Прокуратура туралы
Прокуратура туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-қ
МАЗМҰНЫ
Ескерту. ҚР 1997.06.19 N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi, Нысаны мен тақырыбы өзгердi, кiрiспе алып тасталды - 2002.08.09 N 346 Заңымен.
1 ТАРАУ
Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерne енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентiне ғана есеп бередi.
3. Өздерiнiң заңда белгiленген
өкiлеттiгiн жүзеге асырған
4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
5. Прокуратура органдары
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыты мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдiгiн қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
1) Конституцияның, заңдардың және
Қазақстан Республикасы
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
6) анықтау мен тергеудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
9) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың норма шығармашылық қызметiне қатысады;
10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
13) заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
14) халықаралық құқықтық
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5-бап. Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет
1. Заңдардың,
Қазақстан Республикасы
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
3-1) жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жыл сайынғы жиынтық жоспарына;
4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi
мен прокурорлық қадағалау
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен
6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң құқықтық кепiлдiгi
1. Прокурордың
өз өкiлеттiгiн жүзеге
2. Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:
1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi
өтеусiз және Қазақстан
2) тексерiске қатысу және
3) прокурорлардың қадағалау
3. Прокурордың өз құзыретi
4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi.
5. Прокурорлардың өз құзыретi
шегiнде тексеру мәселелерi
6. Лауазымды адамдар мен
7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы. (520-522-баптарды қараңыз K010155; 321-1-бапты қараңыз K970167)
8. Прокурор, заңда көзделген басқа
жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда,
өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың
мәнi бойынша қандай да бiр
түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ
оларды кiмге де болсын танысу
үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп
жатқан тексерулер мен
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.07.02 N 266, 2000.03.29 N 42, 2002.08.09 N 346, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-бап. Арыздарды қарау
1. Прокуратура
органдары заңдарда
2. Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады.
4. Прокуратура органдарына қол
қойылмай жасалған арыздар
8-бап. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне шағымдану
1. Прокурордың
iс-әрекеттерi мен актiлерiне
2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.
3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
8-1-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметті үйлестiру
1. Прокуратура
органдары құқық қорғау және
өзге де мемлекеттiк
2. Үйлестiру кеңестерi өз қызметiн
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Ескерту. Заң 8-1-баппен
2 ТАРАУ
Прокуратура органдарының жүйесi және оларды ұйымдастыр
9-бап. Прокуратура органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволар, мекемелер құрылуы мүмкiн.
Прокуратура органдарының өз
нышандары болады, олардың сипаттамасын
Қазақстан Республикасының
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
10-бап. Республиканың Бас прокуроры және оның орынбасарлары
1. Республиканың Бас Прокурорын:
1) Парламент Сенатының
2) қызметтен Республика
3) ол Республика Президентiне есеп бередi;
4) оны өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде
қылмыс үстiнде ұсталған
2. Республика Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Республика Бас Прокурорының орынбасарлары сонымен бiрге Бас прокуратураның тиiстi департаменттерiнiң бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.07.02 N 266, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
11-бап. Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi
Республиканың Бас Прокуроры:
1) Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгi прокуратуралардың қызметiне басшылық етедi;
2) Республиканың Конституциясы
3) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады;
4) Қазақстан Республикасының
4-1) өз құзыретi шегiнде:
Қазақстан Республикасы
құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер; V053704, .V116794, V095855, V095995, V032576, V042843, .V116942
осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
4-2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын органдар шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды;
5) прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерiн құрады, қайта құрады және таратады, олардың құрылымын, құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы төлеу қорын белгiлейдi;
5-1) Республика Президентiне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi;
6) Республика Президентiне жоғары сыныпты шендер мен әскери атақтар беру үшiн кандидатуралар ұсынады;
7) Қазақстан Республикасы
7-1) ведомстволар басшыларының
8) елдегi заңдылықтың жай-күйi және прокуратура органдарының қызметi туралы Республика Президентi алдында есеп бередi;
9) белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi;
10) прокуратура органдарының
10-1) "Прокуратураның құрметтi қызметкерi" атағын бередi, осы атақты беру тәртiбi туралы Ереженi бекiтедi;
11) прокуратура органдары
11-1) Жоғарғы Соттың жалпы
12) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi- ҚР 2001.10.10 N 247 (2001.01.01 бастап күшiне енедi), 2002.08.09 N 346, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енедi), 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
12-бап. Бас прокуратура
1. Қазақстан
Республикасының Бас
2. Республиканың Бас
3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерi мен жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгiлейдi.
4. <*>
5. Бас прокуратура:
1) Республика прокуратура
2) Республикада заңдардың
3) прокурорлық қадағалауды
4) Республика прокуратура
5) жедел-iздестiру қызметiн,
5-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау, халық тарапынан сенiм мәселелерiне басымдық берiп, өкiлдi органдар мен жұртшылық беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингтiк бағасын енгiзiп, есептiлiк және қызметтi бағалау жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлi нысандарын белгiлейдi;
6) кадрлардың бiлiктiлiгiн
7) норма шығарушылық қызметiне қатысады;
8) халықаралық ынтымақтастық
6. Қазақстан Республикасының Бас
прокуратурасы жоспарлы
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.07.02 N 266, 2002.08.09 N 346, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
13-бап. Облыстардың прокурорлары
Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар:
1) облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық жасайды;
2) бағынысындағы барлық
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
14-бап. Облыстардың прокуратуралары
1. Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентiнiң келiсiмiмен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.
2. Облыстардың прокурорлары мен
оларға теңестiрiлген
3. Облыстардың
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
15-бап. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокурорлар мен прокуратуралар
1. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.
2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлар:
1) қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық жасайды;

- Прокуратура туралы заң
- Прокуратура Украины: цели, задачи и функции
- Прокуратура України
- Прокуратура України (3)
- Прокуратура Франции
- Прокуратура Франции
- Прокуратура Франции
- Прокуратура РФ
- Прокуратура РФ
- Прокуратура РФ
- Прокуратура РФ, ее система и полномочия
- Прокуратура РФ, ее система и полномочия
- Прокуратура, следствие ОВД
- Прокуратура та її місце в системі органів державної влади