Статистикалық бақылау. 5
Қостанай экономикалық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Статистикалық бақылау
Тексерген: ___________________
Қостанай, 2012
Статистикалық бақылау деп - қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты – жөні, туған күні, айы, жылы, ұлты, ата – анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа фактілер жазылады. Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру - өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысу арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі, кез – келген статистикалық бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болуы керек. Ол үшін әр түрлі дайындық жұмыстары жасалынатын .
Жалпы алғанда, статистикалық
бақылаудың алдына қойған
1.Халық шаруашылығы үшін
2.Жалпы жиынтыққа әсерін
3.Статистикалық бақылау
4.Статистикалық бақылау
Сонымен, статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұның барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындайды.
Статистикалық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және оның бағдарламасы:
Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың мәні. Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары жасалынады. Мұндағы негізгі қарастырылатын мәселе бақылауды жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары жасалынады. Мұндағы негізгі қарастырылатын мәселе бақылаудың мәні мен маңызын, міндетін және алдына қойған мақсатына байланысты бастапқы мәліметтерді жинаудың формаларын, түрлерін, тәсілдерін, орнын анықтау болып табылады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдын ала бағдарлама жасалуы тиіс. бірақ алдымен статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндетті анықталады да, соңынан оның бағдарламасы жасалынады.
Ұйымдастыру жұмыстарының
Статистикалық бақылау зерзаты (объектісі).
Статистикалық бақылаудың
Статистикалық бақылау
Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және оны нышандарына қарай бір – бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны статистикалық бақылау бірлігі деп атайды .
Бақылау бірлігі деп - бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады .
Бақылау бірлігін анықтау – зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қойған мақсатына, атқаратын міндетіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде өндірілген өнімнің көлемі, ал жалақы қорын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде жұмысшылардың тізімдік саны алынады.
Статистикалық бақылау кезінде бақылау бірліктерімен бірге жиынтық бірліктері де қолданылады. Бірақ, оларды бір – бірінен ажырата білуіміз керек.
Статистикалық жиынтық бірлігі – жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі. Мысалы, республикадағы ұжымшарлардың, өнеркәсіп орындарының, халықтың жиынтық бірліктері болып ұжымшар, кәсіпорын және адам есептеледі. Статистикалық бақылаудың бағдарламасын жасайтын болсақ, ол – жиынтық бірлігі, ал бастапқы деректерді жинау туралы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін болсақ, ол – бақылау бірлігі болып саналады .
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы. Статистикалық зерттеуді жүргізер алдында оның зерзатын, жиынтық және зерттеуді жүргізер алдында оның зерзатын, жиынтық және бақылау бірліктерін анықтағаннан кейін, негізгі бір ұйымдастыру жоспарына жататыны бақылау бағдарламасына жете дайындала білу. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығын айтады.
Статистикалық бланк дегеніміз – бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және керекті мәліметтерді жинауға арналған бір рет қағаз. Статистикалық бланк – бұл бастапқы мәліметтерді сақтаушы, таратушы болып табылады. Бірақ, статистикалық бақылау формулярлары әр түрлі атпен аталуы әбден мүмкін.
Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары:
Статистика органдары бастапқы
мәліметтерді жинауда
Статистикалық есеп беру. біздің қоғамымызда статисти-калық есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы болып саналады. Себебі, бастапқы мәліметтердің көпшілігі бухгалтерлік есеп беру формалары арқылы жиналады. Демек, есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті орындарға тапсырып отыруды айтады.
Біздің қоғамымыздағы құбылыстар мен процестерге халық шаруашылық салалары бойынша зерттеу жүргізу есеп беру жұмыстарымен тығыз байланысты. Бірақ, әрбір сала өздері өндіретін өнімдердің түрлеріне , атқаратын істеріне қарай есеп беру жұмыстарын әр түрлі формада жүргізеді. Осыған орай статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі – жалпы мемлекеттік есеп беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде тапсырып отырады. Екіншісі – ішкі ведомстволық есеп беру, яғни әрбір ведомствоның, министрліктің өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданатын мәліметтер жинағы . оны кейде оперативтік - жедел есеп деп те атайды.
Мемлекеттік және ведомствалық
есеп беру формалары
Мамандандырылған есеп беру
Есеп беру формаларындағы
Әрбір есеп беру формаларында төмендегідей риквизиттер міндетті түрде көрсетілуі қажет:
1. Есеп беру формасының мазмұнын толық көрсететін аты;
2. Статистика агенттігінің бекіткен уақыт мерзімі және нөмірі;
3. Мәліметтердің есепке алынған уақыт мерзімі, кезеңі;
4. Есеп берудің кесімді уақыты;
5. Есеп берудің формасы
жіберілетін мекеменің аты,
6. Есеп беру формасын жіберген мекеменің аты, мекен –жайы;
7. Мекеме, кәсіпорын және шаруашылық бағынатын министрліктің аты;
8. Есеп беру формаларында
көрсетілген көрсеткіштердің
Жоғарыда көрсетілген талаптарды толығымен орындау есеп жұмыстарын басқару және оның дұрыс ұйымдастырылуы үшін өте қажет. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикамыздағы қолданылатын есеп беру формаларына айтарлықтай өзгерістер енгізуде және сандық, сапалық жақтарын қарастыруда. Барлық мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға, сонымен бірге кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдардың басшыларына бекітілмеген есепберу формаларын жоюға және оны қолданғандарды жауапқа тартуға құқық берілген. Сондықтан, кез –келген зерттеу жұмыстары үшін мәліметтерді жинауда қолданылатын есеп беру формалары статистика органдарының келісімі бойынша ғана жүргізіледі .
Арнайы ұйымдастырылған бақылау. Әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестер туралы маңызды да мәнді мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру арқылы жинауға мүмкіндік жоқ болса, онда сол керекті мәліметтерді жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, әр отбасының бала санын немесе әр отбасының азық – түлік және өнеркәсіп тауарларын тұтыну туралы мәліметтерді тек арнайы ұйымдастырылған бақылау арқылы ғана жинауға болады.
Кейінгі кезде біздің республикамызда әр түрлі арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, оған халық санағы, орнатылмаған құрал–жабдықтар санағы, орнатылмаған құрал–жабдықтар санағы, мал санағы, құнды материалдарды түгендеу, жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу және т.с.с. жатады. Осының ішіндегі ең негізгісі 9-10 жылда бір рет жүргізілетін халық санағы. Осындай арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстарының арқасында біз есеп формаларында көрсетілмеген көптеген қызықты мәліметтерге кезігеді .
Статистикалық бақылаудың түрлері:
Статистикалық зерттеу
Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады. Оған мысал ретінде халық санағын немесе кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдардың және т.б. белгілі бір уақыт мерзімінде жүргізіліп отыратын есеп беру формаларын алуға болады. Сондықтан, Жаппай бақылау бастапқы деректерді жинаудың негізгі көзі болып саналады. Сондай – ақ статистикалық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады.
Жартылай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Жартылай бақылау арқылы жиналған мәліметтер жаппай бақылау мәліметтерімен салыстырғанда көлемі жағынан аз болады. Бірақ, осы тәсіл арқылы жиналған мәліметтердің қорытындысы жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болуына тиіс. Яғни оны жаппай қорытындысы ретінде , толық түрінде қолдануға болады.
Зерттеліп
отырған жиынтық
Статистикалық тәжірибеде
Ішінара бақылау. Егер, жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын – ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелінетін болса, онда оны ішінара бақылау деп атайды. Ішінара бақылау жартылай бақылаудың ішіндегі ең көп қолданылатын жетілдірілген түрі және статистикилық зерттеуде оның атқаратын (орны) өте жоғары.
