Стандарттау жүйесі
ЖОСПАР
СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ
Стандарттау жүйесінің халық шаруашылығындағы маңызы
Қазіргі
кезде ғылыми техникалық
прогрестің қарқынды дамуына,
халықтар арасында экономикалық,
технкалық және ғылыми қатынастардың
дамуына байланысты халық
шаруашылығынығң барлық
Ғылыми техникалық прогрестің
қазіргі замандағы дамуы
ғылым мен техника
1926 ж. Кеңес одағында алғашқы мемлекеттік стандарттау жүйесі бидай өнімдері мен қара металдардың стандарттарын қабылдаудан басталады. Мемлекеттік стандартпен қатар, әрбір кәсіпорында, минстрліктерде, бірлестіктерде, ғылыми-зерттеу институттарында, оқу орындарында стандарттау бөлімщелері жұмыс істейді. Халық шаруашылығының кейбір салаларында стандарттау мен метрология туралы арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері бар, өндірістің тиімділігін, техникалық деңгейін және өндірілген өнімнің сапалығын арттыру жолында жұмыс істейтін кәсіп орындардың бәрінде стандарттау жүйесі қолданылады.
Халық
шаруашылығының барлық саласына
қажетті стандарттарды
Стандарттар мен техникалық шарттар (техникалық талаптар) экономиканың нормативтік шаруашылығының маңызды бөлігі. Дүние жүзі халықтары арасында экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық болуы, қарым – қатынастардың тиімді дамуы, халықаралық сауда процестеріндегі техникалық ұйымдастырыудың негізі болып табылады.
Біздің еліміз бен шетел арасында ғылыми – техникалық, экономикалық және сауда байланыстарын жетілдіріп тереңдету үшін стандарттаудың маңызы зор. Стандарттау туралы жұмыстардың барлығы Стандарттаудың Мемлекеттік Жүйесінің (СМЖ) ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Бұл жүйе халық шаруашылығының барлық саласындағы стандарттау жүмыстарын реттеп, белгілі тәртіппен жүргізіп отырады. СМЖ – ның ережелері мен қағидалары мынадай мәселелерді қамтиды.
- стандарттаудың мақсаты мен міндеттері;
- стандарттауды жүргізудің әдістемелері;
- стандарттау жұмыстарын жоспарлаудың тәртібі;
- мемлекеттік, салалық, кәсіптік стандарттарды және стандарттаудың нормативтік–техникалық құжаттарын жасаудың, ендіріудің, оларға өзгерістер кіргізудің тәртібі;
- стандарттау объектісі, стандарттаудың категориясы мен түрлері;
- стандарттарды жасаудың, мазмұнын жазып дайындаудың біріңғай ережесі;
- стандарттарды ендіру мен бұзбай орындауды мемлекеттік қадағалау мен ведомоствалық тексерудің тәртібі, т.б.
Жаңа техниканы және
еңбек пен материалдық қор
экономикасын игеруді тездетуде,
өндірістің тиімділігін және
оның нәтижесін өсіруде өте
маңызды рөл атқаратын
Өнеркәсіп салаларын стандарттаудың тағы бір түрі Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесі (КҚБЖ) болып табылады. Стандарттаудың бұл жүйесінде өнеркәсіп салаларына қажетті құжжаттар бірыңғай жасалынып беріледі, сөйтіп конструкторлық бюорлардың еңбек шығыны азаяды. Осындай стандарттарға байланысты математикалық модельдер (үлгілер), алгоритмдер және мәліметтер банкі құрылады. КҚБЖ –ны ендірген конструкторлық бюролар дисплейлермен және басқа да диалогтық әрекет құралдарымен жабдықталады.
Жоспарлау және басқару процесіне электрондық есептеу техникасын енгізуде техникалық – экономикалық ақпараттардың барлық түрлерін жіктеп кодпен жазудың біріңғай жүйесінің маңызы зор.
Стандарттау жүйесіне тағы бңр мысал ретінде коррозияға қарсы күресу проблемаларына байланысты стандарттарды дайындау болып табылады. Бұл стандарттар халық шаруашылығының барлық саласында қолданылатын бұйымдар мен материалдарды коррозиядан қорғауға арналған.
Техникалық прогрестің өрлеуі және өнім сапасының артуы үшін стандарттардың ғылыми – техниқалық деңгейінің жоғары болуы қажет. Қазіргі заманға сай өндірілетін өнімдердің біртектес түрлеріне қойылатын техникалық талаптарды анықтайтын стандарттарды жасауға шұғыл көшу қажет болады.
Стандарттау жүйесінің негізгі ұғымдары мен терминдері.
Стандарттаудың, ғылым мен техниканың түрлі салалары сияқты, ғылыми негізделген терминдері бар. Терминдердегі ретсіздік мамандардың өзара түсінсуін, әдістемелік құралдарды жасауды қиындатады, және халық шаруашылығын басқаруға электрондық-есептеу техникасын енгізуге кедергі жасайды.
Стандарттау –
дейтін термин ұзақ
Сөйтіп, стандарттау, стандарт, мамандандыру, үйлестіру (унификация), симпликаттау сияқты маңызды терминдердің анықтамасы берілді. СТАКО ұсынған анықтамалар ИСО кеңесінде қабылданып, Мемлекеттік стандарттау жүйесі белгілеген анықтамалардың негізін құрды.
ИСО құжаттарында
стандарттау терминіне
Стандарттауды оның атқаратын жұмыстарының көлеміне байланысты ұлттық және халықаралық деп беріледі.
- Ұлттық стандарттау – бір мемлекет ішіндегі стандарттау жұмыстары.
- Халықаралық стандарттау – бірнеше дербес мемлекеттердің қатысындағы стандарттау жұмыстары.
Халықаралық стандарттаудың нәтижесінде халықаралық стандарттар жасалынады, оларды сол дербес мемлекеттер тікелей немесе өздерінің ұлттық стандарттарын жасауда пайдаланады.
Стандарт. Бұл терминді дұрыс анықтаудың мәні үлкен. Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) мынадай анықтама береді: Стандарт: мүдделі жақтардың бір –бірімен бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде жасаған, ғылым мен техниқаның және практикалық тәжірибелердің нәтижелеріне негізделген, қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органдарымен қабылданған техникалық құжаттар.
Бұрынғы кеңес одағында стандарттаудың ерекшеліктеріне байланысты мынадай анықтама берілген: Стандарт--өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік—техникалық құжат; осы құжатты жасау, өндіру, пайдалану, сондай-ақ стандарттаудың басқа да объектілеріне қойылатын талаптар туралы ережелер.
Нормативтік–техникалық
- Техникалық талаптар - өнімнің белгілі бір түріне қойылатын талаптар туралы нормативтік—техникалық құжат. Бұл анықтамадан тұтынушыларға берілетін өнімнің сапасын бақылап тексеруге қойылатын талаптар туралы құжаттардың жинағы өте қажет екендігін көреміз.
- Үйлестіру (унификация) — стандарттаудың әдістерінің бір түрі; ол әдісте функционалдық міндеттері бірдей элементтердің (типтер, түрлер, размерлер) жалпы саны орынды қысқартылады.
- Типтеу—стандарттаудың тағы бір әдісі; бұл әдісте типтік конструкциялық, технологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да типтік шешімдер жасалынып қабылданады (кейбір елдерде бұл терминнің орнына – симплификация – термині қолданылады.)
Стандарттаудың күрделі және әр алуан ұғымдарының бірі—сапа. Сапа өнімнің (заттың, бұйымның) тұтыну құнының объективті өлшемі.
- Өнім сапасы - өнімнің тиісті қажеттіліктерге жарамдылығын көрсететін қасиеттерінің жиынтығы.
- Техникалық деңгей - өнім сапасының салыстырмалы сипаттамасы; техникалық деңгей өнімнің техникалық жетілдіруінің көрсеткіштерін базалық көрсеткіштермен салыстырып қарастыруға негізделген.
Сапаның ең маңызды көрсеткіштері ретінде өнімнің беріктігін, ұзақ уақытқа шыдамдылығын айтуға болады.
Өнімнің беріктігі (немесе сенімділігі) деп өнімді пайдаланудың, техникалық күту мен жөндеудің ақырғы мерзіміне дейін оның (өнімнің ) қолданысқа жарамды қасиеттерін сақтауын айтады.
Стандарт түрлері
Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттардың мынадай түрлерін белгілеген:
Жалпы техникалық шарттардың стандарты;
Жалпы техникалық талаптардың стандарты;
Параметрлердің және размерлердің стандарты;
Типтер, негізгі параметрлер және размерлердің стандарты;
Конструкциялардың және размерлердің стандарты;
Маркалардың (таңба) стандарты;
Сортаменттер стандарты;
Техникалық талаптардың стандарты;
Қабылдау тәртібінің стандарты;
Тексеру (сынау, талдау, өлшем ) әдістерінің стандарты;
Маркалау (таңбалау), буып-түю, тасымалдау және сақтау тәртібінің с-ы;
Пайдалану және жөндеу тәртібәінің стандарты;
Типтік технологиялық процес стандарты және т.б..
Жалпы техникалық шарттардың стандарттары: белгілі бір топтағы біртектес өнімдер үшін оларды пайдалану және қабылдау тәртіптерін, тексеру әдістерін, маркалау, тасымалдау және сақтау тәртіптерін белгілейді және талаптарды жан-жақты қамтитын стандарт.
Жалпы
тех-қ талаптардың
Маркалар
стандарты: материалдың
Сортаменттер стандарты: өнімнің геометриялық формасы мен размерін белгілейді.
Қабылдау тәртібінің стандарты: өнімнің белгілі бір түрі мен тобын олардың сапасы мен санына байланысты қабылдау тәртібін белгілейді.
Тексеріс (сынақ) стандарты: сынаққа
қажетті сынамаларды
Типтік технологиялық процесс
стандартында: өнімнің белгілі
бір түрін өндіруде
Стандарттарды жасау және енгізу
Стандарттарды жасау процесі төмендегі сатылардан тұрады:
1-ші саты—стандарт
жасауды ұйымдастыру,
2-ші саты—стандарттың жобасын жасау және оны пікір таласына беру;
3-ші саты- әртүрлі пікірлерді талқылау, стандарттың жобасын жасап, оны бекітуге беру;
4-ші саты—стандарттың жобасын талқылау, бекіту және тіркеу. Ең жауапты саты — техникалық тапсырмаларды жасап анықтау; техникалық тапсырмалар стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді.
Стандарттың
ақырғы жобасы стандарттың
Стандарттар
бекітілуі алдында Мемлекеттік
стандарттың ғылыми–зерттеу
институттарының бірінде
Өнімді сапа
категориясы бойынша
Сапаның жоғары категориясына жататын өнімдер мынадай талаптарға сай болуы қажет.
- Техникалық—экономикалық көрсеткіштері жағынан әлемдік не одан жоғары деңгейде болуы керек;
- Халық шаруашылығында техникалық прогресті көрсетуі керек;
- Еңбек өнімділігінің өсуін, материалды, отынды және энерияны үнемдеуді қамтамасыз етуі керек;
- Әлемдік нарықтағы бәсекелестікке сай болуы керек;
Жаңадан шығарылатын өнімдерді аттестациялау шығарылғаннан бастап бір жылдан кейін, ал өте күрделі өнімдер болса, екі жылдан кейін жүргізіледі. Аттестациялаудың нақты мерзімі өнімнің қабылдану құжаттары бекітілгеннен бастап саналады.
Өнеркәсіп өнімдерін сертификаттау
Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімдерін сертификаттауға көп көңіл бөлінеді. Өнімдерді сертификаттау арқылы олардың сапасын арттырады, ішкі және сыртқы саудадағы бәсекелестігін өсіреді.
Европалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) анықтамасы бойынша, сертификаттау деп «өнім немесе қызмет түрлерінің белгілі стардарттарға және техникалық шарттарға сай екендігін сәйкестік сертификат немесе сәйкестік белгі арқылы растауды» айтады, басқаша айтқанда, сертификаттау-өнімінің стандартқа немесе басқа да нормативтік—техникалық құжаттарға сай екендігінің кепілдігі.
Халықаралық
тәжрибеде сертификаттаудың
- Сертификаттау (немесе «өндірушінің мәлімдемесі»)
- «Үшінші жақ тарапынан» сертификаттау.
Сертификаттаудың бірінші түрі көбінесе АҚШ пен Канадада көп тараған; мұнда өндіруші өнімін өзі сынап, өнімнің стандартқа сай екендігі туралы сертификаттар толтырып немесе сертификат белгісін қойып мәлімдейді. Бұл жағдайда өнім қандай сынақтардан өткізілгені туралы ақпараттар тұтынушыларға беріледі.
«Үшінші жақ тарапынан» сертификаттау сертификаттаудың көбірек тараған түрі. Мұнда өнімді сынақтан өткізуді және сертификаттауды өндірушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз әділетті органдар жүргізеді; әдетте мұндай органдар сынақтың ресми орталықтары (лаборатория, институт) немесе стандарттау ұйымдары болады. Сертификаттау жүйесі халықаралық, ұлттық, фирмалық стандарттарға және техникалық шарттарға негізделеді.
Европада сертификаттаудың 200-ден астам халықаралық келісімдері бар, олар сертификаттауға жауапты ұлттық ұйымдардың арасындағы келісімдер. Электртехникалық жабдықтарды сертификаттау туралы Халықаралық комиссияның (СЕЕ) және сертификаттаудың Халықаралық жүйесінің (МЭК) аумағында және басқа да салаларда көп келісімдер жасалынды. Өнім сапасын бақылауда сынақ жұмыстарының маңызы үлкен. Өнімді сынаудың мемлекеттік жүйесі сынақ жүргізудің ретін, сынақ жүргізетін орталықтарды мамандандыруды белгілейді; сынақты арнайы бекітілген ұйымдар мен кәсіпорындар жүргізеді.
Мемлекеттік сынақтың негізгі мақсаты - өнім сапасының көрсеткіштері туралы ақиқат және анық мәліметтер алу.
Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің (ӨБМЖ) стандарттары
Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің (ӨБМЖ) стандарттары метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік базасы. Метрологиялық қамтамасыз ету деп өлшемнің бірегейлі мен дәлдігін сақтаудың ғылыми және ұйымдастыру негіздерін, техникалық құралдарын, ережелері мен нормаларын белгілеп қолдануды айтады. Метрологиялық қамтамасыз етуді стандарттаудың басты мақсаттары мыналар:
- елімізде метрологиялық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, физикалық шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аса дәл өлшемдердің әдістері мен құралдарын жасап жетілдіру;
- өнімді жобалау мен өндірудің нормаларын, талаптарын және әдістерін белгілеу;
- құжаттардың, оның ішінде біркелкіленген (унифицирленген) құжаттардың бірыңғай жүйесін белгілеу;
- терминдер мен белгілеудің біріңғай жүйесін жасау;
- өнім сапасы көрсеткіштерінің, өнімді бақылау мен сынау әдістерінің бәркелкі жүйесін анықтау;
- өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жұмыстарының орындалу тәртіптерін белгілеу;
- халық шаруашылығы талаптарындағы өзгеріске сай, заң шығарушы метрологияның ережелеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу;
- заң шығарушы метрологияның ережелерінің халық шаруашылығының барлық саласында орындалуын бақылау;
- метрологиялық қызметінің мемлекеттік органдарының өлшем бірегейлігін сақтау жөніндегі құқықтары мен міндеттерін белгілеу.
Мемлекеттік стандарттармен
қоса ӨБМЖ-нің құрамына салалық,
аумақтық стандарттар және
техникалық шарттар, нормативтік—
ӨБМЖ базалық құжаттарды белгілейді; өлшем құралдары мен өлшем түрлерінің стандарттары базалық құжаттарды негізінде жасалынады. Базалық стандарттар тек мемлекеттік стандарттар. Бұрынғы ССРО-да базалық стандарттар ретінде ГОСТ 8.417-81 (ст. СЭВ 1052-78 ) «ГСИ. Физикалық шама бірліктері», ГОСТ 8.372-80 «ГСИ. Физикалық шама бірліктерінің эталондары» және ГОСТ8.381-80 (ст.СЭВ 403-76 ) «ГСИ. Эталондар қатерлерін көрсету тәсілдері» болды.
Базалық сандарттардың бір тобы өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалаудың ретін белгілейді. Олар ГОСТ 8.009-84 «ГСИ. Өлшем құралдарының нормалаған метрологиялық сипаттамалары», ГОСТ 8.401-80 «ГСИ. Өлшем құралдарының дәлдік кластары. Жалпы талаптар», және ГОСТ 8.256-77 «ГСИ. Аналогтық өлшем құралдарының динамикалық сипаттамаларын нормалау және анықтау.
Өлшемді әзірлеу мен орындау ережелерінің базалық стандарттары ГОСТ 8.010-72 «ГСИ. Өлшем жүргізу әдістемелерін сипаттаудың және аттестациялаудың жалпы талаптары» және ГОСТ 8.001-80 (ст СЭВ 1708-79) «ГСИ. Өлшем құралдарына мемлекеттік сынақ жүргізудің ұйымдастырылуы мен тәртібі». Осы топқа жататын тағы бір базалық стандарт ГОСТ 8.326-89 «ГСИ .Стандартталмаған өлшем құралдарын жасауды, дайындауды және пайдалануды метрологиялық қамтамасыз ету.
Қалған мемлекеттік
стандарттар ӨБМЖ-нің
- мемлекеттік эталондар және мемлекеттік тексеру жүйесінің стандарттары; олардың барлығы ГОСТ 8.057-80 және ГОСТ 8.061-80 дейтін базалық стандарттарға сәйкес.
- өлшем және өлшем приборларын тексерудің әдістері мен құралдарының стандарттары. Стандарттың бұл тобы өлшем құралдарына қойылатын техникалық талаптарды көрсетеді.
- өлшем дәлдігі нормаларының стандарттары.
- өлшем жүргізудің типтік әдістемелерінің стандарттары.
Пайдаланған әдебиеттер
- Шәбікова.Г.Х.,Оспанов.Х.Қ., Сыздыкова.Р.Р. Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері. Оқулық. Алматы 2004 ж.

- Стандарттау жүйесінің халық шаруашылықтағы маңызы
- Стандарттау категориялары
- Стандарттау қызметін құру және оның функционалдық міндеттері
- Стандарттау мақсаты
- Стандарттау, метрология және сертификаттау
- Стандарттау негіздері
- Стандарттау негіздері
- Стандарттау әдicтepi
- Стандарттау әдісі,оның мәні және қолданылуы
- Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
- Стандарттаудың маңызы мен мазмұны
- Стандарттаудың параметрлік әдістемесі
- Стандарттау және Сертификаттау негіздері
- Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер