Орындау ісінің мәні

 

 

 

 СОТ ШЕШІМДЕРІН ОРЫНДАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ COT ІСІ

 

 

 

.Орындау ісінің мәні

Сот шешімдерін, үйғарымдарын және қауылылрын орыңдау азаматық сот ісінін соңғы және міндетгі сатысы болып табылады. Бұл саты субъективтгі азаматтық құқықтар мен азаматтар- дың занды мүдцелерін корғауды жүзеге асыратын азаматтық істерді қарау мен шешудің салдары болып табылады. Орындау ісінін азаматтық сот ісінің өзге сатыларынан айырмашылығы ол соттағы азамаппьж, сот ісімен байланысты ғана емес, кылмыс- тык істер бойынша үкімді, ұйғарымды, каулыны орыңдау бойынша мүлікті өндіру бөлімінде, нотариустың орыкдау қағазын, занды жағдайлармен қарастырылғак жағдайларда төрелік және аралық соттардын шешімдерін, шет мемлекетгердін халықаралық соттарының, сондай-ақ халықаралық коммерциялық төрелік соттын шешімдерін орындау бойынша қозғалады. Кез келген азаматтық істгі қарау бір максатты, занды және негізді шешім шығаруды көздейді. Занды күшінен енгеннен кейін ол сол әрекетгерді сол көлемде және соларға қатысты сот шешімі шығарылған тұлғалардын даусыз орындауын кажет ететін, сондай-ақ орындау органдары тарапынан сот немесе өзге актіні бекітілген тәртіппен орындату бойынша мәжбүрлі түрде ыкпал етуді жүзеге асыруда жалпыға бірдей міндетті қасиетке ие болады.

Орындау әрекетгері тек шығарьшған сот шешімі бойынша, талап қою арыздарын қамтамасыз ету туралы шаралар қолдану кезінде болуы мүмкіндігін есте үстау кажет [ҚР АІЖК 239 ]

Орындау ісі азаматтық сот ісінін сатысы ретінде ҚP АІЖК- мен және сот қаулыларын және өзге органдардын құқық қолданатын актілерін орындау бойынша бірқатар мәселелерді шешетін түрлі нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Қазакстан Республикасы халыкаралық келісімшарттардын. нормаларының зор манызы бар. Орындау ісі саласындағы құқықтық қарым-катынастарды реттейтін мүндай келісімшарттардын біріне 1993 жылғы 31 наурызда Минск қаласында Қазахстан Республикасының бекіткен мемлекетгер арасындағы Тәуелсіз мем-лекеттер достастығы мүшелерінін азаматтык, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және кұқықтық қарым-қатынастар туралы Келісімі жатады.

Орындау құжаттарын уақытында орыңдауды камтамасыз ету бойынша орындау ісі аумақты органдар жанындағы мемлекеттік қызметтегі және Қазахстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілдігі бойынша комитетінін сот орындаушыларына жүктелген. Сот әкімшілдігі бойынша комитет 2000 жылы 12-қазанда «Сот экімшілдігінің жана жүйесі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазахстан Республикасы Презкдентінің Жарлығьмен құрылған, комитеттің және облыстағы сот әкімшілігі кызметінін бір бағытына төмендегілер жатады:

  • орындау қағаздарының уақытында орындалуын қамтамасыз ету;
  • сот орындаушылары мен жасауылдары қызметін ұйымдастырылған және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
  • сот орындау актілері бойынша Республика меншігіне айналдырылған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және келешекте пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Қазахстан Республикасының бекітілген халықаралык құқықтық актілер аясында құқықтық көмек көрсету кезіндс сот актілерінің уақытында орындалуын қамтамасыз ету;

-- сот органдары мен орындау ісі органдарынан шығатын апостилді қою (апостиль — 1961 жылы Гаага Келісіміне сәйкес арнайы мөртаңба ресми кұжатта — оны жариялау мақсатыңда Келісімге қатысушылар қояды.

Орындау ісінін құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін бекітетін, сондай-ақ сот орындаушыларынын құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі нормативті акт 1998 жылы 30-маусымда қабылданған «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларынын мәртебесі туралы» Қазақстан Рес- публикасының Заны болып табылады. (бұдан әрі — Заңы). Заң ҚР АІЖК және өзге нормативті актілермен қатар орындау ісі органдарынын және сот орындаушыларынын сот шешімдерін орындау сатысындағы іс жүргізу әрекеттерін реттейді.Мағынасы және мазмұны бойынша зан жалпы соттардын, терелік жөне аралық соттардын сот актілерін, бекітілген өкілеттікті жүзеге асыру кезінде азаматтарға, ұйымдар мен барлық денгейдегі бюджетке өзге азаматтарға, ұйымдарға немесе тиісті бюджетке ақшалай қаржыны немесе өзге мүлікті тапсыру бойынша не олардын пайдасына нақтылық әрекетгерді жасау немесе одан бас тарту міндетін жүктеу кұқығы берілген салық және кеден органдары актілерін мәжбүрлі орындаудын қызмет аясын, шарты мен тәртібін анықтайды. Сот орындаушысының кызметі орындау ісі туралы занға сәйкес жүзеге асырылады және кей жағдайларда сот шешімін орындауға түлғаларды мәжбүрлеуге бағытталған (мысалы, оларды тұрғын үйден шығару, заңсыз салынған кұрылыстарды бұзу, қарызды, мүлікті, жер телімін, жалақыны және т.б. қайтару).Сондықтан да, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларынын мәртебесі туралы» ҚР Заңы субъективті азаматтық кұқыктар мен азаматтар мен ұйымдардың занды мүдделерін корғауды жүзеге асыратын барлык құқық қолданушы органдарынын қаулыларын орындауға қолданылады.Қуқықтық статистиканың және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептеулерінің 2007 жылгы мәлімет- тері бойынша Қазакстан Республикасы барлық сот орындаушыларынын ісінде жалпы саны 724 262 орындау істері болтан, олардын 389754-і орындалды, 117098-і қайтарылды және 12618-сы токтатылды. Осы кезенде орындауға түсетін орындау істерінің саны 1 пайызғатөмендеген. (Заңгазеті. 2008 ж. ЗОкаңтар). Орындау істерінің саны төмендігіне карамастан, сот шешімдерін уакытында орындау сапасы төменгі деңгейде калып отыр.

Караван газетінің 2008 жылғы наурыз айындағы зерттеулері бойынша 225,5 мың сот шешімдері орындалмай қалып отыр. Бұл өз қызметін жүзеге асыруда бір сот орындаушысына тым ауыр (орындау істерінің көп саны) екендігін, жауап берушілердің төлем төлеу қабілетсіздіктерін, сондай-ақ сот орындаушыларынын кәсіби дайындықтары жеткіліксіз және біркатар өзге де себептерден екендігін білдіреді. Қазіргі жүйе бойынша сот шешімдерін орындаудың тиімсіздігінін өзге себебі азаматтық факторлармен де байланысты. Елімізде сот орындаушылар саны бар болғаны 1700, жылына 600—700 қызметкерлер ауысады. Себептері әртүрлі, біреулері жұмыстан босатылады, өзгелері жұмыстан өздері шығады. Қазакстан Реснублшсасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі Комитетінін мәліметгері бойынша 2008 жылы орындау ісінде 642 сот орындаушылары жетіспеген. 2007 жылы алимент өндіруге шағымдар бойынша 105000 орындау қағазы түссе, ол бойынша 9500 жауап беруші төлей бастаған. (Караван газеті. № 11 (032) 14 наурыз, 2008 ж.). Соттар қанша әділ шешімдер шығарғанымен, олар орындалмайынша азаматтардың бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіру туралы айтуға ерте. Қазіргі уақытта сот орындаушыларының мәртебесін көтеру мақсатында осы салада әкімшілік- құқықтық реформа жүргізу қажеттігі пісіп жетілді.

Қазақстан Республикасыньщ Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті алпыска жуық алыс жөне жақын шет мемлекеттердін тәжірибесін зерттей отырып, еліміздің ғалымдары мен тәжірибелі адамдармен бірге жеке сот орындаушылары институтын енгізу туралы заң жобасын жасады, бұл сот шешімдерін орындау денгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сондықтан да, бұл мәселені қорғаушылар мен нотариустар сияқты, сот шешімдерін орындауды бәсекелестік ортаға беру арқылы шешілуі мүмкін. (Казахстанская правда. 21.02. 2008 ж.)

Атқару құжаттарм. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Занның 5-бабында атқару құжатгардың төмендегідей тізімі берілген:

  1. аудандық соттардын шешімдері, өзге актілерінін негізінде берілген орындау қағаздары;
  2. аралық соттардын шешімдері негізіңде берілген орындау қағаздары;
  3. сот актілерінін негізінде берзлетін атқару парақтары;
  4. Қазақстан Республикасынын азаматтық іс жүргізу зандарына сәйкес берілетін сот бұйрықтары;
  5. Қазакстан Республикасының аумағында халықаралык, шетелдік соттардын және төрелік ссттардын шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;

3-1) аралық соттардың шешімдерін  мәжбурлеп орындату туралы соттын ұйғарымы негізінде берілетін атқару парақтары;

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік кұқық бүзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік ұұқық бұзушылык туралы істер бойынша шығарьшған сот қаулылары;
  2. Қазакстан Республикасынын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде кезделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылык жөніндегі істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамнын) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы соттардың қаулылары;
  3. талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;
  4. Қазакстан Республикасынын заңдарында көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары.
  5. Аткару құжаты жоғалған жағдайда атқару құжатын берген орган Қазақстан Республикасынын зандарында көзделген тәртіппен беретін оның дубликаты өндіріп алу үшін негіз болып табылады.

[ҚР АІЖК 236]-бабына сәйкес, сот шешімі, әкімшілік құқық бүзушылық істерін қарауға өкілетті органнын (лауазымды тұлғаның) мәжбүрлі орындату туралы жеке талаптарына атқару қағазы жазылады, ол ендірушіге не орындалуы үшін аумак бойынша сот әкімшілігі органына жіберіледі. Сот мүлікті тәркілеу, мемлекеттің пайдасына мүлікті және ақшалай қаражатты өңдіру, қылмыспен келтірілген зиянды өндіру, алиментгі өндіру, зақымданумен немесе жарақат алумен денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру, асыраушысынан айрылу туралы шешім шығарған жағдайда сот ез бастамасы бойынша аумак бойынша тиісті сот әкімшілігі органына орындау құжатын жібереді.

Орындау қағаздарын (одан әрі — аткару құжаттары) бірінші сатыдағы сот шешім занды күшіне енген күннен бастап немесе Жоғарғы Соттан іс қайтып келген күннен бастап үш тәулік ішінде жазылады, онда төмендегілер көрсетілуі тиіс:

  • атқару кұжатын берген соттың атауы;
  • істін нөмірі жене шешім шығарылған күн;
  • шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сез);
  • шешімнің күшіне енген уақыты;
  • аткару құжатының берілген күні;
  • әндірушінің тегі, аты, әкесінін аты (егер де жеуе куәлігі нде көрсетілген болса), онын мекенжайы немесе тұратын жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, салық төлеушікің тіркеу нөмірі немесе егер де өндіруші занды тұлға болатын болса, оның атауы, нақты тұратын жепі не болмаса

Мемлекеттік біртүтас тізімдегі (регистр) мәліметтері, банктік деректемелері және салық телеушінін тіркеу нөмірі;

  • қарызгердін тегі, аты, әкесінін аты, мекекжайы, жұмыс орны, оның банктік деректемелері және салық төлеушінін тіркеу немірі, егер де қарызгер зандытұлға болатын болса, онын атауы, нақты түратын жері не болмаса Мемлекеттік біртүтас тізімдегі (регистр) мәліметтері, банктік деретемелері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

Орындау қағазының түрін орындау құжаттарынын орындалуын қамтамасыз ететін өкілетті орган бекітеді.

Соттын әрбір шешімі бойынша бір орындау қағазы беріледі. Егер де сот талап қою арызын қамтамасыз ету туралы шара қолданған болса, орындау қағазына талап қою арызын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы құжаттардын көшірмесі, егер де іс материалдарында талап қоюды мүлікпен қамтамыз етуге камауға алынғанның және оны сақтауға жауапты тұлғалардың тұратын жері туралы мәліметгер бар кұжаттың көшірмесі болатын болса, қоса тіркеледі. Егер де орындау әртүрлі жерде болатын болса немесе шешім бірнеше талап коюшылардың пайдасына немесе бірнеше жауап берушіге карсы шығарылған болса, сот өндірушілердің өтініштері бойынша орындау орнын немесе сод орындау қағазы бойынша орындалуға тиісті шешімнін бір бөлігін жаза отырып, бірнеше орындау құжаттарын береді. Орындау қағазына соттын мөрі басылған сот актісінін көшірмесін не онын үзіндісін қоса береді.

Сот талап қоюшынын өтініші бойынша егер де шешімді орындауды кешіктірудің ерекше мән-жайлары өндірушіге елеулі шығын келтірепндей болса шешімді тез арада орындауға мән береді.

Тез орындалуы тиіс шешімдерге мыналар жатады:

  • алиментгерді ендіру;
  • жұмысшыға жалақысын өндіру үш айдан аспайтын мерзімде;
  • жүмысты қалпына келтіру туралы
  • зақымданумен немесе жарақат алумен денсаулыққа келтірілген сондай-ақ асыраушысынан айырылу арқылы келтірілген зиянды өндіру туралы шешімді, үш айдан аспайтын мерзімде [ҚР АІЖК 237].

Тез арада орындалуға тиісті сот шешімі бойынша орындау қағазы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін тез арада орындауға жіберіледі.

Шешімді тез арада орындау туралы мәселе, егер де ол шешімді шығарар кезде шешілмеген болса, сот отырысында қаралады. Іске катысушы тұлғаларға сот отырысының болатын уакыты мен орны хабарланады, бірақ олардың сот отырысына келмеуі шешімді тез арада орындау туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

Шешімді тез арада орындау туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық білдіруге болады. Шешімді тез арада орындау туралы мәселе бойынша сот шешіміне жеке шағам беру, наразылық білдіру осы ұйғарымды орындауды тоқтатады. [КР АІЖК 238].

Атқару құжаты жоғалған жағдайда ендіру үшін негіз орындау құжатын берген органнын беретін сол құжаттын екінші түпнұсқасы болып табылады. Егер де оның мазмұны занда бекітілген төмендегі талаптарға сай келмейтін болса, орындау қағазын сот орындаушысы оны берген органға қайтаруы тиіс.

  • тараптардын деректемелері жоқ немесе ол түгел көрсетілмеген;
  • шығарылған актінің қатар бөлімінде азаматтық құқықтық дау бойынша мәселені шешу сөзбе-сөз емес, толык емес жазылған;
  • актінін занды күшіне енген күні, сондай-ақ оны орындауға ұсыну мерзімі көрсетілмеген.

Аталған жағдайларда сот орындаушысы бір күн ішінде актіні қайтару туралы қаулы шығарып, оны шығарған органға жібереді, сондай-ақ бүл туралы өндірушіге хабарлайды. Қайтарылған актідегі қателіктер түзетілгеннен кейін қайта түскен күні орындауға берілген күні деп саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындау әрекеттерін жасаудың жалпы шарттары

Сот актісін мәжбүрлі түрде орындау үшін негіз сот орындаушысының өз ісіне қабылдаған орындау құжаты болып табылады (құжаттардың жоғарыда аталған тізімі заңның 5-бабында көрсетілген).

Сот орындаушысынан басқа орындау ісінде тараптар — өндіруші және қарызгер және олардың өкілдері қатысады, сондай-ак аудармашы, куәлар және маман болады. Өндіруші мен қарызгер жеке және занды тұлғалар болуы мүмкін. Өндіріп алушы — пайдасына немесе мүддесіне орындау қағазы берілген тұлға, борышкер, — орындау қағазында көрсетілген талаптарды орындауға тиісті тұлға. Орындау ісінің тараптары орындау ісінін материалдарымен танысуға, үзінділерін алуға, көшірмелерін түсіруге, қосымша материалдар ұсынуға, етінім білдіруге, орындау әрекеттерін жасауға қатысуға, орындау ісінін барлық мәселелері бойынша өз пікірін айтуға, қарсылыкқтар білдіруте және сот орындаушысынын іс-әрекетіне шағымдануға құқылы. Орындау ісіндегі тараптар [ҚР АІЖК 58-63]тарына сәйкес жеке дара немесе өкілдері арқылы әрекет ете алады.

Орындау әрекеттерін өз бастамасы немесе сот орындаушысынын шақыруы бойынша жасауға аудармашы қатыса алады. Кез келген іс-әрекетке қабілетті, орындау әрекеттеріндегі аударуға тиісті тілді білетін адам аудармашы бола алады.

Арнайы тануды талап ететін мәселелерді түсіну үшін сот орындаушысы тұлғалардың өтінімдері немесе өз бастамасы бойынша маман тағайындауға қаулы шығарады. Маман сот орындаушысынын қаулысындағы олардың алдына қойған мәселелері бойынша жазбаша қорытынды береді. Куәлер ретінде кез келген кәмелетке жасы толған, іс-әрекетке қабілетгі, орындау әрекеттері барысында мүдделі емес тұлғаларды шакыруға болады.

Шешімді орындаумен байланысты пәтерден көшіру, кіргізу, тыйым салу, тартып алу және қарызгердің мүлкін тапсыру, тұрғын үйге, үй-жайларға, сақтау қоймасына бұзып кіру туралы орындау әрекеттерін және қарау ісін жүзеге асыру кезінде міндетгі түрде екі куә болуы занда қарастырылған. Сот орындаушысы орындау әрекеттерінің басталар кезінде куәларға орындау әрекеттерінін мақсатын және олардын іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Орындау әрекеттерінін нәтижесі бойынша сот орындаушысынын құрған актісіне куәлер қол қояды.

Егер де орындау ісінін барысына олардың жанама мүддесі болатын болса не қарызгердін, ендірушінің немесе олардын өкілдерінің туысы болатын болса сот орындаушысы, аудармашы, маманға қарсылық білдіруге болады. Сот орындаушысы, аудармашы, маманға тараптардын қарсылық білдіруі сот әкімшілігі бойынша аумақтық органның әкімдігі шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атқару қүжаттарын орындау кезіндегі орындау әрекеттері

Сот орындаушыларынын кызметі сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын және атқару органдарының өзге актілерін ерікті және мәжбүрлі орындауға бағытталған іс жүргізу әрекеттерімен тікелей байланысты.

Сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын және аткару органдарынын езге актілерін мәжбүрлі түрде орындау кезінде сот орындаушысының мынадай құқықтары занда бекітілген:

  1. сот актілерін орындауға қатысты мәселер бойынша қаулы шығару;
  2. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру;
  3. орындау әрекеттерін жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша қажетгі ақпараттарды, түсініктемелерді және анықтамаларды коммерциялык және банктік жене заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, тегін алуға;
  4. орындау қағазы бойынша түсініксіз нәрселерді түсіндіретін жағдайларда сотқа және орыңдау қағазын берген өзге органға жүгінуге;
  5. орындау мерзімдерін ұзарту’, кейінге қалдыру, орындаудың тәсілі мен тәртібін езгерту, қарызгерді іздестіру туралы сотқа ұсыныс беруге;
  6. орындау ісі бойынша азаматтар мен тұлғаларды шақыруға;
  7. ұйымдарда орындау құжаттарының орындалуын тексеруге олар бойынша қаржылық есеп беруді жүргізуге;
  8. нақты орындау әрекеттерін жасау мәселелері бойынша тапсырма беруге;
  9. оларға бұзып кіру қажет болғанда, қарызгерге тиісті үйжайға және қоймаға кіруге, куәлардың қатысуымен қарауға;
  10. қарызгердін банктегі ақшасына және құнды қағаздарына тыйым салу;
  11. алып қою, сақтауға беру жене тыйым салынған мүлікті өткізу;
  12. алынған мүлікті сақтау үшін үйымдардың қоймаларын, қарызгердін көлігін осы мүліктерді тасу үшін пайдалану;
  13. орындау құжаттарын орындауды қамтамасыз ету үшін ішкі істер органы қызметкерлерін тарту;
  14. қылмыстық іздестіру органына сот актілерін орындаудан қасақана жалтарған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу;
  15. өзге қаланын немесе ауданнын сот орындаушыларына жеке орындау әрекетгерін тапсыру;
  16. орындау ісі туралы заңда қарастырылған өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

Сот орындаушысының міндеті:

  1. талап қою арызын қамтамасыз ету бойьшша сот ұйғарымын орындау;
  2. тараптарға немесе олардың өкілдеріне орындау ісінің материалдарымен танысу, олардын үзінділерін, көшірмелерін алуға мүмкіндік беру;
  3. орындау ісі бйынша тараптардын арызын қарау, ол бойынша қаулы шығару, шағымдану мен наразылык білдірудін тәртіптері мен мерзімдерін түсіндіру, егер де өзі орындау ісінін барысына тікелей немесе жанама мүдделі болса. орындау ісінен өзі бас тартуға [ҚР АІЖК 86].

