Сотта сөйлеу өнері

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті

 

«Экономика және Құқық» Институты

«Құқықтану» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Пән: Адвокатура

Тақырып: Сотта сөйлеу өнері

 

 

                                                                         Орындаған: Юс-09-1 тобы

                                                                            студенті,  Жолдыбаева Р.К

                                                                     Тексерген:   аға оқытушы,

                                                                                         Сеюбергенова Д.С.

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

                                                Ақтау-2012ж.                                            

                                  Жоспар:

 

 

І.Кіріспе

ІІ. Негізгібөлім

2.1. Сөйлеу шеберлігі және тіл  мәдениеті...............................................................

2.2.Шешендік өнердің даму тарихы.......................................................................

2.3. Сотта дәлелдеу  тәртібінің негіздері..................................................................

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе

 

Тіл мен ойлаудың өзара байланысы  ұғымдар арқылы жүзеге асады. Ал ұғымның  пайда болуы санада өтетін пайымдау әрекетінің нәтижесі. Пайымдау арқылы логика ғылымы ой қорытындыларын жасап, қорытпа білім алуда қолданылатын ойлау заңдарын зерттейді. Логика таным теориясының бірлігі ретінде ежелгі Қытай, Үнді және Греция елдерінде біздің жыл санауымыздан бұрын V-VI ғасырларда зерттеле бастаған. Дегенмен, логиканың ғылым ретінде қалыптасқан отаны Ежелгі Греция деп саналады. Ал оның негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. Сондықтан ол логиканың атасы деп саналады.

Дұрыс ойлау, дұрыс пайымдау шешендердің  ойлау, сөйлеу, дағдыларында қалыптасып, іске асып отырған. Шешен адам дұрыс  пікірлесу, пайымдау дәлелдеу сияқты ақыл-ой әрекеттерін іске асыруға қабілетті. Мұндай ақыл-ой қызметтерін іске асыра білу қызметтерінің, қабілеттерінің жиынтығы шешеннің логикалық мәдениет-пайымдау процесіндегі бірнеше ұғым, пікір, ой қорытынды сияқты ойлау формаларына тән, қажетті, ішкі, мәнді байланыстар.

Шешендік сөздердегі тұспалдап  атайтын сөздер алынып отырған атаулардың ұғымдық белгісіне сүйенеді. Бейнелі  атауларда ұғым заттардың қасиеттерін  салыстыру тәрізді логикалық  тәсілге сүйеніп, анықталады.

Шешендік дегеніміз - белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлық пен көркем тілмен айтылған және оны қорытындылау мен түйіндеуге бағытталған үлгілі ойлар мен тұжырымдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлеу шеберлігі  және тіл мәдениеті

 

Тіл мен ойлаудың өзара  байланысы ұғымдар арқылы жүзеге асады. Ал ұғымның пайда болуы санада өтетін пайымдау әрекетінің нәтижесі. Пайымдау арқылы логика ғылымы ой қорытындыларын жасап, қорытпа білім алуда қолданылатын ойлау заңдарын зерттейді. Логика таным теориясының бірлігі ретінде ежелгі Қытай, Үнді және Греция елдерінде біздің жыл санауымыздан бұрын V-VI ғасырларда зерттеле бастаған. Дегенмен, логиканың ғылым ретінде қалыптасқан отаны Ежелгі Греция деп саналады. Ал оның негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. Сондықтан ол логиканың атасы деп саналады.

Дұрыс ойлау, дұрыс пайымдау шешендердің ойлау, сөйлеу, дағдыларында қалыптасып, іске асып отырған. Шешен  адам дұрыс пікірлесу, пайымдау дәлелдеу сияқты ақыл-ой әрекеттерін іске асыруға  қабілетті. Мұндай ақыл-ой қызметтерін  іске асыра білу қызметтерінің, қабілеттерінің жиынтығы шешеннің логикалық мәдениет-пайымдау процесіндегі бірнеше ұғым, пікір, ой қорытынды сияқты ойлау формаларына тән, қажетті, ішкі, мәнді байланыстар.

Шешендік сөздердегі тұспалдап атайтын сөздер алынып отырған атаулардың ұғымдық белгісіне сүйенеді. Бейнелі атауларда ұғым заттардың қасиеттерін салыстыру тәрізді логикалық тәсілге сүйеніп, анықталады.

Бұқар жыраудың «Керей қайда  барасың?» деген толғауында «сен бұзау терісі шөншіксің, мен өгіз терісі талыспын»  дегенінде ыдыс-аяқ  атаулары болып табылатын шөншік, талыс сөздерінің қолданылуында мынадай ұғымдық белгілер таңдалынып алынады:

1) шөншіктің бұзау  терісінен жасалатындығы;

2) сондықтан көлемінің  кішкентайлығы, әлсіздігі; 

3) талыстың өгіз терісінен  жасалатындығы;

4) сондықтан көлемінің үлкендігі, мықтылығы.

 Шешендік сөзде  логикалық ой қорытындысы сезім  мүшелерінің көмегімен шығарылады. Бұған мысал Төле би мен  Әнет бабаның сұрақтары.

Шешендік сөздерде кейде  ой қорытындысы берілмейді. Ой қорытындысын шығаруды шешен тыңдаушы көпшіліктің өзіне қалдырады.

Шешендік сөздерде ой қорытындының индукциялық және аналогиялық  түрлері кеңінен қолданылады.Билер  сөзінде көбінесе жекеден жалпыға  қарай жасалатын индукциялық  ой қорытындыларының   жиі кездесуі билердің таным процесінің эмпирикалық  танымнан, яғни жеке нәрселер мен құбылыстардың сапалары мен қасиеттерін танып білуден басталатындығы себеп болады.

Шешендік сөздің сапалық  белгілері.Шешендік сөз ақыл-парасатқа  негізделсе, мазмұнды болады.Шешендік сөздің мазмұндылығы сөйлеушінің ақыл-ой дәрежесіне, жан-жақты білімділігіне байланысты. Шешендік ғылымның теориясын жасағандардың бірі – Цицерон да жақсы шешен болу үшін, жан-жақты білім керектігін айтқан еді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орынында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: мал, мүлік, көңіл-күй одағайы т.б.

Шешендік сөздерде синоним  сөздер қабат қолданғанда,тілдің жеткізу мүмкіншілігі молайып, тіпті ғылыми түсініктердің өзі сыр ашып, шешіліп сөйлегендей болады.

Сонымен бірге шешендік өнерде антонимдік қолданыстар көркемдік  үшін де, ой айқындылығы үшін де қолданылады. Ал омоним  сөздерді орнымен қолдану сөйлеуде логикалық қате жіберуден сақтандырады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындылығымен қоса, сөйлеу тілінің көркемділік деңгейін көтереді.

Таза сөйлеу - ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан, сөз шаласы жаман» дегенде, ана тілінің байлығын бағаламай,туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап, қынжылып айтса керек.Тіл тазалығы дейтініміз, - дейді А.Байтұрсынұлы, ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге жоламау, жергілікті сөздерден қашу» [2; 151]

Шешендік өнерде тіл тазалығы жоғарыдағы айтылғандардан өзгешерек. Әрине, шешендік сөйлеу мәдениетінің талаптарын ескереді, өйткені ол – тіл мәдениетінің жоғарғы формасы. Шешен болып қалыптасу жолында сөйлеуші тіл мәдениеті талаптарын меңгермейінше, оның шешен сөйлеуге төселуі пайым нормаларын сақтай алмаған адам көпшіліктің алдына шығып сөйлеп, береке таппайды.

Қазіргі шешендікте сөйлеу монолог және диалог түрінде болады. Монологтық сөйлеу - қазақ шешендерінің толғау, ақыл, өсиет, бата  тілек, үндеу түрінде ертеден қолданып келе жатқан сөйлеу түрлері. Монолог - бір кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологта белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделетіндіктен, көпшілік алдында сөйленген сөз, жасалған баяндамалар, оқылған лекциялар, айтылған пікірлер, монологқа жатады.Монологта автордың түйінді ой-тұжырымдары айтылып, көпшілікке талқыға ұсынылады. Сондықтан көп жпғдайда монолог диалогқа айналады.

Шешендіктану ғылымы қазіргі шешендіктегі сөйлеу  түрлерін былайша жіктейді: монолог және пікір алмасу, ой-талқы, пікірсайыс, ойбөліс,сөзталас, айтыс  тәрізді пікірталастың түрлері.

Шешендік өнердің  даму тарихы

Шешендік өнер тарихына көз жіберсек  Ежелгі Греция мен  Рим қоғамынан бастап, Еуропа Шығыс  халықтарында да шешендік өнер қалыптасқан. Зерттеушілердің айтуынша шешендік өнер айтыс дауларда туып дамыған.

Шешендердің көпшілігі  мемлекет қайраткерлерінен, парламент мүшелерінен, философтардан, саясаткерлерден болған. Мысалы, ежелгі Грек шешені Демосфен және Рим шешені Цицирон әуелі адвокат кейін парламент басшылары болған.Шешендік өнер ғылыми тілде риторика деп аталады.

Шешендік дегеніміз - белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлық пен көркем тілмен айтылған және оны қорытындылау мен түйіндеуге бағытталған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.Риторика ғылымының негізін салушылар грек Протогор және Сократ, Платон.Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған.Астанасы-Афины.Демосфенен 170 қолжазба, 60 шешендік сөздер жинағы, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған.Шешендік өнер Грециядан кейін Рим мемлекетінде дамыған.Онда Крас Анатия, Горденция бастаған атақты шешен қолбасшылары болған.Жан Поль Марат, Максимиллиан Реберс  Пьер, Ресейде В.И.Ленин, Луначарский өзінің шешендігімен көзге түскен. М.В.Ломоносов «Краткое руководство» еңбегінде орыс шешендік өнері туралы жазған. Қазақтың шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон Енисей ескерткіштерінде жазылған.  Онда Қорқыттың айтқан нақыл сөздері де бар.Көне жазба мұраларында Махмұд Қашқари, Баласағұнни, А.Игнеки, С.Сарайи, Құтып, Р.Хорезмнің айтқан сөздері табылған.Шешендік өнер бастауы мен даму кезеңдері 7 жарғы заңына да Салон заңына да байланысты.

 

Сотта дәлелдеу тәртібінің негіздері

 

Бәсекелестік  процесс жағдайында дәлелдеу процесіне  қатысу үшін қылмыстық ізге түсу органдары  және айыпталушы, оның қорғаушысының  процессуалдық мәртебелері тең  болулары қажет. Сонымен бірге процестің  бәсекелестік нысанының қажетті  элементі болып тараптардың дәлелдеу процесіне  қатысу кезінде сот және сотқа дейінгі кезеңдерде де олардың теңдігі табылады.

Дәлелдеу процесі мәнісін  философиялық түсіну «кең ауқымды мағынасындағы  дәлелдеме ұғымымен» жаңама түрде  байланысты. Мұндай айқындама жағдайында қылмыстық іс жүргізудің «дәлелдеме» ұғымының мәнісі философиялық көз-қарас тұрғысынан «тар мағынадағы дәлелдеме» ұғымына сай келеді.  Дәлелдеме (объектілер) және дәлелдеу (іс-қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағыналықтан гөрі әдістемелік мәні бар. Міне, сондықтан біз іс жүргізудің «дәлелдеу» ұғымына барабар ретінде «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеменің» философиялық ұғымын қолданамыз. Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:

а) тектік сипаттағы философиялық ұғым;

ә) түрлік сипаттағы  іс жүргізу құқықтық ұғымы. Ал, философиялық көзқарасы тұрғысынан дәледеме дегеніміз  – шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылылығын негіздеу. Кең мағынасындағы «дәлелдеме»  қандай да бір пайымдаудың шынайылылығын  айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асады. Тар мағынасында – бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбесі.

 «Дәлелдеме»  ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің  мәнін формальді қисынмен жұмыс  істейтін дефинициядан (анықтаудан)  ажырата отырып, А.И. Трусов былай  деп жазды: «...Сот дәлелдеуге  жалаң ойлармен ғана емес, ең  әуелі фактілермен жұмыс істейді».

Әрі қарай А.И. Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді:

  • соттық дәлелдермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
  • жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер
  • болып табылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;

Соттық дәлелдемелер арқылы заңда көзделген қылмыстық іс жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа шығарылады.

Р.С. Белкиннің пікірі бойынша жинақталған, зерттелген және бағаланған дәлелдемелер дәлелдеудің, яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол жеткізудің құралы ретінде қызмет етеді.

Дәлелдеме –  шындыққа көз жеткізудің құралы. Сонымен  бірге «дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес».

Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме  - қылмыстық іс жүргізу  құқығының аса маңызды  сипаттарының бірі болып табылады деп  айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.

Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:

  • дәлелдемелердің ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;
  • дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің болуы;
  • дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
  • мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана құқығына беру;
  • жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін не кінәсіздігін анықтау.

Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің жауаптары; сарапшы қорытындысы; заттай айғақтар; іс жүргізудің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады. Бұл тізбені кеңейтіп түсіндіруге болмайды.      

Сонымен, дәлелдеудің  жалпы әдістемелік мазмұны процесте шындықты анықтаудан көрінеді. Кең  ауқымды мағынасындағы дәлелдеме  - қандай да бір пайымдаудың шынайылылығын  анықтаудың кез-келген процедурасы, бұл  кейбір логикалық пайымдаулардың  көмегімен, сондай-ақ кейбір табиғи заттар мен құбылыстарды сезіммен қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыстық сот  ісін жүргізуде дәлелдеу процесін құқықтық түсіндіру қаралап отырған қызмет саласының ерекшелігімен елеулі түрде кемелденуі және процессуалдық  дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми пайымдаулармен  толықты.

Мәселен, М.М. Гродзинский дәлелдеу процесін «дәлелдемелерді  жинау, бекіту және бағалау жөніндегі  тергеу-сот және прокурорлық органдардың  қызметі»  - деп белгіледі. А.М. Лариннің пікірі бойынша дәлелдеу «қылмыстық сот ісін жүргізуде заң белгілеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалған қылмыстар және олармен байланысты жағдайлар туралы шындықты білу үшін фактілерді зерттеуден тұратын, ерекше заң белгілеген нысандарда жүзеге асырылатын тергеушінің, прокурордың, соттың, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізуге тартылатын және жіберілетін басқа да қатысушылардың күрделі қызметі». Осыған ұқсас көзқарасты   М.С. Строгович те білдіреді: «Дәлелдеу – қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды, қылмыстың жасалғандығын белгілі бір адамның қылмыс жасаудағы кінәлігін  және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау». Әрі қарай М.С. Строгович мынаған назар аударды, дәлелдеу ұғымы «құзіретті органдар жүргізетін зерттеу ұғымына тең, ұқсас». М. М. Гродзинскийдің позициясына В. Д. Арсеньев жақын тұр, соңғысы былай деп есептейді: «Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеуді белгілі бір шектерде қылмыстық іс жүргізу заңы бағыттайтын және реттейтін, қылмыстық іс бойынша іс жүзінде болған жағдайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау жөнінде соттың, прокурордың және басқа да органдар мен адамдардың қызметі ретінде қарау керек».

Р.С. Белкин дәлелдеудің  танымдық сипатына тоқталады, ол дәлелдеу дегеніміз «осы құбылыстың, фактінің және оларды басқа да фактілермен, құбылыстармен негіздеу арасындағы байланыстарды анықтау. Бұл байланыстардың объективті түрде сипаты бар: олар танылғанына немесе танылмағанына қарамастан, дәлелдеуді жүзеге асыратын адамның еркіне қарамастан болады. Дәлелдеу процесінде олар анықталады, танылады және белгілі бір жорамалдың шындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Әрі қарай ол дәлелдеудің мәнісі дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден және бағалаудан көрінеді деп атап өтеді. Дәлелдеу мәнісінің анағұрлым терең анықтамасы А.Р. Ратиновқа тиесілі: «Оқиға туралы мәліметтер алынуы мүмкін ақпарат көздерін табу, ол мәліметтерді жинау, оларды іс жүргізу түрінде бекіту, қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды сенімді түрде анықтау мақсатында тексеру мен бағалау – қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінің мазмұнын құрайды».

Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеудің мәнісі туралы осы заманғы түсінік таным  мен дәлелдеу мазмұны бойынша  түрлі ұғымдар мен пайымдауға негізделген.

Сонымен, доктриналдық түсіндіру қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеу процесін мынадай  негізгі сипаттарға бөлуге мүмкіндік  береді:

1) гносеологиялық  дәлелдеу – бұл таным процесінің  бір түрі, логикалық дегеніміз  – бұл нақты қылмыстық жазалауға жататын әрекетті адамның жасағандығы туралы пайымдаудың шындығын негіздеу операциясы;

2) дәледеу  мен таным сәйкес келмейді: олар  тегі (таным) және түрі (дәлелдеу) ретінде өзара ара-қатынаста болады;

3) дәлелдеу  процесі – құқықтың және гноселогиялық екі аспектінің үйлесімін білдіреді. Құқықтық аспект мынадай кезеңдерді қамтиды: а) дәлелдеу – тану; ә) дәлелдеу-көз жеткізу; б) дәлелдеу – негіздеу. Және де дәлелдеудің әрбір келесі кезеңі – оның алдындағы кезеңге байланысты және содан логикалық түрде туындайды. Гносеологиялық аспект мынадай деңгейлерден тұрады: а) ақпараттық дәлелдеу; ә) логикалық дәлелдеу;

4) тергеу және  сот қызметінде орын алатын  дәлелдеудің зерттеушілік, танымдық  сипаты болады;

5) дәлелдеу  процесінде тергеу және сот  талқылауының тақырыбы шынайы және сенімді білімге қол жеткізіледі;

6) қылмыстық  сот ісін жүргізуде дәлелдеу  адресаты тар мағынасында таным  субъектісі, кең ауқымды мағынасында  тұтас қоғам болып табылады;

7) дәлелдеу  тәртібі қатаң түрде қылмыстық  іс жүргізу заңдарымен реттелген;

8) дәлелдеу  процесі (ҚІЖК – нің 124-бабы) төмендегілер бойынша дәйекті  қызметті қамтиды:

а) дәлелдемелерді жинаудан;

ә) зерттеуден;

б) дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Қорытынды

 

Халықтық педагогиканың басты құралы - сөз өнері. Сөйлей алмайтындар күлдіремін деп күйдіреді, қуантамын деп қуартады,білдіремін деп бүлдіреді.

Шешендік - біліктілік пен  білімнен, терең түйсік пен сезімнен, ұшқыр қиял мен өткір ойдан,тер  төгу мен зерделіктен тұрады.

Қазақ шешендік өнері  туралы философ – шешен Әл-Фараби «Риторика» атты еңбек жазып, онда шешеннің сөйлеу шеберлігіне тоқталған. Шешеннің сөйлеу шеберлігі жөніндегі тұжырымдарды Аристотельдің пікірімен сәйкес келеді. Өмірлік мәселелерге қатысты  түрлі дау-дамайлар мен мемлекет, қоғам, адам тағдырына қатысты пікір-сайыстарында жеңіске жетер шешен образдарын айқындап, Аристотель айқын шешендік қасиеттерді: анықтылық, шыншылдық, дәлелдің молдығы,  көз жеткізушілік, білімділік, сендіру қабілеттерімен қоса, жұртты өзіне баурап алар қимыл, бет-жүз құбылыстары, дауыс сазы мен сөйлеу мәнерін талдап түсіндіреді.

Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика деп атайды. Риторика ғылымының негізін салушылар  Протагор және Сократ, Платон болған. Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған, оның астанасы- Афины.Солардың ішінде Лиси, Исакрат, Демосфен атақты шешендер болған. Демосфеннен 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған.Алғашқы шешендер, философтар, саясаткерлер, қолбасшылар, қоғам қайраткерлері, атақты мемлекет қайраткерлерінің арасынан шыққан.

Пікір сайысында шындықты іздеп табудың, ақиқатқа көз жеткізудің тәсілі ретінде Платон айтқан диалектиканың  маңызын сөз етеді. Ол Аристотель ілімінде диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді. Таным мақсаты, Әл–Фарабидің түсіндіруінше, ең алдымен сол текке жататын нәрсе біткеннің барлығының болмысын анық білу. Өмірдегі заттардың табиғи түрде болатын заттар және адамның еркімен жасалатын заттар болып бөлінетіндігін, соңғылары теориялық ғылымдар арқылы емес, кәдімгі ұйымдар арқылы танылатындығын айқындайды. Сөйтіп барлық халықтарға жеке халыққа немесе қалаға ортақ ең пайдалы, ең әдемі нәрсені анықтауға жұмсалатын ізгілік деп шешендерде болатын ойшылдық қабілетті атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Р.Сыздықова. «Сөздер  сөйлейді» Алматы 1980ж

2. З.Қабдолов. «Сөз өнері»  Алматы 1984ж

3.Т.Садықов, Г.Қосымова. Қазақтың шешендік өнер бағдарламасы, Алматы,

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сотта сөйлеу өнері