Стандарттау және Сертификаттау негіздері

Кіріспе

      Қазіргі  таңда Қазақстанның дүниежүзілік  сауда ұйымына кіру алдында  және халықаралық қатынастарда  өнім сапасын жеткілікті деңгейде  бәсекеге қабілетті етіп шығару  үшін стандарттау, метрология  және сертификаттау салаларының  қызметтерінің маңызы өте зор.

     Стандарт қолданылмайтын  бірде – бір экономикалық және  көпшілік қызмет сферасы жоқ.  Стандарттар қауіпсіздік және  сақтандыру қызметтерінде, өнімді  шығарғанда, эксплуатациялағанда, медицинада, білімде, жылжымалы нарықта, есеп  және аудит жүйесінде, банктік  жүйеде, қауіпсіздік қызметінде, өнімді  идентификатциялағанда және кодтауда, ақпараттық құпия қызмет объектіге және тағы басқа қызметтік органдарда қолданылады.

      Халықаралық  стандартты қолданбай және білмей  дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін  емес. Өнім сапасын растайтын  және стандарттың барлық талабын  орындау үшін, тәуелсіз объектіде  сапаны бағалау жүргізу қажет.  Бұл мәселені сертификаттау шешеді.

     Стандарттау  және сертификаттаумен бірге  өлшеу ғылымы метрологияның мәні  артады. Бірде – бір өлшеуді  қолданбайтын пркатикалық қызмет  жоқ, материалдық және басқа  да ресурстарды үнемді шешуге  метрологиялық қамтамасыздандыру  өте үлкен роль атқарады.

    Өңдірістің тиімділігін,  өнімнің техникалық деңгейі мен  сапасын көтеруде метрологияның  маңызы арта түседі. Сондықтан  метрологияны дамыту, метрологиялық ұйымдардың қызметін жетілдіру мәселелеріне өңдіріс кәсіп орындарының, ғылыми бірлестіктер мен ғылыми – зерттеу институтының басшылары ерекше көңіл бөлуі керек. Метрологиялық қатамасыз ету мәселелерін шешу жаңа өнім құрудың бастапқы кезендерінде, технологиялық процесті жасау мен енгізу кезінде көбірек тиімді болады және шығынды азайтады.

      Ұсынылған  « Стандарттау, Сертификаттау және метрология негіздері » оқу құралы оқырмандары Қазақстан Республикасындағы стандарттау және сертификаттау негіздерімен, міндеттерімен, ұйымдастырушылық құрылымымен таныстырып, метрология және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі білімді береді.

 

 

       1.1Стандарттаудың  қысқаша тарихы

  Стандарттаудың негізі  Еуропаның дамыған елдерінде  XIX – ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарларды бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын.

    1856жылы Лондонда  өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің  съезінде өатысушылардың бірі  кез – келген шам әрдайым  шам қойғышқа тура келетіндей  етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.

    КСРО елдерінде  бірінші азық – түлік тауарларының  стандарты 1926 жылы бекітілген. Отызыншы  жылдары көптеген азық – түлік  тауарларының стандарттары бекітілді,  соның ішінде ет, ет және сүт  консервілері, тауық өнімдері және  т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында  судың, қанттың, тұздың, майдың  белгіленген үлгісінің бар екенін  кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік  стандарттар өнәм сапасын жақсартуда  үлкен роль атқарды. Ұлы отан  соғысы жылдары азық – түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көніл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200 – ден астам стандарт қайта қаралды. Ал 1975 жылдан бастап халықаралық Экономикалық өзара кеңесінің (оның құрамында КСРО – ның басқа социалистік лагер елдері Румыния, Польша, Венгрия, Чехославакия, Монғолия, Куба кірген ) стандарттары енгізіле бастады, олар халықаралық ИСО стандартына сәйкестендірілген.

    Ауыр өнеркәсіптің  дамуы стандарттандыруды жаһандандыруды қажет етті және кез – келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналады. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен  Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін көрсетуге болады.  ТМД жол теміржол бөлшегінің ені 1520 мм, ал Қытай мен Еуропада 1435 мм. Осы стандарттардың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген қиыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкліп жатыр. Сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13 млн тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек.

        1.2 Стандарттаудың  манызы мен мақсаты. 

   Өңдірістік өнімдердің  көлемінің үлкеюі және ғылыми  техниканың қарқынды дамуы кезінде  өнімдердің бір нұсқалы болуы,  олардың бөлшектерінің өзара  алмастырушылық қасиеттері жөніндегі  сұрақтар күрделенуде. Осы салада  жүргізіліп жатқан іс – шаралар  өнімінің арзандауына, өнім сапасының  көтерілуіне, өнімнің шығарылу  көлеміне, сату аймағының үлкеюіне әкеліп жатыр. Жаһандану үрдісі бұл тенденцияны күшейтіп, стандарттау бұрын болмаған мәнге ие болуда. Тек өнімді, тауарды, қызметті жалпылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын интеграциялау мүмкіндігі туады. Әлемде итеграциялау үрдістері күшеюде. Елдер одақтастық құруда, мысалы Еуропаның 27 елі бірігіп одақ құрды. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Жақында қазақстанда сол ұйымға кіруді жоспарлап отыр.

   Стандарттау жұмысының  нәтижесі өнімнің, қызметтің,  үрдістің функционалдық қызметіне  сәйкестігі, халықаралық саудадағы  техникалық кедергілерді жою,  ғылыми – техникалық прогреске  үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.

   Стандарттауды жүргізудің  негізгі қағидалары: келісімдік, еріктілік,  ыңғайлылық, экономикалық тиімділік.

   Стандарттаудың мақсаты  өнімге қойылатын талаптарды, әдістерді  белгілі бір салада әрдайым  кенінен қолдану арқылы туындаған  немесе туындауы мүмкін мәселелерді  шешіп сол саланы оптималды  дәрежеде ретке келтіру. Жалпылама  алғанда стандарттаудың мақсатына  мыналарды жатқызуға болады:

  • Өнім, жұмыс және қызметтің мемлекет мүддесі мен қоршаған орта және адам денсаулығына қауәпсәздәгән қамтамасыз ету;
  • Техникалық және ақпараттық үйлесімділік пен өзара алмасушылық талабын жүзеге асыру;
  • Ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру;
  • Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;
  • Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою және ішкі рыноктағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
  • Өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету;
  • Мемлекттің қорғаныс қабілеті мн жұмылдыру дайындығын күшейту;
  • Табиғи және техногендік апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

     Стандарттау нысандары өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет – осыларға арнап талаптар, мінездемелер, параметрлер, ережелер бекітіледі.

     Стандарттар аумағы – өзара байланысты стандарттау нысандарының жиынтығы. Стандарттау түрлі деңгейлерде жүргізіледі: халықаралық, аймақтық, ұлттық және административті – территориялық.

    Қолданыстағы стандарттау жүйесі бірінші орынға стандарттау нысанының сапасын бағалауды және бағалау әдістерін қояды.

 

1.3 Стандарттау бойынша  нормативті – құқықтық құжаттар  және стандарттар түрлері

     Техникалық  регламент нормативті – құқықтық  құжат болып саналады. Мұнда мемлекет  өнімнің, үрдістің, қызметтің адам  өмірі мен денсаулығына, қоршаған  ортаға қойылатын қауіпсіздік  талаптары көрсетілген.

      Стандарт  – нормативтік құжат, ол белгілі  бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уакілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зерттеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірбиеге негізделуі тиіс.

Стандарттаудан басқа  стандарттау ережелері, стандарттау  бойынша нұсқаулықтар да нормативтік  құжатқа кіреді. Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес міндетті сертификаттауға  жататын өнімнің нормативтік  құжатына көп көңіл бөлінеді. Стандарттау құжаттары нұсқаушылық түрде беріледі, олардың орындалуы ерікті. Нарықтық экономиканың қағидаларының бірінде көрсетілгендей – барынша шектеулерді азайтып, еркін таңдау мүмкіндігі.

      Административті  басқарудың жоқтығы өңдірушілерге  қосымша міндеттер жүктейді. Сол  себептен өндірісте қолдану үшін  және өндірістер мен ассосияциялар  бірлестіктері ішінде қолдану  үшін өз стандарттарын шығарады. Өндірістер шаруашылық қызметтерін  өздері реттеуге мүмкіндік алады.  Оны өз бизнесінің қызығушылығын  ескере отырып жасайды және  стандарттар шығару үшін өзінің  нормативтік құжаттар мен стандарттарын  құрастыра білуі қажет. Ерікті  стандарттау толықтай қадағалаусыздықты  немесе біркелкі еместікті білдірмейді.  Өндірісі дамыған көптеген елдерде  бұл жүйе бұрыннан қолданылып жүр, мысалы АҚШ – та.нарықтық қағидаларға негізделген стандарттау административті стандарттаудан әлдеқайда қатаң. Нарық заңдары өңдірушілерге стандарт талаптарын ауытқып, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін төмендетуге жол бермейді, ал ауытқыған жағдайда компания міндетті түрде қаржылық дағдарысқа ұшырайды.

    Негізін қалаушы  стандарт – белгілі бір сала  үшін жалпы және басқарушы  ережелерден тұратын нормативті  құжат. Әдетте ол стандарт немесе  әдістемелік құжат ретінде қолданылады,  соның негізінде басқа стандарт  жасалуы мүмкін. Мысалы ретінде  ҚР СТ 1.0 – 2003 – Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік стандарттау жүйесін  көрсете аламыз.

   Терминдік стандарт – құрамына терминдердің түсіндірмесі және олардың қолданысы туралы нормативтік құжат.

    Өнімнің, қызметтің,  бақылау әдісінің стандарттары  әдістемелері, ережелерді, үрдістерді  түрлі бақылау әдістері мен  солармен байланысты іс – әрекеттерді  анықтайтыннормативтік құжат. 

   Өнімге стандарт өнімнің функционалдық қызметіне сәйкестігін растап, соны қамтамасыз ететін талаптардан құралатын нормативтік құжат.

    Үрдіске стандарт  – үрдіске қатысып, талаптардан  тұратын (мысалы техникалық өндіріс) немесе қызметке (мысалы автокөлік саласнда қызмет көрсету, банктік қызмет көрсету, білім беру) қойылған талаптар бейнеленген нормативтік құжаттар.

    Ашық мәнді  стандарт – келісімшарттық қатынастарда  нақтыланатын көрсеткіштер тізімінен  тұратын нормативтік құжат.

   Әдістемелік ережелер  – құрамына нормативтік құжатқа  сәйкес келуге мүмкіндік беретін әдістемелер, үрдісті іске асыру жолы, операциялар кіретін нормативтік құжаттар.

   Бейнелеуші ережелер  – құрылымды суреттеушы, шикізат  материалдарының құрамы мен бұйымының  бөліктерінің өлшемдерін, бұйым  бөлімдерін анықтаушы нормативтік  құжат. 

   Қазақстанның стандарттау  жүйесі халықаралық ережелер  мен нормаларға және халықаралық  тәжірбиеге барынша сәйкестендірілген.  Қазақстанда стандарттау жөніндегі  нормативтік құжаттар ҚР “ Техникалық реттеу туралы ” заңымен бекітілген, олар:

  1. ҚР СТ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары.
  2. Мемлекеттік техникалық экономикалық ақпараттар жіктегіштері – ТЭА МЖ.
  3. Мемлекет аралық ТМД елдерінің стандарттары – ГОСТ, негізінен ол КСРО стандарттары, бірақ әлі күнге дейін қолданылады, егер Қазақстан Республикасының заңымен, ғылыми – техникалық саласына қайшы келмеген жағдайда.
  4. Құқықтық нормаға сай қолданылатын халықаралық аймақтық, ұлттық стандарттар, техникалық экономика жіктегіштері, техникалық шарттар, ережелер және стандарттау бойынша нұсқаулар.
  5. Стандарттау жөніндегі нұсқаулықтар.
  6. Ұйымдық стандарттар, оған өндіріс стандарттары кіреді және ғылыми – техникалық, инженерлік қауымдастықтар стандарттары да кіреді.

