Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер

            Стандарттау жөнiндегi техникалық                      комитеттер     

1. Стандарттау жөнiндегi техникалық  комитеттер мемлекеттік органдардың  және мүдделi тараптардың ұсыныстары  бойынша салааралық деңгейде  стандарттау жөнiндегi жұмыстарды  жүргізу үшiн экономика салаларында  құрылады.  
     Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.  
     2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне:  
     1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;  
     2) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;  
     3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.  
     3. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi . 

 

          Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар   

1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін  қызметті) берушілер мен тұтынушылардан  тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау  жөнiндегi сарапшы-аудиторлары және  Қазақстан Республикасының заңнамасында  көзделген жағдайларда бекiтiлiп  берiлетiн қызмет бағыттары бойынша  зертханалары бар Қазақстан Республикасының  сәйкестікті бағалау саласындағы  аккредиттеу туралы заңнамасында  белгіленген тәртiппен аккредиттелген  ұйымдар.  
     Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.  
     Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.  
     2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.  
     3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:  
     1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;  
     2) сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;  
     3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;  
     4) сәйкестiк туралы декларацияларды және өтініш-декларацияларды тiркейдi;  
     5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық тексеру жүргiзедi, олардың белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданысын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;  
     6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.  
     4. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:  
     1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;  
     2) алып тасталды  
     3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.  
     5. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:  
     1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;  
     2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;  
     3) тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы, сертификаттаудан және оларды беруден бас тартуы туралы деректердің электрондық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға;  
     4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.  
     6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау ережелерін бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды,  өтініш-декларацияларды заңсыз тіркегені үшін, сондай-ақ өтініш-декларацияда көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.  
     7. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.  
     8. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органның меншiк, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негiзiнде сәйкестiктi растау жөнiндегi органның аккредиттеу саласында көзделген объектiлерiне уәкілетті орган айқындайтын көлемде сынақ жүргiзудi қамтамасыз ететiн зертханасы болуға тиiс.  
     Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының - 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

 

           Зертханалар     

1. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
     2. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
     3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөнiндегi органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:  
     1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;  
     2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектiлiгiн қамтамасыз етедi;  
     3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;  
     4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.  
     3-1. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
     4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.  
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

 

              

 

    Техникалық реттеу саласындағы жеке және  заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi     

 1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар:  
     1) техникалық регламенттердi және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, оларға өзгерiстер енгiзу, күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды, техникалық регламенттердiң, стандарттардың жобаларын дайындайды;  
     2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.  
     2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi.  
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

 

              Техникалық регламенттер мен стандарттардың  мемлекеттiк қоры     

1. Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорын уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде құрады .  
     2. Мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзiрленетiн және қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттiк, ұлттық, халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген құжаттар пайдаланушыларға қолжетiмдi болуға тиiс.  
     3. Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.  
     4. Құжатты әзiрлеген тұлға әрбiр стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бiр данасын уәкiлеттi органға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшiн жiбередi. 

 

               Сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөніндегі  сарапшы-аудиторлардың құзыретi     

1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар  сәйкестiктi растау жөнiндегi органның  құрамында өнiмнiң, көрсетiлетiн  қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң  сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды  жүргiзуге қатысады.  
     Жеке тұлғалардың сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудитор ретiндегi қызметiн сәйкестiктi растау жөнiндегi бiр органның немесе зертхананың құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы бар.  
     Егер сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқылы емес.  
     2. алып тасталды - ҚР 2009.07.11. N 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 
     3. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
     4. Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды даярлау мен аттестаттау, сарапшы-аудитордың аттестатын беру, оның қолданылуын тоқтата тұру немесе оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  .  

 

        Сараптама ұйымы және тауардың шығарылған елін  айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор     

1. Сараптама ұйымы тауардың  шығарылған елін айқындау жөніндегі  сарапшы-аудитордың жасаған тауардың  шығарылуы туралы сараптама актісін  куәландырады және береді. 
      2. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор өз қызметін бір сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады. 
      3. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың құзыреттілігі тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқық беретін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы біліктілік аттестатымен расталады. 
      Біліктілік аттестатын алған тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тізіліміне енгізіледі. 
      4. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкілетті орган құратын тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады. 
      5. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия кемінде бес адамнан құралуға тиіс. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады. 
      6. Аттестаттаудан өту үшін тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияға мынадай құжаттар табыс етілуге тиіс: 
      1) өтініш; 
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
      3) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі; 
      4) жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын оқу орталығы куәлігінің не сертификаттың көшірмесі; 
      5) тауардың шығарылған елін айқындау жөнінде жұмыстар жүргізуге жеке тұлғаның қатысқанын растайтын, оның тағлымдамадан өткені туралы он есептің көшірмесі; 
      6) жалпы еңбек стажы кемінде екі жыл екендігін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кітапшасынан үзінді көшірме. 
      7. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 
      8. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тауардың шығарылуы туралы сараптаманың тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз болған актісін жасауына тыйым салынады. 
      Ескерту. 1-тарау 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.11. N 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Жалпы ережелер     

1. Техникалық регламенттер осы  Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген  мақсатта әзiрленедi және қолданылады.  
     2. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.  
     3. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.  
     Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.  
     4. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.  
     5. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.  
     6. Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.  
     7. Техникалық регламенттерде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламенттердi қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.  
     8. Өнiмдi өндiру кезiнде үйлестiрiлген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердiң талаптары орындалған болып саналады.  
     Өнiмдi өндiру кезiнде техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.  
     Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
     

 

             Техникалық регламенттердiң мазмұны     

1. Техникалық регламенттер зиян  келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн  ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн  ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.  
     2. Техникалық регламентте:  
     1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;  
     2) техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.  
     Техникалық регламенттерде өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.  
     3. Техникалық регламенттерде, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.  
     4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттердi әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.  
     5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.  
     6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:  
     1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;  
     2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;  
     3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.  
     7. Өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптар техникалық регламенттерде ғана белгiленедi.  
     Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
     

         Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау,  қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою  ерекшелiктерi     

1. Техникалық регламент, техникалық  регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн  ескере отырып, белгiленген тәртiппен  әзiрленедi, қабылданады және күшiн  жоюға жатады. 
     2. Техникалық регламенттердi әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады. P092243 
     3. Уәкiлеттi орган техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн ұсынады. Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi бекiтiлген жоспар бекiтiлген күннен бастап бiр ай iшiнде жариялануға тиiс.  
     Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарда көзделмеген техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.  
     4. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.  
     5. Егер техникалық регламенттерде белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламенттерде белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:  
     1) техникалық регламент қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;  
     2) техникалық регламент туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.  
     6. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.  
     7. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:  
     1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;  
     2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;  
     3) техникалық регламенттiң жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.  
     8. Техникалық регламенттiң жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.  
     9. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.  
     10. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.  
     11. Техникалық регламенттi қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.  
     12. Техникалық регламенттi төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.  
     Техникалық регламенттi қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.  
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

             Қазақстан Республикасының стандарттау  жөнiндегi нормативтiк құжаттары     

1. Қазақстан Республикасының аумағында  қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға:  
     1) халықаралық стандарттар;  
     2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар;  
     3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;  
     4) ұйымдар стандарттары;  
     5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсынымдары;  
     6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.  
     2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында аталған стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкiлеттi орган немесе ол уәкiлеттiк берген ведомстволық қарасты кәсiпорын жүзеге асырады.  
     Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

 

 

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  стандарттары      

1. Мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту  және оның күшiн жою тәртiбiн  уәкiлеттi орган белгiлейдi.  
      1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады.  
     2. Мемлекеттік стандарттар:  
     1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;  
     2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;  
     3) процестерге арналған стандарттар;  
     4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар болып бөлiнедi.  
     3. Негізге алынатын мемлекеттiк стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.  
     4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.  
     5. Мемлекеттік стандарттарда:  
     1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөнiндегi қажеттi талаптар;  
     2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;  
     3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;  
     4) терминдер мен анықтамалар;  
     5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;  
     6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;  
     7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;  
     8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;  
     9) менеджмент жүйесiн енгiзудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;  
     10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн.  
     6. Мемлекеттік стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.  
     Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

 

          Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттiк  жiктеуiштерi     

1. Экономика салаларында қолданылатын  және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық  ақпарат жiктеуге және код қоюға  жатады.  
     2. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн әзiрлеу мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргiзiледi.  
     3. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және оларға өзектi сипат берудi жүзеге асырады.  
     Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргізедi.  
     4. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оларға код қою жүйесiн құру мен оның қызметiне бақылау жасау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

 

       Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi  ұсынымдар     

1. Ұйымдардың стандарттарын осы  Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген  мақсаттар үшiн ұйымдар дербес  әзiрлейдi және бекiтедi.  
     Ұйымдардың стандарттарын әзiрлеу, бекiту, есепке алу, өзгерту, күшiн жою, тiркеу, белгiлеу, басып шығару тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.  
     Ұйымдардың стандарттарының қолданылу сипаты ерiктi түрде болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс.  
     2. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге қатысты, қолданылу үшiн ерiктi ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн қамтиды.  
     Ұсынымдардың жасалуына, ресiмделуiне, мазмұнына, баяндалуына, оларды әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолдану тәртiбiне қойылатын талаптарды оларды бекiтетiн ұйым белгiлейдi.  
     Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

 

    Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет  мемлекеттердiң ұлттық стандарттары мен  стандарттау жөнiндегi нормативтiк  құжаттарын қолдану  
     1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық және өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ережелер, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары қолданылуы мүмкін.  
     2. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары ретiнде қолдану үшiн:  
     1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелiгі;  
     2) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың (келiсiмдердiң) болуы қажеттi талап болып табылады.  
     3. Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарға келiсiм-шарттар мен шарттарда сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады.  
     4. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.  
     5. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға тиiс халықаралық өңiрлiк стандарттар, ұлттық стандарттар және шет мемлекеттердiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға және олармен үйлестiрiлген стандарттарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткiштерi бойынша мемлекеттiк стандарттардан төмен болмауға және олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс.  
     6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және өңiрлiк стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарымен және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарымен бiрдей әрi тең дәрежеде қолданылады.  
     7. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетiлген стандарттарды қолдануға құқық беретiн олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдармен жасалған шарттар (рұқсаттар) негiзiнде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi  жұмыстарды жоспарлау     

 1. Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi.  
     2. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген кезде Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімдi мемлекеттiк және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескерiледi.  
     3. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген бағдарламалары мен жоспарлары уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады.  
     4. Мемлекеттiк стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Астана қаласы

    Қазақ  технология және бизнес университетінің  колледжі

 

                                Мазмұны:                           

1.Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер........................1-2

2.Сәйкестікті растау жөніндегі органдар........................................2-4

3.Зертханалар..................................................................................4-5

4.Техникалық регламенттердің мазмұны.......................................5-10

5.Сәйкестікті растау,аккредиттеу  жөніндегі сарапшы аудиторлардың  құзыреті..............................................................................................10-11

6.Жалпы ережелер............................................................................11-12

7.Техникалық регламенттерді әзірлеу,сараптау,қабылдау,өзгерту   оның күшін жою туралы..................................................................12-15

8.Қазақстан Республикасының мемлекеттің  стандарттары...........15-19

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер