сату); - жаппай жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000-ға дейін болатын кәсіпорындар); - жеке жобалар бойынша жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 5000-нан асатын кәсіпорындар); - агроөнеркәсіптік кешенді жекешелендіру. Мемлекеттік меншіктің барлық объектілері мынадай жіктестірілген екі топқа бөлінді: - мемлекет иелігінен алынатын және жекешелендірілетін объектілер; - жекешелендірілуіне тыйым салынған объектілер.   

Шағын жекешелендіру  

Шағын жекешелендіру тауарлар мен қызметтің  тұтыну нарығын қамтамасыз ететін меншік иелерін қалыптастыруға бағытталды. Шағын жекешелендіру аукциондар немесе конкурстар нысанында жүзеге асырылды. Шағын жекешелендіру жүргізілер алдында сауда және автокөлік бірлестіктері бірнеше дербес заңды тұлғаларды құру мақсатында сегменттерге бөлінді. Аукционға немесе конкурсқа жекешелендірілетін объекті қызметкерлерінің 50 пайзынан астамын біріктіретін шаруашылық серіктестігі қатысқан жағдайда, оларға сату бағасынын 10 пайызға дейін жеңілдік берілді. Шағын жекешелендіру шеңберінде 6037 объект жекешелендірілді. Астана қаласында шағын жекешелендіру жүргізілгенге дейін 191 сауда объектісі болса, қазір 1978, 11 дәріхананың орнына – 110, 20 мемлекеттік шаштараздың орнына – 55, жекешелендірілген 51 қоғамық тамақтану объектілерінің орнына 597 мейрамхана, дәмхана, бистролар жұмыс істеуде (қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған объектілер бойынша деректер Астана қаласының Экономика, сауда және кәсіпкерлік департаментімен ұсынылған). Шағын жекешелендіру шеңберінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендірудің өзіндік ерекшелектері болды. Мысалы сатып алушы сатып алған мемлекеттік мүлік үшін төленетін соманың 50 пайызын ақшалай қаражатпен, ал 50 пайызын жекешелендірудің бірінші кезеңінде тек тұрғын үйді сатып алуға пайдаланылған тұрғын үй купондарымен төлей алды. Жинақ банкінің бөлімшелері арқылы жүзеге асырылатын тұрғын үй купондарын еркін сатып алу-сату енгізілді.