  Мемлекеттік стандарттар  құрамына өнімге, жұмысқа, қызметке  қойылатын талаптар көрсетіледі.  Міндетті талаптар уақыт өте  келе техникалық регламентке  өтеді.

  Міндетті талаптарға  төмендегілер жатады:

  • Өнім, қызмет, үрдістің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі және де өндірістік қауіпсіздік пен тазалық нормалары;
  • Техникалық сәйкестілігі және бұйымдардың өзара алмастырушылық қасиеті;
  • Бақылау әдістері мен белгілеулердің бірегейлігі;

Нұсқаулық талаптарға кіретіндері:

  • Өнімнің көрсеткіштерінің негізгі тұтынушылық қасиеті мен оларды басқару әдістері;
  • Нормаға қойылатын талаптар, тасымалдау, сақтау және жоюға, қойылатын талаптар;
  • Эксплуатация мен өндіруге қатысты нормалар мен ережелер;
  • Техникалық құжатты толтыру ережелері;

Фирманың стандарттары ішкі өндірісте қолдану үшін жасалады. Ол стандарт келесілерді регламенттейді:

  • Ұйымының құрушы бөлігінің іс – әрекеттері;
  • Өндірісті бақылау;
  • Шығарылған өнім сапасы;
  • Өнімді өндіру үрдісіне қойылатын жалпы техникалық нормалар;

Әлеуметтік бірлестіктер стандарты (ғылыми – техникалық қауымдастық, инженерлік қауымдастық, тағы басқа) тек жана өнімге, қызметке, үрдіске, сынақ түрлеріне, өндірісті бақылау әдістеріне жасалынады. Нормативті құжатты қолданғанда екі негізгі түрін қолдану ұсынылады:

    • Өзіндік сәйкес саласында тікелей қолдану;
    • Оны басқа нормативті құжатқа енгізу;

 

Сертификаттау негіздері

2.1 Сертификаттаудың негізгі  түсінігі және түрлері

    Латын тілінен  аударғанда сертификаттау « дұрыс жасалған » деп аударылады. Өнімнің « дұрыс жасалғанына » көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес келетінін білу керек.

    Өнім – оны  қолдану үшін болашақта пайдалану  үшін жасалынады. Өнімнің ортақ  өміршендік тізбегінің цикылында   өндіруші « бірінші жақ » болып табылады және де ол тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығарады деп ойлайды.

    « Екінші жақ » болып осы тізбекте, тұтынушы сапалы өнімді тұтынуды қажет ететін тұтынушы болып табылады. Өнімнің болашағы тұтынушының баға беруіне байланысты.

    « Үшінші жақ » болып, яғни атрибуты – тұтынушыға және өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, орган немесе үшінші жақ болып табылады. Шетелдік тәжірбиеде үшінші жақпен жүргізілген зерттеудің нәтижесі анағұрлым дәлірек болып келеді.

     Қазақстан  Республикасының « сертификаттау туралы » заңына сәйкес « сертификаттау » термині тұтынушы мен өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, себебі өнімнің, қызметтің, жұмыстың нормативтік құжаттарымен бекітілген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде растауын білдіреді.

    Өнімді, жұмысты,  қызметті сертификаттау – бұл  осылардың нормативтік құжатпен  бекітілген талаптарға сәйкестігін  растау мақсатымен өткізілетін шара.

    Өнім қауіпсіздігі, адам өмірін, денсаулығын, мүлігін  және қоршаған ортаны қорғау  туралы сұрақтар бірінші жағынан  үкімен сапасыз өнім  шығарушылардың жауапкершілігін арттырады. Ал екінші жағынан өндірілетін өнімге қатысты талаптарды сақтауға міндеттілікті орнатады.

    Сертификаттау  объектілері – өнім, қызмет, үрдіс,  жұмыс және сапа жүйесі болып  табылады. Сертификаттауға жататын  өнім, қызмет, үрдіс Қазақстан Республикасының  өкіметімен бекітіледі.

   Сәйкестікті растау  – бұл нәтижесі өнімнің қойылған  талаптарға сәйкестілігін құжат  түрінде куәландыратын процедура.

  Сәйкестікті растаудың  ұйымдық – әдістемелік негізін  барлық сертификаттау түріне  таратылатын және берілетін процедуралрды  ұйымдастыру мен өткізілу тәртібін  регламенттейтін талаптар кіреді.

   Отандық және импорттық  өнімдердің сәйкестігін растау  Қазақстан республикасының сертификаттау  жүйесі (СЖ) бекіткен біртекті тәртіппен және схемамен жүргізіледі ( бұл өнімнің өңдірілген орнымен мемлекетіне, өндіріс үрдістеріне, сақталуына, тасымалдауына, қолданылуы мен утилизациясына және т.б қарамайды).

   Импортталған өнімнің  сәйкестігін растау шет елдік  сертификаты мен сәйкестік белгісін  мақұлдау арқылы жүргізіледі.  Егер Қазақстан Республикасында  бұл сертификат мақұлданбайтын  болса, онда ол өнім қауіпсіздігінің  көрсеткіштерін сәйкестендірілуін  мемлекетте қолданылатын нормативтік  құжатта бекітілген талаптар  бойынша сертификаттық сынақ  жүргізіледі. 

   Экспортталатын өнімнің  сәйкестігін  растау өнім жіберуші  мен қабылдаушының келісімшартында  бекітілген нормативтік құжаттардың  талаптарының сәйкестігін тексеру  арқылы жүргізіледі.

   Өнімнің сәйкестілігін  растау, сонымен қатар импортталған  өнімнің сәйкестігін растау аккридиттелген сертификаттау ұйымында өтеді, ал егер ол жоқ болған жағдайда – Мемстандартта өтеді. Өнімді сертификатциялық сынақтан өткізу үшін тек қана аккридиттелген сынақ зертханалары қатысу керек. Сертификаттау жұмысын жүргізгеннен кейінгі нәтижесі – сәйкстік сертификаты. Бұл мемлекеттік сертификаттау жүйесімен берілген. Өнім, қызмет, жұмыс, техникалық регламентке, стандарттарға немесе басқада нормативтік құжаттарға сәйкестігін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының сәйкестік белгісі сертификат арқылы ғана емес, сонымен қатар сәйкестік декларациясы арқылы жүргізіледі.

     Сәйкестік  декларациясы – берілген талаптарға  сәйкестігін куаландыратын мемлекеттік  сертификаттау жүйесімен енгізілген  өндіруші құжаты. Сәйкестік декларациясы сәйкестік сертификатымен тең құқықтық күшке ие.  Сәйкестік сертификаты және сәйкестік белгісі немесе сәйкестік декларациясы жоқ, міндетті сертификаттауға жататын өнімді, қызметті, үрдісті, жарнамалауға тиым салынады. Қазақстан Республикасының « Техникалық реттеу туралы » заңын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады.

   Сертификаттау түрлері  – өнімнің ( үрдістің, қызметтердің, жұмыстың ) сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының территориясында ерікті және міндетті сипатқа ие. Сәйкестікті ерікті түрде растау ерікті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Сәйкестікті растаудың міндетті түрі мына үлгіде жазылады:

  1. Дайындаушы кәсіпорынның сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы;
  2. Міндетті сертификаттау жүргізу;

 Міндетті сертификаттау  – өнімнің, жұмыстың, қызметтің,  техникалық регламенттердің, стандарттарының  немесе басқада нормативтік құжаттарының  міндетті талаптарға сәйкестігін  міндетті сертификаттауға жататын  және адам өмірі мен денсаулығына, азаматтардың мүліктері мен қоршаған  ортағақауіпсіздігін қамтамасыз  ететін сертификаттау түрі. Біздің елімізде ерікті сертификаттауға тек қазақстандық экспорттаушылар ғана қызығушылық танытып отыр. Нарықтағы бәсекенің күшеюін ескерсек, ерікті сертификаттауға деген қажеттілік артатыны анық.

    1. Сертификаттаудың мақсаттары және қағидалары

   Сертификаттаудың  негізгі мақсаттары:

  • Өнім, үрдіс және қызметтің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен адамзат мүлігіне қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Өнім мен қызметтің сапасы жайындағы тұтынушылардың қызушылығын қорғау;
  • Саудадағы техникалық кедергілерді жою;
  • Қазақстанның ортақ тауарлық нарығындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметі үшін және де мемлекет аралық, экономикалық, ғылыми – техникалық бірлестіктер мен мемлекетаралық саудаға қатысу үшін қажет жағдайлар жасау;

   Сертификаттаудағы  негізгі қағидалар:

  • Сертификаттаудың заңдылық негізі. Қазақстан Республикасының сертификаттау қызметі Қазақстан Республикасының «сертификаттау туралы»,  «тұтынушының құқығын қорғау» заңдары мен басқада нормативтік актілерге негізделеді.
  • Сертификаттау жүйесінің ашықтығы. Сертификаттау жұмыстарында тәуелсіз ұйымдар, басқа да мемлекеттер қатыса алады.
  • Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға халықаралық норма мен ережелердің үйлестірілуі.
  • Сертификаттау бойынша ұйымдардың  және сынақ зертханаларының өнім өндіруші мен тұтынушыдан тәуелсіз болуы;
  • Ақпараттың бір уақытта ашықтығы және жабықтығы. Сертификаттау кезінде оның қатысушылары барлық ақпаратты білуге міндетті. Басқа жағынан құпия болуы керек.
  • Техникалық регламенттің талаптарында берілген объектілерге сәйкестік бекітілімдері талап етілмейді;
  • Өтініш берушіге кемсітушілік көрсетілмейді;
  • Өтініш беруші сертификаттау органдарын өзі тандайды;
  • Идентификациялау мен сертификатция кезінде жүргізілетін жұмыстардың кәсіпқойлығы;
  • Қазақстанмен екі жақты және көп жақты келісімі бар шетелдік акридиттеу ұйымдарының сертификатын, зертханаларын сертификаттау және белгілердің расталуы.

2.3 Сертификаттаудың аумағы  және оның өкілеттілігі

    Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің  ұйымдық құрылымын мыналар құрайды:

    1. Стандарттау, метрология және сертификаттау уәкілетті органы.
    2. Өнімді, үрдісті, жұмыс пен қызметі сертификаттаудағы аккридиттеу ұйымы.
    3. Аккридиттеу сынақ зертханасы.
    4. Аккридиттеу аумағындағы консалтингтік көрсетудегі аккридиттеу ұйымы.
    5. Сертификаттаудағы эксперт – аудиторлар.

   Қазақстан Республикасындағы  өнімді, сапа жүйесін, қызмет пен  жұмысты сертификаттаумен 1 қаңтар 2003 жылдан бастап 90 орган және 260 сынақ зертханалары айналысады.

   Стандарттау, метрология  және сертификаттаудың уәкілетті  органы.

  Аккридиттеу және  сәйкестендіру жұмыстарын, стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті мен стандарттау, метрология және сертификаттау органы қадағалайды. Мемлекеттік уакілдікке сүйене отырып, Мемстандарт мыналарды істеуге міндетті:

  1. Сертификаттаудың Мемлекеттік жүйесін құру мен функциялау.
  2. Сертификаттау аумағындағы мемлекеттік саясатты құру мен оның іске асуына қатысу.
  3. Сертификаттаудың даму мақсатында жоспар құрі.
  4. Сертификаттау жұмысын жасаушы ұйымды мемлекеттік жүйеде сертификаттауды аккридиттеу.
  5. Шетелдегі сертификаттаудың сәйкестілігін мойындауға арналған ережелерді орнату.
  6. Экспорт – аудиторларды куәліктендіру.
  7. Мемлекеттік реестрлерді орнату.
  8. Аккридиттелген ұйымдарды сертификаттау және сынақ зертханасының жұмысына мемлекеттік бақылауды орнату.
  9. Зертханалар арасындағы сәйкестендіру және сынақ жұмыстарын ұйымдастыру.

