Орыс философисяы

Орыс философиясы 
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі. 
Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына 
сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды. 
Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіке негізделді.  
Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы - киевтік митрополит Илларион (XI ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.  
Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс. 
Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI— XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. 
Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794—1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады. 
Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді. 
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты. 
Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. 
Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты. 
Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия - Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі. Орыстың төлтума философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл міндеттер мен зерттеу аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды. 
Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады. 
Жоғарыда айтылғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші рөлін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады. 
Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді: Католиктік, Православиелік, Протестанттық. Бұл бөліністен кейін «еркіндік бастауы» шіркеулердің кейбіреуінде өзінің мәнін жоғалтқан. Славянофильдер католицизмде шіркеу еркіндігі жоқ деп есептейді, өйткені онда Рим папасының күнәсыздығы туралы догма бар. Протестантизм болса шіркеудің жойылуына әкелетін адами еркіндікті, индивидуалдық бастауды абсолюттендіре отырып, өзге біржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үндестіреді. Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип - соборшылдық (еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді. Бұл ұғымды даярлаған А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті Русь» идеалдарына бет бұру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапқы нақтылық» болып табылады. «Соборшылдық» ұғымы да осымен байланысты. «Соборшылдық» принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды.  
XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері - Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдің және т.б. ойшылдардың есімі әлемге белгілі. Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар (славянофильдерден бастап Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа дейін), әр түрлі мистикалық және пессимистік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді. 
Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бүл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда объекті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді. 
Киреевский және Хомяков бүтін ақиқат тек бүтін адамға ғана ашылады дейді. Тек өзінің барлық рухани күштерін - сезімдік тәжірибе, рационалды ойлау, эстетикалық перцепция, адамгершілік тәжірибе және діни парасатты, - бүтін бір тұтастыққа жинағанда ғана, адам әлемнің нағыз болмысын түсіне бастайды және Құдай туралы жоғары рационалды ақиқатты игереді. Дәл осы бүтіндік тәжірибе көптеген орыс ойшылдарының - С.Трубецкойдың, Е.Трубецкойдың, П.Флоренскийдің, С.Булгаковтың, Н.Бердяевтің, Н.Лосскийдің, С.Франктің, Л.Карсавиннің, А.Лосевтің, И.Ильиннің және т.б. шығармашылық қызметінің негізін құрады. 
XIX ғасырдың 60-70 жылдары славянофильдер ілімін жалғастырған түбіршілдер болды. Олардың философиялық ізденістерінің басты идеясы - «ұлттық түбір» Ресей дамуының негізі. Барлық түбіршілдерді олардың дүниетанымының діни сипаты біріктірді. «Ұлттық түбір» ретінде православие идеалдары мен құндылықтары алынды. Бұл бағыттың негізгі өкілдері - А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды. 
Түбіршілдер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі - Ф.М.До-стоевский (1821-1881). Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның философиясы - ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойынан көруге болады. Оның шығармаларының философиялылығы соншалық, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып кетеді. Жазушы шығармаларында адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көтереді. Достоевский бойынша еркіндіктің «шынайы жолы» бұл Құдай-адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол үшін Құдай адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып табылады. 
Достоевскийді үрейлендіретін нәрсе - бір нәрестенің болса да көз жасына құрылған әлем мен адамдар әрекетін жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген мәселе. Оның жауабы дайын - ешқандай да жоғары мақсат бейкүнә сәбидің қайғысы мен зорлықты ақтай алмайды. Бұл жолмен Құдай мен Әлемді келісімге келтіру мүмкін емес. Достоевскийдің ойынша, Ресейдің жоғары ұлттық миссиясы халықтарды христиандық тұрғыда біріктіру болып табылады. 
В.С.Соловьев (1853—1900) діни орыс философиясының, білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идеяның негізін қалаушы, орыстың көрнекті христиандық философы. В.С.Соловьев философиясы діни философиялық дәстүрдің бүкіл рухы мен кейпін білдіреді. Көптеген ірі философтар өздерін В.С.Соловьевтің ізбасарлары ретінде санайды. Соловьев дәуіріне Трубецкой шығармашылығын, Флоренский мен Бердяевтің ерте шығармашылығын жатқызуға болады. 
В.С.Соловьев адамның діни және әлеуметтік өмірі сұраныстарын біртұтастыққа байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық жүйені құруға тырысты. Соловьевтің ойы бойынша мұндай дүниетаным негізі христиандық болып табылады.  
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны дайындауда славянофильдердің соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына береді. Болмыстың төменгі және жоғарғы деңгейлері өзара байланысты, өйткені төменгі үнемі жоғарыға тартылып отырса, ал әрбір жоғары өзіне төменгіні «енгізеді». Соловьевте жалпы тұтастық, «құдайдың қасиетті Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен, оның ішінде ең бастысы адаммен байланысты» деген тұжырымынан көрінеді. Жалпы тұтастықтың негізгі принципі: «Құдайда барлығы біртұтас». Жалпы тұтастық бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыс тұтастығы.

Бердяев Николай Александрович (1874-1948) - орыс философы, экзистенциалист.Оның философиясының негізі - еркіндік. Еркіндікпен бір қатарда шығармашылық, тұлға, рух, Құдай ұғымдары тұрады.[1] Бердяев ұлт пен мәдениет, мөдениеттегі жалпыадамзаттық және ұлттық бастаулар, мәдениет және өркениет, соғыс сияқты" бегейлі мөселелерді талқылауға көп көңіл бөлді. Орыс рухы туралы пайымдауларында Бердяев орыс pухының пейзажы" орыс жерінің "пейзажына" сәйкес келеді - деді. Сонымен бірге, Бердяев орыс халқына тән бюрократгық орталықтандырылған билікгі жақтау, саяси өмірдегі стихия мен иррационалдылық, ұйымдастыруға әлсіздік сияқты ділдік белгілерді атап өтгі. "Орыс халқыңда, - деді Бердяев, - кез келген мәдениетке, тұлғалық бастауларға, оның құқықтары мен абыройлығына, барлық құндылықтарға қарсы мистикалық толассыз қарсы әрекет бар . Жалпы орыс мәдениетіне, оның пікірі бойынша амбиваленттік тән. Бердяев орыс халқындағы мейірімділікті, тынымсыз адамгершілікті жоғары бағалады. Сондықтан 1917 жылдан кейін рухани мәдениетті талкаңдау ұзаққа созыла алмады, түбіңде мәңгі рухани күш қайтадан құдіретіне енеді, - деді. Басқа да орыс философтары сияқты Бердяев "мәдениет" және өркениет ұғымдарын бір-бірінее ажырта қарастырады. 

1.8.2. Орыстың  дiни философиясы

Дiни философия –  коммунистiк идеологияның үстемдiгi  жағдайындағы кеңестiк

философияда бiржақты түсiндiрiлiп келген XX  ғасырдың басындағы  орыс мəдениетiнiң

аса маңызды бөлiгi.

Философияның мiндетi барынша кең, ал оларды шешу қабiлеттерi адамда сонша тар

дамыған,  философия  бүгiнгi  күндерi  математика немесе физика сияқты ғылымдармен

салыстырғанда төменгi  деңгейде дамыған.  Мұны философия  тарихындағы бiр-бiрiне

қарама-қарсы көптеген философиялық мектептердiң бар екендiгi  туралы дəлел

айғақтайды.  Бүгiнгi  күндерi  əртүрлi  мектептер мен  бағыттар жалпы мақсатқа –  ақиқатқа

жету барысында  өзара түпкi  келiсiмдерiн табуға тырысады.  Орыстың дiни

философиясының да ақиқатты өзiндiк түсiнуi мен оған деген өз жолы болды.

Арнайы ғылымдармен  салыстырғанда,  яғни əлемнiң əртүрлi  қырымен айналысатын

жекелеген ғылымдармен  салыстырғанда философияда əртүрлi  халықтардың мүдделерi

өзiнiң таңбасын қалдырады.

Сондықтан да немiс,  француз,  ағылшын,  американ жəне орыс философтарының

ұлттық ерекшелiктерi  туралы айтуға болады.  Əртүрлi  елдердегi  философиялық

мектептердiң арасындағы айырмашылықтар зерттеу пəнiн арнайы таңдауға,

философиялық ой-толғауға деген қабiлетiне,  тəжiрибенiң  əр алуан түрлерiне,  саналы,

сезiмдiк немесе дiни жəне т.б. бағынышты болады.

Ресейде қазан төңкерiсiне дейiн философияның барлық салаларында  –

гносеологияда,  логикада,  этикада,  эстетикада жəне философия тарихында зерттеулер

жүргiзiлдi. Онан кейiнiрек  те орыс философтары этика мəселелерiмен  ерекше айналысты.

XX  ғасырдың бас  кезiндегi  қоғамдық-саяси ойдың  ең басты бағыттарының бiрi  дiни

философия болды.  Бұл бағыттың өкiлдерi –  Николай Бердяевтiң,  Сергей Булгаковтың,

Павел Флоренскийдiң  жəне т.б.  ойшылдардың есiмi  əлемге белгiлi  болды.  Олардың

шығармашылығына  XIX  ғасырдағы орыс философиясының дəстүрлерiмен қатар

(славянофилдерден  бастап Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа дейiн),  əртүрлi 

мистикалық жəне пессимистiк көңiл-күйлерге толы сол  дəуiрдiң өзi  де үлкен ықпалын

тигiздi.

Орыстың дiни философиясында сыртқы əлемнiң танымдылығы туралы көзқараскеңiнен таралған.  Бұл  көзқарас өзiнiң шеткi формасында,  дəлiрек айтқанда объекттi  сол

күйiнде интуитивтi тiкелей пайымдау iлiмi формасында көрiнедi.

Гносеологиядағы интуитивизмнiң  əр түрлi формаларын В.Соловьев, кн.С.Трубецкой,

кн.Е.Трубецкой,  Л.Лосский,  П.Флоренский,  С.Франк,  Е.Бабунин,  Ф.Бережков,  А.Огнев, А.Козлов  (құдайды түсiну туралы  iлiмiнде), В.Эрн, А.Лосев, Д.Болдырев, С.Левицкий,

И.Ильин жəне Л.Карсавин өз еңбектерiнде қарастырады.

Канттың гносеологиялық идеализмiмен салыстырғанда орыс интуитивизмi

гносеологиялық реализмнiң  формасы болып табылады.  Бұл мысалы мынадай айғақтан

көрiнедi.  Ағайынды Трубецкойлар сияқты орыс философиясының өкiлдерi  сезiмдiк

мəлiметтер –  бұл  бақылаушының субъективтi  психикалық жағдайы деген  iлiмнен бас

тартып,  оларды транссубъективтi  сипатта деп санауымен батыс философиясына үлкен

ықпал еттi.  Бұл  реализмнiң тағы бiр көрiнiсi  орыс философтарының мистикалық

интуицияға деген  сенiмiнен байқалады.

Киреевский мен  Хомяковтың жарияланған бүтiн таным  идеясы,  яғни органикалық

барлығын қамтитын тұтастық ретiндегi  таным идеясы көптеген орыстың дiншiл

ойшылдары арасында қолдау тапты.

Киреевский жəне Хомяков бүтiн ақиқат тек бүтiн  адамға ғана ашылады деп айтты.

Тек өзiнiң барлық рухани күштерiн –  сезiмдiк тəжiрибе,  рационалды ойлау,  эстетикалық

перцепция, адамгершiлiк тəжiрибе жəне дiни парасатты, - бүтiн бiр тұтастыққа жинағанда

ғана,  адам əлемнiң  нағыз болмысын түсiне бастайды жəне Құдай туралы жоғары

рационалды ақиқатты игередi. Дəл осы бүтiндiк тəжiрибе көптеген    орыс   ойшылдарының

- кн.С.Трубецкойдың, кн.Е.Трубецкойдың, П.Флоренскийдiң, С.Булгаковтың, Н.Бердяевтiң,

Н.Лосскийдiң,  С.Франктiң,  Л.Карсавиннiң,  А.Лосевтiң,  И.Ильиннiң  жəне т.б.

шығармашылық қызметiнiң  негiзiн құрады.

Орыстың дiни философиясындағы бүтiндiк танымға ұмтылу мен нақтылықты терең

сезiну сезiмдiк тəжiрибенiң  барлық əралуандылығымен қатар,  болмыстың  құрылысына

терең енуге мүмкiндiк  беретiн тылсымдық тəжiрибеге де сенумен тығыз үйлеседi.

Орыстың дiншiл философтары  жоғары құндылықтарды бiзге ашып беретiн адамгершiлiк

жəне эстетикалық тəжiрибелерге,  интеллектуалдық интуицияға сенумен қатар,  ең

алдымен адамның  Құдаймен жəне оның патшалығымен байланыс орнатуға мүмкiндiк

беретiн мистикалық дiни тəжiрибеге де сенедi.

Орыс философтарының пiкiрiнше, философияның басты мiндетi тəжiрибенiң барлық

алуан түрiне сүйенетiн  бүтiн тұтастық ретiндегi  əлем туралы теорияны жасап шығару

болып табылады.  Бұл мəселенi  шешуде дiни тəжiрибе бiзге ең маңызды мəлiметтердi

бере алады.  Тек  соның арқасында ғана бiз өзiмiздiң  дүниетанымымызды барынша

толықтырып,  ғаламдық өмiр сүрудiң құпия мəнiн аша  аламыз.  Бұл тəжiрибенi  назарға

алған философия,  мiндеттi  түрде дiни философияға  айналады.  Христиан дiнi  дiни

тəжiрибе саласындағы  ең жоғарғы жəне ең толық жетiстiктерiмен  ерекшеленедi.

Жоғарыда ескертiлгендей,  орыстың философиялық ойының басты ерекшелiктерiнiң

бiрi –  бұл Киев Русi  дəуiрiнен-ақ басталған хористиандандыру процесiмен тығыз

байланысты оның дiни сипаттағы бағыты.  Онан ары  қарай бұл  „Москва -  үшiншi  Рим”

теориясында дами түстi.  Бұл дiни бағыт орыстың дiни мессиандық идеясында,  орыс

патшалығы мен халқының ерекше миссиясы - „Қасиеттi Русь”  идеясында айқын көрiнедi.

XIX  ғасыр мен  XX  ғасырдың басында орыс философиясындағы  бұл дiни мотивтер

қалыптасып үлгерген  „Орыс идеясынан”  аңғарылады.  Сонымен қатар бұл дiни мотивЧаадаевтың көзқарастарын,  провиденциализм принциптерiне негiзделген оның

тарих философиясын басшылыққа алған славянофильдер философиясының бүкiл өн

бойын алып жатыр. Чаадаев  бойынша қоғамдық дамудың анықтаушы  факторы „Құдайдың

көрiпкелдiлiгi” болып  табылады. Тарихтың негiзiнде жатқан Құдайдың еркi христиандықта

өзiнiң барлық   бiтiмiмен көрiнедi.  Сонымен орыстың  дiни дəстүрi   кездейсоқ емес,

Ресейдiң ерекше тарихи дамуының нəтижесiнде қалыптасты.

Ресейдiң төлтумалылығы,  өз дамуы барысында оның Батыс Европадан түбiрлi

айырмашылығы үшiн  күрескен славянофильдер Ресейдi  христиандықтың,  ең алдымен

православиенiң аясында  көрдi.  Славянофильдердiң идеялық  жетекшiсi  А.С.Хомяков

„Қасиеттi  Русь”  идеологиясын қайта қалпына келтiруге шақыра отырып,  мəңгi  бастау

ретiнде правоославиенi  бекiтудi  ұсынды.  Хомяковтың философиялық көзқарастарына

қайта орала отырып,  ол үшiн шiркеу  „бастапқы нақтылық”  болғандығын ескерте кетейiк.

