Орынбай Бертағыұлы

Кіріспе                                                                    

    Зерттеудің өзектілігі:                        

  XIX ғасыр-халқымызға небір дарынды талант иелерін сыйлаған алтын ғасыр.Қазақ әдебиетінде жырдың семсерін ұстап,сол кездегі жаңа жазба әдебиеттің арасын халықпен жалғастыра білген ерекше тұлғалардың бірі-Орынбай Бертағыұлы.                                                                                                          

                  «Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа,                         

                   Абайды оқы,таңырқан,басыңды шайқа.                                 

                   Ақындықтың қуаты есіңді алып,                                                

                   Бас алмастан оқырсың қайта-қайта.                           

                   Кешегі Бұқар жырау,Жанақ ақын,                                                  

                   Шөже,Орынбай халыққа жайып даңқын,-деп Сұлтанмахмұт Торайғыров ақын бағасын бергендей Орынбайды тану,оның қалдырған мұрасын насихаттау-келер ұрпаққа сын.Толғаулары мен өлеңдері,айтыстары мен сөз қағыстырулары арқылы  «аз көлеммен көп мағына беретін» ақын шығармалары бізге жеткен мол мұра.                                                                        

   Импровизаторлық қабілеті зор,кең тынысты ақынның мол мұрасын ақын-жазушыларымыз ақын шығармашылығы мен өмір жолын зерттеп,талдап халыққа тәнті еткенмен де,Орынбайдың мұрасы мәңгі тарих сахнасынан өшпек емес.Аузымен ұшқан құсты ілген,өнердің туын аспандата желбіреткен өнерпаздардың жұлдызды шоғырының темірқазығы бола білген Орынбай ақын айтыс өнерінің Оқжетпесі іспеттес.                                                            

               Оңтүстікте Орынбай,                                                                         

                Сөздің асыл қорындай,-демекші оның ақындық шеберлігі өлеңдері мен толғауларынан да кеңінен көрініс табады.Ақын шығармаларының осы бағыттағы мұраларының ішінен оның философиялық толғауларының орны ерекше.Терең ой салар арнау өлеңдері мен көңіл айту,мақтау сарынында жазылған әр өлеңдерінен әлеуметтік тақырыптағы тарихи мәселелерді де кезіктіреміз.Ақын заманға,өзі өмір сүрген дүниедегі теңсіздікке көзқарасын өлеңдерінде реалистік тұрғыда бере білген.   ХІХ ғасырда өмір сүріп, артына мол мұра қалдырған ақын – Орынбай өз өлеңдерінде тәрбиенің түрлі бағыттары бойынша тәлімдік ойлар айтқан. Оның ішінде эстетикалық тәрбиеге қатысты ойлар да аз емес. Өз кейіпкерлерін суреттеуде эстетика категорияларын (әсемдік – ұсқынсыздық, асқақтық – төмендік, қасірет - әжуа) ұтымды қолдану арқылы ол ұрпақты «жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге» шақырады. Міне, осы айтқаны арқылы Орынбай ақын қазақ этнопедагогикасының тәлімдік ойлар тарихына өз атын жазып қалдырды.                                                                                               

Осы орайда ақын мұрасын зерттеген  зерттеулерге және пікірлерге сүйене отырып,өз зерттеу жұмысыма арқау етпекпін.Ш.Уәлиханов «Қазақ халықтық поэзиясының түрлері жөнінде» деген зерттеуінде ақын өлеңдерінің құрылымын,жүйесін талдаса,С.Сейфуллин,С.Мұқанов,Е.Ысмайлов зерттеушілер жоғары бағалап,шығармаларын жинап,жариялаған.Сонымен қатар поляк саяхатшысы А.Янушкевич Орынбайдың Жанақ ақынмен Аягөзде өткен айтысын таңданыспен суреттесе,тегеурінді дарын иесін Шал ақын «ақындардың төресі» атаған.

Ақын мұрасын зерттеуде ақын-жазушы Нұртас Ахатұлы,Адамбаев Балтабай,жыршы,өнертанушы Жұмабай Есекеев зерттеулерімен таныстым.Айтыстарын,өлеңдерін жинастырғандар Биғожаұлы Қ,Боранбай Ж,Қаренов Қ,Мырзахметұлы Естай,Ғаббас Елеусізұлы,Сейфолла Шайынғазы,Кәкімбек Салықовтардың үзінділерін кездестірдім.                              

  Зерттеудің мақсат-міндеттері:  Ақын мұрасына зерттеу жазған ақын-жазушылар пікірлерімен салыстыра отырып зерттеу.Өлеңдері мен толғауларын талдау.Баспа бетін көрмеген шығармаларына назар аудару.    

   Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:                            М.Әуезов.«Әдебиет тарихы»;Х.Сүйіншәлиев .Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері;Қазақ әдебиетінің тарихы;XIX ғасыр әдебиеті;Ш.Уәлихановтың «Қазақ халықтық поэзиясының түрлері жөнінде»Н.Ахатұлының «Орынбай ақынның әдеби мұрасы» еңбектері.                                                             

  Зерттеудің дереккөздері: Бес ғасыр жырлайды.Өлеңдері.II том,Жеті ғасыр жырлайды;М.Жармұхамедов.Айтыс;Айтыс II том;Ж.Есекеев.Айыртау арыстары еңбектері.                                                            

 Зерттеудің әдіс-тәсілі: ғылыми-педагогикалық, теориялық әдебиеттерге талдау беру арқылы жіктеу, топтастыру, салыстыру; салыстыру, жинақтау, қорыту, т.б.                                                   

Негізгі бөлім                                                                                               

   Орынбай ақын-XIX ғасырдағы айтыс ақындарының бірі.Шоқан Уәлиханов қазақ өлеңдерінің түрлерін жіктейтін еңбегінде ол туралы былай дейді: «5 өлең.Бұл форманы қазір барлық жаңа ақындар айтыста да,сондай-ақ жырда да қолданады,әсіресе оны қолдануға қосқан Қарауыл руының атеке-Жауарынан шыққан Орынбай мен Жаңа-Қырғыз дейтін атасынан шыққан соқыр ақын Шөже.                                                                                                                                                                  Бізге белгілі баспа бетін көрген айтыстарының ішінде Шортанбай,Арыстанбай,Ақан сері,Серіәліқожа,Қожабек,Дана,Сақау,Шөже,Тоғжан ақындармен айтысын айта кетуге болады.Қазақтың жүз жасаған жыр алыбы Жамбылдың:                 

                   Кеншімбай мен Орынбай,

                   Өлең сөздің қорындай.

                  Шөже менен Кемпірбай,

                  Өлең жолдың құртындай,-деп айтыс  ақындарының топ жарған алдыңғы  қатарына Орынбайды тектен-текке  кіргізбесе керек.Ақын өз өмірінде  елу-алпыс ақынмен айтысыпты деген.Ақынның тума талант дарындылығын кезінде талай айтысқа түсіп,оны өзіне ұстаз санаған Ақан сері:

                  Сіздерге біздей іні жар болармыз,

                  Қалайша кемеңгермен пар болармыз.

                  Басың бұлбұл,аяғың дүлділім-ай,

                  Сізге де әлі-ақ бір күн зар  болармыз,-деген ұмытылмас өлеңімен  алдында басын иген.

       Орынбай айтыстарының  ішінде Шортанбаймен айтысында  кездесетін «Атыңа анық,түсіңе қанық едім»,«Өлеңге бір кісідей тынысың бар,бақ берген тіл мен жаққа ырысың бар»,Шөжемен айтысында«Осы Орынбай өлеңге дүрдей еді»,«Орынбай мен сезімтал,сен көреген»,«Ғаламда көріп жүрген сен бір жүйрік,өзіңнен асқан жүйрік жоқ-ақ шығар»,«Үш жүзден асып жүрген Ореке едің,азырақ өзіңізден қорғалаймын»,«Ореке жоғарыда сіз бәйтерек,жүйрік боп қатарыңнан тудың бөлек»,Арыстанбаймен айтысында«Орынбай,бұлбұл екен қызыл тілің,өлең жақтан жоқ екен сенің мінің» деген сияқты әсем өрнектелген тамаша жыр жолдары ақынның айтыс өнеріндегіи нағыз тарланбозы екенін дәлелдейді.Расында да ақынның өз замандастары,тұстастары оның айтыс өнеріндегі суырып салма импровизаторлық қасиетін аса қадірлеп,асқақтатқаны белгілі.

   Орынбайдың өнердегі үлкен  жолы айтыс болғандықтан оның  импровизаторлық қабілеті зор,кең  тынысты болғаны сөзсіз.Белгілі  әдебиет сыншысы Рахманқұл Бердібаевтың  «Айтыс кезінде ақындардың серпіле,шарықтай,асқақ  сөйлеуі дәстүр тәрізді нәрсе.Ежелгі айтыстардың қай-қайсысынан да осы жайды көреміз.Айтысқа түсер ақын шу дегеннен бастырмалатып,өзінің қарсысындағы әріптестің апшысын қуыра,сескендіре сөйлейді.Екпіндеп ес жиюға,дәлелді сөз табуға шамасын келтірмей,тұқырта,айбат шеге сөйлеп,жеңіп кетуді мақсат етеді,»-деген пікірі айтыс ақындарына берілген тамаша мінездеме,әділ анықтама.Осы айтылған пікірге Орынбайдың Шөжемен болған айтысын мысалға келтіруге болады.Орынбай Шөжемен көп айтысқан.Екеуі де алма кезек жеңіп жүрген.Бір жиында Шөженің үстіне Орынбайды әдейі шақыртады.Екеуі бірден сарт та сұрт айтысқа түсе жөнеледі.

                         Орынбай:

                         Ассалаумағалейкум,ақын Шөже,

                         Өлеңге жас күніңнен жақын,Шөже.

                          Атақты Алатаудың соғысында,

                          Ерліктен көзі шыққан батыр,Шөже.

                           Шөже:

                         Уағалейкумассалам,дейін саған,

                         Барша жанды жаратқан хақ тағалам.

                          Тәңірінің қылған ісін мазақ  қылып,

                         Кәпір болып кеткен бе мына антұрған?-деп екі ақынның алғашқы қайымдасуынан-ақ бірін-бірі бетке айтар улы да ащы сөздермен сойып салады.Шөже Орынбайды оның тура сөзінен бұрып әкетуге тырысады.Себебі,Орынбай Шөженің бала жасынан шешектен екі көзінен бірдей айрылғанын білсе де,оның қырғызға жақындығын тілге тиек етіп,«Атақты Алатаудың соғысында,ерлікпен көзі шыққан батыр,Шөже» деп әдейі айтуында үлкен сыр бар.Одан әрі:

                 Шөже:

                 Шөжеге барлық қазақ бірдей  еді,

                 Шалқыған ортасында күндей еді.

                 Қарауыл,Шабар,Шаншар екі құтым,

                 Сақтаулы әбдіремде сүрдей еді,-

дегенде,Орынбай:

                 Сұранып кімді болсын мақтататын,

                 Тоймаған ындызы елді ақтататын.

                 Исі қазақ ұлтына қосылмайсың,

                 Соқырдың сүрі қайда сақтататын?-

дегенде,ел ақсақалдары «Шөже,сен  тоқта,бұған сенің енді айтарың  жоқ» деп тоқтатыпты.Осы айтыстың өзі-ақ Орынбайдың суырып салма қасиетінде біліктілік пен білімділіктің,терең  астарлы ойдың мол екенін аңғартады.

    Ақынның қарсыласының  әлсіз жерін дөп басатын,қиядағыны алыстан шалатын алғырлығы  Арыстанбаймен айтысынан да көрінеді.Кезінде талай елді аралап,серілікпен күн кешкен Арыстанбай өзінен кіші Орынбайды мұқатпақ боп намысына тие сөйлейді де,артынан сөзден тосылып өзінің жеңілгенін мойындайды.Айтыс соңында Арыстанбай:

                А,жаным,бидей шешен қызыл тілің,

                Өлең жақтан жоқ екен сенің  мінің.

                Билер сенің сөзіңе езу тартты,

                Сөзің асты,сөйлей бер,жүйрік  інім-

деп батасын берген.

   Орынбай ақындығының айрықша  белгісі оның қара қылды қақ  жарар турашылдығында.Әсіресе,қалың  қара халықтың үстінен күн  көріп,оларды алдап-арбап малын,еңбегін жегендерді қатты мінепсын садағының ұшына алып отырған.Бұл тақырып ақынның Серәлімен айтысында көрінеді.Екі ақынның айтысының бізге жеткен екі варианты бар.Айтыс алғаш «Қазақтың айтысқан өлеңдері» жинағында басылса,С.Сейфуллиннің құрастыруымен шыққан «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» кітабында және «Айтыс» жинағының бірінші томында басылған.

  Осы айтыста Орынбай ел  ақтаған қожалардың ісін сынайды.

          Ассалаумағалейкум,Орын  аға,

         Сұрайсың  шариғаттың төрін,аға.