Жеке ауқымды (монографиялық) бақылау. Егер, жеке қоғамдық құбылыстың, объектінің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсаттан егжей – тегжейлі, жан – жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетілетін болса, онда оны жеке ауқымды (монографиялық) бақылау деп атайды. Оның мысалы ретінде озат кәсіпорындар мен шаруашылықтармен тәжірибесін тарату кезіндегі мәліметтерді жазба түрінде суреттеуді, көрсете білуді келтіруге болады. Жалпы алғанда жеке ауқымды бақылау бүгінгі күннің жетістіктерін насихаттаушы оның кемшіліктері мен жетіспеушіліктерінің бетін ашуға мүмкіндік беретін зерттеу тәсілі болып саналады. Басқа тәсілдермен салыстырғанда бұл әдістің айырмашылығы сонда, ол барлық жиынтықты зерттеуге міндетті емес.
Жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау. Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың ең негізгі бөлігін құрайтын, ал үлгісі жағынан аса ірі бірліктері болып саналатын құрамы зерттелінетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайды.
Статистикалық бақылауды уақыт
мерзіміне қарай тіркеу үзілісс
Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады.
Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады.
Сонымен, стстистикалық
Үзілісті бақылау уақыт
Статистикалық бақылаудың тәсілдері:
Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілі анықтау статистикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе болып табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ – жауап арқылы болып 3 түрге бөлінеді.
Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылауға жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса онда оны тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды.
Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Біздің қоғамымызда статистикалық мәліметтер негізгі есеп беру формаларын толтыру арқылы жиналады . Және ондағы көрсеткіштер халық шаруашылығы салаларында болып жатқан жалпы өзгерістер толығымен, жан –жақты суреттейді.
Сұрақ – жауап арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мүмкіндік болмайды. Ондай кезең керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ- жауап тәсілдері қолданылады.
Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайындықтар өткен адамдар (санақшылар немесе тіркеушілер) сұраушылар келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, соңынан оны статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсіл тікелей халық санағын жүргізу кездерінде қолданылады және оны мемлекет тарапынан көптеген қаражат жұмсалынады. Сонымен қатар, бұл тәсіл қажырлы еңбекті қажет етеді және соған орай жиналған мәліметтердің сапасы өте жоғары болады .
Өзін - өзі тіркеу тәсілі. бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлерінің (есепшілер, санақшылар, тіркеушілер) сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздары таратып береді, оны қалай толтыру керек екендігін түсіндіреді. Содан кейін толтырған бланкілерді жинап алады да, сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді, соңынан оны статистика органдарына тапсырады. Бұл тәсіл көбіне жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу немесе түрлі санақтар жүргізу кездерінде қолданылады .
Тіршілік тәсілімен
қызметті мәліметтерді жинау ба
Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау сұраушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, толтырылып қайтарылғандарының саны біршама аз және сапасы жағынан төмен болады. Себебі, кейбір сұралушылар сұрақ-қағаздарында көрсетілген сұрақтардың жауабын дұрыс толтырмай, басқалай жауаптар беруі де мүмкін . Бұл тәсілдің ерекшелігі сол, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен – жайы көрсетілмейді.
Қорытынды:
Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бұл тәсілдің рөлі жоғары көтерілді. Себебі, көптеген ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар көпшіліктің ой – пікірлерін білу үшін ақпарат құралдары арқылы әлеуметтік және демографиялық зерттеу жұмыстарын жиі жүргізе бастады. Сонымен бірге сауал– сұрақтың жауабын пікір алысу арқылы да жинауға болады.
Қазіргі
статистикалық бақылау жүргізу,
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтер жан – жақты тексеруден өтті. Бақылауға жататын бірліктердің толық қамтылғандығы, көрсеткіштердің дұрыс толтырылғандығы мен салыстырылмалылығы, есептелгендігі және тағы басқасын қарастырдым.

- Статистикалық бақылау
- Статистикалық бақылау
- Статистикалық бақылау
- Статистикалық бақылау
- Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның мақсаты
- Статистикалық басқару
- Статистикалық динамикалық қатарлар
- Статистика качества продукции
- Статистика качеств товаров и услуг
- Статистика кредита
- Статистика культурной жизни Санкт-Петербурга
- Статистика культуры и искусства
- Статистика курсов ценных бумаг
- Статистикалык бакылау