Шойындар және оның түрлері
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
1. Шойындар және оның түрлері.......................
2. Модификацияланған шойын.........................
3. Металлдарды термиялық
өңдеу.........................
4. Металды термиялық өңдеу
теориясы......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Глоссарий.....................
Қосымша кесте.........................
.
Кіріспе
Металдар мен металл қорытпаларының физика химиялық қасиеттерін өзгерту үшін оларды термиялық әдіспен өңдейді. Термиялық өңдеудің кез келгені қыздыру, белгілі бір температурада ұстап тұру, суыту сияқты үш кезеңнен тұрады.
Термиялық өңдеудің барлық түрі бес топқа бөлінеді: 1. Бірінші күйдіру. 2. Екінші күйдіру. 3. Шынықтыру. 4. Жұмсарту. 5. Химия – термиялық өңдеу. Күйдірудің өзі мынадай алты түрге бөлінеді: а)рекристализациялық күйдіру (қайта кристалдау үшін), б)толық күйдіру, в)шала күйдіру,г) түйіршікті перлитке күйдіру, д)изотермиялық күйдіру, е) диффузиялық күйдіру.
Халық шаруашылығының түрлі салаларында таза металдарға қарағанда қорытпалар жиі қолданылады, бұл жағдайда шойындар.
Шойындар және оның түрлері
Шойындар деп құрмында 2.14%-дан артық көміртегі болатын темір көміртекті қорытпаларды айтады. Қорытпадағы көміртектің қандай түрде болуына байланысты ақ, сұр, аса берік және соңғылымды шойындар деп бөлінеді.
Ақ деп барлық көміртек байланысқан күйде цементит түрінде болатын шойындарды айтады. Көміртектің мөлшеріне қарай ақ шойын эвтектикаға дейінгі (2.14-тен 4.3%-ке дейінгі С ), эвтектикалық (4.3% С) және эвтектикадан кейінгі (4.3-тен 6.67%-ке дейінгі С) деп бөлінеді.
Шойындардың фазалық құрылымы болаттардікіндей: феррит және цементит.(1-сурет) Шойында цементиттің мөлшері болаттағыға қарағанда әлде қайда көп, әрі ол көміртектің мөлшері өскен сайын арта түседі.
Эвтектикалық ақ шойынның
микроқұрылымы тек бір ғана ледебуриттен
тұрады. Ледебурит дегеніміз құрамында
727ºС эвтектика цементиттен және құрамында 0.8% С болатын аустениттен құралады. Бұл темпенратурада аустенит перлитке ауысады. Сонымен толық суығаннан кейін ледебурит ( цементиттік эвтектика ) цементит пен перлиттен құралады. Эвтектикаға дейінгі ақ шойынның толық суығыннан кейінгі құрылымы мынадай болады: ледебурит , перлит екінші реттік цементит. Екінші реттік цементит құрамында 1147ºС-та 2.14% С, ал 727ºС-та 0.8% С болатын аустениттен бөлініп шығады. Құрамында аз мөлшері (2.14%-ке жақын) көміртек болатын ақ шойындарда екінші реттік цементит едәуір анық айқындалады, өйткені мұндай шойындарда ледебурит аз болады.
Сұр шойын графит кірмелері
теңбілденген металл негізінен құралады.
Графит кірмелері ерітіндімен
Аса берік шойынды магниймен модификациялау арқылы алады, оның сұр шойыннан айырмашылығы графит кірмелері пластинка түрінде емес шар тәріздес болады. Шар тәріздес графиттің жанында пластинкалы графитке қарағанда кернеу аз шоғырланады, сондықтан ол шойынның металдық негізінің механикалық қасиеттерін шамалы төмендетеді. Шар тәріздес графитті болатын шойынның беріктігі жоғары және біршама пластикалығы болады. Сұр шойындарда көрсетілген барлық құрылымның типтері аса берік шойындарда болуы мүмкін, бірақ бұл шойындардағы графит шар тәріздес болады. Сонымен аса берік шойындарда микроқұрылымының мынадай типтері болуы мүмкін: феррит+шар тәріздес графит-ферриттік аса берік шойын, феррит+перлит+шар тәріздес графит-ферлит-перлиттік аса берік шойын, перлит+шар тәріздес графит-перлиттік аса берік шойын.
Соғылымды шойын деп ондағы графиттің пішіні үлпек тәріздес болатын шойынды айтады. Оларды эвтектикаға дейінгі шойыннан жасыту-шымырландыру жолымен алады. Сондықтан соғылымды шойынның графиті жасыту көміртегі деген атпен аталады. Жасыту кезінде түгелдей жойылған құйылу кернеуінің болмауы, қолайлы пішін және графит кірмелерінің оқшаулануы соғылымды шойындардың жоғары механикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді. Соғылымды шойынның металдық негізі ферритті, феррит-перлитті және перлитті болуы мүмкін. Осыған сәйкес ол ферритті, ферритті-перлитті және соғылымды шойын деп ажыратылады.
Әр уақытта шойынның құрамында кездесетін кремний, маргенец, күкірт, фосфор сияқты элементтер шойынның физика – химиялық қасиеттеріне әсерін тигізеді.
Кремний – күшті графит түзгіш элемент. Ол шойынның құрамында 0.5 - 4.5 % -ға дейін кездеседі.
Маргенец – күшті карбид түзгіш элемент, ол шойынның қрамында 2 %-ға дейін кездеседі. Күкірт шойынның аққыштық қасиетін нашарлататындықтан, шойынның құрамында оның мөлшері 0.08 - 0.1 %-дан аспайды. Күкірт маргенец сияқты, карбит түзгіш элемент.
Фосфор шойынның графиттелу процесіне әсерін тигізбейді. Әдетте фосфор элементінің мөлшері шойынның құрамында 0.1-1 % -дан аспайды. Фосфор темірмен әрекеттесіп, балқу температурасы 950 ºС болатын фосфид эвтектикасын (Fe P + Fe P) түзеді, ол шойынның қаттылық, үйкеліске беріктік қасиетін арттырады. Кез келген сұр шойын маркасын металдық негізден (цементит, феррит) және металл емес бөліктен (графит) тұрады деп қарастыруға болады. Бұл бөліктер мөлшерінің бір-біріне қатысты көміртегінің графиттелу дәрежесіне байланысты. Көміртегінің графиттелу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, шойында графит мөлшері көп, металдық негіз құрайтын мөлшері аз болады. Сұр шойындардың қаттылық, беріктік, үйкеліске беріктік механикалық қасиеттерін олардың структурасындағы металл негіздегі перлит көбейген сайын жоғарылай береді. Сұр шойындар былайша белгіленеді: СЧ-00, СЧ-15-32, СЧ-32-52, СЧ-38-60 т.б., мұндағы СЧ – сұр шойын ( серый чугун ) дегенді, ал бұл әріптерден кейінгі бірінші цифр кг/мм² мен алынған шойынның үзілуге беріктік шегін, ал соңғы екі цифр иілуге беріктік шегін көрсетеді. СЧ-00 шойынның механикалық қасиеті кепілденбейтіндіктен, бұл шойынды жауаптылықты қажет етпейтін детальдар жасау үшін қолданады.
Модификацияланған шойын
Сұр шойындардың механикалық
Мұндай құрамды шойында модификацияланғанға дейінгі графит модификацияланғаннан кейін майда пластинкалы графит түзуге себепші болады.
Соңғы кезде 65% ферросилиций мен 35% алюминийден тұратын қоспа күшті модификатор ретінде қолданылып жүр. Модификацияланған шойындардың маркасы сұр шойындар маркасы сияқты. Мысалы: СЧ-28-48, СЧ-32-52, СЧ-35-56, СЧ-38-60.
Шойынның бұл түрі машина жасау өндірісінде тісті дөңгелектер, тежеуіш барабандар, біліктер т.б. әр түрлі машина детальдар жасау үшін қолданылады. Шойынды магний элементімен модификациялау шойынның жаңа түрін – беріктігі жоғары шойындар алуға мүмкіндік береді. Мұндай шойынның құрамындағы графит шар (глобуляр) түрінде болады. Шойындағы графиттің шар формалы болуы шойынның металл бөлігінің өзара байланысын арттырып, олардың қасиетін болаттың механикалық қасиеттеріне жақындатады. Магний элементінің модификациялық әсері оның шойынның құрамындағы мөлшері 0.02%- дан асқанда байқалады. Әдетте беріктігі жоғары шойындардың құрамындағы магний элементінің мөлшері 0.05-0.08 %-дан аспайды. Шойынның құрамындағы кремний элементі магнийдің шойынды ағарту қабілетін жояды. Шойынды беріктігі жоғары шойынға айналдыру немесе цементитті графитті айналдыру үшін оны 950 ºС температураға дейін қыздырып, осы температурада үш сағаттай уақыт ұстап, баяу жылдамдықпен 500º-600º С-қа дейін салқындатады. Беріктігі жоғары шойынның структурасы сұр шойындікі сияқты ферритті, феррит-перлитті, перлитті болып келеді. Бұл шойындар былайша белгіленеді: ВЧ-40-10, ВЧ-60-2, ВЧ – беріктігі жоғары шойын; бірінші цифр созуға беріктік шегін , екінші цифр салыстырмалы ұзару коэффициентін көрсетеді. Соңғы кезде беріктігі жоғары шойындардан иінді вал сияқты жауапты детальдардың көптеген түрлері жасалып жүр.
Металлдарды термиялық өңдеу
Металдар мен металл қорытпаларының физика-химиялық қасиеттерін өзгерту үшін оларды термиялық әдіспен өңдейді. Термиялық өңдеудің кез келгені қыздыру, белгілі бір температурада ұстап тұру, суыту сияқты үш кезеңнен тұрады.
Металдың қыздыру
Термиялық өңдеудің түрлері.
А.А.Бочвардың еңбектері
1. Алдын - ала деформацияланған металды рекристалдану (қайта кристалдандыру) температурасынан ( t =0.4T ) жоғары температураға дейін қыздырып, сол температурада белгілі уақыт ұстап тұрып суытуды бірінші реттік күйдіру ( отжиг 1-го рода) немесе рекристалдану ( қайта кристалдану) деп атайды. Термиялық өңдеудің бұл түрі суық күйде өңделген ( штамтау, созу, соғу т.б.) детальдарды жұмсарту үшін қолданылады.
2. Металды фазалық өзгерту температурасынан (кризистік нүкте) жоғары температураға дейін қыздырып, сол температурада белгілі уақыт ұстап тұрып суытуды екінші реттік күйдіру ( отжиг 2-го рода ) немесе металдың физикалық қайта кристалдануы деп атайды. Термиялық өңдеудің бұл түріне қойылатын негізгі шарт өңделетін металдың фазалық өзгерісі немесе кризистік нүктеден жоғары температураға дейін қыздыру болуға тиіс.
3. Металды фазалық өзгерту температурасынан жоғары температураға дейін қыздырып, сол температурада белгілі уақыт ұстап тұрғаннан кейін үлкен жылдамдықпен суытуды шынықтыру ( закалка ) дейді. Шынықтыру екінші реттік күйдіру сияқты, айырмасы тек оның фазалық өзгеріс нүктелері бар металдарға ғана қолданылатындығында. Шынықтырған металл теңсіздік
( тұрақсыз ) күйге келеді. Болат, шойын, дюралюминий, қола сияқты қорытпаларды шынықтыру арқылы олардың беріктік, қаттылық, үйкеліске беріктік қасиеттерін жоғарлатуға болады.
4. Металды фазалық өзгерту температурасынан төмен температураға дейін қыздырып, сол температурада біраз уақыт ұстап тұрғаннан кейін баяу жылдамдықпен ( әдетте ауада ) суытуды жұмсарту( отпуск ) дейді.
Жұмсартылған металл
теңсіздік күйден тепе теңдік күйге
өтіп, оның қаттылығы мен беріктігі
төмендеп, пластикалық қасиеті жоғарылайд
Металды теңсіздік күйден тепе теңдік күйге өткізетін процестер қалыпты температурада да жүруі мүмкін. Металдың өздігінен жұмсаруы оның табиғи ескіруі, ал оның төменгі температураларда (100º-150ºС) жұмсаруы жасанды ескіруі деп аталады.
5. Қалыпты немесе жоғары температурада , диффузия құбылысы арқылы металдың сыртқы қабатының химиялық құрамын өзгертуді химия-термиялық өңдеу деп атайды. Өндірісте термиялық өңдеудің бұл түрінің йементтеу, азоттау, циандау, алитирлеу деген т.б. түрлері қолданылады.
Металды термиялық өңдеу теориясы
Болат халық шаруашылығының түрлі саласында конструкциялық материал ретінде, басқа материалдарға қарағанда, жиі қолданылады. Болаттың тамаша ерекшеліктерінің бірі – оның структурасының температураға байланысты өзгеруі.
Болаттың қыздырған кездегі өзгерістерін қарастырып көрелік. Құрамында 0.83% көміртегі бар эвтектоидтық болатың бастапқы структурасы перлиттен ( феррит пен екінші реттік цементиттің қоспасы ) тұрады. Осы болатты Ас ( 723º С ) температураға дейін қыздырсақ, ол перлиттен аустенитке айналады: қыздыру температурасы неғұрлым жоғарлаған сайын перлиттің аустенитке айналу жылдамдығы арта түседі. Ас температурадан жоғары температурада α-Fe темір торына ауысу және көміртегінің темір торында еру ( цементит түзілу) процестері жүреді.
Изотермиялық өзгеріс
диаграммасы тұрақты
Металды термиялық өңдеу тәжірибесі.
Термиялық өңдеудің кез келген түрі болатты белгілі температураға дейін қыздыруды қажет етеді. Болат мұнай немесе газбен жағылатын пештерде, кедергілі электр пешінде, балқытылған қорғасын немесе тұз құйылған астауларда қыздырылады. Соңғы кезде металдарды қыздыру үшін жоғары жиілікті айнымалы токты пайдаланып жүр. Термиялық өңдеудің жұмыс өнімділігі қыздырғыш пештердің қыздыру жылдамдығына байланысты. Қыздыру жылдамдығы жоғары пештерге жататындар:индукциялы пештер, қорғасын астауы, тұз астауы, газ немесе мұнай пештері, ең соңында –кедергілі электр пештері.
Термиялық өңдеу мынадай түрлерге бөлінеді. 1.Күйдіру, 2.Нормальдау. 3.Шынықтыру (закалка), 4.Жұмсарту (отпуск). 5.Химия-термиялық өңдеу.
1. Күйдіру. Күйдірудің өзі мынадай алты түрге бөлінеді:а)рекристализациялық күйдіру (қайта кристалдау үшін),б)толық күйдіру,в)шала күйдіру,г) түйіршікті перлитке күйдіру, д)изотермиялық күйдіру, е)диффузиялық күйдіру.
а) Суық күйде өңделген (прокаттау, шпамтау, созу т.б.) детальдардың ішкі кернеулерін жою, тұтқырлығы мен пластикалық қасиеттерін арттыру үшін оларды рекристалдық күйдіру (қайта кристалдау)арқылы өңдейді.Рекристалдық күйдіруде металды рекристалдау температурасынан (tº ) жоғары температураға дейін (650-700ºC) қыздырып, біраз уақыт сол температурада ұстағаннан кейін белгілі жылдамдықпен суытады.
б) Толық күйдіру эвтектикаға дейінгі болаттарды толық өңдеу үшін қолданылады.Толық күйдіруде металды Ас (GS сызығы) температурадан 20-40ºC жоғары қыздырып, сол температурда белгілі уақыт ұстағаннан соң аз жылдамдықпен(әдетте пешпен бірге) суытады.Мұндай әдіспен өңделген металдың структурасы майдаланып, ішкі кернеуі жойылады және жұмсарып, механикалық өңделгіштік қасиеті артады.
в) Шала күйдіру арқылы өңдегенде металды Ас мен Ас -тің аралығындағы температураға біраз уақыт ұстағанннан соң аз жылдамдықпен суытады.Термиялық өңдеудің бұл түрінде қайта кристалдану процесі толық цементит (эвтектоидқа дейінгі болаттығы) өзгермейді.
г) Түйіршікті перлитке күйдіруде болатты 750-780ºC-қа дейін қыздырып, сол температурада біраз уақыт ұстағаннан кейін баяу жылдамдықпен суытады.Термиялық өңдеудің бұл әдісі эвтектоидқа дейінгі және одан кейінгі болаттардың структурасын түйіршікті перлитке айналдыру, пластикалық қасиетін арттырып, қаттылығы мен беріктігін кеміту үшін қолданылады.Бұл әдіспен құрал-саймандар жасауға арналған болаттар өңделеді.
д) Изотермиялық күйдіреуде болатты Ас нүктесінен 20-40ºC жоғары қыздырғаннан соң, Аz нүктесінен 500-200ºС температураға дейін тез суытып, сол температура аралығында белгілі уақыт ұстап, белгілі жылдамдықпен суытады.Өңдеудің бұл түріне кететін уақыт толық күйдіруге қарағанда әлдеқайд аз.
е) Диффузиялық күйдіруде болатты Ас немесе Ас нүктелерінен 30-50º жоғары температураға дейін қыздырып, сол температурада ұзақ уақыт ( ондаған сағат ) ұстап, 800-850ºC-қа дейін пешпен бірге, сонан соң ауада суытады.
2.Нормальдау.Металды Ас немесе Ас нүктелерінен 30-50ºCжоғары температураға дейін қыздырып, сол температурада белгілі уақыт ұстағаннан кейін ауада суыту арқылы өңдеуді нормальдау дейді. Қыздырған кезде болаттың структурасы аустенитке айналып, суынғанда, күйдіргендегі сияқты, оның структурасындағы көміртегінің мөлшеріне байланысты ферритперлитке немесе перлит-цементитке айналады.
Нормальдау процесінде болаттың суыну температурасының дәрежесі жоғары болғандықтан жоғары дисперциялы перлит түзіліп, эвтектоид ертісіндегі перлиттің мөлшері артады.Сондықтан нормальданған болаттың күйдірілген болатқа қарағанда қаттылығы мен беріктігі жоғары болады.Нормальдау болаттың тығыздығы мен ішкі кернеуін жою үшін, орташа мөлшерлі көпіртекті болатттардың механикалық қасиеттерн арттыру және болатты одан әрі өңдеуге (термиялық өңдеу, штамтау, механикалық өңдеу т.б.) дайындау үшін қолданы
3.Шынықтыру (суару). Металды кризистік нүктеден 30-50ºC жоғары қыздырып, сол температурада біраз уақыт ұстағаннан кейін үлкен жылдамдықпен суытуды шынықтыру дейді.Осының нәижесінде болаттың структурасы мартенситке айналып, қаттылық, беріктік, үйкеліске беріктік қасиеті артады.
Шынықтыру толық шынықтыру және шала шынықтыру болып екіге бөлінеді.Қыздыру температурасы болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшеріне байланысты болады. Эвтектоидқа дейінгі болаттардың структурасы феррит пен перлиттен трады. Осы болаттың Ас нүктесінен жоғары температураға дейін қыздырсақ, оның структурасы аустенитке, ал кризистік жылдамдықпен суытсақ мартенситке айналады. Металды термиялық жолмен осылайша өңдеу әдісін толық шынықтыру деп атайды.
Термиялық өңдеуде суытқыш орта ретінде су, ауа, майлар және тұздар ерітіндісі пайдаланады. Көміртекті шойындардың кризистік суыну жылдамдығы жоғары болғандықтан, аустениттің тұрақсыз күйіне сәйкес, температура аралығында оларды үлкен жылдамдықпен суыту үшін суытқыш орта ретінде су қолданылады. Суда шынықтырылған шойынның кемшілігі оның майысатындығында және онда сызаттар мен ішкі кернеулердің пайда болуында. Осы кемшіліктерге жол бермеу үшін шойынды суыту жылдамдығы әр түрлі ортада суытады.
Шынықтыру әдісі мынадай түрлерге бөлінеді: бір суытқыш ортада шынықтыру, үзілісті шынықтыру, сатылы шынықтыру изотермиялық шынықтыру, жергілікті шынықтыру.
Бір суытқыш ортада шынықтыру
термиялық өңдеудің басқа түрлеріне
қарағанда техникада жиі
Металды бірден әр түрлі суыту орталарында шынықтыру арқылы өідеуді үзілісті шынықтыру деп атайды. Шынықтыру температурасына дейін қыздырылған болатты аустениттің тұрақсыз күйіне сәйкес температура интервалынан тез өткізу үшін мартенситті өзгеріс температурасынан жоғары температураға дейін майда суытады.
Сатылы шынықтыруда шынықтыру температурасына дейін қыздырылған болат мартенситтің өзгеріс температурасынан шамалы жоғары температураға дейін қыздырылған ортаға салынып, біраз уақыт ұсталғаннан кейін, ауада баяу жылдамдықпен суытылады. Соның нәтижесінде болаттың структурасы аустенит мартенситке айналады.
Изотермиялық шынықтыру сатылы шынықтыруға ұқсас, айырмасы тек мынада ғана: аустенит цементит-феррит қоспасына ( сорбит, тростит) немесе ине тәрізді троститке ( бейнитке ) айналу үшін болатты қыздарған ортада, аустениттің изотермиялық өзгеріс температурасынан төменгі температура аралығында суытады. Изотермиялық шынықтыру 250-400ºС температурада жүреді. Изотермиялық әдіспен шынықтырылғын болаттың механикалық қасиеті оның структурасына байланысты.
Жергілікті шынықтыру металдардың белгілі бөліктерін өңдеу үшін қолданылады. Термиялық өңдеудің бұл әдісінде болатты балқытылған қорғасында немесе жоғары жиілікті индукциялы пештерле қыздырады.
4. Жұмсарту. Болатты абсолют (723ºС) температураға дейін қыздырып, қайта суытуды жұмсарту дейді. Жұмсарту металдың түріне байланысты әр түрлі температураға дейін қыздыру арқылы жүргізіледі. Нәтижеде металлдың қаттылығы, беріктігі, үйкеліске беріктігі төмендеп, тұтқырлығы мен пластикалық қасиеттері жоғарылайды. Жұмсарту, қыздыру температураға байланысты төмен температурада (200Сº), орташа температурада (200-300ºС) және жоғары температурада (500-550ºС) жұмсарту болып үшке бөлінеді. Төмен температурада жұмсарту нәтижесінде болаттың ішкі кернеуі жойылады, орташа температурада жұмсартуда болаттың ішкі кернеуі жойылып, қаттылығы мен берікітігі төмендеп, пластикалық қасиеттері жоғарылайды. Жоғары температурада жұмсартылған болаттың структурасы сорбитке айналады.
5. Химия-термиялық өңдеу. Химия-термиялық өңдеу деп болаттың беттің химиялық құрамы мен құрылысын және қасиетін өзгертетін термиялық өңдеуді айтады. Химия-термиялық өңдеуен өткен болат бетінің қасиеті ( қаттылығы, үйкеліске беріктік т.б. қасиеттері) артады.
Химиялық-термиялық өңдеу цементтеу ( цементация ), азоттау, циандау және диффузиялық металдау болып бөлінеді. Төмен көміртекті болат бетін 1123-1223ºК (850-950ºС ) температурада көміртекті ортада (карбюризатор) көміртегімен қанықтыруды цементтеу деп атайды. Бұл процесс қатты, сұйық, газ тәрізді карбюризаторларда жүргізіледі.
Азоттау процесі 773-873ºК (500-600ºС) температурада аммиак (NH) атмосферасында жүргізіледі. Бұл температурада аммиак мына 2NH=2N+3H реакциясы бойынша ыдырайды, Нәтижеде бөлінген азот атомы болаттың бетіне енеді. Азоттау процесі шынықтыру, жұмсарту, механикалық өңдеу, кейде шлифтеу процестерінен кейін жүргізіледі.
Циандау деп металдың бетін азот және көміртегімен қанықтыру процесін айтады. Бұл процесте циандалған металл қабатының қалыңдығы 0.1-0.2мм-ге жетіп, қаттылығы, үйкеліске беріктігі, серпімділік шегі артады. Металды циандау процесі қатты (60-80% ағаш көмірі, 20-40% сарықап тұзы), сұйық ( NaCO ,NaCl ,NaCN, Ca(CN) тұздары), газ тәрізді (70-80% табиғи газ, 20-30% аммиак қоспасы ) ортада жүргізіледі. Циандау процесі 1123-1173 ºK (850-900ºC) температурада жүргізіледі.
Диффузиялық металдау процесінде болаттың беті алюминий, хром, кремний, бор, бериллий т.б. элементтерімен қанықтырылады. Мұндай өңдеуден өткен болаттың отқа, қышқылға төзімділігі, коррозияға, үйкеліске беріктігі артады.
Қорытынды
Шойынды жауаптылықты қажет етпейтін детальдар жасау үшін қолданады. Шойынның бұл түрі машина жасау өндірісінде тісті дөңгелектер, тежеуіш барабандар, біліктер т.б. әр түрлі машина детальдар жасау үшін қолданылады. Шойындар қазіргі таңда ауыл шаруашылығындағы бірден бір қажет қоспа.
Термиялық өңдеу деп металдың беттің химиялық құрамы мен құрылысын және қасиетін өзгертетін термиялық өңдеуді айтады.Термиялық өңдеу ол осы шойындар немесе тағы да басқа металдардың суыққа, ыстыққа, тозуға қасиеттерін жоғарыда айтылғандай әдістермен арттырады.
Мұндай өңдеуден өткен болаттың отқа, қышқылға төзімділігі, коррозияға, қаттылығы, серпімділік шегі, үйкеліске беріктігі артады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Смағұлов Д.Ұ. «Металлография» Алматы, 2001, 375б.
2. Омаров А.Қ. «Металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы» Алматы, 1970, 306 б.
3. www.google.kz
Глосаррий
Шойындар деп құрмында 2.14%-тен артық көміртегі болатын темір көміртекті қорытпаларды айтады.
Модификациялау-беріктігі жоғары шойын алу.
Циандау деп металдың бетін азот және көміртегімен қанықтыру процесін айтады.
Қосымшалар
1-сурет. Шойынның түрлерінің микроқұрылымдарының ықшам сызбалары.
№ плавки |
С |
Si |
Мn |
Р |
S |
Mg |
Ni |
Mo |
Сu |
Температура аустенитного превращения, °С |
1 |
3,29 |
2,67 |
0,24 |
0,062 |
0,010 |
0,047 |
- |
- |
- |
900 |
2 |
3,50 |
2,66 |
0,60 |
0,062 |
0,010 |
0,042 |
- |
- |
- |
900 |
3 |
3,43 |
2,46 |
0,97 |
0,060 |
0,009 |
0,055 |
- |
- |
- |
900 |
4 |
3,49 |
2,69 |
1,23 |
0,041 |
0,005 |
0,061 |
- |
- |
- |
900 |
5 |
3,47 |
2,56 |
0,27 |
0,032 |
0,009 |
0,054 |
0,65 |
- |
- |
880 |
6 |
3,49 |
2,42 |
0,28 |
0,061 |
0,010 |
0,058 |
0,97 |
- |
- |
880 |
7 |
3,50 |
2,55 |
0,27 |
0,061 |
0,011 |
0,062 |
1,90 |
- |
- |
875 |
8 |
3,46 |
2,64 |
0,25 |
0,060 |
0,010 |
0,060 |
3,82 |
- |
- |
855 |
9 |
3,44 |
2,63 |
0,42 |
0,042 |
0,009 |
0,065 |
- |
0,19 |
- |
880 |
10 |
3,56 |
2,69 |
0,43 |
0,040 |
0,007 |
0,065 |
- |
0,36 |
- |
880 |
11 |
3,46 |
2,69 |
0,45 |
0,041 |
0,006 |
0,056 |
- |
0,63 |
- |
890 |
12 |
3,36 |
2,74 |
0,42 |
0,042 |
0,009 |
0,050 |
- |
0,74 |
- |
890 |
13 |
3,47 |
2,76 |
0,34 |
0,031 |
0,017 |
0,043 |
- |
- |
0,74 |
900 |
14 |
3,44 |
2,68 |
0,36 |
0,031 |
0,013 |
0,056 |
- |
- |
1,58 |
900 |
15 |
3,58 |
2,78 |
0,55 |
0,031 |
0,014 |
0,037 |
0,54 |
- |
- |
900 |
16 |
3,50 |
2,78 |
0,34 |
0,030 |
0,012 |
0,043 |
0,53 |
0,17 |
- |
900 |
17 |
3,41 |
2,12 |
0,34 |
0,017 |
0,015 |
0,057 |
1,38 |
0,32 |
- |
850 |
18 |
3.66 |
2,51 |
0,53 |
0,028 |
0,015 |
0,059 |
1,34 |
0,26 |
- |
880 |
19 |
3,75 |
2,63 |
1,14 |
0,033 |
0,013 |
0,049 |
- |
- |
1,04 |
880 |
20 |
3,58 |
2,52 |
0,51 |
0,031 |
0,008 |
0,057 |
- |
0,21 |
0,53 |
900 |
21 |
3,53 |
2,44 |
0,50 |
0,030 |
0,011 |
0,056 |
- |
0,25 |
1,37 |
900 |
22 |
3,48 |
2,76 |
0,45 |
0,032 |
0,016 |
0,050 |
0,53 |
0,27 |
0,63 |
900 |

- Шокан валиханов
- Шокан Валиханов
- Шокан УалиУәлиханов (1835-1865)
- Шокан Уалиханов
- Шоки совокупного спроса и совокупного предложения
- Шоки спроса и предложения. Стабилизационная политика
- Шокова заморозка. Переваги та і недоліки
- Шнековый экстрактор НД-1250
- Шницель натуральный рубленый из свинины
- Шоғырландырылған есеп
- Шодерло де Лакло и его роман ''Опасные связи''
- Шойын
- Шойын
- Шойын. Графитизация процессы. Шойын құрылысы. Графит формасы