         Атығай,Қарауылдан  жол тартыпсың,

         Бір сапар  болып қайтсын жолың,аға,-

деген Серәлінің  көркем сөзіне Орынбай:

         Уағалейкумассалам,жарқын  інім,

         Көркейсін  дәулетпенен көрген күнің.

        Айтады сөзді  қалай таза қылып,

        Баласы ақсүйектің  тақсыр пірім,-

деп сыпайы жауап береді.Ал осы  айтыстың екінші нұсқасында дәл осы  екі шумақ былай  өрнектелген:

Серәлі:

         Ассалаумағалейкум,Орын  аға,

        Жел сөздің  сізге құйған қорын аға.

        Дәм бұйырып  бұл елге келіп қапсың,

        Бір сапар  болып қалсын жолың аға.

Орынбай:

        Уағалейкумассалам,Серәлі  інім,

      Дәулет бітсе көркейсін  көрген күнің.

     «Жақсы лепес,деп  айтқан,жарым ырыс»

    Шоқтығын бір көтердің көңілімнің.

Айтыстың осы нұсқасында айтыстың жалғасы беріліп,Серәлінің ағасының алдында інілік ілтипатпен ізеттілік  еткені,Орынбайдың жасы кіші болса  да ақын інісін ақ сұңқарға теңеп көтермелеуін,яғни екеуінің мәдениетті,сыпайы сөз сайысын  жасағанын көреміз.

     Орынбай медреседе  білім алғандықтан ислам дінін  өте терең игерген және шариғат  жолының барлық рәсімдерінің  мән-мағынасын жақсы білген.Дін тәрбиесі,мұсылманшылық дүниесін жетік білгендігі оның көптеген айтыстарда қарсыласынан білім жағынан үстем түсуіне арқау болған.Соның бір дәлелі ретінде өзінің ақындығы мен сөз өнеріне деген қасиетін жаратпаған мешіт имамы «Сен түбінде мына тіліңмен о дүниеде  тамұқ отына күйесің,сен осы тамұқтың не екенін білесің бе,бала» дегенде өзі де дүмше молдалардан,дүние үшін малын сатып жүрген саудагер ишандардан жиіркеніп жүрген Орынбай тамұқ туралы толғай келіп:

       Тамұққа саудагерлер  түсед екен,

       Әркімді алдап-арбап  жиғаны бар.

       Қайырсыз дәулет  баққан байлар түсед,

       Істеген тәкаппарсып  жиғаны бар,-

деп айтып салады.[Орынбай ақынның Уәли Ахмет Хазіреттің алдында қырық парызды баяндауы,Жұлдыз-2000.№4-144-бет]

 Ішкі көкірек көзі ислам  дінінің рухын көрегендікпен  көре білгені ақынның Данамен  айтысын келтіруге болады.

    Орынбайды астамшылық  бағытта жеңе алмайтынын сезген  Дана қарсыласына дін,шариғат  тақырыбында он екі  сұрақ  қояды.Дананың:

         Ореке,қазаң жетпей өлемісің,

         Айтшы өзің  ислам дінін білемісің,-

деген сұрағына Орынбай:

           Мұны  неге білмесін Орынбайың,

           Білгеннен  соң мен неге қорынбайын.

           Сіз  білмесең,жарқыным мен айтайын,

          Бір  деген сұрауыныз бір құдайым,-

Деп жауап беріп,әуелі құдайды  ауызға алыпбарып қарсыласының сұрағына нақты дәлелмен жауап береді.Дана айтыста оның өнеріне бас иіп,барлық сұрақтарын жаттанды сөз қайталау шумақтары  арқылы беруге ғана шамасы жетеді.Ал Орынбай  екеу деген өлі мен тірі,үшеуге үш нәсіпті,төртеуге төрт мұғаріп пен  төрт кітапты,бесеуге бес уақыт  намазды,алтауға он екі иманның  алты кәлимасы,жетеуге жеті тозақ,сегізге сегіз бейішті,тоғызды жер мен көк жеті қабатқа қоса ғарсы,гүрсі,лауқылмен тоғыз қабат десе,оныншыны сегіз сәнусия,екі сәлбия мен құдайдың он сипаты бар дейді.Он біріншіге Жақыптың он бір ұлын атаса,он екіншіге он екі айды тілге тиек ете отырып,Данаға кезекте өз сұрағын қойып тосылтады.Жауабын таппаған соң өзі жауап айтып өрелі асыл сөздерімен айтысты аяқтайды.

  Осы айтыстан кейін А.Янушкевич ойларын қорытындылай келе:«Мен бұдан бірнше күн бұрын бір-бірімен дауласқан екі партияның қақтығысын көріп,ешуақытта Демосфен(Афин шешені) мен Цицерон(Рим шешені)туралы естімеген шешендерге қайран қалып қол соғып едім.Ал бүгін менің алдымда оқи да,жаза да білмейтін ақындар мені қайран қалдырды.Өйткені олардың жырлары менің жаным мен жүрегіме көп нәрсені аңғартты.Міне,бұларды жабайы варварлар деуге бола ма?Міне,осындай халыққа өмір бақи тек мардымсыз малшы болу ғана жазылған,одан өзге болашағы жоқ деп қарауға бола ма?Жоқ,ақиқат олай емес!Құдірет осындай қабілет берген халық цивилизациядан сырт қалуы мүмкін емес:оның рухы күндердің күнінде қазақ даласына да жетеді,мұнда да жарықтық ұшқыны үрлейді»,-деген екен.[Адамбаев Балтабай.Орынбай ақын.-Қазақ әдебиеті,1969.26 апрель]

     Қазақ әдебиеті тарихының  қазіргі данагөйі «Геродоты»  десек артық болмайтын Мұхтар  Мағауин:«Жанақ,Орынбай,Арыстанбай  сияқты суырып салма ақындар  бүкіл қазақ даласын өлең-жырға  толтырды,тек туған жұртына ғана  емес,сахараға ат ізін салған  орыс және европа ғалымдары  мен оқымыстыларына да кеңінен  танылып,көшпенділердің ақындық   өнерінің жайсаң тұлғалары ретінде  мәжһүр болды.»-деп алыптардың  алдына Орынбайды қосуы оның  шығармашылығына берген әділ бағасын береді.

    Ақынның тағы бір баспа  бетін көрмеген айтыстарының  бірі Тезекбаймен болған айтысы.Ол  айтыс ұзақ емес,Орынбай қарсыласына  « құдай үйін көрген бар ма екен» деп сұрақ қояды,оған Тезекбай жауап бергенменен Әлібай қажы айтысты тоқтатып тастайды.Шамасы имам,молдалар екі ақынның да шариғат туралы білімдерінің тереңдігінен тайсақтап,өз дүмшеліктерін байқатып алудан қорыққанға ұқсайды.[ Биғожаұлы Қ,Мұсаұлы.-Орынбай ақын,Жұлдыз-2001 №1]

      Ақынның Жанақпен айтысына да поляк саяхатшысы А.Янушкекичтің естелігінің Орынбайға арналған тұсында:«Орынбай домбырасын қағып-қағып жіберіп,дүниенің басынан Адам ата мен Хауа анадан түсіп,мына отырған сұлтандарға тағзым еткендей,аты шыққан арғы аталардың әр қайсысын бір-бір көтеріп тастады;Содан Нұх кемесіне мініп топан судан өтті.Жолшыбай барлық оқиғаларды тіпті,Вавилон Навуходоссорын да,Египеттің перғауындарын да қалдырмай сүзіп шықты.Сағат бойы толассыз жырлап,Ниагар сарқырамасындай арындап келіп,ақыры аман-сау Мұхаммедтің өзіне де жетті-ау»,-дей келе оның талантына табынғандығынзор сүйіспеншілікпен жазады.

     Айтыстарының ішінде  өзшелеуі Қожабекпен айтысы.Айтыс мазмұны жұмбақ айтыс түріне жатады.Мысалы,Қожабек:

             Бейақыл,он екі ала,сегіз бала,

             Ұяң құс,ілік-ілік жұмыртқа ала.

             Жұмбағым таба алмасаң, ақын  бала,

             Сұм бала көп пе саған,бермен  қара,-

Деп жұмбақ қойса,Орынбай шешуін:

              Он екі ала дегенің-он екі  айды,

              Сегіз бала дегенің-сегіз жұма.

             Ілге-ілге дегенің ұшпа бұлт  қой,

            Қос жұмыртқа дегенің күн мен  ай-ды,-

деп шешеді.[Биғожаұлы Қ,Екінші Орынбай ақын хақында-Жаңа Сарыарқа 2005, №4 ,36-41 бет]

     Орынбай ақынның айтыстарының  ішіндегі көп таныла қоймағаны  Өтеулімен айтысы.Бұл айтысты  көлемі жағынан сүре айтысқа  кіргізуге болады.Айтыс басында сөз алған Орынбай ұзақ толғанған.Өмірінің соңғы кезеңіндегі ауыр тұрмыс тауқыметін,опасыз дүниені жырлап,мұңын шағады.

    Өтеулі ақынның Орынбайды  тосылтқан мәселесі дін жайы.«Пайғамбар  жасынан астым,өлеңді,айтысты қойдым  деген сөзіңді бұздың,бұл саған  жараспайды» деген тұжырымымен  Өтеулі басым түседі.«Айтысты  ант арқылы қойғам жоқ-ты» деп  қанша ақталғанмен тағы да  өзі айтқандай« ауыздан шыққан лебіз бір жел,бола ма қолмен ұстап атқан оқты» деген сөздері арқылы өз сөзінің қарсы келгені қынжылыс білдіреді.Әйтсе де дауылпаз ақын үшін бұл жеңілу емес,қайта айтыстың ащы-тұщысын енді тата бастаған Өтеулі үшін үлкен өнер мектебі.[Сейфолла Шайынғазы.Айтылмаған айтыс,Егемен Қазақстан-2008,28 қыркүйек-9 бет]және[Н.Ахатұлы.Орынбай мен Өтеулі айтысы хақында.Ұлт  тағылымы-2004 №1, 120-122 бет]

  Іргелі айтыстарымен белгілі болған Орынбайдың шығармашылығы сонымен қатар,қағысуларымен де қызықтырады.Олардың қатарына ақынның қырғыз ақыны Сақаумен,Түбекпен,Шөже,Құлтума,Есенбай,Ақан серімен,Ұрқия қызбен қағысуларын жатқызуға болады.

     Ақын қағысуларының  бір мысалы ретінде  Сақау  ақынмен қағысуын келтірейік.Орынбай  қырғыз еліне барғанда,оны сыйлап  жүйрік мінгізсе керек.Елге қайтарында  ақын алдынан жасы ұлғайған  қарт ақын Сақау шығып «Бір олжаңды байлап кет,жүйрік інім» деп сауға сұрайды.Оған Орынбай:

            Кішкенеден атандың Сақау атқа,

            Қас қылмайсың тапсырған аманатқа.

            Әлі көзің тоймаса дүниеге,

            Құтың түссе ала ғой шабдар  атқа,-

дегенде,Сақау тұрып:

           Ағасы  інісінен сұрар сауға,

           Сауға  сұрап ағасы қалды дауға.

          Дүниенің малына көзің тойса,

          Бата қылып барып па ең Алатауға?-

дегенде Орынбай сөзге тоқтап,астындағы  жүйрігін беріп кетеді.Мұнда ақынның  өзінен жасы үлкен өнер адамын сыйлаушылығын  байқасақ,екіншіден Сақаудың ұтымды бір ауыз сөзіне тоқтап,қадірмендік белгісін жасайды.[Р.Қаренов Р,Сұңқардың жебесіндей ұшқыр ақын-Азия Транзит.2003-№9 ,10-14 бет]

         Келесі  үлгі ретінде Ақан серімен  қағысуын келтірейік.Бір мәжілісте  Орынбайдың үстіне келген Ақан  сері ақын ағасына еркелеп  өлеңмен сәлем береді.Ақанның  қаптал шапанының үлкендігін  байқап қалған Орынбай:

             Үстіңде киімің бар қолбырайған,

             Әкеңнің киіміндей солбырайған.

             Киімі әр заманның басқа-басқа,

             Бұл кім ұнамай тұр інім  саған,-

дейді.Сонда Ақан:

            Ақан да сөз табады ағасына,

            Қарайды ағасының бағасына.

