РФ банк жуйеси

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………3  

 

1 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ  БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ  ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ  ДАМУЫ

 

1.1.1930-32 ж.ж. болған  несие  реформасы...............................................................5

1.2. 1988 жылғы түбегейлі  банк реформасы.............................................................9

 

2 ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

 

2.1 Ресей Федерациясының Орталық банкі............................................................13

2.2 Банк жүйесінің екінші деңгейінін құрылымы..................................................20

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................25

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Кеңес үкіметі тұсында  Ресей Федерацияның одақтас Федерациялардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Ресей Федерацияның территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Ресейде банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.

Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер XVIII ғ. екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болып, XIX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:

  • мемлекеттік банк (1860ж. құрылған);
  • қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
  • көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729) және т.с.с.

Бұлардан басқа  банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.

1917 ж. қазан  төңкерісінен кейін банк ісін  ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке,мемлекеттік-капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады.        1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.

1924 ж. акционерлік қоғам  үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі  құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық  ұйымдар болды. Ол КСРО-ның  Мемлекеттік банкісінің құрамында  болып, сыртқы сауда операцияларын  және халықаралық есеп айырысу  жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж.  КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп  банкі, Сауда банкі және Ауыл  шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ  Орталық коммуналды банк (Цекомбанк), Кооперативтік банк (Всекобанк) және  акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр  Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды.  Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына  байланысты өзара несиелеу қоғамдары,  ауыл шаруашылығын несиелейтін  қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік  кооперативтер пайда болды.

1927 ж. КСРО Орталық  атқару комитеті мен Халық  комиссариаты Кеңесінің "Несие  жүйесін құру принциптері туралы" қаулысына сәйкес бүкіл банк  жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік  банкке тапсырылды. Сол қаулыға  сай маманданған банктер және  банктердің проценттік саясат  жүргізудегі дербестік құқығы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы 1927-1929 жж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі - банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.

 Бұл курстық жұмыстың  мақсаты: банктік өзгерістердің  ең елеулі кемшіліктері банк  ісінің мазмұнын, әдістері мен  тәсілдерін түбегейлі өзгертпей-ақ, негізінен "банк шығармашылығымен" (банкотворчество) айналысу.

Бұл курстық жұмыстың міндеті: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, несиені бюджет қажетіне қолдану, тауар  айналымы мен халыққа көрсетілетін қызметтердің дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАНК   ЖҮЙЕСІНІҢ

ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ  ДАМУЫ

 

1.11930 - 1932  ж.ж несие реформасы

1930 -1932 жж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1929 ж. қабылданған халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елді индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай жоспар бойынша орталықтан қаржыландырылуы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын каржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық салаларына бөліп беру керек. Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әр түрлі несие мекемелері орындай алады. Онымен қоса ірілі-уақты өнеркәсіп орындары біріне-бірі коммерциялық несие бергенде есеп айырысуды вексель берумен жүргізіп, банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі (яғни коммерциялық несие) тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудырды.

 Несие реформасын жүргізу  үшін елде біраз алғы шаралар  жүргізілді.

 Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы  99,1%-ке, көтерме саудада 97,2%-ке, ал бөлшек саудада 86,5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар тауарлы ас-тықтың 55%-ін өндірді.

Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару жүзеге аса бастады. 1928 ж. Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.

 Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі шаруашылық есепке көшірілді.

 Төртіншіден, коммерциялык вексельді айналымнан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жургізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді.

Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 жылдың қаңтарында несие реформасы  жүргізіле бастады. Несие реформасының мақсяты - несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.

Несие реформасы төрт кезеңде  жүргізіліп, негізгі мына мәселелер  шешілді:

  • шаруашылық орындарынын бірін-бірі коммерциялық несиелеуін тікелей банктік несиемен өзгерту;
  • мемлекеттік банктің бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін - шаруашылық есепті енгізу;
  • халық шаруашылығын қысқа мерзімді  несиелеу процесін Мемлекеттік банкке шоғырландыру. Өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату, шаруашылықты несиелеудің принциптерін бекіту;
  • несие-банк жүйесін қайта құру, яғни Мемлекеттік банк пен үзақ мерзімді несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.

Сөйтіп несие реформасының негізгі мақсаты коммерциялық және жанама банктік несиелеуді тікелей  банктік несиемен алмастыру жүзеге асырылды. Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл банктік несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.

Дегенмен банктік несиенің бұл артықшылығы несие реформасын жүргізуде жіберілген қателерге  байланысты халық шаруашылығына  бірден өзгеріс енгізе қойған жоқ. Банктің  жіберген қателері төмендегілер еді:

  • есептесудегі автоматизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша істелетін әрекет): жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрде оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырды;жіберген жүктің дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы  келісімнін орындалуы бақыланған жоқ;
  • несие берудегі автоматизм (немесе жоспармен несие беру);   жоспардың   нақты орындалуын тексермей-ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарлы түрде несие берді; несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану мақсаты    мен қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ берілді;
  • шаруашылықтардың өзінің және қарызга алған айналым қаражаттарын ажыратпауы (араластыруы): әрбір шаруашылық мекемесіне банкте бір шот ашылып,  онда өз қаражатының да, банктік  несиенің де барлық кірісі де, шығыны да есептелді, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмеді;
  • банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық   дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын ала дайын болған жоқ, сондай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны жағынан да қарастырылмады. Есеп айырысудың жаңа тәртібі бойынша аз   сомаға толтырылған құжаттардың тасқынын  банк өңдей  алмауының нәтижесінде халық шаруашылығындагы есеп айырысу ісі қиындап кетті.

 Несие реформасының  келесі кезендері осы жіберілген  кемшіліктер мен бұрмалаушылықтарды  жойып, шаруашылық органдарының  арасындағы келісім тәртібін  нығайту мен Мемлекеттік банктің  ролін күшейтуге арналды.

Сонымен 1930-1932 жж. жүргізілген  несие реформасының қорытындысында жоспарлы социалистік экономикаға  сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс  пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа  айналды. Коммерциялық банктердің ролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік  банктерден тұратын монобанктік  жүйе қалыптасты.

Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып, қысқа мерзімді несие беретін  жалпы мемлекеттік банк және күрделі  қаржымен қамтамасыз ететін маманданған  банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір  буынды банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік  банкі және күрделі қаржымен несиелейтің  төрт Одақтық маманданған банктер - Өнеркәсіп банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Орталық коммуналдық банк, Сауда банк  кірді. Сонымен бірге  орталық банк жүйесіне шетел банктерімен  кең корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі  және халықтың бос қаржысын тарту, төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің зайымдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекетгік  несие мекемесі, яғни жинақ кассалары  карады.

1959ж ұзақ мерзімді несие  беретін банк жүйесі қайта  қаралды. Ауыл шаруашылық банкі  мен Орталық коммуналдық банк  таратылып, олардың қызметтері  Мемлекеттiк банкке берілді. Өнеркәсіп  банкі мен Сауда банкісінің  негізінде күрделі қаржы беретін  Одақтық банк - Құрылыс банкі құрылды.  Ол халық шаруашылығының әр - түрлі  салаларының (ауыл шаруашылығынан  басқа) ұйымдары мен кәсіпорындарын  қаржыландырумен және ұзақ мерзімді  несиелеумен шұғылданды. Осы өзгерістерден  кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін  КСРО банк жүйесінің кұрамы  келесідей болды: Мемлекеттік  банк, Мемлекеттік Құрылыс банкі,  Сыртқы сауда банкі және Мембанк  құрамына кіретін жинақ кассалары  жүйесі.

 

 

 

1.2 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы

 Елдің әлеуметтік-экономикалық  өркендеуін жеделдету және ақша-несие  қатынастарының маңызын арттыру  мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы  Орталық Комитетінін Пленумы  1988 ж. 1 қаңтарынан бастап банк  жүйесін кайта құру туралы  Қаулы қабылдады. Оған дейін  бұрынғы КСРО-да және Шығыс  Еуропа социалистік елдерінде  банк жүйесінің құрылымы негізінен  бірдей болды. Олар: елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және  кассалық орталығы - Мемлекеттік  банк; күрделі құрылысқа қызмет  ететін мемлекеттік банк және  сыртқы сауда-саттыққа қызмет  көрсететін Мемлекеттік банк.

  Сан жағынан шамалы  несие мекемелерінде банк ісін  шоғырландыру және несие беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік валюталық  монополияны жоспарлы ұйымдастыру  негізінде банктерді басқаруды  орталықтандыру сияқты ерекше  нышандар сол кездегі барлық  социалистік елдердің банк жүйесіне  тән еді. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарды. Шын мәнінде Мемлекеттік банк жан-жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты ретінде болды.

 Шаруашылық механизмінің  жалпы бағыты - банктердің құрылымы  мен ондағы қызметкерлер санын  анықтайтын басты фактор. Бір  банктік жүйе басқаруды қатал  орталықтандыру мен шоғырландырудан  шыққан нәтиже. Ал монополизмді  бұзу концепциясы, экономиканы  басқаруды жергілікті жерлерге  беру бірнеше дербес банктердің  құрылуына себеп болады. Бастапқыда  осы жолды бұрынғы социалистік  елдер - Венгрия, Қытай, Югославия  - таңдап алды. Әлемдік тәжірибеде  орталық банкпен қатар көптеген  жеке және мемлекеттік емес  несие институттарының (коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және басқа)  қызмет істеу үлгісі кең тараған.

 Сөйтіп 1988 ж. қаңтарынан  бастап КСРО-да банк жүйесін  түбегейлі өзгертетін реформа  жүргізіле бастады. Оның алғашқы  кезеңінде елдегі Мемлекеттік  банк пен Құрылыс банкінің  негізінде мемлекеттік банкпен  қатар 5 салалық мемлекеттік маманданған  банктер құрыла бастады. Олар:

  • КСРО Мемлекеттік банкі: оның міндеті "банктердің  банкісі"  ретінде  елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай  мекемелер мен ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның клиенті - маманданған мемлекеттік банктер;
  • КСРО Өнеркәсіп-құрылыс   банкі. Оның  міндеті өндіріс, құрылыс, транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды  несиелеу,   күрделі   шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын жүргізу;

-  КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі; Оның міндеті - аграрлы-өнеркәсіптік     кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;

- КСРО   Тұрғын  үй   және   әлеуметтік   банкі  ол тұрғын үй шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін кұрылды;

-  КСРО Жинақ банкі - ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы    құрылған,    оның    негізгі міндеті - халыққа қызмет көрсету;

- КСРО Сыртқы экономикалық банкі - ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті экспорт - импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ-валюталық жоспардың орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.

 Бұл маманданған салалық  банктердің құрылымы әкімшілік-территориялық  принциппен ұйымдастырылған. Олардың  әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық  банкісінен басқа) Федерациялық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс орталықтарында сол банктердің облыстық басқармасы (Ресей Федерацияныңның 19 облысында әр банктің өз басқармалары) құрылды. Аудан орталықтарында және қалаларда олардың дамуының негізгі бағытына байланысты кейбір салалық банктердің бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттерімен қатар сол аудандағы немесе қаладағы басқа салалық банктердің клиенттеріне де қызмет көрсетті. Сонда банктердің мамандануы тек облыстық басқарма деңгейінде жүріп, несие-банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк реформасындағы негізгі минус еді.

 Жаңадан құрылған банк  жүйесі бұрынғыдан да көлемді,  әрі ыңғайсыз, көп сатылы, көп  шығынды, үлкен бюрократ аппараты  бар жүйе болды. Осы айтылғандар  төменгі, яғни аудандық, қалалық  банк мекемелерінің несие және  есеп жұмыстарының бұрынғыдан  бірнеше есе көбеюіне әкеп  соқтырды. Банк жүйесінің төменгі  буынындағы бөлімшелері жоғары  деңгейдегі әрбір маманданған  салалық банктерге (облыстық басқармаларға  және Федерациялық кеңселерге) өздері қызмет көрсететін клиенттері бойынша несие ресурстарын жоспарлап және оның пайдалануы туралы есеп беріп отырды. Оны мына бір мысал дәлелдейді, 1987 ж. (реформаның алдындағы жыл) Мемлекеттік банк бойынша негізгі экономикалық жоспар 82 баптан құрылса, ал 1988 ж., яғни реформадан кейінгі бір жылда Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғын үй және әлеуметтік банкі, Мемлекеттік банк бойынша дәл сол көрсеткіш 112 баптан құрылды. Ал осы көрсеткіштердің бәрін банк бөлімшелері қызметкерлері орындап, ол жөнінде үш салалық банктердің жоғары сатыларына есеп беріп отырды.

Банк жүйесін қайта  құрудан кейін маманданған банктер  арасында әр түрлі қайшылықтар туындады. Сонымен қатар жаңа банк жүйесі клиенттер  мен банктер арасындағы қарым-қатынастарға да кері әсерін тигізді. Мысалы, реформаға  дейін банк бөлімшесінде клиенттердің бәріне бірдей қызмет көрсетілсе, ал реформадан кейін қызмет көрсететін банктің  мамандануына қарай "клиент біздікі" немесе "басқанікі" болып бөлінді. Әрине бұндай қолайсыз жағдайлар  несие-есеп механизмінің қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетуіне себеп  болды. Бірдеңгейлік жүйеде банктердің көп болуы, олардың қызметтерінің  араласуы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың себептерін одан әрі шиеленістірді.

Сондай-ақ олардың ойынша банктер өз қызметін нашарлатып алды, банк жүйесін қайта құру жаңа экономикалық үлгі құруға ешқандай әсер етпеді.

 Банк реформасының  бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктін  ең негізгі себебі - оның жоғарыдан  берілген нұсқау әдісімен жүргізілуі  және оған айтарлықтай дайындықтың  болмауы, қажетті алғы шаралардың  жүргізілмегендігі. Экономиканы  басқаруды негізінен қайта құру  тек 1987 ж. басталған болатын.  Елде банк реформасының басталу  кезінде жалпы экономикалық реформадағы  банктің ролін түсіну қалыптаспаған  еді. Экономикалық даму мәселелері  мемлекет пен экономика субъектілерінің  қаржылық жағдайын нашарлатты.      Банк реформасының келесі кезеңі осы қателіктер мен кемшіліктерді жоюға арналды. 1988 ж. "Кооперациялар (серіктестіктер) туралы" Заң қабылданып, соған сай қаражат тарту және несиелеу қызметтерімен шұғылданатын кооперативтік банктер пайда бола бастады. Банктік кооперативтер ашуға жасалған қолайлы жағдайлар өз алдына "банктік шу" туғызып, көптеген банктердің пайда болу толқынына әкеп соқтырды. Оған мынадай статистикалык мысал келтірейік, 1989ж. 1қаңтарында елде 43 коммерциялық банк тіркелсе, бір жылдан кейін - 224, ал 1991 ж. аяғында олардың саны 1357-ге жеткен. Дегенмен осы банктердің негізгі бөлігін тек пайданың көп бөлігін өзіне алу үшін ашылған "біркүндік" банктер құраған. Кейін олар жабылып, орнына клиенттерге төтенше қолайлы жағдайлар ұсынған, бірақ өз міндеттемелерін орындамаған жаңа банктер ашылды.

  Банк жүйесін бірсыпыра  реттеген 1990 жылдын аяқ шенінде  одақтық екі заң - "Мемлекеттік  банк туралы" Заң және "Банктер  және банк кызметі туралы" Заң  бекітілді. Заңдарда банк ашу  жағдайы, оларды бақылау әдістері  белгіленді. Осы Заңдарға сай  бұрынғы маманданған банктер  акцияландырылу негізінде коммерциялық  банктерге айнала бастады.

 

2.РЕСЕЙ ФЕРЕЦИЯСЫНДА ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

2.1 Ұлттық банк – РесейФедерациясының орталық банкі

Ресей Федерациясының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990ж. желтоқсанында РСФСР-дың Жоғары Кеңесі қабылдаған "Банктер және банк қызметі туралы" Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес Федерацияда екі деңгейлі банк жүйесі кұрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - РСФСР-дың Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк - коммерциялық банктер жүйесі.

Ресей Федерациясының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Федерациялық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Ресей Федерацияныңның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Ресей Федерацияның Ұлттық банкі деп аталады.

Ол Федерациядағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Ресей Федерациясы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Ресей Федерациясының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Ресей Федерациясының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол Ресейдің кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

Ресей Федерацияның Ұлттық банкі Ресей Федерациясы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер "Ресей Федерацияның Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка России" атты ресми басылымдарда жарияланады.

 Ұлттық банктің негізгі  міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

  • ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақгы қызметін қамтамасыз етеді;
  • несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын  жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің  экономикалық  саясатын жүргізеді.

 Ұлттық банктің міндеті  оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:

 Біріншіден, Ресей Федерациясында мемлекеттік ақша-несие саясятын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.

Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар  мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі  проценттік бағалы қағаздарды сатып  алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін  төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

 Екіншіден, Ресей Федерациясында қолданылатын банкнота және монетаны (рубль) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, рубль пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.

Ұлттық банктің қолма-қол  ақша қаражатын шығаратын, рубль қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан  шығарып, оларды   жаңасымен   айырбастап,   тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

 Үшіншіден, банктердің  банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк - екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді. Ресей Федерациясындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, ресейлікрубльмен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.

 Төртіншіден, үкіметтің  және мемлекеттік органдардың  банкі және агенті қызметін  атқару үшін кепілшісі үкімет болған Ресейдің ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін кажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.

Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Ресей Федерацияның территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

 Банктердегі бухгалтерлік  есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік  және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және  әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың  орындалуын бақылайды. Банктер  мен олардың филиалдарының қызметін  жергілікті жерде немесе аудиторлық  ұйымдарды шақырып бақылайды.  Ұлттық банк өзінің бақылау  қызметін атқару үшін банктердің  балансын, есебін және басқа кұжаттарын  тексереді.

 Алтыншыдан, валюталық  реттеу және валюталық бақылау  қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.

Резиденттер үшін шетел валютасын  және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Ресей Федерацияныңға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Ресей Федерациясының резиденттерінің Федерациядан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.

Ұлттық валютаның шетел  валютасымен салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта - қаржылық және несие - есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.

Жетіншіден, елдің алтын  валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Ресей Федерациясы Президентінің "Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, ресейлік және басқа өндірушілерден (сатып алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.

РФ банк жуйеси