Кәсіпорындарды  акционерлеу – жаппай жекешелендіру  мен жеке жобалар бойынша жекешелендірудің алдын ала сатысы болды. Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашы болған кәсіпорындарды акционерлеу жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіру шеңберінде жекешелендірудің алдын ала сатысы болды. 1993-1995 жылдар кезеңінде 2 мыңға жуық кәсіпорын акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Еңбек ұжымдарына жарғылық капиталдың мөлшерінің 10 пайызын артықшылықты акциялар түрінде мемлекеттен өтеусіз алу құқығы берілді. Акционерлеу аяқталғаннан кейін акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакеттері бірінші жағдайда – холдингтерге берілді, екіншісінде – купондық сауда-саттыққа шығарылды, үшіншісінде – ақшалай аукциондарда сатылды. Жаппай жекешелендіру үрдісінде бұрын-соңды болмаған инвестициялық жекешелендіру қорлары құрылды. Жаппай жекешелендіруге дайындық барысында Чехия, Ресей және басқа да елдердің тәжірибелері зерттелді. Дүниежүзілік банк оңтайлы деп ұсынған еліміздің халқына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру мезханизмі жаппай жекешелендіру жүргізу кезінде қолданылды. Қорларды ҚР жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалары құрды. 169 Қор лицензия алды. Әрбір азаматтың Қорды еркін түрде таңдау және инвестициялық жекешелендіру купондарын өз қалаулары бойынша инвестициялық жекешелендіру қорларына орналастыру құқығы болды. Жинақ банкінің бөлімшелері азаматтардың тапсырмалары бойынша купондардың белгілі бір санын олар көрсеткен Қорларға берді. Осылайша жаппай жекешелендіруге 11 миллионнан астам адам қатысты, бұл республика халқының 67 пайызы. Купондық жекешелендіру кезеңі ішінде 1707 акционерлік қоғамның 172,53 миллион дана акциясы сауда-саттыққа шығарылды. Купондық сауда-саттыққа шығарылған акционерлік қоғамдар акцияларының жалпы санының 1529 АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттері толығымен сатылды, бұл сауда-саттыққа шығарылғандардың 89,57 пайызын құрады. Осы кезеңде ерекше әлеуметтік маңызы бар өнім шығаратын немесе жұмыстарды атқаратын, сондай-ақ энергетика, металлургия, көлік, телекоммуникацияда мемлекеттің табиғи монополиясы болып табылатын ірі объектілер мен кәсіпорындарды және ірі әмбебап дүкендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізілді және мынадай әдістермен жүзеге асырылды: - белгілі бір инвесторға келісілген шарттар негізінде сату; - аукциондар немесе конкурстар арқылы өткізу; - басқару келісім-шартын жасасу. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру шеңберінде осы кезеңде бес кәсіпорын сатылды: Қарметкомбинат, Павлодар алюминий зауыты, Алматы темекі комбинаты, «Қазхром» кәсіпорны, Шымкент кондитерлік фабрикасы. Қазақстандық индустрияның алыбы Қарметкомбинат қиын жағдайда қалды. 1995 жылы Қарметкомбинат домна пештерін сөндіру алдында болды, кокстың қоры өте аз, әрі оны сатып алуға қаражат болмады. Жұмысшыларға көптеген айлар бойы жалақы төленбеді. Кәсіпорындағы тонаулар үлкен мөлшерлерге жетті. Бұл жағдайда кәсіпорынды ірі жеке инвестициялар ғана құтқара алатын еді. Сондықтан да комбинат сатылды. Жаңа меншік иелері бірден жалақы бойынша қарыздарды төледі, кері талаптар бойынша төлемдер жүргізді. Жаңа меншік иелерінің сегіз жылғы қызметінде Қарметкомбинаттағы инвестицияның жалпы сомасы 521 миллион АҚШ долларын құрады. Қысқа мерзімде домна пештеріне жөндеу жүргізілді, маңызды технологиялық желілер қайта жаңартылды. Сонымен бірге, ыстық мырыш және аюмини жалату цехы енгізілді. Сегіз жылдық кезеңде Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығы тау-кен өндіру және металлургия саласы кәсіпорындарындағы дағдарыстан сәтті шықты, олардың жұмыстарын тұрақтандырды және әлемдік рыноктағы позициясын қалпына келтірді. Жекешелендіруден кейін Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығына кірген кәсіпорындарды қаржылық тұрғыдан сауықтыру және оңалту үшін 290 миллион АҚШ доллары салынды. Ал өндірісті дамыту үшін өткен жылдары барлығы тоғыз жүз миллионнан астам АҚШ доллары инвестицияланды, бұл жаңа өндірістік қуаттарды құруға мүмкіндік берді. Соның ішінде, жаңа астананы дамыту үшін 48 миллион АҚШ долларын салды. 1995 жылы «Жезқазғантүстімет» АТ АҚ банкроттықтың алдында болды, оның 170 миллион доллар сомасында қарызы, оның ішінде жалақы бойынша 10 миллион доллар қарызы болды. Сондықтан да оны жекешелендіру туралы шешім қабылданды. «Самсунг» корпорациясы компанияның акцияларын сатып алу тендерін жеңіп алды. Олар қарыздарды төлеп, жүздеген миллион АҚШ долларын инвестициялады. Осы жылдары өндіріс көлемі төрт жүз мың тоннаға дейін өсті, бұл комбинат тарихындағы рекорд болды.  

Агроөнеркәсіптік  кешенді жекешелендіру  

Агроөнеркәсіп кешенінде мемлекет иелігінен алу  және жекешелендіру мемлекеттік  ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын және совхоздарды фермерлік және шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтарына қайта құру жолымен жүзеге асырылды. Бұдан басқа, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдар құрылды. Мемлекеттік мүлік конкурстарда немесе аукциондарда сатылды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мүліктерінің құны 75 пайызға дейін тұрғын үй жекешелендіру купондарымен төленді. 1993 жылдан 195 жылға дейін республикада 1490 мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорны, яғни агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік кәсіпорындарының жалпы санының 70,2 % жекешелендірілді. Агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде 13 холдингтік типтегі мемлекеттік акционерлік компания қайта құрылды. Осы кезеңнің маңызды бағыты мемлекеттік меншік объектілерін басқару және жекешелендірудің бірыңғай жүйесін құру болды. Жергілікті әкімшілікке бағынатын басқару және жекешелендіру жөніндегі органдар таратылды. Облыстарда мемлекеттік меншік объектілерін қайта құру мен жекешелендіруді Мемлекеттік мүлік комитетінің аумақтық органдары жүзеге асыратын болды. Бұл ретте аумақтық органдардың төрағалары облыс әкімдерінің (әкімшілік басшыларының) орынбасары мәртебесіне ие болды. Осы шаралар екінші және үшінші кезеңде мемлекеттік меншікті қысқа мерзім ішінде және бірыңғай сценарий бойынша жекешелендіруге мүмкіндік берді.  

