Отын түрлері
Жоспар:
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. .................... 2 - Қатты отындар.......................
.............................. .............................. ......3 - Сұйық отындар.......................
.............................. .............................. ......6 - Газ тәріздес отындар.......................
.............................. ...........................11 - Қорытынды ..............................
.............................. .............................. ....12 - Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
.............................. .........15 - Қосымша.......................
.............................. .............................. .................16
Кіріспе
Отын – жылу энергиясын алуға қолданылатын жанғыш заттар. Агрегаттық күйіне қарай – қатты, сұйық және газ тәрізді, жаратылысы бойынша – табиғи және жасанды отын деп ажыратылады.
- Табиғи огтындарға қазынды көмірлер (антрациттер, тас және қоңыр көмірлер), мұнай, газ, жанғыш сланецтер (тақтатастар), торф, ағаш, өсімдік қалдықтары жатады.
- Жасанды отындарға домна пешінің кокстері, мотор отындары, кокстық және генерат
орлықгаздар, т.б. жатады.
Отынның негізгі сипаттамасы – жану жылулығы. Отынның жану жылулығы – отынның толық жану кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшері. Оны төменгі және жоғарғы, меншікті және көлемдік жану жылулығы деп ажыратады. Төм. жану жылулығы жоғарғы жану жылулығынан отын жану кезінде түзілетін суды, сондай-ақ, оның құрамындағы ылғалды буландыруға жұмсалатын жылу мөлшерінен кем болады. Мысалы, тас көмірдің жану жылулығы 28 – 34 МДж/кг, бензиндікі – 44 МДж/кг-ға жуық; табиғи газдың көлемдік төм. жану жылулығы 31 – 38 МДж/м3. Әр түрлі отынды салыстыру және оның қосынды қорын есепке алу үшін шартты отын түсінігі пайдаланылады, оның ең төм. жану жылулығы 29,3 МДж/кг. Техниканың жаңа салаларының дамуына байланысты “отын” термині кең мағынада қолданылады, ол энергия көзі болып табылатын барлық материалдарға да (ядролық отын, зымырандық отын) қатысты айтылады.
2. Қатты отындар.
Тас көмір – көмірленудің жоғары деңгейі бар және күлсіз, бірақ дымқыл негізде немесе шағылдыру коэффициентінің витриниты 0,5 және одан да көп, 24 МДж/кг -нан астам (5700 ккал/кг) жылу шығару қабілеттілігі жоғары көмір. Түсі қара, қара сұр, құрамдас бөліктеріндегі тығыздығы ең жоғарғысы инертинит 1,48 – 1,5 г/см3, ал ең төмені липтинит 1,12 – 1,18 г/см3. Олар алынған көмір типтеріне сәйкес жіктелуі мүмкін емес, тұндырылмаған шлам, көмірдің аралық өнімдері және көмірдің басқа да төмен сұрыпты өнімдері тас көмірге жатқызылады. Тас Көмірдің петрографиялық құрамы макротиптер немесе литотиптер (жылтыр – кларен, жартылай жылтыр – дюрен-кларен, жартылай күңгірт – кларен-дюрен, күңгірт – дюрен және витрен) мен олардың басқа түрөзгерістерінен тұрады. Тас Көмірдің органикалық бөлігіне кіретін элементтер: көміртек 75 – 97 oС, сутек 1,5 – 5,5 oС, оттек 2 – 18oС, азот 0,3 – 3 oС аралығында, олардан басқа зиянды қоспа саналатын күкірт пен фосфор және кейбір сирек элементтер болады. Қазба көмір құрамында битумдар, гумин қышқылдары, фульвоқышқылдары және қалдық көмір кездеседі.Тас Көмірді техникалық талдау нәтижесінде оның пайдалану үшін қажетті физика-механикалық қасиеттері: күлділігі, ылғалдылығы, күкірт пен фосфор мөлшері, ұшқыш заттар шығымы, қызу бөлгіштігі, т.б. анықталады. Тас Көмірді қолдану ауқымы әр алуан. Ол тұрмыстық, энергетикалық отын, металлургия және химиялық өнеркәсіп үшін шикізат ретінде (қ. Кокс, Кокс химиясы көмірөнеркәсібі), сондай-ақ одан сирек және шашыраңқы элементтерді алу үшін пайдаланады. Тас Көмірдің Қазақстандағы қоры 71,6 млрд. т-ға тең, оның ішінде кокстелетіні 17%-ды құрайды.
Қоңыр көмір немесе лигнит - өзі құралған өсімдік затының анатомиялық құрылымын сақтайтын көмірленудің төмен деңгейі бар көмірді білдіреді. Күлсіз негізде оның жоғарғы жылу шығару қабілеттілігі 24 МДж/кг-нан (5700 ккал/кг) кем, бірақ дымқыл негізде оның шағылдыру коэффициентінің витриниты 0,5-тен кем.
Антрацит [1] – көмірленудің ең жоғарғы
дәрежесіне жеткен көмір. Сыртқы белгілері: түсі қара
сұр немесе сұр қара, металдай жылтыр,
құрылымы әр түрлі, қолға жұқпайды. Эндогенді
жіктер мен сызаттарының арасы 2 – 20 мм,
кейде 80 мм болып келеді. Меншікті салмағы
1,37 – 1,68 г/см3, органикалық массасының
меншікті салмағы 1,5 – 1,8 г/см3, ылғалдылығы
1 – 3%, газ бөлінуі 2 – 4%. Химиялық құрамында
94 – 97% көміртек; 1 – 3%-дай сутек пен оттек;
1 – 2%-дай күкірт пен азот бар. Жылу қуаты 8,1 – 8,2 мың ккал/кг, кокстегенде түйіршікт
Шымтезек - ауаның шектелген (күйдірудің
бастапқы кезеңі) және жоғары ылғал жағдайындағы
қатып қалған өсімдіктің ішінара бөліну
нәтижесінде құрылған қатты отынды білдіреді.
Оған торфтың отын ретінде пайдаланылатын
бөлшегі ғана жатады. Өсімдік қалдықтарының
топыраққа, сазға кәмілуінен тығыздалып
пайда болған қоңырқай, кейде сарғыш құреңдеу
келетін тау жынысы. Торф отқа жақсы жанады,
сондықтан оны шымтезек деп те атайды.
Каттылығы 1, меншікті салмағы 1,05. Мұның
арасында өсімдік қалдықтары да (шәптің,
ағаштың сабақтары, тамырлары т. б.) көп
болады жә-не олар кезге айқын көрініп
тұрады. Торф ішіндегікөміртек орта есеппен алғанда 60% шамасында.
Ағаштағы көміртек 50%, демек, торф көміртекке
10%-тей байыған әрі тазарған. Шық қ а н өсімдіктерінің
түріне қарай торф орман торфы, шабындық
торфы, мүк торфы деп бірнеше түрлерге
айрылады. Торф — жас жағынан алғанда
геологиялық дәуірдің ед кейінгі шөгіндісі.
Торф кені Ленинград, Москва облыста
Кесекшелі отын – тас көмірлі кесекшелердің басқа де белгіленуін білдіреді. Кесекшелеу үдерісінде көмірдің ұсақ бөліктері қатты қысым мен байланыстырушы заттардың қосылуымен температураның әсерінен кесекшелердің дұрыс қалпына күйежентектеледі.
Қоңыр көмір кесекшелері – лигниттен дайындалады, ол ұсақтау мен құрғатудан кейін байланыстырушы заттарды қосусыз, жоғарғы қысымның әсерінен дұрыс қалыптағы кесекшелерді құрай отырып күйежентектеледі.
Шымтезек кесекшелері – шикі торфтан дайындалады, біріктіретін заттарды қосқаннан кейін немесе оларсыз, сондай-ақ кептіруден кейін жоғары қысымда дұрыс формалы брикеттер құрып біріктіріледі.
Кокс – ауа жіберілуі толық болмаған
кезде (карбондау) көмірді немесе лигнитті
құрғақ айдау жолымен алынған қатты қалдықты
білдіреді.Кокс (нем. koks) – көмірді немесе мұнайлы шикізаттарды
кокстеу арқылы алынатын жасанды қатты
отын. Тас көмір Коксін пайдалану 18 ғ-дан
белгілі. Алғаш рет Кокспен шойын балқыту 1735 жылы Ұлыбританияд
Көмірден алынған кокс - көмірден алынған брикеттерден карбондау жолы арқылы алынатын қатты өнімді білдіреді.
Ыстық тақта тас – құрамында органикалық заттар (кероген) жоғары болатын тұнбалы жыныс, ол шикі мұнайға немесе қыздыру жолымен газға айналуы мүмкін.
Битуминозды құмдар – қыздыру немесе басқа да бөлу процестері кезінде мұнайды бөліп шығаруға қабілетті, құрамында жоғары шайырлы көміртектер болатын құм немесе құм тастарды (битумдар) білдіреді. Сонымен қатар қарапайым әдістермен коммерциялық өндіруге, яғни табиғи фонтандау немесе айдау арқылы өндіруге мүмкіндік бермейтін, тығыздығы және тұтқырлығы жоғары шикі мұнай мен қалың тұтқырлы мұнай өнімдері қосылған. Олар табиғи жағдайда ақпайтын болғандықтан, яғни олар қанықтыратын, қатты жыныстардан арылуы керек, арнайы әдіспен, мысалға қыздыру арқылы. Шикі мұнайдың ауыр түрлері қатты отын санаттарына жатқызылған. Шикі мұнай мен битумдар арасындағы айырмашылықтарын анықтау факторларының бірі ретінде тұтқырлық қолданылуы керек. Аса ауыр шикі мұнай, ауыр шикі мұнай және басқа да мұнай түрлерінің арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін тығыздық ескерілуі керек.
Битумдардың 10000 сантипуаздан асатын тұтқырлығы бар. Шикі мұнайдың әр түрлі түрлерінің 10000-ға сантипуазға тең немесе одан кем тұтқырлығы бар. Бұл тұтқырлық шамалары газдың және мұнай қабатының бастапқы температурасының болмаған кезде орындалатын өлшемге жатқызылады.
Шикі мұнайдың аса ауыр түрлері - олардың тығыздығы 1000 кг/м3 жоғары. Шикі мұнайдың аса ауыр түрлері 934-ден 1000 кг/м3 дейін қоса тығыздықтары болады. Бұл тығыздықтар 15,60С және атмосфералық қысымда өлшенеді
3. Сұйық отын
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы
сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске
жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті
түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі
бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы
қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнайдың, ал
ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы
зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В.
Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы
бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың
шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын
ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен
орналасқан шымтезекті шөгінділерден
жерасты ыстығымен қою, майлы материя
шығарылып, саңылаулар арқылы ағады...
Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты,
жанатын және құрғақ, қатты материялардың
пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...»,
– деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.Мұнайды
қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын
қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан
шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтік
Шикі мұнай – бұл түсі сарыдан қараға дейін, әр түрлі үлес салмағы және тұтқырлығы бар, табиғи көміртек қоспасынан құрылған минералдық май. Бұл санатқа битуминозды материалдардан (тақта тастан, битуминозды құмнан және т.б.) алынған шикі минералды мұнай өнімдері қосылған. Шикі мұнай бойынша деректерге сепараторлы қондырғыларда газ тәрізді көміртектерден бөлінетін ілеспе (газ) конденсаты қосылған.
Спирт - әдетте оған отын ретінде пайдаланылатын этанолды (этил спирті) және метанолды (метил спирті) жатқызады. Этанолды қанттан, крахмалдан және целлюлозадан алуға болады, ол негізінен транспортта пайдаланылады (таза немесе бензинмен қоспа күйінде). Метанол сүректен, ауылшаруашылық дақылдардан, шөптен және т.б. өндірілуі және қозғалтқыштарда іштей жану үшін қолданылуы мүмкін.
Табиғи газдан алынған сұйық заттар – табиғи газды өндіру, тазалау және тұрақтандыру кезінде алынатын сұйық немесе сұйытылған көміртектерді білдіреді. Олардың бутан, пропаннан бастап және ауыр дизельді отындардан аяқтап әр түрлі мінездемелері бар. Бұл санатқа: кәсіптік газдардан жасалған бензин, сұйытылған мұнай газы (ТМД) немесе зауыт конденсаты қосылған.
Зауыт конденсаты – табиғи газды қайта өңдеу үшін зауыттарда дымқыл табиғи газдан жасалған қоюландырылған сұйық көміртектерден алынады. Ол мұнай өңдейтін зауыттарда бастапқы өнім ретінде пайдаланылады.
Кәсіптік газдардан жасалған бензин – дымқыл табиғи газдан, соның ішінде шикі мұнаймен бірге алынған жеңіл бензинді білдіреді. Ол мұнай өңдейтін және мұнай-химиялық зауыттарда бастапқы өнім ретінде, сонымен қатар ары қарай өңдеусіз автокөлік бензинімен тікелей араластыру үшін пайдаланылады.
Мұнай өнімдеріне айдау және шикі мұнайды, ыстық тақтатасты немесе жартылай қайта өңделген және толық өңделмеген мұнай өнімдерін крекингтеу жолымен алынған сұйық отын, жанар-жағар майы және қатты, жартылай қатты өнімдер жатады.
Авиациялық бензин – октандық саны 80-145 RON (зерттеу октандық саны) және -60оС-ге тең мұздату температурасы бар авиациялық поршеньді қозғалқыштарда қолдану үшін арнайы дайындалған автомобиль бензинін білдіреді.
Автомобиль бензині – авиациялыққа қарағанда еріксіз (ұшқынмен) тұтанатын қозғалтқыштарда пайдаланылатын жеңіл көміртекті отын. Ол 35 - 200оС температурада айдалады және осылайша, әдетте 80 – 100 RON құрайтын, жеткілікті деңгейдегі жоғары октандық санды алу үшін өңделеді. Өңдеу риформинг жолымен, қандай да бір ароматикалық фракцияларды араластыру немесе бензолды не басқа да тұнбаларды қосу (мысалы, тетраэтильді қорғасын) жолымен өндіріледі.
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға – бензин және керосин типтегі отындар жатады. Бензин типіндегі реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға 100 - 250оС температурада айдалатын, мұның өзінде 143 оС температурада ең аз шамамен көлемнің 20% айдалатын, авиациялық газтурбиналы қозғалтқыштарда қолдануға арналған жеңіл көміртекті отынның барлық маркалары кіреді. Олар көлемдегі хош иісті көміртектердің құрамы 25% аспайтындай, керосинді және бензинді немесе лигроинді араластыру арқылы табылады. Қосымша қату температурасын –580С төмендету үшін және будың серпімділік деңгейін Рейд бойынша 0,14 – 0,21 кг/см2 диапазонында демеп тұру үшін присадкалар енгізіледі. Керосин типіндегі реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға авиациялық газтурбиналы қозғалқыштарда қолдануға арналған орташа ашық отын жатады. Олар керосиндікіндей тұтану температурасы және айдау мінездемелері бар, көлемдегі хош иісті көміртектердің ең жоғары құрамы 20%. Олар температурасы – 340С және қату температурасы – 500С кезіндегі кинетикалық тұтқырлығы 15 сСт** төменге келтіру үшін өңделеді.
Керосин – 150-300оС температурада айдалатын, мұның өзінде 250оС температурада аз мөлшерде көлемнен 65% -ы айдалатын орташа отын болып табылады. Оның үлес салмағы шамамен 0,80 құрайды, ал тұтану температурасы 38оС-дан жоғары. Ол жарықтандыру үшін қолданылады, сонымен бірге кейбір ұшқынмен тұтанатын қозғалтқыштар типінде, мысалы, ауыл шаруашылығы тракторларында және стационарлық қозғалтқыштарда қолданылатын қозғалтқыштарда отын ретінде қолданылады.
Газойль (дизельдік отын) - 200-380оС температурада айдалатын ауыр фракцияларды қосады, бірақ 250оС температурада көлемнің 65%, ал 350оС температурада 85% немесе одан жоғары айдалады. Оның тұтану температурасы әрқашан да 50оС-дан жоғары, ал үлес салмағы 0,82-ден асады. Араластыру жолымен алынған ауыр дизельдік отын 38оС-де кинематикалық тұтқырлығы 27,5 сСт-дан аспайтын газойль мен бір топқа жатқызылады. Сонымен бірге мұнайхимия өнеркәсібіне арналған орташа дистилляттар қамтылады.
Газойлдар дизельдік қозғалтқыштарда іштен жану үшін отын есебінде қолданылады, жылыту қондырғыларында бүріккіш отын ретінде пайдаланылады. Басқа атаумен бұл өнім дизельдік отын болып табылады.
Қалдық мазут отыны – атмосфералық қысым кезінде айдаудың қалдық өнімін білдіретін ауыр мұнай өнімі болып табылады. Ол кинематикалық тұтқырлығы 38оС температурада 27,5 сСт-н асатын отынның барлық түрлерін (араластыру жолымен алынатындарды, қоса) қамтиды. Оның тұтану температурасы үнемі 50оС-ден жоғары және үлес салмағы 0,90-н жоғары. Ол кемелерде және ірі өнеркәсіптік жылыту құрылғыларында өнеркәсіптік пештер мен қазандықтарға арналған отын ретінде қолданылады. Бұл өнімнің басқа атауы – мазут.
Сұйытылған мұнай газы – қалыпты температура мен қысым жағдайында газ тәрізді болатын, бірақ сақтауды, артық жүктеу мен тасымалдауды жеңілдету үшін қысу немесе салқындату жолымен сұйытылған көміртектер атауы. Олар 1) шикі мұнай және табиғи газдың кен орындарында жеңіл фракцияларды айдау жолымен экстракцияланады; 2) импорттайтын елдердің қондырғылардына импорталатын табиғи газдың жеңіл фракцияларын айдау жолымен экстракцияланады; 3) шикі мұнайды қайта өңдеу зауыттарында немесе одан тыс зауыттарда өндіріледі. 1 және 2 пункттердегідей алынған заттар табиғи газдан алынған сұйық заттар бөліміне қосылған. Сұйытылған мұнай газы пропаннан (С3 Н8), бутаннан (С4 Н10) немесе осы екі көміртектің қоспасынан тұрады. Ол сондай-ақ мұнай өңдейтін немесе табиғи газ өндіретін кәсіпорындарға тиісті зауыттарда алынатын этанды (С2 Н6) қосады.
Өнеркәсіптік газ – мұнай өңдейтін зауыттарда жиналатын, әдетте осы зауыттарда отын ретінде толығымен пайдаланылатын конденцияланбайтын газды білдіреді.
Шикі өнімдер – ары қарай өңдеуге арналған, шикі мұнайдан алынған өнімдер немесе өнімдердің қоспасы. Олар бір немесе бірнеше құрамдарға, сондай-ақ ақырғы өнімге қайта өңделеді. Бұл анықтама мұнай өңдейтін зауыттарда шикізат ретінде пайдаланылатын нафтаға және мұнай өңдейтін өнеркәсіптің химия өнеркәсібінен қайтарылған нафтаға да жатады.
Нафта – 30–2100С температурада айдалатын, жеңіл немесе орташа фракцияларды атайды, олар үшін ресми анықтама жоқ, олар автокөлік бензиніне бекітілген стандарттарға сәйкес келмейді. Бұл қасиеттер тұтынушылардың техникалық шарттарына байланысты. Әдетте күкірттің аз мөлшері кезінде көміртегі мен сутегінің ара қатынасы 84:14 или 84:16 құрайды. Нафтаға присадкалар қосылуы мүмкін немесе ол жоғары сапалы автокөлік бензинін, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын шығару үшін басқа материалдармен араласуы мүмкін немесе өнеркәсіп газын өндіру үшін шикізат ретінде пайдалануы мүмкін. Нафта кейде шикізат материалдарын алу үшін бастапқы өнім ретінде, әр түрлі химиялық өнімдерді дайындау үшін пайдаланылады немесе еріткіш ретінде пайдалануға болады.
Уайт-спирит (өнеркәсіптік спирт) – бояуларды еріту және киімдерді химиялық тазалауға арналған еріткіш ретінде пайдаланылатын, температурасы 135–2000С диапазонында қайнайтын жоғары тазаланған дистиллят болып табылады.
Жағар май 380-500оС диапазондағы температурада айдалатын және атмосфералық қысым кезінде мұнайды айдаудан қалған қалдықтарды вакуумдық айдау кезінде алынатын, парафинге бай, тұтқырлықты сұйық көмірсутектері. Олардың сипаттамасын өзгерту үшін оған тұнбалар қосылуы мүмкін. Олардың тұтану температурасы 125оС жоғары, диапазондағы тұрақсыздықты жоғалту температурасы -25оС – +5оС, қышқылдық саны үлкен (0,5 мг/г), күл немесе судың құрамы төмен. Жағар салқындатқыш эмульсиялары, ақшыл май, веретендік май және консистентті жағу қамтылған.
Битум – атмосфералық қысым кезінде мұнайды айдау қалған қалдықты ваккумдық айдаудан кейін қалдық ретінде алынған, қоңыр немесе қара түсті коллоидтық құрылымы бар қатты немесе тұтқырлықты көмірсутегі. Кейде ол бисульфит көміртегінде ериді, ұшпайды, 150о және 200оС температурасы диапазонда жылуға икемді болып келеді және оқшаулағыш және жабысқақтық қасиеттерге ие. Ол әдетте, қорғаныш жабындарын жалату үшін қолданылады және жол жабындарына, төбелерге су өткізбеушілік қасиет береді.
Мұнай парафині – жағар майларды депарафинизациялау кезіндегі алынатын қалдық сияқты алынатын алифатикалық қаныққан көміртектерге жатады. Олардың негізгі мінездемелері мынадай: олар түссіз, көп жағдайда иісі жоқ және жартылай мөлдір; балқу температурасы 450С асады, үлес салмағы 800С кезінде шамалап 0,77 және кинетикалық тұтқырлығы 990С кезінде 3,7–5,5 сСт құрайды. Бұл парафиндер шам, қырланған құрамдар өндіру және контейнерлердің, орау материалдарының және т.б. су өткізбеушілігін келтіру үшін пайдаланылады.
Мұнай коксы - крекинктеу және пеште карбондау жолымен алынатын қара жылтырайтын қалдық болып табылады. Ол негізінен көміртектен (90-95%) тұрады және әдетте күлді құрамай жанады. Ол негізінен металлургиялық үдерістерде қолданылатын және оларға көмірді карбондау негізінде алынатын қатты қалдықтар жатады.
Басқа да мұнай өнімдері – басқа да санаттарға жатқызылмаған мұнайдан шығатын өнімдерді (жартылай қайта өңделетін өнімдерді қоса) қамтиды.
Шайыр (Смола) — табиғи және синтетикалық түрлері
бар. Табиги шайырлар кейбір өсімдіктердің
қалыпты физиологиялық алмасу кезінде
боліп шыгаратын, мөлдірлігі мен бояуы
әр түрлі аморфты өнімдері (янтарь, канифоль жөне
т.б.). Табиғи шайырлар қыздырғанда, органикалық
еріткіштерге салғанда ериді немесе көпсиді,
жұқа қабыршаққа айналуга икемді. Синтетикалық
шайырлар поликонденсация арқылы алынатын олигомерлердің дәстүр
Табиғи газ - газ тәрізді түрде немесе табиғи
жер асты қаттарының мұнайымен ерітінді
күйінде болатын көмірсутекті және аз
мөлшердегі көмірсутекті емес қосылыстардың
қоспасын білдіреді. Ол ішкі санаттарға
жатқызылуы мүмкін, мысалы ілеспе газ
(кен орындарындарынан сұйық күйінде,
сондай-ақ газтәрізді көмірсутегі ретінде
алынатын), ерітілген газ немесе ілеспе
емес газ (тек көмірсутегі ғана қосылатын
кен орындарынан газтәрізді күйде алынатын).
Көмір шахталарынан алынатын метан (СН4),
ақаба судың газы және тасымалдауға арналған
табиғи газ, тасымалдау үшін сұйытылған
газ қосылған. Мұнда бу серпімділігін
және қысымды ұлғайту үшін қолданылатын
газ, сондай-ақ қандай да бір басқа үлгіде
шығарылатын немесе жоғалатын, фанельде
сұйытылатын газ, табиғи газдан алынған
сұйық заттарды ыдырату үрдісінде орын
алатын жоғалымдар кірмейді.
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды —
92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына
ауырырақ көмірсутектер -метанн
- этан (C2H6),
- пропан (C3H8),
- бутан (C4H10).
Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:
- сутек (H2),
- күкіртсутек (H2S),
- көміртек диоксиді (СО2),
- азот (N2),
- гелий (Не).
Генераторлық газдар – бұл байытылған немесе байытылмаған мұнай өнімдерін карбондау немесе газдандыру арқылы өндірілетін газ. Оған негізгі мақсаты өнеркәсіптік газ өндіретін кәсіпорындармен өндірілетін газдың барлық түрлері жатады. Оған табиғи газды крекингтеу және газды риформингтеу немесе қарапайым араластыру арқылы өндірілетін газ жатады.
Кокс газы – коксты пештерде кокс өндірісі кезіндегі карбонизация процесінің жанама өнімі болып табылады.
Колошникті газ – пештен қайта қалпына келіп шығар кездегі домндік пештердің жанама өнімі болып табылады.
Биогаз – биомасса бактериясы ферментациясының жанама өнімі болып табылады, бастысы түбі жануар қалдықтары. Ол негізінен метан газынан және көміртек екі окисінен тұрады.
Энергетикалық қамтамасыз етілу кез-келген өнеркәсіптің дамуымен
технологиялық процесінің қажетті шарты болып табылады. Химиялық
технологиялық процестерден бөлінген жылуды тиімді қолданып, өндірістің
экономикасын арттыру қажетті энергетикалық міндетті болып табылады.
Жалпы дүние жүзі бойынша өндіріс салаларының өнімдері әрбір 25 жылда екі есеге жуық, ал энергия түрлерін өндіру әрбір 12 – 13 жылда екі есе артады. Елімізде энергетикалық отынның негізгі ресурстары көмір, мұнай, газ басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда мол, олардың дені электр және жылу энергиясын өндіруге пайдаланады. Энергетикалық ресурстарға жататын байырғы көмірдің, мұнай мен газдың, тақтатастың, шымтезектің т. б. жалпы энергетиканы дамытудағы ролі өсіп отырады.
ЭР-мен қатар өзімізге бұрыннан белгілі отын түрлерінің қорларын 2 опқа
бөліп қарастырайық. 1-ші топқа байырғы энергетикалық отын түрлері: көмір,
мұнай, газ, шымтезек, тақтатас т. б. жатады. 2-ші топқа негізінен болашақтық
энергетикалық ресурстары күн, жел энергиясы, өзен, теңіз, мұхит сутегі және
атом энергиялары т. б. жатады.
Көмір. Көмірді, әсіресе олардың энергетикалық түрлерін электр станциялары
мен жылу станцияларында пайдалану көлемі едәуір өскені байқалады, бұл
қарқын келешекте де сақталатын болады. Энергетикада пайдаланылатын көмір түрлері әр алуан электр станцияларының пештерінде отын есебінде немесе коммуналдық шаруашылық саласында жылу өндіру үшін қолданады. Көмірді әр түрлі технологиялық процестер үшін қолдануға да мол мүмкіндіктер туып отыр, әсіресе кокс, жартылай кокс, газ өндіру, көптеген шикізаттар алу үшін пайдалану тиімді деп саналады. Қазір көмірді өңдеу арқылы 300-ден астам зат алынады екен. Солардың ішінде синтетикалық бензин, май түрлері, әр түрлі бояулар, пластмассалар, дәрі – дәрімектер тағы басқа. Қазақстан жерінің көмір байлығы да орасан мол, оның құт қойнауларынан қазірдің өзінде 400 астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір қоры 162 млрд. т-дан асып отыр.Республика бойынша 1985 жылы көмір өндірудің деңгейі 134 млн. тоннаға жетіп, оның дені Екібастұздың энергетикалық көмірінен алынды. Совет дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылып, олардың көпшілігі Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылып, олардың көпшілігі Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей және Шығыс Қазақстан сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың территориясына орналасқан. Республикамыздың негізгі көмір орталығы – Қарағанды, оны еліміздің үшінші көмір ошағы деп орынды атайды. Қарағанды бассейнінің алып жатқан аумағы 3000 шаршы километр, ал оның есептелген көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында 40 астам бүгінгі техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс істейді, олар тәулігіне мыңдаған тонна кокс және энергетикалық көмір түрлерін өңдейді.