Барлық славянофильдер де осы тұрғыда пайымдады,  сондықтан олардың

көзқарастарында дiни идея алдыңғы орынға шығады.

XIX  ғасырдың 60-70  жылдары славянофильдердiң  iлiмiн  жалғастырған түбiршiлдер

болды.  Олардың  философиялық  iзденiстерiнiң басты  идеясы - „ұлттық түбiр”  Ресей

дамуының негiзi. Барлық түбiршiлдердi олардың дүниетанымының дiни сипаты бiрiктiрдi.

„Ұлттық түбiр”  ретiнде православиенiң идеалдары  мен құндылықтары алынды.  Бұл

бағыттың негiзгi өкiлдерi – А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды.

Түбiршiлдер арасындағы ең көрнектi ойшылдың бiрi Ф.М.Достоевский (1821-1881)

болды.  Ол философ  болмағанымен,  таза философиялық шығармалар жазбағанымен,

оның философиясы  –  бұл оның қалыптастырған əдеби  кейiпкерлерiнiң ойы жəне

қылықтары.  Оның шығармаларының философиялық екендiгi  сонша,  тiптi  əдеби-көркем

жанрдың шеңберiнен  тысқа шығып кетедi.  Ол шығармаларында адамның тағдыры мен

мəнiнiң əлем жəне Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көтередi.

Достоевский бойынша  еркiндiктiң  „шынайы жолы” –  бұл Құдай-адамға жеткiзетiн   жол,

Құдайдың жолымен  жүру.  Ол үшiн Құдай адамгершiлiктiң  барлық кепiлiнiң негiзi  болып

табылады.

Достоевскийдi үрейлендiретiн  нəрсе – бiр нəрестенiң болса  да көз жасына құрылған

əлем мен адамдар  əрекетiн жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген

мəселе. Оның жауабы дайын – ешқандай да жоғары мақсат бейкүнə сəбидiң қайғысы мен

зорлықты ақтай  алмайды.  Бұл жолмен Құдай мен  Əлемдi  келiсiмге келтiру мүмкiн  емес.

Достоевскийдiң ойынша,  Ресейдiң жоғары ұлттық миссиясы халықтарды христиандық

тұрғыда бiрiктiру болып табылады.

Ресейде Достоевский  дiни философияның бүкiл кейiнгi  дамуына  үлкен ықпалын

тигiздi.  Оның көзқарастары Батыста экзистенциализмнiң,  яғни əлемдегi  адамның өмiр

сүруiн негiзгi мəселе ретiнде қарастыратын философияның қайнар көзiнiң бiрiн құрады.

XIX  ғасырдың соңы  мен XX   ғасырдың бiрiншi  жартысындағы  орыстың дiни

философиясы философиялық жүйелердiң қалыптасуымен байланысты болды.  Бұл

дəуiрдiң ойшылдарына  М.Ф.Федоровты, Б.Н.Чичериндi, М.О.Лосскийдi жатқызуға болады.

Бұл дəуiр философиясының сипаттамалық ерекшелiктерi  оның гуманизмi  жəне дiнисипаты болды.  Бұл кезеңнiң  тағы бiр ерекшелiгi –  жаратылыстың дамуымен

байланыс жəне орыс космизмiнiң пайда болуы. Космизм екi бағытқа бөлiнедi: мистикалық

(Н.Ф.Федоров,  Б.С.Соловьев,  П.А.Флоренский)  жəне ғылыми  (К.Э.Циолковский, 

В.И.Вернадский).

Мистикалық бағытта  ең алдымен В.С.Соловьевтi  бөлiп  атауға болады.

В.С.Соловьев (1853-1900)  дiни орыс философиясының,  бiлiмнiң бiртұтастығы мен

бүтiндiгi  туралы идеяның негiзiн қалаушы,  көрнектi  орыстың христиандық философы.

В.С.Соловьевтiң философиясы  дiни философиялық дəстүрдiң бүкiл  рухы мен кейпiн

бiлдiредi.  Көптеген  iрi  философтар өздерiн В.С.Соловьевтiң  iзбасарлары ретiнде

санайды.  Соловьевтiң  дəуiрiне Трубецкойдың шығармашылығы,  Флоренский мен

Бердяевтiң ерте шығармашылығын жатқызуға болады.

В.С.Соловьев адамның  дiни жəне əлеуметтiк өмiрiнiң сұраныстарын бiртұтастыққа

байланыстыратын бүтiндей дүниетанымдық жүйенi  құруға тырысты.   Соловьевтiң ойы

бойынша мұндай дүниетанымның  негiзi христиандық болып табылады. Соловьевқа дейiнгi

жəне кейiнгi  дiни ойшылдар да бұл идеяны айтқанымен,  бұл дүниетанымның   негiзi

ретiнде тек бiр  христиандық концессияны ғана  (православие,  католицизм немесе

протестантизм)  қалап  алды.  Соловьев тəсiлiнiң ерекшелiгi,  ол барлық христиандық

концессияларды бiрiктiрудi  жақтады.  Сондықтан оның  iлiмi  тар бағытта емес,  концессия

аралық сипат алды.  Соловьевтiң тағы бiр маңызды ерекшелiгi  оның христиандық

дүниетанымға жаратылыстанудың соңғы жаңа жетiстiктерiн енгiзiп,  ғылым мен дiндi

синтездеуге ұмытылуымен  сипатталады.

Соловьев философиясының негiзгi  идеясы –  жалпы тұтастық идеясы.  Бұл идеяны

дайындауда славянофилдердiң  соборшылдық идеясына сүйенгенмен,  оған жалпы

қамтушы,  ғарыштық мағына бередi.  Болмыстың төменгi  жəне жоғарғы деңгейлерi  өзара

байланысты,  өйткенi  төменгi  үнемi  жоғарыға тартылып отырса,  ал əрбiр жоғары өзiне

төменгiнi „енгiзедi”.  Соловьевте жалпы тұтастық, „құдайдың қасиеттi  Үштiгi  барлық

құдiреттi  жаратылыстармен,  оның  iшiнде ең бастысы адаммен  байланысты”  деген

тұжырымынан көрiнедi. Жалпы тұтастықтың негiзгi принципi: „құдайда барлығы бiртұтас”.

Жалпы тұтастық–  бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыстың тұтастығы.

Қоршаған əлем тек  бiр құдiреттi  суреткердiң шығармашылық еркiнен туындайтын

жетiлген туынды ретiнде  қарастырыла алмайды.  Құдайды  дұрыс түсiну үшiн оның

абсолюттiк мəнiн  ұғыну аз,  сонымен қатар оның  iшкi  қайшылығын да қабылдау қажет.

„Барлығы болу үшiн  абсолюттiк көп нəрсенi  талап  етедi”.  Бұл қоршаған əлем туралы

Соловьевтiң пiкiрi.

Соловьев болмыстың  диалектикалық тəсiлiн қолдады.  Оның пiкiрiнше нақтылықты

қатып қалған формасында қарастыруға болмайды.  Барлық тiршiлiктiң  ең жалпы белгiсi

өзгерiстердiң алмасуымен сипатталады.  Болмыстың үздiксiз  динамикасын негiздеу үшiн

ол белсендi  идеялармен қатар əлемдегi  барлық өзгерiстердiң  субъектi  түрiнде көрiнетiн

əлемдiк жан деген  белсендi бастауды енгiзедi. Бiрақ ол өз алдына дербес əрекет етпейдi,

бұл əрекет құдайдың құдiретiн керек етедi.  Бұл құдiрет  құдайдың əлемдiк жанға,  оның

барлық əрекетiн  анықтаушы форма ретiндегi жалпы  тұтастық идеясын беруiнен көрiнедi.Соловьев жүйесiндегi бұл мəңгiлiк идеясы София  – даналық атауын алды. София  -

Соловьев жүйесiндегi негiзгi ұғым.  Сондықтан оның iлiмi софиология деп аталады. София

ұғымын енгiзгенде  Соловьев бұл əлемнiң тек құдайдың ғана жаратылысы емес екендiгiн

айтқысы келедi. Əлемнiң  негiзi мен мəнi құдайға, əлемге жəне адамға жалпылық беретiн

жаратушы мен жаратылыс  арасын байланыстырушы звено ретiнде  қарастырылатын

„Əлемдiк жан” –  София болып табылады.

