Стандарттау мақсаты
Қазіргі халық шаруашылығы саласында өзара байланысты құрылыс материалдары, өлшеу құралдарының көптеген түрлі заттардың және материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қолданылуына байланысты стандарттау саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен – күнге арта бастады. Сонымен қатар еліміздің алға қойған мақсаты жақын келешекте әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кіру. Ол үшін бірінші кезекте, шығаратын өнім сапасын халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келешек мамандарға қазіргі өндіріс өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін талаптар қойып отыр.
Стандарттау өндірісті өнім шығаруға әзірлеу, технологиялық әрекеттер, біркелкі сараптау, өнімдердің дәлдігін, өнім қауіпсіздігін бағалау және оның сапасын басқару бағыттарын қамтиды.
Стандарт – бұл қоғамда бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келушілік негізінде әзірлелетін және танылатын органдардың бекітетін нормативтік құжат. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіріп оқтайлы деңгейге жетуге бағытталады. Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетінсапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді
Стандарттау - нақты қойылып отырған жөне ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте жөне ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттаудың негізгі
- өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
- өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
- өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
- өнімнің, процестердің, қызмет
көрсетулердің сапа-сын ғылыми-
- өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
- ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
- елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
- табиғи жөне техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады.
Стандарттау саласындағы негізгі
нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің
және процестің функционалдық
өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыс тар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар.
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар. Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат. Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары жатады. Ереже (ЕР) - міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Ұсыныстар - ерікті түрде қолданылатын жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Норма - қамтамасыз етуге тиісті сандық және сапалық критерийлерді белгілейтін жағдай (ИСО/МЭК 2). Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.
Стандарттаудың қысқаша даму тарихы.
Қоғамның дамуына сәйкес адамдардың атқаратын жұмыс түрлері де өзгеріп отырады. Бұл ертеде әр түрлі заттардың, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың және жұмысты атқарудың жаңа тәсілдерінің пайда болуынан көрініс тауып отырған. Сонымен бірге, адамдар өз жұмыс нәтижелерінің ішінен қолдануға лайықты жақтарын таңдап алып отырған. Көне дәуірдегі өлшем бірліктерінің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларының қолданылуы стандарттаудың мысалдары болып табылады. Қайта өркендеу дәуірінде елдер арасында экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес стандарттау әдістері кең қолданыла бастады. Мысалы, Венецияда көптеген кемелер жасау қажеттілігіне сәйкес оларды алдын ала дайындалып қойылған бөліктерден жинастыру қолданылды. Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған. Мысалы, 1845 жылы Англияда бекіту оймаларының жүйесі, Германияда теміржол табандарының арақашықтығы стандартталды. Халықаралық стандарттау жұмыстары 1875 жылдан бастау алады. Осы жылы халықаралық метрикалық конвенцияны құрайтын 19 елдің өкілі Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын құрды. КСРО құрамына кірген елдерде стандарттаудың дамуы өлшемдер мен салмақтардың методикалық жүйесін құрудан басталған. 1925 жылы стандарттау саласында алғашқы орталық орган - Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттау бойынша Комитет құрылды. Осы жылдан бастап КСРО-да стандарттау саласында көптеген игі істер атқарылды. 1992 жылы бұрыңғы КСРО аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына байланысты осы елдердің арасында стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы байланысты орнатудың жаңа түрлері қарастырылды. 1992 жылы 13 наурызда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) енген елдер «Келісілген саясатты жүргізу туралы» келісімге қол қойды. Келісімге қол қойылуы, одан кейін мемлекеттік стандарттардың әзірленуі Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдары қабылданды. Заңдар стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеп шығару негізінде тұтынушылардың мүддесін мемлекет тарапынан қорғауға бағытталған шараларды айқындап берді. ТМД-ның басқа да елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің дамуының негізгі бағыттары мыналар:
келісімге сәйкес мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын дамыту;
Қазақстанның стандарттарды
міндетті түрде
ИСО 9000 сериялы халықаралық
Стандарттаудың ғылыми-
Стандарттау әрқашан маңызды практикалық мәселелерді шешуге бағытталып, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға мүмкіндік жасап отыруы керек. Еліміздегі және шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа жету үшін стандарттауды белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу қажет. Стандарттаудың басты принциптері ретінде мыналарды атауға болады:
Стандарттарды ерікті түрде қолдану және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне және өнімді шығаратын жеріне, өмірлік циклінің процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.
Ұлттық стандарттарды
Кедергі жасауға тыйым салу. Өндірілетін өнімге және оның айналасына стандарттау мақсатын орындауға сәйкес ең төменгі деңгейден асып, кедергі болатын талаптарға тыйым салынуы керек.
Әр жақтың мүддесін теңестіру. Өнімді жобалаушының, дайындаушының және берушінің заңды мүдделері толық ескерілуі керек. Стандарттау жұмыстарына қатысушылардың, бір жағынан өнімді дайындаушылардың мүмкіндігі мен екінші жағынан тұтынушылардың талаптары арасында (пәтуа) консенсус болуы керек. Пәтуа жалпы келісім ретінде қабылданады, яғни мүдделі жақтардың маңызды мәселелер бойынша қарсылықтары жоқ екенін білдіреді. Пәтуаны әр жақтардың толық ынтымақтастығы деп түсінуге болмайды.
Жүйелілік принципі. Техникалық прогресс және өнім сапасын жақсарту өнім шығару процесін, оның ішінде стандарттауды жүйелі түрде жүргізуді талап етеді. Стандарттау өндірістің бүкіл кезеңдерін және шикізаттарды, материалдарды іріктеп жинақталған бұйымдар мен дайын өнімдерді қамтуы керек. Сонымен қатар, стандарттау барлық өнім түрлеріне өзара үйлестірілген талаптар қойып отыруы керек.
Динамикалық принципі. Тиімділік деңгейін көтеру үшін стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұдайы қайтадан қарастырып отыру қажет.
Стандарттаудың тиімділігі. Стандарттар тағайындайтын көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар және талаптар ғылымның, техниканың және өндірістің дүниежүзілік деңгейлеріне сәйкестендірілуі керек. Олар стандарттау объектісінің даму тенденциясын да ескеруі қажет. Тағайындалған көрсеткіштер өнімнің жаңа (жоғары) сапа көрсеткіштерінің тек қана тиімділігін емес, оларды жасауға, материалдарға, пайдалану жұмыстарына жұмсалатын шығындарын ескеріп экономикалық оңтайлы болулары керек, яғни, ең жоғары деңгейдегі экономикалық тиімділік шығын деңгейі ең төмен жағдайда алынуға тиіс.
Үйлестіру принципі. Бұл принцип үйлестірілген стандарттарды әзірлеуді және олардың техникалық регламенттерге қайшы келмеуін көздейді. Бір объектіге еліміздегі мекемелер қабылдаған құжаттар халықаралық (өңірлік) мекемелермен қабылданған құжаттармен үйлестірілсе, халықаралық саудадағы кедергілер жойылады.
Стандарттаудың негізгі
Жинақтылық және оңтайлы иіектеу принципі. Стандарттарды жасау кезінде қарастырылып отырған объектіге әсер ететін барлық басты элементтерді ескеру қажет. Жұмыс көлемін азайту мақсатында объектіге әсер деңгейі төмен элементтер ескерілмейді. Стандарттау кезінде сипаттамалар жүйелері және көптеген өзара байланыстағы материалды және материалды емес элементтер қарастырылады. Сапалы өнім алу үшін қажетті жағдайды туғызу және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында оның барлық өмірлік циклін қамтитын ұтымды стандарттар жүйесі керек.
Талаптарды тексерудің әділеттілігі. Стандарттарда объектінің негізгі қасиеттеріне тағайындалатын талаптар, солардың ішінде адам өмірі мен денсаулығын, мүліктердің, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, бірлестікті және өзара алмасуды қамтамасыз ететін талаптар әділ тексерілетін болуы керек. Өнімдерге қойылатын талаптарды әділ тексеру техникалық өлшеу құралдарының (приборлар, химиялық сынау тәсілдері) көмегімен, ал қызмет көрсету әлеуметтік және сараптамалық әдістермен жүргізіледі.
Стандарттау функциялары: Әлеуметтік және техникалық-экономикалық мақсаттарға жету үшін стандарттау әр түрлі функцияларды атқарады.
Реттеу функциясы. Объектілердің жөнсіз көп түрлерін (көптеген өнім атауларын, жөнсіз көбейтілген құжаттар түрлерін) ықшамдап шектеу.
Қорғау (әлеуметтік) функциясы - өнімді
шығарушылардың, тұтынушылардың және
мемлекеттің қауіпсіздігін
Ресурстарды үнемдеу функциясы - материалдардың, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстардың шекті болуы себепті нормативтік құжаттарда ресурстарды үнемді пайдалануды қарастыру қажет.
Арақатынасқа байланысты функциясы - ақпараттың (компьютерлік, спутниктік, ж.б.) жүйелерін және хабарды тарату каналдарын пайдалана отырып, адамдардың өзара пікірлесуін және әрекеттестігін қамтамасыз ету. Бұл функция саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық, экономикалық байланыстарды нығайту үшін қажет.
Цивилизациялау (қоғамдық даму) функциясы - адам өміріне қатысты көрсеткіштерді өнім мен қызмет сапаларын белгілеу негізінде жақсарту. Мысалы, адам өмірін ұзарту мемлекеттік стандарттардың тамақ өнімдерінде, ауыз суда, темекінің құрамында болатын зиянды заттардың мөлшеріне қоятын талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты. Бұл мағынада стандарттар еліміздің қоғамдық даму деңгейін, яғни өркениет (цивилизация) деңгейін көрсетеді.
Ақпараттық функциясы. Стандарттау өндірісті, ғылымды, техникалық және басқа салаларды нормативтік құжаттармен, эталондармен, үлгілермен, бағалы техникалық және басқару ақпараттарының сақтаушысы болып табылатын өнім эталондарымен, өнім каталогтарымен қамтамасыз етеді.
Норманы бекіту және құқықты қолдану функциясы - стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарттар (немесе басқа нормативтік құжаттар) түрінде заңдастыру және құжаттарға құқықтық күш беру нәтижесі оларды жаппай қолданудан байқалады. Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындау экономикалық әкімшілік және құқықтың міндеттеу шараларын (санкцияларын) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Дәлелділік функциясы. Бұл функцияның мәні нақтылы техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар рСтандарттау саласындағы органдар мен қызмет атқаратын мекемелернегізгі іс-әрекеттерді стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын мекемелер, бірлестіктер және олардың бөлімшелері. Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясыстандарттау жұмыс тарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы«Техникалық реттеу және метрология комитеті». Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:
Мемлекеттік стандарттарды және техникалықэкономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.
Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.
Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.
Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік
стандарттардың, шет мемлекеттер
стандарттарының ресми
Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу төртібін белгілейді.
Стандарттау жөніндегі нормативтік
құжаттардың мемлекеттік
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне мыналар кіреді:
бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды дайындау;
Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді өзірлеуге, оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.
Стандарттардың әр түрлі санаттарының жалпы сипаттамалары[өңдеу]
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде нормалар мен нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
Халықаралық стандарттар.
Өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері.
Ұйымдар стандарттары.
Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары.
Шет мемлекеттердің үлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар төмендегілерге сәйкес әзірленеді және бекітіледі (қабылданады). Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚРСТ.1.2 бойынша.
ТЭЭА мемлекеттік
Стандарттардың түрлері.
Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:
негізге алынатын стандарттар;
өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар;
процеске стандарттар;
бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рөсімдеу) стандарттар.
Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді. Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары. Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үдерістерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді. Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыс тарында авто- матты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стан- дарттардың атңаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл ма- шиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жоба- лауға жүмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан. Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атңарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді. Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:
сынау құралдары және басқа да керек- жарақтар;
сынауды өткізуге дайындалу тәртібі;
сынауды өткізу тәртібі;
сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері;
сынау нәтижелерін дайындау ережелері;
сынау қателігінің мүмкін деңгейі.
Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі.
Ұлттық стандарттар.
Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттарды шығару бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты өзірлеуші ұлттық стандарттың жасалып жатқаны туралы хабарлама береді. Хабарламаға жобаның сәйкес халықаралық стандарттың өзгешелігін көрсететін ақпарат болуы керек. Стандартты өзірлеуші мүдделі тұлғалардың жобасымен танысуын қамтамасыз етеді.
Стандартты дайындаушы мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып стандарт жобасын жетілдіреді, жобаны көпшіліктің талқысына салады. Талқылау мерзімі екі айдан кем болмауы керек.
Ұлттық стандарттың жобасы мүдделі
тұлғалардан жазбаша түрде
Үлттық стандарттың бекітілуі туралы хабар органның баспасөз беттерінде және электронды сандық жалпы қолданыстағы ақпарат жүйесінде жарияланады. Жариялану мерзімі стандарт бекітілгеннен кейін бір айдан аспауы керек.
Ұлттық стандарттау органы техникалық регламенттер мен еркінді негізде үйлестіруге болатын ұлттық стандарттардың тізімін бекітіп, баспасөз бетінде және ақпараттық жүйеде жариялайды.
Ұйым стандарттары Ұйым стандартын, соның ішінде коммерциялық, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің стандарттарын қажет болғанда олар өз бетімен әзірлеп, бекіте алады. Қажеттілік мына жағдайларға байланысты болуы мүмкін:
өндірісті жетілдіруге және өнім сапасын жақсартуға;
қызмет көрсетуге;
зерттеулердің (сынақтардың), өлшеулердің және басқа да жаңалықтардың нәтижелерін таратуға және пайдалануға.
Ұйым стандартын дайындаушы жобаны сараптамадан өткізу мақсатында, техникалық комитетке жіберуі мүмкін. Сараптама нәтижесі бойынша техникалық комитет қорытынды шығарып, оны стандарт жобасын дайындаушыға жібереді.[1]егламенттің маңызды талаптарының дәлелділігін көрсетуіндеғайту. Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттар (ЕҚС). Еңбек қауіпсіздігі жүйесін жасап оны енгізу арқылы өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауыруларды азайтуға, адам денсаулығын сақтап, оның еңбекке қабілетін жақсартуға болады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі бірнеше стандарттардан тұрады. Машиналар, приборлар, құрал-жабдықтар, материалдар, заттар жөніндегі көптеген стандарттар мен техникалық шарттарда қауіпсіздік туралы талаптар белгіленген. Мұндай стандарттарды жасауға Денсаулық сақтау министрлігі, мемлекеттік қадағалау органдары, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері қатысады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі мынадай іс-шараларды белгілейді: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарының талаптары;
өндірістің қауіпті және зиянды факторларына койылатын талаптар мен нормалар;
өндіріс құрал-жабдықтары қауіпсіздігінің талаптары;
өндіріс процесі қауіпсіздігінің талаптары;
жұмысшылардың қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар; өндіріс ғимараттары мен құрылыстарына койылатын талаптар.
Стандарттарда өндірістің қауіпті және зиянды факторларының рұқсат етілген шекті параметрлері мен сипаттамалары белгіленеді, олардың түрлері, қорғану және бақылау әдістері көрсетіледі.

- Стандарттау, метрология және сертификаттау
- Стандарттау негіздері
- Стандарттау негіздері
- Стандарттау сертификаттау,метрология туралы ұғым
- Стандарттау ұғымы
- Стандарттау ұғымы
- Стандарт, термины и определения по защите информации
- Стандарттаудың параметрлік әдістемесі
- Стандарттау және Сертификаттау негіздері
- Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
- Стандарттау жүйесі
- Стандарттау жүйесінің халық шаруашылықтағы маңызы
- Стандарттау категориялары
- Стандарттау қызметін құру және оның функционалдық міндеттері