Екібастұз көмір бассейнінің алып жатқан аумағы 120 шаршы км, аумағы
үлкен болмағанымен, көмір қоры жағынан ол Франция, Бельгия сияқты
елдердің көмір қорынан әлдеқайда көп. Мұнда көмір қабаттарының қалыңдығы 100 – 120 м. дейін жетеді, ал есептеген жалпы көмір қоры 10 млрд. тоннадан астам. Көмір алыптарының бірі – Майкүбі кені, Екібастұзға жақын орналасқан, оның қойнауында 10 млрд. т. тас көмір және қоңыр көмір бар. Көмірі сапалы күл қалдығы 7 – 18 % - тен аспайды. Бассейннің көмір қабаттары таралған ауданы 1400 шаршы км-ден асады. Майкүбі көмірінің сапасы Екібастұз көмірімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, оны жартылай отын есебінде пайдалануға болады.
Шымтезек. Планетамыздың байырғы энергетикалық отын ресурстарының
бірі – шымтезек. Көптеген көлдер мен тұйық суларда мол жиналған өсімдік
қалдықтары, кейіннен олардың сулары тартылғаннан құрғап шымтезекке
айнала бастайды. Әрине, бұл – ұзақ уақытты қамтитын күрделі процесс.
Мысалы, қалыңдығы 1 м шымтезек табиғатта пайда болуы үшін кемінде 30 – 50 жыл уақыт қажет. Шымтезектің құрамы құрғақ, кептірілген түрде орта есеппен 60 % - С, 6 % - Н2, 32 % - О2, 2 % - N2 бар. Қазақастан территориясында шымтезек кендері көбінесе шағын ойысты жерлерде, ескі кен орындарында кездеседі. Шымтезектің көп кездесетін жерлері Қостанай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облысының жазық далалары.
Мұнай. Халық шаруашылығы салаларын өркендетуде мұнайдың ролі орасан
зор. Мұнайдан бензин, керосин, дизель майлары, мазут және тағы басқа
жанармай түрлері өндіріледі. Сонымен қатар одан әр түрлі синтетикалық
аммиак, бояу, лак, парафин, спирт түрлері, пластмасса сияқты химия өндірісіне қажетті көптеген шикізат түрлерін алуға болады. Химиялық құрамы жағынан
мұнайда көмір сияқты органикалық қосылыстардан, көміртегі мен сутегінен
тұрады. Мұнайдың өзіне тән басты ерекшеліктері де бар.Біріншіден, мұнай құрамында Н2 мөлшері 13 % шамасында, яғни қатты отын түрлерінде кездесетін сутегінің көлемінен әлдеқайда көп. Осыған байланысты оның жылулық қуаты да жоғары, өйткені Н2 жанғанда аса көп мөлшерде жылу
береді. Екіншіден, мұнай құрамында О2 тым аз кездеседі, ал қатты отында оның мөлшері көп болғанымен жылыту қабілеті төмен болады. Үшіншіден, мұнай құрамында Н2О және минералды қосылыстар мүлде кездеспейді десе де болады, ал олардың кездесуі қандай заттың болса да жылулық қасиетін төмендететіні белгілі. Елімізде мұнай мен газдың энергетикалық отын балансындағы мөлшері 1958ж. – 32 % болса, 1965 ж. – 52 %,
ал 1976 ж. – 70 %-ке жетеді. 2000 ж.шамасында дүние жүзі бойынша пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың жалпы мөлшері шартты отын есебімен есептегенде 25 – 30 млрд. тоннаға
жетпек. Оның ішінде мұнай мен газдың үлесі 50 %, ал көмірдің мөлшері 15 – 20% шамасында болады.

- Отягчающие обстоятельства
- О. Уильямсон и трансакционные издержки
- ОУН та УПА в роки Другої світової війни
- О физической культуре
- О физической культуре и спорте в Российской Федерации
- О философии любви
- О финансах в РФ
- Отчуждение
- Отчуждение Гегеля
- Отчуждение как социально философский феномен
- Отчужденный труд
- Отшдюіропмжрдюі
- Отыз сегiзiншi соз
- Отындық бағыт