Шоғырландырылған есеп

Жоспары:

  1. Кіріспе………………………………………………………………………….1
  2. Негізгі бөлім .................................................................................................2-10
    1. Шоғырландырылған есеп түсінігі..............................................................2
    2. Шоғырландыру әдістері..............................................................................3
    3. Шоғырландырылған есепті жүргізу тәртібі.........................................4-10
  3. Қорытынды.......................................................................................................11
  4. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 Бухгалтерлік есеп  принциптері бойынша кәсіпорынның  есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік  есепті жүргізу әдістері мен  тәсілдерінің жиынтығын, яғни  алғашқы бақылау, құндық өлшеу,  ағымдағы топтау мен шаруашылық  қызметтің фактілерін жинақтап  қорытындылау жолдарын айтады.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру туралы»  Қазақстан Республикасының заңында  белгіленген.

Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселерінің  бірі.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңына сәйкес  қаржылық есеп беру дегеніміз – жеке кәсіпкерлердің немесе ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер мен қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ұсынады.

Қойылған міндеттерді  орындау үшін қаржылық есеп беру негізгі  принциптерге    және саналық  сипаттамаларға  сәйкес жасалады.

Қаржылық есеп берудің  тұжырымдамасын 7 элемент (активтер, міндеттемелер, капитал, кірістер, шығыстар, пайда, зияндар) белгілейді.

Қаржылық есептер мәмілелер  мен басқа қағидалардың қаржылық нәтижелерін оларды  экономикалық сипаттамаларына  сәйкес кең ауқымды  категорияларға қалыптастырып көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар – қаржылық есептердің элементтері  деп аталады.

Қаржылық есеп берудің  екі түрі бар: жеке-дара және шоғырландырылған.

Осы рефератта(жазбаша жұмысымда) шоғырландырылған қаржылық есеп беруге тоқталып кетемін. Осы жұмыс барысында  шоғырландырылған есепті жан-жақты  зерттедім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

2.1. Шоғырландырылған  есеп түсінігі

 

№ 27 ХҚЕС-ке сәйкес, шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың қаржылық есептілігіндегі бас жəне оның еншілес ұйымының активтері, міндеттемелері, үлесі, табысы, шығысы жəне ақша ағыны біртұтас экономикалық ұйым ретінде дайындаған болып ұсынылатын қаржы есептілігі.

Есептіліктің бұл түрі өз ішінде:

  • Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс
  • Табыстар мен шығындар туралы шоғырландырылған есептілік
  • Ақша қозғалысы жөніндегі шоғырландырылған есептілік
  • Шоғырландырылған есептіліктің басқа да түрлері және түсіндірме жазбадан тұрады

Ең алғашқы болып шоғырландырылған есептілік АҚШ-та 1902 жылдан бастап қолданыла  бастады. Мұндай есеп беруді әлемдегі ең бірінші капиталы 1 млн доллар болған(еншілес компаниялармен бірге) американдық US Steel Corporation компаниясы ұсынған. Ұлыбританияда шоғырландырылған есептілік 1907  жылдан бастап ұсыныла бастады, бірақ тек 1947 жылы ғана заң бойынша бекітілді, Голландияда – 1926 жылдан бастап, Германияда – 30  жылдардан бастап, 1965 жылы заңды түрде бекітілген, бірақ британдық – американдық тәжірибеден көптеген ерекшіліктері болды. Бұл ерекшіліктер 1985 жылы жойылды. Францияда 1983 жылдан бастап, 1985 жылы заңмен бекітілген, Жапонияда 1977 жылдан бастап қолданылған. ЕЭО мүше елдері шоғырландыруды 1988 жылы заң бойынша бекіткен, бірақ 1990 жылдан бастап қолдана бастады.

Қазіргі кезде шоғырландыру еуропалық және халықаралық стандарттармен қабылданған. Есептің жалпы қабылданған  әлемдік тәжірибесінде мұндай есептілікті  дайындаудың мақсаты – компаниялардың өздерінің еншілес компанияларының  шығындары мен қаржылық жоғалтуларын жабуға қарсы тұру. Сонымен бірге  бас компания(инвестициялаушы және бақылаушы) есептіліктің бұл түрін  тек оның басқа ұйымға инвестициялары 50 % көп болса немесе бақылау инвестициялардың бұдан аз деңгейінде де жүргізілсе қолданылады.

Шоғырландыру  міндетті:

  • Көлемі мемлекеттік органдармен белгіленетін ірі компаниялар үшін
  • Жағрафиялық және заңды бөлінуіне тәуелсіз бір есептілікті қолданатын компаниялар тобы үшін
  • Егер де еншілес компанияның қызметі бас компания беретін лизингте тұрса (АҚШ)

Мұндай компаниялар тобының  есеп саясаты есептіліктегі барлық айырмашылықтар есептелініп, бір жүйеге келтіріледі. Есепті мерзімдегі айырмашылық 3 айдан аспауы керек.

Шоғырландыру қолданылмайды, егер тәуелді компания:

  • Нақты түрде бақыланбаса,
  • Банкрот болып есептелінсе,
  • Саяси тұрақты емес мемлекетте орналасса, есепті мерзімнің аяғына дейін сатылатын (сатылған) болса
  • (инвестиция ретінде есептелінеді), екі инвесторлардың әсері жоғары болса (азшылық үлесі)
  • ЕО 7 директивасы бойынша қаржылық компаниялар шоғырландырылған есептілікке кірмейді.

Көрсетіліп кеткен жағдайларда  тәуелді компанияның есебі қауымдастырылған (ассоцияланған) тәртіпте жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Шоғырландыру  әдістері

 

Шоғырландырудың негізгі әдістері

  1. Сатып алу әдісі 3 нұсқада қолданылады
  1. Пропорционалды шоғырландыру, яғни таза активтерінің есептілік(баланстық) және әділ құнының айырмашылығын акивтердің түрлері бойынша пропорционалды бөліп тарату, ал бөлінбеген қалдық гудвилл болып табылады. Гудвилді есептеу кезінде таза ағымдық активтерді әділ құны бойынша бағалау орнатылған;
  1. Үлестік қатысу
  2. Толық шоғырландыру
  1. Қосылу әдісі ашық акционерлік қоғамдармен екі жақты келісім бойынша мүдделерінің бірігуі мақсатында қолданылады(негізінен, АҚШ-та). Оның мәні акциялардың айырбасында, яғни қолма-қол ақшаның топтың шегінен шықпауы мақсатында. Бұл әдіс басқа компания активтеріне алғашқы ие болу кезінде қолданылады, өйткені бұл кезде ақша қаражаттардың шектеулігі және акцияларды олардың нарықтық құны негізінде теңестіру қажеттілігі пайда болады.

Ерікті сипатта қызмет ететін шетелдік еншілес компаниялар  шоғырландыруға дейін келесі әдістермен қайта есептеледі:

  • Ағымдық айырбас бағамының модифицирленген әдісі(баланс – есепті мерзімдегі бағам бойынша, есептіліктің басқа түрлері – орташа жылдық бағам бойынша)
  • Ағымдық есептің барлық шоттарын қайта бағалау (ақшалай емес – тарихи бағам бойынша, ақшалай – есепті мерзімдегі баға бойынша). Пайда болған айырмашылықтар бөлек трансформациялық айырмашылықтар шотында есептелінеді және соңында осы мақсат үшін есептелінетін пайда (резерв) шотына жіберіледі.

Шоғырландыру техникалық жағынан шоғырландыру (жұмысшы) кестелер көмегімен жүзеге асады. Бас және еншілес компаниялардың сәйкес есептіліктерінің көрсеткіштері шоғырландырылған өткізбе  есебінен қосылады.

Стандартта шоғырландырылған есептілікті қазақстандық есепке сәйкес құру әдістемелігі көрсетілген және осы форматты құрастыру үшін жұмысшы  кестеде мысалдармен есеп айырысулар берілген. Оның мәнін жалпылағанда өз мазмұны бойынша олар шоғырландырылған есептілікті құрудың жалпы қабылданған  халықаралық тәжірибеге сай екенін айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Шоғырландырылған есепті жүргізу тәртібі

Негізгі компания есептіліктің бұл түріне  өзінің жергілікті және еншілес компанияларының барлық көрсеткіштерін мына жағдайлардан басқа  уақытта енгізуге міндетті.

  • Еншілес компанияны жақын болашақта сату мақсатымен иеленсе,
  • Еншілес ұйым өз қаражаттарын негізгі ұйымға беру қабілеттілігін төмендететін ұзақ мерзімді қатаң шектеулі шарттарда қызмет етсе.

Негізгі серіктестік басқа  серіктестіктің толық немесе жартылай иелігінде және еншілес болса, шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынбауға  құқығы бар, егер де оның негізгі серіктестігі талап етпесе және азшылық үлесінің меншік иелерінің рұқсаты берілсе.

Шоғырландырылған қаржылық есептіліктер – топты бір серіктестік  ретінде ақпаратты ұсыну үшін кейбір баптар бойынша қайталауды алып тастау қажет. Ол үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрған кезде  жасалған есептемелер негізінде  түзету жазбалары жүргізіледі. Түзету жазбалары шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау барысында  жұмысшы кестеде жазылады да негізгі  де, еншілес те серіктестіктің бухгалтерлік есебінде көрсетілмейді.

Топтың есептілігін құру кезінде негізгі серіктестіктің бөлек бухгалтерлік балансында көрсетілген  еншілес серіктестіктеріне салынған инвестициялар еншілес серіктестіктердің  таза активтерімен нақты түрде айырбастылады, ол үшін негізгі серіктестіктің әр еншілес серіктестігіне салынған инвестициялардың баланстық құнын және әр еншілес  серіктестіктің меншікті капиталындағы  негізгі серіктестіктің үлесін алып тастау қажет. Иелену мерзіміне негізгі  серіктестіктің еншілес кәсіпорынға  инвестиция шығындары:

  1. Еншілес серіктестіктің меншікті капиталындағы негізгі серіктестіктің үлесіне тең
  2. Еншілес серіктестіктің меншікті капиталындағы негізгі серіктестіктің үлесінен жоғары
  3. Еншілес серіктестіктің меншікті капиталындағы негізгі серіктестіктің үлесінен төмен болуы мүмкін.

Келісім бойынша сатып  алынатын активтерден міндеттемелері шегерілген ағымдық құнында сатып  алатын серіктестіктің таза активтер үлесі сатып алу құнынан асуы гудвилл(кәсіпорын бағасы) ретінде  анықталып, шоғырландырылған бухгалтерлік баланста актив ретінде бөлек  бапта көрсетіледі.

Егер сатып алу мерзіміндегі сатып алынған активтер мен міндеттемелердің ағымдық құнындағы сатып алатын серіктестіктің таза активтерінің үлесі  сатып алу құнынан кіші болса, пайда болған айырмашылық гудвилл  ретінде шоғырландырылған бухгалтерлік баланста бөлек бап ретінде көрсетіледі.

Шоғырландырылған баланста дебиторлық және кредиторлық борыштар шоттарында тек ұйымдар тобынан  тыс сомалар көрсетіледі, ал топ  ішіне кіретін серіктестіктер арасындағы есеп айырысулар сомалары алып тасталынады.

Қаржылық шаруашылық қызметтің  нәтижелері туралы шоғырландырылған есептілікте  сату және сатып алу көлемдерін көтермеу үшін, шоғырландырудың бір аясындағы  серіктестіктердің арасында жүргізілетін операциялар алып тасталануы керек.

Топішілік операцияларға  мыналар жатуы мүмкін:

  1. Тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу
  2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу және өткізу
  3. Қарыздарды алу және беру
  4. Тағы да басқалар

Қаржылық шаруашылық қызметтің  нәтижелері туралы шоғырландырылған есептілікте  топтан тыс жүргізілген операциялардың қаржылық нәтижелері көрсетілуі керек. Бір серіктестіктерде толық аяқталған, басқаларында жартылай аяқталған топішілік  операциялар бойынша табыстар(шығындар) алынып тасталуы міндетті. Өткізілмеген табыстар мен шығындарды алып тастаудан  пайда болатын уақытша айырмашылықтар 11  БЕС «Табыс салығы бойынша есеп жүргізу» сәйкес есептелінеді.  

Егер топ ішіндегі операциялар  шығынға әкелсе, олар шоғырландырылған есептілікте табыстар ретінде көрсетіледі. Ағымдық активтерді өткізудің таза құнының төмендеуінен туындайтын шығындар, уақытша түрде төмендеуінен басқа, қайта қайтарылмайды және элиминирлеуге  жатпайды.

Негізгі кәсіпорын еншілес  кәсіпорынның акияларының 100 пайызынан  азын иеленсе, менік ретінде акцияларының 50 пайыздан азын иеленетін акционерлер  мүдделері ескеріліп отыру қажет.

Азшылық мүдделері деп аталатын бұл акционерлерінің мүдделері еншілес серіктестіктің таза табысы (шығыны) және таза активтердегі үлесіне сәйкес соммада шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілуге міндетті.

Таза табыстағы (шығындағы) азшылық үлесі еншілес серіктестің есепті мерзімде алынған таза табысы соммасынан анықталады және ол негізгі серіктестікке жатпайтын еншілес серіктестіктің таза табысының көлемін көрсетеді.

Қаржылық –шаруашылық  қызмет нәтижелері туралы шоғырландырылған есептілікте азшылық үлесі шоғырландырылған таза табысты азайтатын (көбейтетін) көрсеткіш ретінде бөлек баппен көрсетіледі.

Еншілес серіктестіктің таза активтеріндегі азшылық үлесі шоғырландырылған бухгалтерлік баланста қаржылық есептілікті  құру мерзіміндегі еншілес серіктестіктің меншікті капитал сомасынан анықталады.

Еншілес серіктестіктің таза активтеріндегі азшылық үлесі шоғырландырылған бухгалтерлік баланста міндеттемелер  мен меншікті капиталдан бөлек «Азшылық үлесі» атты бабында көрсетіледі  және негізгі серіктестікке жатпайтын  еншілес серіктестіктің таза активтерінің көлемін көрсетеді.

Негізгі серіктестік пен  оның еншілес ұйымдарының шоғырландырылған есептілікке енгізілетін қаржылық есептіліктері әдетте бір мерзімге құрылуы тиіс. Оны жүзеге асыра  алмаған жағдайда әр есепті мерзімге құрылған қаржылық есептіліктерді қолдануға  болады, бірақ уақыт айырмашылығы 3 айдан аспауы керек. Әр мерзімдерге  құрылған қаржылық есептіліктерді шоғырландырылғанда осы мерзімдер аралығында осы  мерзімдер аралығында операциялар  мен басқа да оқиғалар нәтижесіндегі  болған мәнді өзгерістерге түзетулер  жүргізіледі.

Негізгі серіктестік пен  оның еншілес ұйымдарының шоғырландырылған есептілікке кіретін қаржылық есептіліктері  әдетте бір есеп саясатын қолдану  арқылы дайындалады. Ал егер топ мүшесі шоғырландырылған қаржылық есептілікті  құруға қабылданған есеп саясатынан басқасын қолданса, онда шоғырландыру кезінде қаржылық есептілікке тиісті түзетулер енгізіледі. Егер де түзетулерді  есептеуге мүмкіндік болмаса, бұл  факт шоғырландырылған қаржылық есептілікте  басқа есеп саясатын қолданған баптармен  бірге ашылуы керек.

Еншілес серіктестіктің шаруашылық қызметінің нәтижелері шоғырландырылған есептілікке сатып алынған мерзімнен  бастап енгізіледі. Сондықтан серіктестік  бір жылдың  ағымында сатып алынса, шоғырландыру мақсатында оның бір жылдағы  қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелерінің  берілгендері екі есептік мерзімге бөлініп тасталуы қажет: сатып алынуға  дейін және сатып алынғаннан кейін.

Негізгі серіктестіктің бөлек  қаржылық есептілігінде еншілес  ұйымдарға  салынған инвестицияларды  шоғырландырылған есептілікке кіргізу  үлестік қатысу әдісі  арқылы немесе негізгі серіктестік қолданатын ұзақ мерзімді инестициялар есебі әдісімен  жүзеге асырылады.

Негізгі серіктестіктің тәуелді  шаруашылық серіктестерге инвестициялар  есебі үлестік қатысу әдісімен есептелінсе, еншілес ұйымдарға да инвестициялар  есебін осы әдіспен жүргізу керек.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру кезінде негізгі  және еншілес серіктестіктің есептіліктері  баптар бойынша қосылады. Шоғырландырылған есептілік серіктестіктер тобы туралы ақпаратты бір ұйым ретінде беруі  үшін:

  • Баланстан еншілес кәсіпорындармен өзара есеп айырысулар шоттары бойынша қалдықты тексеру және алып тастау керек
  • Негізгі серіктестіктің әр еншілес кәсіпорынға салынған инвестицияларының баланстық құны мен әр еншілес ұйымның жарғылық капиталындағы негізгі серіктестіктің үлесін тексеру және алып тастау керек
  • Топ ішіндегі табыстар, шығындар мен дивиденттер бойынша операцияларды, сонымен бірге осы операциялар нәтижесінде туындаған өткізуден тыс табыстар мен шығындарды(қайтарымсыз шығындардан басқа) тексеру және алып тастау
  • Еншілес серіктестіктің таза активтеріндегі азшылық үлесін анықтап, оны шоғырландырылған баланста негізгі серіктестіктің міндеттемелері мен меншікті капиталынан бөлек көрсету
  • Әр еншілес серіктестіктің топтың жалпы нәтижелеріне әсер ететін таза табысындағы(шығынындағы) азшылық үлесін анықтау және негізгі серіктестікке жататын таза табыс сомасын анықтау

Топқа кіретін субъектілердің әр мерзімге құрылған есептіліктерін шоғырландырылған есептілікке енгізуге болады, бірақ уақыт айырмашылығы 3 айдан аспау керек. Егер әр түрлі  есептік мерзімге құрылған есептіліктер шоғырландырылса, осы мерзім аралығында болған  оқиғалар мен жүргізілген  операциялар нәтижелерінде болған өзгертулерге түзетулер жүргізу  керек.

Бір топқа кіретін кәсіпорындар бір есеп саясатын қолдану керек, кері жағдайда қажетті түзетулер  енгізіледі.

Негізгі серіктестіктің бөлек  қаржылық есептілігінде шоғырландырылған есептілігіне кіретін еншілес кәсіпорындарға салынған инвестициялар  үлестік  қатысу әдісін немесе  ұзақмерзімді инвестициялар есебі әдісін қолданумен көрсетіледі.

Біріккен қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілер өз қатысу үлесінің есебі үшін және активтер, міндеттемелер, осы қызмет бойынша  табыстар мен шығындардың қатысушыларының, ұйымдастырушылық –құқықтық нысандарына  тәуелсіз, қаржылық есептілігінде көрсету  үшін 14 БЕС қолданады.

Осы стандартқа сәйкес біріккен қызметтің қатысушысы өз қаржылық есептілігінде  және шоғырландырылған есептілікте  көрсетуі керек:

  • Бірігіп бақыланатын өндірісті
  • Ол шоғырландыратын активтер мен өзіне алатын міндеттемелерді
  • Біріккен қызметпен байланысты тауарлар мен қызметтерді сатудан алатын табыстың өзіне тиесілі үлесін және өз шығындарын
  • Біріккен қызмет бойынша қабылдаған міндеттемелерді, біріккен қызметтің басқа қатысушыларымен бірге болатын міндеттемелердегі өз үлесін
  • Біріккен қызмет бойынша шығындардың өз үлесімен бірге өнімнің өз үлесін пайдалану немесе сатудан түскен табысты
  • Біріккен қызметке қатысу үлесіне сәйкес болатын шығындар

Бірігіп бақыланатын  заңды  тұлғаның қатысушылары өзінің бөлек  қаржылық есептіліктері мен шоғырландырылған қаржылық есептілікте өзінің қатысу үлесін келесі екі есептік форматтың  біреуін қолдана отырып көрсетуі керек:

  • Үлестік қатысу әдісі- ұзақ мерзімді инвестициялар есебінің әдісі, негізгі серіктестік қолданады
  • Пропорционалды шоғырландыру әдісі – есеп әдісі, қатысушылардың үлесі бап бойынша қосылады. Пропорционалды шоғырландыру әдісі мыналарды көрсету үшін қолданылмайды:
  • Жақын болашақта өткізу мақсатында сатып алынған бірігіп бақыланатын кәсіпорынға қатысу үлесін
  • Қатысушы қорларына аударымдар жасауға қабілеттілігін төмендететін ұзақ мерзімді қатаң шектеулер шарттарында қызмет ететін бірігіп бақыланатын кәсіпорынға қатысу үлесін

Егер біріккен қызметтің  қатысушысы бірігіп бақыланатын  кәсіпорынның активтерін сатса немесе салса, ол өзіне табыстың осы қызметпен  ғана байланысты бөлігін тануы керек.

Қалған табысты бұндай тану тек қана бұл активтер тәуелсіз жаққа сатылған жағдайда мүмкін. Егер салу немесе өткізу ағымдық активтерді өткізудің таза құнының төмендеуін, сонымен бірге қысқа мерзімді төмендеуді есептемегендегі ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнының  төмендеуін куәландырса, қатысушы шығындардың  толық сомасын көрсету керек.

Егер біріккен қызмет қатысушылары активтерді сатып алса, ол осы активтерді тәуелсіз жаққа қайта сатып өткізбегенше, біріккен операциядан түсетін табыстан өз үлесін алмауы керек. Ол осындай мәмілелер нәтижесінде болған шығындар үлесін табыс тәрізді тануы керек. Бірақ шығындарды ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнының төмендеуі болған жағдайда бірден тану қажет. (уақытша төмендеу сипатындағыдан басқа)

Қаржылық есептілікте  келісім-шарт бойынша шартты міндеттемелер  мен шығындардың маңызды сомаларының туындауымен және сонымен бірге үшінші жақ үшін жауапкершілікті қабылдайтын шартты міндеттемелерге байланысты оқиғалар туралы ақпарат ашылып көрсетілуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қаржылық есептілік компанияның  жалпы есептілігінің құрамдас бөлігі болып табылады және  Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес құрылады

Қаржылық есептіліктің халықаралық  №1-«Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына сәйкес, қаржылық есептіліктің мақсаты компанияның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат ұсыну болып табылады.

Шоғырландырылған қаржылық есептілік – бір ұйымның есептілігі ретінде ұсынылатын топтың жеке қаржылық есептіліктері. Басқаша айтқанда, бұл компанияның өзара байланысты көрсеткіштер тобы туралы жалпылама берілген мәліметтер.

Сонымен, рефератта шоғырландырылған қаржы есептілі ұғымын жан-жақты  зерттеп, оның негізгі ерекшеліктерін, шоғырландыру әдістерін, шоғырландырылған есепті жүргізу тәртібін, шоғырландырылған есептің заңнамалық реттелуін білдік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ф.С.Сейдахметова, 2008 жыл, Алматы, ТОО «LEM»
  2. 27—ші Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарты (IAS 27)
  3. www.minfin.kz
  4. www.wikipedia.com



Шоғырландырылған есеп