  Уәкілеттіліктен басқа  мемстандарт мынадай құқықтарға  ие:

  1. Сертификаттау түрлері мен тіркелуін қолдану сәйкестілігін анықтайды.
  2. Куәлік күшін, сынақ зертханалары мен органдардың өнімді, үрдісті сертификаттудағы тоқтату шешімін қабылдау.
  3. Ұйымдарға сертификаттау жұмысын өткізуге рұқсат беру.
  4. Сертификаттау кезіндегі ережелерді бұзған қызметкерлерге құқықтық шаралар қолдану.
  5. Мемлекеттік сертификаттау жүйесіне қарама – қайшы келген құжаттарды алып тастауға рұқсат беру.

2.3 Өнім мен қызметтің  сәйкестілігін растау

    Сәйкестік декларациясын  қабылдау тәртібі.

    Отандық өндірушілерді  қолдау үшін және сертификаттау  шығынын азайту үшін ҚР –  ң мемлекеттік сертификаттау  жүйесінде сәйкестікті бекіту  үшін халықаралық талаптарға  сай келетін сәйкестік декларацияны  қабылдайды. Импортталған өнімдерге  қолданылмайды. Сәйкестік декларациясы  міндетті сертификаттауға жататын  және 2003 жылдың  22 қаңтарында Қазақстан  Республикасының Өкіметінің №77 қаулысымен бекітілген «Сәйкестік декларациясына жататын өнімдер тізіміне» кіретін өнімдерге ғана қолданылады. Өнім өндіруші өнімнің орнатылған талаптарына сәйкестігін дәлелдеәтін құжаттармен ғана сәйкестік декларациясын алуына болады.  Сәйкестік декларациясы біркелкі талаптарға сай бекітілген белгілі бір өнім түріне немесе өнім тобына қолданылады. Сәйкстік декларация Мемстандарт бекіткен форма түрінде толтырылады және оған өнім өндірушінің қолы қойылады.

    Сәйкестік декларациясын  тіркеу тәртібі

  Өнім өндіруші сәйкестік  декларациясын сертификаттау жөніндегі  ұйымға тіркеледі. Тіркеуге жіберілген  сәйкестік декларациямен бірге  келесідей құжаттар тіркеледі:

а) тіркеу туралы өтініш;

ә) бекітілген талаптарға өнімнің сай екендігін дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі;

б) өндірістің тұрақтылығын дәлелдейтің құжаттардың көшірмесі;

в) өнім өндірушінің сынақ зертханасының техникалық құзырлығын бекітетін ққжаттардың көшірмесі немесе сынақ жүргізетін аккридиттелген зертханалардың келісімшарты.

   Сертификаттау жөніндегі  ұйым келесілерді қарастырады  және тексереді:

  1. Бұл өнімнің сәйкестік декларациясын қабылдай алатын өнімдер тізімінде бар болуы;
  2. Өндірушіні сәйкестік декларацияны қабылдауның құқылығы;
  3. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық талап етілген құжаттардың бар болуы;
  4. Сәйкестік декларациясының дұрыс толтырылуы;
  5. Өнімнің сәйкестігін тексеру үшін көрсетілген құжаттардың декларацияға дұрыс және толықтай толтырылуы.

  Тексерістің нәтижесі  бойынша сертификаттау ұйымы  сәйкестік декларациясын ҚР МСЖ  – ң мемлекеттік реестірінің  арнайы бөлімінде тіркейді. Мемлекеттік  реестрде сәйкестік декларациясын  алған өндіріс орныныі толықтай  атауы, мекен – жайы, сәйкестік  декларациясының тіркеу номері, бекітілген сәйкестігі және сәйкестік  декларациясының жарамдылық мерзімі  енгізіледі.

Стандарттау және Сертификаттау негіздері