Соттағы өкілдік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе

 Азаматтық істер бойынша соттағы өкілдік

1. Соттағы өкілдіктің  түсінігі

2. Соттағы өкілдіктің  негізі және түрлері

3. Сотта өкіл бола алатын тұлғалар және сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Дамудың демократиялық  принциптерін қамтамасыз етуде соттағы өкілдіктің, өкілдердің,оның ішінде адвокат-өкілдердің алатын орны ерекше. Ол ең алдымен қоғамның әртүрлі салаларында жиі-жиі кездесіп тұратын заңсыздықтарды болдырмау үшін күреседі. Ал қазіргідей өтпелі кезеңде, орын алып отырған келеңсіздіктермен қатар күні кеше ауылшаруашылығында жүргізілген жекешелендіру барысында туындаған проблемалар және әртүрлі жеке фирмалар мен ЖШС-тер өмір сүріп жатқан қазіргі кезеңде орын алып жатқан заңсыздықтардан аяқ алып жүре алмайсың. Сонымен қоса тергеу, тексеру, жауап алу барысында құқық қорғау орындары тарапынан жіберіліп жатқан заңсыздықтар да аз емес.

    Соңғы кездері әлеуметтік көмек мәселесі көп проблемаларды туындатып отыр. Көп жағдайларда әлеуметтік көмекті мүшелерінің заң талаптарын жете білмеуі салдарынан кейбір азаматтарға тиесілі әлеуметтік көмек көрсетілмей келеді. Немесе керісінше, алуға тиісті емес азаматтар көмек алып жатады. Әрине, соңғыларына көп жағдайларда қылмыстық іс қозғалатыны да заңды құбылыс. Бірақ, соған тек әлеуметтік көмек алып  жүрген адам ғана кінәлі ме? Міне, осындай кездері адвокат -өкілдердің атқаратын рөлі зор.

        Азаматтардың  өздерінің сот істерін өздері жеке жүргізуге көптеген жағдайларда мүмкіндіктері бола бермейді. Олар басқа қалада өтетін сот отырысына өздерінің күнделікті шаруасынан қол үзіп барулары керек болады, сондай-ақ ертедегі римдіктердің айтуы бойынша, «өз істерін жеке жүргізу ауруда, жасының келуі де, аяқ астынан жолсапарларда және көптеген басқа себептерде кедергі келтіреді демекші, шын мәнісінде барлық уақытта ойлағанындай, барам деген жеріңе бара алмайсың, айтсам ба деген ойыңды айта алмайсың. Сондықтан кейбір нақты іс-әрекеттерді атқару үшін басқа адамдарға өз атыңнан өкілдік беріп, өз істеріңді атқаруды тапсыру қажеттілігі туындайды яғни соттағы іс-әрекетіңді атқару соттағы өкілдік дегеніміз – бір тараптың яғни өкілдің екінші тараптың, яғни екінші өкілдік берушінің мүддесін қорғап соның атынан іске қатысуы.

    Сотта өз істерін табысты жүргізу үшін заңдарды жақсы біліп және сот өндірісінің формальдылығын жете сезініп түсінумен қатар, өз ойын анық бір-бірімен байланыстыра жеткізе білуі керек. Бірақ кез-келген азамат мұндай білімдер мен қасиеттерге ие емес. Осылардың негізінде қажетті заң көмегін алуда сот істерінде тек қана кеңестер беріп қоймай, сот ісін де өзінің сөзімен, сөйлеу өнерімен алып шығатын адамның қажеттігі туады. Сот ісіне қатысып отырған заң көмегін беруші тараптың әрекетіне қосымша оның атынан іс жүргізу құжаттарын толтырып, сот жарыссөзінде азаматтың құқығымен мүддесін қорғап сөйлеуін құқық қорғау деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық істер бойынша соттағы өкілдік

1. Соттағы өкілдіктің  түсінігі

    Сотта өз ісін жақсы жүргізу үшін азаматтық заңдар мен іс жүргізу үшін азаматтық заңдар мен іс жүргізу тәртібін жақсы білу керек. Бұл істе әр азаматтың ойын ойдағыдай жеткізуге білуі керек. Бірақ мұндай қасиеттерге барлық азамат бірдей ие емес, сондықтан сот жүргізу ісінде өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін өкіл алуға құқылы.

    ”Соттағы қылмыстық  не азаматтық істі азаматтар мен заңды тұлғалар өз құқықтарын қорғау үшін жеке жүргізсе белгілі бір ыңғайсыздықтар туады”.[1] өйткені оның заңды білмеу салдары не сөйлеу шеберлігінің болмауы өз мүддесін қорғап шығуға кедергі келтіріп, жеңіліске ұшыратуы мүмкін. Соның үшін сот ісін жүргізгенде тараптарға өкіл қажет деп ойлаймын. Соттағы өкілдік дегеніміз бір тараптың, яғни өкілдің екінші тараптың,өкілдік берушінің атынан сот ісіне қатысуын  айтамыз.

    Соттағы өкілдік  сот пен өкіл немесе өкіл мен тараптар арасындағы құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының дербес институты болып табылады.

    Бұл институт  екі процессуалды қарым-қатынастарды реттейді.

    Олар:

    - Сотпен өкіл арасындағы;

    - Сотпен тараптар немесе өкіл мен тараптар арасындағы.

    Тараптармен өкіл арасындағы қарым-қатынас ғылыми әдебиеттің негізі болып табылады.

    Азаматтық іс жүргізу кодексінің 58-бабына сай азаматтық істерді жүргізу өкіл арқылы рұқсат етіледі. Азаматтар (соның ішінде яғни тараптар) өз ісіне өзі басшылық етсе де немесе өкіл арқылы жүргізсе де болады. Соттағы өкілдіктің өкіл болуының үш себебі бар. олар: төмендегідей:а)тараптардың келісімі болған жағдайда; б) тараптардың заңды көмек алуы қажет болған жағдайда; г) әрекет қабілеті жоқ, әрекет қабілеті шектеулі және жас өспірімдерге өкіл тағайындалады.

    Соттағы өкіл  өз ісін жақсы атқару үшін, ол азаматтық заңды және өз ойын жете түсіндіре білуі қажет. Соттағы өкілмен қатар құқық қорғаушылық ұғымда бірге қолданылады. Құқық қорғаушылық дегеніміз – іске қатысатын, заңды кеңес беретін, тараптардың құқықтарымен міндеттерін қорғайтын тұлға.

    Соттағы өкілмен  құқық қорғаушылық арасында қызметіне байланысты айырмашылығы көп.

    Соттағы өкілдіктің  анықтамасын басында көрсетіп өткенмін, алдыңғы уақыттада сол туралы жазамын, ал құқық қорғаушылыққа келсек оған құзыретті органдар, прокуратура басқа да мемлекеттік органдар және заңды тұлғалар болып табылады.

    Енді соттағы өкілдіктің мақсаттарына келсек. Олар:

     - сотта тараптарды қорғау;

     - сотта тараптардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау;

     - істің дұрыс шешілуіне жәрдем беру.

    Азаматтық іс жүргізудегі өкілдіктен азаматтық құқықтың айырмашылығы:

     - өкілмен тарап арасындағы мақсат пен сипатына байланысты;

     - өкілдердің  құқықтарына байланысты;

     - өкілдердің  қызметіне байланысты.

    ”Соттағы өкіл дегеніміз азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының дербес жеке субъектісі болып табылады”.[2]

    1. Іске өз атынан емес, ол тараптардың атынан қатысады.

    2. Біткен іске заңды қызығушылық танытпайды.

    Соттағы өкіл- ол жеке тұлға, заң, жарғы және ережеге сай өз құзыреті шеңберінде тараптардың құқықтарымен міндеттерін қорғау.

өкілдік пайда болу негіздеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 1) шарттық – сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік акісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам, сотта өкіл бола алады. жалпылай айтқан кезде, өкілдік шарттық, заңдық, жарғылық және қоғамдық өкілдік болып бөлінеді.

    Соттағы өкілділік  дегеніміз бір тұлға, яғни соттағы өкіл берілген өкілділік шегінде басқа бір тұлғаның атынан процессуалдық әрекеттер жасауы. Осы әрекеттер негізінде өкілдік берушіге белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болған соттағы өкілдік төмендегі міндеттерге ие:

    1) Тараптарды тікелей өздері қатысатын процестен босату.

    2) Оларға заңи көмек беру.

    3) Процеске қатысуға мүкіншілігі жоқ тұлғаларды босатып, олардың құқықтары мен міндеттерін сотта қорғау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Соттағы өкілдіктің   негізі және түрлері

    Соттағы өкілдіктегі  тараптарды сенім беруші және өкіл деп атаймыз.Өкіл іс бойынша тікелей өзіне алдын ала келісілген сый ақыдан басқа пайда көрмейді. Соттағы өкілділік АІЖК 58 бабына сәйкес азаматтар өз істерін сотта тікелей өздері немесе өкілдері арқылы жүргізе алады.[3]

    Азаматтың өзінің  тікелей қатысуы іс бойынша өкілді қатыстыруда өкілдің қатысу мүмкіндігін айырмашылығы. Азаматтық іс бойынша қатысып отырған әрбір өкіл өздеріне берген өкілеттілік көлемінде ғана әрекет етеді. Белгілі бір ұйымның органы ретінде қатысып отырған басшылары өздерінің қызмет бабын куәландыратын құжаттар тапсыруға құқылы.

    Әрекетке қабілеттілігі  жоқ тұлғалардың істерін олардың атынан заңды өкілі жүргізеді. Соттағы өкілдіктің мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін толық қорғауды қамтамасыз етуді, соның қажеттілігін айқындау болып табылады.

    Соттағы өкілдік  қатынастарының 2 жолы бар:

    1. Соттағы өкіл мен сенім білдірушінің арасындағы қатынас.

    2. Соттағы өкіл мен соттың арасындағы қатынас.

    Екіншісінде, бұлардың арасындағы қатынастар процессуалдық құқыққа байланысты сонда бекітілген құқықтар мен міндеттердің негізінде жүргізіледі.

    Соттағы өкілдік  институты іске қатысушы тараптардың 3-ші тұлғалардың және басқа да іске қатысушылардың құқықтары, мүдделерін толық көлемде жүзеге асырып қамтамасыз етеді.  Соның ішінде егер де бұл тұлғалар белгілі бір себептермен сотта өз мүдделерін қорғауға мүмкіншілігі болмаса. М: ұзақ іс сапарда болуы, сырқаттануына байланысты соттағы өкілі әрекетке қабілетті тұлға және өкілдік берушінің атынан процессуалдық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын тұлға. Азаматтық құқықтық және процессуалдық өкілдіктер көптеген бірдей белгілерге ие болады. Бірақ олардың арасында мақсатына байланысты өкілдік беруші мен өкілдің арасындағы қатынас сипатына байланысты және сотта өкіл бола алатын тұлғалардың байланысты ажыратуға болады. Азаматтық құқық өкілділіктің мақсаты сенім білдірушінің құқықтары мен міндеттерін пайда болуын, өзгеруін және жойылуын қамтамасыз етеді, ал соттағы өкілдердің мақсаты сотта тікелей қорғау мақсаттарында процессуалдық әрекеттерді жүргізуге, процессуалдық міндеттерді орындауға көмегін тигізу.

 

    Процессуалдық  өкілдікте өкіл сенім білдірушінің атына кешенді процессуалдық әрекеттер жасалады.

    Бұл әрекеттер сенім білдірушінің атынан жазылған арызын бастап және басқа да процессуалдық құжаттар дайындау мен тікелей сот мәжілісіне қатысуымен сот мәжілісінде пайда болған сұрақтарға жауап берумен және т.б. әрекеттерден тұрады.

    Егер де өкілдің тікелей өкілеттігі болмаса берілген өкілеттіктің шегінен шығуға жол берілмейді.

    2. Соттағы өкілдік  пайда болу негізі бойынша:

    1) ерікті;

    2) белгілі бір жарғы негізіндегі өкілдік.

    1. Ерікті өкілдік – адвокаттың іске қатысуына байланысты бұны шартты өкілдік деп те атаймыз.

    Бұл өкілдік  бойынша белгілі бір шарт негізінде тараптардың келісімі арқылы іс жүргізу шартты өкілдің негізгі қатысушысы – адвокаттар. Еңбек шартына байланысты тұлғалардың қатысуы осы өкілдің түріне жатады.

    2. Заңды өкілдік – АІЖК 63-бабына сәйкес заңды өкілдік әрекетке қабілетсіз тұлғаның құқықтары мен мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары қорғаншылары арқылы жүзеге асырылады. Олар сотқа өздерінің жеке басын куәландыратын немесе әкімшілік акт негізінде қатысады. Сонымен заңды өкілдік дегеніміз заңда тікелей көрсетілген өкілдік болып табылады. Заңды өкілдік азаматтың мүлдем әрекет қабілеттілігі жоқ кезінде немесе әрекеттік қабілетінен айырылған кезде пайда болады. Бұл өкілдіктің негіздері: 1. Ата-аналық қатынастар; 2. Әкімшілік акт, егер де қамқоршы және қорғаншы етіп тағайындалған болса; 3. Асырап алу жөніндегі сот шешімі.

    Заңды өкілдер  63 баптың 4-тармағына сәйкес істі жүргізуді басқа өкілге беруге құқылы. М: адвокатқа . заңды өкілдіктің бір түрі ретінде ресми өкілдікті қарастырамыз. 63- баптың 2, 3-тармақтарына сәйкес хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың атына оның өкілі ретінде мүлкіне қамқоршы ретінде тағайындалған тұлға қойылады.

    63 баптың 3-тармағына  сәйкес егер де белгіленген тәртіп бойынша қайтыс болды деп жарияланған тұлғаның немесе қайтыс болса, оның мұрагері қатысу керек іс бойынша мұра әлі қабылданбаған болса сотта өкіл ретінде мүлікті сақтаушы немесе мұраға қалдырылған мүлікке оны басқарып, қорғауға тағайындалған қамқоршы өкіл ретінде қатысады.

    3. Жарғы немесе ереже негізіндегі өкілдік жоғары тұрған ұйымның төменгі тұрған ұйымның құқықтары мен мүдделерін қорғап сотқа қатысуы. Қоғамдық ұйымдар жүзеге асыруға тиісті қоғамдық өкілдік 59 бабының 1 нен басқа.

    Қолданыстағы  азаматтық іс жүргізу құқығы азаматтық істерді сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізіле алады делінген.

    Әрекет қабілеттілігі  жоқ адамдар өздерінің азаматтық іс жүргізу құқықтарын тек өкілдері арқылы жүргізеді. Заңды тұлғалардың істері сотта олардың органдары мен өкілдері арқылы жүреді.

    Өкілдік – азаматтық  іс жүргізу құқығының жеке бір институты. Құқықтық қатынастарда өкілдік екі түрге, яғни сыртқы және ішкі өкілдік деп екіге бөлінеді. сыртқы өкілдік өкіл мен соттың қатынастарынан тұрады. Ішкі өкілдік өкіл мен өкілдік берушілердің арасында пайда болады. бірінші сыртқы өкілдік азаматтық іс жүргізу нормаларымен реттеледі де іс жүргізу өкілдігі болады. ол АІЖК-нің бірқатар нормаларында көрсетіледі. Ал ішкі өкілдікте олар іс жүргізу бойынша да, сондай-ақ материалдық-құқықтық шарттар негізінде туындайтын өкілдік яғни тапсырма бойынша өкілдік.

    Дегенмен, бұл материалдық-құқықтық элементтер соттағы өкілдікті азаматтық құқықтағы өкілдікпен немесе жалпы азаматтық өкілдіктің түрімен ауыстыруға болмайды.

    Азаматтық құқықтағы  өкілдік пен соттағы өкілдіктің  айырмашылығы: өкіл мен өкілдік  берушінің арасындағы қатынастарының  сипаты мен бағыты бойынша, азаматтық процесте өкіл ретінде қатысуға құқығы бар тұлғалар ортасы, көлемі және құқықтарының сипаты бойынша бөлінеді.

 

 

 

 

3. Сотта өкіл бола алатын тұлғалар және сотта өкіл бола

 алмайтын тұлғалар

   Азаматтық іс жүргізу бойынша сотта өкіл болу үшін кейбір азаматтарға заң бойынша рұқсат етіліп, кейбір азаматтардың категорияларына шектеу жасалынады. Яғни азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша сотта өкіл бола алатын тұлғалар мен өкіл бола алмайтын тұлғалар бапта тікелей көрсетілген.

1. Іс жүргізуде тараптардың құқықтары мен міндеттерін заң жарғы және ережеге сай қорғауы.

2. Сот ісі жүріп жатқан кезде ол өз құқықтарымен міндеттерін емес, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін қорғауы тиіс.

3. Іс жүріп жатқанда ол тараптардың атынан сөз сөйлейді.

4. Процессуалды іс біткен соң өкілдің тараптарға деген құқықтары мен міндеттері бітеді. Соттағы өкілдікте материалды-құқықтық салдар өріс алмайды. Өкілге соттағы шығындарды жүктемейді.

   Соттағы өкіл кез келген жеке және заңды тұлға бола алады. Сотта өкіл болып мыналар танылады:

   1. Қорғаушы (адвокат);

   2. Заңды тұлғалардың қызметкерлері;

   3. Кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары;

   4. Ұйымдардың уәкілетті  адамдары;

   5. Басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын ұйымдардың уәкілетті адамдары;

   6. Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;

   7. Сот рұқсат еткен басқа да тұлғалар.

    Бір жағынан заң ауқымды өкілдердің қатысуын қарастырғанмен, олар істе жеңіп шығу-шықпауына кепілдік бере алмайды. өйткені бұл жерде өкіл болып отырғандардың бәрі заңгер мамандар емес. Заң азаматтардың өздерінің өкілін сәтсіз таңдауынан сақтандыра алмайды.

    Сотта кез келген азаматты өкіл етіп өкілдігін ресімдеп іске қатыстыра беру практикасы 1992 жылы шыққан. Арбитраждық іс жүргізу кодексінде шықты.

    Азаматтардың  мүддесін дұрыс түсініп, сотта нақты заңды көмек бере отырып міндетті түрде кепілдік беретін азаматтарды қатыстыру үшін заңда күрделі істер бойынша тек маман-кәсіби адвокаттарды қатыстыру сотпен не соттың белгілі бір сатыларында және белгілі бір істер бойынша қамтамасыз етілуі керек.

    Шынында ол үшін іске тек адвокаттық монополия беру үшін адвокатура туралы заңдарға өзгерістер толықтырулар енгізу керек.

    Азаматтық іс жүргізу заңы сотта өкіл болу үшін кейбір азаматтардың категорияларына шектеу жасайды. Олар:

    1) судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдері ретінде қатысқан жағдайынан басқа сотта өкіл бола алмайды.

    2) Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.

    3) Адам, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә, немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса өкіл бола алмайды.

    4) кәмелетке толмаған және қамқоршылық не қорғаншылық органында тұрса.

    Азаматтық іс жүргізу құқығында өкіл бола алмайтын тұлғаларды кәмелет жасқа толмаған тұлғалар деп жалпы көрсетіледі. АІЖ құқығының 60-бабына сәйкес сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар: 1) судья; 2) тергеушілер; 3) прокурор және өкілді органдар депутаттары. Бірақ олар тиісті органдардың өкілі ретінде және заңды өкіл болған реттерде қатыса береді.

    60 баптың 2-тармағына  сәйкес адвокатура туралы заңдылықты бұзған адвокаттар сотта өкіл болмайды, заңды өкілін басқа осы баптың 3 тармағына сәйкес бір іс бойынша мүдделі қарсы тұлғаларға бұрын немесе осы уақытта өкіл ретіндде көмек көрсетіп жүрген болса немесе осы іс бойынша бұрын судья, прокурор, сарапшы т.б. ретінде іске қатысса, және лауазымды тұлғалармен туыстық қатынаста болса тұлға өкіл бола алмайды.

    1. Тапсырма бойынша өкілдік ететін адам адвокат болып табылады. Ал екінші адам заңды тұлғалардың қызметкерлері. ‡шінші заңды кәсіподақтардың уәкілетті адамдардың құжаттары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіподақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметкерлері сондай-ақ басқа да адамдарды істері бойынша қатысады.

    Төртінші заңдармен  жарғымен немесе ережелермен осы ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген. Бесінші ұйымдардың өкілетті адамдардың іске қатысушылардың өтінішімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады. Сотта мына адамдар өкіл бола алмайтындар судья, прокурор тергеуші және өкілді органдардың депуттатары сотта өкіл бола алмайды.

    Адвокатура туралы заңды ережелерді бұза отырып заң көмегін көрсету туралы заңды ережелерді бұза  отырып заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола аламайды. 3-ші адам, егер мүдделері өзін өкіл болып отырған адамдардың мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе судья, прокурор, сарапшы, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адалмен туысының, қатынастарда болса өкіл бола алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қорытынды

    Қазақстан өзінің  егемендігін жариялаумен байланысты сот органдарының әрекеттеріне әлеуметтік – экономикалық саяси , құқықтық шеңберінде өте қатаң өзгеріске ұшыратты. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасында жаңа түрдегі соттағы өкілдік жүйесін қалыптастырудың мықты мүмкіншілігі пайда болды, яғни судьялар толық көлемде нақты тәуелсіз және мемелекеттік биліктің әлеуметтік бетке тұтарлық тармағы , басқа кез келген құқықтық мемлекетке байланысты.

    Мемлекеттің қадамы  сот органдарының қалыптасу мен  реформалау ісі сот әрекеттерінің материалдық техникалық, ұйымдық процесстерінің қалыптасуы қабылданған заңдық актілерге байланысты өзгерді. Мұндай көлемді жұмыс тұтастай тәуелсіз сот билігімен, мықты , құнды Конституция заңдарының орындалуындағы міндеттерін орындауға және азаматтар мен мекемелердің заңды мүдделері мен бостандықтарын қорғауды қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Сот билігі жеке дара тәуелсіз мемлекеттік биліктердің бір тармағы ретінде мемлекет пен қоғамның қоғамдық әрекеттерінде құқықтарды қамтамасыз етеді және құқықтық негізде ұйымдастырылуын қалыптастырады.

    Сот билігінің  әлеуметтік тағайындалуы- азаматтардың және мекемелердің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудан , республикалардың, халықаралық шарттардың нормативтік құқытық актілер мен заңдардың Қазақстан Республикасының Коституциясының орындалуын қамтамасыз етуден құралады.

    Осылармен бірге қазіргі таңда соттардың әрекеттері Астана қаласында 06.06.2001 жылы өткізілген Сот әділдігі – бұл әділеттілік тақырыбындағы Қазақстан Республикасының Соттарынң үшінші сьезінде мемлекет басшысы Назарбаевтың қатысуымен өткізілген негіздерде туындаған өзекті мәселелер көп . Шындығында бұл ерекше мынаны сызып көрсетті .


Соттағы өкілдік