Үшінші  кезең

     1996 жылдың ақпанында 1996-1998 жылдарға  арналған Қазақстан Республикасында  мемлекеттік меншікті жекешелендіру  мен қайта құрылымдау бағдарламасы  бекітілді, оның негізгі мақсаты  негізінен жекешелендіру процесін аяқтау арқылы Республика экономикасында жеке меншік секторға қол жеткізу және басым болуын бекіту болып табылды. Бұл мақсаттарға қол жеткізу мемлекет меншігінде қалған объектілерді қайта құрылымдаумен жүзеге асырылды. Бағдарламаны іске асыру кезінде тек жекешелендірудің нарықтық, бәсекелес түрін қолдану негізінде жекешелендіруді жүргізудің ашықтығы мен жариялылығы қағидаттары сақталды.

     Бұл кезеңде мемлекеттік меншіктің  кез келген жекешелендірілуі тек  ақша қаражатына ғана жүзеге асырылды.

     Үшінші  кезеңнің ерекшелігі (1996-1998 жылдар) жекешелендіру  мен қайта құрылымдаудың секторлық  бағдарламаларына көшу болды, олар қол  жеткізген нәтижелер мен уәкілетті  органдардың ұсыныстарының негізінде  жасалды. Секторлық бағдарламаларды  Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті және мұнай-газ кәсіпорындары мен көлік-коммуникациялық кешендерді, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт кешендерін жекешелендіру процесін жандандыруды көздеді. Көрсетілген салалардың әрқайсысы бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере және білікті кеңесшілерді тарта отырып жеке жобалар бойынша артықшылықты жекешелендірудің әрбір объектісі бойынша арнайы бағдарлама әзірленді.

     Үкімет назарын ірі кәсіпорындарды жекешелендіру мен жекешелендіруден түсетін кірістерді көбейтуге аударылды, оған бәсекелес тендерлерді жүргізу, сай келетін стратегиялық инвесторларды анықтау және кәсіпорындар тиімділігін арттыру арқылы қол жеткізілді.

     Осындай кәсіпорындар арасында Павлодар алюминий зауыты, «Қазхром» кәсіпорны, магистралды газ құбырлары, мұнай өңдеу зауыты болды.

     Келісім-шарт бойынша басқаруға берілген 66 кәсіпорынның 26 кәсіпорны кейіннен басқарушы  компанияларға берілді.

     Үкімет  экономиканың стратегиялық салаларының объектілерін жекешелендіруге бастамашылық жасады. Мысалы, 1997 жылы мұнай газ саласында «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ акцияларының 60 % мемпакетін және «Ақтөбемұнайгаз» ААҚ акцияларының 60 % мемлекеттік пакетін сатып алу-сату шартына қол қойылды. Ашық инвестициялық тендерлердің жеңімпаздары тиісінше кәсіпорындардың негізгі өндірісіне 4 миллиард АҚШ долларынан инвестициялау міндеттемесін алған «Централ Азия Петролеум» индонезиялық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы болды.

     1998 жылдың аяғына дейін 2615 акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестік жекешелендірілді, ол құрылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің жалпы санының 51,8% -н құрады. Бұдан басқа, әлеуметтік саланың 2905 объектісі жекешелендірілді.

     Тек 1997 жылы секторлық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде әлеуметтік саланың 1946 объектісі, оның ішінде жекешелендіруге жататын 67,7% денсаулық сақтау объектісі, 57,7% - білім, 49,8% - мәдениет, 66,7% - туризм және спорт объектісі сатылды.

     Қарастырылып отырған кезеңде жеке жобалар бойынша 93 кәсіпорын жекешелендірілді, ол шамамен барлық өндірістік күштердің 80%-н құрады және экономиканы салалары бөлігінде мынадай түрде көрінеді.

Экономика салалары Жеке  жобалар бойынша  сатылғаны
Барлығы Оның  ішінде шетел инвесторларына
Мұнай-газ 23 5
Энергетика 19 17
Металлургия, тау-кен және машина жасау кешені 41 29
Көлік және байланыс, экономиканың басқа  салалары 10 5
 

 

     56 кәсіпорын шетел инвесторларына  сатылды. Жақсы инвестициялық  климаты бар ел беделі Қазақстанға АҚШ, Англия, Корея, Швейцария, Бельгия, Гибралтар, Индонезия, Канада, Германия, КНР, Ресейден инвесторларды тартты.

     Банкрот болу фактісінің болуына қарамастан ірі кәсіпорындарды жекешелендіру  экономиканы ырықтандыру процесін қайтымсыз етті. Жекешелендіру процесінде шетел капиталының қатысуы, отандық кәсіпорындарды басқаруда шетел тәжірибесін пайдалану, алдыңғы қатарлы технологияларды игеру тікелей шетел инвесторларын тарту жөніндегі стратегияның дұрыстығын растады.

     Ірі кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру және кейіннен оларды жеке жобалар бойынша сату жеке және мемдекеттік капиталы бар Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік компанияларын құрды. Бұл компаниялар қазіргі уақытта халықаралық нарықтарда өз орнын тапты, бұл жүз мыңдаған адамдарды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге және айтарлықтай ел экономикасын нығайтуға мүмкіндік берді.   

Жекешелендірудің  төртінші кезеңі  

     Төртінші  кезең (1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа  дейін) мемлекеттік меншікті басқару  және билік ету мәселелерінде  мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңа көзқарастармен сипатталады. Осы кезеңнің басты сәті мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық меншікке бөлу болып табылды. Жергілікті мемлекеттік басқаруды нығайтудың, аймақтардың қаржылық және экономикалық дербестігін қамтамасыз етудің нақты шаралары болып облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне коммуналдық меншіктің объектілерін жекешелендіру шешімін қабылдау және жүзеге асыру құқығын беру болды.

     1999 жылы коммуналдық меншікке 953 акционерлік қоғамдағы және шаруашылық серіктестіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері берілді.

     2000 жылы Мемлекеттік мүлікті басқару  және жекешелендіру тұжырымдамасы  мақұлданды, оны іске асыру мақсатында 2001-2002 жылдарға және 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекшелендірудің тиімділігін арттырудың салалық бағдарламалары, Мемлекеттік активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.

     Экономиканың  стратегиялық салаларында мемлекеттік бақылауды күшейту үшін 2003 жылы «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

     Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Экспорттық кредиттерді                       және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ сияқты даму институттары құрылды.

     «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару  жөніндегі қазақстандық холдингі»  акционерлік қоғамы (бұдан әрі  – Мемлекеттік холдинг) құрылды, оған «Қазақтелеком», «Электр желілерін  басқару жөніндегі қазақстандық компания», «Қазақстан темір жолы»  ҰК», «Қазпочта», «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамдарының және басқа да 14 акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді. Мемлекеттік холдинг бәсекеге қабілетті тауарды дамыту мен шығару үшін инвестициялық «тұтқа» және қосымша құрал болуы тиіс.

     Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік  қоғамы құрылды. «Қазына» акционерлік  қоғамына «Қазақстанның Даму Банкі», «Ұлттық инновациялық қор», «Қазақстанның Инвестициялық қоры», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы», «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттері мен «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖШС мемлекеттік үлесі берілді.

      «Қазақстан  Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы                 № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы», «Аграрлық кредит корпорациясы»,  «ҚазАгроҚаржы», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры», «Мал өнiмдерi корпорациясы», «Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры», «Қазагромаркетинг» акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берді.

     1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа  дейін барлығы мемлекеттік меншіктің             39 мыңнан астам объектісін жекешелендіру жүзеге асырылды, соның ішінде: акционерлік қоғамдардың 3 710 акцияларының мемлекттік пакеті және 36 мыңнан астам мүліктік кешен, жылжымайтын мүлік объектілері, құрылысы аяқталмаған объектілер және өзге де объектілер. Осы жылдарда жекешелендіруден түскен кіріс 347 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 68 млрд. астам теңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылды.

      1-кесте: 1991 жылдан бастап 2010 жылдың 1 сәуіріне дейінгі кезең ішіндегі мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижелері  

Жылдар      
 
 
Мүліктік  кешендерді, құрылысы аяқталмаған жылжымайтын  мүлік объектілерін, көлікті және өзге де объектілерді жекешелендіру

(бірлік)   

 
Акционерлік қоғамдардың (ЖШС) акцияларының мемлекеттік  пакеттерін (мемлекеттік үлестерін) жекешелендіру 

(бірлік)  

Жеке  жобалар бойынша жекешелендіру (бірлік)        
 
 
 
 
Жекешелендіруден түскен кірістер

(мың теңге)        
 
 
 
 
 

1991-1992 4771     165
1993 153   1 783 989
1994 2645   1 1 459 266
1995 3239 385 6 7 233 421
1996 3526 889 27 31 214 565
1997 5641 1315 48 54 511 449
1998 2716 513 11 66 701 804
1999 2462 162 0 34 815 880
2000 1766 93 0 22 048 029
2001 2059 146 0 16 583 078
2002 1756 67 0 19 340 183
2003 2041 65 0 60 127 949
2004 2036 58 0 8 600 547
2005 1223 16 0 10 795 695
2006 653 1 0 13 179 986
2007 945 0 0 314 036
2008 846 0 0 70 751
2009 1238 3 0 591 474
2010 жылғы 1 тоқсан 32 1 0 13 757
жиыны 39 748 3714 94 348 386 024
Нарық даму тарихы және теориясыНарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы