Практиканың мақсаты және тапсырмасы
КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫҢ ПРОГРАММАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.Кіріспе
2.Практиканың мақсаты және тапсырмасы
3.Жалпы жағдайы
4.Практиканың мазмұны
5.Есептің мазмұны мен құрамы
6.Есептің безендірілуінің талабы
7.Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ.Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірін алады, әсіресе энергетикалық тарапы өркендеуінде өзінің зор үлесін қосады.
Жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, жалпы шаруашылық пен транспорттың дамуын жеңілдетті.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ және газоконденсат кен орындарына өте бай, олардың көпшілігі Қазақстанның Батыс бөлігінде орналасқан және қазіргі уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде.
Қазақстанның Батыс бөлігі бойынша ашылған кен орындары көбіне Каспий маңы ойпатының тұз-күмбездегі құрылымда орналасқан.
Сондай-ақ Каспий маңы ойпатында терең жатқан мұнай кеніштерін игеруге өнеркәсіптік жұмыстар мыналарға қол жеткізді: Континентальды шельфтегі мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жеделдету және осы үшін керекті өндірістік-техникалық базаның жасақталуы.
Осы аудандағы
мұнай-газ кен орындарының
С. Балғымбаев кен орны 1968 жылдан өндірістік іске қосылды. Қазіргі уақытта төрт өнімді горизонт бойынша өндіріледі: олар апт-неоком, неоком, және орта юра.
Тарау I. Жұмыс ауданы туралы жалпы мәлімет
С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеру 1968 жылдан басталған. Бұл кен орны, Орал мен Еділ аралығында, теңізді зонада орналасқан.
Облыстық басқару және өндірістік орталығы Атырау каласы Аққыстау поселкесінен 84 км қашықтықта, ал С.Балғымбаев кен орны 76 км шығыс жақ бетте орналасқан. Бұл кен орны өте қолайлы экономикалық зонада, Ембі мұнайлы аймағының батысында және Солтүстік Каспийдің жаңалық аймағында орын тепкен.
С.Балғымбаев кен орны геологиялық барлау жұмыстарына сәйкес қолайлы құрылымдардан: Қамысты, Жаңаталап, Шәліп, Бақсай, Манаш, Граннан тұрады. Осылардың ішінде өндірістік мұнайлы деп табылған және мұнай игерілетіндер: Қамысты, Жаңаталап, Гран, Ровное.
Геоморфологиялық жағынан алғанда, қарастырылып отырған аудан теңіздік аккумулятивтік минус 20 метр белгіде, ал солтүстікте абсалюттік белгі минус 30 метр болады.
С.Балғымбаев тұз күмбездерінің төмен түсуіне байланысты ол жер рельефті жаззықтармен сипатталады.
Топырағы құмды, кейбір жерлерінде саз балшықтармен алмасады.
Өсімдіктер әлемі тапшы, көбінесе қамысты типті өсімдіктер өседі.
Грунт суларының деңгейі 1,5-2 метр тереңдікте орналасқан. Құмды бөліктеріндегі суы аз минералданған. С.Балғымбаевтың өз территориясында өзен жоқ. Кен орны территориясынан Солтүстік-Шығысқа қарай, Орал өзенінің бөлігі болып есептелетін Бақсай өзені ағып өтеді. Су тасыған уақытта ағынды сулар молаяды,жазда ол, су айдау станциялары арқылы Орал өзенінің есебінен болады.
Теңіз жағалауы С.Балғымбаевтан Оңтүстікке қарай 12-15 км қашықтықта жатады.
Аудан климаты континентальды. Жазы ыстық, қысы суық. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 160 пен 300 мм аралығында ауытқып тұрады.
Ауданның жергілікті тұрғындары және өндірістік дені-қазақтар. Ауыл және мал шаруашылықтары жақсы дамыған.
Грунт суының деңгейі 1,5 -2 м тереңдікте орналасқан, бұл су әлсіз минералды, негізінен құмды барханды аумағына сәйкес келеді. Кен орнының аумағында өзендер жоқ. Солтүстік – шығыстан Бақсай өзені ағып өтеді, бұл өзен Жайық өзенінің бір саласы. Бұл өзенде су суландыру кезеңінде мол болады, ал жазда су Жайық өзенінен суайдау станциясы арқылы құйылады.
Теңіз жағалау сызығы кен орнынан оңтүстікке қарай 12-15 км жерде орналасқан.
Тарау II. Геологиялық-геофизикалық жағдайы
С.Балғымбаев кен орнын игеру 1968 жылдан басталады. 01.01.2008 ж. мәлімет бойынша кен орнынан жалпы 14439,9 мың т. мұнай өндірілді, бұл балансты қордың 51,4%, алынатын қордың 92,0% құрайды. Сонымен қатар 74381,3 мың т. сұйық, 273,2 млн.м3 газ өндірілді. Объектілер бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі келесідей бөлінеді: максималды үлес 1 объектіде – 77,6%, 2 объектіде – 19,0%, 3 объектіде 3,4%.
2009 жылы мұнай өндіру сурет Г-да көрсетілгендей 99,1 мың т. құрады. Ол объектер бойынша былай жіктелген: 57,9 мың т – 1 объект; 26,3 мың т. – 2 объект; 14,9 мың т – 3 объект. Өндірілген мұнайдың сулануы 93,4% болды.
Жалпы кен орны бойынша соңғы мұнай алу коэффициенті 0,51% құрады. 1 және 2 объекті қабаттарына жылдық су айдау 1650,0 мың т. болды.
Динамиканы анализ жасау кезінде әрбір игеріліп жатқан горизонттың, игерудің негізгі технологиялық көрсеткіштері: мұнай және сұйық өндірудің өсуі, тұрақтауы және төмендеуі, өндіру ұңғылардың орта тәуліктік өнімділігіне тәуелді деңгейдің өзгеруі, айдау ұңғыларының жұту көрсеткіштері, өнімнің сулануы, су айдау көлемі, ұңғылар қоры және т.б. тұрғызылды.
І объект. Объектіні игеру 1968 жылдан басталады. Игерудің басынан бастап объектіден 11134,4 мың т. мұнай, 59538,2 мың т. сұйық, 212,5 млн.м3 газ өндірілді. Бастапқы қордан өнім алу қарқыны 0,5 % құрады, соңғы мұнай беру көрсеткіші – 0,51%.
Объектіден мұнай өндірудің динамикасын бақылап отырсақ, екі кезеңді ерекшелеуге болады:
- Игерудің бастапқы кезеңінен 1973 жылға дейін жылдық мұнай өндіру көлемі өсіп отырды, ол 1973 жылы максималды 786,0 мың т. құрады. Бұл өсім, объектіні интенсивті бұрғылау нәтижесінде пайдалануға жаңа өндіру ұңғыларын қосумен (63 бірлік) түсіндіріледі. Алғашқы өнімнің сулануы 23,4 % болды. Алғашқы екі жылда объектіні игеру табиғи режимде жүрді, 1970 жылдан бастап қабатқа су айдай бастады, оның жылдық көлемі 1973 жылы 4 айдау ұңғылар қорымен 1026,3 мың м3 құрады. Компенсациясы – 80,9% болды. Қарастырып отырған кезең соңында, орта тәуліктік мұнай және сұйық дебиті сәйкесінше 27,5 және 49,6 т/тәулікке жетті.
- Келесі кезең
интенсивті (1973-2009 жылдар аралығы), содан
кейін қазіргі күнге дейін
жалғасып жатқан жылдық мұнай
өндірудің біртіндеп төмендеу
кезеңі. 1982 жылға дейін жылдық
мұнай өндіру көлемінің
ІІ объект. Объектіні өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. 01.01.2008 жылғы жағдай бойынша объектіден өндірілген мұнайдың жалпы жинақталған қоры 2822,6 мың т. мұнай, 13332,7 мың т. сұйық және 52,6 млн.м3 газды құрайды.
Негізгі динамикалық көрсеткіштер бойынша, жалпы объектіні игеру кезеңін келесі этаптарға бөлуге болады:
- Игерудің басынан
бастап 1972 жылға дейін мұнай өндіру
көлемінің қарқынды өсуімен
- 1972-1986 жылдар кезеңі өндірілген өнімнің біртіндеп сулануымен, мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен сәйкес келді. 1974 жылы кен орнында ұйымдастырылған, қабатқа 2 айдау ұңғысымен су айдау нәтижесінде, мұнай өндіру көлемі кішкене кезеңде өсті (1974-1975 жылдар) . Одан бері мұнай өндірудің төмендеуі және ұңғы өнімінің 85,5%-ға дейін сулануы байқалады. 1986 жылы жылдық өндіру көрсеткіші 46,05 мың т. құрады.
- 1987-1992 жылдар
кезеңінде жылдық мұнай өндіру
көлемі 76 мың т. өсті. Бұрғылаудан
жаңа өндіру және айдау
- 1993 -1998 жылдар
кезеңінде мұнай өнідірудің
ІІІ объект. Бұл горизонтты өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. Игерудің барлық уақытында өндірілген мұнай көлемі 482,1 мың т., сұйықтық -1465,3 мың т. болды. Игерудің барлық уақытындағы негізгі көрсеткіштерді саралап, үш негізгі кезеңге бөлуге болады:
- 1968-1972 жылдар кезеңінде, І және ІІ объект тәрізді жылдық мұнай және сұйық өндіру көлемі өсті. 3 ұңғыдағы өнім 1972 жылы 52,8 мың т.сусыз мұнай болды. Орта дебит 48,1 т/тәулікті құрады.
- 1973-1996 жылдар
кезеңінде жылдық мұнай және
сұйық өндіру интенсивті төменд
- 1997-2009 жылдар
кезеңінде тоқтап тұрған
2005-2009 жылдар аралығында С.Балғымбаев кен орны ұңғыларында суланған жоғары өткізгішті аралықтарды бітеу үшін, «ОТО-ПРОМ» ЖШС-ның жаңа технологиялары бойынша селективті изоляция жүргізілді. Ол жұмыстар «Родопал» полимер ерітінді реагентін қолдану, жоғары тұтқыр (ЖТ) және тампонажды кеуекті цементтік құрамды қолдану әдісімен екі этапты изоляциялау (ТКЦҚ), суағынды – сұйық әйнек негізді және ТКЦҚ-мен изоляциялау, сонымен қатар, суланған аралықты изоляциялау, бұл дегеніміз суқаныққан горизонтты цементті көпірді пайдаланып жабу, жұмыстары болды. Жоғарыда жүргізілген геологиялық – техникалық шаралардың ең жақсы нәтижесі «ОТО-ПРОМ» ЖШС-ның жаңа технологиясы болды.
Жобалық (1987) және
фактілі көрсеткіштердің сәйкес
келмеуімен және 2005 ж. мұнай және еріген
газ қорын қайта есептеу нәтиже
Бұл құжат бойынша 1 және 2 объектерде ҚҚҰ жүйесі болады. 2 объектіде 3 өндіру ұңғысы бұрғылануы тиіс.
ІІІ объектіні
игерудің технологиялық көрсеткіштері
бойынша екі вариант
1 вариант. Қабат энергиясының түгесілуімен. Қосымша 3 өндіру ұңғысын бұрғылау.
2 вариант. №15 бақылау ұңғысы арқылы өнімді қабатқа су айдау арқылы ҚҚҰ және 4 өндіру ұңғысын бұрғылау. Бұл кезде мұнай алу коэффициенті 0,75 болады.
1 объектінің игеру ұзақтығы – 2020 жылға дейін, 2 объектінікі 2024 жылға дейін. 3 объектіні игеру ұзақтығы, мұнай алу коэффициенті 0,75-ке жетуге тиіс болса, ҚҚҰ кезінде игеру ұзақтығы (2 вариант) 2017 жыл, ҚҚҰ жүйесі болмаса (І вариант) 2049 жыл болды.
Игеруді аяқтау сатысы барлық өндірілген мұнай көлемі, В+С1 алынатын қор категориясына тең болғанға келеді.
Кен орынды игеру режимі. Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы алты негізгі мұнай кен орындарын игереді: С. Балғымбаев, Камышитовый, Жаңаталап, Ровное, Гран, Забурын, Оңтүстік-Шығыс Камышытовый.
Айдау скважиналары қоры С. Балғымбаев кен орны бойынша істеп тұрғандар 27, су алатын 15 скважина, бақылау скважиналары 12, консерванцияда 1 скважина.
С. Балғымбаев кен орны бойынша мұнай өндіру алдыңғы қатарлы жоғарғы қарқынмен жүргізіледі, сондықтан да гидродинамикалық және геофизикалық зерттеулер игеруді бақылауға маңызды міндет болып табылады.
Механикалық тәсілмен жұмыс істейтін барлық скважиналар, графика сәйкес динамограммаға түсіріледі. Барлық істейтін скважиналар қоры бойынша, айына 2 реттен сирек емес механикалық қоспа, су құрамына сынақ өткізіледі.
С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеруге қосу үшін ұңғыларды өнімділікке зерттеді. Ұңғыларды өнімділікке зерттеу 3 және 14 мм. штуцермен 3-4 режимде жүргізілді. Режимдегі жұмыс ұзақтығы 7,2-ден 140 сағатты құрады.
Индикаторлық диаграмманы интерпретациялау нәтижесінде әрбір қабаттың өнімділігі, сонымен қатар 1м тиімді қалыңдықтың өнімділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткізгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір қабаттың өнміділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткішгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір горизонттың орташа мінездемесі жазылды. Кен орнында өнімділік қасиеті бойынша орта юра горизонты ерекшеленеді, жеке өнміділігі 54,8 м3/ тәу /МПа/м құрады. Ал, 1 және 2 объектерде сәйкесінше бұл шама 6,9 және 8,1 м3/тәу/МПа/м. болды. Жоғары өтімділік көрсеткіші 1 пайдалану объектісіне сәйкес келеді. (3,12 мкм2).
С. Балғымбаев кен орны бойынша 1.12.2006 жылда 112 скважинамен мұнай игеріледі, олардың ішінде үшеуі тоқтап тұр. Тоқтап тұрғаннан пайдаланушыға үш скважина кіргізіледі, 24, 40 және 130 айдау скважиналары қорынан бір скважина (193) және бір скважина бақылау қорынан айдау скважинасы қорына ауыстырылады (19)Бұл мәліметті сурет В-да көрсетілген ағымдағы игеру картасынан көруге болады.
Кен орны бойынша су айдау 30 скважина мен жүргізілуі керек болды, бірақ оның 3-і іске қосылмады. Кен орнының скважина қорлары туралы мәлімет кесте 2.1 толығырақ келтірілген
2.7-кесте. С.Балғымбаев кен орны скважина қоры жағдайы 1.01.2009 жылғы
|
Скважиналар категориясы |
Скважина саны |
Скважина номері |
А) жер асты жөндеуде Б) күрделі жөндеуде В) жөндеу күтіп тұрған
геологиялық жағынан
|
115 3 1 1 1 118
27
4 12 1 32
19 13 111 |
3 164 104 |
С.Балғымбаев кен
орнын өндірістік игеруге қосу үшін
ұңғыларды өнімділікке
Индикаторлық диаграмманы интерпретациялау нәтижесінде әрбір қабаттың өнімділігі, сонымен қатар 1м тиімді қалыңдықтың өнімділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткізгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір қабаттың өнміділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткішгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір горизонттың орташа мінездемесі жазылды. Кен орнында өнімділік қасиеті бойынша орта юра горизонты ерекшеленеді, жеке өнміділігі 54,8 м3/ тәу /МПа/м құрады. Ал, 1 және 2 объектерде сәйкесінше бұл шама 6,9 және 8,1 м3/тәу/МПа/м. болды. Жоғары өтімділік көрсеткіші 1 пайдалану объектісіне сәйкес келеді. (3,12 мкм2). Орта юра горизонтының жоғары пьезоөткізгіштігі, бұл қабат жынысының аз тұтқырлығымен түсіндіріледі (орта мәні – 1,79 мПа∙с).
Игерудің екі объектісі бойынша (апт-неокомдық және 2 неокомдық горизонттар) әрбір ұңғының жұту көрсеткіші бойынша гидромүмкіндігі анықталды. Апт-неоком горизонтындағы ұңғыларды (№№8, 9, 19, 22) жұту көрсеткішіне сынау 3 режимде жүргізілді. Қысымдар 2,0; 4,0; 6,0 МПа болғанда, орташа жұтылу мәні 491,7 м3 тәулік болды. ІІ неоком горизонтындағы №5 және 7 ұңғыларға қысымдары 2,0-ден 8,0 МПа аралығында 3 режимде сынама жүргізілді. Орташа жұтылу көрсеткіші 79 м3 тәуліктен 720 м3/тәулік аралығында болды.
