Жоспары:
Кіріспе
1. Орыс
философиясының тарихы.
2.Ежелгі
славян халықтарының дүниеге
көзқарасы.
3. 18ғ.
Орыс философиясы
4. орыс
философиясының негізгі бағыттары.
Кіріспе
Орыс
философиясының орталық идеясы адамзат
тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің
ерекше орны мен рөлін негіздеу және
іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын
түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи
дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше
белгілерімен көзге түседі.
Орыс
философиясы қалыптасуының бастапқы
кезеңі – XI - XVII ғасырлар, өзінің
пайда болған кезінен ол әлемдік
философиямен байланыстылығымен
сипатталады, бірақ сонымен қатар
оның төлтумалылығын да теріске
шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде
пайда болады және 988 жылы Русьтің
шоқынуынан басталған христиандандыру
үдерісімен байланысты болды.
Өзінің пайда болуында ол, бір
жағынан, славяндық пұтқа табынушылық
дүниетанымының бірқатар белгілері
мен бейнелерін қабылдаса, екінші
жағынан, христиандықты қабылдау
нәтижесінде Византиямен байланыс
орнатып, сол арқылы антик философия-сының
көптеген идеяларын бойына сіңірді.
Мұнан өзге Византиямен қатынас
Ресейге шығыстық христиандық
философия тұжырымдамаларының бекітілуіне
ықпал етті. Осылайша орыс философиясы
философиялық ой дамуының негізгі
бағытына сай дами отырып, христиандандырылған
күйінде болса да антиктік, византиялық,
ертеболгар дүниетанымы идеяларын
бойына
сіңірді.
Оның үстіне орыс философиясы
IX ғасырда Кирилл мен Мефодий
қалыптастырған өзінің жеке жазба
тілін әуел бастан қолданды.
Философиялық
білім дүниетанымдық функциямен
қатар данышпандық қызметті де
атқарады, ал Ертедегі Русьтің
рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда)
шоғырланғандықтан, бұл философиялық
ілімнің сипатына өз әсерін
тигізді. Жалпы алғанда, философиялық
және тарихи ой христиандық
принципіке негізделді.
Адамзат
пен орыс халқы тағдырларын
философиялық пайымдауда әуел
бастан-ақ патриотизм мен тарихи
тереңдік орын алады. Ең алғашқы
орыс философы - киевтік митрополит
Илларион (XI ғасыр) «Заң және береке
туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің»
қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік
үдерісіне енуін дінтанулық тарихи
тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында
Ресейдің тағдыры және орыс
халқы мен орыс мемлекетінің
әлемдегі мәні мен мақсаты
туралы терең пайымдаулар кездеседі.
Сонымен
орыс философиясындағы ой «орыс
идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің
ерекше тағдыры мен орны туралы
идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс
халқының ұлттық өзіндік санасының
алғашқы идеологиялық құралы
болды. Орыс идеясы мұнан әрі
қарай отандық философияның XIX ғасыры
мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде
қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның
негізін салаушылар П.Я.Чаадаев,
Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды.
«Орыс идеясы» әлем халықтарын
бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін
жалпыадамзаттық идеяның терең
көрінісі болды. Бұл идея бойынша
тек Ресей ғана христиандық
негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік
қозғалыстың басында болуы тиіс.
Орыс
философиялық ойындағы қызықты
ізденістер XVI— XVIII ғасырлар бойында
жалғасын тапты және екі үрдістің
қарама-қайшылығы негізінде өтті.
Мұның алғашқысы орыс ойының
төлтумалылығына басты назар
аударып, бұл төлтумалылықты орыстың
рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады.
Екінші үрдіс Ресейге еуропалық
мәдениеттің даму үдерісін тануға
тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің
айтуынша Ресей Еуропаның даму
жолына барлығынан кейін түскендіктен,
Батыстан көп нәрсені үйреніп,
сол өткен тарихи жолды қайталауы
тиіс.