            Бұрынғы ата-баба киген киім,

            Мирас боп қалмас па екен баласына,-деп жауап береді.[Кәкімбек Салықов.Орынбай ақынның Ақан серімен айтысы,-Жұлдыз.2004. №12, 204-205 бет]

   Осындай әділ қағысулар Орынбай мұраларында көп кездеседі жіне олардың ерекшелігі көп варианттылығында.Оның себебі аяқ астынан айтылғандықтан халық есінде әр түрлі жатталады.Ақанмен сөз қағысын Ғаббас Елеусізұлы мен Мырзахметұлы Естайларда жыр шумақтарынан өзгешеліктер байқадым және сөз қағыстың жалғасын оқи алдым.[Мырзахметұлы Естай.Ақан сері мен Орынбай ақынның жүздесуі,өәм сөз қағысуы.Арқа ажары-2004-28 қазан,3 бет]және [Ғ.Елеусізұлы.Орынбай ақынның Ақан серімен айтысы.Жұлдыз-2004 №2,204-205 бет]

     Ақындық қабілеті  мен шеберлігінің келесі қыры  оның өлеңдері мен толғауларынан  көрінеді.Ақын өз заманына сай  білімді,зерделі болғандықтан ислам  философиясын,оның тарихын өте  жақсы білгендіктен толғауларының  дені адами дүниетанымның,болмыс  тіршілігінің  қыр-сырын ашуға,адам  мен діннің байланысын сипаттауға арналған.Көлемді толғаулары:«Адамның жаратылуы туралы»,«Қырық парыз»,«Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай»,«Бәри ахунға»,«Жүз жұлдыз» шығармалары.

    Ақынның «Адамның жаратылуы  туралы» толғауынан ақынның дін  тарихы жөніндегі білімінің жан-жақты  екенін аңғарамыз.

                Құдайды білмек бар,пайғамбар  хақ,

                Осы сөзім жамиғат тыңдап бір  бақ.

                 Дінім ислам,кітабым құран үшін  деп,

                Осылайша  сөйлесін тіл менен  жақ,-

Деген кіріспе шумақтармен бастаған ақын одан әрі адам жаратылғанға дейінгі  дүниені суреттейді.

    Келесі бір толғауына  «Қырық парыз» жатады.Толғауда  ақын ислам дінінің имандылық,ізгілік  жолындағы жақсы қасиеттерін  насихаттап,адам баласының соны  ұстануын,ар-ұждан категорияларын  игеруін дәріптейді.

             Баласы Бертағының Орынбаймын,

             Алдымда ақын бар деп қорынбаймын.

             Мойнында адамзаттың қырық парыз  бар,

             Міндетімді өлеңмен орындаймын,-

деп бастап,одан әрі дін қағидалары мен өз ортасы,өз қоғамының арасындағы ара байланысты салыстыра бейнелеп,теңестіре  саралап өтеді.Өмірде жақсы адам болу,еңбек ету,жақсы мен жаманды  айыра білуді меңгеруге шақырады.[Орынбай ақынның Уәли Ахмет Хазіреттің алдында қырық парызды баяндауы.Жұлдыз-2000,№4-144 бет]

       Ақын «Жүз жұлдыз»  дейтін ұзақ толғау шығарған.Молдахмет  қарияның айтуы бойынша(туысы),бұл  «Адам атаның жаралуы» деп  аталатын ақынның діни толғауына  қарама-қарсы,жаңаша,реалистік жыр  екен.Өкінішке орай,жыр әлі қолға түскен жоқ.[Б.Адамбаев,Орынбай ақын.Қазақ әдебиеті-1969.26 апрель]

     Ақын өлеңдерінің  келесі бір тақырыбы өз қоғамындағы әділетсіздікті сынау.Ел үстінен күн көрген елу басы,болыстар мен надан байларды,жұртын сатқан арамзаларды әшкерелеген өлеңдері ақынның халықшылдық принципін анықтайды.

                Билер пара жейді тоқтығынан,

                Кедей ұры қылады жоқтығынан.

                Ұрлық қылған кедейден билер жаман,

               Олардың әркім алар шоқтығынан.

             Біреу қожа,молда болғанда,біреу бақсы,

              Әйтеуір тіленшілік емес жақсы.

             Кей жандар әулие тауыпты деп,

             Сөйтіп жүріп бұл халықты алдамақшы,-

деп ойын бүкпесіз айтады.Сондай өлеңдеріне «Аға сұлтан Ыбырайды мақтап және жамандап айтқаны» келтіруге болады.

       Ақын қарапайым  халық басына түскен зор ауыртпалықты  қоғамдағы әділетсіздіктерді іске  асырушы болыс-билерден,шала сауатты  молда,ишандардан көреді.Саяси-әлеуметтік  мәселелерді арқау еткен өлеңдерінің  қатарына тағы да «Бір жан  жоқ болыстыққа талас емес»,«Маймаққа айтқаны»,«Айдосқа,Байғабылға айтқаны» жатады.

                Сөзі үлгі болады нақылдының,

               Онбасы көз қылады жақындығын.