Құдайдың,  əлемнiң  жəне адамның жақындасу тетiгi  Совольевтiң философиялық

iлiмiнде құдайадам  концепциясы арқылы ашылады. Құдайадамның  нақты жəне толысқан

үлгiсi  ретiнде  христиандық догмат бойынша əрi  толық адам болып саналатын Иисус

Христос болып табылады.  Оның бейнесi  əрбiр индивидтiң  ұмытылуы тиiс идеалы ғана

емес, бүкiл тарихи процесс дамуының жоғарғы мақсаты  болып табылады.

Совольевтiң тарихы,  Софиясы осы мақсатқа негiзделедi.  Бүкiл тарихи процестiң

мақсаты мен мəнi  адамзаттың рухтануы,  адам мен құдайдың бiрiгуi,  құдайадамның

кейпiне ену болып  табылады.

Совольевтiң   ойынша тек Иисус Христос бейнесiндегi  құдiреттiлiк пен

адамзаттылықтың бiрiгуi,  яғни  „құдiреттi  сөз”  арқылы бiрiгу жеткiлiксiз.  Бұл бiрiгу

практикалық тұрғыда,  онда да тек жекелеген адамдарда („əулиелерде”)  ғана емес, бүкiл

адамзаттық деңгейде жүзеге асуы тиiс.  Құдайадамға алып баратын жолдағы бастапқы

алғышарт христиандыққа бет бұру, яғни христиан дiнiн қабылдау. Құдайдың шапағатына

ие болмаған адамдар  қараңғы күш ретiнде сипатталады.  Христос адамға жалпы

моральдық құндылықтарды  ашып бердi,  адамгершiлiктi  жетiлдiруге жағдай жасап бердi.

Христос  iлiмiне құлақ түре отырып,  адам өз бойында киелi  рухты сезiнедi.  Бұл процесс

адамзат өмiрiнiң барлық кезеңдерiн қамтиды. Адамзатты бiрiктiрушi бастау ретiнде құдай

адам кейпiне енген  кезде бейбiтшiлiк пен əдiлеттiлiк,  ақиқат пен жақсылық салтанат

құрады.

Соловьевте адамгершiлiк философиясы сүйiспеншiлiк философиясына көшедi.

Жоғары сүйiспеншiлiкпен салыстырғанда барлығы төменгi  деңгейде,  сондықтан тек

сүйiспеншiлiк қана мəңгiлiктi  қажет етедi.  Құдiреттi  сүйiспеншiлiк арқылы жеке

индивидуалдылық  бекiтiледi.

Құдiреттi əлем туралы Совольевтiң ойы мынадай: киелi құдiреттi əлем – бұл ең нағыз

нақты əлем, бұл əлем бүкiл дүниенiң ұмытылатын идеалды  тұтастығы. Құдаймен сəйкес

келетiн ақиқаттың  өзi. Шынайы болмысқа заттай болмыс қарсы  келедi. Əлемдiк процестiң

мiндетi  табиғи болмысты идеялардың жалпы тұтастығына жəне шынайы,  құдiреттi

болмысқа сəйкес келтiрумен сипатталады.

Совольевтiң ұлттық өзiндiк сананың  „орыс идеясы”  сияқты феноменiн дамытуға

үлкен үлес қосқандығын  айта кету керек. Орыс философиялық ойының төлтумалылығын

көрсететiн идея ретiндегi „орыс идеясы”  туралы жоғарыда айтылды.  Жəне бұл

төлтумалылық Христиандықпен байланыстырылады.  Совольевтiң тұжырымдауынша,

орыс идеясы мен  Ресейдiң парызы əлеуметтiк Үштiктi (киелi Үштiкпен ұқсас) – шiркеудiң,

мемлекеттiң жəне қоғамның органикалық тұтастығын жүзеге асырумен сипатталады.

Христиандық Ресей  Христiң өзiне елiктей отырып, „Ғаламдық  шiркеудi” өзiне бағындыруытиiс. „Орыс  идеясының”  бұл бейнесiнде Совольев Ресейдiң бүкiл тарихының өн

бойындағы бұл концепцияны   бiр мазмұнға бiрiктiредi: „Қасиеттi Русь”  идеясы („Москва  -

үшiншi  Рим”  концепциясы), „Ұлы Русь”  идеясы  (Ұлы Петрдiң  реформаларымен

байланысты) жəне „Еркiн  Русь” идеясы (негiзiн декабристер  қалаған).

Қарастырылып отырған  кезеңде,  яғни XIX  ғасырдың соңы мен XX  ғасырдың бiрiншi

жартысында Н.Ф.Федоровтың (1828-1905)  философиялық көзқарастарына тоқтала

кеткен жөн.  Ол орыс космизмi  мен гуманизмiнiң  көрнектi  өкiлi  болып табылады.

Ойшылдың өзiндiк  көзқарастары мен негiзгi iлiмi „Жалпы  iстiң философиясы”  деген

еңбегiнде жарияланған.  Онда дiни мистицизм ғылым күшiне деген сенiммен бiрiгедi.

Федоровтың ойынша,  адамзат қатынастарының кемшiлiктерi  мен зұлымдықтарын жеңу

үшiн ең алдымен  зұлымдықтың күшi  ретiндегi  өлiмдi  жеңу керек.  Əрбiр адамның  iсi  осы

өлiмдi  игерумен сипатталады.  Ғылым мен техниканы пайдалану  негiзiндегi  ата-

бабаларды қайта  тiрiлту мен мəңгiлiкке қол жеткiзу осымен сипатталады.  Орыс

философиясындағы  Федоров дүниетанымының мистикалық жəне утопиялық сипатына

қарамастан,  ол  „толық жаппай құтқарылу”  қажеттiлiгiн сезiнiп,  индивидуалдық идеал

белесiн жоғары көтерген ойшыл болды.

Орыс философиясының дамуында рухани қайта өрлеу деп  аталатын XX  ғасырдың

басындағы кезең  үлкен маңызға ие. Бұл уақытта  философиялық үйiрмелердiң жедел өсуi,

философияның орыс мəдениетiмен жақындасуы байқалады.  Бұл кезеңнiң өте көптеген

өкiлдерiнiң арасынан В.Розановты,  С.Булгаковты,  Н.Бердяевтi,  И.Ильиндi,

П.Флоренскийдi, Л.Шестовты, Л.Лосевтi ерекше атап өтуге болады.

Ресей есiмi  əлемге танымал болған,  орыстың дiни философиясының дамуына

өлшеусiз үлес қосқан Н.А.Бердяев сияқты ұлы ойшылды  дүниеге əкелдi.  Бердяев

философиясының мəнi –  болмыстың мəнiн субъект,  яғни адам арқылы тану.  Оның

философиясының бастапқы нүктесi  еркiндiктiң болмыстан басымдылығы болып

табылады.  Онымен бiр қатарда   шығармашылық,  тұлға,  рух,  Құдай ұғымдары тұрады.

Адамдағы болмыс адам арқылы ашылады.  Ол Құдайдың бейнесiне ұқсас жаратылған

микрокосмос болғандықтан шексiз жəне шығармашыл жан болып  табылады.  Адамдағы

шексiздiк құдайға  тəн құдiреттiлiкпен,  ал шолақтық -  табиғи қырымен байланысты.  Бұл

жағдайда Құдайдың өзi табиғи күш емес, əлемнiң мəнi мен ақиқаты ретiнде түсiндiрiледi.

Орыс философисяы