Сот орындаушысы езіне ұсынылған құұыұты Занға сәйкес пайдалануы және өз қызметінде азаматтар мен занды тұлғалардын құқықтары мен занды мүдделеріне нұксан келтіруге жол бермеуі тиіс. Әндіруші немесе қарызгер сот орындаушысының әрекеттеріне егер де, занға кайшы келетін болса шағымдана алады. Шағым сот орындаушысы кызмет көрсететін учаскедегі аудандык сотка сот орындаушысы іс-әрекетті орындаған күнне бастап он күн ішінде беріледі.     [ҚР АІЖК 240-4].

Сот орындаушысына қарызгерден ақшалай соманы өндіру туралы занды талаптарды орындау бойынша түлғалар мен органдардан сот құжаттары түскеннен кейін сот орындаушысы үш тәулік ішінде орындау ісін қозғауы тиіс, ол женінде қаулы шығарады [Заңнын 10-бабы].

Сот орындаушысы орындау ісін қозғағаннан кейін өз каулысында құжатты өз еркімен орындауы үшін қарызгерге бес күк уакыт бекітеді. Онымен бір мезгідде қаулыда сот орындаушысы қдрызгерге мерзім өткеннен кейін заңға сәйкес мәжбурлі түрде орындатуға кірісетінін және орындау салымын төлейтінін сонымен бірге орындау ісін орындауға кететін барлык шығындарды өтейтінін түсіндіреді. [Заңның 74, 75тары], сондай- ақ егер де өндіруші етінсе, мүліктік ендіру туралы орындауды қамтамасыз етуге шаралар қолданады.

Атқару құжаттарын орындауға ұсыну мерзімдері. Сот шешімдерін өз уакытында толык. атқару көп жағдайда аткару құжаттарын орындауға ұсыну мерзіміне байланысты. Азаматтар мен тұлғалар мәжбүрлі орындауға құжаттарды мынадай мерзімдерде ұсына алады:

  1. сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары — үш жыл ішінде;

1-1) аралық соттардын немесе төреліктін шешімдерік мәжбүрлеп орындату туралы соттын, ұйғарымы негізінде берілетін аткару парактары — үш жыл ішінде,

  1. әкімшілік құқық бүзушылық туралы іс бойынша шығарылған сот қаулылары — егер заңмен эзге мерзімдер белгіленбесе, бір жыл ішінде;
  2. әкімшілік кұкық бұзушылықтар туралы істерді карауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары — бір жыл ішінде;
  3. прокурордын қаулылары — үш ай ішінде берілуі мүмкін.
  4. Аталған мерзімдер:
  5. мүлікті өндіріп алу бөлігінде сот актілері негізінде берілген атқару парактарын орындау кезінде — сот актісі занды күшіне енген не сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту немесе оған мәулет беру кезінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейінгі күннен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағ- дайларда - ол шығарылғаннан кейінгі күннен бастап;

1-3) аралық соттардың немесе төреліктің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілген атқару парактарьш орындау кезінде — шешім күшіне енген күннен кейінгі күннен бастап;

  1. әкімшілік құкық бұзушылык туралы іс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезінде — қаулы шығарылған күннен бастап;
  2. әкімшілік құқық бұзушылык туралы істерді қарауға уәкілетгі Органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулыларын орындау кезінде — мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабыдданғаннан кейінгі күннен бастап;
  3. қалған атқару кұжаттарынын барлығы бойынша — олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
  4. Мерзімді төлемдер өндіріп алу туралы шешімдер (алимент өндіріп алу туралы, мертіктірумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен келтірілген зиянды етеу туралы және баска істер бойынша) атқару кұжаттары төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі.

Орындау құжатын орындауға ұсыну мерзімі бөліп орындауға үзіліс болады. Үзілістен кейін мерзім ішінде қайта жаңарады. Үзілістен кейінгі жаңа мерзім, ол бойынша толықтай не жартылай орындалмаған кезде, өндірушіге орындау қағазын қайтарған күннен бастап саналады.

Сот орындаушысынын, орындау ісін төмендегідей жағдайларда тоқтатуы занда қарастырылған: қарызгер іс сапарда, емделу мекемесінде болса, сотқа қарызгер сот орындаушысына шағымданған кезде, қарызгердің өтініші, қарызгер немесе өндіруші жедел әскери қызметте болса, іздеуде болса.

Атқару әрекеттерін жасаудын уақыты мен орны. Атқару әрекеттерін сот орындаушысы қарызгердің (жеке тұлға) мекенжайы немесе жұмыс орнына қатысты, ал занды түлға — органның түрғылықты жері немесе онын мүлкінің түрған жері бойынша жүргізіледі. Қарызгерді нақты іс-әрекетті атқаруға міндеттейтін орындау құжаттарын орындауды сот орындаушысы осы әрекеттерді жасайтын орында жүргізеді.

Егер де қарызгер басқа жаққа кетіп қалса және мүлік бұрынғы орныңда болмаса, сот орындаушысы бұл жөнінде акт толткрады және атқару құжатын қарызгердің түратын жана мекен жайы, жана түрғылықты жері не мүліктін тұрған жаңа жері, жаңа жүмыс орны бойынша өзге аудандык сот орындаушысына жібереді, қарызгерге және орындау құжатын берген органға бүл жөнінде хабарлауы тиіс. [Заннын 24-бабы].

Атқару әрекеттерін орындау мерзімдері. Атқару құжаттары бойынша орындау мынадай мерзімдерде аяқталуы тиіс:

  • орындау сот ісін қозғаған күннен бастап екі ай мерзім ішінде;
  • құрылысты бұзу, технологиялык операциялармен байланысты орындау құжаттары бойынша, сондай-ак маманды шақыру арқылы мүлікті бағалаумен, сараптама жүргізумен, сауда өткізумен, қарызгердің мүлкі іздестірумен байланысты орындау құжаттары бойынша терт ай мерзім.

Атқару құжаттарын орындау кейінге қалдырылуы, мерзімі ауыстырылуы, мерзімі үзартылуы не болмаса [Заннын 13—16] баптарында қарастырылған негіздер бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін [ҚР АІЖК 233, 240].

Сот орындаушысы, қарызгер, ендіруші істі қараушы сотқа орындаудын тәсілі мен тәртібін өзгерту, сондай-ак ақшалай сомаларды индексациялау туралы мәселені қоюға құқылы.

Сот орындаушысы өз бастамасы немесе ендірушінін немесе қарызгердін арыздары бойынша орындау әрекеттерін жасауға кедергі болатын мән-жайлар болатын болса орындау істерін кейінге қалдырады. Орындау әрекеттерін кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады, оны аға сот орындаушы бекітеді және оны іске қатысушы тұлғаларға хабарлайды.

Атқару ісін тоқтата тұру. Сот орындаушысы төмендегідей жағдайларда сот ісін тоқтатуға міндетгі [Заңның 15-бабы]:

  1. қарызгерге өлім қаупі төнгенде, оны елді деп немесе іс- түссіз жоғалған деп жариялағанда;
  2. қарызгер болып табылатын занды тұлға қайта құрылғанда;
  3. қарызгерді іс-әрекетке қабілетсіз деп тану;
  4. қарызгер орындау қағазын сот тәртібімен жоққа шығарған жағдайда;
  5. әкімшілік жаза қолданған органнын (лауазымды тұлғанын) іс-әрекетіне сотқа шағымданғанда;
  6. сотқа орындау құжаты бойынша өндірілетін мүлікті тізімнен альш тастау (тыйым салуды алып тастау) туралы;
  7. қарызгер немесе өндіруіиі мүлікті бағалау нөтижелерін жоққа шығарғанда.

Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату. Атқарушылык іс жүргізу ісін тоқтату негіздеріне төмендегілер жатады:

  1. борышкердін, өңдіруден бас тартуы;
  2. қарызгер мен өндіріп алушы келісімге отырған жағдайда;
  3. егер де борышкер немесе өндіріп алушы болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін шешіммен анықталған талаптар немесе міндеттер қайтыс болған адамның құқық мирасқорына берілмейді;
  4. атқару құжатын орындау мерзімі өтіп кетсе;
  5. атқару құжатын берген органнын шешімін жоққа шығару;
  6. борышкер немесе өңдіріп алушы болып табылатын занды тұлғаны таратудың аяқталуы;
  7. егер де атқару құжаты бойынша қарыз толықтай төленіп бітсе немесе талаптар орындалса;
  8. атқарушы борышкерге қойған талаптарынан бас тартса.

Атқарушылық іс жүргізу ісін тоқтату туралы сот орындаушысы қаулы шығарады, ол атқату құжатымен бірге құжатты берген сотқа немесе органға қайтарылады. Онымек бір мезгілде атқаруды қамтамасыз ету бойынша шаралар жоққа шығарылады. Атқарушылык іс жүргізу ісі тоқтағаннан кейін сот жасауылының барлық іс-әрекеттері өз күшін жояды. [Заңның 20-бабы].

Атқару құжаттарын өндіріш алушыға құжатын қайтару. Қозғалған атқару ісінде орындау құжаттары, егер де қарыз толықтай немесе жартылай теленбеген мынадай жағдайларда ендірушіге қайтарылуы мүмкін:

  1. егер де өндіріп алушы атқару құжатын кайтару туралы арыз берсе;
  2. егер де борышкердің ақшасы, мүлкі бслмаса;
  3. егер де өндіріп алушы борышкердін сатьшмаған мүлкінен бас тартса;
  4. егер де сот борышкерге іздеу салса;

Өндіріп алушыға атқару кұжатын кайтару осы құжатты орындау үшін қайта ұсынуға кедергі болмайды [Заңның 21- бабы].

Атқару ісін тоқата туру, токтату туралы сот орындаушысынын қаулысына, атқару кұжатының қайтарылуына борышкер сотқа шағымдануына болады ,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәжбүрлі атқаруды қамтамасыз етудін шаралары мен тәртібі

Мәжбүрлі атқаруды қамтамасыз ету негізіне заң сот орын- даушысының бастамасын немесе өндірушінің арызьш жаткы- зады [Занның 33-бабы].

Атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар:

  • борышкердін, арызы немесе сот орындаушысьшын бастамасы бойынша тиісті түрде ресімделген атқару құжатын ұсыну;
  • сот орындаушысының орындау ісік қозғауы;
  • орындау ісін ерікті орындау мерзімінің өтіп кетуі.

Мәжбүрлі орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар;

  1. борышкердің өзіндегі немесе өзге жеке тұлғалар мен занды тұлғалардағы мүлікке немесе ақшалай сомаға тыйым салу;
  2. кімде болғанына қарамастан қарызгердің мүлкін тәркілеу;
  3. борышкерге ез мүлкін пайдалануға. біреуге беруге. сатуға немесе өзге әрекеттер жасауға тыйым салу;
  4. борышкердін мүлкін мөрлеу;
  5. борышкердін мүлкіне құқық бекітетін құжаттарды алып қою;
  6. борышкерге өз мүліктерін беруде және ол бойынша өзге мән-жайларды орындауда өзге түлғаларға тыйым салу.

Борышкердің мүлкіне жүгінгу. Борышкердің қарызын мүлкінен өндіргенде, ең алдымен қарызгердін ақшасы алынады (теңгемен, шетел ақшасымен, құнды кағаздар, қымбат бағалы бүйымдар мен металдар. оның ішінде банктегілері де бар). Борышкердін қарызын телеуге ақылай қаражаты болмаған жағдайда, қарызгерге тиісгі өзге мүлкіне жүгінеді.

Борышкердін жеке меншігінде өзге тұлғалармек бірге алынған мүлік болатын болса, онда қарыз оның үлесінен өндіріледі. Осы үлеске дау шыққан жағдайда оны сот анықтайды. Атқару кұжаты бойынша қарызды өнліретін борышкердін мүліктерінін тізімі занда бекітілгенін атап кеткен жөн. Оларға борышкер мен оның отбасына күнделікті тұрмыста қажетті затар (киім, аяқ киім, тағамдар, жанармай, мүлік және т.б.) жатады.

Орындау ісінің мәні