Бұл
екі үрдістің айқын теориялық
және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы
XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін
славянофильдер, екіншісін батысшылдар
білдірді. Осыған байланысты орыс
философиялық ойында екі бағыт
қалыптасты. Бұл екі бағыттың
да қалыптасуында П.Я.Чаадаев
(1794—1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің
көзқарастарын ол атақты «Философиялық
хаттарында» баяндады.
Чаадаев
католиктік Батысты дәріптеп, оны
Ресейге үлгі тұтты, ал екінші
жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы
оның ерекше «Ғаламдық миссиясында»
деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі
славянофильдіктің де, батысшылдықтың
да негізін қалаушы болып табылады.
Әрине, Чаадаев өз позициясының
екіжақтылығын түсінді және осыған
байланысты орыс халқы өзіне
тиесілі идеяны іздестіру үстінде
дейді. Ұлттық идея сипатының
белгісіздігі туралы автордың
пікірі кейінгі орыс қоғамдық
ойы өкілдерінің көзқарастарды
талдауында айқындала түседі. Бұл
екі бағыт та Орыс идеясының
мәні мен мағынасын қарама-қайшы
кейіпте түсіндіреді.
Ресейдің
дамуын еуропалық үлгі бойынша
насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық.
Бұл бағыттың өкілдері қатарына
А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский,
Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар
жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер
тығыз қатынас орнатты. Бұлардың
барлығы шіркеуді сынап, материализмге
сүйенді, бұл ағымнан орыстың
революциялық демократтары өсіп
шықты.
Батысшылдар
Ресейдің «еуропаландыру» идеясын
насихаттады және қорғады. Олардың
пікірінше, ел Батыс Еуропаға
бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа
уақыттың ішінде экономикалық
және мәдени артта қалушылығын
жойып, еуропалық және әлемдік
өркениеттің толыққанды мүшесі
болуы тиіс.
Славянофильдік
болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық
ағымы болып табылады. Славянофильдер
Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық
(құтқарушылық) идеясын негіздеді.
Славянофильдік өкілдері батысшылдарға
да, революциялық демократтарға
да қарсы шықты. Бұл бағыттан
діни орыс философиясы өсіп
шықты.
Славянофильдіктің
негізін қалаушылар: А.С.Хомяков,
И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер
болды. Бұл идеялық позицияға
В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев
сияқты ақын-жазушылар жақын болды.
Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы
бойынша, философия - Ресей өркениетті
елдермен бірқатар болу үшін
Батыстан алынған үлгілердің
бірі емес, ұлттық дамудың рухани
жетістіктері шеңберіндегі қажетті
элемент. Олардың жұмысында тарихтың
өзінен туындайтын дербес сара
жол мен ерекше міндеттерді
шешу үшін орыс ойының қажеттілігі
туралы ойы бекітіледі. Орыстың
төлтума философиясының зерттеу
аймағы осымен сипатталады. Бұл
міндеттер мен зерттеу аймағы
Православиемен тығыз байланыстырылды.
Славянофильдер
Ресей дамуының бүкіл Батыс
өркениетінен түбірлі айырмашылығы
туралы тезисті ұстанады. Бұл
жерде ең алдыңғы орынға діни
бастау шығады.
Жоғарыда
айтылғандай славянофильдердің
бастапқы тезисі Православиенің
шешуші рөлін бекіту болып
табылады. Олардың пікірінше, дәл
осы орыс жерін жаратқан «орыс
рухын» қалыптастырады.
Христиан
діні үш ірі бағытқа бөлінеді:
Католиктік, Православиелік, Протестанттық.
Бұл бөліністен кейін «еркіндік
бастауы» шіркеулердің кейбіреуінде
өзінің мәнін жоғалтқан. Славянофильдер
католицизмде шіркеу еркіндігі
жоқ деп есептейді, өйткені
онда Рим папасының күнәсыздығы
туралы догма бар. Протестантизм
болса шіркеудің жойылуына әкелетін
адами еркіндікті, индивидуалдық
бастауды абсолюттендіре отырып,
өзге біржақтылыққа ұрынады. Тек
православие ғана еркіндік пен
қажеттілікті үйлесімді түрде
үндестіреді. Еркіндік пен қажеттілік
үйлесімділігі мәселесін шешу
үшін славянофильдер өздерінің
философиялық көзқарастарындағы
маңызды принцип - соборшылдық
(еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді.
Бұл ұғымды даярлаған А.С.Хомяков
(1804-1860). Ол Русьтегі патриархалдық
өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті
Русь» идеалдарына бет бұру, православиені
ең жоғарғы бастау ретіндегі
концепциясын бекіту сияқты идеяларды
қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында
шіркеу «бастапқы нақтылық» болып
табылады. «Соборшылдық» ұғымы да
осымен байланысты. «Соборшылдық»
принципін бекіту индивидуализмді
ғана теріске шығару емес, жеке
еркіндіктен айыратын ұжымды
да мойындамайды.
XX ғасырдың
бас кезіндегі қоғамдық-саяси
ойдың ең басты бағыттарының
бірі діни философия болды.
Бұл бағыттың өкілдері - Николай
Бердяевтің, Сергей Булгаковтың,
Павел Флоренскийдің және т.б.
ойшылдардың есімі әлемге белгілі.
Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы
орыс философиясының дәстүрлерімен
қатар (славянофильдерден бастап
Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа
дейін), әр түрлі мистикалық және
пессимистік көңіл-күйлерге толы
сол дәуірдің өзі де үлкен
ықпалын тигізді.
Орыстың
діни философиясында сыртқы әлемнің
танымдылығы туралы көзқарас
кеңінен таралған. Бүл көзқарас
өзінің шеткі формасында, дәлірек
айтқанда объекті сол күйінде
интуитивті тікелей пайымдау
ілімі формасында көрінеді.
Киреевский
және Хомяков бүтін ақиқат
тек бүтін адамға ғана ашылады
дейді. Тек өзінің барлық рухани
күштерін - сезімдік тәжірибе, рационалды
ойлау, эстетикалық перцепция,
адамгершілік тәжірибе және діни
парасатты, - бүтін бір тұтастыққа
жинағанда ғана, адам әлемнің
нағыз болмысын түсіне бастайды
және Құдай туралы жоғары рационалды
ақиқатты игереді. Дәл осы бүтіндік
тәжірибе көптеген орыс ойшылдарының
- С.Трубецкойдың, Е.Трубецкойдың, П.Флоренскийдің,
С.Булгаковтың, Н.Бердяевтің, Н.Лосскийдің,
С.Франктің, Л.Карсавиннің, А.Лосевтің,
И.Ильиннің және т.б. шығармашылық
қызметінің негізін құрады.
XIX ғасырдың
60-70 жылдары славянофильдер ілімін
жалғастырған түбіршілдер болды.
Олардың философиялық ізденістерінің
басты идеясы - «ұлттық түбір»
Ресей дамуының негізі. Барлық
түбіршілдерді олардың дүниетанымының
діни сипаты біріктірді. «Ұлттық
түбір» ретінде православие идеалдары
мен құндылықтары алынды. Бұл
бағыттың негізгі өкілдері - А.А.Григорьев,
Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды.
Түбіршілдер
арасындағы ең көрнекті ойшылдың
бірі - Ф.М.До-стоевский (1821-1881). Ол
философ болмағанымен, таза философиялық
шығармалар жазбағанымен, оның философиясы
- ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің
ойынан көруге болады. Оның шығармаларының
философиялылығы соншалық, тіпті
әдеби-көркем жанр шеңберінен
шығып кетеді. Жазушы шығармаларында
адам тағдыры мен мәнінің әлем
және Құдаймен терең байланыстылығы
туралы идеясын көтереді. Достоевский
бойынша еркіндіктің «шынайы
жолы» бұл Құдай-адамға жеткізетін
жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол
үшін Құдай адамгершіліктің барлық
кепілінің негізі болып табылады.
Достоевскийді
үрейлендіретін нәрсе - бір нәрестенің
болса да көз жасына құрылған
әлем мен адамдар әрекетін
жарқын болашақтың атымен ақтап
алуға бола ма деген мәселе.
Оның жауабы дайын - ешқандай
да жоғары мақсат бейкүнә сәбидің
қайғысы мен зорлықты ақтай
алмайды. Бұл жолмен Құдай мен
Әлемді келісімге келтіру мүмкін
емес. Достоевскийдің ойынша, Ресейдің
жоғары ұлттық миссиясы халықтарды
христиандық тұрғыда біріктіру
болып табылады.
В.С.Соловьев
(1853—1900) діни орыс философиясының,
білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі
туралы идеяның негізін қалаушы,
орыстың көрнекті христиандық
философы. В.С.Соловьев философиясы
діни философиялық дәстүрдің
бүкіл рухы мен кейпін білдіреді.
Көптеген ірі философтар өздерін
В.С.Соловьевтің ізбасарлары ретінде
санайды. Соловьев дәуіріне Трубецкой
шығармашылығын, Флоренский мен
Бердяевтің ерте шығармашылығын
жатқызуға болады.
В.С.Соловьев
адамның діни және әлеуметтік
өмірі сұраныстарын біртұтастыққа
байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық
жүйені құруға тырысты. Соловьевтің
ойы бойынша мұндай дүниетаным
негізі христиандық болып табылады.
Соловьев
философиясының негізгі идеясы -
жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны
дайындауда славянофильдердің соборшылдық
идеясына сүйенгенмен, оған жалпы
қамтушы, ғарыштық мағына береді.
Болмыстың төменгі және жоғарғы
деңгейлері өзара байланысты, өйткені
төменгі үнемі жоғарыға тартылып
отырса, ал әрбір жоғары өзіне
төменгіні «енгізеді». Соловьевте
жалпы тұтастық, «құдайдың қасиетті
Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен,
оның ішінде ең бастысы адаммен
байланысты» деген тұжырымынан
көрінеді. Жалпы тұтастықтың негізгі
принципі: «Құдайда барлығы біртұтас».
Жалпы тұтастық бұл ең алдымен
жаратушы мен жаратылыс тұтастығы.
1
Орыс философиясының
тарихы
1. ХІХ-гасырдың
соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс
философиясы4. на жалпы сипаттама.
2. Л.Н.
Толстойдың өмірдің мәні және
адамның өзін-өзі адамгершіліке
тәрбиелеу ілімі.
3. В.В.Соловьевтың
«орыс идеясы».
4. Н.А.Бердяевтің
персоналистік философиясы.
Орыс
философиясы әлемдік философияда
көрнекті орын алады. Оның себебі
– Ресейдің адамзат тарихында
алатын орны мен орыс жанының
жұмбақ табиғаты болса керек.
Тарихи дамудың қай кезеңінде
болмасын әлем назарын өзіне
аудара білген орыс мемлекеті
мен орыс халқының дүние жүзіндегі
рөлі осы күнге дейін аса
маңызды.
Орыс
философиясының кемелденіп, қалыптасқан
уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен
ХХ-ғасырдың басы деуге болады.
Осы кезеңде Ресейде мазмұны
терең, интеллектуалды жағынан
өте бай философия қалыптасты.
Бір өкініштісі, орыс философиясын
объективті зерттеу мүмкіндігі
соңғы жылдары ғана пайда болды.
Жоғары оқу орындарына арналған
бұрынғы бағдарламаларда бұл
тақырып терең ашылмай, орыс
философиясы туралы сөз болғанда
негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен.
В.Г.Белинский және тағы басқа
ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік
көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз.
Қазіргі танда орыс философиясы
қызықты зерттеу объектісіне
айналып отыр. Ресейдің өзінде
ұлттық философия мәселесіне
үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген
ғылыми зерттеулер дүниеге келді.
2005 жылдың мамырында Мәскеу қала¬сында
өткен
халықаралық
философиялық симпозиумда талқыланған
ғылыми баяндамалар осы ойымыздың
жақсы дәлелі.
Философиялық
әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен
ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының
негізгі екі бағыты атап керсетіледі:
славянофил бағыты және батысшылдар
бағыты (кейбір зерттеушілер бұл
бағытқа марксизм бағытын да
енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі
орыс философиясын даму ерекшеліктеріне
және мазмұнына байланысты үш
бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил
бағыты өкілдері көзқарасының
негізі – православие. И.В.Киреевский,
К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа
көрнекті тұлғалар дін арқылы
өмірді өзгертуге болады, діни
озгеріс халықтың, қоғамның өміріне
керемет өзгеріс әкеледі деп
сенді. Бұл түсінікті де, себебі
орыс халқының санасында ғасырлар
бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға»
деген сенім өмір сүрді. Үнемі
«идеал» жетегінде өмір сүрген
адам өзін басқалардан рухани
жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи
өзіне-өзі сезімге шомылып өмір
сүретіні белгілі және бұл
идеал – шексіз. Бүкіл дүние
жүзін қызықтырып, өзіне тәнті
еткен «орыс жанының» («загадочная
русская душа») жұмбақ табиғатының
да себебі осында болса керек.
Марксизм
бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин,
Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский
болғанымен, орыс философтарының
бәрі дерлік әуелі марксизм
кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі
– философияны жұмысшы табының
идеологиялық қызметшісіне айналдыруы.
Бұл бағыт ақырында жеңіске
жетіп, кеңес заманында философия
мемлекеттің біртипті ойлауға
негізделген идеологиялық қүралына
айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы
шығу қылмыспен тең еді. В.И.Ленин
1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған
хатында ой-пікірі, кезқарасы большевиктер
саясатына қарама-қарсы интеллигенция
өкілдерін елден аластату керектігі
туралы айтқан пікірінің негізінде
арнаулы бұйрық шығарылып.161 адам
елден қуылды. Олардың бәрі бір
кемеге тиеліп аттандырылғандықтан,
тарихқа бұл оқиға «Философский
пароход» деген атпен енді. Бұл
«еріксіз саяхатшылардың» қатарында
белгілі философтар С.Л.Франк,
Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин,
И.Ильин бар еді. Орыс философиясының
құлдырауы осы кезеңнен басталды.
Үшінші
багыт – біз сөз еткелі отырган
батысшылдар, немесе экзис-тенциалистер
багытының негізгі объектісі
– адам және оның өмірінің
мәні болды. Атап көрсететін
бір ерекшелік – жалпы философия
тарихында өмірдің мәні мәселесін
талдаумен түбегейлі айналысқан
орыс философтары деуге болады.
Бұл құбылыстардың себептері
әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша,
басты фактор – Ресейдің трагедиялық
тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі
қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде
өткірлене түседі. Тығырыққа тірелген
қоғам мүшелерінің бойында бүрыннан
да бар уақытша бұғып жатқан
өміртуралы сауалдар тізбегі
адамды осындай қиын кезендерде
қатты мазалай бастайды. Сондықтан
да өзінің даму тарихында талай
рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған,
сан түрлі соққыларды, қайшылықты
қоғамдық өзгерістерді басынан
кешірген Ресей мемлекетінің
ойшылдарын осы тақырып толғантуы
кездейсоқ емес.
Сонымен
катар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың
басындағы орыс философтарының
бәрін де Ресей мемлекетінің
тагдыры толғантты. бағыттың өкілі
болғанына қарамастан, олардың әрбіреуі
орыс қоғамы мен жалпы орыс
халқының болашағы туралы терең
ойланды, болашақ даму жолдарын
іздестірді.
Лев
Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние
жүзі ұлы жазушы ретінде біледі,
бірақ оның философиялық ойлары
көпшілікке енді ғана танымал
болып келе жатыр. Орыс ойшылының
философиясын терең, объективті
зерттеу ісі әсіресе соңғы
он бес жыл ішінде жақсы
деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің
дәлелі ретінде жазушының философиялық
шығармаларының бөлек жинақ болып
жарық көруін (Л.Н.Толстой. Избранные
философские произведения. М.,1988), бұрын
жарияланбаған философиялық ой-толғаныстарының
үлкен еңбек болып басылып
шығуын (Л.Толстой. Путь жизни.
М., 1993) және оның философиялық
көзқарастарының көптеген ғылыми
зерттеулердің арқауы болып отырғандығын
айтуға болады.
Жазушы
философиясының басты мәселелері
қандай болды десек, өзінің-шығармаларында
Л.Толстой адамның руханилығы
мен адамгершілігі мәселелерін
талдады және бұл тақырыпты
өзін қатты мазалаған, өмірінің
соңына дейін санасы мен жанына
тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе
– адам өмірінің мәні контекстінде
қарастырады. Жарық дүниеге адам
не үшін келеді? Өмірдің мәні
бар ма? Бар болса, неде?Жоқ
болса, неге? Өмірдің мәні жоқ
болса, өмір сүріп керегі не?
Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл
саналы адамзатқа бағыттаған
сауалдар тізбегі осылайша жалғасып
кете береді және олар жазушының
бүкіл көркем және философиялық
шығармаларының желісі болды.
Осы мәселелер тереңірек тексерілетін
еңбектердің бірі – «Исповедь»
(«Жан сыры» немесе «Тәубе»,
еңбек қазақ тіліне әзірге
толық аударыла қойған жоқ). Бұл
еңбектің ортаға-сырлық ойшыл
Августин Аврелийдің «Исповедь
Блаженного Августина, епископа
Гиппонского» еңбегінің ізімен
жазылғаны күмән тудырмайды.
Өз
өмірінің негізгі кезеңдеріне
шолу жасай отырып, өмірінің мәні
туралы сұраққа жауап іздеуге
тырысқан Л.Толстой өз жанының
күйзелісі арқылы бізге осы
мәселенің бүкіл трагедиялық
сипатын жеткізеді. Адам зат
тарихынан
өшпес орын алған тұлға, керемет
классикалық дүниелердің авторы
ретінде өзін әлемге танытқан
ұлы жазушы «Не үшін өмір
сүрдім?» деп қиналады, сұрағына
жауап таба алмай аласұрады,
ғылыми-филосо-фиялық тілмен айтсақ,
гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің
бұл жағдай-
ын
жазушы оте дәл суреттейді: «…сұрақтарға
жауап бере алмай, қор болдым.
Өмірім тоқтады. Мен дем ала
алмадым, тамақ іше де, ұйықтай
да алмадым. Өмір мені тойдырды
– одан құтылғым келді. Өзімді
елтіргім келді деп айта алмаймын,
бірақ мен өмірден қаштым».
Жазушыны
таңдандырған бір нәрсе – осы
мазасыз өмірмәндік қина-лыстын
оның бақытты өмір сүруіне
қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті
кезенде
- сүйікті
әйелі, тамаша балалары, бай имениесі
бар, ортасына сыйлы, рухани
күшті, дені сау. әлі 50 жасқа
да,толмаған кезенде мазалауы, философиялық
тұрғыдан талдасақ, Толстойдың осындай
мазасыз, қазақша айтсақ, жанын
қоярға жер таба алмай қиналуы
заңды құбылыс. Гиперрефлексия
ой еңбегімен айналысушы адамдарға
көбірек тән, сондықтан да Толстой
секілді ғұламаның жан күйзелісі
түсінікті. Бұл жазушынын рухани
дүниесінің терендігін көрсететін
өзін-өзі танып-білу қызметінің
ерекшелігіңің дәлелі. Мұндай адам
өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына
бойлаған сайын өзіне кеңілі
толмаушылық пен мазасыздық күшейе
түседі, шым-шытырық ойлар мен
түсініктер әлемінде шарқ ұрған
жан тығырыққа тіреліп, өмірдің
шекаралық жағдайына душар болады.
Ол адам үшін қауіпті, себебі
тұлға қалыптасқан құндылықтар
бағытынан адаса бастайды, күнделікті
практикалық қызметке деген қабілеті
төмендейді. Осы кезде адамға
даналыққа. парасатқа негізделген
философия ғылымының кемегі қажет.
Әрине, философия өмірдің моні
мәселесін түбегейлі шешіп береді
деуге болмайды, бірақ философия
құбылысты түсінуге, оған белгілі
бір көзқарас қалыптастыруға
көмектесіп, өмірге деген жаңа
талпыныс, күш береді.
Л.Толстой
да езін мазалаған мәселелерге
жауап іздеу үшін философияға
жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон
сияқты ойшылдардың өмір туралы
ойларын қорытады. Бұл мәселе
олардың да тынышын кетірген
«мәңгілік» сұрақ екендігіне
кез жеткізіп, бірте-бірте осы
тығырықтан шығу жолдары туралы
салмақты кезқарас қалыптастыра
бастайды. Өзін қоршаған адамдардың
өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын
және ақыл-ой деңгейін асықпай
бақылаған жазушы оларды өмірдің
мәні туралы ойлану қабілетіне
қарай торт топқа беледі:
1) Ештеңе
білмеу жолы – өмірдің зұлымдыққа
толы және мәнсіз екендігін
білмей де, түсінбей де өмір
кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз
өмір сүретіндердің қатарында,
Л.Толстойдың ойынша, өте топас,
өте жас адамдар және әйелдердің
көпшілігі.
103
2) Эпикур
жолы – өмірдің үмітсіздігін,
өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің
пайдасын, қызығын көріп қалуға
тырысу.
3) Күш
пен энергия жолы – өмірдің
мәні жоқтығына, сондықтан оны
жою керектігіне көзі жетіп,
өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы
бұл топты ерекше бөліп атап,
өзін өлімге қиюдың оңай еместігін,
оған үлкен жігер мол қуат
иелері ғана бара алатындығын
ескертеді.
4) Әлсіздік
жолы – өмірдің мәні жоқ
екендігін біле тұра, өмір ағыны
на еріп өмір сүру.
Жазушы
жүргізген бұл философиялық сараптауда
үлкен мән бар деп ойлаймыз.
Оның кейбір пікірлерімен келіспеуге
де болады, бірақ бұл жікте-
удің өмірмәндік мәселені шешуге
ұмтылған қазіргі заманғы адамға
ой тас- тары анық.
Л.Толстойдың
өзі өмірмәндік мәселені сенім
категориясы арқылы ше- шеді: «Менің
ойымша, өмірдің мәні – сенім.
Сенім адамға күш береді». Сенім
категориясын қалыптасқан пікір
бойынша діни сеніммен шектеуге
болмайды. Толстой өз шығармаларында
сенім категориясының бай мазмұнын
көрсетеді, өмірмәндік мәселені
дін, руханилық, адамгершілік
мәселелерімен байланысты қарастырады.
Жазушы туындыларының негізгі
желісі де осы, яғни Л.Толстой
үшін өмірдің мәні сенімде.
Адам сенімсіз өмір сүре алмайды.
Тек сенім арқылы адам өзінің
кім екенін және жарық дүниеде
не үшін өмір сүретінінн біле
алады. Сенімі күшті адамның
өмірі де мықты болады. Біріншіден,
бұл діни сенім: оның пікірінше,
құдайдың жарығы адам жанында
жанбағанша, адам әлсіз, бақытсыз
жануар. Жарық жанғанда ғана адам
дүниедегі ең күшті мақұлыққа
айнала ды. Бірақ Толстой адам
өмірін тек құдайға сеніммен
шектеп қана қоймайды. Жануарларға
құдай қажет
нәрсенің
бәрін бере салған, ал ада көп
нәрсеге өз еңбегімен жетуі
тиіс деп есептеген ойшыл адамды
талпынбай еңбектенуге шақырады
және адамгершілік қасиеттерін
күшейтуге бағытталған еңбекті
жоғары бағалайды. Яғни, адам ең
әуелі өзіне сенгені дұрыс,
себебі бұл сенім өз бастауын
ізгіліктен алады. Сенімнің тағ
бір түрі – махаббатқа деген
сенім: «Адам өмірінің барлық
қайшылықтарын шеше алатын сезім
– махаббат, оны адамдардың бәрі
біледі». Махаббатты ол абсолюттік
дәрежеге дейін көтереді: «…адам
жанының ең басты қасиеті –
сүю, басқа адамдардың бәріне
бірдей жақсы болу үші сүю.
Осындай махаббат – адам өмірінің
мәні».
Бұл
көзқарас адамдарды жақсы көру,
олардың арман-мақсаттарын түсіне
білу, өмірлерінің бақытты болып,
армандарына жетуіне іспен, не
болмаса сөзбен кемектесуді адам
өмірінің мәні ретінде түсінген
ежелгі Конфуций мен қазіргі
заманғы Камюдің ойларымен үндес,
бірақ Л.Толстойдың пікірі тереңдеу.
Әрине, әрбір адам әуелі өз
өмірінің жақсы болғанын қалайды.
Адамның биологиялық табиғатынан
туындайтын бұл құбылысқа Толстой
түсінушілікпен қарайды, бірақ
өзінің ғана өмірінің жақсы
болуына ұмтылған адамның өмірін
зұлымдыққа толы мәнсіз бір
нәрсе, нағыз өмір мұндай болуы
тиіс емес деп есептейді. Өмірдің
мәнінің басқа жолын көрсететін
адамның санасы, ақыл-ойы, парасаты
екендігін де жазушы дәл атап
көрсетеді. Адам санасы оған
жеке бастың ғана жақсылығы
жалған екендігін көрсетіп, бір
ғана жол қалдырады, ол –
махаббат. Толстой адам қоғамынын
өзі адамдардың бірін-бірі сүюіне,
сыйлауына негізделуі тиіс екендігін
дәлелдеп, махаббат күшін зұлымдыққа
қарсы қоюға шақырады. Осы пікірден
мейірімділікке деген сенім туындайды.
Мейірімділікті ұлы ойшыл адамның
адамшылығын көрсететін бірден-бір
қасиеті ретінде түсінеді, басқаға
мейірімсіздік көрсеткен жанды
бұл өмірдегі басты міндетін
атқармаған деп есептейді.
Л.Толстой
адам өмірінің мәнін руханилықпен
тығыз байланысты түсінеді,
көп
адамдардың бойында табиғат берген
руханилықтың «жануарлық өмір»
сатысында қалып қойғандығына
өкініш білдіреді. Күйбең тіршілік
ағымына ермей, материалдық байлықтан
рухани байлықты жоғары қоя
білген адам ғана мәнді өмір
сүруге ұмтылады, ақыл-ой, парасат
биіктігіне жетеді, өмірден өз
орнын таба алады. Рухани дүниесі
мықты адамның өмірі де жақсы
өтеді, сондықтан ол өлімнен
де қорықпайды. Осының бәрін Толстой
санадагы өзгерістермен түсіндіреді.
Оның өмірдегі өзгерістердің
ешқайсысы санадағы өзгерістермен
теңдесе алмайтындығы туралы
ойы аса құнды. Ұзақ жылдар
бойы «Тұрмыс сананы билейді»
қағидасымен өмір сүрген біздің
қоғамға бұл пікір таңсық керінуі
де мүмкін, бірақ қоғамды, адамды
өзгерту үшін сананы торбиелеудің
маңызы зор екендігін мойындау
қажет. Белгілі қазақ зиялылары
Ә.Бөкейханов. А,Байтұрсынов, М.Дулатовтар
да ғасыр басында осыны қайта-қайта
ескертіп, қоғамды төңкеріс жолымен
емес, адамдардың санасына ықпал
ету арқылы өзгерту жолын ұстануға
ұмтылған екен.