              Ақша шашқан адамдар болыс болып,

               Бәрі де жайында жүр ақылдының,-

деген Орынбай  ақынның өз заманы туралы әлеуметтік мәселелерге арналған өлеңдерінің бүгінгі күні де маңызын жоймағанын айта кету абзал.[Н.Ахатұлы.Сөз үлгі.Орынбай ақынның әлеуметік тақырыптағы өлеңдеріндегі тарихи мәселелер//Ақиқат-2004. №1, 91-93 бет]

   Орынбайдың  молырақ сақталған  мұрасы-арнау өлеңдері.Арнауларының  бір тобы мақтау(«Ерден батырға айтқаны»,«Базылға айтқаны»),сынау («Шыңғыс сұлтанды сынағаны»(«Зілғараның Әлібегіне»,«Жанқожаның Ыбырайына»,«Нұркей ақынға», «Бексұлтан байға»,«Бари ахунға»), көңіл айту(«Жазы бидің көңілін сұрағаны», «Шоқан қайтыс болғанда Шыңғыс пен Зейнепке айтқан көңілі») және бірсыпыра әзіл-сықақ өлеңдер.

     Оның арнау өлеңдерінде,әсіресе  көңіл айтуларында құлай,пайғамбарлар  жиі аталады,діни ұғымдар қайталанады.Ақын  ажалға айла таппай күйініп,түңіліп  отырған адамдарды  ислам қағидаларымен  жұбатқысы келеді.Сол сияқты дүниенің,адамның  жаратылысын да діни аңыз әңгімелер  арқылы түсіндіреді.[Б.Адамбаев.Орынбай ақын.Қазақ әдебиеті-1969.26 апрель]

           Орынбай  Бертағыұлының тағы да бір  шығармалары қатарына оның әр  кездерде шығарған шағын өлеңдері  жатады.Бұл өлеңдері көлемі аз,көбінесе  оның өмірінде әр түрлі жағдайда  кездескени адамдарына арналған,әйтсе  де ақынның суырып салма өнерін  анықтайды.Осылардың ішінде «Ерденге,Нөгербекке  айтқаны»,«Орынбайдың бір байдың  үйінде айтқаны»,«Шоң биге айтқаны»,«Жазы  биге»,«Көккүмбезге барғанда»,«Тышқанбайға  айтқаны»,«Орынбайдың Шоң-Шорманды татуластыруы»,«Алсай Құрақбайға айтқаны» сияқты экспромт өлеңдері белгілі.

              Орынбай ақынның арнау өлеңдерінде тарихи тұлғаларға арналған туындыларының ішінде «Ғұбайдоллаға» және «Ерденге» деген өлеңдері өте маңызды.

    Бұрынғы заманда сөз  қымбат,өлең қадірлі еді деп  едік.Сөйлей білмек өнер еді.Өлең  білмек жігіттің көркі еді.Ол  кезде атағы алты алашқа шыққан  ақындар да болып еді.Орынбай,Кешімбай,әйелдерден  Айман,Шолпан,Болық ақындар шықты.Бұлардың  өлеңдері барша қазаққа жайылып,үлгі  болды.

   Бұл ақындардың ішіндегі  жүйрігі Орынбай  ақын еді.Осы  Орынбай ақын кез келіп,Ерден  батырға көргеннен-ақ кідірместен  айтқаны мынау:

                    Ассалаумағалейкум,батыр ерден!

                   Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы  керден.

                   Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей,

                   Көзіме көрінесің кезеген жерден.

                   Ұсынса,қол жетпейтін асқар белім,

                   Өлімнен қарсы келген қорықпас  серім!

                   Қарындас қадір білмес тіршілікте,

                   Арыстандай асып туған асыл ерім.[Мәрсеков Райымжан.Қазақ әдебиеті жайынан.Жұлдыз-2009.№5.141-144 бет]

      Енді ақынның жұмбақтарына  тоқтала кетсек.Ақынның Дана,Қожабекпен  жұмбақ айтысы белгілі.Кейде ақын  қарсыласына да жұмбақтар айтқызып,жауабын  өзі табуды қызық көрген.Мәселен,Тасмағанбет  деген бала ақынның Орынбайға  берген жұмбағы сақталған.

   Бала ақын:

                     Бір нәрсе төрт аяқты,екі қанат,

                     Үстінде темір сауыт киген  манат.

Орынбай Бертағыұлы