Горизонттардың геологиялық сипаттамасымен зерттеу нәтижелері бойынша апт-неоком, 1 және 2 неоком және орта юра горизонттарында активті контур суларының арыны анықталды. Тек тектоникалық жарылыммен орталық блок жан-жағынан қоршалған. Апт-неоком горизонтының оңтүстік қанатындағы мұнай-газды тұтқышы газсуарынды режимде. Кен орнының оңтүстік қанатының 1 және 2 неоком горизонттарының мұнай тұтқышы үлкен көлемді және активті суарынды режимі бар. Кен орынның солтүстік-батыс қанатындағы барлық горизонттарындағы (тек 1 орталық алаң кірмейді), сонымен қатар орта юра горизонттарындағы мұнай тұтқышының көлемі кішірек және бұнда да активті суарынды режим қалыптасқан.
С.Балғымбаев кен орнының алғашқы қабат қысымы ашық ұңғы оқпанында және ұңғыны әрі қарай игеру кезінде анықталды.
3 пайдалану
объектісінің 1 және 2 объектіден алшақ
жатуына байланысты, объектер арасында
қысым айырмашылығы бар екені
көрінді. Нәтижесінде қысым
Алынған мәліметтердің анализі көрсеткендей, қазіргі таңда кен орынды алғашқы пайдалану кезеңіндегідей, 3 объект ұңғыларының өнімділік көрсеткіші жоғары болып тұр. Бұнда мұнайға қатысты өнімділік көрсеткіші 0,296 м3/тәу/МПа/м болды. Ал, 1 және 2 объекті шамалары, сәйкесінше 0,050 және 0,105 м3/тәу/МПа/м құрады. Бірақта орта юра горизонтына қарағанда 1 және 2 пайдалану объектісінің коллекторлық қасиеттері жақсы. Бұл объектердің орта гидроөткізгіштік мәні үінші объектімен салыстырғанда 2 есе жоғары, ал өтімділік коэффициенті 13-18 есе жоғары.
Қазіргі уақыттағы өнімділік және фильтрациялық шамаларын бастапқы кезеңмен салыстырғанда, бұлардың жалпы нашарлауы анықталады. Меншікті өнімділік 2 объектіде 74 есе, 3 объектіде 185 есе төмендеген. Горизонттар бойынша гидроөткізгіштік коэффициенттерінің орташа төмендеуі 3,4 еседен (2 объет) 19 есе (ІІІ объект) аралығында. Қабаттың соңғы (3 объект) өтімділігінің төмендеуі 6% - тен 38,7%.
Кен орнының өнімділік және фильтрациялық сипаттамаларының төмендеуі, кен орынды ұзақ уақыт пайдалану кезіндегі қабаттың сарқылуы әсерінен болды. Қазіргі уақытта кен орнынан 14339 мың т. мұнай алынған, бұл алынатын қордың 90,7% құрайды.
Тарау ІІІ. Литологиялық-стратиграфилық құрылымы
C.Балғымбаев мұнай кен орны тұзды күмбезді құрылымда орналасқан. Ондағы тұз тереңдігі 1190 метрге дейін жетеді. Кен орны қимасында кунгур жыныстарынан төрттікке дейінгі қабаттар алынған.
Ұңғылармен ашылған ең көне түзілім кунгур жасындағы түзілім болып саналады. 41Р ұңғысымен ашылған максималды теерңдік 3000 м. дейін жетеді. Түзілім кримталды тұздармен және гипспен түзілген, арасында терригенді жыныстар орналасқан. Ұңғымен ашылған тұздың максималды қалыңдығы 13-96 м. құрайды. Тұз үстінде гипспен араласқан жұқа кепрок жатыр. Ұңғымен ашылға, кепорк қалыңдығы 20 м. аспайды.
Төменгі Перм
Кунгур ярусі Р1К
Кунгур шөгіндісі пермдегі жыныстарын алмасып келетін кристальді тұздан және гипстен тұрады. Кен орындағы 13 скважинадағы тұздың алынған қалыңдығы 80 метр.
Триас жүйесі Т
Триас жүйесінің қабаттары гипс, құм және құм тастарымен алмасып келген. Қабат қалыңдығына 147 метрден 515 метрге дейін барады.
Юра жүйесі J
Юра жүйесі үш бөлімнен тұрады: олар төменгі, орта және жоғары.
Юра қабаты көбінен құм, құмтас және сазды болып келеді. Қиманың саздануы төменнен жоғарыға қарай өседі. Жоғарғы бөлігінде мергел мен әктас байқалады. Юра шөгінділерінің қалыңдығы 523 м.
Бор жүйесі К
Ашылған қабат қимасында бор жүйесінің төменгі бөлім (готелмь,апт, және альб) және жоғарғы (туран, сантон, кампон, мастрик) бөлім ярустары кездеседі. Туран жыныстары трансгрессивті сәйкессіздікпен альб ярусында жатады. Төменгі бор қабаттары құмды сазды жыныстардан, сонымен қатар қалыңдығы 715 метр құмды қабаттан тұрады. Апт және альб қималарында көбіне саздар болады. Төменгі бор қабаттарының қалыңдығы 595,5 метрге дейін жетеді. Жоғарғы бор қабаттары көбінесе ізбес тас пен бордан және құммен саз қабаттасқан мергельден тұрады. Жоғарғы бор қабатының қалыңдығы 392 метрге дейін жетеді.
Неоген жүйесі N
Неоген жүйесі шөгіндісі 2 ярусқа бөлінеді: ақшағыл және окшеронды. Олар шұғыл сәйкессіздікпен бордың бетінде жатады, литологиялық қатынаста қарастырылып отырған қабаталмасып келетін құм, саз, мергель және әк таспен көрінген. Ноген қалыңдығы 24-124 метр болып табылады.
Төрттік жүйе Q
Төрттік системаға құмды болып келетін бакин ярусі жатады.
Төрттік шөгіндінің қалыңдығы 75 метр. Төрттік жүйе шөгінділернің қалыптасуы. Каспий теңізі трансгрессиясына тәуелді, сондықтан да төрттік жүйе шөгінділерін Каспий шөгінділері деп атайды.
Каспий шөгінділері
ашық-қоңыр саз балшықтармен ашылған.
Олар темірлі, тығыз, құм тасты, әктасты
болып келеді. Қиманың төменгі
қабатшасы болатын саз
Қабатшаның төменгі бөлігі суқаныққан құмнан, тұтқыр саздан құралған. Жоғарғы бөлігі тығыз әктасты қабатшалардан, тығыз әктасты саздардан, минералды марганецтардан және ұсақ түйірлі, қатты, сазды құмдардан құралған. Одан жоғары қима бойынша тұтқыр, әктасты, алевритті саздар және жұқа құм қабықшасы және арасында кристаллды гипс жиналған алевриттер кездеседі.
Бұдан жоғары Каспий трансгрессиясының шөгінділері жатыр. Бұлар әртүрлі түйірдегі, негізінен суқаныққан құмдармен, құмтасты, қатты әктасты саздармен құралған.
Неогенді – төрттік түзілімінің қалыңдығы 98-201 м болып келеді.
Тарау IV. Тектоника
Тектоникалық
жағынан тұз күмбездді
Тарау V. Мұнайгаздылығы
С.Балғымбаев
кен орнында мұнайгаздылық
Оңтүстік С.Балғымбаев аумағындағы төменгі бор түзілімінде 4 өнім қабаты бөлінген: апт-неоком, 1 неоком, аралық және 2 неоком. 1 неоком, аралық және 2 неоком қабаттарында мұнай тұтқышы, ал апт-неокомда газ-мұнай тұтқышы бекітілген.
Солтүстік С.Балғымбаев аумағындағы орта юра түзілімінде бір мұнай тұтқышы бекітілген.
Жыныс коллекторлары және петрофизикалық тәуелділіктері, бұның ішінде, кеуектілік параметрі кеуектіліктен және қанығу параметрі суқанығудан, барлау ұңғыларынан алынған керн бойынша анықталды. Зерттелген керн көлемі 32 ұңғыдан 536 м. құрайды және 217 үлгі зерттелді. Керн бойынша зерттелген өнімді қабаттардың кеуектілік коэффициенттері келесідей: апт-неокомда 0,267-0,348; І неокомда 0,310-0,332; аралықта 0,254-0,349; ІІ неокомда 0,242-0,326; орта юрада 0,230-0,311 құрайды. Үлгі ретінде алынған көрсеткіштер кеуектілік >= 0,15 ү.б. өткізгіштік > =0,015, саздылық <50%,карбонаттылық <20%.
Оңтүстік С.Балғымбаев.
Апт–неоком горизонтының жалпы қалыңдығы 9,2 м, максималды қалыңдығы 17,0 м (№178 ұңғы), орташа тиімді қалыңдығы 8,6 м құрады. Тиімді мұнай қаныққан қалыңдық 1-ден (№174 ұңғы) 16 м-ге (№ 32 ұңғы) дейін барады, орташа мәні 8 м. Тиімді газқанығу қалыңдығы 1-ден (№195 ұңғы) 8 м-ге (№25 ұңғы) дейін болды, орта мәні 4,1 м.
Апт-неоком горизонтының мұнайгаздылығы Солтүстік – батыс қанаттың үш алаңында және оңтүстік қанатта анықталды. Солтүстік – батыс қанатта мұнай тұтқышы, Оңтүстік қанатта мұнайгаз тұтқышы бекітілді.
1 неоком горизонты
жоғарыда жатқан қабаттан
Аралық горизонт жоғарыда жатқан 1 неоком горизонтынан қалыңдығы 10 м. болатын сазбен бөлінген. Горизонттың жалпы қалыңдығы 2,0 м (№193 ұңғы) 10,0 м (№198 ұңғы) аралығы, орташа қалыңдық 5,0 м құрайды. Тиімді қалыңдық 0,6 м (№66, 85 ұңғы) 7,0 м (№95 ұңғы) аралығы, орта мәні 2,0 м. Аралық горизонттың мұнайлылығы Оңтүстік қанатта және Солтүстік – батыс қанаттың Солтүстік –шығыс алаңында бекітілді.
2 неоком горизонты
жоғары жатқан қабаттан
2 неоком горизонтында
мұнайлылық Оңтүстік қанатта
және Солтүстік – батыс
Солтүстік С.Балғымбаев.
Орта юра горизонты. Солтүстік С.Балғымбаевтың орта юрасында екі өнімді горизонт бөлінеді: Ю-І және Ю-ІІ. Ю-І горизонтының жалпы қалыңдығы 15,8, тиімді қалыңдығы 1,5 м (№14 ұңғы) 9,2 м (№101 а ұңғы) аралығында, орташа мәні 5,3 м. Тиімді мұнай қаныққан қалыңдық 5,3 м. Ю-І горизонтының СМШ-919-921 м аралығы.
Ю-ІІ горизонты жоғарыда жатқан Ю-І горизонтынан қалыңдығы 50 м болатын сазбен бөлінеді. Бұл горизонт тек қана 3 ұңғы арқылы ашылған (№№23, 2, 101 а) . Жалпы қалыңдық 11,0 м құрайды.ҰГЗ мәліметі бойынша Ю-ІІ горизонтының СМШ -933,0 м деп бекітілді.
С.Балғымбаев кен орнындағы мұнай мен газдың физика-химиялық қасиетін зерттеу 1962 ж. басталды.
С.Балғымбаев кен орнының өнімді горизонттары 3 игеру объектісіне біріктірілген, оларды горизонттарға бөлу келесідей.
-І объект – апт-неоком + І неоком горизонттары;
-ІІ оъъект – ІІ неоком + аралық горизонттары;

- Практика организации и содержание социальной работы с инвалидами на муниципальном уровне
- Практика о технологии отраслевого производства
- Практика перевода земель сельскохозяйственного назначения в иные категории
- Практика по профориентации
- Практика применения логистики на зарубежных предприятиях (на примере компании Schwarzkopf & Henkel)
- Практика применения мерчендайзинга на точке сбыта
- Практика применения методов финансового планирования
- Практика как основы всех форм общественной жизни человека
- Практикалык жумыс
- Практика менеджмента на примере компании «Toyota Motor Corporation»
- Практика менеджмента на примере компании Toyota Motor Corporation
- Практика надання соціальних послуг, що фінансуються з місцевого бюджету в Україні
- Практика на предприятие
- Практика на хлебобулочном предприятии